Бас редактор бағаны

"Әлімсақ" журналының бас редакторы, филология ғылымдарының кандидаты

Нұрлан Көбегенұлы Нұрмаханов

 Бас кеспек болса да...

Журналға тіркелу

Валют бағамы

Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан

Серіктестер

Аты аңызға айналған шоқжұлдыз

 

Ән мен сұлулық бәйгесінің тәжін қо-са киген Алаштың ай маңдайлы аруы, жер шарындағы ең әдемі әйелдердің бі-рі, Ұлыбританияда өтетін жыл сайын-ғы «Әлемнің әйгілі әйелдері» атағын алған мега-жұлдыз, қазақ ханымы Роза Бағланова биыл ақпан айында 95-ке толар еді. Бағланова – туа біткен да-ра тұлға, талантты әнші, әлем халық-тары әндерін оның орындауында тың-дау ләззатына ешкім тең келмейді. Жа-ратқан оған талант, бақытты өмір бер-ді. Бұл сұхбат-портрет 1992 жылы «Қа-зақ теледидары» мен «Оcтанкино» ар-наларынан көрсетілген Роза Тәжібай-қызының 70 жылдық мерейтойына ар-найы дайындалған «Содружество» бағ-дарламасы мен «Семь встреч в Алма-Ате», «Ах, Самара-городок» хабарла-рынан эфирге берілмей қалған, ән-шімен журналисттің бірнеше мәрте кездесу барысындағы сақталған есте-ліктерден құралған. (Пленкадан қағаз-ға түсірілген нұсқасы).

Аты аңызға айналған ханыммен ди-дарласу бала кезімнен арман еді. Себебі, әнші жайлы ата-анамнан көп естігем. Роза Тәжібайқызы алпысыншы жыл-дары Қазалы-Аралға ән сапарымен кел-генде біздің үйде қонақта болған. Анам-ның айтуынша, содан бері әкем әншіге ғашық екен. Cәті түсіп, әлемді тамсан-дырған хас сұлудың алдында қобалжып отырдым. Әншінің дидарына қараған сайын ажарына көз тоймайды. «Сонда бұл кісі жас кезінде қандай болды»? деген пенделік сауал көмейімде кептеліп тұрды. Мінсіз ажар мен жай-наған жанарынан көз алмайсың. Бірақ ән мен сәннің Розасы 70-ке толады.

(1991 жыл. Қараша айы. Журналист дәптерінен).

 

- Роза Тәжібайқызы, әлемді түгел арала­дыңыз. Қай мемлекеттің ілтипатын бөле-жара еске аласыз?

- Чехословакия сапарында бір қарт адам іздеп келді. Өзін Новакпын деп таныстырды. Қолында менің суретім басылған журнал мен раушан гүл­дес­тесі бар. Новак журналдағы жазуды "ақ маңдай, қа­ра­қат көз" деп сипаттаған екен" деп аударды. Ол: "Қы­зым, даусыңды жұрт ерекше деп мақтайды. Мы­нау - менің халқымның әні "Биле-биле", дос­тығымыздың белгісі болсын, өз еліңе ала бар",- деп, ән жазылған күйтабақты ұсынды. Әнді ақсақалмен қосылып, бірнеше рет қайталап айттым. Ертеңіне "Биле-биле" әнін словак тілінде концертте орында­дым. Көрермендер қошемет білдіріп, залдағы халық маған бірнеше мәрте қосылып, сахнадан жібермей қойды. Мен айтып жүрген "Биле-биле" словак полька­­сының тарихы осылай еді. Сол сапарда Прага мен Вена қалаларында менің екі метрлік биік порт­ретім ілініп тұрды. Венадағы кезекті концерт аяқтал­ған соң 5-6 жас шамасындағы бала мен жас әйел сахнаға көтеріліп, әлгі әйел: "Балам көшеге ілінген сіздің суретіңізді көріп, маған балмұздақ әперме, мені мына тәтенің концертіне апар деп, сіздің афишадан көрген суретіңізді салды. Сізге ескерткіш болсын",- деп, маған баласы салған суретімді сыйлады.

Америка сахнасында 1957 жылы ән айттым. Кеңестер елінен келген әншiлердiң құрметiне дастар­хан жайылды. Мен қонақасы кешіне қазақтың ұлттық киімімен кіріп барғанымда, мені көре салып, жүз шақты музыкант "Ах, Самара-городокты" құйқыл­жыта тарта жөнелді. Оркестрге қосылып, әндi орысша, ағылшынша, французша орындап шықтым. Американың зиялы қауымы айрықша ілтипат көрсетті.

- Жетпісінші жылдары орыс әншілері "Ба­тыс­та Роза Бағланованы экзотика ретінде қа­рай­ды" депті. Шындығы қалай еді?

- Мен қайда жүрсем де, қазақтың әнін ғана емес, қыздары киген ұлттық киімі мен салт-дәстүрін де өзіммен бірге өмір бойы серік еттім. Кезекті бір сапарымда Ұлыбритания елінде әйел басшының бірі: (Елизавета патшайым болар.- автор) "Қазақ әйелде­рінің киген киіміне қарап-ақ, олардың қандай халық болғанын тануға болады. Бұл киім байлық пен талғамды аңғартады",- дегені бар. Сол сапарларда "киіміне қарай қарсы алып, ақылына қарай шығарып салады" деген сөздің мағынасына көзім жетті. Сапарларда қасымда орыстың әнші қыздарынан гөрі маған айрықша ықылас танытатын. Өзге елдің сахнасына шыққанда, Сырдың ерте көктемдегі қыз­ғалдағын теріп жүргендей шаттанатынмын. Киім­дер­ді Орталық комитеттің тапсырмасымен арнаулы шеберлер тігетін. Бірақ түсін, үлгісін өзім таңдадым. Өздерің көрсеткен киноархивтегі москвалық опера­торлар түсірген көріністе сол көйлекте талай ән айттым.

- Сізден шетелдік журналистер не туралы сұраушы еді?

- КСРО-ның заңы қатал. Сауалдар шектеулі. Бізді орыс деп қабылдайды. Бар білгенімше қазақ деген ел барын айтуға тырысып бағам. Бірде "Қазақтың қыздары сіздей көрікті ме?" деп сұрады журналистер. Мен Қыз Жібек, Баян сұлу, батыр Мәншүк, Әлияларды айттым. Және Қыз Жібектің тарихи отанынан болатынымды да мақтанып айтып қалдым. Аудармашының Қыз Жібек, Ромео мен Джульетта деген сөздерін ғана түсіндім. Мен басымды изедім.

- Сіз жоғарыда: "Мен қазақтың әнін ғана емес, қыздары киген киімі мен салт-дәстүрін де өзіммен бірге өмір бойы серік еттім" деп айт­тыңыз. Еуропалықтар таңданатындай қан­дай киімдер кидіңіз, киім үлгілерін кім таңдау­шы еді?

- Будапештке барғанда үлбіреген дүрия жібек­тен тігілген көйлек кидім. Көйлектің етегі мен жеңі тол­қын тәрізді үш қатар желбір. Әннің әуенімен қоз­ғалған сайын, көйлек майда самал соққандай тербелетін. Белдің қынап келген тұсында кемер бел­дік тақтым. Белдік таза күмістен жасалып, алтынмен апталған. Сол бір киер көйлекті кигенде, қуыршақтай болып жайнап шыға келетінмін. Басымда үкіленген барқыттан тіккен тақия. Тақия небір асыл тас, алуан маржанмен көмкерілген. Шағын қызыл пүліштен тігілген қамзол. Көйлек ашық сарғыш, қызыл қамзол. Қамзолдың екі жақтауы әшекей қымбат тастармен оюланып, жібек кестемен айшықталған. Осы киімде өзімді хор қызындай санайтынмын, бір мақтаныш сезімі мені алыстарға жетелейтін.

- Будапештте дүние жүзі жастарының әлем­дік ән сайысы туралы "Құмырсқа бел, жайна­ған жанарынан нұр шашқан шығыстың қыпша бел періштесіне ешкім тең келмеді" деп жазып­ты "De Standaard" Бельгия газеті 1949 жылғы қа­ра­ша айындағы санында. Қазіргі әнші қыз­дардың талғамы мен сахнадағы бейнесін қалай бағалайсыз?

- Мәдина, Роза мен Мақпал талпынып жүр, ізденеді, табиғат берген дауыстары бар.

- Роза Тәжібайқызы, орындауыңыздағы қай ән жүрегіңізге етене жақын, айрықша?

- "Таң самалы", "Ақ маңдайлым", "Әдемі-ау" ғажап әндер. Махаббат, сұлулық, сезім...

- Сізге сезімін білдірген ер азаматтар аз бол­маған болар?

- Иә. Мен оларға онша сене бермейтінмін.

- Неліктен?

- Ер азаматтың жаратылысы солай, айналайын. Өзінің әйелінен басқалар оларға керемет көрінеді. Махаббат дегісі келеді...

- Сонда махаббат емес пе?

- Шын махаббат басқа, ол сезімге сен тәуелдісің. Бәрі жүрегін қолына ұстап жүгіріп жүргендер.

- Кешіріңіз, сөзіңізді бөлейін. "Жүгіріп жүр­гендер" кімдер еді?

- Олар мемлекет басшылары, маршалдар, гене­ралдар, хатшылар, шахтерлар, қарапайым азамат­тар. Мен өнер үшін жаратылған жанмын. Ерекше есте қалған украиндық шахтер жігіт еді. Москвада съездер сарайында концерт жүріп жатқан. Қонақ үй кезекшісі: "Үш күн болды, сізді бір жігіт кездестіре ал­май жүр, қолында гүлі бар",- деген еді. Арада біраз күн өткенде оны қонақ үйдің алдында кездестірдім. Ұзын бойлы, келісті азамат екен. Сонау Днепро­петровскіден арнайы келіпті. Гүлін алып, рахметімді айттым.

Әлі есімде жауынгер жігіт хаты, аты Константин: "Сіздің әніңізді бірінші рет Австрияның "Скала" театрында естіп, даусыңызға тәнті болдым. Әсіресе, "Ах, Самара городокты" ешкім де сіздей орындаған емес. Осы әнді естіп, майданға қанаттанып аттана­тын­быз". Майданнан осы мазмұндас талай хат алдым.

- Білетіндер "Сізді Сталин ұнатыпты" дей­ді ғой...

- Сталиннің үйінде арнайы шақыртумен үш рет болдым. Үш ретінде де сол бір кительде, қарапайым қалыпта болды. Үйінде үш ретте де байлық, барлық көрген жоқпын. Жиһаздары да жұпынылау болатын. Екі сөзінің бірі - "совет халқы, халқым" деген сөздері есімде жатталып қалды. Ол кісі мені ресми қабыл­дады. Қос бұрымыма мақтау айтты. "Әйелге қос бұрым жарасады. Грузин қыздары да шашын қос бұрым етiп өрiп қояды, саған жарасқандай олар да сондай ажарлы көрінеді",-деп қалды. Ол да пенде, еркек, сезімі бар, әдемілікті көретін көзі, әнді еститін құлағы бар. Сталин қазақтың сән-салтанатын паш еткен үстімдегі ұлттық киімнен көз алмай қарады. "Гру­зин қыздары да ұлттық киімде соншалықты әдемі көрінеді",-деп қайталап айтып қалды. Мен темірдей қатал, жарты әлемді аузына қаратқан құдіретті адамның көзінен ұлтының қыздарына халқына деген шынайы сағынышын байқадым.

- Ол қай жылдар еді?

- 1949 жыл. Жастар мен студенттердің Буда­пештте өткен II Халықаралық фестивалінің лауреаты атандым. "Ах, Самара-городокты" айтып, бас бәйгені алып қайтқан бетім болатын. КСРО елінің атағын асырған сәтім ғой.

Орамалым батар-батпас,

Қалқып қана ағады.

Сүйген жарым сүйер-сүймес,

Уақыт өтіп барады.

Ах, Самара, жас қала,

Барамын сөнгелі.

- Иә, Будапешт аспанында сіздің даусыңыз әлемшарға қалықтап, бас бәйгені жеңіп алды­ңыз. Сіз бір естелігіңізде: "Әнді орыстың зия­лы­лары аса жоғары бағалады. Әсіресе, мем­лекет бас­шылары, әскери қолбасшылар",- деп­сіз. Құ­жат­тарда Сізге табынушылар қатарында Бас хатшы Хрущев аты жиі айтылған. Тек қана әнің­ізге ғана емес шығар?..

- Иә, айтқаным рас. Бірде Хрущев Қазақстанға келгенде, қонақжай дастархан тарқағанда бәрі мені біріншінің қасында қалдырып кетті. Бас хатшы оқыс­тау қимылмен қолымнан ұстағысы келді. Қолын қағып жібергенде құлап қала жаздады. Өзім де байқамай қалдым. КГБ-ның жігіттері сау ете қалды. Мұным ағаттық болды. Үлкен ағалар да ренжіді: "Сол шалға қолыңды ұстатқанда ештеңе болмайтын еді",- деп. "Ол Қазақстанға қырын қарайтын бола­ды",- деді Димекең. Димаш аға өте текті адам ғой, ре­нішін жай ғана байыппен жеткізді. Иә, әскери атақты қолбасшыларды майдан даласында көрдім. Маршалдар Жуков, Малиновский... Бәрі де әніме, үстімдегі қазақтың қына бел жарасымды ұлттық киіміне қызықты, "дала қызғалдағына ғашық бол­дық" деді әскер басшылары. Айтылды, өтті, кетті. "Ғашық болды" дегенді қай мағынада түсінуге болады? Ер болсын, әйел болсын, әдемі нәрсеге көз салады, ән тыңдайды. Бұл заңдылық деп білем.

- Білетіндер "дала қызғалдағына" қарап там­санғандар қатарында мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхамед Қонаев, жазушылар Шыңғыс Айтматов, Сәбит Мұқанов, Мұхтар Әуезов, Бауыржан Момышұлы, Жұбан Молда­ғалиев, авиация генерал-майоры, Кеңес Ода­ғы­ның екі мәрте батыры Талғат Бигелдинов секілді әкелер және Брежнев, Ким Ир Сен, Мао Цзэдун секілді әйгілі тұлғалар бар" дейді?

- Иә, ол азаматтардың бәрі жылы көзқараспен қарады. Дінмұхамед Ахметұлы елдің маңдайына жаратылған асыл азамат, ардақты аға мен қарындас ретінде сыйластықта болдық. Зухра жеңгемізге біреу бірдеңе деді ме, білмеймін, біраз маған қырын қарап жүрді. Димаш ағаның жары Зухра тамаша жан еді. Дінмұхамед Ахметұлы маған әрдайым оң көзімен қазақтың ән жаршысы, халқының ерке Роза­сы деп қана қарайтын. Талғат батыр ғой, батырға бәрі жарасады. Өнерге кім қызықпайды? Ол азамат­тарды аға деп сыйласқаным рас. Жұрт айта береді ғой. Брежнев, Ким Ир Сен, Мао Цзэдун әнімді тыңдады, дастархандас болдым.

- Сізден қамқорлық көрген, шапағаты ти­ген адамдар аз болмапты, сізге қол ұшын бер­гендер болды ма?

- Жалпы, менің өмірімде ерекше із қалдырған адамның бірі - әжем. Жан-жақты талантты адам еді. Тамаша дауысы бар әнші болатын, поэзияны, әсі­ресе, қазақ эпосын ерекше жақсы білетін, он сауса­ғынан өнер тамған ісмер еді. Сыр бойының дүлдүл ақындарының жырларын жатқа айтатын. Дәл біздің елдегідей сөз шеберлерін кездестіре алмадым. Менің әнге деген ықыласымды марқұм әжем ерте байқап­ты. Ол кісі халық әндерін де жақсы айтушы еді. Қандай әнді болсын бір рет айтса, мен қағып алам, өзіне қайтып айтып берсем, қуанып ағынан жарыла­тын. Менің қызым әнші болады деп, мақтап қанат­тан­дырып қоятын. Анам Ақкүріш те - тамылжыта ән салатын қабілеті бар.

Мектеп ауылдан шалғай болатын. Ол кезде қыс аязды, бет қаратпайтын боранда анам мені көрпеге орап, аяғыма байпақ кигізіп, басыма шарқат бай­лайтын. Бірде жаяу, бірде шанамен мектепке бара­мыз, киер киім, ішер ас болса да жоқ. Күнде бір адам өліпті дегенді естиміз. Бала болсам да, аштан өлген адамдарды көзімен көрдім. Мектеп бітірген соң 1939 жылы Қызылорда педагогика институтына түстім, бірақ кенеттен әкем қайтыс болып, туыстарды жағалап, тұрмыстық жағдайға орай сол жылы Ташкент тоқыма институтына ауыстым. Институт жатақхана мен ішер асыңды беріп, болашақ тоқы­машы қыздарға қамқорлық жасайды екен. Менің балалық, бойжеткен, жастық шағым ашаршылық пен аласапыран жылдар болатын, тағдыр айдап, ағайындарды паналап, күнкөріс қамымен туған елден жыраққа Ташкентке кеттім. Үйдің тіршілігін жасап жүріп, ән салатын әдетім бар еді. Өмірде күліп жүрген, ән салып жүрген қандай жақсы.

Әлі есімде, есіктің алдын сыпырып жүріп әндет­кен қыздың даусын естіп, өзбек филармониясының директоры "ән айтқан кім?" деп іздеп келді. Менің әншілік өмір жолымды, бағымды ашқан Кари Якупов әка еді. Содан Кари әканың көмегімен Ташкент филармониясындағы мемлекеттік әйелдер ән-би ансамблінде әнші болдым. 1941 жылы Москва консерваториясына жолдама алғанымда соғыс басталып кетті. Сол ансамбльмен Ұлы Отан соғысы жылдары майданды аралап, өнер көрсетіп, 1945 жылы 9 мамырда Берлиндегі жеңіс концертіне қатыстым. Мен өзбек халқының қамқорлығын көп көрдім. Өзбекстаннан Қазақстанға келуіме тікелей себепші болған - ақын ағамыз Жұбан Молдағалиев. Москва жоғарғы партия мектебінде оқып жүрген ол Өзбекстан атынан ән салып жүрген қазақ қызы бар деп естіп, арнайы іздеп келді. "Перизаттай қыз екенсің, қарағым! Өзбекстанда не бітіріп жүрсің?" - деді өктем дауыспен. Қандай келбетті жігіт еді. Жұбан ағаның қолдауымен 1949 жылы елге келдім. Маған әкемдей қамқоршы болған біртуар азамат­тың жақсылығын қалай ұмытам. Будапештте өткен ән жарысына мені мәпелеп қосқан да Жұбан аға болатын. Қалқам, мен жұрт ойлағандай Роза болып, қолымды жылы суға малып, әдемі көйлекпен сахна­да тұра қалған жоқпын. Өзім туралы небір жағым­сыз сөздерді де естідім.

-  Сізді қажытқан қандай өсек?

- 1944 жылы жауынгерлерге концерт қойып жүр­генде, майдан даласында бетімді снарядтың жа­рық­ша­ғы жанып өтіп, көзіме зақым келді. 1979 жылы екі көзім бірдей көрмей қалды. Сол жылы жоспарлы Пав­лодар қаласындағы концертімнен де қалмадым. Сах­наға жетектеп шыққан адамдар куә. Алдымен Жа­­рат­қанның, содан соң дәрігерлер жанарымды сақтап қалдым. Көпшілікке топырақ шаша алмайсың, "көзін әдемілеймін деп пластикалық операция жаса­тып, соқыр бола жаздапты" деп жұрт гуілдеп жүр ғой.

- КСРО-ның алуан ұлт өкілдері, ақындар мен композиторлары шығармаларын сізге арнапты. Солардың бірі 1950 жылы "Огонек" журналы желтоқсан айындағы санында орыс­тың атақты композиторы Василий Павлович Соловьёв-Седой сізге арнаған ән туралы есте­лік жариялаған. Қай ән еді?

- Иә, Соловьёв-Седой ән арнағаны рас (жадырап күлді). Бірде Москвада кезекті ән сапарында "Ах, Самара-городокты", "Самовары-самопалы", "Темная ночь" әндерін Борис Бэрнестен бұрын орындап шық­тым. Соловьёв-Седой маған арнайы келіп, бетімнен сүйіп: "Ты, черноглазая, я обязательно для тебя песню сочиню. Ты прекрасная...", - деді. Көп ұзамай "Тальяночка" әнін жазды. Сол күні қасындағы келбетті, жауырыны қақпақтай жас жігітті Андрей Фатьянов деген ақын деп таныстырды. Ақын Андрей де маған ықылас танытты. Әнін Соловьёв-Седойдың өзі жазды, сөзі Фатьяновтыкі.

Иә,...Играй, играй, рассказывай,

Тальяночка, сама

О том, как черноглазая

Свела с ума..., -  (Роза Тәжібайқызы осы жол­дарды керемет бір шабытпен тақпақтап айта жөнелді).

- Әйгілі маэстро Соловьёв-Седой, Андрей Фатьянов болса орыстың атақты ақыны ғой. Сіз­бен қатарлас жүрген халық әндерінің шебер орындаушылары Людмила Зыкина, Лидия Руслановалар бар. Орыстың қыз-келіншектері, әншілері Сізді қызғанбауы мүмкін бе?

- Жоқ. Ондай пендешілікті байқамадым. КСРО халық әртісі Лидия Русланова маған "Саратовские частушки", басқа да орыстың халық әндерін айт­қанда былай деп естелік жазды: "Молодец, Роза, учи наших русских как народные песни петь, как петь настоящие частушки" (Әнші орыс әріптестерінің естелік суреттері мен құжаттарын  көрсетті).

- Қателеспесем сіз тұрмыста болдыңыз?

- Жалпақ қазақтың Розасымын. Ұлымның ана­сымын. Иә, тұрмысқа шыққанмын. (сәл күрсініп алып, әнші әңгімені басқа жаққа бұрды). Мен сахнаға жаралған өте бақытты әйелмін.

- Сіздіңше әйелді сүріндіретін не?

- Өтірік, өсек айту. Жасандылық.

- Әйел қауымы сіздің ажарыңызға қызыға қарайды. Қалай күтеді деп білуге ынтық. Ажа­рыңыз мінсіз, айрықша. Сырын білгіміз келеді?

- Біріншіден, жаратылыстың сыйы. Өзімді күтуді жас кезімнен бастадым. Менің әкем екі әйел алған адам. Және ұлты неміс тәрбиеші, күтушім болды. Ана­ларым мен тәрбиешім сол заманның сауатты адамдары әрі текті әйелдер еді. Гәп, адамның ішкі жанының тазалығы. Іші арам, біреуге қиянат ойлап, менікі ғана дұрыс деп бажылдап, беттен алатын әйелдердің жүзінен-ақ көрініп тұрады. Мен тамақты тойып ішпеймін, қарным қанша ашып тұрса да, тартынып ішем. Бойым сұңғақ көріну үшін үнемі биік аяқ кием. Тамақты тойып ішу - әдеміліктің жауы. Адам өзін шектей алуы керек. Нәпсіні тыю үлкен табыстарға бастайды. Бет, мойын, қол, шашыма пісірілмеген сүтке жұмыртқаны араластырып жағам, біраз уақыттан кейін жуып тастаймын. Бар сыр - сүт, айран, жұмыртқада...

- Сіз мүлдем крем жақпайсыз ба? 

- 1949 жылдан бері Орталық комитеттің, бі­ріншілердің әйелдері мен қыздары жағатын москва­лық кремль дәрігері, косметолог Ирина Шилова дайын­даған арнайы кремді қолданам. Ол әйел маған өзі: "Ах, Самара-городок" әнін орындағаның үшін, Розочка, тек саған ғана жасап тұрам",- деді. Осы күнге дейін мен сол дәрігердің кремін ғана қолданам. Бірақ Ирина кремді қалай жасайтын құпиясын ешкім­ге айтпайды, құпиясын ашпайды.

- Халқымыз сізді қазақтың бірінші сұлуы деп бағалайды. Замандастарыңыз, апа-сіңлілер арасында кімді сұлу деп ойлайсыз, мойындай­сыз?

- Сұлулық деген не? Қай жағынан алсаң да, қарасаң көз тоймаса, ол адам ба, зат па? Сол әдемі. Туа біткен сұлулар бар, оны қолдан жасайтындар бар. Туа біткен сұлулықты ешқандай косметика құ­ралы өзгерте алмайды. Қалай да оның жасанды­лығы белгі бермей тұрмайды. Косметиканың көмегі болады, әрине. Ол нәтиже беру үшін де тер төгіп еңбектену керек. Біреулер дене бітімі мен бет-әлпетінің ажарын ғана сұлулық деп ойлайды. Әйелдің жан дүниесі мен сыртқы келбеті үйлессе, екеуі де сұлу болса, ол - жаратушының сыйы. Ішкі жан дүние - мінез-құлық. Сондай әдепті, білімді, кішіпейіл, қайырымды, оған қоса таланты болса, сұлулығы айқындалып, даралана түседі. Бірақ адам пенде ғой. Бәрі бірдей бір әйелдің бойынан табыла бермейді. Өмірде көріп-білгендерімді түйіндесем, қазақта сон­дай сұлулар бар. Мен көрген сұлулар арасында жа­нымызда жүрген хас сұлулар Шара Жиенқұлова, Гүлфайруз Исмайлова, Бибігүл Төлегенова, оларға ешкім тең келмейді-ау! Бірі атақты биші, бірі актриса, талантты суретші, әнші. Олар жаратылы­сынан, туа біткен, боямасыз сұлулар, жаны да, тәні де мінсіз жандар. Бірақ оларды азаматтар бағалай алды ма, жоқ па, айта алмаймын.

- Роза Тәжібайқызы, атақ-даңққа, дүниеге, құрметке, ақшаға зәру емессіз. Сізге аса қым­баты не? Әлде кім?

-  Менің ең қымбатым - жалғыз ұлым Тәженім.

- Тәженді тербеткенде не деп жұбататын едіңіз?

- Тәженімдей бала жоқ, Алматыдай қала жоқ. Екінші қымбатым - мені еркелеткен халқым.

 

Ұлдай Ибайдуллаева,

экс-тележурналист

Алматы-Мәскеу, Қазалы.

Қазан-желтоқсан. 1992 жыл.

Пікір қалдыру


Қорғаныс саны
Жаңарту

Іздеу

Сауалнама

Бүгінде журналистерге қай сала мамандарынан ақпарат алу қиын?

Медицина - 57.1%
Прокуратура - 0%
Сот - 0%
Департаменттер - 14.3%
Облыстық басқармалар - 28.6%

Дауыс саны: 7
The voting for this poll has ended on: 29 Шіл 2017 - 00:00

Жоба туралы

Сыр өңірінің тумасы, қайсар қаламгер, ақын Зейнолла Шүкіровтің рухына арналған «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты облыстық жас ақындар мүшәйрасы өтті.

 «Руханиятты жаңғырту» қоғамдық қоры мен республикалық әдеби-мәдени, тарихи-танымдық «Әлімсақ» журналы Зейнолла Шүкіровтің рухына арнап биыл төртінші рет дәстүрлі «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты талантты жас ақындар мүшәйрасын ұйымдастырды. Биылғы жылдың жеңімпазы - М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжінің студенті Нәбира Ешниязова.

 

 

Редакцияға хат

Email:
Тақырып:
Текст:

Әлеуметтік желілер

Күнтізбе

<< < Сәуір 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
          1 2
3 4 5 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30

As we continue our list of fantasy football”s top 101 PPR players of 2017 we have three players who have recently finished in the top-15 at their positions.

In fantasy football there will always be players who have an unexpected drop or rise from one year to the next. One player on today’s list was a top-six wide receiver in 2015. The next year,Vince Wilfork Jersey he wasn’t even a top-20 wide receiver.

The same can be said about a running back on today’s list who was a top-five running back in 2015. Last year, he wasn’t even a top-18 running back. Who are these players and what should we expect from them in 2017?

To be clear,J.J. Watt Jersey the top 101 PPR players are for re-draft leagues only. Here’s a look at players ranked No. 38-36:

Last season Patriots wide receiver Julian Edelman finished fourth in the NFL in receptions with 98. He also set a career-high in receiving yards with 1,106. In the end,Brian Cushing Jersey Edelman finished 2016 as the 15th PPR wide receiver. Unfortunately for Edelman, I see a regression coming his way in 2017.

The 2016 season was only the second time in Edelman’s eight-year career he played in all 16 games in a season. The other time came back in 2013. Going into 2017, the odds are against the 31-year old receiver to play in all 16 games in back-to-back years for the first time in his career. Even if he somehow manages to stay healthy for all 16 games, he’s sure to lose targets and receptions.

Last year Patriots star tight end Rob Gronkowski had a career-low 25 receptions. Gronk was never 100 percent during the 2016 season and only appeared in eight games. Going into 2017,DeAndre Hopkins Jersey he will be back to full strength. Also, the Patriots traded their 2017 first-round pick for Saints wide receiver Brandin Cooks. The former Oregon State Beaver will be the team’s new No.1 wide receiver.

Журнал туралы

«Әлімсақ» журналы – рухани серігіңіз

 Қазақтың ғасырлар қойнауынан тамыр тартқан, әлімсақтан келе жатқан хатқа түскен тарихының, ұлттық болмыс-бітіммен астасқан әдебиеті мен мәдениетінің, тілі мен дінінің, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрінің бірден-бір насихатшысы, Сыр бойының тарихында алғаш рет әдеби-мәдени, тарихи-танымдық бағытта жарық көрген «Әлімсақ» журналының оқырманына жол тартқанына алты жылға жуық уақыт болып қалды. 2009 жылдың сәуір айынан бастап алғашқы нөмірі жарыққа шыққалы бері қазақ әдебиеті мен тарихына қатысты мақалаларды ортаға салып, Сыр өңірінің мәдениеті мен өнерін насихаттап, облысымыздың бүгінгі мәдени, әлеуметтік дамуындағы өзгерістерді ақпараттандыруда журналдың қосып келе жатқан үлесі салмақты.