Бас редактор бағаны

"Әлімсақ" журналының бас редакторы, филология ғылымдарының кандидаты

Нұрлан Көбегенұлы Нұрмаханов

 Бас кеспек болса да...

Журналға тіркелу

Валют бағамы

Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан

Серіктестер

АЙҚОЖА ИШАН МЕН КӨКЕН БАТЫР

 

Елі мен жерін қорғап, құрметті атаққа ие болғандардың бірі – Көкен батыр Назарұлы. Ол қазіргі Қызылорда облысының Жаңақорған атырабында 1775 жылы туып, 1863 жылы сексен сегіз жасында қайтыс болған. ХІХ ғасырдың ортасында Сыр бойындағы Бұхар, Қоқан хандықтарының езгісіне қарсы ұлт-азаттық қозғалысқа белсене араласқан тарихи тұлға. Оның осы жауынгерлік ерлігінің ең үлкен маңызы - Қоқан хандығына қарсы Қазақстанның оңтүстігінде барынша шиеленісті сипат алған 1853-1861 жылдардағы көтерілісте Түркістан төңірегіндегі ру-тайпалардың батырлары мен билерінің, рубасы ақсақалдарының ұйғарымымен Қарабас сұлтанның кіші ұлы Көшек ханның шөбересі Әликенді хан сайлауға ықпал жасауы еді. Осы кездегі өзі шау тартқанымен елдің бірлігіне ұйытқы болған Көкен батырдың бұл әрекеті «бас-басына би болған» сеператистік пиғылдан туған жоқ, берекесі қашқан елге басшы іздегендік болатын.

Әлікеннің хан сайлануы Түркістан төңірегінде өрбіген көтеріліске ұйымдық сипат береді. Оның қарамағындағы елдің және әскерінің негізін құраған ру болғандықтан Әликенді кейбір деректерде қоңыраттардың ханы деп те атайды. Ханның кейінгі тағдыры әзірге белгісіз. Мүрдесі Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне жерленген.

 

Көкен көшпелі қоғамда бүкіл өмірі соғыста өтіп, әскери іс ата кәсібіне айналған, мемлекеттік билікке ықпал жасайтын әскери элитаның өкілі болатын. Жетпіс жыл аттан түспеді, елі мен жерін жаттан қорғады. Алтыата руының басиесіне айналған Көкен батыр Назарұлының осы кезеңдегі атқарған қызметі дәстүрлі қоғамның әлеуметтік талаптарына сай өрбіді. Соңына ерген Алтыата ұрпағы ғана емес, иісі қоңыраттың, Жаңақорған-Түркістан атырабын мекендеген барлық рулардың панасы да, ағасы да болған батырдың заманы отарлық дүлей күштің лықсып келген толқынының ығына есіп, қалқитын заман еді. Ал Көкен батыр «қырын боп келген заманның» ағысына қарсы тұра алды. Бүгінгі ұрпақтың Көкен батырды осындай өрлігі мен ерлігі үшін төбесіне көтеруінің мәнісі осы.

Атадан балаға жеткен ауызша тарих – шежірелік аңыз, әңгімелердің Көкен батырға қатысты шежірелік аңыз-әңгімелердің желілерінің мазмұнын, ондағы ақпараттық қатпарларды жазба деректердің мәліметтерімен салыстыра қарастыру батыр тұлғасын, оның өмірі мен қызметін ғылыми тұрғыда қалпына келтіруге мүмкіндік берді.  Мұрағат қорларында сақталған Көкен батырдың заманына қатысты деректерге сүйеніп, тұтас өңірдің тарихы туралы тың тұжырымдар жасалды. Осы өңірлік тарихтың мазмұнында Көкен батыр Назарұлының тұлғасы ерекше.

Көкен батыр Назарұлы туралы ең алғашқы тарихи дерек 1838 жылы қағазға түскен екен. Орынбор шекаралық комиссиясының мәліметтерінде Қызылқұмды мекендеген қоңыраттардың арасында Көкен Назаров дегеннің 200 шаңырақпен көшіп жүретіндігі, ол өз аумағында Бұхариядан шыққан сауда керуендерінің қауіпсіздігіне бақылау жасайды деген деректер кездеседі. Ендігі бір деректерде орыс шенеуніктері онымен жолығып, байланыс орнатуға мүдделі болғандығы жазылады. Сол сияқты Көкен Назаров 1840 жылы Сырдың оң жағалауында қоқандықтардың қолына түсіп, тоналған орыс сауда керуеніне қатысты келіссөз жүргізуге көмектесіп, Түркістан бегіне өз адамдарын жұмсағандығы айтылады. Орынбор облыстық мемлекеттік архивінен табылған осы аз ғана деректердің өзі Көкеннің Жаңақорған атырабында Сырдың екі жағалауына да бақылау жүргізген беделді тұлға болғандығын айғақтайды. Ал, Түркістан өлкесіне қатысты құжаттардың басым бөлігі Өзбекстан мемлекеттік Орталық архивында сақталғандығын ескерер болсақ, осы архивтен де Көкен батырдың  қызметін айғақтайтын құнды деректер кездесері сөзсіз.

Оған қатысты ел жадындағы аңызға бергісіз әңгімелер осылай дейді. Әсіресе, оның жекпе-жектегі найзагерлігі мен құралайды көзге атқан мергендігі ерекше аталады. «Көкжал Көкен батыр» атандыратындай «желкесінде жалы бар еді» деген деректер батырдың эпикалық тұлғалануының бір көрінісі еді. Ат жалын тартып мінгенінен Қоқанға қарсы күреске елді ұйыстыруда Түркістан-Жаңақорған атырабында Көкен Назарұлы дәстүрлі батырлардың соңы болса, дәстүрлі биліктің соңғы ханы болу Әликенге бұйырған сыңайлы. Заманы бір тағдырлас тұлғалар тарих алдында құрбандыққа шалынған малдың тұяқ серпігеніндей деп бағалауға болатын өз миссияларын атқарып кетті.

Тұяқ серпудің мәнісі - Көкеннің заманы «Елдің басынан бақ дәулет ұшқан заман еді». Қазақ хандығының бұрынғы күш-қуаты сарқылып, қуатты көрші мемлекеттердің саяси экономикалық ықпал аймағына айналды. Айтқаны екі болмайтын хандардың дәурені өтті, қас дұшпанымен жекпе-жек шығып, ашық шайқасатын батырлардың мәрттігі келмеске кетті. Көкеннің заманы бұқпантайлап келген жаудың аңысын аңдып, бұқпалап соғысуға мәжбүр етті. Қарағай найза, қайың садақты от шашып, оқ құсқан зеңберік пен мылтық ығыстыра берді. Дәстүрлі қоғамда батырлығын мәрттікке жалғаған қазақ батырын орыс отаршыларының шаламас солдаты жалғыз оқпен жайрататын күн туды. Осындай жағдайда елі мен жерін қорғап, батыр атанған Көкен сияқты батырлардың қызметін бағалауға жаңа көзқарас, тың таным қажет. Олай дейтініміз, батыр - қандай жағдайда да батыр болып қала бермек. Көкеннің батырлығы үлкен ұрыстарда қол бастап жауға шапқан батырлық емес, соғыс өнерінің тактикасы өзгеріп, соғыс құралдары жетілген кезеңдегі оңтайын тауып, орайын келтіріп, ел мен жерді қорғаған жаңа сипатты күрестегі батырлық деп бағаласақ керек.

Абылайдан соң хандық биліктің іргесі сөгіліп, отарлық басқыншылық күшейе түскен кезең өмірге бұрынғы батырларының сарқынындай болған Көкен батыр сияқты тұлғалы азаматтарды дүниеге әкелді. Тағы да оларды жаудың өтіне қойды. Көкен батырдың пешенесіне жазылған батырлық Бұхар мен Қоқан басқыншылығына қарсы күрес болды. Ендігі жердегі күрес елдің бірлігінен бұрын тірілігін сақтауға ұласты. Бұл жағдай әр ру, әр тайпаның өз жері, өз елі үшін отаршылармен бірде қату, бірде тату тіршілік етуі еді. Саяси биліктен айрылған елдің бытырыңқы ахуалы осылайша өңірлердің өз тіршілігін өзі қамдаған жанкешті әрекетіне ұласып, ұсақталып бара жатты.

Оңтүстіктегі көтерілістің басылмауынан қауіп ойлаған Түркістандағы Қоқан билеушісі Мырза Нияз көтерілісшілермен ымыраға келу үшін қарамағындағы қоңырат, қыпшақ, бестамғалы руларына шариғат заңына сәйкес қысым көрсетілмейтінін және оларға рақымшылық жасалатынын хабарлайды. Мәдәлі ханның өзі кәпір деп жарияланып отырғанда оның өкіліне көтерілісшілер қайдан сене қойсын? Көтерілісшілер бұған жауап ретінде Түркістанды билеуге өздері хан сайлаған сұлтан Әликен Қарабасовтың толықтай құқы барын және Мырза Нияздың биліктен кетуін талап еткен.

Көкеннің жеті ұлының арасында танымал болғаны Жантөре еді. Ол Қоқан хандығынан датқа шенін алған қоңыраттың санаулы игі-жақсыларының бірі. Оның есімі орыс-қоқан қатынастарына қатысты құжаттарда жиі аталады. Сондай құжаттардың бірінде жергілікті тұрғындардың наразылығы өршіп тұрған 1859 жылы Түркістандағы Қоқанның бегі Рүстембек Перовскіге бағынышты Жантөре датқа басқарған қоңыраттың көтенші бөлімінің ауылдарына шабуыл жасап, жылқы, түйелерін барымталаған және осы жорықта бірнеше адам қаза тауып, жарақат алғандығы жазылған. Негізінен қазіргі Жаңақорған атырабындағы руларға шабуыл жасағандар орыс отаршыларына қарсы қозғалыста қоқандықтардың жағында соғысқан Қасым төренің ұрпақтары болатын.

Батыр өз халқын қалай сыйласа, халқы да оған солай құрмет көрсеткен. Көкеннің өз кезінде етене араласқан тұлғаларының бірі Айқожа ишан Темірұлы (1773-1857) еді. Ол Сыр бойындағы елдің мәдени-рухани өміріне дем берген діни элитаның көрнекті өкілі болатын. Орта Азиядағы үлкен діни орталық - Бұхарада білім алып, оқуын Ауғанстанда жалғастырған Айқожа туған топырағына оралып, Сыр бойындағы ата қонысы Жаңақорған өңiрiнде мешiт салып, медресе ашып, діни ағартушылықпен айналысқан. Осы төңіректегі қоңырат тайпасымен қатар Орта жүз руларының да ата піріне айналған. Айқожа өз заманында ғұлама діндарлығымен, елдің саяси-рухани өміріне белсене араласқан қайраткерлігімен танылған еді. Бұхарада қатар білім алған замандастары Керей Марал ишан Қармақшыда, Құлболды ишан Тереңөзекте, Қосым ишан Қазалыда отарлыққа қарсы ұлт-азаттық қозғалыстарға дем берген тұлғаларға айналса, Көкен батыр Назарұлы мен Айқожа ишан Темірұлы Жаңақорған-Түркістан атырабында осындай тарихи жағдайда бір-бірімен етене араласқан, тізе қосып ел басқарған.

Ел аузында айтылып жүрген Көкен батыр мен Айқожа ишанның арасында орын алған түсінбеушілікті сол қоғамдағы саяси шиеленістің көрінісі деп бағалағанымыз дұрыс. Ол түсінбеушілік аңызда айтылатындай жеке бастың өкпе-реніші емес еді, оның астарында үлкен әлеуметтік мәселелердің сорабы жатқан болатын. Елі «пірім» деп қол берген ишанмен түсініспеушілікке осындай белгілі бір саяси-әлеуметтік негіз болғаны даусыз. Батырлық тек көзжұмбай ерліктің, қара күштің ғана белгісі емес. Ол – адамгершілік пен ақыл-парасаттың да өлшемі. Мәрттік пен жомарттықтың да биігі. Көкеннің ата пірінен кешірім сұрап, бітім-батуаға келу әрекеті батырға тән мәрттік деп бағаланса керек.

Бұл жердегі түсінбеушіліктің саяси астары Айқожаның бәрін де бір Аллаға тапсырған тағаттылығы мен елжанды Көкен батырдың отаршылардың қысымы мен қорлығына төзбеген өршіл рухында жатқандығында еді. Шариғаттың үкімімен барға қанағат, жоққа сабыр етуге болар. Бірақ өңмеңдеген дұшпанның зорлығы мен қорлығына бас иіп, қол қусырып, қарап отыруға бола ма? Көкен батырдың «Алаш деп ұран салмаса, атаң да болса ұрып жық» деп, дегеніне көнбей, ұлттың мүддесінен қия тартқан ағайынға қаталдығы Айқожаның елді имандылық пен тағаттылыққа шақырған ұстанымына қайшы келген сыңайлы. Мысал үшін айтар болсақ, Кене ханның да көтеріліске қосылмай, орыс отаршыларына бүйрегі бұрған қандастарына қатал болғаны жасырын емес қой. Тарих ол үшін Кенесарыны айыптамайды.

Көкен батырдың өршіл рухы мен Айқожа ишанның биік парасаты екі тұлғаның бітіспес қайшылығы емес, керісінше бодандық психология тудырған қарама-қайшылық бірлігінен сомдалған дүнияуи біртұтас болмыс. Содан да Көкен мен Айқожа тұлғасын бодандықтың қайыс ноқтасына маталып, екіұдай халге түскен ұлт рухының тұтас бітімі деп танимыз. Олжас Сүлейменовтың «Тауларды аласартпай даланы асқақтату» қағидасына жүгінсек Көкен батыр мен Айқожа ишан – кемшіліктерімен де, жетістіктермен де, ұлағатты өнегесімен де бірін-бірі толықтырған, бірінсіз бірі толық таныла алмайтын өз заманындағы әлеуметтік симбиоздың жарқын мысалы.

Мың жылдарға созылған қазақтың дәстүрлі қоғамы отарлық биліктің боданына түсумен аяқталды. Енді жаңа заман орнады, жаңа заң орнықты, жаңа тұрпатты адамдар тарих сахнасына шықты. Көкен мен Айқожаның заманы келмеске кеткен дәстүрлі қоғамның соңы болатын. Солай дегенмен, олар өздерінің пешенесіне жазылған тарихи миссиясын атқарып кетті: бірі тәуелсіздікке ұмтылған ұлттың өршіл рухының өнегесін қалдырса, екіншісі имандылыққа ұйыған елдің биік парасаты мен тағаттылығын бүгінгі ұрпаққа өнеге етіп қалдырыпты. Осы тұрғыда бағалар болсақ, Жаңақорған-Түркістан атырабындағы дәстүрлі батырлардың соңы – Көкен батыр болса, батырлық институттың өнегесін жаңа қоғамға ұластырған батырлардың алғашқысы да Көкен. Айқожа ишан да өз кезегінде дәстүрлі қоғамдағы діни элитаның осы атыраптағы соңғы өкілі, әрі жаңа қоғамдық-саяси қатынастарға бейімделген діни элита өкілдерінің алғашқысы болды. Бұл мәртебе – ұрпақтан-ұрпаққа, заманнан заманға ауысқан осындай дәстүр сабақтастығы Көкен батыр мен Айқожа ишан сияқты тарихи тұлғалардың пешенесіне бұйырған бақ.

Хазретәлі ТҰРСҰН,

тарих ғылымдарының докторы, профессор,

тарих және қоғамдық ғылымдар академиясының академигі

Пікір қалдыру


Қорғаныс саны
Жаңарту

Іздеу

Сауалнама

Бүгінде журналистерге қай сала мамандарынан ақпарат алу қиын?

Медицина - 57.1%
Прокуратура - 0%
Сот - 0%
Департаменттер - 14.3%
Облыстық басқармалар - 28.6%

Дауыс саны: 7
The voting for this poll has ended on: 29 Шіл 2017 - 00:00

Жоба туралы

Сыр өңірінің тумасы, қайсар қаламгер, ақын Зейнолла Шүкіровтің рухына арналған «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты облыстық жас ақындар мүшәйрасы өтті.

 «Руханиятты жаңғырту» қоғамдық қоры мен республикалық әдеби-мәдени, тарихи-танымдық «Әлімсақ» журналы Зейнолла Шүкіровтің рухына арнап биыл төртінші рет дәстүрлі «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты талантты жас ақындар мүшәйрасын ұйымдастырды. Биылғы жылдың жеңімпазы - М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжінің студенті Нәбира Ешниязова.

 

 

Редакцияға хат

Email:
Тақырып:
Текст:

Әлеуметтік желілер

Күнтізбе

<< < Желтоқсан 2016 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

As we continue our list of fantasy football”s top 101 PPR players of 2017 we have three players who have recently finished in the top-15 at their positions.

In fantasy football there will always be players who have an unexpected drop or rise from one year to the next. One player on today’s list was a top-six wide receiver in 2015. The next year,Vince Wilfork Jersey he wasn’t even a top-20 wide receiver.

The same can be said about a running back on today’s list who was a top-five running back in 2015. Last year, he wasn’t even a top-18 running back. Who are these players and what should we expect from them in 2017?

To be clear,J.J. Watt Jersey the top 101 PPR players are for re-draft leagues only. Here’s a look at players ranked No. 38-36:

Last season Patriots wide receiver Julian Edelman finished fourth in the NFL in receptions with 98. He also set a career-high in receiving yards with 1,106. In the end,Brian Cushing Jersey Edelman finished 2016 as the 15th PPR wide receiver. Unfortunately for Edelman, I see a regression coming his way in 2017.

The 2016 season was only the second time in Edelman’s eight-year career he played in all 16 games in a season. The other time came back in 2013. Going into 2017, the odds are against the 31-year old receiver to play in all 16 games in back-to-back years for the first time in his career. Even if he somehow manages to stay healthy for all 16 games, he’s sure to lose targets and receptions.

Last year Patriots star tight end Rob Gronkowski had a career-low 25 receptions. Gronk was never 100 percent during the 2016 season and only appeared in eight games. Going into 2017,DeAndre Hopkins Jersey he will be back to full strength. Also, the Patriots traded their 2017 first-round pick for Saints wide receiver Brandin Cooks. The former Oregon State Beaver will be the team’s new No.1 wide receiver.

Журнал туралы

«Әлімсақ» журналы – рухани серігіңіз

 Қазақтың ғасырлар қойнауынан тамыр тартқан, әлімсақтан келе жатқан хатқа түскен тарихының, ұлттық болмыс-бітіммен астасқан әдебиеті мен мәдениетінің, тілі мен дінінің, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрінің бірден-бір насихатшысы, Сыр бойының тарихында алғаш рет әдеби-мәдени, тарихи-танымдық бағытта жарық көрген «Әлімсақ» журналының оқырманына жол тартқанына алты жылға жуық уақыт болып қалды. 2009 жылдың сәуір айынан бастап алғашқы нөмірі жарыққа шыққалы бері қазақ әдебиеті мен тарихына қатысты мақалаларды ортаға салып, Сыр өңірінің мәдениеті мен өнерін насихаттап, облысымыздың бүгінгі мәдени, әлеуметтік дамуындағы өзгерістерді ақпараттандыруда журналдың қосып келе жатқан үлесі салмақты.