Бас редактор бағаны

"Әлімсақ" журналының бас редакторы, филология ғылымдарының кандидаты

Нұрлан Көбегенұлы Нұрмаханов

 Бас кеспек болса да...

Журналға тіркелу

Валют бағамы

Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан

Серіктестер

ЖЕТІ ЖҰРТТЫҢ ТІЛІН БІЛ, ӨЗ ТІЛІҢДЕ ӨМІР СҮР!

 

Қазіргі таңда қазақ қоғамында үштілділік мәселесі қызу талқыланып жатыр. Ұлттың тағдыр шешті мәселесіне немқұрайлы қарамай жанашырлық танытып, пікір білдіріп, үн қосып жатқан азаматтарымыз аз емес. Айтқан-жазғандарын тыңдап, оқып, бірге тыныстап отырмыз. Жер мәселесі сөз болғанда жерге қарап, тіліміздің тағдыры талқыға түсіп жатқанда тілімізді тістеп отыруға болмайтынын кеудесінде жаны бар әр қазақ сезіне бастағандай. Тіл маманы ретінде үштіділікке қатысты пікірімізді білдіруді біз де өзімізге міндет санаймыз. Үштілділіктің бізге не беретіні жөнінде болжам айтпас бұрын, «біртілді болғанда қандай едік?», «қостілді қазақ қандай болып отыр?» деген сұрақтар төңірегінде ой қорытуымызға тура келеді.

 

ҰРПАҚҚА АНА ТІЛІНДЕ ТӘРБИЕ МЕН БІЛІМ БЕРУ НЕ ҮШІН ҚАЖЕТ?

Тіл тек қарым-қатынас құралы ғана емес. Қарым-қатынасты басқа тілде де, ыммен де жасауға болады. Білімді, ақпаратты өзге тіл арқыы д алуға болады. Әриине, ағылшын, испан, қытай, жапон, француз, неміс тілдерін білген адамның ақпарат алу мүмкіндігі артып, таным көкжиегі кеңейе түсетініне ешкімнің даукы жоқ. Өйткені олар кең тараған, ғылымы мен технологиясы бізге қарағанда жақсы дамыған қуатты мемлекеттердің, іргелі жұрттардың тілдері. Оны әркім түсінеді. Бірақ бұл тілдердің бәрін меңгерсе де, одан ана тілінде тәрбие мен білім алмаған қазақ баласы қазақы, ұлтының бар болмысын сүйетін азамат болып өспейді. Айналасын тануға ұмтылған адам балаы ана тілінде тілі шығып, сөйлеп, ойлау арқылы оның ұлттық мінез-құлқы, таным-түсінігі, ұлттық дүниетанымы, ұлттық санасы, ұлттық болсысы қалыптасады. Бала бір мұшелден асқанша өзінің ана тлінде тәрбие мен білім алса, тіл арқылы халқының бар қасиетін бойына сіңірген сол ұлттың өз баласына айналады.

 

Оның бойына ұлттың бар қасиеті дариды. Ал ұлттық қасиет алдымен ата-баба қанымен, одан соң ұлттық тәрбие мен тілі арқылы дарыған ұл-қыздың жүрегі де ұлтымен бірге соғады. Егер ұрпағымызға халқымыздың қасиеттерін отбасында, бала-бақшада, мектепте дарыта алмасақ, онда ұлттық қасиеті әлсіз немесе одан мүлде жұрдай, қасиетсіз ұрпақ өсірген болып шығамыз. Қазақ үшін «қасиетсіз», «тексіз», «жүгенсіз» дегеннен ауыр сөз жоқ. Ал халқының қасиеті өз бойында жоқ ұрпақ ұлттық құндылықтарды қастерлемейді, сол себептен де оны қорғап, ұлтқа қзымет етпейді. Халқымыздың арғы-бергі тарихындағы ұлт зиялылары, елдің көшін бастаған көрнекті тұлғалар мен ғалым, ақын-жазушылары мұны жақсы білді. Біліп қана қоймай ұрпақты ұлт тілінде тәрбиелеуге қызмет етті. Арғысын айтпағанда, кешегі Алаш қайраткерлері де балаға ана тілінде тәрбие мен білім беруге айрықша мән берді.

Жүсіпбек Аймауытұлы: «Орыс тәрбиеін алған бала – ұлт қызметкері бола алмайды» десе, Жанша Досмұхамедұлы: «Қазақты – елдің тұрмысы, тілін, мінез-құлқын, әдет-ғұрпын білетін қайраткер ғана басқаратын болады» депті. Алаштың ардақты ұлдарының бірі Халел Досмұхамедұлы «Өз тілін білмеген ел – ел болмайды» деген тоқтам жасапты. Сонда қазақ баласын бесіктен белі шықпай жатыр, орысша, ағылшынша оқытамыз, тәрбиелейміз дегендердің мақсаты не? Әлде олар аса білімпаз, Алаштың ар-ұяты, бетке ұстар осы зиялыларымыздан мемлекетшіл, ұлтшыл, білімді, көреген, саясм қырағы ма? Ұлт мүддесіне адалдық, елдің ертеңін болжауға бүгінгі заман тұрғысынан қарағанда кімдікі дұрыс? Бәлкім, Алаш ардақтыларының осыдан бір ғасырға жуық айтқан пікірлері уақыт көшіне ілесе алмай ескіріп, ғылыми құндылығын жойған болар? Жоқ мүлде олай емес. Керісінше, үстем мәдениет, үстем тіл бірнеше ұрпағының жаны мен қанына сіңіп қалған қазақтың оянып, есін жиып, енді-енді өзіне келе бастаған шағында олардың пікірлерінің құндылығы арта түсті. Олардың айтқандары алдымыздағы шамшырақтай жарқырап, бағыт-бағдар көрсетіп тұр.

Тіл – бүкіл халыққа ортақ аса құнды мәдени жетістік, рухани қазына. Ана тілінен жеру, өз халқының қасиеттерін жатсыну, ұлттық құнедылықтардың қадірін білмеу, төл мәдениетінен безініп, басқа мәдениетке бой ұру – нағыз мәдениетсіздік, тексіздік. Тіл – ұлт мәдениетінің өзегі, ұлт руханиятының қоймасы, қазыналы сарайы. Сол себептен де халқының бар асыл қасиеті баланың бойына тек ана тілінде тәрбе мен білім алуы арқылы ғана дариды. Анасының тілінен ажырап, аз мәдениетінен нәр алмай қалған ұрпақ тамырсыз қаңбақ сияқты жел қайдан соқса, солай көше береді. Тілінен айыры оны өз жұртынан, тегінен де айырады. Өйткені онда халқының бар қасиетін бойына таратып, сіңірп отыратын қантамыр сияқты тілтамыр болмайды. Мұны дана халқымыз баяғыда-ақ бірауыз сөзге сыйғызып «Тексіздік – тілсіздіктен» деген мәтелімен түйіндеп қойған. Асан қайғы дананың «Көлде жүрген қоңыр қаз, Қыр қадірін не білсін? Қырда жүрген дуадақ, Су қадірін не білсін?» дегеніндей ұлт мәдениетінен сусындап, ана тілінің уызына жарымай өзге тілде тәрбие мен білім алғандар қазақ тілін қастерлеп, оның қасиетін қайдан ұқсын? Балаларымызға басқа тілде тәрбие мен білім бергеніміз қасиетімізден айырып, қасіретімізге айналғанын әлі толық сезіне алай отырумыз, тағы да өзге тілдер мен өзге мәдениеттер етегіне жармасып жатуымыз – біздің бүгінгі шынайы бет-бейнеміз. Сол бет-бейнемізді бүркемелеген сайын бет-аузымыз қисайған үстіне қисая беретінін ұмытпаған абзал.

Мал екеш мал да, аң-құстар мен түрлі хайуандард да бір-біріне, айналасына өзінше үн қатысады, «өз тілінде сөйлейді». Қой маңырайды. Жылқы кісінейді. Ит үреді. Мысық мияулайды. Қасқыр ұлиды. Бұлбұл сайрайды. Қарға қарқылдайды... Маңыраған жылқыны, кісінеген қойды, қарқылдаған бұлбұлды немесе мияулаған итті көрдіңіз бе? Жоқ, көрмейміз. Егер көрсеңіз оны аномалия, табиғатынан ауытқушылық деп шошына қараған болар едіңіз. Олардың бәрі де бір-бірімен өздерін тапқан енелерінің, олардың дүниеге әкелген еркегі мен ұрғашысының табиғи үнінле үн қатысады. Әрбір түр мен тек өз сипаттарын сақтайды. Ал Алла Тағала олардың бәрінен артық жаратқан саналы адам баласы ғасырлар бойы дамып, қалыптасқан өз ұлтының, ата-бабасының, ата-анасының тілін ұмытып, оны қоып үйренбей, менсінбей жүргенін көру қандай трагедия! Ана тілінен мақұырым қалғандар қатарының артып, бір-бірімен орысша сөйлесетін дәрежеген жетуі – қазақтың қасіреті. Біз өкілі болып саналатын егемен елі бар қазақ деген ұлттың арасында әлі күнге дейін өзө тілінде сөйлемейтін, ана тілін білмейтін жастардың өсіп жатуы – жағымсыз, теріс құбылыс.

Білімді басқа тілде алуға болғанымен, ұлттық тәрбие мен өз халқының мүддесіне қызмет ететін білімді тек ана тілі арқылы ғана алуға болады. Әлемнің екінші ұстазы Әбу Насыр әл-Фарабидің «тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың хас жауы» деген сөзі баршаға мәлім. Сол сияқты қазақтың тілінде, қазақтың ұлттық салт-дәстүрлерін бойына сіңіре отырып берілмеген білім де қазақтың хас жауы. Өйткені ұлттың тәрбиесін оның тілінен бөліп қарау мүмкін емес. Қазақтың баласын басқа тілде оқытып, тәрбиелеу – ұлтқа жасалған ең үлкен қастандық. Ұлттан тілді алсаң – нөл қаладаы. «Ұлт – тіл = нөл» деген формуланы қазақты басқа тілде басқарғанын қоймайтын басшыларға, немересіне ертегі айтудан қалған ата-әжеге, баласын орысша, ағылшынша оқытып жүрген ата-анаға, айфон мен айпадтан айырылмайтын баланың санасына сіңірмесек, жетесіне жеткізбесек, олар қазақты көгертіп-көктетпек?

Құлдық нотасын сыпырып тастағанына ширек ғасыр өтсе де қазақтың құлмінезділіктен толық арылып, өз бет-бейнесін айқындамай келе жатқанына – бірнеше ұрпағын орысша тәрбиелеп, орысша оқытып, қазір де орыстың мәдени-ақпарттық кеңістігінен шыға алмай, шырмалып отырғандығынан. Мыңдаған қазаққа орыс тәрбиесі, орыс оқуы өтіп кеткен. Азаттығын алған елдің өз ұрпағны өзге мәдениттен сусындатып, өзге тілде тілін шығарып, ұлттың баласын қалыптастырып алмай тұрып өзгенің тілінде оқыту – ұлтқа жасалған ең үлкен қиянат. Атаның қанында, ананың сүтінде бар қасиеттерді, ұлттық таным-түсінікті ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп, сабақтастықты үзбей, ұлттық тұтастықты қамтамасыз ете алатын ең қуатты да құзіретті құрал – ұлттың тілі.

Қазақ тілі, қазақы тәрбие бізге Абай, Ыбырай, Махамбет, Шәкәрім, әлихан, Ахмет, Міржақып, Мағжан, Жүсіпбек, Халел, Қаныш, Мұхтар Әуезов, Бауыржан Момышұлын берді. Бұлар – орысша тілі шығып, бес-алты жасынан ағылшынша үйренбей-ақ білім мен парасат биігіне көтеріліп, қазақтың даналыран, дараларына айналған ұлт мақтаныштары. Керісінше, олар ана тілінде тілі шығып, ұлттық мәдениеттен нәр алмағанда ешқашан осы биікке көтеріле алмаған болар еді.

Шет тілін білгеннің бәрі данышпан, ақылды әрі кәсібие маман болып кетеді дейдің өзі адам табиғатын түсінбеу, тіл жөніндегі білімнің таяздығы. Қазіргі орысша сайрап тұрғандар немесе үш-төрт тілді меңгерген деп жүрген ғалым, жазушы, ақын, қайраткерлердің қайсысы осы аталған ұлт тұлғаларының деңгейіне көтеріле алды? Абай орыс тілін өте кеш үйреніа, орыша оқып, түсініп, аударма жасағанмен, айналасындағы қауыммен орысша сөйлесіп, орысша жазған жоқ қой. Ал орыс тілін Абайдан он есе жақсы меңгерген қазақтың қай ақыны мен ғалымы ұлы ойшылдың деңгейіне жуықтады? Абай қайда, біз қайда? Абай – дара, Абай – дана қазақта.

ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегерлері Мұхтарбай Өтелбаев пен Асқар Жұмаділдаев, Уалбай Өмірбаев сынды әйгілі математиктеріміз де қазақ мектебінде оқып – ақ ғалым биігін сағындырды емес пе? Ендеше, қазақ мектебінде, қазақ тілінде білім берсек, аштан өліп, көштен қаламыз, ғылымды игере алмаймыз деудің ешқандай негізі жоқ.

Ала қойды бөле қырыққан жүнге жарымайтыны белгілі. Аз қазақты қандай да бір топтарға, жікке бөлуді қаламаймыз. Алайда түрлі мәдениеттер мен діндердің жетегіне еріп, өзге тілде білім алу арқылы ұлтымыздың ішінде ондай топтардың пайда болып жатқанын жоққа шығаруға да болмайды. Қазіргі қазақ тілінде «орысбайлар», «орысқұлдар», «орысмінезділер», «орысқолдар» деген сөздер қолданылып жүр. Тілде жаңа сөздер мен ұғымдар жоқтан пайда болмайды.Бауырларымызды бөліп-жарып, өзімізді өзбекке тебуді, ағайынды жіктеп – жіліктеп оларға ат қойып, айдар тағуды ешкім мақсат етпейді. Бірақ осы типтегі қазақтар бар екені рас болса, онда баламызды орысша тәрбиелеп, оқытқаннан ұтқанымыз қайсы? Олар өсіп – өніп әлеуметтік топқа айналып «орысшылдар», «ресейшілдер», «ресейпиғылдылар» қатарын толықтырып, қазақтілді ақпарат  кеңестігі мен қазақы ортаны тарылтып, қазақы құндылықтарды құрметтейтін қоғам қалыптастыруға, қазақ тілінің қолданыс аясын шектеп, қазақ үнін тұншықтыруға үлес қосып отыр емес пе? Жауырымызды жаба тоқып, қашанғы бұл дертімізді бүркемелей береміз? Енді осылардың қатарын «ағылшынбай», «ағылшынқұл», «қытайбай», «қытайқұлдармен» толықтырсақ, ертең қазақты қайдан іздейміз? Ана тілі -  ұлтты қалыптастыратын, тұтастығы мен ішкі бірлігін қамтамасыз ететін, оның рухы мен өзіндік болмысын сақтайтын ең құнды, баға жетпес қазынасы. Ендеше, ұрпағына ана тілінде тәрбие мен білім беруден артық ұлттың ұлы мұраты болуы мүмкін емес. Әр қазақ баласына ана тілінде тәрбие мен білім беру – әрбір ата – ананың парызы, қазақтың атын иеленіп, қазақ атынан сөйлеп отырған  мемлекеттің міндеті болуға тиіс.

 

 

ҮШТІЛДІЛІК НЕ БЕРЕДІ, ОЛ ҚАЛАЙ ЖҮЗЕГЕ АСУЫ КЕРЕК?

Қазақстанның білім беру жүйесі мен ақпараттық, тілдік кеңістігінде үш тілге орын белгілеп отыр. Бұған дейін бұл кеңістік орыс және қазақ тілдеріне берілгенмен, орыс тілі мығым жайғасып, қазақ тілі мемлкеттің тілі ретінде нық орныға алмай келген еді. Енді не болмақ? Дәл осы реформаға жол ашсақ, онда үш тіл бәсекеге түседі. Ең алдымен, жақын болашақта әлемде онсыз да дәурені жүріп тұрған ағылшын тілі ұтады. Қазақ мект есебінде информатика, физика, биология, химия пәндерін ағылшын тілінде оқыту онсыз да нақты ғылымдар мен жаратылыстану ғылымдары саласындағы қолданысы көңіл көншітпей отырған қазақ тілінің ғылым тілі ретінде дамуын барынша шектеп тастайды. Қазіргі ғылым мен технлогия дәуірінде тілдің бұл салалардағы қолданысын шектеу – ұлт тілінің ең маңызды танымдық функциясын атқаруына жол бермей, оны ғылымнан аластауға апаратын жол. Түптеп келгенде, озық білім мен жаңа технологияны, физика мен математиканы, химия мен биология негіздерін меңгеруге жарамайтын тіл ешкімге қажет емес. Ғылым тілі бола алмаған тіл мемлекеттік тіл қызметін де толық атқара алмайды. Ағылшын тілінен кейінгі Қазақстандағы басымдығын, үстемдігін сақтап қалып отырған орыс тілі өз позициясын жоғалтпауға бар күшін салады. Біздің еоле оған әлеуметтік-лингвистикалық негіз жеткілікті. Тілдік шекарасын тарылтқысы келмейтін көршіміздің ықпалымен қатар, ішіміздені орыстілді қауым да соған қызмет етеді. Бұл ащы да болса – факт. Дүниежүзі тарихын орысша оқыту арқылы оған тағы да қосымша мүмкіндік туғызып береміз. Ал осыған дейін тілдік бәсекеде бір тілден ұтылып келген қазақ тілі дәр қазір орыс тілінен әлдеқайда кең тараған ағылшын тілімен бәсекеге төтеп беретін халде емес. Халықаралық қатынас туралы айтпағанда, мемлекет ішіндегі қолданыста әлі аяғынан нық тұрып үлгермеген ана тілімізді екі бердей әлемдік тілмен бәсекеге салғалы отырмыз. Бұл құбылысты бейнелеп айтар болсақ, әлі қабырғасы қатып, бұғанасы бекіп үлгермеген ана тілімізді екі бірдей әлемдік тілмен бәсекеге салғалы отырмыз. Бұл құбылысты бейнелеп айтар болсақ, әлі қабырғасы қатып, бұғанасы бекіп үлгермеген жас жеткіншекті өзінен салмағы әлдеқайда ауыр, тәжірибелі, тісқаққан түйе палуандармен, әлем чемпионларымен күрестірумен пара-пар тірлік. Кім ұтатыны алдын ала көрініп тұр емес пе? Ұтқанды былай қойып, жеткіншегіміздің желкесін қиып, белін үзетін тірлікке оны өз қолымызбен итермелейтіндей басымызға не күн туды? Мұндай бәсекеге халықтың демографиялық ахуалы бізден он есе жақсы елдер де барып отырған жоқ. Басқа отандастарымызды қойып, қазақтың өзі тілін толық игеріп, бір-бірімен қазақша сөйлесетін күнге жете алмай отырып, үш тілде сайрап кетеміз деген болжам орындалуы нақты бағдарламадан гөрі қиял-ғажайып ертегісіне көбірек ұқсайды. Қазір бірнәрсеге таңғалу қиын заманда осыған біреуді сендірем деп жүргендердің тірлігі еріксіз таңғалдырады. Не олар тіл мәселесінде еш нәрсе түсінбейді немесе олардың санасында бұл қазаққа не ұсынсаң да көзін жұмып қылғыта береді деген көзқарас әбден орныққан. Осыған дейін бір тілмен қосақталып, тұсаулы аттай адымын жаза алмай келе жатқан қазақ тілі енді шідерленгендей бұрынғыдан бетер кібіртіктеп қалады. Яғни қазақ тілін бұлай дамытамыз деу тұсауды шідерге алмастырған бірдей.

Бізге тілдік құқық жақсы сақталған дамыған ел деп саналатын Швейцарияның тілдік дамуынан да сабақ алатын тұстар бар. Бұл елдің бізден басты айырмашылығы біз секілді унитарлы ел емес, конфедеративтік мемлекет. Қазақстанда мемлекеттік тіл бір ғана – қазақ тілі. Оларда ресми қолданыстағы француз, неміс, итальян, ретороман тілдерінің әрқайсының қолдану аймағы бар. Ел төрт тілдік аймаққа жіктелген. Бұл жағынан бізге мұлде үлгі бола алмайды. Алайда үштілділіктің болашағы туралы ойланғанда олардағы азшылық қолданатын ретороман тілінің қазіргі күйі көп жайдан хабар береді. Граубюнден аумағынла итальян-неміс-ретороман үштілділігі дамып келеді. Ретороман тілінің өрісі жыл санап тарылып, ол тілді тұтынушылар неміс және итальян тілділер қатарына өтіп жатыр. Бұл аймақта неміс тіліне ресми мәртебе беру мәселесі көтеріле бастады. Халқы сөйлегісі келмейтін тілді қолданудың тиімсіздігі жиі айтыла бастады. Яғни заң жүзінде бірнеше тілге мәртебе беріліп, ол тілдердіфедералды билік қолдап отырғанымен, кең тараған тілдердің тілдік бәсекеде ұтатынын көрсетіп отыр. Біздегі қостілділік жағдайында заңдық мәртебе қазақ тілінде болғанмен ісқағаздары мен заң шығармашылығы, мемлекеттік басқару тілі ретінде іс жүзінде орыс тілі басымдық танытып отыр. Болашақта үш тілде білім алып, үштілді елге айналар болсақ, қазақтардың да елеулі бөлігі ең әлеуеті күшті ағылшын тіліне бет бұрып, ағылшынтілділер қатарына өту ықтималдығы өте жоғары. Айналдырған 60-70 жыл ішінде қазақтардың елеулі бөлігі ана тілінен айырылып, орыстілді қауымға айналды. Олардың өздері мен ұрпақтарының орыс тілдік қауымдастығынан шыққысы келмейтінін бүгінгі қазақ қоғамынан анық көруге болады. Шындап келгенде, олардың елеулі бөлігі қазақ тілінің ел басқару, заң шығару, ғылым мен білім тілі ретінде орнығуына мүдделі емес. Ашық қарсы шықпағанмен іштей қолдамайды. Қазақ тілдік қауымдастығына кіруге барынша ұмтылып, өз ұлтының, мемлекеттінің тілінде сөйлеп-жазып, оны үйренуге, оның тұғырын нығайтуға күш-жігері мен білім-қабілетін жұмсап отырған жоқ. Қайта, қазақ арасында өз тілін үйренгенше өзге бір шет тілін үйренуге уақыты мен қаржысын жұмсап жүрген орыстілділер әлі аз емес. Ал әлемге ең кең тараған ағылшын тіліне де қазақтардың жылдам бет бұруының уәжі өте күшті. Соған бастайтын, бір ғана мысал келтірейін. Кенже ұлым қазақ балабақшасына барады. Қазақ балабақшасы дегенің болмаса, балалар бір-бірімен орысша сөйлесетінін көріп, күнде ескерту жасасақ та өзгеріс байқалмады. Ол аз болғандай, бірде баламды бақшадан алуға сәл ертерек барсам, тәрбеші «Ағылшын тілі сабағы болып жатыр, күте тұрыңыз» дейді. Таңданысымда шек болмады. Бізден сұраған ешкім жоқ. Жасы жаңа ғана төртке толған, әлі ана тілінде де ойын толық жеткізе алмайтын балаға ағылшынша үйрету кімке керек болды. Осыны балабақша меңгерушісінен сұрасам, ол «бұл ата-аналардың тілегі, сізден басқа бірде-бір ата-ана бұған қарсы емес. Қайта балаларын алуға келгенде ең алдымен, «Бүгін ағылшын тілі болады ма?» деп сұрайды» деді. Міне, біздің ағылшын тілін білуге деген құлшынысымыз. Балаларының орысша-қазақша араластырып сөйлеп, ана тілін шала біліп жүргеніне алаңдаған бір ата-ана көрмедік. Өзгенікінің бәрін зор, өзінікі қор санау психологиясынан арылмай, осы қарқынмен кете берсек, енді бір он-он бес жылдан кейін бүгінгі күнімізбен жылап көрісетін боламыз. Сондықтан балабақша мен мектепті мықтап қолға алмасақ, қапы қаларымыз айдан анық.

Біз өз құндылықтарын бағалау кемшін де, өзгенікінің бәрін артық санау басым. Сондықтан да өз болмысымызды сақтаудан гөрі өзге ге бейімделгіш, еліктегішпіз. Кеше ұл-қызымызды қаршадайынан «Орыс тілін білмесең, нан тауып жей алмайсың, адам болмайсың, өспейсің» деп қорқыттық, орысша оқыттық. Олардың нансыз, портфелбсіз қалудан қорыққаны сондай, орысша сайрап шығып, өз тілін ұмытып қалды. «Қазақы бала – бала емес» деп өзіміз оларға орыстағы тәрбиені үлгі еттік. «Қазақбай» болма, «қазақбайшылығыңды қой» деп, қазаққа тән нәрсенің бәрін кемсітіп, менсінбеу мінезі пайда болды. Бүгін де дәл кешегідей балаларымыздың «Ағылшынша білмесең, болашағың жоқ» деп есін шығарып жатырмыз. Қазақстан – біздің өз үйіміз. Жарайды, әлемдік масштаб, халықаралық деңгей туралы айтпай-ақ қоялық. Өз үйіңде, өз халқыңның ортасында, өз еліңді отырып тіліңе қажеттілік туғыза алмасаң, өз тіліңмен нан тауып дей алмасаң, одан асқан қандай бейшаралық болуы мүмкін? Осыны неге ойламаймыз.

Ең алдымен қазақтың біртұтас ұлт ретінде бір тілдік қауымдастыңты құрап, тілдік біртектілікке қол жеткізуі – тұтас елдің ішкі бірлігінің нығаюына, мемлкеттік тілдің шын мәніндегі қазақстандықтардың басын біріктіруші факторға айналыуына негіз қалайтынын түсінетін уақыт жетті. Міне, сондықтан қазақтар да, өзге этнос өкілдері де осы елдің көркеюін шынымен ойласа, ең алдымен қазақ тілін оқып, мемлекеттік тілдің төңірегіне топтасуы керек. Басқа жолдың ешқайсысы біздің мүддемізге сай келмейді.

 

Шерубай Құрманбайұлы,

филолгия ғылымдарының докторы, профессор,

ҚР ҰҒА-ның корреспондет мүшесі

Пікір қалдыру


Қорғаныс саны
Жаңарту

Іздеу

Сауалнама

Бүгінде журналистерге қай сала мамандарынан ақпарат алу қиын?

Медицина - 57.1%
Прокуратура - 0%
Сот - 0%
Департаменттер - 14.3%
Облыстық басқармалар - 28.6%

Дауыс саны: 7
The voting for this poll has ended on: 29 Шіл 2017 - 00:00

Жоба туралы

Сыр өңірінің тумасы, қайсар қаламгер, ақын Зейнолла Шүкіровтің рухына арналған «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты облыстық жас ақындар мүшәйрасы өтті.

 «Руханиятты жаңғырту» қоғамдық қоры мен республикалық әдеби-мәдени, тарихи-танымдық «Әлімсақ» журналы Зейнолла Шүкіровтің рухына арнап биыл төртінші рет дәстүрлі «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты талантты жас ақындар мүшәйрасын ұйымдастырды. Биылғы жылдың жеңімпазы - М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжінің студенті Нәбира Ешниязова.

 

 

Редакцияға хат

Email:
Тақырып:
Текст:

Әлеуметтік желілер

Күнтізбе

<< < Желтоқсан 2016 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 31  

As we continue our list of fantasy football”s top 101 PPR players of 2017 we have three players who have recently finished in the top-15 at their positions.

In fantasy football there will always be players who have an unexpected drop or rise from one year to the next. One player on today’s list was a top-six wide receiver in 2015. The next year,Vince Wilfork Jersey he wasn’t even a top-20 wide receiver.

The same can be said about a running back on today’s list who was a top-five running back in 2015. Last year, he wasn’t even a top-18 running back. Who are these players and what should we expect from them in 2017?

To be clear,J.J. Watt Jersey the top 101 PPR players are for re-draft leagues only. Here’s a look at players ranked No. 38-36:

Last season Patriots wide receiver Julian Edelman finished fourth in the NFL in receptions with 98. He also set a career-high in receiving yards with 1,106. In the end,Brian Cushing Jersey Edelman finished 2016 as the 15th PPR wide receiver. Unfortunately for Edelman, I see a regression coming his way in 2017.

The 2016 season was only the second time in Edelman’s eight-year career he played in all 16 games in a season. The other time came back in 2013. Going into 2017, the odds are against the 31-year old receiver to play in all 16 games in back-to-back years for the first time in his career. Even if he somehow manages to stay healthy for all 16 games, he’s sure to lose targets and receptions.

Last year Patriots star tight end Rob Gronkowski had a career-low 25 receptions. Gronk was never 100 percent during the 2016 season and only appeared in eight games. Going into 2017,DeAndre Hopkins Jersey he will be back to full strength. Also, the Patriots traded their 2017 first-round pick for Saints wide receiver Brandin Cooks. The former Oregon State Beaver will be the team’s new No.1 wide receiver.

Журнал туралы

«Әлімсақ» журналы – рухани серігіңіз

 Қазақтың ғасырлар қойнауынан тамыр тартқан, әлімсақтан келе жатқан хатқа түскен тарихының, ұлттық болмыс-бітіммен астасқан әдебиеті мен мәдениетінің, тілі мен дінінің, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрінің бірден-бір насихатшысы, Сыр бойының тарихында алғаш рет әдеби-мәдени, тарихи-танымдық бағытта жарық көрген «Әлімсақ» журналының оқырманына жол тартқанына алты жылға жуық уақыт болып қалды. 2009 жылдың сәуір айынан бастап алғашқы нөмірі жарыққа шыққалы бері қазақ әдебиеті мен тарихына қатысты мақалаларды ортаға салып, Сыр өңірінің мәдениеті мен өнерін насихаттап, облысымыздың бүгінгі мәдени, әлеуметтік дамуындағы өзгерістерді ақпараттандыруда журналдың қосып келе жатқан үлесі салмақты.