Арда туған азаматқа дем беріп,арғымақ келді жаңа жылды өңгеріп

Арда туған азаматқа дем беріп,арғымақ келді жаңа жылды өңгеріп

Қазақ халқы ежелден төрт түлік малды бағып, жазда жайлауға, қыста қыстауға көшіп жүрген керемет...

Ұлттық тәрбиенің мәні – ұлттық ойындар

Ұлттық тәрбиенің мәні – ұлттық ойындар

  Ойнамайтын бала жоқ. Сухомлинскийдің сөзімен дәлелдейтін болсақ, "Ойынсыз ақыл-ойдың қалыпты...

АҚШ -тағы КЕН АЛИБЕК ЕЛГЕ ҚАЙТА ОРАЛДЫ

Кезінде АҚШ-қа кетіп қалған көрнекті микробиолог ғалым, полковник Кен Алибек туралы (азан шақырып...

 АБАЙША СҮЙІП, АБАЙША КҮЙІП ЖҮРМІЗ БЕ?

АБАЙША СҮЙІП, АБАЙША КҮЙІП ЖҮРМІЗ БЕ?

Атады таң, батады күн, толады ай.  Ауысады күнде саба, толағай.  Бірі барда бірі болмай,...

 Қамбаш көлі туризм аймағына айнала ала ма?

Қамбаш көлі туризм аймағына айнала ала ма?

 Сыр бойы – туризм саласынан кенде емес аймақтардың бірі. Айтатыны жоқ, Қазақстан өзінің...

  • Арда туған азаматқа дем беріп,арғымақ келді жаңа жылды өңгеріп

    Арда туған азаматқа дем беріп,арғымақ келді жаңа жылды өңгеріп

  • Ұлттық тәрбиенің мәні – ұлттық ойындар

    Ұлттық тәрбиенің мәні – ұлттық ойындар

  • АҚШ -тағы КЕН АЛИБЕК ЕЛГЕ ҚАЙТА ОРАЛДЫ

  •  АБАЙША СҮЙІП, АБАЙША КҮЙІП ЖҮРМІЗ БЕ?

    АБАЙША СҮЙІП, АБАЙША КҮЙІП ЖҮРМІЗ БЕ?

  •  Қамбаш көлі туризм аймағына айнала ала ма?

    Қамбаш көлі туризм аймағына айнала ала ма?

Бас редактор бағаны

"Әлімсақ" журналының бас редакторы, филология ғылымдарының кандидаты

Нұрлан Көбегенұлы Нұрмаханов

 Бас кеспек болса да...

Журналға тіркелу

Валют бағамы

Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан

Мұрағат

Серіктестер

Latest News

Тарихи орынды болашаққа аманаттауымыз керек

 

 

 

Қазақ халқының ұлт-азаттық көтерілісі батыр­ларының бірі, елінің азаттығын аңсап, сол жолда аянбай күрескен, жасы сексеннен асқанша аттан түспеген қазақ батыры Жанқожа Нұрмұхаммед­ұлының ерлігі еш ұмытылмақ емес. Батыр жайында жазылған тарихи жырлар мен дастандар, ол туралы ел аузында аңызға айналған әңгімелер - сөзіміздің дәлелі. Батырдың көтерілістері туралы тарихи деректер мен жазбалар да жетерлік. Солардың басында И.В.Аничковтың "Қазақ батыры Жанқожа Нұрмұхаммедұлы" атты тарихи очеркі тұр. Әуелі Сыр бойында 1856-1857 жылдары бұрқ ете қалған Жанқожа батыр бастаған көтеріліс жайында деректер жинап, кейін очерк 1894 жылдың ақпан айының 18-і күні Қазан қаласынан жарық көреді.

 

Сол тарихи жазбада: "1857 жылы қаңтар айының 9-10 күндері Арықбалықта болған ұрыста батырдың қолының саны үш мыңнан астам еді. Шайқас кезінде ақ туды Жанқожа батырдың өзі көтеріп тұрды",- деген дерек келтіреді. Қарап отырсақ, осы тарихи күнге биыл тура 160 жыл толды.

Белгілі журналист, қаламгер Жұмабек Табын­баев осы ойды қозғап, редакциямызға хат жолдапты. Жанқожатанушы ретінде менен пікірімді сұрады. Ойыма осыдан 10 жыл бұрын мен де осы мәселені көтеріп, Жанқожа батыр бастаған ұлт-азаттық көтеріліске - 150 жыл екенін жергілікті биліктің құлағына салып, сол жылы Қызылордада облыстық ғылыми-танымдық конференцияның өтуіне мұрындық болған едім. Конференцияның пленарлық отырысына өзімше "Халық батыр Жанқожа" атты кітапша шығарып апарып, баяндама жасағанмын.

Арада он жыл өтті. Ендігі мәселенің басы ашық: көтеріліс болған тарихи орынды болашақ ұрпақтың жадында қалдыру мақсатында белгі қалдыру. Біздің ұсынысымыз осы. Жан-жақтан өзге елдер жерімізге қызыға да қызғана көз тастап тұр­ған ­шақта тарихи орындарға белгі соғып қою сол жерді болашаққа аманаттау арқылы тәуелсіздігімізді баянды ету үшін керек. Жер-су атауларының мәні өте үлкен. Атаулар арқылы шекара шегенделеді, көзінің алдында жазылып тұрған әруағыңның үстінен ешкім аттап өте алмайды!

Бұл - менің пікірім. Белгілі ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Толыбай Абылаев та ұсынысымызды қолдап пікір білдірді.

- "Ер қадірін ел біледі" деген. Жанқожа - халық батыры, сондықтан халқы батырын қадір тұтып, жөнді ұсыныс айтып жатса, қолдауымыз керек. Жанқожаның ескерткішін, батырдың тарихтағы орнын бейнелейтін қайсыбір архитектуралық туындысын қай жерге қойса да, артық етпейді. Батырдың ерлігін, қасиетін кейінгі ұрпақты тәр­биелеу үшін пайдалануымыз қажет. Жергілікті билік өкілдері бұл істі тездетіп қолға алу керек,- деді ол.

Ал, тарихшылар не дейді?

- Біз тарихымызды әлі түгендеп жатқан ха­лықпыз. Қазақ тарихында ірілі-ұсақты шайқастар көп болған. Солардың орнын белгілеп, тақта орнатып, белгі қойып отыру - кейінгі ұрпақтың парызы. Жанқожа батырдың тарихта болған көтерілісінің орнын анықтап, ескерткіш қойылса, тәрбиелік мәні бар тарихтың тағылымы болып табылады. Арық­балық шайқасы құжаттарда да, ауызша деректерде де кездеседі және оның ұрпақтары да бар. Сондық­тан бұндай бастамаларды қолдау керек,- дейді тарих ғылымдарының докторы Дастан Сәтбай.

Рас, тарихи деректер Арықбалықта болған шайқасты жоққа шығармайды. Алайда осы сәтті тарихи жыр ретінде жазған Мұсабай жырау көтерілісті Арықбалықта емес, Қазалыда болғандай көрсетеді. Сонда қалай болғаны?

- Бұл тұсты Мұсабай жырау Жанқожа батыр: "Кешегі Қазалыны қамағанда, мылтыққа көк шұнақ ат жығылған соң, солдаттың жаяу қалды арасында",- деп жырлаған. Жыраудың Арықбалық маңында өткен айқасты "Қазалыда болды" деп,.. жырлайтыны болмаса, бұл эпизодта шындықтан ауытқу жоқ деп есептеуге болады. Ал, жырау неге оларды өзгертіп жырлады деген мәселеге келсек, оны Мұсабайдың авторлық позициясынан іздеген жөн. Өйткені, ол осы фактілерді білмегендіктен емес, әдейі өзгертіп алған... Біріншіден, бұл мекендер бір-бірінен пәлендей алыс емес болатын, екіншіден, жырау тыңдаушы­сының айызын қандыру үшін жазалаушы отрядты көтерілісшілер ашық далада емес, бекінісінде тұрған жерде қоршап барып, шабуыл салған етіп көрсеткен,- дейді филология ғылымдарының докторы Жұмат Тілепов.

Ғалым тарихи жырдың көркем дүние екенін меңзеп тұр. Дегенмен жырда кездесетін тарихи деректер, есімдер тарихи шындыққа жанасады.

Сонымен біз автордың мақаласын оқырмандар назарына ұсына отырып, өздеріңізден де ой-пікір күтеміз.

Нұрлан КӨБЕГЕНҰЛЫ

Пікір қалдыру


Қорғаныс саны
Жаңарту

Іздеу

Сауалнама

Бүгінде журналистерге қай сала мамандарынан ақпарат алу қиын?

Медицина - 57.1%
Прокуратура - 0%
Сот - 0%
Департаменттер - 14.3%
Облыстық басқармалар - 28.6%

Дауыс саны: 7
The voting for this poll has ended on: 29 Шіл 2017 - 00:00

Жоба туралы

Сыр өңірінің тумасы, қайсар қаламгер, ақын Зейнолла Шүкіровтің рухына арналған «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты облыстық жас ақындар мүшәйрасы өтті.

 «Руханиятты жаңғырту» қоғамдық қоры мен республикалық әдеби-мәдени, тарихи-танымдық «Әлімсақ» журналы Зейнолла Шүкіровтің рухына арнап биыл төртінші рет дәстүрлі «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты талантты жас ақындар мүшәйрасын ұйымдастырды. Биылғы жылдың жеңімпазы - М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжінің студенті Нәбира Ешниязова.

 

 

Редакцияға хат

Email:
Тақырып:
Текст:

Әлеуметтік желілер

Күнтізбе

<< < Сәуір 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
          1 2
4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30

Кім онлайн?

Қазір 20 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр

As we continue our list of fantasy football”s top 101 PPR players of 2017 we have three players who have recently finished in the top-15 at their positions.

In fantasy football there will always be players who have an unexpected drop or rise from one year to the next. One player on today’s list was a top-six wide receiver in 2015. The next year,Vince Wilfork Jersey he wasn’t even a top-20 wide receiver.

The same can be said about a running back on today’s list who was a top-five running back in 2015. Last year, he wasn’t even a top-18 running back. Who are these players and what should we expect from them in 2017?

To be clear,J.J. Watt Jersey the top 101 PPR players are for re-draft leagues only. Here’s a look at players ranked No. 38-36:

Last season Patriots wide receiver Julian Edelman finished fourth in the NFL in receptions with 98. He also set a career-high in receiving yards with 1,106. In the end,Brian Cushing Jersey Edelman finished 2016 as the 15th PPR wide receiver. Unfortunately for Edelman, I see a regression coming his way in 2017.

The 2016 season was only the second time in Edelman’s eight-year career he played in all 16 games in a season. The other time came back in 2013. Going into 2017, the odds are against the 31-year old receiver to play in all 16 games in back-to-back years for the first time in his career. Even if he somehow manages to stay healthy for all 16 games, he’s sure to lose targets and receptions.

Last year Patriots star tight end Rob Gronkowski had a career-low 25 receptions. Gronk was never 100 percent during the 2016 season and only appeared in eight games. Going into 2017,DeAndre Hopkins Jersey he will be back to full strength. Also, the Patriots traded their 2017 first-round pick for Saints wide receiver Brandin Cooks. The former Oregon State Beaver will be the team’s new No.1 wide receiver.

Журнал туралы

«Әлімсақ» журналы – рухани серігіңіз

 Қазақтың ғасырлар қойнауынан тамыр тартқан, әлімсақтан келе жатқан хатқа түскен тарихының, ұлттық болмыс-бітіммен астасқан әдебиеті мен мәдениетінің, тілі мен дінінің, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрінің бірден-бір насихатшысы, Сыр бойының тарихында алғаш рет әдеби-мәдени, тарихи-танымдық бағытта жарық көрген «Әлімсақ» журналының оқырманына жол тартқанына алты жылға жуық уақыт болып қалды. 2009 жылдың сәуір айынан бастап алғашқы нөмірі жарыққа шыққалы бері қазақ әдебиеті мен тарихына қатысты мақалаларды ортаға салып, Сыр өңірінің мәдениеті мен өнерін насихаттап, облысымыздың бүгінгі мәдени, әлеуметтік дамуындағы өзгерістерді ақпараттандыруда журналдың қосып келе жатқан үлесі салмақты.