Бас редактор бағаны

"Әлімсақ" журналының бас редакторы, филология ғылымдарының кандидаты

Нұрлан Көбегенұлы Нұрмаханов

 Бас кеспек болса да...

Журналға тіркелу

Валют бағамы

Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан

Серіктестер

БІЛЕЗІКТІҢ ТҮРЛЕРІ

 

Қазақтың халықтық зергерлік өнері ұлттық мәдениет тарихынан ерекше орын алады. Өнердің бұл түрінің түп төркіні мыңдаған жыл әріде жатыр. Археология мен топонимиканың деректеріне қарағанда, Қазақстан территориясында мыс, қалайы, алтын, тағы басқа асыл және түсті металдарға бай кен орындарын игеру ісінің ежелгі замандарда-ақ қолға алынғандығын айғақтайды. Білезіктің, сондай-ақ сақина мен сырғаның киесі мен қасиетіне сену ғұрпы шамамен қола дәуірінде орын алғаны жайлы археологиялық қазба жұмыстары мәлімдейді.

 

Қазақтың зергерлік өнері ежелгі дәстүрлердің сабақтастығы мен көрші халықтар мәдениетінің өзара ықпалы арқылы қалыптасқан. Зергерлік өнердің өзіндік жасалу ерекшелігіне тән кәсіптік мінездемесі бар. Қазақ зергерлері (зер – зар парсы тілінде алтын ұғымын білдіреді) көбіне жеке-дара жұмыс істеп, өз өнерін ұрпақтан-ұрпаққа үйретіп отырған. Зергерлердің басты жұмысы – қоғамның барлық әлеуметтік топтарының сұранысына ие болған әйелдердің әшекей бұйымдарын жасау болды. Ол тек эстетикалық сұраныстан ғана емес, сондай-ақ діни-идеологиялық, әдет-ғұрыптық, салт-дәстүрлік қажеттіліктен де туындап жатты.

Білезік қазақ әйелдеріне арналған ең көп таралған әшекейдің бірі болып табылады. Өйткені, оны қыз-келіншектер де, орта жастағы әйелдер де, қарт әжелер де білегіне салады. Білезіктікүмістен де, таза алтыннан да жасайды. Бір қызығы, тек күмістен соғылған білезіктің өзі қазақ елінің әр өңірінде әрқилы. Осы өзгешіліктер білезіктің жасалу, әшекейлену тәсілінен де, көлемі мен мүсінінен де айқын аңғарылып тұрады: Қазақстанның шығыс, оңтүстік-шығыс өңірлерінде білезіктер жұмырланып және төрт қырланып соғылады, солтүстік, орталық Қазақстанда білезіктер күмістен жұқартыла жасалады, оңтүстікте құйма сом білезіктер, батыс пен оңтүстік-шығыста өте көлемді, сырты алтынмен буланған көзді білезіктер кең тараған. Түр-тұлғасы мен жасалған материалына байланыстыбілезіктің түрлерібар: алтын білезік, күміс білезік, сом білезік, сағат білезік, құйма білезік, бұрама білезік, топсалы білезік, қос білезік, жұмыр білезік, бес білезік деп аталады.

Әдетте жұп білезік салады, кейде екі қолына қос-қостан білезік таққан. Білезіктің жуандығы әртүрлі болады, екі басы түйістіріп жасалатынжұмыр білезік,жуан алтын, күміс сымдардан өріп құрастырылғанөрме білезік, шілтерлеп жасалғанселдір білезік, тастар орнатылғантасты білезік, сағат түріндегі жалпақ сағат білезік деген түрлері кездеседі. Мұнымен қоса, білезіктердің атауы кейде жасалу тәсілін де білдірген. Мәселен, күміс бетіне қара ою жүргізу әдісімен жасалған білезіктіқарала білезікнемесекавказ білезікдейді. Нәзік тоқылған шынжырлар арқылы үзбеге бекітілген сақиналары бар түрлері –сақиналы білезік, бес білезік, шынжырлы білезіктеркөрген жанды тамсандырады. Зергер қолынан шыққан мұндай бірегей туындылар қыз-келіншектердің білегіне жарасып тұрады. Бұл секілді білезіктер түркмендерде, Дағыстан, Үндістан халықтарында кездеседі. Сонымен қатар жалпақ екі қабатты білезік те болған.

Білезік буын ауруларының алдын алады, қолдың тазалығын күшейтеді, жын-перілерді қуады деген ұғым халық арасында кеңінен таралған. Ең маңыздысы – білезік адам бойындағы күш-қуатты сақтайды. Қазақ бәле-жала әйелдің құлағы, шашы арқылы кірсе, күш-қуаты біртіндеп алақан арқылы сыртқа шығады деген сенім қалыптасқан, сондықтан әжелер соңғы күш-қуатынан айырылудан қорқып, білезігін қолынан тастамайтын болған. Білезіктегі өрнектердің мәнімен қоса, көп халық ұғымында қалыптасқандай, қорғаныш қасиетке ие сиқырлық күші бар деп саналады. Сондықтан өзге де тұмарлармен бірге баланың білегіне ақ-қара, қызыл-көк көзмоншақ тізбегін тағу дәстүрі осы уақытқа дейін сақталған.

Ж.Аманова,

Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану

музейінің қызметкері

Пікір қалдыру


Қорғаныс саны
Жаңарту

Іздеу

Сауалнама

Сіз қалаған ұялы телефон қандай?

Айфон - 50%
Нокиа - 5.6%
Самсунг - 11.1%
Хуавей - 5.6%
LG - 27.8%

Дауыс саны: 18
The voting for this poll has ended on: 10 Қар 2018 - 00:00

Жоба туралы

Сыр өңірінің тумасы, қайсар қаламгер, ақын Зейнолла Шүкіровтің рухына арналған «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты облыстық жас ақындар мүшәйрасы өтті.

 «Руханиятты жаңғырту» қоғамдық қоры мен республикалық әдеби-мәдени, тарихи-танымдық «Әлімсақ» журналы Зейнолла Шүкіровтің рухына арнап биыл төртінші рет дәстүрлі «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты талантты жас ақындар мүшәйрасын ұйымдастырды. Биылғы жылдың жеңімпазы - М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжінің студенті Нәбира Ешниязова.

 

 

Редакцияға хат

Email:
Тақырып:
Текст:

Әлеуметтік желілер

Күнтізбе

<< < Желтоқсан 2016 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 24 25
26 27 28 29 30 31  

As we continue our list of fantasy football”s top 101 PPR players of 2017 we have three players who have recently finished in the top-15 at their positions.

In fantasy football there will always be players who have an unexpected drop or rise from one year to the next. One player on today’s list was a top-six wide receiver in 2015. The next year,Vince Wilfork Jersey he wasn’t even a top-20 wide receiver.

The same can be said about a running back on today’s list who was a top-five running back in 2015. Last year, he wasn’t even a top-18 running back. Who are these players and what should we expect from them in 2017?

To be clear,J.J. Watt Jersey the top 101 PPR players are for re-draft leagues only. Here’s a look at players ranked No. 38-36:

Last season Patriots wide receiver Julian Edelman finished fourth in the NFL in receptions with 98. He also set a career-high in receiving yards with 1,106. In the end,Brian Cushing Jersey Edelman finished 2016 as the 15th PPR wide receiver. Unfortunately for Edelman, I see a regression coming his way in 2017.

The 2016 season was only the second time in Edelman’s eight-year career he played in all 16 games in a season. The other time came back in 2013. Going into 2017, the odds are against the 31-year old receiver to play in all 16 games in back-to-back years for the first time in his career. Even if he somehow manages to stay healthy for all 16 games, he’s sure to lose targets and receptions.

Last year Patriots star tight end Rob Gronkowski had a career-low 25 receptions. Gronk was never 100 percent during the 2016 season and only appeared in eight games. Going into 2017,DeAndre Hopkins Jersey he will be back to full strength. Also, the Patriots traded their 2017 first-round pick for Saints wide receiver Brandin Cooks. The former Oregon State Beaver will be the team’s new No.1 wide receiver.

Журнал туралы

«Әлімсақ» журналы – рухани серігіңіз

 Қазақтың ғасырлар қойнауынан тамыр тартқан, әлімсақтан келе жатқан хатқа түскен тарихының, ұлттық болмыс-бітіммен астасқан әдебиеті мен мәдениетінің, тілі мен дінінің, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрінің бірден-бір насихатшысы, Сыр бойының тарихында алғаш рет әдеби-мәдени, тарихи-танымдық бағытта жарық көрген «Әлімсақ» журналының оқырманына жол тартқанына алты жылға жуық уақыт болып қалды. 2009 жылдың сәуір айынан бастап алғашқы нөмірі жарыққа шыққалы бері қазақ әдебиеті мен тарихына қатысты мақалаларды ортаға салып, Сыр өңірінің мәдениеті мен өнерін насихаттап, облысымыздың бүгінгі мәдени, әлеуметтік дамуындағы өзгерістерді ақпараттандыруда журналдың қосып келе жатқан үлесі салмақты.