Арда туған азаматқа дем беріп,арғымақ келді жаңа жылды өңгеріп

Арда туған азаматқа дем беріп,арғымақ келді жаңа жылды өңгеріп

Қазақ халқы ежелден төрт түлік малды бағып, жазда жайлауға, қыста қыстауға көшіп жүрген керемет...

Ұлттық тәрбиенің мәні – ұлттық ойындар

Ұлттық тәрбиенің мәні – ұлттық ойындар

  Ойнамайтын бала жоқ. Сухомлинскийдің сөзімен дәлелдейтін болсақ, "Ойынсыз ақыл-ойдың қалыпты...

АҚШ -тағы КЕН АЛИБЕК ЕЛГЕ ҚАЙТА ОРАЛДЫ

Кезінде АҚШ-қа кетіп қалған көрнекті микробиолог ғалым, полковник Кен Алибек туралы (азан шақырып...

 АБАЙША СҮЙІП, АБАЙША КҮЙІП ЖҮРМІЗ БЕ?

АБАЙША СҮЙІП, АБАЙША КҮЙІП ЖҮРМІЗ БЕ?

Атады таң, батады күн, толады ай.  Ауысады күнде саба, толағай.  Бірі барда бірі болмай,...

 Қамбаш көлі туризм аймағына айнала ала ма?

Қамбаш көлі туризм аймағына айнала ала ма?

 Сыр бойы – туризм саласынан кенде емес аймақтардың бірі. Айтатыны жоқ, Қазақстан өзінің...

  • Арда туған азаматқа дем беріп,арғымақ келді жаңа жылды өңгеріп

    Арда туған азаматқа дем беріп,арғымақ келді жаңа жылды өңгеріп

  • Ұлттық тәрбиенің мәні – ұлттық ойындар

    Ұлттық тәрбиенің мәні – ұлттық ойындар

  • АҚШ -тағы КЕН АЛИБЕК ЕЛГЕ ҚАЙТА ОРАЛДЫ

  •  АБАЙША СҮЙІП, АБАЙША КҮЙІП ЖҮРМІЗ БЕ?

    АБАЙША СҮЙІП, АБАЙША КҮЙІП ЖҮРМІЗ БЕ?

  •  Қамбаш көлі туризм аймағына айнала ала ма?

    Қамбаш көлі туризм аймағына айнала ала ма?

Бас редактор бағаны

"Әлімсақ" журналының бас редакторы, филология ғылымдарының кандидаты

Нұрлан Көбегенұлы Нұрмаханов

 Бас кеспек болса да...

Журналға тіркелу

Валют бағамы

Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан

Мұрағат

Серіктестер

Latest News

ҚАЗАҚ ҚАЛАМГЕРЛЕРІНІҢ ҚАРЫМЫН НАРЫҚ БАҒАЛАЙДЫ ӘДЕБИ АГЕНТТЕР МЕН МЕНЕДЖЕРЛЕР ИНСТИТУТЫ ҚАШАН ҚАЛЫПТАСАДЫ?

Қазір бәрін нарыққа тірейтін заман орнады. Себебі экономика соған құрылады. Материалдық құндылық алға шыққан уақытта рухани қажеттілік екінші орынға ысырылып қала берді. Ақыл айтты демеңіздер, қазір көркем шығарманы іздеп оқитын, баспа жағалап, жаңа кітапты қолға қысып бара жатқан жандарды сирек көресің. Уақыттың тапшылығы шығар. Әйтесе де рухани байлықтан қол үзіп бара жатқанымызды байқаймай барамыз. Бұл сауалдың тарқатар түйіні көп. Неге десеңіздер, айтайық. Бүгінде қазақ жазушыларының «наны» жүрмей тұр. Сиясы кеппей, сөрелерде сан мың данамен сайрап тұрған жаңа кітаптардың өтімділігі аз. Амал нешік, жазушылардың қарымын нарық бағалауда. Бұрындары, Жазушылар одағы қаламгерлер кітаптарының шығуына септесіп, тіпті таралымына көмектесетін. Қазір мұндай көмек келмеске кетті деуге болатындай. Тек мемлекеттік тапсырыс негізінде шығатын бірлі-жарым кітаптың нарыққа шығуына мүмкіндігі бар. Шығармашылық саудаға салынған уақытта қаламгерлерге заманауи маркетингтік тәсілдерді меңгеру талабы көлденең тұр. Авторды титықтатып бітетіні осы. Қаламы төселген, айтар ойы ашық азаматтардың бір кітапты шығару жолында жанкешті еңбек ететіні, талай есіктің табанын тоздырып, мекеме жағалап жүргендерін жиі көз шалады. Мұның себебін елімізде әдеби агенттердің жоқтығымен байланыстыруға болады. Қазақ қаламгерлері өз өнімін әлемдік экспортқа шығаруы тиіс. Бірақ әдеби байланыстың жоқтығынан, қаламгерлер қазынадан қағылып жатыр. Әдебиеттегі өзекті мәселеге бізде үңіліп көргенді жөн көрдік. Елдегі кітап бизнесі, маркетинг-менеджмендтік әдіс-тәсілдерді жүргізіп отырған ұйымдардың әлеуетін білмекке ұмтылдық.

 

 

 

 

 

«ҮКІМЕТКЕ ӘДЕБИ-РУХАНИ МҰРА ҚАЖЕТ ЕМЕС...»

 

Әдеби агент – жазушы мен оқырман арасындағы дәнекер. Әрі табыс көзі. Мұны шетелдіктер әлдеқайда жолға қойып кеткен. Ал, Қазақстанда әдеби агентпен жұмыс жасайтын әзірге бір ғана жазушы бар. Ол – Рахымжан Отарбаев. Белгілі қаламгер бірнеше жылдан бері өнімін шет елге саудалап жүр. Бастапқыда айналымға шыққан кітаптарының табысы төмен болғанымен, қазіргі күйі жаман емес. Жазушының әңгімелері бүгіндері құрлық асып, әлемнің алпауыт тілдерінде аударылып басылып жатқаны Отарбаевтың әдеби агенттермен жұмыс жасаудың кілтін тапқандығын білдіреді. Жазушы бұған дейін берген бір сұхбатында биліктің рухани мұраға қалай қарайтынын айтып қынжылыс білдірген еді.

 

 - Шетелге шыққан бірінші кітабыңыздан көк тиын пайда түспейді. Неге десеңіз, ол кітаптың жарнамасына, басып шығаруына, шет тіліне аударылуына олар өздері қаржы шығарады. Екінші кітабыңыз шығарда, арнайы келісім-шартқа отырады. Келісім-шарт бойынша, пайданың он пайызы сізге беріледі. Осылайша, кітап өкен сайын, оның пайызы да ұлғайып отырады. Негізгі пайда әдеби агентіңіз бен шетелдік баспаға түседі. Мен жалғыз адаммын. Менің артымда не Жазушылар одағы, не Үкіметім жоқ. Жазушылар одағының жағдайы онсыз да белгілі. Ал, Үкіметтің әдебиетке бет бұрар түрі жоқ. Шетелдіктердің арасында жалғыз атты жолаушы секілді жүремін. Белгілі жапон жазушысы Мураками жөнінде бір сұхбатымда айтқан едім. Муракамидің артында бір қауым ел тұр, тіпті мемлекеті бар. Ортаңқол жазушы ғана. Бұл – менің өз ойым. Муракамиді қай тілге аудару керек, оған қанша шығын кетеді, одан қанша пайда түседі? Осының бәрі де жапон үкіметінің назарында. Оны он орап алатын қазақ жазушы ағаларым бар. Бірақ артында Үкіметі жоқ. Үкіметке әдеби-рухани мұра қажет емес. Соншама бай мемлекетпіз деп мақтанамыз, бірақ қалтаңда ештеңе жоқ, Сені тіреп тұрған ешкім жоқ. Осы жағы жанды қинайды,- дегені бар жазушының.

 

Байқап қарасаңыз, соңғы онжылдық көлемінде қазақ оқырмандары үшін түрлі таралымдағы жаңа жинақтар, толымды кітаптар шығарылуда. Жекеленген автор ретінде кітап басып жүргендері қаншама. Мұқабасы көзінді тартқанымен, оқылымы аз, өтімділігі төмен. Міне, осы мәселелерді тізбелеп, қазақ қаламгерлерінде әдеби агенттің болуы қажеттігін мінбелерде мәселе етіп жүрген «Bestseller KZ» әдеби агенттігінің негізін қалаушы Бақтыгүл Маханбетованың пікірін білу маңыздырақ. Табыс көзінің тасада қалып бара жатқанына жаны ашып жүрген қазақ қызы елдегі жазушылардың әдеби агенттердің қызметін алуға қауқары жетпейтінін өз көзқарасынан көруге болады.

 

- Өкінішке қарай, қазақ қаламгерлері арасында әлі де әдеби агенттіктің не екенін, оның қандай қызмет атқаратынын толық түсіне алмай жүргендер бар. Шығармаларды жарнамалау, қаламгердің қаламақы жағы көңіл көншітпейді, авторлық құқықты сақтауды назарда ұстайтын мамандардың жоқтығы, кітап жәрмеңкелеріне, түрлі халықаралық әдеби конкурстарға авторлардың аз қатысуы, тіпті мүлдем қатыспауы – әдеби ортадағы түйткілді мәселелерді шешетін, тиісті менеджерлер мен әдеби агенттердің болмауынан туындап отыр,- дейді.

 

Рас, қазіргі ахуалдың нақты бағасы осындай. Мемлекеттің көмегін күтіп отыра беруге тағы болмас. Жазушылар оқылымды дүниелерді жазып, жеке дара әдеби агенттермен жұмыс жасаудың тетігін тапса мәселенің түйіні тарқатылады.

 

 

 

КІТАП МАРКЕТИНГІ ҚАЙ ДЕҢГЕЙДЕ?

 

Кітаптардың оқырманға тұрақты түрде жетуі – тек жазушыға ғана тіреліп тұрған жоқ. Себебі кітаптың өту-өтпеуін нарық шешеді. Маркетингтің қадамдар арқылы кітап бизнесін дөңгелетіп отырған дүкендер баршылық. Оның басым бөлігі Алматы, Астанада шоғырланған. Қомақты кітап қорымен жабдықталған дүкен сөрелеріндегі кітапты ғаламтордың көмегі арқылы арнайы тапсырып беріп алуға болады. Кітапқа деген қол жетімділікті әрі оперативтілікті тексеру үшін біз елдегі интернет дүкенінің бірі flip.kz. сауда алаңынан авторлық кітапты сатып алуға тапсырыс бердік. Өтінімді қабылдаған дүкен кітапты өз уақытында жібергенімен, тасымалдау қызметін атқаратын сервистік қызметтің төмендігінен бір кітап 20 күн ішінде қолымызға тиді. Енді бағамдай беріңіз, кітапқа сұраныс болғанымен, тасылмдау саласында сапалық қызметтің төмендігі әлі де бары аңғарылады.

 

Ал, кітап дүкендеріндегі жағдай бөлек. Оқырман аз. Біз аялдаған Мұстафа Шоқай атындағы кітап дүкенінің қызметкері Жансұлу Оразбекованың айтуынша, қазақ қаламгерлерінен ішінен Абай Құнанбайұлы, Мұқағали Мақатаевтың кітаптарына сұраныс бар. Жекеленген жазушылардың шығармашылық кітаптарын ілуде біреуі сатылады. Сондай-ақ, кітап дүкені қызметкері қызылордалық оқырмандардың орысша кітаптарға қызығатынын жасырмады. Әсіресе, бизнес, психология бағытында жазылған туындылар тез саудаланатын көрінеді. Ал, өңірде кітап құрастырып, оны сатылымға шығарып жүрген азаматтардың туындыларының сатылымы төмен екенін кітап саудасымен айналысып отырған қызметкерлер жасырмады.

 

 

 

АЯЛДАМАДАҒЫ АҚЫНДАР

 

Халық кітап оқудан қалды деп айта алмаймыз. Оның үстіне билік бұқаралық мәдениетті дамыту бағытында қолдан келгеннің бәрін жасауда. Соның бірі – аялдамағы ақындар, жазушылар. Әрбір аялдамадағы ақындардың өлеңдерін халық өз ұялы телефондарының көмегімен оқи алады. Көптің ойынша, бұл да оқырманды қызықтырудың бір тәсілі. Бірақ, жаңашылдыққа елдің қызығушылығы төмендігі сезіледі. Уақыт – бәріне төреші. Мүмкін электронды кітап оқу мәдениеті бұқаралық сипат алатын күн де жақын.

 

 

 

ОҚЫРМАН ТАҢДАУЫ ҺӘМ ТАЛҒАМЫ

 

Қалай айтсақ та, ұлт үшін, не қаржылық мақсаттағы жазылған кітаптардың иесі – оқырман. Оқырманға ой тастау мақсатында жазылған материалды 24.кз телеарнасы жүргізген сауалнаманың қорытындысымен түйіндеуді тура жол деп таптық. Сонымен, 16 жастан жоғарылардың 39,2 %-ы кітапқа қызығады. Оқырмандардың 25 пайызы көркем әдебиет, оқулық, сөздік және анықтама алғанды құп көреді. Ал, ертегі мен балалар әдебиетіне халықтың шамамен 10 %-ы құштар. Зияткерлік және өткен заманның әдеби кітаптарын елдің 5 пайызы оқиды. Сондай-ақ, 16-19 жас аралығындағы жастардың 25 пайызы фантастика, детектив, шытырманға қызығатыны анықталып отыр.

 

Міне, қазыналы байлық кітапқа қызығушылық деңгейі осындай. Кітап қарай жүріңіз...

 

Абай ТАҒЫБЕРГЕН

Пікір қалдыру


Қорғаныс саны
Жаңарту

Іздеу

Сауалнама

Бүгінде журналистерге қай сала мамандарынан ақпарат алу қиын?

Медицина - 57.1%
Прокуратура - 0%
Сот - 0%
Департаменттер - 14.3%
Облыстық басқармалар - 28.6%

Дауыс саны: 7
The voting for this poll has ended on: 29 Шіл 2017 - 00:00

Жоба туралы

Сыр өңірінің тумасы, қайсар қаламгер, ақын Зейнолла Шүкіровтің рухына арналған «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты облыстық жас ақындар мүшәйрасы өтті.

 «Руханиятты жаңғырту» қоғамдық қоры мен республикалық әдеби-мәдени, тарихи-танымдық «Әлімсақ» журналы Зейнолла Шүкіровтің рухына арнап биыл төртінші рет дәстүрлі «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты талантты жас ақындар мүшәйрасын ұйымдастырды. Биылғы жылдың жеңімпазы - М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжінің студенті Нәбира Ешниязова.

 

 

Редакцияға хат

Email:
Тақырып:
Текст:

Әлеуметтік желілер

Күнтізбе

<< < Желтоқсан 2016 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 29 30 31  

Кім онлайн?

Қазір 25 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр

As we continue our list of fantasy football”s top 101 PPR players of 2017 we have three players who have recently finished in the top-15 at their positions.

In fantasy football there will always be players who have an unexpected drop or rise from one year to the next. One player on today’s list was a top-six wide receiver in 2015. The next year,Vince Wilfork Jersey he wasn’t even a top-20 wide receiver.

The same can be said about a running back on today’s list who was a top-five running back in 2015. Last year, he wasn’t even a top-18 running back. Who are these players and what should we expect from them in 2017?

To be clear,J.J. Watt Jersey the top 101 PPR players are for re-draft leagues only. Here’s a look at players ranked No. 38-36:

Last season Patriots wide receiver Julian Edelman finished fourth in the NFL in receptions with 98. He also set a career-high in receiving yards with 1,106. In the end,Brian Cushing Jersey Edelman finished 2016 as the 15th PPR wide receiver. Unfortunately for Edelman, I see a regression coming his way in 2017.

The 2016 season was only the second time in Edelman’s eight-year career he played in all 16 games in a season. The other time came back in 2013. Going into 2017, the odds are against the 31-year old receiver to play in all 16 games in back-to-back years for the first time in his career. Even if he somehow manages to stay healthy for all 16 games, he’s sure to lose targets and receptions.

Last year Patriots star tight end Rob Gronkowski had a career-low 25 receptions. Gronk was never 100 percent during the 2016 season and only appeared in eight games. Going into 2017,DeAndre Hopkins Jersey he will be back to full strength. Also, the Patriots traded their 2017 first-round pick for Saints wide receiver Brandin Cooks. The former Oregon State Beaver will be the team’s new No.1 wide receiver.

Журнал туралы

«Әлімсақ» журналы – рухани серігіңіз

 Қазақтың ғасырлар қойнауынан тамыр тартқан, әлімсақтан келе жатқан хатқа түскен тарихының, ұлттық болмыс-бітіммен астасқан әдебиеті мен мәдениетінің, тілі мен дінінің, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрінің бірден-бір насихатшысы, Сыр бойының тарихында алғаш рет әдеби-мәдени, тарихи-танымдық бағытта жарық көрген «Әлімсақ» журналының оқырманына жол тартқанына алты жылға жуық уақыт болып қалды. 2009 жылдың сәуір айынан бастап алғашқы нөмірі жарыққа шыққалы бері қазақ әдебиеті мен тарихына қатысты мақалаларды ортаға салып, Сыр өңірінің мәдениеті мен өнерін насихаттап, облысымыздың бүгінгі мәдени, әлеуметтік дамуындағы өзгерістерді ақпараттандыруда журналдың қосып келе жатқан үлесі салмақты.