Бас редактор бағаны

"Әлімсақ" журналының бас редакторы, филология ғылымдарының кандидаты

Нұрлан Көбегенұлы Нұрмаханов

 Бас кеспек болса да...

Журналға тіркелу

Валют бағамы

Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан

Серіктестер

Келіннің бетіне орамалды неге жабады?

 

Жер бетінде ата-бабаларынан мұраланған дәс­түрлі мәдениетінің зәредей жерін өзгертпеу жолында басын бәйгеге тігетін ұлттар қаншама? Керісінше, ұлт мүлкіне жауапсыз, барынша салақ қарайтын екі халық болса, бірі біздің жұрт екенін жасыра алмаймыз. Әрине, бұл - жүре келе жол­дан тапқан торай тобық "қасиетіміз", әйтпесе қа­зақ деген - қаны таза, жылқы мінезді жайсаң ха­лық болған. "Аттың жалы, атанның қомы" деп жүр­ген дәуір-дәуренді надандық деп санаудан туған сана ақаулығының зардапты салдарының бірі - осы.

Дәстүр - қатып-семіп қалған догма емес, да­мып отыратын жанды құбылыс. Десе де, орын­сыз өзгертулерді көтере алмайтын барынша шам­шыл, тым кінәмшіл құбылыс. Сондықтан көне­нің кез келген дүниесін өз ыңғайымызға, бүгінгі жеткен білім-парасатымызға лайықтап, зорлап иіп аламыз деп жүріп, қиратып алуымыз ғажап емес. Рас, соңғы уақытта халқымыздың ғасырлар бойы жасаған төл мәдениеті - тұтынған наным-сенімдері мен дәстүрлі дүниетанымына жүрдім-бардым қараушылар қатары өлшеусіз өсіп отыр. Қазақта: "Алдырған анасының қойнын ашады",- деген ұлағат болған. Бабалар тәлімі мен ғазиз ана­лар тәрбиесін жете білмейтіндер, қасақана білгісі келмейтіндер болашақта осының кебін киіп жүрмесін деңіз.

 

Қазақта шаңырағына келін түскенде жасала­тын "беташар" деген қасиетті ырымды әуелде ақындар атқарған. Әрине, ол замандағы ақын типін бүгінгі ақындық өнер өкілдерімен шатас­тыруға мүлдем болмайды. Көне ақын типі ру арасындағы дәнекерші қызметін атқарған, екі рудың киелерін жарастыру міндетінде болған. Де­мек, олар жоғарғы - әруақтар дүниесі мен ор­таңғы - адамдар дүниесінің арасында дәнекер қызметін күшейткен. Кейін бұл қызметті өнердің басқа түрін тұтынушы топтар атқара беретін бол­ды. Қанша ғасыр өтсе де, әлеуметтік ой-пікірдің реттеушісі, адамзат санасының сәби шағындағы бар­ша мәселелердің бітімгері болған ілкі ақынға деген шексіз құрмет сол қалпында сақталып қалған. Оның шет-шепірін бүгінгі сахналық өнер түрлеріне деген халықтың ерекше ықылас-пейі­лінен де көру қиын емес.

Адамның бетін жабу - жақсы ырым саналма­ған және тірілерге жасалатын жоралғы емес. Бағзы сенім мен қазақы рәсім бойынша өлі адам­ның ғана беті жабылуы тиіс. Бұл - жалғыз қазақ емес, әлем халықтары фольклорынан берік орын алған салт. Сондай көне жұрттың бірі - Америка үн­діс­тері. Олай болса, үндістер мен қазақтың ара­­сында қандай байланыс бар? Аталмыш ырым-салт бүгінгі күнімізге дейін жетіп, қаншама ұрпақ ауысса да, өлі рудимент ретінде неге өмірсалтымыздан қалмай, ілесіп келе жатыр?

Ежелдегі "беташар" салтының өн бойына сақ­таған құпия мәліметі мен бүркеме дерегі осы ырым­ның практика жүзінде жасалуында жатса керек. Өйткені, ырым жасалмаған жерде оның күші де жүзеге аспайды. Біртіндеп қалалық дәс­түр­ден қалыс қала бастағанымен, ауыл қазағы бейсаналы түрде болса да, бұл мәселелерге әлі күнге өте қатал қарайды. Мысалы, жаңа түскен келіннің бетін жапқан орамалдың шетіне қамшы байлау салты. Келіннің бетіне жабылған орамал­дың шетіне неге қамшы байлайтындығын бүгінгі­нің бейсаналы түрде рәсімнің өзі сақталғанымен, оның мән-мағынасы біздің жұрттың санасынан өшіп үлгірген.

Қазақпен тегі бір, жапсарлас жатқан ноғай халқы әлі күнге дейін шаңырағына ұл бала келсе қошқар сойып, қайыс қамшы өрімінің арасына сол қошқардың "қаса-қамшысын" қосып өреді. Сөйтіп, көңілі түскен ұл баласы жоқ жанұяға әлгі қамшыны сыйға тартады. Бүгінде барлық ке­пиет-киесінен ажырап болған қамшы - қазақта тек атқа шабатын құрал есебінде ғана сақталып қалған. Ата-бабаларымыздың әйел адамға қол тигізбей, әрі кетсе, тек қамшымен ғана жасқауын­да ежелгі адамдардың таным түсінігіндегі ерлік бастау - фаллосқа табыну ырым-салтынан қалған тылсым мән-мағына болған. Немесе жаңа түс­кен келіннің аяғының астына тойға сойылған қошқардың (тартылған ісектің емес - Б.Ж.) тері бөстегін төсеу, отқа май құйып, келінді соған табындыру, оң жағы мен сол жағындағы демеуші жеңгелерінің бала тумаған бедеу немесе бұрын есік көрген адам болмауы, қыздың төсек-орнына сырт адамның (қазақы науқас, баласыз әйел, т.б.) отырып қоймауын қатаң қадағалау сияқты бүгінде ұмытыла бастаған ырым-салттар біздің жұртта маңызды саналған және өзінің күшін жоймайтын жоралғы деп есептелген.

Сонымен жаңа түскен келіннің бетін жаулық-орамалмен не үшін жабады? Бұл - ілкідегілердің жаңа түскен келінге жасаған жасанды өлімнің (обрядовая смерть) ишарасы. Қазақ жұрты атал­мыш дәстүрді Ай астынан ала салған жоқ. Баба­ла­рымыз қанша ғасыр бедерінде елеп-екшеп, күн­делікті тұрмыс-тіршілігінде қолданып, бұл ырым­ның магиялық қасиетін білу арқылы, осы рә­сімнің түбірінде тылсым негіз барына әбден көз жеткізгеннен кейін ғана тұтынғанында сөз жоқ. Бүгінде мұны ескідегі адамдардың надандығына жо­рығысы келетіндер де баршылық. Өткен ата-бабалардың дәстүр-салттарын қисынды-қисын­сыз "надандыққа" жори салудың өзі - қас надан­дық!

Табиғат-ананың қаһарлы күштерімен арпа­лыс­қанда, аурудың дауасын іздегенде жасанды өліп-тірілу рәсімін жасау - ежелгі бақсылық дәстүрде болған. Ал, алғашқы бақсылардың әйел­дер арасынан шыққандығы - тарихи негізі бар шындық. Осы инициацияны жасау арқылы бақсы тазарып, қайта түлейді деген сенім болған және жасанды өлім рәсімі барысында бақсы бақи дүниеден хабар-дерек әкеледі-мыс. Ілкідегілер әрбір рудың өз киесі, жақсы-жаман, жағымды-жағымсыз қасиеттері сол ру өкілінің әрбірінің бойында болатынына сенген. Қарапайым өмір заңы да, қазіргі дамыған ғылым жетістігі де мұны онша теріске шығармайды.

Жаңа түскен келінмен бірге ере келетін өз әулетіндегі "жақсы-жаман, жағымды-жағымсыз" қасиеттер оң аяғымен аттаған келіннің жаңа жұртының ру киелерімен табыса алмай қалуы­нан қорыққан біздің ата-бабаларымыз рәсми өлім, яғни жаңа түскен келінді тазарту рәсімін сол үшін жасаған. Қазақ даласында қыз балаға келін болып түскен жеріне ру киелерін өзімен бірге ала келуге қатаң тыйым салынатыны - сондықтан. "Қойшының таяғынан, келіннің аяғынан" деген­де, қазақ жасанды өлім арқылы жаны мен тәні тазартылған келіннің басқан қадамы шаңыраққа "құт" әкеледі деп сенген. Салт бойынша қыз бала­ның бойындағы өз руының "жақсы-жаман" қа­сиеттері өсіп-өнген әулетінің оң босағасында отыр­ғанда, отыз күн "ойын" мен қырық күн "тойы­ның" арасында "тазарып", "өліп", жаңа түс­кен жұртында басқа сапа-сипатта "қайта тірілуі" тиіс. Өйткені, ілкідегілердің ұғымында әрбір ру жеке-дара космос-әлем. Демек, жаңа түскен келіннің бір космос-дүниеге өткенде жаңа сапада "қайта тірілуі" - өмір заңы. Өз жұрты ұзатылған қызына барған жерінде "тастай батып, судай сіңуді" тілесе, қыздың келін болып түскен жұрты аяғы ауырлап "жүкті" келген келіннен көңілдеріне кіп алып, оны жақсы ырымға жорымаған.

Міне, біз сөз етіп отырған "беташар" рәсімі өз жұртында тазарып, "өлген" келінді жаңа түскен жұртында "қайта тірілтіп алу" процесін қамта­масыз ететін ежелгі рәсми амал еді. Беташардағы иіліп сәлем ету салты - әруақтар дүниесі мен көзі тірі тума-туыстарын келінмен таныстыру мақса­тында жасалатын да, беташар рәсімін жасаған дәнекерші-ақынға тиесілі болған. Ал, жаңа түс­кен келіннің бетін ашатын дәнекерші-ақынға қойылатын басты талап: оның келін түскен рудың абыройлы адамы болуы және моральдық тұрғыдағы қасиет-қамалының берік болуы қатаң қаперге алынған.

Кеңестер Одағы тұсындағы идеологиялан­ды­рылған қасаң ғылыми жүйе бұратана саналған өзге ұлттар тарихындағы осындай құндылық­тарды барынша зерттегені сөзсіз. Сөйтіп, бұра­тана саналған халықтардың тұтас салт-дәстүр­леріне, этикалық ерекшеліктеріне сызат түсірудің тура жолы - қала мәдениетін сіңіру арқылы отырықшы ету мен рулық жүйені жою екенін тайғанақтатпай-ақ тап басты. Рулық мүдде жи­нақ­тала келіп ұлттық идеяның негізін қалай­тынын білген кеңестік жүйенің саясатшылары ру меншігі болып саналатын Шығыс әйелін көне­нің құрсауынан "азат" ету идеясын алға тартып, баба­лардың шарапатты салтынан ада етті. Адам баласы үшін ата-бабасының салтынан безіну - адами тегі мен табиғатынан бас тартуымен пара-пар. Өйткені, адам табиғаты - орынсыз өзгерту­лер мен жасанды жол-жобаларды қабылдай алмайтын күрделі де қатал табиғат.

Бүгінгі шаңырақ көтеріп жатқан өркені өскен заманымыздың жастары арасындағы аты-жөні жоқ, себеп-салдары белгісіз ажырасулардың ас­та­рына үңіліп, оның тарихи-әлеуметтік төркін-себептерін тереңірек қарастыратын кез келген тәрізді. Кейде, келін түскеннен соң, сол әулетте болып жататын адам айтса нанғысыз сәтсіздіктер мен бақытсыздықтарды көргенде, қайран баба­лардың қолмен қойғандай ырым-салттарына еріксіз иланғың келеді. Сондай қалай, бұл қасақы тағдыр ма, әлде келін түскенде міндетті түрде жаса­луға тиіс, адам баласының ырқынан тыс ырым-салттардың дұрыс жасалмауынан ба? Адам баласы өз табиғатынан бас тартуына бола­тын шығар, ал, атаң мен анаң көрген ақиқаттан қашып құтылу мүмкін емес.

Асылы, бұлақ-бастауларымыздан алыстама­ға­ны­мыз абзал!

 

Берік Жүсіпов,

фольклортанушы,

Алматы

Пікір қалдыру


Қорғаныс саны
Жаңарту

Іздеу

Сауалнама

Бүгінде журналистерге қай сала мамандарынан ақпарат алу қиын?

Медицина - 57.1%
Прокуратура - 0%
Сот - 0%
Департаменттер - 14.3%
Облыстық басқармалар - 28.6%

Дауыс саны: 7
The voting for this poll has ended on: 29 Шіл 2017 - 00:00

Жоба туралы

Сыр өңірінің тумасы, қайсар қаламгер, ақын Зейнолла Шүкіровтің рухына арналған «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты облыстық жас ақындар мүшәйрасы өтті.

 «Руханиятты жаңғырту» қоғамдық қоры мен республикалық әдеби-мәдени, тарихи-танымдық «Әлімсақ» журналы Зейнолла Шүкіровтің рухына арнап биыл төртінші рет дәстүрлі «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты талантты жас ақындар мүшәйрасын ұйымдастырды. Биылғы жылдың жеңімпазы - М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжінің студенті Нәбира Ешниязова.

 

 

Редакцияға хат

Email:
Тақырып:
Текст:

Әлеуметтік желілер

Күнтізбе

<< < Сәуір 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30

As we continue our list of fantasy football”s top 101 PPR players of 2017 we have three players who have recently finished in the top-15 at their positions.

In fantasy football there will always be players who have an unexpected drop or rise from one year to the next. One player on today’s list was a top-six wide receiver in 2015. The next year,Vince Wilfork Jersey he wasn’t even a top-20 wide receiver.

The same can be said about a running back on today’s list who was a top-five running back in 2015. Last year, he wasn’t even a top-18 running back. Who are these players and what should we expect from them in 2017?

To be clear,J.J. Watt Jersey the top 101 PPR players are for re-draft leagues only. Here’s a look at players ranked No. 38-36:

Last season Patriots wide receiver Julian Edelman finished fourth in the NFL in receptions with 98. He also set a career-high in receiving yards with 1,106. In the end,Brian Cushing Jersey Edelman finished 2016 as the 15th PPR wide receiver. Unfortunately for Edelman, I see a regression coming his way in 2017.

The 2016 season was only the second time in Edelman’s eight-year career he played in all 16 games in a season. The other time came back in 2013. Going into 2017, the odds are against the 31-year old receiver to play in all 16 games in back-to-back years for the first time in his career. Even if he somehow manages to stay healthy for all 16 games, he’s sure to lose targets and receptions.

Last year Patriots star tight end Rob Gronkowski had a career-low 25 receptions. Gronk was never 100 percent during the 2016 season and only appeared in eight games. Going into 2017,DeAndre Hopkins Jersey he will be back to full strength. Also, the Patriots traded their 2017 first-round pick for Saints wide receiver Brandin Cooks. The former Oregon State Beaver will be the team’s new No.1 wide receiver.

Журнал туралы

«Әлімсақ» журналы – рухани серігіңіз

 Қазақтың ғасырлар қойнауынан тамыр тартқан, әлімсақтан келе жатқан хатқа түскен тарихының, ұлттық болмыс-бітіммен астасқан әдебиеті мен мәдениетінің, тілі мен дінінің, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрінің бірден-бір насихатшысы, Сыр бойының тарихында алғаш рет әдеби-мәдени, тарихи-танымдық бағытта жарық көрген «Әлімсақ» журналының оқырманына жол тартқанына алты жылға жуық уақыт болып қалды. 2009 жылдың сәуір айынан бастап алғашқы нөмірі жарыққа шыққалы бері қазақ әдебиеті мен тарихына қатысты мақалаларды ортаға салып, Сыр өңірінің мәдениеті мен өнерін насихаттап, облысымыздың бүгінгі мәдени, әлеуметтік дамуындағы өзгерістерді ақпараттандыруда журналдың қосып келе жатқан үлесі салмақты.