Арда туған азаматқа дем беріп,арғымақ келді жаңа жылды өңгеріп

Арда туған азаматқа дем беріп,арғымақ келді жаңа жылды өңгеріп

Қазақ халқы ежелден төрт түлік малды бағып, жазда жайлауға, қыста қыстауға көшіп жүрген керемет...

Ұлттық тәрбиенің мәні – ұлттық ойындар

Ұлттық тәрбиенің мәні – ұлттық ойындар

  Ойнамайтын бала жоқ. Сухомлинскийдің сөзімен дәлелдейтін болсақ, "Ойынсыз ақыл-ойдың қалыпты...

АҚШ -тағы КЕН АЛИБЕК ЕЛГЕ ҚАЙТА ОРАЛДЫ

Кезінде АҚШ-қа кетіп қалған көрнекті микробиолог ғалым, полковник Кен Алибек туралы (азан шақырып...

 АБАЙША СҮЙІП, АБАЙША КҮЙІП ЖҮРМІЗ БЕ?

АБАЙША СҮЙІП, АБАЙША КҮЙІП ЖҮРМІЗ БЕ?

Атады таң, батады күн, толады ай.  Ауысады күнде саба, толағай.  Бірі барда бірі болмай,...

 Қамбаш көлі туризм аймағына айнала ала ма?

Қамбаш көлі туризм аймағына айнала ала ма?

 Сыр бойы – туризм саласынан кенде емес аймақтардың бірі. Айтатыны жоқ, Қазақстан өзінің...

  • Арда туған азаматқа дем беріп,арғымақ келді жаңа жылды өңгеріп

    Арда туған азаматқа дем беріп,арғымақ келді жаңа жылды өңгеріп

  • Ұлттық тәрбиенің мәні – ұлттық ойындар

    Ұлттық тәрбиенің мәні – ұлттық ойындар

  • АҚШ -тағы КЕН АЛИБЕК ЕЛГЕ ҚАЙТА ОРАЛДЫ

  •  АБАЙША СҮЙІП, АБАЙША КҮЙІП ЖҮРМІЗ БЕ?

    АБАЙША СҮЙІП, АБАЙША КҮЙІП ЖҮРМІЗ БЕ?

  •  Қамбаш көлі туризм аймағына айнала ала ма?

    Қамбаш көлі туризм аймағына айнала ала ма?

Бас редактор бағаны

"Әлімсақ" журналының бас редакторы, филология ғылымдарының кандидаты

Нұрлан Көбегенұлы Нұрмаханов

 Бас кеспек болса да...

Журналға тіркелу

Валют бағамы

Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан

Мұрағат

Серіктестер

Latest News

«Арықбалық шайқасы» неге ескерілмеді?

 

Міне, тағы да бір жаңа жылдың алғашқы ап­тасын өткізіп те үлгердік. Диірменнің тасынша шыр айналған ғұмыр керуеннің әрбір сәті кірпік қаққанша тарих шежіресіне айналып жатыр. Күні кеше Тәуел­сіздігіміздің ширек ғасырлық мерекесін күллі ел бо­лып тойладық. Өлгеніміздің тіріліп, өшкеніміздің қайта жанғаны үшін Жаратқанға мың мәрте риза­шылы­ғымызды білдірдік. Ардақтыларымыздың есімін сескенбей еске алып, рухына құран бағыш­таған еркіндігімізге шүкіршілік жасадық. Бұл тұрғыда Қазалы ауданында да көптеген көңілге қоны­мды тір­ліктер жүзеге асқаны баршаға аян. 2014 жылы әулие әрі батыр Жанқожа Нұрмұхамед­ұлының 240 жыл­ды­ғы республикалық деңгейде аталып өтілді. Кент­тен өткен жылы Тәуелсіздік стелласы, Жалаңтөс баһадүр мавзолейі, Асандар көтерілісі құрбандары, Бегім анамызға сәулетті ескерткіштер бой көтеріп, соңы ұлағатты шараға ұласты.

 

Жанқожа батыр ауылы - халқының қорғаны болған, көзінің тірісінде әулие атанған Әз Жәкемнің кіндік қаны тамған жері. Бүгінгі таңда осынау құтты қоныста батыр бабамыздың тікелей ұрпақтары ғұмыр кешуде. Киелі топырақтың әр сүйемі терең сырға толы десек артық айтқандық емес. Соның бірі - Жанқожа батыр бастап, халқы қолдаған көтеріліс кезінде Арықбалықта орын алған қанды шайқас екені талас тудырмайды. Түсінікті болуы үшін сол қысылтаяң кезеңге көз жүгіртсек.

Мақаланы жазу барысында әлеуметтік желіден: "Көтерілістің бас кезінде Жанқожаның 1500-ден аса сарбазы болса, 1857 жылы қаңтарда олардың саны үш мыңнан асты. Көтерілісшілерге қарсы генерал-майор, барон Фитингоф бастаған құрамында 300 атты казак, 320 жаяу әскер, зеңбірегі бар жазалау отряды аттанады. Жазалаушы әскер мен көтеріліс­шілер арасындағы шешуші шайқас 1857 жылғы 9 -10 қаңтарда Арықбалық маңында өтті. Шайқас ке­зінде ақ туды Жанқожа батырдың өзі көтеріп тұрды. Бірақ батырдың нашар қаруланған жасағы от шаш­қан зеңбіректің снарядына және мылтықтың қалың оғына төтеп бере алмады. Жазалаушы отряд көте­ріліс­шілерді ығыстырып, жолда кездескен қазақ ауыл­дарын шауып, тонаушылыққа ұшыратты. Фи­тин­гоф бастаған жазалаушы отряд ақпан-наурыз айларында көтерілісші халыққа қарсы тағы бірнеше рет жорыққа шығып, қазақ ауылдарына адам айтқысыз жауыздықтар жасады" деген деректі кездестірдім. Дәл осыған ұқсас деректі жазушы Молдахмет Қаназ құрастырған "Жанқожа Нұр­мұхам­медұлы" атты зерттеулер мен мақалалардан тұратын кітаптан да жолықтыра аласыз.

Міне, ащы шындық. Шайқастың зардабына үңілсең, жаның түршігеді. Заманауи қарумен жарақ­талған, жауынгерлік айла-тәсілге қанық, тұрақты әскермен соғыста көтерілісшілердің жеңіліс табаты­ны саңлақ сардарға әу бастан мәлім болған да шы­ғар. Алайда, патша шенділерінің қарапайым халыққа көрсеткен шектен асқан зәбір-жапасына асыл текті ұл бей-жай қарай алмады. Құл болып өмір сүрген­нен, азаттықта жүріп өлгенді артық санаған аруақты батыр кек семсерін қынынан суырды. "Жаным - арым­ның садағасы" қағидасын тұтынып, бір Аллаға сыйынып атқа қонды. Өзіңіз ойлап көріңізші? Жанқожа батырдың қасына сол күндері жандарын шүберекке түйген мыңдаған сарбаз жиналыпты. Мұндай қалың қолдың тек бірнеше ру немесе әлде­неше ауылдан ғана құралмасы тағы рас. Бұл батыр бабаның соңына тұтас ел ерді дегенді алғаусыз аң­ғартады. Сол Арықбалық шайқасында талай ананың жалғызы, сандаған шаңырақтың отағасы, арудың сүйіктісі қарша бораған оққа ұшқанын, қылышпен шабылып, найзаға түйрелгенін кім жоққа шығарады? Десе де сол өндірдей өрендер өздерінің ісі әділ екендігіне сенді. Сол сеніммен аранын ашқан ажалға ұрандап қарсы шапты. Қайран боздақтар-ай!

Арықбалық шайқасынан бері тура 160 жыл өтті. Неге екені белгісіз, түнімен елегізіп шықтым. Таң сәріден Жанқожа батыр ауылының азаматтарына қоңырау шалдым. Алдымен елді мекендегі "Сарқұл қожа" мешітінің имамы Мұратбек Бәлкеевке хабар­ластым. Жанқожа баба мен Арықбалық шайқа­сында шейіт кеткен сарбаздарының рухына құран-қатым бағыштауды өтіндім. Құлшына құптады. Мұнан соң ауылдағы №94 мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Айзада Тасыммен тілдескенімде, білім ордасында Арықбалық шайқа­сы құрбандарын еске алу кеші ұйымдастырылып жатқанын естідім. Мұндай қуанбаспын. Еңселі елі, қабырғалы жұрты барда батыр атамның есімі, ерлік ісі өшпейтіндігіне сүйсіндім. Дей тұрғанмен, "Аудан басшылары - елдің, жердің тарихын жақсы білетін Қазалының төл перзенттері. Олардың ұрпақтан-ұрпаққа жеткен осы оқиғаға құлақтары қанық екені даусыз. Ендеше ерлікке толы сол кезең аудан көлемінде неге аталып өтілмеді? Тым құрығанда мектептерде бұл күннің маңызы, елі үшін жанын қиған асыл азаматтардың ерлігі жайлы әңгіме қозғалып, жиын ұйымдастырылғанда артық болмас еді-ау. Әрі бұл үшін ешқандай шығын да кетпесі хақ" деген өкініш көңілімде қылаң ұрды.

Неге ескерілмеді екен?..

Жұмабек Табынбаев,

Қазалы ауданы

10 қаңтар, 2017 жыл

 

Пікір қалдыру


Қорғаныс саны
Жаңарту

Іздеу

Сауалнама

Бүгінде журналистерге қай сала мамандарынан ақпарат алу қиын?

Медицина - 57.1%
Прокуратура - 0%
Сот - 0%
Департаменттер - 14.3%
Облыстық басқармалар - 28.6%

Дауыс саны: 7
The voting for this poll has ended on: 29 Шіл 2017 - 00:00

Жоба туралы

Сыр өңірінің тумасы, қайсар қаламгер, ақын Зейнолла Шүкіровтің рухына арналған «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты облыстық жас ақындар мүшәйрасы өтті.

 «Руханиятты жаңғырту» қоғамдық қоры мен республикалық әдеби-мәдени, тарихи-танымдық «Әлімсақ» журналы Зейнолла Шүкіровтің рухына арнап биыл төртінші рет дәстүрлі «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты талантты жас ақындар мүшәйрасын ұйымдастырды. Биылғы жылдың жеңімпазы - М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжінің студенті Нәбира Ешниязова.

 

 

Редакцияға хат

Email:
Тақырып:
Текст:

Әлеуметтік желілер

Күнтізбе

<< < Сәуір 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
          1 2
4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30

Кім онлайн?

Қазір 34 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр

As we continue our list of fantasy football”s top 101 PPR players of 2017 we have three players who have recently finished in the top-15 at their positions.

In fantasy football there will always be players who have an unexpected drop or rise from one year to the next. One player on today’s list was a top-six wide receiver in 2015. The next year,Vince Wilfork Jersey he wasn’t even a top-20 wide receiver.

The same can be said about a running back on today’s list who was a top-five running back in 2015. Last year, he wasn’t even a top-18 running back. Who are these players and what should we expect from them in 2017?

To be clear,J.J. Watt Jersey the top 101 PPR players are for re-draft leagues only. Here’s a look at players ranked No. 38-36:

Last season Patriots wide receiver Julian Edelman finished fourth in the NFL in receptions with 98. He also set a career-high in receiving yards with 1,106. In the end,Brian Cushing Jersey Edelman finished 2016 as the 15th PPR wide receiver. Unfortunately for Edelman, I see a regression coming his way in 2017.

The 2016 season was only the second time in Edelman’s eight-year career he played in all 16 games in a season. The other time came back in 2013. Going into 2017, the odds are against the 31-year old receiver to play in all 16 games in back-to-back years for the first time in his career. Even if he somehow manages to stay healthy for all 16 games, he’s sure to lose targets and receptions.

Last year Patriots star tight end Rob Gronkowski had a career-low 25 receptions. Gronk was never 100 percent during the 2016 season and only appeared in eight games. Going into 2017,DeAndre Hopkins Jersey he will be back to full strength. Also, the Patriots traded their 2017 first-round pick for Saints wide receiver Brandin Cooks. The former Oregon State Beaver will be the team’s new No.1 wide receiver.

Журнал туралы

«Әлімсақ» журналы – рухани серігіңіз

 Қазақтың ғасырлар қойнауынан тамыр тартқан, әлімсақтан келе жатқан хатқа түскен тарихының, ұлттық болмыс-бітіммен астасқан әдебиеті мен мәдениетінің, тілі мен дінінің, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрінің бірден-бір насихатшысы, Сыр бойының тарихында алғаш рет әдеби-мәдени, тарихи-танымдық бағытта жарық көрген «Әлімсақ» журналының оқырманына жол тартқанына алты жылға жуық уақыт болып қалды. 2009 жылдың сәуір айынан бастап алғашқы нөмірі жарыққа шыққалы бері қазақ әдебиеті мен тарихына қатысты мақалаларды ортаға салып, Сыр өңірінің мәдениеті мен өнерін насихаттап, облысымыздың бүгінгі мәдени, әлеуметтік дамуындағы өзгерістерді ақпараттандыруда журналдың қосып келе жатқан үлесі салмақты.