Бас редактор бағаны

"Әлімсақ" журналының бас редакторы, филология ғылымдарының кандидаты

Нұрлан Көбегенұлы Нұрмаханов

 Бас кеспек болса да...

Журналға тіркелу

Валют бағамы

Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан

Серіктестер

Тақыссыз таза ақ айдын...

 

Сыр сүлейлерінің бірі Кете Жүсіп Ешнияз­ұлы:

"Мұхамеджан шын әулет,

Тақыссыз таза ақ айдын", - деп жоғары бағалаған, халық арасында "Қара молда" атанып кеткен Мұхамеджан Нұрекеев (1888-1937 ж.ж.) қыз бен жігіт айтысының жұмбақ аралас келетін көне түрінің негізін қалаған Күдері­қожа Көшекұлының (1820-1858 ж.ж. Күдері­ден Нарбота, одан Нұреке, одан Мұхамеджан) үшінші ұрпағы. Ал, Күдері ақынның Ұлбике­мен жұмбақ аралас келетін айтысы халықтың дүниетанымын бейнелеген өмір туындысы ретінде В.Радловтың әйгілі кітабы бойынша неміс тіліне Гамбургте аударылған. Бұл айтыс шамамен 1840 жылы өткен, ол кезде Ұлбике небәрі 15 жаста болса, Күдері 20 жаста екен. Осыдан-ақ, айтыс иелерінің табиғат берген түпсіз терең қасиеттерінің ерте оянғандығына таң қаласыз. Оның есесіне Алла Ұлбикеге 24-ақ жас, ал Күдері ақынға небәрі 38 жас қана өмір сүруді жазыпты. Күдеріқожа Көшекұлы жайлы біршама деректердің бар екендігін есептеп, әңгімені Нұрекеев Мұхамеджан (Қа­ра молда) атамызға қарай бұрып отырмын.

 

Мұхамеджан жастайынан өте алғыр, зерек, құйма құлақ болып өскен. Алдымен Нұреке әке­сінен діни сауатын ашып, 8 жасында Тапал ахунның жолдамасымен Бұхара-и шәріптің әй­гілі (Мир-Араб) Көкілташ медресесіне тү­сіп, оны тәмамдап, сопылық дәрежесімен Сыр бойы­на оралады. Оның "Қара молда" атануы жайлы үлкен ұлы Әбибулла ағаның пікірінше, Құранды, пайғамбарымыздың хадистерін жат­қа айтатын, зеректігі соншалық, құран аят­та­­ры­ның кітаптың қай бетінде, нешінші қата­рында екенін де есіне сақтайтын "Қари молда" дегеннен болуы керек десе, С.Шаухамановтың ойынша, "ол кісінің өңінің қаралығынан емес, "қара" сөзінің ескі түркіше беретін "ұлы" деген мағынасына байланысты. "Қара молда" дегені­міз "ұлы молда", "үлкен молда" деген ұғымды береді. Мысалы, "қара хандықтар" дәуірі - "ұлы хандықтар" деген мағынаны береді. (Саңлақ, Атамұра баспасы, А., 59 б.) Біздің ойымызша қа­лай болғанда да, бұл екі пікірдің екеуі де жаң­сақ емес, керісінше Мұхамеджан атамыз­дың бейнесін әрлеп, өрнектеп, ұлықтай түс­кендей.

Мир-Араб-Көкілташ медресесін бітірген­нен кейін Қара молда-Мұхамеджан Кіші жүз, Жетіру, Барлыбай Табындардың балаларын оқытып, имандылық, адамгершілікке тәрбие­леп, мешіт ұстап, үлкен құрметке ие болады. Ол жер кейін Жалағаш ауданының "Бостандық жол" ұжымшары атанады. Табанды табын ағайындардың ішінде бірнеше жыл болғаннан кейін, туған топырағына яғни, қазіргі Сырдария (бұрынғы Тереңөзек) ауданында орналасқан "Көк жиде", "Ахун ауылы", кейін "Қызыл жалау" атанған елді мекенге оралады. Бұл жерден қо­ныс аударуына 1916 жылы қазақ жастарынан патша әскері қатарына қазақтарды алуға байланысты ел ішіндегі дүрбелеңнің басталуы болса, бір жағынан ортаншы ағасы Махсудтың қайтыс болуы да себеп болған сыңайлы. Махсуд­тың мүрдесі сол жердегі "Арқаш" де­ген қорымға қойылады. Нұреке атамыз да сол жерге жерленген. Туған ағасының қайтыс бо­луы үш жүзге аты шыққан әйгілі оқымысты, ғұлама ғалым-ұстаз, (теолог) Нұрмұхамед­тің (лақап аты Тапал ахун) дүниеден озуына сәйкес келеді. Екі қазаның арасы 3-ақ күн. Дәл сол кезде Мұхамеджан - Қара молда қала­мынан "Бірі жаным, бірі иманым" деген жан тебіретерлік зар мен мұңға толы өлеңі болған­мен, өзін де өзгелерді де шүкірлік етуге ша­қыр­ған жоқтау жыры туады. Бұл өлеңді Кене­хан Қанағатов пен осы жолдардың авторла­рының әкесі Құдайберген Ержановтардың еріксіз төгілген көз жастары сақалдарын жуып, егіле айтып отыратындарын естідік те. Бірақ, "Қара молданың" ақталмаған кезі болғандық­тан, олар оның мәтінін де, ырғағын да өзде­рімен мәңгі жайға алып кетті.

Ақын Мұхамеджан-Қара молдаға жағылған "Халық жауы" деген күйенің кесірінен оның өлеңдері мен толғауларының, діни тұжырым­дамаларының бүгінгі күнге толық жетпегені де тарихи шындық. Әбибулла аға: "Менің есім­де қалғаны көкемнің (қара молданың) үлкен қара қалың жазу кітапшасы болатын. Барлық өлеңдерін, ой-түйіндерін соған көші­ріп оты­ратын. Көкем ұсталып, ақтау қағазын ала алмаған соң басқа көп араб тілінде жазыл­ған кітаптарымен бірге оны да қоса көмдік. Кейін 1956 жылы Қалтай екеуміз сол белгіле­ген жерімізге жасырын барып ашып көрсек, бәрі шіріп топыраққа айналып кетіпті",- деп өкіне жазады. Әкесі Қара молда - Мұхамеджан жайлы Әбибулла аға төмендегідей тың дерек­терді де алға тартады. "Біздің әкелеріміздің де, Ахаңның да (немере ағасы Ахметжан Нұрекеев) нағашылары Қожжан қожаның ұрпақтары. Олардың ат басын тірейтін жері Сайыпназар ахунның немересі Әбдіхайым Махсумның үйі. Ол кісі өте сауатты, әрі ше­шен, әрі ақын, Петербургте орысша оқыған, жоғары білімді заңгер. Біздің әкеміз де діни сауатты. Ғабдулләтиф (Ләтіш) Әбдіхайым­ұлының айтуынша, сайыстан екеуі де жеңіске жетіп, Әбдіхайым Махсұм төбе би, Мұхамед­жан бас мүфтилікке сайланған. Ол кезең Мұстафа Шоқайдың "Ислам Шура" бюро­сының басшысы болған уақытпен тура келеді. Екеуінің Әлихан Бөкейханов, Міржақып Дулатов, Ахмет Байтұрсыновтармен т.б. Алаш орданың делегацияларымен түскен суреті де Ләтіш ағада көп уақыт сақталған екен.

Әбдіхайым Махсұм - әйгілі мүсәннип әрі ақын Сайыпназар ахунның немересі. Менің әкем Күдері ақынның шөбересі болып келеді. Сайыпназар ахун Мекке-Мәдинеде діни мед­ресені таза араб тілінде үздік бітірген үл­кен теолог. Ахун деген сөз қазіргі профессор, док­тор дәрежесімен бірдей. Ал, "мүсәннип" деген сөз "құран негізінде кітаптар жазады, араб тілінде шығармалар жазады" дегенді білдірсе керек. Оның үстіне ахун деген лауа­зымға ие болу үшін 7 ғылымның (жеті ықы­лым) негізін білу шарт, олар: астрономия, философия, психология, медицина, физика, химия, математика. Олай дейтініміз, Сайып­назар ахун 30 жасында Пайғамбарымыз Мұхаммед с.ғ.с. қабірінің басында араб тілінде екі-үш кітап жазған кісі. Оларды кейін парсы, түрік, одан қазақ тіліне өлеңмен өзі аударған. Хазіреті Ғали, Мұхаммед Ханафия жайлы ұзақ қисса-дастандар жазған. Д.Қонаевтың уақы­тында "Сауд Арабиясынан Сайыпназардан ұрпақ бар ма?" деген екі рет сұраныс та болыпты.

Мұхамеджан араб, парсы, шағатай, түрік, өзбек, түркімен, қырғыз, орыс тілдерін жетік меңгерген. Оның үстіне дін саласының үлкен ғұлама білгірі болғандықтан, Тапал ахун (Нұрмұхамед) өзінің үздік шәкірті ретінде Мұхамеджанға үлкен сенім артып, оны келе­шек ұрпақты ислам қағидалары негізінде тәр­биелеуге бағыт берген. Демек, Мұхамеджан да, оның ұстазы Тапал ахун да жаңадан орнай бастаған Кеңестік идеологияның түптеп келгенде құрдымға кетіп, исламның әлемдік ілімге айналатынын сезген ауқымы кең ғұла­малар. Дінге тікелей қарсы бағытталған бұл идеологияның тегеуріні қатты болғанмен, Мұхамеджан өзінің ұстаздық қызметін тоқ­татпаған. Ол 1926-1929 жылдары Жаңақорған­дағы Айқожа ишанға салдырған "Ақтас" ме­шітінің бас имамы болып шәкірт тәрбиелеп, дәріс оқыған. Белгілі мемлекет қайраткері Әлихан Бәйменовтің әкесі, ақындар Асқар Тоқмағанбетов пен Қуаныш Баймағанбетов, Төлеген Дәуітбаев, халық жырауы Рахмет Мәзходжаев т.б. тарихи тұлғалар "Ақтас" ме­шітінде Қара молдадан дәріс алған. Кеңестік дәуірдегі қатал цензураға қарамастан қоғам­ның пісіп жарылғалы тұрған шиқанын өзінің уытты шыншыл күлкісімен сипалап, туған халқына әлемдік деңгейде жазылған пьесалары арқылы жеткізген Халық жазушысы Қалтай Мұхамеджанов осы жерде 1928 жылдың 24 желтоқсанында дүниеге келген.

Қалтай ағаның жеріне жеткізіп, жетесіне құя айтатын қалжыңдары сөз жоқ әкесі Мұхамеджаннан берілген. Себебі Мұхамед­жан да реті келгенде шындыққа негізделген әзілдерді суырып сала береді екен. Бірде Қара молда інісі Ахметжан Нүрекеевті ертіп наға­шылары - Қожжан қожалардың ауылына барады. Шөлдеп келе жатып бір үйге түссе, босағаның оң жағындағы шыптадан терісін шала сыпырған серкеге көздері түседі. Үй иесін сұрағанда әйелі: "Далаға шығып кетіп еді",- деп жауап береді. Мұхамеджан жүк аяқтың астына тығылғанмен, өкшесі көрініп жатқан Миянды (жақын нағашысы) байқайды. Оның қылығына ренжіген атамыз інісімен Әбдіхайым Махсұмның үйіне түсіп, көрген-білгендерін айтады. Жақын інісі Миянның қылығына намыстанған Әбдіхайым Махсұм Қара молдадан өлең жазуын сұрайды. Сол бір қызғылықты оқиғаға құрылған өлеңнен бізге Ахметжан аға арқылы жеткені:

Серке жатыр шыпта ішінде сойылып,

Миян жатыр өлмей жерге қойылып.

Еңбекпенен етпеттеген ерімнің,

Жамбасынан жер кетсейші ойылып...

1932 жылғы аштық Мұхамеджанның да отбасына ауыз салды. Ел біткеннің біразы "арам адалды талғамай (ит, есек, мысық т.б.) жей бас­­тады" деген әңгіме жиілей бастады. Сірә сол әңгімелердің ішінде шындыққа жана­сатындары да болса керек. Себебі халықтың жағдайы ауырлап кетеді. Ислам дінінің шарт­тарын берік ұстаған Қара молда үлкен ұлы Әбибулла мен Қалиолланы (Қалтай) екі қабат әйелі Шарипаны алып көп босқындармен 1933 жылы Қырғыз еліне асады. Негізгі мақсаты - пер­­зенттеріне әйтеуір арам ас жегізбей, тән­дерінің тазалығын сақтау. Бұларға бала-ша­ғаларымен нағашылары Бердіқожа, Әлиасқар, Нағымет, Ережептер де қосылып, жол азабын тартып, Ош қаласынан біраз жердегі "Дәргө­мір" деген жерге жаяу-жалпы тау асып зорға жетеді.

Мұхамеджан - діндар, Әлиасқар - темірден түйін түйетін ұста, Бердіқожа - бағбан, үшеуі­не бір қышлақтан жұмыс табылады. Көп ұза­май мешіттің имамы Қара молданың дінге өте сауатты екенін біліп, оны ұдайы қасына отыр­ғызып ақылдасып, кейбір мәселелерде көпші­лік түсіне бермейтін парсы, араб тілдерінде сөйлесетін болады. Содан бастап біздің жағ­дайымыз жөнделіп, бұзауханадан әктелген үйге көштік. Тамағымыз тойып, күнде "көш қазақ" деп діңкілдейтін Райстың да ауызы жабылды. Кейін білдік жасы келген қырғыз имам біздің әкемізді орнына тағайындағысы келіпті. Бірақ елде егін бітік болыпты, халық тойына бастапты деген хабарды естіген, әрі жал­ғыз інісі Бекболатты сағынған Шәрипа ана­мыз әкемізді елге оралуға көндіріп, 1934 жы­лы тума туыстарымыз бен нағашы жұртымыз ұйлыққан "Лақа көл" деген жерге көшіп келдік. Олжамыз Қырғызбек (Ибрагим) атты інілі болдық,- деп еске алады Әбибулла аға.

Көзін көргендердің және оның жұбайы Шәрипа анамыз бен Әбибулла ағаның ай­туынша, Мұхамеджан астрономия, астрология, хиромантия (адамның сезімдерінің ми клетка­ларындағы орны), психология, медицина, философия, ләдин (болжау, көріпкелдік), фи­ло­софия сияқты ғылымдардан хабардар болған. Бердіқожаның әйелі Рахияны марту басып, соны оқып жазғанын, шаппасын жо­ғалтқанда кесеге су құйып, соны оқығанда Бақсайыс Омардың баласы Тәженнің шаппаны қолына ұстап тұрғанын көргенін айтады. Шәрипа анамыздың айтуынша, Қара молда айдың тууы, азаюы, көбеюіне қарап, жұлдыз­дардың орнына қарап болжап отыратын болған. Бірақ Қара молда көріпкелдік қасиеттерін кәсіп етпеген. Оны тек қажетті жерінде ғана біреуге зиян жасамай, көмек келтіру үшін ғана пайдаланған. Қазіргі ғылым мақұлдап жатқан қосалқы ғалам (параллерный мир) мистика, магнетизм, гипноз, спиритизм, иоги, көрмесе нанбайтын ғажайыптар, жын, пері, албасты, "ментальное тело, эфирное тело", түс көру т.б. қа­сиеттерден де мағлұматы мол кісі болған.

Жоғарыда аталған Қара молданың хабардар болған, меңгерген ғылым салаларының ішінде ең басымы - дін (теология) мен Күдері баба­сынан берілген табиғи дарыны - ақындық. Енді Мұхамеджан атамыздың осы екі қасиетіне тоқталсақ.

Басалқаев Сейтен ағамыздың айтуынша туған жездесі Нұржанның Әбділдәсі (Нұре­кеев Ахметжан ағаның зайыбы Рабиға жең­гейдің әкесі) Қызылорда Қазақстанның астана­сы болған кезде сауда жағын басқарған, сан түрлі музыкалық аспаптарда ойнайтын, қазақ, өзбек, татар, орыс тілдерінде ән салатын, өнер мен әдебиетті сыйлайтын азамат болған. Сон­дықтан ол кісінің үйіне қазақ зиялылары С.Сейфуллин, Б.Майлин, А.Жұбанов, І.Жансүгіров, М.Жұмабаев, М.Әуезов, С.Бедебеков, Ә.Сапарбеков т.б. жиналып, ән тыңдап, қазақ өнері жайлы сыр шертіп, пікір алысатын болған. Сонымен бірге ишан, қожа-молдаларды кешкілік жинап, таң қылаң бер­генше шариғат саласындағы мәселелерді, ис­лам дінінің тарихын, оның кейбір шарттарын орындау мүмкіндіктерін ортаға салғанда бәрі­нен бұрын суырылып шығатын Қара молда болған. Дінге байланысты қандай әдебиеттер болмасын оның атын, беттерін, қай баспадан қай тілде жарық көргенін дәл, ғылыми негіз­дермен дәлелдеп айтатын да сол кісі болған. Сол үшін де Әбділда Қара молдамен достық қатынас орнатқан.

Мен Қара молда әкеміздің дәрісін тыңдаған Қожжан қожа аталығынан шыққан молда Сейтсұлтан ағамен бір түн сөйлестім. Ол кісі Қарнақта медреседе (Түркістан) оқып жүрген кезінде дәріс беруге Қара молда әкеміз келге­нін, әдетте жергілікті молдалар менсінбей дәріс­ханадан шығып кеткенін, ол кісі оқи бас­тағанда сырттан тыңдап, олардың қайта дә­рісха­наға кіргендерін бала болса да байқап оты­рыпты. Орта бойлы, қара торы бетінде сәл шешек дағы бар, жұпынылау киінген Қара молданың тереңдігіне барлығы да тәнті бо­лыпты. Астына кішкентай көрпеше төсеп отырып, жай ырғақпен дәріс бастаған Қара молданың оқыған сайын дауысы ашыла түседі екен. Араб тіліндегі жүргізген дәрісін зама­тында тәржімалап отырды,- дейді Сейтсұлтан аға. Кетерінде қолын алып сәлем бергенімде майдайымнан сипап: "жақсы оқы", - деп бата­сын берді. Мұхамеджан атаның маңдайымнан сипаған "алақанының жылы табын осы күнге дейін сезініп жүргендеймін" деп көзінен жас алған-ды Сейітсұлтан аға. Иә, Мұхамеджан атамыздың діни сауаттылығына, құранның қағидаларын мүлтіксіз ұстағандығына, ұрпақ­тарын да солай тәрбиелегендігіне ешкім де дау айта алмайды.

Енді Мұхамеджанның Күдері бабасының жолын ұстаған ақындығына ауысайық. Осы жерде сол кездегі сұрқия саясаттың ызғарын жақ­сы сезінген Қара молда шын ақындық та­лан­­тын жария етпегендігін, кейінгі ұрпақ­тарына залалы тиіп кетер деген сақтықта бол­ған­ды­ғын айта кеткен жөн. Ал, нағыз шы­найы дін жолындағы тұлғаны ешқандай саясаттың cағын сындыра алмайтындығын да дәлелдеген - Қара молда. Менің әкем Құдай­бер­геннен Қара молда 5-6 жас үлкен. Қазан төңкерісінен кейін Кеңестік заманды кедей­лердің заманы деп қабылдаған әкеміз ағасы Қара молданың оған қарсы болғанын сезген. "Түнделетіп Мұхамед­жан ағаға талай бардым. Кеңес үкі­ме­тіне көзқарасын өзгертуін өтін­дім. Соңғы барғанымда, "кедейліктің тауқы­метін татқан­дықтан алданып отырсыңдар. Осы үкімет қирамаса, мұрнымды кесіп беремін, екінші келме" - деп ұрсып жіберді" дейтін көкем.

Иә, не деген көрегенділік! Мұстафа Шоқай, Мұхамеджан - Қара молда сияқты тұлғалар өздері өмір сүрген уақыттан 70 жылдан кейін Кеңестік дәуірдің өзінен-өзі құрдымға кететінін дәл болжап тұрған жоқ па?

Сыр сүлейлері Тұрмағанбет, Дүр Оңғар, Кете Жүсіп, Қаңлы Жүсіп, Керейт Даңмұрын, Қарасақал Ерімбет, Сүлеймен ишан, Әмит ишан, Ошақты Бедебектің Серікбайы, Нақып жырау, Рахмет жырау, Нышан қобызшы, Досжан күйші т.б. Мұхамеджанмен тығыз шығармашылық байланыста, достық қарым-қатынаста болғанын тарихи деректер дәлел­дейді. Олар Қара молданы қатты құрметтеген, ақыл-кеңес алып тұрған. Кете Жүсіп Сыр өңірінің дүлдүлдерін бағалай келіп, Мұхамед­жан туралы былай деген:

Мұхамеджан шын әулет,

Тақыссыз таза ақ айдын,

Өлеңді жазған мін көріп,

Әруаққа кеткен сыйынып.

Әлінде білмей көбісі,

Жел сөзбен баһас ойлаған,

Алмасқа шапқан адамдай,

Қалар ед белден қиылып. (Сыр сүлейлері. Қызылорда, 2003ж., 216 б). 

Марқұм Күндебай Алдоңғаров бұл шумақ­қа келгенде Мұхамеджанның атын атамай жырлаған. Кейін Қалтай ағамыз Қызылордаға келгенде Әбибулла ағаның үйінде Күндебай таң атқанша жырлап, халық алдына шыққанда "Сіздердің әкелеріңіздің атын қосуға қорқып, пендешілікке барғаныма кешірім сұраймын" - деп егілгені есімізде,- дейді Әбибулла аға.

 

Қазыбай Құдайбергенов,

ҚМУ-нің профессоры.

Күнімжан Құдайбергенова,

"Қорқыттану және өлке тарихы" ғылыми-зерттеу

институтының ғылыми қызметкері

 

Жалғасы бар.

Пікір қалдыру


Қорғаныс саны
Жаңарту

Іздеу

Сауалнама

Бүгінде журналистерге қай сала мамандарынан ақпарат алу қиын?

Медицина - 57.1%
Прокуратура - 0%
Сот - 0%
Департаменттер - 14.3%
Облыстық басқармалар - 28.6%

Дауыс саны: 7
The voting for this poll has ended on: 29 Шіл 2017 - 00:00

Жоба туралы

Сыр өңірінің тумасы, қайсар қаламгер, ақын Зейнолла Шүкіровтің рухына арналған «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты облыстық жас ақындар мүшәйрасы өтті.

 «Руханиятты жаңғырту» қоғамдық қоры мен республикалық әдеби-мәдени, тарихи-танымдық «Әлімсақ» журналы Зейнолла Шүкіровтің рухына арнап биыл төртінші рет дәстүрлі «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты талантты жас ақындар мүшәйрасын ұйымдастырды. Биылғы жылдың жеңімпазы - М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжінің студенті Нәбира Ешниязова.

 

 

Редакцияға хат

Email:
Тақырып:
Текст:

Әлеуметтік желілер

Күнтізбе

<< < Сәуір 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
          1 2
3 4 5 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30

As we continue our list of fantasy football”s top 101 PPR players of 2017 we have three players who have recently finished in the top-15 at their positions.

In fantasy football there will always be players who have an unexpected drop or rise from one year to the next. One player on today’s list was a top-six wide receiver in 2015. The next year,Vince Wilfork Jersey he wasn’t even a top-20 wide receiver.

The same can be said about a running back on today’s list who was a top-five running back in 2015. Last year, he wasn’t even a top-18 running back. Who are these players and what should we expect from them in 2017?

To be clear,J.J. Watt Jersey the top 101 PPR players are for re-draft leagues only. Here’s a look at players ranked No. 38-36:

Last season Patriots wide receiver Julian Edelman finished fourth in the NFL in receptions with 98. He also set a career-high in receiving yards with 1,106. In the end,Brian Cushing Jersey Edelman finished 2016 as the 15th PPR wide receiver. Unfortunately for Edelman, I see a regression coming his way in 2017.

The 2016 season was only the second time in Edelman’s eight-year career he played in all 16 games in a season. The other time came back in 2013. Going into 2017, the odds are against the 31-year old receiver to play in all 16 games in back-to-back years for the first time in his career. Even if he somehow manages to stay healthy for all 16 games, he’s sure to lose targets and receptions.

Last year Patriots star tight end Rob Gronkowski had a career-low 25 receptions. Gronk was never 100 percent during the 2016 season and only appeared in eight games. Going into 2017,DeAndre Hopkins Jersey he will be back to full strength. Also, the Patriots traded their 2017 first-round pick for Saints wide receiver Brandin Cooks. The former Oregon State Beaver will be the team’s new No.1 wide receiver.

Журнал туралы

«Әлімсақ» журналы – рухани серігіңіз

 Қазақтың ғасырлар қойнауынан тамыр тартқан, әлімсақтан келе жатқан хатқа түскен тарихының, ұлттық болмыс-бітіммен астасқан әдебиеті мен мәдениетінің, тілі мен дінінің, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрінің бірден-бір насихатшысы, Сыр бойының тарихында алғаш рет әдеби-мәдени, тарихи-танымдық бағытта жарық көрген «Әлімсақ» журналының оқырманына жол тартқанына алты жылға жуық уақыт болып қалды. 2009 жылдың сәуір айынан бастап алғашқы нөмірі жарыққа шыққалы бері қазақ әдебиеті мен тарихына қатысты мақалаларды ортаға салып, Сыр өңірінің мәдениеті мен өнерін насихаттап, облысымыздың бүгінгі мәдени, әлеуметтік дамуындағы өзгерістерді ақпараттандыруда журналдың қосып келе жатқан үлесі салмақты.