Арда туған азаматқа дем беріп,арғымақ келді жаңа жылды өңгеріп

Арда туған азаматқа дем беріп,арғымақ келді жаңа жылды өңгеріп

Қазақ халқы ежелден төрт түлік малды бағып, жазда жайлауға, қыста қыстауға көшіп жүрген керемет...

Ұлттық тәрбиенің мәні – ұлттық ойындар

Ұлттық тәрбиенің мәні – ұлттық ойындар

  Ойнамайтын бала жоқ. Сухомлинскийдің сөзімен дәлелдейтін болсақ, "Ойынсыз ақыл-ойдың қалыпты...

АҚШ -тағы КЕН АЛИБЕК ЕЛГЕ ҚАЙТА ОРАЛДЫ

Кезінде АҚШ-қа кетіп қалған көрнекті микробиолог ғалым, полковник Кен Алибек туралы (азан шақырып...

 АБАЙША СҮЙІП, АБАЙША КҮЙІП ЖҮРМІЗ БЕ?

АБАЙША СҮЙІП, АБАЙША КҮЙІП ЖҮРМІЗ БЕ?

Атады таң, батады күн, толады ай.  Ауысады күнде саба, толағай.  Бірі барда бірі болмай,...

 Қамбаш көлі туризм аймағына айнала ала ма?

Қамбаш көлі туризм аймағына айнала ала ма?

 Сыр бойы – туризм саласынан кенде емес аймақтардың бірі. Айтатыны жоқ, Қазақстан өзінің...

  • Арда туған азаматқа дем беріп,арғымақ келді жаңа жылды өңгеріп

    Арда туған азаматқа дем беріп,арғымақ келді жаңа жылды өңгеріп

  • Ұлттық тәрбиенің мәні – ұлттық ойындар

    Ұлттық тәрбиенің мәні – ұлттық ойындар

  • АҚШ -тағы КЕН АЛИБЕК ЕЛГЕ ҚАЙТА ОРАЛДЫ

  •  АБАЙША СҮЙІП, АБАЙША КҮЙІП ЖҮРМІЗ БЕ?

    АБАЙША СҮЙІП, АБАЙША КҮЙІП ЖҮРМІЗ БЕ?

  •  Қамбаш көлі туризм аймағына айнала ала ма?

    Қамбаш көлі туризм аймағына айнала ала ма?

Бас редактор бағаны

"Әлімсақ" журналының бас редакторы, филология ғылымдарының кандидаты

Нұрлан Көбегенұлы Нұрмаханов

 Бас кеспек болса да...

Журналға тіркелу

Валют бағамы

Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан

Мұрағат

Серіктестер

Latest News

БІР АЛЛАНЫҢ ТЫЙЫМЫ БОЛАДЫ…

 

Қазіргі кезде ресми мәліметтер бойынша бас бостандығынан айырылған экс-премьер-министрден бастап, ауыл әкіміне дейін ұзын саны 1126 экс-шенеуніктер түзету колониясында жазаларын өтеп жатыр. Жыл сайын сотты болған шенеуніктердің саны көбейіп бара жатқан сияқты. Халықаралық «Транспаренси Инернэйшл» ұйымы жүргізген зерттеулер нәтижесі бойынша Қазақстан сыбайлас жемқорлыққа бейімделген Гватамала, Мадагаскар секілді елдермен бірге 133 орында тұр. «Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2011-2015 жылдарға арналған салалық бағдарламаға» сәйкес бұл рейтингте Қазақстан 2015 жылға қарай 90-орынға көтерілуге тиіс болатын. Өкінішке қарай, бұл мақсатқа жете алмадық. Сарапшылар түрлі себептерін айтып әлек.

 

 

 

«Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясының бұрынғы басшысы Талғат Ермегияев пен 23 сыбайласы ЭКСПО көрмесіне бөлінген 10 миллиардтан астам қаржыны жымқырып, сотты болды. Осы қомақты қаржының «4 миллиард 200 миллионын Т.Ермегияев қалтасына басты» деп айыпталды. Телеарналарының бірінен сот отырысын көрсетті. Қысылып, ұялып тұрған Т.Ермегияев жоқ. Керісінше арсызданып, соттарға және қатысушыларға қарап, ыржиып, мәз болып күліп отырды. Мерзімінен бұрын бостандыққа шығатын адамдар өздерін осылай сенімді ұстайды. Осыдан кейін-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің бос әурешілік екені баршаға түсінікті емес пе?!.

 

Қазақ қоғамына сыбайлас жемқорлық тоқсаныншы жылдары келді. Атап айтқанда, 1994-1997 жылдар аралығында Үкіметті Әкежан Қажыгелдин басқарды. Біреулер оны «Қазақстан экономикасын ең ауыр кезеңінде жолға салған адам» дейді. Басқалары «150 миллион доллар пара алды, мемлекет мүлкін жаппай талан-таражға салды, жекелендіру ісін әділсіз жүргізді» деп айыптайды. Қалай дегенде де, елімізде Ә.Қажыгелдин басқарған жекелендіруден кейін әп-сәтте байлар мен кедейлердің пайда болғаны шындық. Қазіргі деректерге қарағанда, еліміздегі байлар мен кедейлердің табыс айырмашылығы 29 есе екен. Бұл көрсеткіш батыстағы дамыған елдерде 4-4,5 еседен аспайды. Әділдіктің ауылы қашық екенін осыдан байқауға болады. Алайда, ең сорақысы Ә.Қажыгелдиннің «Рудный Алтай» газетіне берген сұқбатында былай депті: «Уровень зарплаты Премьер-министра дает мне моральное оправдание брать взятки».

 

Премьер-министр осылай десе, қалғандары не істемейді?! Осыдан кейін шенеуніктер арасында жарыс басталған секілді. Олар «миллионер» болуға асықты. Әрқайсысының сенімді басқаруға берген бірнеше жеке «фирмалары» болды. Көлденең табыс табу үшін қызметтерін пайдаланғаны да айдан анық. Облысты басқаруға келген бір басшы мінбеден жиналған жұрттан елге белгілі бір бай шенеунікке қарата сүйінші сұрап: «....миллиардер болды! Осыдан бес-алты жыл бұрын оған біздің арамызда сен бірінші «миллионер» боласың деген едім, айтқаным келді»,- деп, «ағынан жарылғаны» жиналысқа қатысушылардың есінде шығар. Қалай дегенде де, шенеуніктер арасында «миллионерлер» («миллиардерлер») көбейді. Экс-шенеунік, белгілі экономист Ораз Жандосов: «Үкімет мүшелерінің жартысы «миллионерлер» деп, бекер айтпаған болуы керек. Шенеуніктер табыстарын маңдай терімен тауып жатса, оған кім қарсы болады? Әңгіме сыбайлас жемқорларда болып отыр ғой.

 

Облыстағы шенеуніктер жоғарғы жақтағылардан қалсын ба?! Атырау облысының бұрынғы әкімі Бергей Рысқалиев қылмыстық топ құрып, мемлекетке 71 миллиард тенге шығын әкелген. Қазіргі кезде қылмыстық топтың 22 мүшесі сотты болып, Бергей мен оның ағасы Аманжан Рысқалиев және тағы 9 мүшесі халықаралық іздеуде. Сондай-ақ, Павлодар облысының бұрынғы әкімі Ерлан Арын, Қарағанды облысының бұрынғы әкімі Бауыржан Әбдішев және басқаларының сотталғаны жұртқа белгілі. Солардың ізімен жүрген қаншама қала мен аудан, ауыл әкімдері және түрлі денгейдегі салалық мекемелердің басшылары сотталып жатыр. Ресми деректер бойынша жыл сайын 3000 жемқор қылмыстық жауапкершілікке тартылады екен.

 

Қазақстандағы кең жайылған сыбайлас жемқорлықты тежеуге бола ма? Бұрын Алматы қаласындағы С.М.Киров атындағы университетің заң факультетіндегі дәріс берушілер: «Егер де темір жол бойындағы рельсті он, жүз, тіпті мың адам жұлып алса, ол зиянкестік, диверсия, яғни мемлекетке қарсы ауыр қылмыс болып саналады. Ал, рельсті одан көп адам жұлып алса, ол қылмыс емес, саяси проблема»,- деп үйрететін. Сондықтан да, сыбайлас жемқорлық қазіргі кезде саяси проблемаға айналды. Оны шешудің бір-ақ жолы бар. Ол – демократиялық институтты қалыптастыру. Бір сөзбен айтқанда, бұл келесі ұрпақтың шешетін мәселесі. Себебі, сыбайлас жемқорлықпен күресуге билік те, халық та қазір дайын емес. Ұлт жанашыры Дос Көшім жер реформасы жөніндегі комиссияның 2016 жылдың 2 шілдесінде Қызылорда облысында өткен кезекті отырысында «... дәл қазіргі кезде реформа жасауға мен ешқандай рұқсат бермес едім билік басындағыларға. Өйткені жемқорлық жайлап отыр...» деп кесіп айтты, сенімсіздік танытты.

 

Осыдан 25 жыл бұрын, яғни Кеңес Одағының құрамында болған кезде, Қазақстанда 68 мешіт болған көрінеді. Қазір мешіттердің ұзын саны 2320 дейін өсті. Алайда, бұл жағдай адамдардың пейілін өзгертті ме? Адалдыққа, кісілікке, парасаттылыққа немесе қайрымдылыққа кімді тәрбиеледі? Керісінше, адамдардың ниеті бұзылып, адамгершіліктен айырылып бара жатқан сияқты. Ажырасу, адамды сату, жаңа туған баланы тірілей әжетханаға тастау, жолай машинадан лақтырып кету сияқты күнделікті кездесетін фактілер – соның куәсі.

 

Ертерек заманда өмір сүрген Бекасыл әулие ақырғы сапарға аттанар алдында айналасына былай деген екен: «Зұлмат заман келе жатыр, құл-құтан көтеріліп, ылғи жалаңаяқтар ел басқарып, қаныңды судай шашады. Жылап, тақыр боласыңдар. Көмусіз адам көбейеді. Қырғын соғыс болады. Жесір көбейеді. Соғысты ұтасыңдар. Сөйтіп, көрер көзге жарқын, бірақ іштей іріп жатқан бір заман басталады. Көлік төрт дөңгелекті темір болады. Аспан жол болады. Бір үй орыс, бір үй қазақ болып отырасыңдар. Олар жерлеріңді тартып алады. Көшіремін деп, әуре болмаңдар. Жетпіс жылдан соң өздері көшеді. Имандылық азаяды. Өнеге тозып, қасиет азады. Жастар ит ішпейтін сусынға құмар болады. Еркек үйшіл, әйел базаршыл болады. Қатын ел билейді. Қысқа етекті көйлек киіп, есек тұяқты етікпен жүреді. Қатын жіберу көбейеді, әйел еркекті сыйлаудан қалады. Тірі жетімдер саны артады. Бірақ осының бәріне ертелі-кеш Аллаңның бір тыйымы болады». Атақты жұлдызшы Бекасыл әулие айтқандай, сыбайлас жемқорлыққа да Алланның бір тыйымы болатыны сөзсіз.

 

Әмірхан БӘКІРҰЛЫ

Пікір қалдыру


Қорғаныс саны
Жаңарту

Іздеу

Сауалнама

Бүгінде журналистерге қай сала мамандарынан ақпарат алу қиын?

Медицина - 57.1%
Прокуратура - 0%
Сот - 0%
Департаменттер - 14.3%
Облыстық басқармалар - 28.6%

Дауыс саны: 7
The voting for this poll has ended on: 29 Шіл 2017 - 00:00

Жоба туралы

Сыр өңірінің тумасы, қайсар қаламгер, ақын Зейнолла Шүкіровтің рухына арналған «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты облыстық жас ақындар мүшәйрасы өтті.

 «Руханиятты жаңғырту» қоғамдық қоры мен республикалық әдеби-мәдени, тарихи-танымдық «Әлімсақ» журналы Зейнолла Шүкіровтің рухына арнап биыл төртінші рет дәстүрлі «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты талантты жас ақындар мүшәйрасын ұйымдастырды. Биылғы жылдың жеңімпазы - М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжінің студенті Нәбира Ешниязова.

 

 

Редакцияға хат

Email:
Тақырып:
Текст:

Әлеуметтік желілер

Күнтізбе

<< < Желтоқсан 2016 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 29 30 31  

Кім онлайн?

Қазір 33 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр

As we continue our list of fantasy football”s top 101 PPR players of 2017 we have three players who have recently finished in the top-15 at their positions.

In fantasy football there will always be players who have an unexpected drop or rise from one year to the next. One player on today’s list was a top-six wide receiver in 2015. The next year,Vince Wilfork Jersey he wasn’t even a top-20 wide receiver.

The same can be said about a running back on today’s list who was a top-five running back in 2015. Last year, he wasn’t even a top-18 running back. Who are these players and what should we expect from them in 2017?

To be clear,J.J. Watt Jersey the top 101 PPR players are for re-draft leagues only. Here’s a look at players ranked No. 38-36:

Last season Patriots wide receiver Julian Edelman finished fourth in the NFL in receptions with 98. He also set a career-high in receiving yards with 1,106. In the end,Brian Cushing Jersey Edelman finished 2016 as the 15th PPR wide receiver. Unfortunately for Edelman, I see a regression coming his way in 2017.

The 2016 season was only the second time in Edelman’s eight-year career he played in all 16 games in a season. The other time came back in 2013. Going into 2017, the odds are against the 31-year old receiver to play in all 16 games in back-to-back years for the first time in his career. Even if he somehow manages to stay healthy for all 16 games, he’s sure to lose targets and receptions.

Last year Patriots star tight end Rob Gronkowski had a career-low 25 receptions. Gronk was never 100 percent during the 2016 season and only appeared in eight games. Going into 2017,DeAndre Hopkins Jersey he will be back to full strength. Also, the Patriots traded their 2017 first-round pick for Saints wide receiver Brandin Cooks. The former Oregon State Beaver will be the team’s new No.1 wide receiver.

Журнал туралы

«Әлімсақ» журналы – рухани серігіңіз

 Қазақтың ғасырлар қойнауынан тамыр тартқан, әлімсақтан келе жатқан хатқа түскен тарихының, ұлттық болмыс-бітіммен астасқан әдебиеті мен мәдениетінің, тілі мен дінінің, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрінің бірден-бір насихатшысы, Сыр бойының тарихында алғаш рет әдеби-мәдени, тарихи-танымдық бағытта жарық көрген «Әлімсақ» журналының оқырманына жол тартқанына алты жылға жуық уақыт болып қалды. 2009 жылдың сәуір айынан бастап алғашқы нөмірі жарыққа шыққалы бері қазақ әдебиеті мен тарихына қатысты мақалаларды ортаға салып, Сыр өңірінің мәдениеті мен өнерін насихаттап, облысымыздың бүгінгі мәдени, әлеуметтік дамуындағы өзгерістерді ақпараттандыруда журналдың қосып келе жатқан үлесі салмақты.