Бас редактор бағаны

"Әлімсақ" журналының бас редакторы, филология ғылымдарының кандидаты

Нұрлан Көбегенұлы Нұрмаханов

 Бас кеспек болса да...

Журналға тіркелу

Валют бағамы

Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан

Серіктестер

ӨГЕЙ ҰЛ

Таң алдындағы тәтті ұйқысынан ұялы телефонының дауысы оятып жіберді. Алғашында түс көріп жатқандай болып, ұйқысын қимай біраз жатты. Телефонына салынған Ресейдің эстрада жұлдызы Алла Пугачеваның әйгілі әні қайталана беріп, алмасына қоймады.

- Алло, - деген қарлығыңқы дауыспен.

- Мерей аға, ассалаумағалейкум, - деді ар жақтағы дауыс.

- Уағалейкумассалам,бұл кім екен?..

- Мерей аға, папамнан айрылып қалдық...

- Немене?..

- Мен Жасұланмын ғой, Талдыбектің баласы, папам қайтыс болды. Ар жақтағы дауыстың жылап тұрғаны байқалады. Ағасының атын естігенде Мерей төсегінен атып тұрды.

 - Қашан қайтыс болды?

- Қалаға дәрігерге көрінуге кеткен, операцияға дайындап жатқанда қайтыс болды.

- Қай жері ауыратын еді?

- Соңғы кездері өкпем қысылады, алқынып қаламын, терлей беремін деп көп айтушы еді. Сонан соң дәрігерге қалаға әкелгенбіз, операция үстінде кетті.

Жаназасын алдағы жұмаға деп жатырмыз.

- Естідім, бәрін де естідім. Мерей телфонын ажыратып жіберді.

Төсегінде біраз отырып қалды. «Талдыбекті ауырып жүр» дегенді естімеген еді. Естімеген емес, ағасымен көптен бері хабарласқан да жоқ еді. Ара-тұра хабарласып тұрғанда не етер еді. Ойына әрдеңе түсіп, отырғанында әйелі Наталья Петровна ұйқылы-ояу жатып:

- Что было? – деді. Үй ішіндегі бозаң жарықтан әйелінің жүзі көрінбегенімен, әлгіндегі әңгімені естіп жатқаны байқалады.

- Ағам қайтыс болыпты, баласы хабарлады.

Әйелі төсегінен әрі аунап түсіп, үнсіз қалды.

 

Өзінің ауыл жаққа ат ізін салмағанына да жиырма жылдан асып кетіпті. Өтіп бара жатқан зымыраған уақыт бірте-бірте естегілерді де өшіре береді екен, сүйтсе де балалық шақтағы көп жайлар ұмытылмайтынға ұқсайды. Соңғы барғанында Талдыбек ағасы:

- Балаларды ертіп әкеліп, жиі қатынап тұрсаңшы, - деген.

Одан кейін де туған ауылына баруға, туыстарымен жүздесуге уақыты болмай, мүмкіндігі келмей қалған жоқ, өзінің әу бастан бауырларына деген салқындығы барғызбады, әрі әйелінің де сонау қиырдағы алыс жерге баруға құлқы болмады.

Самайындағы ақ қыраудай шашы мен ағарып кеткен мұрты Мерейдің жасын ұлғайтқаныменен, жүріс-тұрысы, қимылы әлі әлдеқайда жас етіп көрсететін. Үнемі дене қимылын жасап, спортпен айналысуды әдетке айналдырған ол әлі де болса жараған аттай, жып-жинақы жүретін.

Талдыбектің қазасы Мерейдің есіне өткен өмірін, сонау алыста қалған күндерді түсірді. Ағасы ұзақ жылдар ауылда мал бақты. Бір кіндіктен тараған бес ағайынды еді, екі апасы ерте тұрмыс құрып, балалы-шағалы болып кетті, ең кенжесі Алпан да қиыр шетке шығандады. Анда-санда ай аралатып телефонмен хабарласқаны болмаса, бір-бірлерінің жеке өмірлерінен бейхабар. Осы кезге шейін туыстарының балалары үйленіп, қыздары тұрмысқа шығып, қызықтарына шақырып жатса да, ешбіріне бармапты, Олар шақырмайды емес, мұның баруға құлқы болмайды, көбіне Надяның айтқаны болады, сопиып өзі бара алмайды.

Есіне сонау алыста қалған балалық шағы түсті...

Жатаған тапал там. Сол үйден шығатын қалың қара бурыл сақалды әкесі мен ақ жаулықты шешесі. Самаурынға шоқ салып шай қайнататын жеңгесі Балжан. Астындағы атын терлетіп келіп байлап жататын ағасы Талдыбек. Демалысқа келіп көмектесіп жүретін өзі. Сонан соң көрші үйдегі бұдан бір сынып төмен оқитын бұрымды қыз. Сол қызды анасы да жақсы көретін еді.

Кішкентайынан ағасының соңына еріп өсті, ол бұған ағалық көрсетуден жалыққан емес. Теңізге қайыққа мініп шығып, балық аулаған. Мылтық атуды үйретіп, құсқа алып шыққан. Соның барлығы мұны тіршілік етуді біле берсін дегені екен ғой. 

Мектеп бітірген соң күзге дейін балық зауытының жылымшыларымен балық аулады. Қарашада әскер қатарына шақырылды, әкесі бір қойын сойып үлкендердің батасын алды. Ауылға күнара келетін ұшаққа отырарда шешесі жылаған еді, әкесі тыйып тастады:

- Тек, жаманшылық шақырма, соғысқа бара жатқан жоқ, екі жыл деген не, тәйірі? – деген.

Үйінен аттанып жатып көрші қыздың жанарындағы қимастықты байқамай қалған жоқ.

Ағасы үйреткен өмір сабақтары текке кеткен емес. Әскерге тез бейімделді, алты айда орысшаға төселіп алды. Сардарларынан алғыс алып, апта сайын қалаға серуенге шығып тұрды. Сүйтіп жүріп сұлу да сүйкімді Надяға жолықты, бойжеткеннің бұған деген махаббатына жіпсіз байланды да, бұрымды қызды ұмытты.

Надя бір отбасының жалғызы болатын, оның қалауына әке-шешесі қарсы болмады. Әскерден босанғанда сүйгенімен қол ұстасып ауылға тартты.

Талдыбек орта бойлы, қызыл шырайлы, қалжыңға жақындау адам болатын Үлкендігін білдіріп, інілеріне қамқорлығын жасап жүрді. Бұлардың жаңа үйленген жас кездерінде өздеріне сойған етінен мол етіп, сыбаға беріп жіберетін. Сыбағасын салғаннан кейін телефон шалып:

- Мерейжан, орыс келінге айтарсың, сиырдың етін салып жібердім, - дейтін.

Ана бір жылдары жұмыссыз жүрген кезінде ағасының қамқорлығы мұның отбасын сақтап қалған. Әйелінің табысына қарап, екі баласын қалай асыраймын дегенде Талдыбек қол ұшын созған. Осында қатынаған таныс адамдардан «сендерге керек болар деп бір түйе сатқанмын» деп ақша беріп жіберіпті. Бұдан кейін де бірнеше рет өз аузынан жырып көмегін беріп тұрды.

Темекісінің ащы түтінін құшырлана сорып, Мерей балконнан сыртқа қарап біраз отырды. Қарсы алдындағы үлкен көшемен машиналар арлы-берлі сеңдей соғылысып жүйткіп, жаяу жүргіншілер жұмыстарына асығып бара жатыр.

Әдемі көкшіл көздері күлімдеп, қысқа қырқылған алтындай сары шашын сілкіп тастап Надя:

- Тепер что будешь делать? – деді еркелей.

- Барып топырақ салып қайтамын.

Әйелі «өзің біл» дегендей шаруасымен болып кетті. Бір кездегі тал шыбықтай иілген сұлу Надя соңғы жылдары толыса бастаған, сонда да әрін бермеген, өзіне күтім жасайтыны байқалып-ақ тұр. Әйелі жасаған дастарханда отырып, екеуі үнсіз шай ішті.

Көп қабатты үлкен үйдің үшінші қабатындағы төрт бөлмеде екеуі ғана тұрады. Баласы қазір үйлі-жайлы, шағын кәсібін дөңгелетіп жүр, қызы Мәскеудегі жоғарғы оқу орнында студент. Баласы мен келіні айында соқса бір соғады, онда да көбіне өздеріне әлдене қажет болғанда, әйтпесе хабарласып тұруды да білмейді. Көбіне телефон соғып, немерелерінің жайын сұрап әйелі өбектеп жатады.

Жүрдек пойызға билет алып, көпесіне жайғасқан соң да Мерей мазасыз ойлардан арыла алмады. Перрондағы ары-бері жүгіріп жүрген жолаушыларға, бірін-бірі құшақтап шығарып салушыларға қарап біраз отырды.

Жаңа үйленген жас жұбайларды шығарып салушылардың дуылдаған көңілді күйі жан жағындағыларды да еліктіріп алғандай. Жастар гитарамен той жырын айтып дуылдап, ақ қайнар атып шуылдап, вокзалды басына көтеруде. Аппақ той көйлегін киген, шаттыққа бөленген жас келінді әрқайсысы келіп бетінен сүйеді, құшағына алып қуаныштарын білдіреді.

Есіне өзінің қалай үйленгені түсті. Жиырмаға енді толған Мерей дәл осы вокзалдан Надясын жетектеп пойызға мінген еді. Оған да қырық жылдан асып кетіпті. Бұларды келіншегінің әке-шешесінен басқа ешкім шығарып салған жоқ. Екі жас махаббаттың бал шырынына мас дүниедегі ең бақыттылар еді. Ауылға келіншек апаратынын айтып қана хат жазған. Сонау қиырдағы ауылға жеткенше қаладан шығып көрмеген, мұндай жол азабын білмейтін келіншегінің зықысы шықты, сонда да шыдап бақты.

Ауыл тойға дайындалған екен, барлығы келін келетін үйдің жанына жиналыпты. Жеңгелерінің бірі орамал салуға келді, келіншегі болса, мұның қолтығына тығыла береді.

- Тентек-ау, бір ауыз сөз түсінбейтін мынаны қайдан тапқансың, шүлдірлесіп қалай түсінісеміз, - деді  жеңгесі.

Бұл орысша сөйлесіп түсіндірген соң ғана Надя қазақтың салт-дәстүрін ұғынғандай болды. Баласының орыс қызын әкелгеніне әкесі қарсы болыпты, тіпті үйге түсірткісі келмеген екен, Талдыбек көндіріпті. Ағасына өз жағдайын айтқан соң:

- Әкемді көндіру қиын болды, ол сені бәрібір кешіре қоймас. Үйленуге асықпай-ақ дайындалғанын дұрыс еді, - деді Талдыбек.

Ағасының да мұның орыс қызына үйленгенін жаратпайтыны байқалып тұрды.

Көптен келмеген шағын қалада өзгеріс көп екен. Вокзал ғимараты жаңаланған, темір жолдан ары өтетін аспалы жол салыныпты. Талдыбектердің осы қалаға көшіп келгенін естігенмен, жолы түсіп, соғып, қоныс жайлы болсын да айтпаған. Мерейді пойыздан түбіт иек бозбала күтіп алды. Қайда барарын білмей дағдарған бұған балаң жігіт:

- Сіз Мерей аға боласыз ба? – деді.

- Иә.

- Менімен бірге жүріңіз, мына жерде де келгендер болуы керек, - деп жолаушылар арасына тағы екі жүргінші тауып алды.

Бір бөлмеде отырған жеңгесіне, апаларына көріскенде мұнымен көптен кездеспеген бауырлары құшақтарына алып ұзақ жоқтау айтты. Осы жерде ағасының қалай науқастанып, дүниеден өткені де айтылып қалды.

- Тез шаршап қаламын, дем жетпейді дейтін, ауруын жасырып айтпайды екен ғой, - деді Балжан. – Соңғы кезде сені жиі айтатын. Ағайыннан бөлініп жырақ кетті, ортамызға келсе жақсы болар еді деп отыратын. 

Ағасының қазасына жиналғандар ағайын-туыстар, құда-жегжаттар бұған да көңіл айтысып жатты.

- Ау, Мерей, мені таныдың ба? – деді орта бойлы, қара мұртты, әлі де сымбатынан айрыла қоймаған, жасы алпыстардан асып кеткен кісі.

Мерей ештеңені есіне түсіре алмай, тосырқап қалды.

- Мен Жайықпын ғой, екеуміз қатар өстік. Біздің үй төменде, сендердікі жоғарырақта тұратын.

- Ұмытып қалыппын, - деді Мерей.

- Жасың болса да біразға келді, орыс әйеліңді алып ағайын арасына келсең болмас па? – Жайық қатар өскендігін пұлдап Мерейге қаттырақ айтып жатыр.

Ауылдан келгендер арасынан немере інісі Мәкенді ғана таныды, қалғандарын біле алмады. Мәкен ағасын құшағына алып, шұрқырап амандасып, мұның бала-шағаларын сұрап жатыр. Өз басына өткен жаңалықтарды да айтып өтті.

Есіне қою қара сақалы кеудесін жапқан, жасы сексенді алқымдаса да, еңкеймеген, тік жүріп, кеудесін шалқақ ұстайтын әкесі түсті. Шешесіне топырақ салуға үлгіре алмай, қырқына әйелі екеуі жолға шыққан. Дәл ауылға жүріп, машинаға мінерде әйелі:

- Мен ауылға бармаймын, - деді.

- Неге?

- Барсам, атам өлтіреді.

- Әкем саған ештеңе айтпайды, жүре берсеңші.

- Жоқ, болмайды, мен осы жерден қайтамын.

Әйелін қара шалдың мысы басқан секілді, алғаш көргеннен-ақ Надя атасынан қатты сескеніп қалғаны байқалады.

Мерейді шешесінің садақасына келеді деп ешкім ойламапты, барлығы да таңданысып жатыр, әкесі ұлының келгеніне жылы қабақ танытпады, елемеді, өзіне келіп амандасқан баласына:

- Адасқан баласың ғой, адасқан баласың, - дей берді, қолындағы тасбиғын санап отырып.

Бұдан кейін әкесі қайтқанда туған жеріне, өскен ауылына соққан, осынысы ең соңғысы болатын, оған да бір адамның ғұмырында бірталай өзгеріс болатындай уақыт өтіпті. Одан кейінгісі мынау туған ағасына келіп тұрғаны.

Ағайын-туыстарының той-топырына құтты болсын айтпаған, өлім-жітіміне көңіл білдірмеген, араласып, қол көмегін бермеген бұған барлығының көңілі қалыпты. Мұны туыстары жер бетінде тіршілік етіп жүрген тірі пендеге санамайды екен. Сонда бұл қай жерде қателесіп, қай жерде жаңылысты, сонау жас шағында әскери қызметте қалып, қаладағы жақсы жұмыс, күйлі тұрмысқа ұмтылғанда ма, әлде сүйікті Надясымен бас қосып, отау құрғанда ма? Егер қалағаны қала қызы болмай, сонау бала күнгі бұған деген сезімін кеудесінің түкпірінде құпия сақтаған бұрымды қыз болғанда бәрі басқаша болар ма еді? Сол қыздың кейінгі өмірінен де хабарсыз екен. Байқап отырса, балаларын өзі туған жеріне әкелмепті. Жас кездерінде олар бұдан туған жері туралы жиі сұраушы еді, ондайда суына шомылған шалқар теңіз туралы, жағасында өскен бал құрақ, табан астында сусылдап жататын өзі аунаған аппақ құм туралы, ақ айдында жүзіп, сұңқылдасып, қиқуласып жататын сан алуан құстар туралы, қызыл-сары гүлдері көздің жауын алып, бұрқыраған жусан иісі жаныңды жадырататын керім дала туралы ұзақ-ұзақ әңгімелеп беретін. Жазғы демалыста ауылға апаратын болып уәде беретін, ал жазға жеткенде, әр түрлі жұмыстарға алаң болып, айтылған сөз орындалмай қалатын.

Талдыбекті соңғы сапарға шығарып салушылар өте көп жиналыпты. Келушілер көршілердің төрт үйінде жайланды.

Әкесі дүниеден озғанда ең соңғы рет келіп кеткен, оған да жиырма жылдан асып барады екен. Онда Жасұлан жетінші сыныпта оқитын бала еді, қазір екі иығына екі кісі мінгендей аптал азамат болыпты. Әкесінің барлық соңғы сапарға шығу рәсімін қолына алып, басқарып жүрген де өзі.

Біраз уақыттан кейін ағайын ортасына келген мына келісі өзін үлкен ойға қалдырды. Жүрегінің терең түкпірінде, алаң көңіл, алдауға көне беретін аңғал жанында сонау бір бал дәурен балалыққа деген сағыныш оянды. Егер қызметте жүрген кезінде отбасын осында жиі алып келіп тұрғанда, туыстары да мұны жатырқамас еді. Ауыл адамдарының аңқылдақ, ақ пейіл көңілінен Мерейдің өзіне де, балаларына да туысқандық махаббат, мейірім, жылылық табылар еді. Тек бұл туған жері, елі алдындағы перзенттік борышын ұмытпау керек еді. Ал, қазір бәрі кеш, өзін бөтенсіп, бауырына баса алмай жатқан жақындары балаларына ай құшақ жайып қарсы алады деймісің?

Ағасының жаназасына қатысып, топырақ салған соң ол қайтуға жиналды. Жасұланның:

- Папамның жетісіне дейін қарасаңызшы, - дегеніне де тіл қатпады. Жеңгесінің келін мен балаларға деп салған қалтасын да алғысы келмеген, бірақ қоярда қоймай қолына ұстатып жіберді.

Пойыздан күтіп алған бала жігіт шығарып салуға да дайын тұр екен, туыстарымен жеңгесімен, інісімен қоштасқан Мерей вокзалға жеткенше асықты.

Билеті алулы купесіне жайғасқан соң да әрі-сәрі күй кешумен болды. Бағана ағасының басына топырақ салғанда жиналған қалың көпшілік алма-кезек күректі жерге тастап, бірінен соң бірі мүрденің жас топырағын жалдап үйген болатын. Бір сәтке санасында жасын ой жарқ ете қалды. «Талдыбекке осыншама адам жиналып, құрмет көрсетіп жатыр, ертеңгі күні ағасының басына түскен күн бұған туса, мына ағайын не істер екен?» Жатырқай қабылдаған жақындары дәл мынандай болып шабылып-шашылмайтын шығар? Барлық кінә өзінен, осы кезге дейін араласпаған, әу бастағы бауырға, туысқанға деген мейірімнің жоқтығынан, жат бауырлығынан ғой.

Пойыздың жүретінін хабарлаған дауыс естілді де, орнынан жылжи берді. Ери жауған жылбысқы қар жапырағынан айрылып, сидиып қалған ағаш бұтақтарын майыстырып тұр, қыстың сұрқай ауа райында қара тал мұңды күй кешкендей, сол қара талдың басындағы хал өз басында тұрғандай Мерейдің жаны жабырқау тартып келеді...

 

Өтебай Серәлі

Пікір қалдыру


Қорғаныс саны
Жаңарту

Іздеу

Сауалнама

Бүгінде журналистерге қай сала мамандарынан ақпарат алу қиын?

Медицина - 57.1%
Прокуратура - 0%
Сот - 0%
Департаменттер - 14.3%
Облыстық басқармалар - 28.6%

Дауыс саны: 7
The voting for this poll has ended on: 29 Шіл 2017 - 00:00

Жоба туралы

Сыр өңірінің тумасы, қайсар қаламгер, ақын Зейнолла Шүкіровтің рухына арналған «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты облыстық жас ақындар мүшәйрасы өтті.

 «Руханиятты жаңғырту» қоғамдық қоры мен республикалық әдеби-мәдени, тарихи-танымдық «Әлімсақ» журналы Зейнолла Шүкіровтің рухына арнап биыл төртінші рет дәстүрлі «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты талантты жас ақындар мүшәйрасын ұйымдастырды. Биылғы жылдың жеңімпазы - М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжінің студенті Нәбира Ешниязова.

 

 

Редакцияға хат

Email:
Тақырып:
Текст:

Әлеуметтік желілер

Күнтізбе

<< < Желтоқсан 2016 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 29 30 31  

As we continue our list of fantasy football”s top 101 PPR players of 2017 we have three players who have recently finished in the top-15 at their positions.

In fantasy football there will always be players who have an unexpected drop or rise from one year to the next. One player on today’s list was a top-six wide receiver in 2015. The next year,Vince Wilfork Jersey he wasn’t even a top-20 wide receiver.

The same can be said about a running back on today’s list who was a top-five running back in 2015. Last year, he wasn’t even a top-18 running back. Who are these players and what should we expect from them in 2017?

To be clear,J.J. Watt Jersey the top 101 PPR players are for re-draft leagues only. Here’s a look at players ranked No. 38-36:

Last season Patriots wide receiver Julian Edelman finished fourth in the NFL in receptions with 98. He also set a career-high in receiving yards with 1,106. In the end,Brian Cushing Jersey Edelman finished 2016 as the 15th PPR wide receiver. Unfortunately for Edelman, I see a regression coming his way in 2017.

The 2016 season was only the second time in Edelman’s eight-year career he played in all 16 games in a season. The other time came back in 2013. Going into 2017, the odds are against the 31-year old receiver to play in all 16 games in back-to-back years for the first time in his career. Even if he somehow manages to stay healthy for all 16 games, he’s sure to lose targets and receptions.

Last year Patriots star tight end Rob Gronkowski had a career-low 25 receptions. Gronk was never 100 percent during the 2016 season and only appeared in eight games. Going into 2017,DeAndre Hopkins Jersey he will be back to full strength. Also, the Patriots traded their 2017 first-round pick for Saints wide receiver Brandin Cooks. The former Oregon State Beaver will be the team’s new No.1 wide receiver.

Журнал туралы

«Әлімсақ» журналы – рухани серігіңіз

 Қазақтың ғасырлар қойнауынан тамыр тартқан, әлімсақтан келе жатқан хатқа түскен тарихының, ұлттық болмыс-бітіммен астасқан әдебиеті мен мәдениетінің, тілі мен дінінің, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрінің бірден-бір насихатшысы, Сыр бойының тарихында алғаш рет әдеби-мәдени, тарихи-танымдық бағытта жарық көрген «Әлімсақ» журналының оқырманына жол тартқанына алты жылға жуық уақыт болып қалды. 2009 жылдың сәуір айынан бастап алғашқы нөмірі жарыққа шыққалы бері қазақ әдебиеті мен тарихына қатысты мақалаларды ортаға салып, Сыр өңірінің мәдениеті мен өнерін насихаттап, облысымыздың бүгінгі мәдени, әлеуметтік дамуындағы өзгерістерді ақпараттандыруда журналдың қосып келе жатқан үлесі салмақты.