Бас редактор бағаны

"Әлімсақ" журналының бас редакторы, филология ғылымдарының кандидаты

Нұрлан Көбегенұлы Нұрмаханов

 Бас кеспек болса да...

Журналға тіркелу

Валют бағамы

Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан

Серіктестер

ҚР Мәдениет қайраткері, ақын, сценарист, режиссер, Оңталап НҰРМАХАНОВ: «ШЫҒАРМА ШЫРАЙЫ – ШЫНДЫҚТА»

 

Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері, Театр қайраткерлері одағының мүшесі, ақын, сценарист, режиссер, облыс әкімінің екі мәрте стипендиаты, ҚР Тәуелсіздігінің 10, 15 жылдық мерекелік медальдарының иегері Оңталап Дүйсенәліұлы Нұрмаханов - Сыр бойындағы өрелі өнердің отымен кіріп, күлімен шығып жүрген белгілі тұлға. Режиссерлік қызметтің шыңына шыққан О.Нұрмаханов былтыр талантты жастардың басын қосып, көрерменге жаңа қойылым сыйлап, Сыр өңіріне жастар театрының қажеттігін сездірген.

Биыл облыстық мәдениет басқармасы басшылығы журналистермен кездескен сәтте журнал атынан осы жайтты еске түсіріп, қалаға бір жастар театрының керектігін айтқан болатынбыз. Ұзамай жағымды жаңалық құлағымызға тиді. Оңталаптың жастардың жігерін жаныған еңбегі  текке кетпейтін сыңайлы. Біз осы жайттың анық-қанығын білу мақсатында  жастар театрын құру идеясының авторы Оңталап Нұрмахановты оқырманымызға кеңірек таныстыру мақсатында сұхбатқа шақырып, ой бөліскен болатынбыз.

 

- Оңталап Дүйсенәліұлы, әуелі оқыр­мандарымызға өзіңді толық танысты­ру­ды жөн көріп отырмыз. Туып-өскен ортаң, өнердегі алғашқы қадамың қалай бас­талды?

- Дұрыс айтасың. "Су анасы бұлақ" демек­ші, әр нәрсенің бастауы болады. Мен Арал ау­да­нындағы Құмбазар елді мекенінде 1958 жы­лы 10 шілдеде дүние есігін ашыппын. Әкем Дүйсен­әлі 1917 жылы, анам Ділдаш Әбілда­қызы 1934 жылы туған. Әкемнің туғанына би­ыл тура 100 жыл. Ол кісі Бекбауыл стан­ция­сынан жаяулап-жалпылап жаздың аптап ысты­ғында, қыстың аязды мезгілінде күн ұзатпай ауылға хат-хабар, газет-журнал толы қап­шықты арқалап тасып, тарататын. Өмір-өтке­легінен өткен соң жүрек қалауымен 1977 жылы 19 жасымда Арал аудандық мәдениет бөліміне киномеханик болып жұмысқа қабылдандым. Мәдениет бөлімін ол кезде Ұлы Отан соғы­сының ардагері Құдайберген Жасекенов деген ағамыз басқаратын. Ауызекі айтқыш, өмірдің өзіндей, өнердің көзіндей кісі болатын. Сол кісі менің өнерге бейімімді байқады ма, әй­теуір Нұртуған Кенжеғұлұлы атындағы мәде­ниет үйі жанындағы халық театрының ре­жиссері етіп тағайындалуыма себепші болды.

- Сонымен режиссерлік алғашқы қада­мыңыз басталды...

- Иә, сөйтіп бұл өнердің киелі ордасына қадам бастым. Сол жылдары ғой, облыста тұң­ғыш рет "Тамаша" ойын-сауық қойылымына кірісіп кеткеніміз. Алдында Құдайберген Сұл­тан­баев, Уәйіс Сұлтанғазин секілді "Тама­шаның" тарландарын теледидардан тамашалап, дәніккен жерлестеріміздің бұл өнерімізге де­ген сұранысына сәйкес күніне 2-3 мәрте сах­наға шығуға мәжбүр болдық.

Сол жылдары залда жастардың өнерге де­ген қызығушылығы керемет болатын. Сонан шығар, "Тамашаның" сапына марқұм Бағдат Әлжанов, Нәзипа Молдашова, қазіргі көзі тірі Амангелді Сәрсенбаев, сатирик, ұстаз Ерғали Абдулла, Мәуегүл Ағысова сияқты тама­ша өнер­паздар қосылды. Бұл қойылымның өн бойынан Ерғали мен өзіңнің шымшымалы шумақтарыңмен өрнектегеніміз әлі есімде жүр.

- Сол жылдары режиссер ретінде сах­налаған дүниелеріңіз жөнінде не айтасыз?

- Әуелі әйгілі ақын М.Мақатаевтың "Қош, махаббат", С.Адамбековтың "Алтын табақтағы жылан" спектакльдерін сахналадым. Ізінше Т.Ахтановтың "Күшік күйеу", Қ.Мұхамед­жановтың "Ой, жігіттер", Р.Сейсенбаевтың "Қаш­қын" дүниелері қолдан өтті. Сонан кейін 1996 жылы облыс орталығына ауыстым. Әуелі мұндағы шығармашылық жолымды Халық шы­ғар­машылығын дамыту және продю­серлік орталығы директорының орынбасары, сонан кейін Н.Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма театрының режиссері, "Қа­зақстан-Қызылорда" телеарнасының редак­торы қыз­меттерін абыройымен атқардым. Қазір өзің көріп отырғандай, қалалық мәдениет бө­лімінде өзімнің байырғы кәсібіме сай қызмет атқарып жатқан жайым бар.

- Театр қабырғасында қандай драма­лық шығармалардың шырайын шығаруға атсалыстың?

- Мен сол кездері "Қорқыт және түркі әле­мі" халықаралық ғылыми-теориялық конфе­рен­циясының гала-концерті, облысымыздың Астана қаласында өткен мәдениет және өнер күндерінің тұсаукесері, "Ғасырлар үні" жыр­шы-жыраулар конкурсы, түркі тілдес елдердің балалар шығармашылығы өнер фестивалі, Елбасының Сыр еліне жасаған арнайы  ісса­пары барысындағы мәдени шаралар мен халықаралық "Қорқыт және Ұлы дала сазы" атты фольклорлық өнер фестиваль және басқа да ірілі-ұсақты мәдени шаралардың сцена­рийлерін жаздым, режиссерлық қойылым­дарды дайындадым. Соның арасында уақыт тауып Р.Отарбаевтың "Қанды өзек" трагедия­сын, Л.Егембердиеваның "Егіздер", С.Балға­баевтың "Ғашықсыз ғасыр" мелодрамаларын, Ә.Таразидың "Люстра" фантас-магориясын, Иран-Ғайыптың "Тұрмағанбет" және басқа авторлардың драмалық шығармаларын сах­наладым.

- Оңталап, өзің бас болып отырған жас­тар театры жайына келейік. Идея қайдан келді, көрерменді қаншалықты сендіре алдыңыз? Әкімшілік тарапынан қолдау тапты деп естіп келіп тұрмыз...

- Ол, рас. Қала әкімі жастар театры туралы менімен сөйлесіп, қолдайтынын білдірді. Қар­жы мәселесі шешімін тапса, біз аянып қалмай­мыз. Сыр елінде дарынды жастар көп. Тек олар­дың талантын ашып, жол көрсетуіміз керек.

Негізі өткен жылы біраз табалдырықты тоз­дырып жүріп, облысымызда жастар театр­ын ашуға қол жеткіздім. Қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі, қалалық мә­дениет үйі басшы­ларының қолдауымен алғаш рет есік ашқан театр Қ.Жүнісовтың "Алғашқы махаббат" спектаклін қойды. Көрермендер ықыласы ке­ремет болды. Бұл бізден басқа аймақтарда бұрыннан бар. Енді қазір осы театрға 12 штат­тық бірлікті ашу үшін жұмыс жасалуда. Алдағы уақытта да жастар театрына билік ба­сын­­­дағылар бүйректерін жиі-жиі бұ­рып тұрса екен деймін. Өйткені жанашыр­лық ісімізді ілгері дамытады.

- Жаңалықты естігеннен кейін жоспар құрып, жұмысты бастаған шығарсыңдар.

- Жоспар көп. Белгілі жазушы, жерлесіміз Қ.Жиенбайдың "Цирктен қашқан қасқырлар" пьесасын сахнаға шығармақпын. Сондай-ақ, осы автордың "Бүйрек трансплантациясы", Е.Жолдасовтың "Біздің жатақхананың қыз­дары", Б.Әлімжановтың "Суицид алаңынан репортаж" комедиялары жоспарда тұр.

- Жұрт осы сені қазақтың біртуар тұлға­ларының батасын алып, жанашыр­лығын көрген өнер иесі деп жүр ғой...

- Атақты Асанәлі Әшімовтың әкелік қам­қор­лығымен Т.Жүргенов атындағы өнер ака­де­миясын тәмәмдадым. Ол кісі алғаш кездес­кенде "Кешегі Ғани Мұратбаев туралы спек­таклің Ленинград режиссерлерінің қойылы­мынан бір кем емес. Қолтаңбаң аумайды. Қай­дан бітірдің оқуды?" деді. Мен Ақтөбенің мә­де­ни-ағарту училищесін тәмәмдағанымды айттым. Ол кісімен жиі-жиі хабарласып ақыл-кеңесін тыңдаймын әлі күнге. Сол сияқты қа­зақтың тұңғыш кәсіби режиссері Асқар Тоқпа­новтың ақ батасын алғанымды мақтан тұта­мын.

- "Жігітке жеті өнер де аз" деген... Бір бойыңа бірнеше өнер қонған. Еңбектерің жарық көрді ме?

- Жазба ақын, айтыскер ақын екенімді өзің де білесің. "Қорқыт-қобыз" атты өлеңдер және "Мәдениетім мәртебем" сценарийлер жинақ­тарым жарық көрген. Сондай-ақ, жергілікті композиторлармен шығармашылық байланыс­та болып "Көздеріңнің көркемі-ай", "Сәуке­ле", "Адам ата - Хауа ана", "Астана", "Қорқыт - қо­быз", "Жер жүрегі" әндері мәтінінің авторы­мын.

- Әңгімеңізге рахмет. Әрқашан шы­ғармашылық шырайлы шабыт тілейміз.

 

Сұхбатты әзірлеген Т.НҰРЖАН-БАЛТА

 

Пікір қалдыру


Қорғаныс саны
Жаңарту

Іздеу

Сауалнама

Бүгінде журналистерге қай сала мамандарынан ақпарат алу қиын?

Медицина - 57.1%
Прокуратура - 0%
Сот - 0%
Департаменттер - 14.3%
Облыстық басқармалар - 28.6%

Дауыс саны: 7
The voting for this poll has ended on: 29 Шіл 2017 - 00:00

Жоба туралы

Сыр өңірінің тумасы, қайсар қаламгер, ақын Зейнолла Шүкіровтің рухына арналған «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты облыстық жас ақындар мүшәйрасы өтті.

 «Руханиятты жаңғырту» қоғамдық қоры мен республикалық әдеби-мәдени, тарихи-танымдық «Әлімсақ» журналы Зейнолла Шүкіровтің рухына арнап биыл төртінші рет дәстүрлі «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты талантты жас ақындар мүшәйрасын ұйымдастырды. Биылғы жылдың жеңімпазы - М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжінің студенті Нәбира Ешниязова.

 

 

Редакцияға хат

Email:
Тақырып:
Текст:

Әлеуметтік желілер

Күнтізбе

<< < Сәуір 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30

As we continue our list of fantasy football”s top 101 PPR players of 2017 we have three players who have recently finished in the top-15 at their positions.

In fantasy football there will always be players who have an unexpected drop or rise from one year to the next. One player on today’s list was a top-six wide receiver in 2015. The next year,Vince Wilfork Jersey he wasn’t even a top-20 wide receiver.

The same can be said about a running back on today’s list who was a top-five running back in 2015. Last year, he wasn’t even a top-18 running back. Who are these players and what should we expect from them in 2017?

To be clear,J.J. Watt Jersey the top 101 PPR players are for re-draft leagues only. Here’s a look at players ranked No. 38-36:

Last season Patriots wide receiver Julian Edelman finished fourth in the NFL in receptions with 98. He also set a career-high in receiving yards with 1,106. In the end,Brian Cushing Jersey Edelman finished 2016 as the 15th PPR wide receiver. Unfortunately for Edelman, I see a regression coming his way in 2017.

The 2016 season was only the second time in Edelman’s eight-year career he played in all 16 games in a season. The other time came back in 2013. Going into 2017, the odds are against the 31-year old receiver to play in all 16 games in back-to-back years for the first time in his career. Even if he somehow manages to stay healthy for all 16 games, he’s sure to lose targets and receptions.

Last year Patriots star tight end Rob Gronkowski had a career-low 25 receptions. Gronk was never 100 percent during the 2016 season and only appeared in eight games. Going into 2017,DeAndre Hopkins Jersey he will be back to full strength. Also, the Patriots traded their 2017 first-round pick for Saints wide receiver Brandin Cooks. The former Oregon State Beaver will be the team’s new No.1 wide receiver.

Журнал туралы

«Әлімсақ» журналы – рухани серігіңіз

 Қазақтың ғасырлар қойнауынан тамыр тартқан, әлімсақтан келе жатқан хатқа түскен тарихының, ұлттық болмыс-бітіммен астасқан әдебиеті мен мәдениетінің, тілі мен дінінің, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрінің бірден-бір насихатшысы, Сыр бойының тарихында алғаш рет әдеби-мәдени, тарихи-танымдық бағытта жарық көрген «Әлімсақ» журналының оқырманына жол тартқанына алты жылға жуық уақыт болып қалды. 2009 жылдың сәуір айынан бастап алғашқы нөмірі жарыққа шыққалы бері қазақ әдебиеті мен тарихына қатысты мақалаларды ортаға салып, Сыр өңірінің мәдениеті мен өнерін насихаттап, облысымыздың бүгінгі мәдени, әлеуметтік дамуындағы өзгерістерді ақпараттандыруда журналдың қосып келе жатқан үлесі салмақты.