Бас редактор бағаны

"Әлімсақ" журналының бас редакторы, филология ғылымдарының кандидаты

Нұрлан Көбегенұлы Нұрмаханов

 Бас кеспек болса да...

Журналға тіркелу

Валют бағамы

Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан

Серіктестер

ҚЫЗЫЛҚҰМДАҒЫ АҚМЫРЗА КӨТЕРІЛІСІ

Биыл Қазақ елі боп тәуелсіздігіміздің 25 жылдық мерейлі мерекесін кеңінен атап өткелі отырмыз. Ұлт тарихына алтын әріппен жазылып қалатын бұл айтулы мереке біздер үшін айрықша қымбат, ерекше қастерлі. Өйткені біздер – тәуелсіз елдің ұрпақтарымыз. Бейбіт аспан астында бақытты ғұмыр кешудеміз. Осындай бақытты өмір бізге қалай бұйырды? Бізге жеткен тәуелсіздік жолының мәні мен маңызы қандай? Бұл азаттық жолында мың өліп, мың тірілсе де, ұлан-ғайыр жері мен имандай ұйыған елінің тұтастығын көзінің қарашығындай қорғап өткен ата-бабаларымыз осынау жан жадыратарлық шуақты күнді кейінгі ұрпағына мұраға қалдырды.

1465 жылы Жетісу аймағында Қозыбасыда Керей мен Жәнібек сұлтандар шаңырағын көтерген Қазақ хандығы шын мәнінде Қазақ ұлттық мемлекеті болып қалыптасты. Әрине, жаңадан мемлекет құру оңай шаруа емес. Оның қуатын арттырып, саяси және экономикалық жағдайын нығайту үшін жерін кеңейтіп, халқын көбейту керек болды. Бұл орайда Қазақ хандары және олармен қанжығалас қазақ батырларының еңбегі ерекше. Олар шыбын жанын шүберекке түйіп, қасық қанын қиып жүріп, ұлан-байтақ Қазақ жерінің шекарасын бекемдеді және қорғады, бізге мұраға қалдырды. Орталық Азияда Қазақ хандығы деген тәуелсіз де қуатты алып мемлекет тарих сахнасына шықты және бес жарым ғасырдан бері өмір сүріп келеді. Қазақ елінің бүгінгі жер көлемінен әлемде тоғызыншы орын алатын аймаққа иелік етуіне Жәнібек ханның ұлы Қасым ханның зор үлесі бар екендігін баса айтуымыз керек. Ол туралы орта ғасырлық тарихшы Мұхаммед Хайдар Дулати: «Қасым хан бүкіл Дешті Қыпшақ даласына билік жүргізді... Жошыдан кейін бұл жұртта одан ұлы хан болған емес»-дейді. Осыншама жерді қорғап, елдің бірлігін сақтау одан кейінгі ата-бабаларымыздың қанына сіңген қасиетке айналды.

 

Тәуелсіздіктің Ұлы жолы. Қазақ жері үшін, Қазақ елі үшін атқа қонып, қолына қару алған қаншама ерлер ұмытылмас тарихи тұлғаға айналды. Қазақ ұлтын тәуелсіздікке жеткізген Керей мен Жәнібектен бастау алған ұлт-азаттық жолы күні кешеге дейін жалғасын тауып жатты және де Қазақ ұлттық мемлекеттілігін сақтап қалды. Сол азаттық жолында қаншама ерен ерлер қанын төгіп, жанын қиды. Әбілқайыр хандығын қалпына келтіруге тырысқан Шайбанимен отыз жылдық соғыс, Темір әулетімен, Өзбектермен, Моғол билеушілерімен өткен қанды шайқастар, Жоңғар шапқыншылығына қарсы жүз жылдық соғыс қазақтарды тәуелсіздік жолынан тайдырып, жігерін мұқалта алмады. Шығыстағы Қытай империясының біздің жерді жаулау идеясы Абылай ханның көрегендік саясаты арқасында тоқтатылса, батыстағы Ресей империясы Қазақстанды отарлауға жүз елу жылға жуық уақытын жұмсады. Отаршылдыққа қарсы Сырым Датұлы он төрт жыл, Кенесары Қасымұлы он жыл арпалысты. Саржан, Исатай мен Махамбет, Есет, Жанқожа, тағы басқа да көптеген батыр бабаларымыз ел тәуелсіздігі үшін азаттық жолында атқа қонды. Монархиялық-патшалық Ресейдің орнына келген Кеңес үкіметі де ел үмітін ақтамады. Қызыл империяның солақай саясаты қазақтарды қырғынға ұшыратып, ата жұртынан ауа көшуге мәжбүр етті. Орыс мәдениетін зорлап енгізіп, дінге ашық түрде тыйым салды. Олардың тәркілеу, ұжымдастыру сияқты саясаттары халықты ашаршылыққа ұшыратып, ел ішінде ашу-ыза туғызды. Соңы көтерілістерге ұласты. Осындай ашу-ызадан туған көтерілістің бірі Қармақшы топырағында, Қызылқұм өңірінде, Қуаңдария бойында болған Ақмырза көтерілісі болатын.

Кешегі кеңестік отаршылдық бұғауынан құтылған 25 жыл уақыт ішінде жоғалтқанымызды іздеп, тарихымызға түскен ақтаңдақтарды жою жолында біраз жұмыстар атқарылды. Бұл орайда Елбасымыз Н.Назарбаевтың бастамасымен 2004 жылы «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында көптеген игі істер атқарылды. Елге еңбегі сіңген тарихи тұлғаларымыздың ұмыт болған есімдері қайта аталып, өшкеніміз қайта жанды. Осындай тарихи тұлғалардың бірі Сыр бойының тума перзенттерінің бірі – Ақмырза ахун Төсұлы. Ақмырза кім? Бұл мақаламыздың негізгі мақсаты осы Ақмырзаның өмір жолымен, елге сіңірген еңбегімен оқырман қауымды таныстыру болмақ.

Сыр бойының біртуар тарихи тұлғаларының қатарында аталуға тиіс ағартушы-ұстаз, Қызылқұм өңіріндегі ұлт-азаттық қозғалысының көшбасшысы болған Ақмырза ахун халыққа неге таныс емес, оның аты неліктен аталмай келді? Осындай тарихи тұлғаның көп жағдайда ескерусіз қалуы мені бей-жай қалдырмады. Өйткені Ақмырза Төсұлы – Қазақ ұлттық мемлекетінің тәуелсіздігін аңсаған, дінін қорғауға қол жинап көтеріліске шыққан, азаттық жолына өзін құрбан еткен бірден-бір тарихи тұлға. Ол атадан балаға жалғасып келе жатқан азаттықтың ұлы жолында тәуелсіздіктің ізімен жүріп өткен, елжанды, ұлтшыл жан еді. Осыған байланысты мен Ақмырза ахунның туған жері Қуаң бойындағы «Қарақ» маңынан бастап, ол қызмет жасаған Қазалы ауданындағы «Кеңтүп» мекеніне дейін зерттеу жүргіздім. Зерттеу барысында ауылда тұратын рулас жақын ағайындарынан деректер жинап, баспасөз беттеріне жарияланған деректермен толықтырдым. Өкінішке орай ол туралы деректер өте аз және тым жұтаң болып шықты. Бұл мақаланы жазуда негізінен көтерілістің мәні мен маңызын және Ақмырзаның бүкіл ата-бабасының өмір жолы азаттық үшін күреспен өткендігін ашып көрсетуді мақсат тұттым.

Тектілік тұқым қуалайды. Ақмырзаның арғы аталарынан бастап көптеген би, батырлар шыққан текті тұқым болып саналады. Қазір Шөмекей тайпасындағы бір рудың атын алып отырған Жолай Ырысымбетұлы би, батыр, ұлт басшылырының бірі болған. Жатжерлік басқыншыларға қарсы соғыстарда батырлығымен, елді ұйымдастыруда, қазақ жерінің тұтастықғын сақтауда ерекше көзге түскен. Кіші жүз ханы Әбілхайырмен замандас, сол кездердегі кейбір даулы мәселелерді бірлесіп шешіп отырған. Ол кісі шамамен 1700-1770 жылдары өмір сүрген. Оның баласы Кетебай Жолайұлы да би әрі батыр, шамамен 1730-1815 жылдары өмір сүрген. Абылай ханмен тұстас оның ел бірлігі жолындағы саясатын қолдаған рубасы-билердің бірі. Ресей, Хиуа, Бұхар, Қалмақ елдерімен болған соғыстарға қатысып, ұлт азаттығы үшін күрескен. Бекет аталығын басқарған рубасы, жеке мөрі бар. Ықпалды би, биік беделді шешен адам болған.

Ресейдің қудалау саясатының басталуы. Алғашында Жолай би ел бірлігі үшін Әбілқайыр хан туының астында болғанымен, кейін Кіші жүздің Ресейге қосылу саясатын қолдамай одан бөлініп, осы саясатқа қарсы Батыр сұлтанның жағына шығады. Осыған байланысты қудалау көрген Әлім-Шөмен руларының біраз бөлігі өзінің ата қонысы Кеңгір өзенінің бойынан қазіргі Қуаңдария бойына қоныс аударғанда Жолай ұрпақтары да осы өңірге келіп қоныс тепкен.

Жолай ұрпақтарынан шыққан атақты адамдар.Жолай ұрпақтарынан көптеген атақты адамдар шықты. Таңат палуан, Өтетілеу, Пірәлі, Аман, Алмас, Әбдірейім, Дабыл билермен қатар Сопақ, Қожеке, Түбекбай, Арғынбай, Алданқұл, Ысқақ батырлардың аттары белгілі. Діни қайраткерлер мен ағартушылар Молдашер ахун (әрі палуан), Достан сопы, Ақмырза ахун тағы басқа да елге танымал көптеген тұлғалар болған. Бұлардың барлығы да үнемі отаршылдық саясатқа қарсы күрес жағдайында өмір сүрген. Ақмырза ахун осылардың ішіндегі өз ерекшелігімен ел есінде қалған бірегей тұлға.

Ақмырзаның балалық шағы. Ақмырза Төсұлы 1881 жылы Қуаңдария бойындағы Қарақ маңында (қазіргі Т.Көмекбаев ауылы) дүниеге келген. Ақмырзаның әкесі Төс қарапайым шаруа адамы болса керек. Бала Ақмырзаға лақ-қозы бақтырып қойыпты. Ауыл балаларының молдаға оқып жатқанын көріп білімге құштарлығы күн сайын арта түскен бала бір күні лақ-қозыны тастап молдаға келіп ,«мен де оқиын» дейді. Білімге құштарлығына риза болған молда оған күн сайын тапсырма-сабақ беріп тұрыпты. Ақмырза тапсырманы аса ыждағаттылықпен орындап, зеректігімен көзге түседі. Лақ-қозыны қараусыз қалдырғаны үшін ол әкесінен таяқ та жеген. Кішкене бала Ақмырзаның мешітке өзі келіп-кетіп жүргенін байқаған туысы Құтыш деген кісі Төсті шақырып алып, «Мына баланы оқыту керек, мал соңына салып қор қылма, түбінде осы баладан бірдеңе шығады»-дейді. Сол Құтыш мал соңында жүріп, жара басып кеткен баланың басын әйеліне тазарттырып, оны өз қолына алып оқытады. Бала оқуға зерек, алғыр және ынталылығымен көзге тез түседі.

Ақмырза білім жолында. Ақмырза ауылындағы мешітте Елмұрат молдадан дәріс алып, әптиек құранын аз уақытта игеріп шығады. Бұл оқуды азсынған ол оқу іздеп Бұхараға жол тартады. Мұнда Көкілташ медересесінде оқуын жалғастырады. Бұдан Ауғанстанда, Түркияда білімін толықтырып, «ахун» шатырхатын алып, 18 жылдан соң 1910 жылы елге оралады.

Ақмырзаның қызметі. Әуелі Қазалы ауданындағы Кеңтүп деген жерде мешітте дәріс береді. 1915 жылдар шамасында Шыбынтай Шортан деген кісі Қуаңдария бойында Үштөбе маңынан мешіт салдырып (қазір Т.Көмекбаев ауылы, «Ақмырза мешіті» деп аталады), осында дәріс беруге арнайы көшіріп алдырады. Ақмырза ахунның бай кітапханасы болған. Тоғыз түйеге жүк артып келгенде көбі кітап болған екен. Осы жерде айта кететін бір ерекше жәйт, Ақмырзаның ұсынысы бойынша мешіт жанынан арнайы дәріс беретін мектеп, балалар жатып оқитын жатақхана (интернат) салынған. Мектеп орны Ақмырза мешітінің жанында әлі күнге дейін сақталған. Ақмырза өзіне ғана емес, өзгеге болсын дейтін жомарт жан болған. Кедей отбасыларына ерекше қамқорлық жасап отырған. Өзі де білімге құштар Ақмырза бар ынта-жігерін ағартушылық жолына арнаған. Ол Қызылқұмдағы елдің балаларының арабша, латынша сауатын ашып, көптеген елге белгілі азаматтарды баулып, тәрбиелеп шығарған ғұлама ұстаз. Одан білім алған Серғали Толыбеков ҚазПИ-да ректор, Әлқуат Қайнарбаев шежіре жинаушы, Абдолла Сәндібеков Қарақалпақстанда қаржы министрі болған.

Ағартушы ұстаз Ақмырза. Ол: «Халқым балаларыңды қашанғы қой соңында салпақтатып қоясыңдар. Білекті бірді жығатын, білімді мыңды жығатын заманға келе жатырмыз. Елін қорғар, оған шамасы келмесе өзін қорғар білім алсын-дағы. Алла тағала иіс алмас надандықты, ұйқылы ояу күн кешуді құрсақ толып, құлқын тойғаннан өзге тоят іздемес қамсыздықты біздің маңдайымызға жазып қоймаған шығар»,- деп, тебірене айтып отырады екен.

Ақмырза қазақтың белгілі ағартушылары Абай Құнанбаев, Ыбырай Алтынсариннің жолын қуып, ісін жалғастырушы, өз замандастары Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатовтармен бірге қоғам алдындағы міндетті айқын түсінген сол заманның озық ойлы тұлғаларының бірі болды. Сонымен бірге ол дін үшін, ұлт-азаттығы үшін отаршылдық саясатқа қарсы болған, елді бастаған күрескер сардар еді.

Қазақстандағы Кеңес өкіметінің саясатына қарсы наразылық белгілері 1928 жылы біліне бастады. Бұның басты себебі осы жылы жүргізілген тәркілеу және жаппай ұжымдастыру науқаны болатын. Және дінге қарсы қудалаулар мен орынсыз салынған алым-салықтар халықтың наразылығын туғызды. Ол 1929 жылдың күзіне қарай ашық көтерілістерге ұласты. Көтеріліс қазақ жерінің көптеген өңірлерін қамтыды. 1929 жылы 27 қыркүйекте Бостандық ауданында, Қостанай округінде, тағы басқа да жерлерде қарулы көтерілістер болып өтті. Бірақ нашар қаруланған көтерілісшілердің бір-бірімен байланысы болмады. Бұл жерде атап айтатын бір жай, көтеріліске шығу жөнінде ортақ шешім болғанымен, ұйымдастыру, бір орталықтан басқару жағы мүмкін болмады. Сондықтан көтеріліске шыққандарды әр аймақта, әр уақытта жеке-жеке талқандап отырған. 1930 жылғы көтерілістер Шығыс Қазақстанда, Жетісу аймағында, Ақтөбе, Қостанай, Қызылорда округінде және Маңғыстауда да болды. Осы жерде бір назар аударарлық нәрсе, Ақмырза көтерілісімен қатар ақпан, наурыз, сәуір айларында Қазақстан аумағында бірнеше баскөтерулердің болуы. Атап айтқанда, олар 1930 жылғы 12 ақпандағы «Созақ көтерілісі», 1930 жылғы 20 ақпандағы Өскемендегі көтеріліс, 1930 жылғы 20 наурыздағы «Жетіқара» көтерілісі, 1930 жылғы 27 наурыздағы Жетісудың Ақсу ауданындағы, 1930 жылғы 30 сәуірдегі Қарақұм көтерілістері. Сонымен қатар 1930 жылғы 4 қыркүйектегі іргелес Қазалы ауданында болып өткен «Асан көтерілісі». Ал, Ақмырза көтерілісі наурыз айында болды. Қарап тұрсақ, осы баскөтерулер арасында бір заңды байланыс бар сияқты. Көтерілістің бәрі талқандалды. Барлық қатысқандармен қоса маңындағылардың өзі де аяусыз жазаланды. Кемпір-шал бала-шағаға дейін жапа шекті. Қазақтар үдере көшіп, шекарадан әрі асты.

Ақмырза көтерілісі. Осы көтерілістердің құрамдас бір бөлігі болып саналатын Қуаңдария бойында Қызылқұм өңірінде болған Ақмырза көтерілісі тарихтың ақтаңдақ беттерінде өшпестей жазылып қалды. Осымен бір мезгілде Қазалы ауданында Ақмырзаның туған інісі Тоқмырза да сарбаз жинап көтеріліске дайындалған. Ол көтеріліс те талқандалып, көптеген адамдар қаза тауып, қалғаны сотталып кеткен. Қызылқұм көтерілісінің басшысы Ақмырза ахун барлық қызметін, бүкіл ғұмырын дін жолына арнаған, дінді берік ұстанған адам. Оның маңайына 500-ден аса мерген сарбаздар жиналған. Ақмырза сарбаздары мен жазалаушылар арасында соғыс болдырмай, бейбіт келісім жасау жолында кеңес мұғалімі Хамза Жомартов көп күш жұмсағанымен, еш нәтиже бермеді. Оның өзі осы жерде қаза болды. Ақмырза сарбаздары 250 адамдық жақсы қаруланған қызыл отрядпен бірнеше рет бетпе-бет ашық майданға шыққан. Пулеметпен қаруланған қызылдар Ақмырза жасағын көп шығынға ұшыратты. Ақмырза қару күші тең емес жазалаушылармен одан әрі шайқасудың орынсыз екенін түсініп, шегінуге мәжбүр болады. Ақмырза: «Жазалаушылардан жеңілетініме менің зейінім жетеді. Дін мен ұлттың мүддені қорғау жолында өлсем арманым жоқ. Аман-сау тұрғанда бас сауғалаңдар»,- деп, өз адамдарына рұқсат береді. Көтеріліс жеңіліс тапты. Ақмырза 1930 жылы 26 наурызда қаза болды. Ақмырзаның өлімі туралы нақты дерек жоқ. Әртүрлі болжамдар айтылады. Біреулер оны «сол жерде өлтіріп, құдыққа тастады» десе, біреулер «қызылдар тірілей ұстап, Қазалы түрмесіне алып кетіп, одан Қызылордаға ауыстырылып, сол жақта атылды» дейді.

Азаттық үшін арпалысқан. Осындай текті тұқымнан шыққан, елі үшін қызмет жасаған, діні үшін өзге ұлтқа бас имеген, отаршылдыққа мойынсұнбаған, жаны таза, рухы биік жанның сүйегінің қазір қайда қалғаны белгісіз. Кеңес өкіметі көтеріліске қатысқандарды, олардың жақын туысқандарын тіпті руластарына дейін тоз-тозын шығарды. Ақмырзаның рулас ағайындары Өзбекстанның Тамды ауданына қоныс аударып, алды Ауғанстан, Иран, Түркияға дейін асып кетті. Ақмырза ахун соғысты қаламаған,бірақ дінін, ұлт азаттығын сақтау үшін амалсыздан қолына қару алуға тура келген. Кеңес өкіметі Ақмырза мешітін бұзып, мектепті қой қораға айналдырды. Тіпті, Ақмырза атын атауға тыйым салды. Тек тәуелсіздік алғаннан кейін ғана Ақмырза туралы деректер жиналып, аты ауызға алына бастады. Шашырап кеткен ағайын-туыстары елге оралды. Енді ғана ұлықталып, Қызылорда қаласынан көше аты берілді. Қазалы ауданының Ақсуат ауылынан мектеп мұғалімі Мұстай Дүйсенбаевтың ықпалымен Ақмырза атындағы мешіт ашылды. Ақмырза дүниетанымдық еңбектер мен бірнеше оқулықтар жазған. Көптеген еңбектері қызылдар қолына түсіп, барлық жинаған кітаптарымен бірге өртелген. Тек шетелге қашқан ағайындарының қолында «Түрік иман» атты бір ғана кітабы сақталған.

Ақмырза – ағартушы ұстаз. Қол бастаған сардар. Елін қадірлеген, ұлттық намысын биік ұстаған діни қайраткер. Тірісінде өз ұлтының құрметіне бөленген ардақты жан, өлгенде өзге ұлт саясатының құрбаны болып атаусыз қалды. ХV ғасырда Керей мен Жәнібек сұлтандар іргесін қалаған Қазақ хандығының тәуелсіздігін сақтау үшін бодандыққа бас имей өткен, азаттық деп жанын қиған есіл ерлердің бірі. Қорыта айтқанда, Ақмырза – қасиетті Қармақшы топырағында туып, Сыр бойында өмір сүрген, ұлт азаттығы үшін осы топырақта құрбан болған, кейінгі ұрпақ есімін еске сақтап, мақтан тұтарлық ұлы тұлға.

 

Сақтапберген Қосбаев,

№185 орта мектебінің тарих пәнінің оқытушысы.

Қармақшы ауданы

 

Т.Көмекбаев ауылы

Пікір қалдыру


Қорғаныс саны
Жаңарту

Іздеу

Сауалнама

Бүгінгі күні оқушылар мамандықты қалай таңдайды?

Ата-анасының қалауымен - 60%
Өз таңдауына сүйенеді - 0%
Гранты бар мамандықтарға барады - 0%
Көпшілік таңдауына мән береді - 10%
Шет аймақтардағы ұпайы аз мамандықтарға беттейді - 30%

Дауыс саны: 10
The voting for this poll has ended on: 17 Қаң 2018 - 00:00

Жоба туралы

Сыр өңірінің тумасы, қайсар қаламгер, ақын Зейнолла Шүкіровтің рухына арналған «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты облыстық жас ақындар мүшәйрасы өтті.

 «Руханиятты жаңғырту» қоғамдық қоры мен республикалық әдеби-мәдени, тарихи-танымдық «Әлімсақ» журналы Зейнолла Шүкіровтің рухына арнап биыл төртінші рет дәстүрлі «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты талантты жас ақындар мүшәйрасын ұйымдастырды. Биылғы жылдың жеңімпазы - М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжінің студенті Нәбира Ешниязова.

 

 

Редакцияға хат

Email:
Тақырып:
Текст:

Әлеуметтік желілер

Күнтізбе

<< < Желтоқсан 2016 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 29 30 31  

As we continue our list of fantasy football”s top 101 PPR players of 2017 we have three players who have recently finished in the top-15 at their positions.

In fantasy football there will always be players who have an unexpected drop or rise from one year to the next. One player on today’s list was a top-six wide receiver in 2015. The next year,Vince Wilfork Jersey he wasn’t even a top-20 wide receiver.

The same can be said about a running back on today’s list who was a top-five running back in 2015. Last year, he wasn’t even a top-18 running back. Who are these players and what should we expect from them in 2017?

To be clear,J.J. Watt Jersey the top 101 PPR players are for re-draft leagues only. Here’s a look at players ranked No. 38-36:

Last season Patriots wide receiver Julian Edelman finished fourth in the NFL in receptions with 98. He also set a career-high in receiving yards with 1,106. In the end,Brian Cushing Jersey Edelman finished 2016 as the 15th PPR wide receiver. Unfortunately for Edelman, I see a regression coming his way in 2017.

The 2016 season was only the second time in Edelman’s eight-year career he played in all 16 games in a season. The other time came back in 2013. Going into 2017, the odds are against the 31-year old receiver to play in all 16 games in back-to-back years for the first time in his career. Even if he somehow manages to stay healthy for all 16 games, he’s sure to lose targets and receptions.

Last year Patriots star tight end Rob Gronkowski had a career-low 25 receptions. Gronk was never 100 percent during the 2016 season and only appeared in eight games. Going into 2017,DeAndre Hopkins Jersey he will be back to full strength. Also, the Patriots traded their 2017 first-round pick for Saints wide receiver Brandin Cooks. The former Oregon State Beaver will be the team’s new No.1 wide receiver.

Журнал туралы

«Әлімсақ» журналы – рухани серігіңіз

 Қазақтың ғасырлар қойнауынан тамыр тартқан, әлімсақтан келе жатқан хатқа түскен тарихының, ұлттық болмыс-бітіммен астасқан әдебиеті мен мәдениетінің, тілі мен дінінің, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрінің бірден-бір насихатшысы, Сыр бойының тарихында алғаш рет әдеби-мәдени, тарихи-танымдық бағытта жарық көрген «Әлімсақ» журналының оқырманына жол тартқанына алты жылға жуық уақыт болып қалды. 2009 жылдың сәуір айынан бастап алғашқы нөмірі жарыққа шыққалы бері қазақ әдебиеті мен тарихына қатысты мақалаларды ортаға салып, Сыр өңірінің мәдениеті мен өнерін насихаттап, облысымыздың бүгінгі мәдени, әлеуметтік дамуындағы өзгерістерді ақпараттандыруда журналдың қосып келе жатқан үлесі салмақты.