Бас редактор бағаны

"Әлімсақ" журналының бас редакторы, филология ғылымдарының кандидаты

Нұрлан Көбегенұлы Нұрмаханов

 Бас кеспек болса да...

Журналға тіркелу

Валют бағамы

Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан

Серіктестер

Қажығали МҰХАНБЕТҚАЛИҰЛЫ: «Қазір әдеби өмір тоқырап қалған сияқты»

 

Қарап отырсаңыз, бүгінде жарыққа шы­ғып жатқан кітаптар жетерлік. Бірақ оқыр­манның қолына тиюі қиын. Астана, Алматы­дан шығатын кітаптар облыс орталықта­рына жете бермейді. Керісінше, аймақтарда жарық көретін кітаптармен астаналық оқыр­мандардың қауышуы қиын. Бар-жоғы 1000 данадан әрі аса алмайтын ақын-жазу­шылардың туындылары нағыз оқырманға жетпейді. Мемлекеттік тапсырыспен шы­ғатын кітаптардың өзі 2000 таралымнан аспайды. Екінші түйткіл, әр түрлі баспадан жа­рық көретін кітаптардың мазмұнына қа­рап жатқан адам жоқ. Біз білетін бір баспа­дан жылына 70-80 ірілі-ұсақты кітап шыға­ды. Бірақ іліп аларлығы он шақты ғана. Осы­дан кейін "кітап оқымайсың" деп, оқырман­ды да кінәлай алмайсың.

 

Мәселенің тағы бір жағы, жарыққа шығып жатқан көркем дүниелерге сын айтылмайды. Айтыла қалса, яки қайсыбір кітаптың тұсау­ке­серінде жаңа кітап туралы автордың көңі­лі­не қарап, тек жатып алып мақтаймыз. Одан әдебиет өсе ме, дами ма? Кітаптың жа­рыққа шығу жағынан Қызылорда да кенде емес. Бірақ олардың сапасы қандай, сын ай­тыла ма, Жазушылар одағы филиалы әрбір жарыққа шыққан кітап туралы қандай пікір айтады, насихаты қандай деңгейде? Айта бер­се, сұрақ көп, жауап мардымсыз. Тіпті, бір аға­мыз "бұл жерде менен басқа жазушы жоқ" деп мақтанатын көрінеді, бірақ оның кіта­бын оқып жатқан адам жоқтың қасы. Біз осы орайда "Әдебиет" порталында жарық көрген әріптесіміздің жазушы Қажығали Мұқанбет­қалиұлымен сұхбатын оқи отырып, жазу­шы­ның әдебиеттегі, сын төңірегіндегі ойларын ықшамдап оқырмандарымыз үшін жария етіп отырмыз.

 

- Жарнамасы жоқ, қарапайым оқырман біле бермейтін жақсы жазушыларды атай аласыз ба? Сіздермен қатар шыққандардың барлығы танымал болып кеткен жоқ қой.

- Тобық Жармағамбетов әдебиетке ерекше екпінмен келді. Өмірден ерте кетті, тірі болса жақсы шығармалар жазуға қабілеті жетіп артылатын. Бізде сондай аты аталмай жүрген жақсы жазушылар бар. Тобықтармен қатар шыққан Нәсіреддин Сералиев деген жазушы болды. Жұрт оның қандай жазушы екенін біле бермейді. Ол шамамен Сайын Мұратбеков, Қалихан Ысқақтың деңгейіндегі жазушы бо­латын. Өтірік болса оқып көріңдер. Қаншама кітаптары бар. Әдеби ортаны жазушы ретінде мойындатып кетті. Бірақ, өзің айтпақшы, жарна­масы жоқ. Абай жазғандай "Өзінде бармен көзге ұрып" жүрмейді, содан кейін жалпы жұрт оқы­май­ды. Басқасын былай қояйық, мен бір кездері "Қазақ әдебиеті" газетінің проза бөлімінің меңге­рушісі болып қызмет атқардым. Сол кезде байқа­ғаным, газет кімнің талантты әңгімеші екенін көр­сетеді. Редакцияға пәленбай әңгіме келіп түсіп жатады, соның ішінде газет бетіне бастырайын деп іріктесең, саусақпен санарлығы ғана жарам­ды болып қалады. Мысалы үшін, жарнамасыз қалды, Жақсылық Түменбаев деген жігіт өте жақсы жазатын еді. Кейін көлемді роман да жаз­ды. Роман жазғаннан кейін көп ұзамай қайтыс болды. Әңгімелері қандай еді... Сосын бір Тұр­лы­бек Алшынбаев деген жазушы болды, оның да аты-жөні көп айтыла бермейді. Жақсы жа­зушы еді, бірақ оның шығармашылығы туралы бір адам бір ауыз пікір айтпады. Өткен жылы өмірден өткеніне байланысты ма, сол туралы Тұрсын Жұртбай мақала жазды. Шынында да, жақсы жазушы еді, редакцияға әңгімелері келіп түсіп жатады ғой, солары ешкімнің әңгімелерінен кем емес. Сол жазушы жігіттің шығармалары не әдеби жиындарда, не одақта өтіп жататын жыл қорытындысында аты аталмастан кетті.

- Оны кімнен көреміз? Сіз атап отырған қаламгерлерді бұрын-соңды оқымаған екен­мін. Жақсы мен жаманның парқын айырып, оқырманға ұсынатын сапалы кадрдың жоқ­тығы ма? 

- Бізде сыншылардың бір жаман әдеті бар. Өздерінің бір жасап алған жаттанды тізімдерінің айналасынан шықпайды. Баяғыдай "Мұхтар Әуезов, Сәбит Мұқанов, Ғабит Мүсірепов, Ғаби­ден Мұстафин" деп, тізіліп кете беретіні сияқты, қазіргі заманның да сондай адамдары бар. Сол тізімдегілерден басқаны атамайды. Үндемей-түндемей, "Ол қандай шығарма жазды?" деп ешкім талқыламайды. Әрбірден кейін әдебиетте фамилия ойнамау керек, шығарма ойнау керек. Бір кездері жақсы жазған шығармасы үшін мақ­талған жазушылар болады, одан кейінгі шығар­малары сол деңгейден жоғары болды ма, әлде тө­мендеп кетті ме, өз дәрежесін ұстап тұра алды ма, бұның өзі проблема. Талант биікке шыққан сайын көтерілуі қиын болады. Шындығын айт­қан­да, Мұхтар Әуезовтың өзі "Абай жолы" сияқ­ты сүйекті шығарма жазып отырып, "Өскен өр­кен" сияқты нашар роман жазды. Бұны қалай түсінуге болады? Әуезов басымен сондай шығар­ма жазуға бола ма? Болмайды олай. Оқырман ондайды кешірмейді. Мұхтар Мағауиннің біраз жазушылар туралы теріс пікір айтып жүргені сол. Мұндай мәселеге келгенде Мұхтар Мағауин ешкімді де кешірмейді. Осындай ақиқатты кейде айту керек.

Бір әдеби жиында Мұхтар Мағауиннің "Қып­шақ аруы" деген шығармасы талқыланды. Жұрт жөн-жосықсыз жалпылама мақтады. Мен бәрі­нен кейін сөз алып, бұл шығарманы талдадым. "Қыпшақ аруы" қазақ әдебиетіндегі жаңалық­тардың бірі, сюрреализм бағытында жазылған тың туынды" - дедім. Негізі сюрреализм бағы­тында алғаш әңгімелер жазған Тұрсынжан Ша­пай болатын. Бірақ ол туралы бір адам мақтаған жоқ. Біреулер оны публицист, сыншы, компози­тор деп ойлайды. Ол шынымен жақсы сыншы да. Басқасын былай қойғанда алғашқы "Айнакөл" деген әңгімесі керемет еді. Сол жылы біраз жақ­сы-жақсы әңгімелер жазды. Бір адам ауызына алған жоқ. Өйткені, өздерінің өресі жеткен жоқ. Біздің "доктормыз" деп жүргендердің өздерінің өресі төмен. "Бұндай шығарма қазақ әдебиетінде қалай пайда болды, осыны оқырман қалай қа­был­дайды, не болмаса қабылдай алмай ма?" деген талдаулар жоқтың қасы. Біздің сыншы­ларымыз қазір жалқау. Не айтқысы келмейді, не өрелері жетпейді. Екінің бірі. "Шығарманың артықшылғы неде?" дегенді айтып бере алатын адам болмай отыр бізде.  

- Жақында талантты ақын Сұраған Рахмет­­ұлымен сұхбаттасқан едім. Сол кісі "Тұрсынжан Шапайды түсіну үшін, Зигмунд Фрейдті оқу керек" деді. Әдеби проблема­лар­ды талқылап, ортаға салатын жиындар өткі­зу­ге неге құлықсызбыз?

- Сұраған Рахметұлының "Қазақ әдебиеті" газетінен Рахымжан Отарбаев, Ұлықбек Есдәулет туралы жазған мақаласын оқыдым. Мақалалары өте нашар. Өздері сын жазып отыр, сөз қолда­нуды білмейді. "Мен сын жазып отырмын, ертең мені біреу талдаса қайтем?" - деген ой болу керек қой. Бізді жауапкершіліктің жоқтығы құртады. Мәселе қайда жатыр? Жалпы, біздің әдебиетте проблема көп. Сорымызға қарай, соңғы 15-20 жылда әдебиеттің проблемалары туралы бірде-бір пленум өткен жоқ. Пленумдар өтеді. Бірақ, он­да­ғы тақырыптар - Президенттің халыққа жол­дауы, үкіметтің тапсырмаларын насихат­таудан әрі аспайды. Осыны Жазушылар одағы­ның пленумында мен айттым. "Ей, осы "дежур­ный" пленумдарды қойып, әдебиеттің пробле­масына қатысты арнайы бір пленум өткізейікші",- деп сұрадым. "Иә, иә" деп мақұлдайды да, арты­нан жым-жылас жоғалады. Өткізуіміз керек енді. Қазір әдеби өмір тоқырап қалған сияқты. Ал, әдеби өмір ешқашан тоқтамау керек. Ол ең бол­маса ағыстың астымен ағып жатады. Қанша көр­сетпей тұмшаласаң да, тереңнен сыр шертуі тиіс. Бүгінгі күні таза әдебиетке назар аударып отыр­ған не мемлекет жоқ, не қоғамдық ұйымдар жоқ. Керек болатын болса, Жазушылар одағының өзін­­де де әдебиетке деген жанашырлық жоқ. Мысалы үшін, Жазушылар одағына барсаң, қазір екі-үш қызметкер ғана отырады. Баяғыдай қай­нап жатқан процесс жоқ. Басқасын былай қой­ғанда, бір кездері ол жерде бар, кафе болды. Жұрт барып ішетінін ішіп, ішпейтіндері жай отырып әңгімеге араласып, сосын әдебиет туралы реаль­ный әңгімелер айтылатын. Ең болмаса, мас адам­ның аузымен ақиқат айтылатын еді. Ішкен адам әрбірден кейін шын сөзін айтады. Қазір "Бол­майды олай айтуға, тыныш отыр, тату-тәтті бо­лайық",- дейді. Ей, қалай тату-тәтті боласың сен? Қай халтурщикпен тіл табыса аласың? Өмір бойы тату-тәтті бола алмайсың ондайлармен.

Төлен Әбдіктің бір жерлесіне айтқан қызық сөзі бар. Анау жерлесі оған: "Әй, Төлен, екеуміз бір жерде өстік, бір өзеннің суын бірге іштік қой",- деп, жақындағысы келген ғой. Сонда Төкең: "Мен сенімен бір өзеннің суын ішпеймін",- деп, қолын сілтеген. Әдебиетке осындай көзқараспен қарау керек. Әрине, кейбір қаламгерлер жақсы адам болуы мүмкін, бірақ шығармасы нашар болса, қалай оны мақтауға болады? Адам бір рет өтірік айтса, аузы солай қарай қисайып, үйреніп алады. Мен әдебиетте нашар шығармаларды өтірік мақтай салатын біраз жігіттерді білемін, олар өздері өте талантты адамдар. Бірақ бітпейтін бір қимастық бар осыларда. Ол қимастық авторға емес, шығармаға болу керек қой. Біздің әдебиетте тым жақсы келе жатқан жазушыларды өтірік мақтап, "жөн сілтеп" құртқан кездер талай бол­ған. "Ойбай, мынау жаңалық екен, қазақ әде­биетінде жаңа бетбұрыс жасады",- деп әркімді бір мақтадық. Шын мәнісінде, ол түкке тұрмай­тын жаңалық еді. Сөйтіп, ақыр аяғында мақтауды көтере алмай, далаға лағып кеткен жазушылар болды.

- Соцреализм кезінде үздік деп танылған туын­дыларды қазақ жастары міндетті түрде оқу­ға тиісті шығармалардың тізіміне жатқы­зуға бола ма?  

- Сен үлкен проблеманы көтеріп отырсың. Орыс әдебиетінде бұл мәселе үлкен талқылаудан өт­ті. Біз әлі күнге дейін жауырды жаба тоқымдап, "анау да жақсы, мынау да жақсы" деп үстінен жо­сып жүрміз. Кейбір жазушыларды "Заманы басқа болды, түсіністікпен қарау керек. Ол кезде әде­биетіміз енді дамып келе жатыр еді",- деп ақта­ғымыз келеді, ал олардың басында ұлы Абай тұр ғой. Бәленбай уақыт бұрын өмір сүрген Абай жақсы шығарма жазады, ал одан кейін өмір сүр­ген басқа қаламгер неге нашар жазу керек? Немесе әдебиетке ә дегеннен бастап "Ақбілек" пен "Қарт­қожа" сияқты роман әкелген Жүсіпбек Аймауытов щедевр жазады да, одан кейін кел­гендер неге нашар шығарма жазады? Оны неге уақытқа сілтеп, саяси жүйеге салып ақтауымыз керек?

XX ғасырдың 60-70 жылдары әдебиетке оқыған, көзі ашық буын келді. Осының ең ба­сында Әбіш Кекілбаев тұр. 1960 жылы желтоқсан айында Әбіш әдеби бірлестіктің басшысы бола­тын, сол ұйымдастырып Мұхтар Әуезовпен кез­де­су өтті. Үлкен әдеби талқылау болды. Әбіштің өзі баяндама жасады. Сол баяндамада ақиқат айтылғаннан соң ба, Мұхтар Әуезов тапжылмай тыңдады. Әуезов басыменен. Ол Лениндік сыйлықтың лауреаты болған кезі. Риза болғаны соншалық, сол жерде Әуезов ағылып сөйледі. Содан кейін Мұқаңның атақты "Жыл келгендей жаңалық сезінеміз" дейтін мақаласы шықты. Оқы­ған буынның келгенін Әуезов сол кезде көрді. Әбіштің баяндамасында айтылып, кейін Мұқаң мақаласында тоқталған жастардың есім­дері кейін шын мәнінде әдебиеттің үлкен тұлға­ларына айналды. Мысалы үшін, Қадыр Мырза Әли, Сағи Жиенбаев, Тұманбай Молдағалиев сияқты ақындар кейін қандай құбылыс болды. Әбіш Кекілбаев идеяның генераторы еді. Ол Мұқа­ғали Мақатаев, Жұмекен Нәжімеденов, Фариза Оңғарсынова туралы бірінші болып жазды. Жылт еткен жақсылықты көріп отырып, Әбіштің сол кезде аузына іліккен авторларының барлығы әдебиетімізді белгілі бір дәрежеде биікке көтерді. Нашар шығармаларды социалистік реа­лизмнен көруге болмайды. Оның ешқандай кі­нәсі жоқ. Оны өздерінің әдеби өресінен көргені дұрыс. Әдебиет шекараға, тосқауылға бағын­байды. Ақиқатын айтатын болсақ, Сәбит Мұқа­нов­тың "Сырдариясын" осы күні кім оқиды? Ке­шіресің, Ғабиден Мұстафиннің "Шығанағын", "Миллионерін" немесе "Қарағандысын" кім оқиды? Оқыса "Дауылдан кейінін" оқуы мүмкін...

Қазіргі қазақ әдебиетінің классигі саналып жүрген жазушының бірі - Ілияс Есенберлин. Оны жұрттың бәрі мақтайды. Ол қалай классик бола­ды, егер сөйлем құрай алмаса. Оның "Маңғыстау майданы" деген романы бар. Сол романның бі­рін­ші абзацында "Әр майданның өзінің маршал­дары, генералдары, офицерлері, солдаттары бо­ла­тыны секілді, Маңғыстау майданының да өз генералдары, офицерлері, солдаттары, маршал­да­ры болып еді" - дейді. Осы не, жазушы жаза­тын сөйлем бе? Қарапайым журналист жазбай­ды бұны. Талғам деген нәрсенің өзі осындайдан көрініп тұрады ғой. Әрбірдесін жазушының бірінші сөйлемінен көрініп тұрады. Жазушы деген ең алдымен оқырманды сөздің киесімен арбау­шы. Оңбаған сөйлем жазсаң да, ә дегеннен оқыр­манды өзіңе қарату керек. Сондай сөйлем жаза­тын кісіні әдебиетіміздің классигі дейміз. Сөз жоқ, тарихи тақырыпты бірінші қозғаған Есенберлин. Приоритет оныкі. Оған ешкімнің дауы болмау керек. Рас "Қаһар" жақсы роман, ол оқылады. Ал "Алмас қылыш" пен "Жанталас" нашар жазылған. Бастапқы қарқынды осындай деңгейге дейін түсіруге бола ма? Отырып алып, жақсы көрген жа­зу­шыларымыздың бүкіл туындыларын "клас­си­калық шығармалар" атағымыз келеді.

- Сіз Сырым батыр туралы көлемді роман жазып шықтыңыз. Тәжірибеңізді бөлісе кет­сеңіз, тарихи романды көркем ете түсемін деп, өтірік ситуациялар, болмаған, бірақ бо­луы мүмкін күмәнді оқиғалар мен қақты­ғыстар қосуға бола ма?

- Жоқ! Көркемдік керек, бірақ тарихи дерек­тілікке қиянат жасамау керек. Тарихи ақиқат бұр­маланбау қажет.

Біздің жазушылар тарихи роман жазғанда тек өз ауылынан шыққан, бірақ аты-жөні Алашқа белгісіз біреуді бүкіл қазақ ұлтының керемет тұл­ғасына айналдырып, өз айтқанына оқырманды сендіргісі келеді. Ал, артын қазып қалсаң, ешқан­дай тарихи дәлел мен дәйек жоқ. Сырым батыр­дың бақыты да, соры да сонда: басқан ізінің бар­лығы қағазға түсіп отырған. Орыстың архивінде Сырымның іс-әрекетінің бәрі хаттаулы. Бұл роман тарихи фактілермен жазылған. Оны ешкім теріске шығара алмайды. Мен осы романды 20 жыл жаздым.

- Жоғарыда қазақтың классик жазушыла­рының шығармаларын сынап, нақты дерек­тер келтіріп кеттіңіз. Осы ретте бір ғана шы­ғар­ма­сымен ел есінде қалған қаламгерлер де бар. Мысалы, Қалихан Ысқақ дегенде есі­мізге "Қоңыр күз еді" келеді. Тәкен Әлім­құлов дегенде "Қараой", Сайын Мұратбеков дегенде "Менің қарындасым" ойға орала тү­седі. Бұл автордың қалған шығармаларына көлеңке түсірмей ме? Әлде шынымен бұндай қаламгерлерде жақсы туынды жалғыз ба? 

- Бейімбет Майлинның әңгімелерін біз 1958 жылдан бастап оқыдық. Оны оқыған кезде біз шалқамыздан түстік. "Қазақ әдебиетінде осылай да әңгіме жазуға болады екен ғой" - дедік. Ондай талантты шығармалар жазу өте қиын. Өлең­де­рінің ішінде әлсіздері бар енді, бірақ ол таза поэзия емес. Таза прозада Бейімбет алдына жан салмай­ды. Басқасын былай қойғанда "Шұғаның белгісі" жаңалық болды.

Жапон қаламгерлерінде жақсы бір дәстүр бар көрінеді. Әдебиетте аты қалыптасқан белгілі авторлар біраз уақыттан кейін, жаңа шығар­маларын оқырмандарға ұсынған кезде, басқа фа­милиямен шығады екен. Себебі, жұрт бұрынғы көзі үйреніп қалған фамиляны көрсе, шығарма нашар болса да, автордың атағы үшін кешіріммен қарайды. Ал, белгісіз авторды "ит терісін басына қаптап" сынайды. Бізге де осындай экспе­ри­менттер керек. Қаламгердің барлық шығармасы жақсы бола бермейді ғой. Немесе барлығымыз мінсіз романдар жазған Толстой емеспіз.

Қалихан Ысқақ "Қоңыр күз еді" деген повес­тімен қазақ әдебиетінде жарқ ете қалды, бірақ кейінгі романдары ондай емес. Әкім Таразидің сәтті қадамы "Құйрықты жұлдыздан" басталып, бірқатар толымды туындыларға жалғасты. Бірақ "Туған сайын торсық шеке ұл қайда?"-деп бір шешеміз айтқандай, солардың бәрі бірінен соң бірі үлкен резонанс туғызды деп айта алмаспыз. Өйткені, жалпы қаламгер атаулыда бір туынды екіншісінен асып түсіп жататын кездері де, ал кейде оқырманның көңіліне кемшін соғатын тұстары да болатыны ешкімге құпия емес. Мыса­лы мен Тәкен Әлімқұловты сендерден мүлде бө­лек көремін. Тәкенде өнер туралы көркем шығар­ма жазамын деп, өнерді түсіндіріп кету көп! Ол көркем әдебиеттің обьектісі емес. Ел мақтап жүр­ген әңгімесінің бірі Махамбет туралы жазылған "Қараойы" да соншалықты керемет деп айта алмас едім. Мен Махамбеттің өлімі туралы шағын повесть жазғанмын. Егер "Қараой" "классика" болса, онда менің "Бас жұтқан бас" деген по­вес­тім де "классика" шығар. Айтайын дегенім: Тәкен - жақсы жазушы. Бірақ біздің әдеби сында айты­лып жүргендей "классик" деп мен өзім есепте­мей­мін. Бұл - менің жеке пікірім. Ешкімге таңбай­мын! Және оны жер-көкке сыйғызбай мақтай­тын­дарды да түсінбеймін.

Біздің кезімізде Мұхтар Мағауиннің көп шы­ғар­ма­лары сауатты жазылды. Жұрт ойлайды, сауат­ты шығарманың барлығы дарындылық деп. Шын мәнінде олай емес. Сауатты шығарманың бар­лығын талантты шығармалардың қатарына жатқызуға болмайды.

- Бейімбеттің заманындағы проза мен бү­гін­гі заман прозасының айырмашылығы не­де?

- Бейімбеттің кезіндегі кейіпкерлердің басы қайсы, қол-аяғы қайсы ерекшеленіп тұратын. Адамдары ашық әрі аңғал болды. Қазіргінің адам­дары көзге көрінбейді. "Ішімдегіні тап" деп тұ­рады. Судың астындағы тастар сияқты. Басып қал­саң, тайғанап кетесің. Сондықтан ендігі проза адамның ішкі психологиясына үңіле бастады. Оны батыс әдебиеті әлдеқашан зерттеп, біліп қойған...

- Әдеби әңгімеңізге көп рахмет! 

Сұхбаттасқан

Бағлан ОРАЗАЛЫ

Пікір қалдыру


Қорғаныс саны
Жаңарту

Іздеу

Сауалнама

Бүгінде журналистерге қай сала мамандарынан ақпарат алу қиын?

Медицина - 57.1%
Прокуратура - 0%
Сот - 0%
Департаменттер - 14.3%
Облыстық басқармалар - 28.6%

Дауыс саны: 7
The voting for this poll has ended on: 29 Шіл 2017 - 00:00

Жоба туралы

Сыр өңірінің тумасы, қайсар қаламгер, ақын Зейнолла Шүкіровтің рухына арналған «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты облыстық жас ақындар мүшәйрасы өтті.

 «Руханиятты жаңғырту» қоғамдық қоры мен республикалық әдеби-мәдени, тарихи-танымдық «Әлімсақ» журналы Зейнолла Шүкіровтің рухына арнап биыл төртінші рет дәстүрлі «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты талантты жас ақындар мүшәйрасын ұйымдастырды. Биылғы жылдың жеңімпазы - М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжінің студенті Нәбира Ешниязова.

 

 

Редакцияға хат

Email:
Тақырып:
Текст:

Әлеуметтік желілер

Күнтізбе

<< < Сәуір 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30

As we continue our list of fantasy football”s top 101 PPR players of 2017 we have three players who have recently finished in the top-15 at their positions.

In fantasy football there will always be players who have an unexpected drop or rise from one year to the next. One player on today’s list was a top-six wide receiver in 2015. The next year,Vince Wilfork Jersey he wasn’t even a top-20 wide receiver.

The same can be said about a running back on today’s list who was a top-five running back in 2015. Last year, he wasn’t even a top-18 running back. Who are these players and what should we expect from them in 2017?

To be clear,J.J. Watt Jersey the top 101 PPR players are for re-draft leagues only. Here’s a look at players ranked No. 38-36:

Last season Patriots wide receiver Julian Edelman finished fourth in the NFL in receptions with 98. He also set a career-high in receiving yards with 1,106. In the end,Brian Cushing Jersey Edelman finished 2016 as the 15th PPR wide receiver. Unfortunately for Edelman, I see a regression coming his way in 2017.

The 2016 season was only the second time in Edelman’s eight-year career he played in all 16 games in a season. The other time came back in 2013. Going into 2017, the odds are against the 31-year old receiver to play in all 16 games in back-to-back years for the first time in his career. Even if he somehow manages to stay healthy for all 16 games, he’s sure to lose targets and receptions.

Last year Patriots star tight end Rob Gronkowski had a career-low 25 receptions. Gronk was never 100 percent during the 2016 season and only appeared in eight games. Going into 2017,DeAndre Hopkins Jersey he will be back to full strength. Also, the Patriots traded their 2017 first-round pick for Saints wide receiver Brandin Cooks. The former Oregon State Beaver will be the team’s new No.1 wide receiver.

Журнал туралы

«Әлімсақ» журналы – рухани серігіңіз

 Қазақтың ғасырлар қойнауынан тамыр тартқан, әлімсақтан келе жатқан хатқа түскен тарихының, ұлттық болмыс-бітіммен астасқан әдебиеті мен мәдениетінің, тілі мен дінінің, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрінің бірден-бір насихатшысы, Сыр бойының тарихында алғаш рет әдеби-мәдени, тарихи-танымдық бағытта жарық көрген «Әлімсақ» журналының оқырманына жол тартқанына алты жылға жуық уақыт болып қалды. 2009 жылдың сәуір айынан бастап алғашқы нөмірі жарыққа шыққалы бері қазақ әдебиеті мен тарихына қатысты мақалаларды ортаға салып, Сыр өңірінің мәдениеті мен өнерін насихаттап, облысымыздың бүгінгі мәдени, әлеуметтік дамуындағы өзгерістерді ақпараттандыруда журналдың қосып келе жатқан үлесі салмақты.