Арда туған азаматқа дем беріп,арғымақ келді жаңа жылды өңгеріп

Арда туған азаматқа дем беріп,арғымақ келді жаңа жылды өңгеріп

Қазақ халқы ежелден төрт түлік малды бағып, жазда жайлауға, қыста қыстауға көшіп жүрген керемет...

Ұлттық тәрбиенің мәні – ұлттық ойындар

Ұлттық тәрбиенің мәні – ұлттық ойындар

  Ойнамайтын бала жоқ. Сухомлинскийдің сөзімен дәлелдейтін болсақ, "Ойынсыз ақыл-ойдың қалыпты...

АҚШ -тағы КЕН АЛИБЕК ЕЛГЕ ҚАЙТА ОРАЛДЫ

Кезінде АҚШ-қа кетіп қалған көрнекті микробиолог ғалым, полковник Кен Алибек туралы (азан шақырып...

 АБАЙША СҮЙІП, АБАЙША КҮЙІП ЖҮРМІЗ БЕ?

АБАЙША СҮЙІП, АБАЙША КҮЙІП ЖҮРМІЗ БЕ?

Атады таң, батады күн, толады ай.  Ауысады күнде саба, толағай.  Бірі барда бірі болмай,...

 Қамбаш көлі туризм аймағына айнала ала ма?

Қамбаш көлі туризм аймағына айнала ала ма?

 Сыр бойы – туризм саласынан кенде емес аймақтардың бірі. Айтатыны жоқ, Қазақстан өзінің...

  • Арда туған азаматқа дем беріп,арғымақ келді жаңа жылды өңгеріп

    Арда туған азаматқа дем беріп,арғымақ келді жаңа жылды өңгеріп

  • Ұлттық тәрбиенің мәні – ұлттық ойындар

    Ұлттық тәрбиенің мәні – ұлттық ойындар

  • АҚШ -тағы КЕН АЛИБЕК ЕЛГЕ ҚАЙТА ОРАЛДЫ

  •  АБАЙША СҮЙІП, АБАЙША КҮЙІП ЖҮРМІЗ БЕ?

    АБАЙША СҮЙІП, АБАЙША КҮЙІП ЖҮРМІЗ БЕ?

  •  Қамбаш көлі туризм аймағына айнала ала ма?

    Қамбаш көлі туризм аймағына айнала ала ма?

Бас редактор бағаны

"Әлімсақ" журналының бас редакторы, филология ғылымдарының кандидаты

Нұрлан Көбегенұлы Нұрмаханов

 Бас кеспек болса да...

Журналға тіркелу

Валют бағамы

Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан

Мұрағат

Серіктестер

Latest News

«БІЗГЕ ЖҰМҒАН АУЫЗДАРЫҢДЫ АШПАҢДАР ДЕП ТАПСЫРДЫ»

 

Гүлнар Ысқақова, желтоқсаншы.

 

 

Өткен тарихтың бетінде өшпестей орын алған 1986 жылдың желтоқсаны кешегі жастың өміріне балта шабылса, ел­дің бүгіні үшін олар ұмытылмас ерлік жаса­ды. Ұрандатып алаңға бет алып, бейбіт ше­руге шыққан жастар мен жұмысшылар ол күннің тарихта қанды жыл болып қалаты­нын білмеді. Сол жылы әр елге өз басшы­сы­­ның тағайындалуын талап еткен жас­тар­дың қатарында 22 жастағы арманы асқақ ару Гүлнар Ысқақова да бар болатын. Бейбіт шеруге шыққан кезінде, оқиғадан кейінгі өмірін көз алдына елестетіп көрмеген ол қазір барлығын толғаныспен еске алады. Қаралы кезеңге отыз жыл толу қарсаңында көтерілісті көзімен көріп, алаңдағы аласапыранды бастан өткерген желтоқсаншы Гүлнар Сейдуллақызын әңгімеге тарттық.

 

- Гүлнар апай, Желтоқсан оқиғасын көз­бен көрмесе де, қоғамда сол туралы сан түрлі пі­кірлер қалыптастырып жүрген адамдар бар. Ал, сіздің жүрегіңізде бұл оқиға қалай сақталды? Көзіңіз көрген шындықты айтып берсеңіз.

- 1986 жылы мен халық шаруашылығы инс­ти­­тутының соңғы курсында оқитынмын. Ма­ман иесі атануымызға сәл уақыт қалған бізді сол жылы Мәскеуге өндірістік практикаға жіберді. Бірде құрбыммен кинотеатрға бардық. Ол кезде театр­да міндетті түрді тележурнал көрсететін еді. Бар­лы­ғымыз қарап отырмыз, тележурналда "амери­ка­лық­тар өздерінің елінде әлі күнге жа­байы адам­дар тұрады" деп, қара нәсілділерді көр­сетті. Артынша Ресей "біздің елімізде де әлі күнге дейін осындай жабайы адамдар тұрады" деп, қазақ халқын айтты. Көруге барған киномыздың қызы­ғы қалмай, құрбым екеуміз қатты намыс­танып тұрып кетіп қалдық. Ызаланып шыққан біздер қайтар жолда азық-түлік алмақшы болып мем­лекеттік әмбебап дүкенге кірдік. Елден жы­рақта жүрген соң өзіңе жақын нәрсені іздеп тұра­сың ғой. Содан "қызылордалық ет" деген жазуға көзім түсті, бағасы 150 сом екен. Ал, бұл өз жерімізде 350 сомға сатылатынын жақсы білемін. "Сонда біздің мемлекетке бұдан қандай пайда түсіп тұр?" деген ой маған маза бермеді. Еліме жаным ашы­ды, бір-ақ сәтте өмірге деген көз­қарасым өзгеріп шыға келді. Содан кейін еш кідірместен елге қай­тып кеттім, практикамды Қызыл­ордада бітірдім. Мен сырттай оқитынмын, сол жылы ем­тихан­ның уақытында Алматыға қайта бардым. Қалаға келсем, көпшіліктің ара­сын­да "Дінмұхам­мед Қонаев кетеді екен, орнына қазаққа белгісіз, біздің елге әлі келіп көрмеген бір орыс отырады екен" деген сыбыс тарап жатты. Институтқа кел­ге­німде "Цена и ценообразования в СССР" пәні­нен сабақ беретін оқытушым Маргарита Елиза­рова мені көріп, таңданыспен қарап: "Сен не істеп жүрсің бұл жерде?" деді. Мен қорытынды бақы­лауымды тапсыруға келгенімді айттым, ол жүзіме бір қарады да кетіп қалды. Содан жатақханаға келсем, студенттердің ара­сын­да бірінші хатшы­ның орнынан кететіні қызу талқыланып жатыр екен. 16 желтоқсанда кешке Орталық пленумның шешімімен Дінмұхаммед Қонаевты орнынан алып тастады да, орнына Колбинді тағайын­дады.

 

- Жастар бір күннің ішінде бір уақытта алаңға қалай жиналды? Көтеріліске шығу туралы хабар сіздерге қалай жетті? Оның жоспары алдын ала құрылды ма?

- Меніңше, бұл шешімге бірде бір студент, жү­регі елім деп соққан бірде бір қазақ риза болған жоқ деп ойлаймын. Барлығымыздың ойымызда "Не­ге басқа жақтан келген адам біздің елімізді бас­қаруы тиіс? Елімізді билейтін бір қазақ табыл­май қалды ма? Неге қазақты біреулер билеп-төстеуі керек? Өз жерінде отырып, қазақ неге өз­геге жал­тақ­тайды?" деген ой болды. Мұндай әңгіме тек бір ғана оқу орнында ғана емес, барлық жерлерде жүріп жатты. Сонымен біздің оқу орнының сту­денттері жиналып осыған наразы­лық білдірейік деп ойладық. Жиылғандардың арасында мен машинкада теруді білетінмін. Оны бала кезімде әкемнің бөлесі Зейнолла Шүкіров көкеміздің ма­шинкасына қарап теруге құмартып, үйреніп кеткенмін. Жанымдағы студенттер жазу­ды маған тапсырды. "Ешқандай ұлтқа артық­шылық беріл­месін", "Советтік Қазақстан жаса­сын", "Әр елдің өз басшысы тағайындалсын", "Елдің, жердің өсуі­не жаны ашитын азамат болса ойлансын" деген текстпен кішкене парақшалар жазып шықтық.

- Мәтінді кімнің нұсқауымен және қайда ба­сып шығардыңыздар? Жаныңызда кімдер болды, кімдер қолдау білдірді?

- Бірде лекцияға Олжас Сүлейменов келген болатын. Лекция барысында ол әр елге халықтың салт-дәстүрін, мәдениетін, жанын, тілін түсі­нетін, еліне жаны ашитын өзінің ұлтынан басшы тағайындалуы керектігін айтатын. Осы сөздер­ден кейін менің бойымда еліме деген ерекше ма­хаббатым оянды. Оның үстіне Мәскеуге барып, ол жақтан көңілім қалып, қайтып келгенім бар. Сонымен қағаздарды басуға мен келісе кеттім. Менің жанымда тағы қағаз баса алатын орыс әйел болды. Бірақ ол бірден қағаз баспай­тынын айтып, бас тартты. Сонымен не керек, қағаздар­ды нота­риуске барып басып шықтым. Ол кезде қа­зір­гідей қатесін жөндеп барып шығара алмай­сың, бір басқан қағазымнан қате кетіп қалса, қайтадан басынан бастап теріп шығамын. Барлық алматы­лықтарға қағазды жалғыз мен басып тарат­қаным жоқ, тек өз оқу орнымыздың сту­дент­­теріне дайын­дадым. Мен желтоқсан оқиға­сында жастардың алаңға шығуына жоғарыдан нұсқау берілді деп ойламаймын. Ол күні әрбір жан өз ойымен, бойындағы намысымен және жастық жігерімен бейбіт шеруге шықты.

- Жастық жалынның осы кезеңін сіз әлі ұмыта қоймаған шығарсыз...

- Иә, әлі күнге дейін кинолента секілді көз ал­дымда. Қонаевты орнынан алып тастаған күннің ертеңіне 17 желтоқсан күні таңертең барлығы­мыз "Брежнев алаңына" бардық. Біздің оқу орны­ның студенттерінен бөлек басқа да сту­денттер, жастар, фабрика, зауыттардан жұмыс­шылар жина­ла бастады, олардың да қолдарында ұран­дары бар. Біздің ойымызда тек наразылы­ғымыз­ды жеткізу ғана болды. Шеруге шыққандар ба­рын­ша айқайлап, "Қонаев қайда, ортаға шық­сын!" деп айтып жатты. Алаңдағы жастар қазіргі әнұранымызға айналған "Менің Қазақстаным" әнін бірге шырқадық, бірақ біздің бейбіт наразы­лы­ғымызға құлақ асқан жан болмады. Бізге "Тараң­дар, сендердің сөздеріңді ешкім тыңдайын деп тұрған жоқ" деп ескертті. Бірақ алаңда халық саны көбейіп, кері шегінуге жол болмады, бір адамның шығып жөн айтқандарын күттік. Мұ­нан кейін арамыздан адамдар сайлап ішке жі­бердік. Оларды кіргізгенімен, сыртқа қайта шық­қан жоқ. Біраз уақыттан соң алаңға авто­бустар, машиналар келіп жатты. Милициялар келіп, алаң аяқ астынан апыр-топыр болып кетті. Не болып жатқанын түсінбей қалдық. Жиналғандарды ше­ті­нен ұрып-соғып, үстімізге су шашып, қыздар­дың шашынан сүйреп, іште­рінен теуіп алаңнан қу­далап жатты. Дала суық, үстіміз су, соққы­лар­дан жарақат алдық, бірақ оны ойлап тұрма­дық, ешнәрсе түсіне алмастан қашып құтылуға тыры­сып, жатақханаға келдік. Бірақ бізді кіргізбей қойды. Себебі "жоғарыдан сырттан адам кіргізіл­месін, іштен сыртқа ешкім шықпасын" деген бұй­рық беріліп қойған екен. "Кетіңдер, бұза­қылар" деп бізді қуып шықты. Жанымда құрбым екеуміз итпен қуған солдаттардан қа­шып, №6 шағын аудандағы №6 көпқабатты үйге кіріп кеттік. Жоғарыға көтеріліп, бір үйдің есі­гін қақ­тық, есікті қазақ ашқанымен бізді кіргізген жоқ. Бұл жақтан да ауыр сөздер естіп, амалымыз құрып, не істері­мізді білмей төменге түсіп келе жатқанымызда бір орыс кемпір бізді дереу үйіне кіргізді де, есігінің алдына бір нәрсе шашып жі­берді. Сөйтсек оны иттер иіс сезбей қалуы үшін жаса­ған екен. Ар­тынша солдаттар кіргенімен, біздің қай пәтерге жасырынғанымызды таба алмай қалды.

- Оқудан мәселе туындаған жоқ па?

- 19 желтоқсанда институтқа бардық. Оқу ор­нына келгеннен кейін де біздің жүріп-тұ­руымыз қиындап кетті. Оның үстіне мені бұл оқиғаға дейін оқытушым Маргарита Элизарова көрген болатын. Ал, институтқа барғанымда "Мен сенің Алматыға не үшін келгеніңді білемін" деп, ізіме түсіп алды. Солайша мені мемлекеттік емтихан­нан құлатып, оқудан шығартып жіберді. Бізге жан-жақтан Желтоқсан оқиғасына қатысты болған жағдайларды жария қылмай, жұмған ауыздарыңды ашпаңдар деп тапсырды

- Солдаттардың үй-үйді аралап іздеген­деріне қарағанда, бұл оқиғаның алаңға шық­паған жастарға да зияны тиген секілді ғой...

- Иә, расымен де алаңда бой көрсетпеген жастар да жазықсыз жалаға ілігіп кетіп жатты. Олардың мойындарына "сен алаңда болдың" деп қиып салып, жала жабылды. Бейнесінің жай бір ұқсастығы болса да, "сен сол адамсың" деген айыптаулар болған. Қаншама студентті таудың арғы жағына апарып ұрып-соқты, соттады. Басқа қаладан оқуға келіп, сол оқиғада қаза тапқан жастарды ата-аналары осында іздеп келгенде, басқа жағдайдан қаза болды, немесе біз ондайды танымаймыз деп жасырған жайлар көп болды. Ол кезде сақшыларға жастарды ұстап алып келуі міндеттелген қатаң тапсырма берілген ғой. Ал, алаңға шыққан балаларын ата-аналары аман алып қалу үшін амалсыздан өлді деп айтуға мәж­бүр болды. Балаларын шет елге қашырып жібе­руге шамасы жеткендер солай жасады.

- Сол кезде көтеріліске шыққан жастарды "ұлтшыл, бұзақы, бүлікші, нашақор" деген айыптар тақты. Нақты осылай айыптайтын­дай негіз болды ма сол кезде? Мүмкін жас­тардың да кінәсі бар шығар...

- Жоқ, мен мүлдем олай ойламаймын. Ондай айып таққандары рас, тіпті экстремистер деп те атап жатты. Себебі бұл бейбіт шеру еді. Бұ­рын­дары осындай парадтар болатын, сол күнгі жас­тар­дың жиналуы да парад есебіндегі бейбіт шеру еді. Бір нәрсені бұзу, қирату мақсатында емес, тек жоғары жақтан түсіндіруді талап етуге шықтық. Брежнев алаңына жиналған жастар тарапынан ешқандай да тәртіп бұзушылық орын алған жоқ, барлығы да парадтағы секілді болды, жастар тарапынан тәртіп сақталды. Бір жағынан  ондай күшейтулерді өздері қолдан ұйымдас­тырды деп ойлаймын. Себебі бір қарағанда сондағы дүң­гіршектерді өртеп, киоскаларды құлатып, ұрып-соғып сындыруға болатын не нәрсе болса солар­ды бұзып жатты. Сол себепті мен оны әдейі ұйымдастырылды деп ойлаймын. Ол кезде неге олай жасап жатқан­дарын түсінбеген едік.

- Итпен қуғанын, ұрып-соққанын айтып жатырсыз. Алаңдағы осындай әрекеттерден сізге қандай зиян келді?

- Басыма күрек тиіп, соққы алдым. Қазірге дейін сол күректің ізі бар басымда. Соның зар­да­бын тартып келемін. Ал, жанымдағы қыздың қолын тіліп кеткен болатын. Содан кейін ол көп ұзамай сотталып кетті.

- Құрбыңыз не себепті сотталып кетті? Екеуіңіз бірге жүрдіңіздер емес пе?

- Соққыдан кейін екеуміз де жарамыз жазы­лып кетер деп, бетіне йод жақтық. Бірақ сол йод маған көмектескенімен, құрбыма әсер етпеді. Со­лай жүргенде оның қолындағы жарасы асқынды да, шарасыздықпен ауруханаға түсті. Ақыры, құрбымның қолын кесіп тастады. Мұнан соң оны осы жақтан бірден тұтқындап алып кетті. Артынан іздеп барғанымда ол маған:. "Мені іздеп кел­ме, бұл жақта маған қиын болып жүр. Сен олар­дың қолына түсіп қалма. Олар маған келген адамдардың барлығын аңдып, ізіне түседі" деді.

- Оқудан шығарып жібергеннен кейін не істедіңіз? Құрбыңыздың ақылына құлақ астыңыз ба?

- Иә, жүрген ізімді барынша жасыруға ты­рыстым. Алматыдан қашып, Шымкентке келіп жұ­мысқа орналастым. Бірақ аз уақыттан кейін-ақ мені жұмыстан шығарып жіберді. Себебі барлығы менің желтоқсан оқиғасына қатысқа­нымды біліп қойған еді. Мұндағы ағамның көме­гімен мен "соңғы уақытта осында тұрды" деп тіркеліп, кейін Қызылордаға кетуімен тура келді.

- Қызылордаға келгеннен кейін жақын­дарыңыз қалай қабылдады сізді? Қолдау жасаған болар...

- Мұнда келгеннен кейін де күнім жақсы болмады. Таныстарымның арасында "Бұл Алма­тыдан келіп не істеп жүр, оқуы қайда, жұмысы қайда?" деген сыпсың сөз шыға бастады. Тіпті, мені көре қалса туған-туыстарым, таныстарым, жақындарымның барлығы теріс айналып қашатын болды. Қалаға келгеннен кейін менің басымнан өткен оқиғалардан хабары бар Кеңес Есжанов есімді азамат қойма меңге­рушісі етіп жұмысқа тұрғызды, бірақ желтоқсан оқиғасы туралы ешкімге тіс жармауымды сұрады. Осында жүргізуші болып жұмыс істейтін Ибрагим деген сол кезде маған "екі жарты, бір бүтін болайық" деп, үйленуге ұсыныс білдіріп жүрді. "Басқаларға зияным тиіп кетпесе екен" деген оймен жүрген­діктен  келіспедім. Уақыт өте келе мұндағылар да менің Желтоқсанға қатыс­қанымды біле бас­тады. Мені қойма меңге­рушісі қызметінен қарапайым сылақшылыққа түсіріп тастады. Бірақ оған еңсем түсе қоймады, жұмыс табылғанына шү­кір­шілік айттым. Дегенмен айналадағы адамдардың сөздері көбейіп кетті де, мұнда қалуға еш мүмкіншілік болмады. Менің мұндай халде жүргенімді естіген әжем Палау қайғыдан көз жұмды. Депрессияға түстім, әжемді ақтық сапарға шығарып сала алмадым. "Енді қызметте өсіп келе жатқан бауырларыма кесірім келмесін" деп, басқа жаққа қоныс аударуға құжаттарымды әзірлеп, жолға дайындалдым. Бір жағынан жал­ғыз кеткім келмей, сөзбайласып жүрген адам­нан: "Менімен барасың ба?" деп сұра­дым. Ол да еш қарсылық білдірместен: "Сенімен қайда болса да кетуге дайынмын",- деді. Осылайша Ибрагим­мен отбасын құрып, 1987 жылдың күзінде қоныс аудару билетімен Целиноград облысы, Жақсы ауданы, "Интузиаст" совхозына жолға шығып кеттік. Бұл кезде ағам тергеуші, ал әкемнің інісі №14 колония дирек­торының орынбасары болып жұмыс істейтін. Ал, туысы сотты болған адам болса, қызметтен қуылып қайтадан жұмысқа алын­бай­тын. Сонымен ата-анам "баласы бар әйелге аяушылық білдіріп, соттатпайтын шығар, көр­сеткен көме­гі­міз осы болсын" деп туған ағамның қызын менің атыма жазып берген еді. Жең­гем перзен­т­ха­надан Гүлнар Ысқақова болып босанып шық­ты. Бала тек құжат жүзінде ғана менікі болға­нымен, өздерінде қалды. Кейін 1998 жылы 12 жасында қызын қайтадан өздерінің атына аударып бердім.

- Желтоқсанның зардабын тартып, әр қа­лаға қоныс аударып жүріп өкінген сәтіңіз болды ма?

- Туған жерден осылай кетіп бара жатқа­нымда өмірге деген құлшынысымды жоғалтып, қатты түңіліп кеттім. Өмірім мүлдем басқа арнада өтіп жатқандықтан өмір сүргім келмеді. Сол кезеңдерде өмірден қиналып, таршылық көрген адамдардың көбін өзге діни ағымдар өз мақсат­тарына пайдаланып кетті. Әлі күнге есімде, маған бір әйелдің жаныма келіп: "Сені байқап отырмын, жүзіңде қайғы-қасірет бар екен, сен осы дінге кірсең, жағдайың жақсарады" деп, өз дінін насихаттай бастағаны. Ал, мен: "Маған ондайды айт­па, мен мұсылман болып өмірге келдім, қазақ болып туылдым, қанша жерден қиналсам да, өз дінімде өмірден өтемін" деп дереу бас тарттым. Қиын кезеңдерді бастан өткеріп жүргенімде жанымдағы жолдасым маған көп демеу беріп, қайда барсам да, қасымнан табылып отырды. Осы­лайша ол менің өмірге деген құлшыны­сымды қайта оятты.

- Алғаш рет табан тіреп тұрған бейтаныс ортада өмірлеріңіз қалай болды? Жаңа орта "желтоқсаншыны" қалай қабылдады?

- Жолдасым механизатор қызметіне орна­ласты, ал мені ешқандай жер жұмысқа алмады. Қанша айтқанмен "желтоқсаншымын" ғой, оның үстіне оқу бітірген дипломым жоқ. Мен Шым­кенттен жұмыстан шыққанымда еңбек кітапшама "Жұмыстан шығарылды және еш жер жұмысқа қабылдамасын" деп жазып берген болатын.  Мұнда келгенімде Целиноградта тұратын Тор­ғайдың қызы Бағдагүл деген таныс құрбым бар еді. Ол сол жерден еңбек кітапшамды алып қой­ды да, "Мынаны енді ешкім көрмесін, мен мұны өртеп жіберемін" деп көз алдымда жыртып тастады. Сөйтті де жаңа еңбек кітапшасын арнап, ішіне "клуб меңгерушісі болып жұмыс жасады, "Балталы" деген селода тәрбиеші болып еңбек етті" деп жазып берді. Ал, іс жүзіне келгенде мен ондай қызметте болған емеспін, мен ондай қыз­метті жасай алмайтынымды да айттым. Жаңа ең­бек кітапшамды қолыма берді де, "егер сені екі ай ішінде жұмысқа қабылдамаса маған кел" деген болатын. Еш жерге жұмысқа алмаған соң екі айдан кейін таныс құрбыма қайта бардым. Дәл сол кезде фермада құтырған сиырлар шығып жат­қан екен. Ондағы сауыншылардың барлығын ауруханаға жатқызып тастаған. Сауыншы жоқ. Мені сол жаққа жұмыс­қа шақырып алды. Осы­лай­ша сауыншылық жұмысқа орналастым, 5 жыл сауыншы болып еңбек еттім.

- 1991 жылы Қазақстан Республикасы Тәуел­сіздігін жариялады. Тұңғыш Президент сайланды. Желтоқсанға қатысқан жандар ақталды. Сіз қалай қабылдадыңыз?

- Мен тұрмысқа шыққаннан кейін көпке дейін бала көтере алмадым. Желтоқсаннан алған деп­рессия теріс әсер етті. Бірақ 1991 жылы "Жел­тоқ­­санға қатысқандар ақталсын" деп аштық жарияланып, бізге қолдау білдіріп жатқанын естігенім оң әсер еткен болуы керек, бойыма бала бітті. 1992 жылы 12 ақпанда қызды болдық. Сол жылы Қызылордаға қайтып келіп, 3 жыл Жоса­лыда тұрдық, ұлды болдық. Мұнан кейін МИСС-ке көшіп келіп, осы жақтан 3 қап күрішке 3 бөлмелі үй сатып алдық. Ол кезде көбісі үйлерін тастап көшіп кеткеннен кейін арзан болатын. Кейін жанындағы 2 бөлмелі үйді 5 мың теңгеге сатып алып, "Желтоқсан" деп дүкен аштым. Осы­дан кейін мені ауылдағылардың барлығы да "Желтоқсан" деп атайды, расында есімім Гүлнар екенін көбісі біле бермейді. Алғашқы кезде дүкен­нің жұмысын шаруашылыққа қажетті дүние­лер­мен бастадым, кейін азық-түлік әкеліп саттым. Ауылда телефон тек әкімшілікте болатын, 2000 жылдары "Қазақтелекоммен" келісім-шартқа отырып, таксафон құрғыздым. Дүкеннің ішіндегі заттарын жылдан-жылға көбейтіп, ішін кеңейте бердік. Мұнан кейін компьютер сатып алып, компьютерлік қызметті де кірістірдім, кейін интернет қостырдым. Одан жаман болған жоқпыз, кәсібіміз осылай өркендей берді. Осының арқасында қаладан үй салып алдық. Қызылордаға көшіп келуімізге байланысты дүкенді жақында жабуыма тура келді.

- Ақжарма ауылын заманға лайықтаған екенсіз ғой. Елге қайта келген соң желтоқ­сандағы ерлігіңіз еленді ме?

- Тәуелсіздік алғаннан кейін алғашқы жылдар елдегі қиын кезең еді ғой. Тіпті үйде отырып бидайды диірменге тартып жеген кезіміз де болды. Таршылық көру кезеңдері өтіп жатты басымыздан. 1996 жылы "Желтоқсан оқиғасына" 10 жыл толу қарсаңында сол кездегі облыс әкімі Бердібек Сапарбаев мені іздестірген екен. Қалаға шақыртып, марапаттап, сыйға теледидар берді. Одан кейін Сырдария ауданының әкімі Оңалбек Сәпиев 13 желтоқсан күні шақырып, үлкен ыдыс-аяқ жинағын тарту етті. Сол кісілердің бата-тілектерінен кейін шығар, дүкеніміздің жұмысы жанданып кетті. Ал, 1998 жылы "қаладан жер беріп жатыр екен" дегенді естігеннен кейін осында келіп жерге өтініш жазбақшы болдым. Мұндағылар "сіз ауылда тұрсаңыз, сізге сол жақтан беріледі, келген жағыңызға барып жазасыз" деді. Келген соң кері қайтып кетпедім, жағдайымды айтып сол кездегі қала әкімі Бақберген Досманбетовтің қабылдауында болдым. Оған желтоқсанға қатысқа­нымды, ауылда қалып қоймай, балаларымның келешегі үшін қалаға көшіп келгім келетінін жеткіздім. Ол бір ауыз сөзімді жерге қалдырмады. "Желтоқсанға қатысқаныңыз үшін сіз үй алуға лайықтысыз, дегенмен қазір елдегі жағдайдың қиын екенін білесіз. Бірақ жерді міндетті түрде береміз" деп, сол кезде қазіргі Хорасан ата көшесінен жер учаскесін берді. Сол жерге үй салып, жақында көшіп келдік. Әкімдердің ішінде Бердібек Сапарбаев пен Бақберген Досман­бетов­ке ризамын.

- 1991 жылы ақталғаннан кейін Алматыда жүріп алған біліміңіз аяқсыз қалып қойды  ма?

-     Желтоқсан оқиғасынан кейін ол жаққа аяғым тартпай қалған болатын. Бірақ жақында қызымды тұрмысқа беріп, Алматы қаласына барып қайтқанмын. Қызымның кеңесімен осындағы оқу орныма келіп, дипломыма байланысты арызымды жазып, тапсырып кеттім. Қалай болатыны енді белгілі болады.

-     Көңіліңізге қаяу салып қоштасқан Алматыға араға 30 жыл салып бір қуаныш­тың себебімен барған екенсіз. Қандай әсермен қайттыңыз? Алаңға бас сұқтыңыз ба?

-     Алматының кешегісі мен бүгінін салыстыруға келмейді екен. Қаланың келбеті көркем, өркендеп кеткен. Бұрын қалай қарасаң да еңсесі түсіп, үй жалдап жүретін қазақтың қазір барлығының үй-жайы, жағдайы жасалғандай көрінді. Алаңға бардым, әдемі болып қар жауып тұрды. 1986 жылдың 17 желтоқсанында жастар алаңға шыққан күнінде де қар жауып тұрған еді. Қазір "Республика алаңы" деген атауға ие. Біраз нәрсе көз алдыма келіп, көңілім түсіп, көзіме жас алдым. Біраз жыл өтіп кетіпті ғой сонда... Ерекше сезімде болдым. Бұл жолы Алматы мені құшақ жайып қарсы алғандай болды.

-     Бүгінге жеткен деректер бойынша "Желтоқсан оқиғасын" толық суреттей алдық па? Қалай ойлайсыз?

- Әрине, толық суреттелген жоқ. Ол толық суреттелмейтін де шығар. Себебі көпұлтты мемлекетпіз. Қанша айтсақ та, мемлекет әлі кемеліне келіп жеткен жоқ, енді қалыптасып келе жатыр. Мен ол жағын түсінемін. Меніңше, араға біраз жылдар салып, уақыт өткеннен кейін Желтоқсан шындығы жарияланып қалмаса, әзірге жария етілуі қиын.

- Желтоқсан оқиғасына - 30 жыл. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне - 25 жыл. Айтулы даталарға байланысты қандай да бір құрмет көрсетілді ме сізге?

- Әзірге тыныш. Бірақ мен ешнәрсе дәметпеймін. Бастысы, халықтың жағдайы жақсы, еліміз аман болса болғаны. 

- Сөз соңында журнал оқырмандарына мерекелік тілегіңізді білдірсеңіз...

- Тәуелсіз мемлекеттің келешек иелері - жастар, біз осы бейбіт күнге сол кездегі жастар­дың қайсарлығымен жетіп отырмыз. Ал, тәуелсіздігімізді әрі қарай дамытатын, жалғас­тыратын жастар, сендерсіңдер. Тәуелсіздігімізді мәңгілік етеді деп сендерге сенемін.

- Еркін ой бөлісіп, әңгімелескеніңізге ал­ғыс білдіреміз.

 

Сұхбаттасқан

Майра БОЛАТОВА

Пікір қалдыру


Қорғаныс саны
Жаңарту

Іздеу

Сауалнама

Бүгінде журналистерге қай сала мамандарынан ақпарат алу қиын?

Медицина - 57.1%
Прокуратура - 0%
Сот - 0%
Департаменттер - 14.3%
Облыстық басқармалар - 28.6%

Дауыс саны: 7
The voting for this poll has ended on: 29 Шіл 2017 - 00:00

Жоба туралы

Сыр өңірінің тумасы, қайсар қаламгер, ақын Зейнолла Шүкіровтің рухына арналған «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты облыстық жас ақындар мүшәйрасы өтті.

 «Руханиятты жаңғырту» қоғамдық қоры мен республикалық әдеби-мәдени, тарихи-танымдық «Әлімсақ» журналы Зейнолла Шүкіровтің рухына арнап биыл төртінші рет дәстүрлі «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты талантты жас ақындар мүшәйрасын ұйымдастырды. Биылғы жылдың жеңімпазы - М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжінің студенті Нәбира Ешниязова.

 

 

Редакцияға хат

Email:
Тақырып:
Текст:

Әлеуметтік желілер

Күнтізбе

<< < Желтоқсан 2016 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 31  

Кім онлайн?

Қазір 30 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр

As we continue our list of fantasy football”s top 101 PPR players of 2017 we have three players who have recently finished in the top-15 at their positions.

In fantasy football there will always be players who have an unexpected drop or rise from one year to the next. One player on today’s list was a top-six wide receiver in 2015. The next year,Vince Wilfork Jersey he wasn’t even a top-20 wide receiver.

The same can be said about a running back on today’s list who was a top-five running back in 2015. Last year, he wasn’t even a top-18 running back. Who are these players and what should we expect from them in 2017?

To be clear,J.J. Watt Jersey the top 101 PPR players are for re-draft leagues only. Here’s a look at players ranked No. 38-36:

Last season Patriots wide receiver Julian Edelman finished fourth in the NFL in receptions with 98. He also set a career-high in receiving yards with 1,106. In the end,Brian Cushing Jersey Edelman finished 2016 as the 15th PPR wide receiver. Unfortunately for Edelman, I see a regression coming his way in 2017.

The 2016 season was only the second time in Edelman’s eight-year career he played in all 16 games in a season. The other time came back in 2013. Going into 2017, the odds are against the 31-year old receiver to play in all 16 games in back-to-back years for the first time in his career. Even if he somehow manages to stay healthy for all 16 games, he’s sure to lose targets and receptions.

Last year Patriots star tight end Rob Gronkowski had a career-low 25 receptions. Gronk was never 100 percent during the 2016 season and only appeared in eight games. Going into 2017,DeAndre Hopkins Jersey he will be back to full strength. Also, the Patriots traded their 2017 first-round pick for Saints wide receiver Brandin Cooks. The former Oregon State Beaver will be the team’s new No.1 wide receiver.

Журнал туралы

«Әлімсақ» журналы – рухани серігіңіз

 Қазақтың ғасырлар қойнауынан тамыр тартқан, әлімсақтан келе жатқан хатқа түскен тарихының, ұлттық болмыс-бітіммен астасқан әдебиеті мен мәдениетінің, тілі мен дінінің, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрінің бірден-бір насихатшысы, Сыр бойының тарихында алғаш рет әдеби-мәдени, тарихи-танымдық бағытта жарық көрген «Әлімсақ» журналының оқырманына жол тартқанына алты жылға жуық уақыт болып қалды. 2009 жылдың сәуір айынан бастап алғашқы нөмірі жарыққа шыққалы бері қазақ әдебиеті мен тарихына қатысты мақалаларды ортаға салып, Сыр өңірінің мәдениеті мен өнерін насихаттап, облысымыздың бүгінгі мәдени, әлеуметтік дамуындағы өзгерістерді ақпараттандыруда журналдың қосып келе жатқан үлесі салмақты.