Бас редактор бағаны

"Әлімсақ" журналының бас редакторы, филология ғылымдарының кандидаты

Нұрлан Көбегенұлы Нұрмаханов

 Бас кеспек болса да...

Журналға тіркелу

Валют бағамы

Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан

Серіктестер

ҮБІС БИ

 

Сыр өңірі, Арал аймағы – қазақ даласына қашанда құтты қоныс, шырайлы мекен бола білген жер. Тарихтың қай бетін парақтасақ та, Сыр өңірі Қазақ даласында құрылған хандықтардың әлеуметтік-экономикалық дамуына өзіндік үлес қосты. Ежелгі кезеңде-ақ қала салу ісі қолға алынып, көшпелі мал шаруашылығымен қатар егін егу ісі дамыған өлке болатын. Орта ғасырларда Ұлы жібек жолының «Дала жолы» бағытында қалалардың жандануы көрініс тапса, Сырдың сол қанатында антикалық кезеңдерде дамыған «Шірік рабат мәдениеті», «Жеті асар мәдениеті» өз кезегінде мыңжылдықтарға созылып, айрықша мәдениет үлгісін қалап кетті. Оған себепші тіршілік нәрі – су көзі болатын.

 

Сырдарияның көне арналық негізгі тармағы, сірә, Іңкәрдария болса керек. Себебі, оның төменгі және орта ағысынан, Жаңадария өзені бойында тіркелмеген, неолит және қола дәуірлерінің (б.з.д. ІII мыңжылдықтың соңы мен ІІ мыңжылдықтың басы) көптеген тұрақтары табылды. Жаңадарияның қалыптасуы Іңкәрдарияның бұралаңдаған кейбір арнасының жартылай түзелген кезеңіне, яғни б.з.д. VII-V ғғ. сай келеді. Бұл уақыттарда Іңкәрдарияның кейбір сағасы Жаңадария жүйесіне құйса, қалғаны көлге айналып, антикалық кезеңде қоныстарды сумен қамтамасыз етті. Шамамен осы кезеңдерде Сырдарияның қазіргі арнасынан оңтүстікке қарай орналасқан көне арналар жүйесі кейіннен Қуаңдария жүйесімен бірігіп кеткен ескідариялық арнасы болған. Сонымен ежелгі дәуірде Сырдарияның суы Жаңадариямен және Ескідариямен ақты. Соңғысының ерте ортағасырларға дейін суы болған. Жаңадария жүйесі кейінгі антикалық дәуірлерде өмір сүруін тоқтатты, бірақ ХІІ ғасырдан ХVІ ғасырға дейінгі аралықта су арнасымен қайтадан аққан. Кейіннен ол біресе құрғап, біресе қайтадан сулы болып отырады. Соған қарамастан ХVIII-XIX ғғ. Жаңадария мен Қуаңдария бойына қарақалпақтар қоныстанған. Сырдарияның қазіргі арнасы шамамен ХV ғасырларда қалыптасты деуге негіз бар.

Бұл мақалада осы аймақта өмір сүріп, беделге ие болған, елге шешендігімен, қайырымды істерімен танылып, би дәрежесіне дейін жеткен Үбіс Жанайұлы (Үбіс би, Үбіс әулие) төңірегінде ой қозғамақпыз. Бізге жеткен деректің аздығы Үбіс бидің тарихи тұлғалығын толық қарастыруға кедергі келтіріп отыр. Үбіс би туралы мәліметтерді топтау, түлғалық дәрежесін ашу, нақтылау мәселесінде ақын-жыраулардың жырларындағы Үбіс би туралы айтқандары мен ел аузынан жеткен ауызекі дерек көздері дерекнамалық негіз болып отыр.

Үбіс Жанайұлы жөніндегі қолда бар деректерді саралай келсек, 1788-1870 жылдар аралығында өмір сүрген. Үбіс би Кіші Жүздің Әлім – Шөмен – Шөмекей – Сарықасқа руынан. Сарқасқа ішінді Өтебай, оның ішінде Сұлтан деп аталатын аталықтан шыққан атағы алысқа кеткен әрі би әрі батыр болған кісі. «Қотыр» деп аталатын жердің маңында «Үбіс көлі», қазіргі Жалағаш ауданының Жаңаталап ауылында «Үбіс жармасы», «Үбіс әуезі» деген жер атаулары бүгінге дейін аталады.

Үбіс би 15 жасқа келгенде әкесі Жанай Үргенішке сауда жасап бара жатқан керуенге қосып, алдына жүз қой салып, оң жол тілеп: «Ал, балам, талабың оңғарылсын, өзіңше бір сауда жасап көріп, жер танып, үйге керекті азық тауар аларсың», - деп жібереді. Айдан астам уақыттан кейін базаршылар әркім өзіне керекті затын артынып-тартынып қайтады. Үбіс би үйіне үш түйені шөгерген екен, туған-туыстары қуанып қарсы алады. Жүкті түсіріп әкелген затын қараса, бір түйеге артқаны түгел ағаш қасық екен. Оған үй іші «бұның не, бәрін не қыласың?» деп реніш білдіреді. «Қасықтарды сатамын, саудамен айналысамын. Сауда адал кәсіп, ешкімге зорлық, қысым жасамасам, ұрлық істемесем мұның несі айып» - дегенде, әкесі Жанай «осы баламнан бір нәрсе шығады-ау» деп іштей қуаныпты. Үбіс би саудамен қатар егін егумен айналысқан. Айналасындағы кедей ағайындарын егін егуге үйретіп, отырықшылыққа бейімдеген.

Үбістің: «Мал байлығы бір жұттық,

Еңбегіңді жерге істе,

Жер көтереді назыңды.

Аузың толып нан жейсің,

Қабыңда астығың болмаса,

Қорадағы малыңа сенбе», деген сөзі халық аузында қалған.

Егінді қолтабан саумалға салып, аптамен суарған. Қазіргі Жаңаталап кеңшарының жерінде Үбіс арығы қазылған. Осы арық кейінгі ұрпақтың игілігіне, ырыс-қазынасына айналған. Үбіс би дін оқуын арнайы оқымағанмен, дін шарттарын адал орындаған. Сондықтан болар, айналасындағы ағайындарыға қарайласып, қайыр-садақасын үзбей беріп келген. Ел арасында Үбіс Жанайұлын шүлен тартқан, қазаны берекелі, дастарқанына Қыдыр дарыған киелі әулие еді деген сөз тараған. Себебі, кедейлерге әр үйге 10 сиырдан бөліп беріп, « сүтін іш, бір басын өзіңе ал, тек маған бір қарын сары май жинап берсең болды», - дейді екен. Ал, қымыз, шұбат – сол ауылда өндірілетін, өздері ішетін сусыны. Ораза айында айналасында отырған 60-70 үй санына байланысты, күніне 3-4 пұт бидайды келіге түйгізіп, арнайы бағылған өгіз, бес қойды сойып, астырған көрінеді. Бидай көже піскен кезде бір қарын сары майды салып жібереді де, әр үйдің жанына қарай ауыз ашарға бірдей етіп бөліп береді. Осылай отыз күн оразада Үбіс бидің таратқан шүленінен жейміз деп, мұнысын білетін айналасындағы ағайындары қасына көшіп келіп отырған.

Қанша жанға ас салып бергенде қазаны таусылмайды, қымыз ашытқан сабасы, айран піскен күбісі ортаймайды екен, береке берген Қыдыр дарыған деген сөз содан қалса керек-ті.

Үбіс бидің Мәнжан деген баласы бай болса керек. Мен де әкемнің жолын қуып шүлен тарқатамын деп әуелгіде халыққа шүген тарқатыпты. Бірақ кейін қойып кетіпті. «Ау, Мәнжан аға, атамның жолын жалғастырмай қойып кеттіңіз ғой»,-дегендерге: «Мен әкемдей бола алмадым, дайындаған асымды сол әкем ұстаған қазанға ассам да, халыққа жеткізе алмадым, сондықтан қойдым»,- деген екен. Құрбан айт пен ораза айттың, жыл басы Наурызды Үбіс ауылы үлкен мереке есебінде өткізген. Халықтың көңілін көтеріп, түрлі ойын-сауық, алтыбақан орнатып, ақын-жырауларды жырлатқан.

Үбіс би үйіне келген қонағына бұқар жидесін талқанға араластырып, майға былғап береді екен. Егер кісі берген талқанды жеп қойса, «Ә, бұл кісі жол жүріп шаршап, ашығып келеді екен, бір мал сыбағасын беріп сыйлап шығарып салыңдар»,- дейді де, ал талқанды менсінбей жемеген кісі болса «Мұның қарны тоқ, көңілі жай екен»,- деп бұйырғанын бергізеді екен. Осы мінезін білетін кісілер берген талқанды жеп қоятын көрінеді.

Үбісті көріпкел, лепесі қабыл әулие еді деген сөз көп тараған. Ол кісі ұрлық-зорлыққа қарсы екен, мүмкіндігінше адал болуға тырысқан. Бір жолы немере інісі Қуанның жас баласы шетінеді дегенді естіп, қасындағы бір топ ақсақалдармен көңіл айтуға келеді. Үйде Қуан жоқ екен, алдынан келіні шығып иіліп сәлем береді. Келген қонақтарға мал сойып қонақасы бермек болған келініне «ешқандай қам жеме, шырағым, наннан ұлық ешнәрсе жоқ, жол жүріп барамыз, нан мен шай болады»-дейді. Шай ішіп болып қонақтар аттанып бара жатқанда келіні мұңайған қалпында тағы қайталап сәлем сала беріпті. Мұны көрген Үбіс ойланып:  «Япырай, жаңа келгенде де сәлем беріп еді, енді қайтардағы сәлемі несі, сірә менен дәметіп тұрған болар деп атының басын бұрып: «келін, қолыңды жай»,-депті. Келіні қолын жайғанда, батасын беріп Үбіс би айтқан екен: «Қапа болма, шырағым, Алла жарылқап, қабыл қылса, келесі жылы маңдайы жарқыраған бір ұлды боласың. Айтқаным құдайдың құлағына шалынсын, атын өзім қоямын, әмин»,-депті. Келіні ырза болып «айтқаныңыз келсін, қайнаға»,- деп қала беріпті. Содан Қуанның әйелі келесі жылы бір ұл табады. Үбіске хабаршы жетіп, «Келініңіз босанды, ұлды болдық, енді атын өзі келіп қойсын»,- дейді. Арада бір апта уақыт өткенде Үбіс би інісінің ауылына жол тартыпты. Алдынан інісі мен келіні қуанып шығып қарсы алады. Құндақтаулы жас баланы әкеліп, ағасының қолына береді, сонда Үбіс баланың бетін ашып көріп таңырқап сәл кідіріп тұрады да, «япырай, менің айтқаным бұл емес еді ғой, өзгеріп кеткен бе, түрі қара екен, ендеше аты Қара болсын дейді. Сондағы туған бала кейін келе ел билеген белгілі кісі, халқымыздың аяулы ұлы, жазықсыз жаланың құрбаны болған Жүргенов Темірбектің әкесі еді.

Үйдің көлеңкесінде Үбіс би намаз оқып отырса, көгендегі қойларға қасқыр шауыпты. Опыр-топыр үріккен қойлар бір кезде тынышталады, сонда да намаз оқуын тоқтатпаған екен. Оқып болып қойларға барса, арасына кірген қасқыр айқасқан көгенге қылғынып өліп қалған екен. Осыдан соң Үбістің ақылды, әділ, лепесі қабыл дуалы ауыз әулие екені ел арасына тарайды. Жер дауы, жесір дауы, барымта дауы, толып жатқан қазақтың дау-жанжалы көбіне Үбістің алдынан шешіліп отырған. Ол кісі жақыным деп бұра тартпай, туралығын айтады екен.

Бірде Үргеніш пен Арқа бойынан әкелген дәнді дақылды егейін десе ойлаған жерге су шықпайды. Төбе басына Үбіс би бүкіл елді шақырып, мал сойып, өзі бас болып арық қаза бастайды. Елдің абыройлы адамының өзі бастаған соң қалған халық құрал-саймандарын әзірлеп, ұзындығы 10 шақырымдай болатын «Үбіс арығы» қазылған екен.

Кіші жүздің бір үлкен асында ақсақалдар мен билер бас қосқан қилы әңгіме үстінде Үбістің айтқан сөзін аңдып отырған бір сыншы: «Үбіс, басың күміс, кеудең мыс, аяғың мырыш, әттең басың алтын болғанда ұрпағың түгел өзгермей кететін еді»,- деп баға беріпті. Қазіргі уақытта Үбіс биден тараған ұрпақ Жалағаш, Қармақшы аудандарында және облыстың әр жерінде түрлі шаруашылық саласында еңбек етуде.

Үбіс тірі кезінде Жаңадария жағасында Қосшұңғыл ақшағаның көпірі деген жерде екі бөлмелі қоспақ үй там салдырған. Сол үшін Үргеніштен адам алдырып, қыш күйдірткен (зауыттың орны бар). Үй тамын әрі-бері өткен жолаушыларға баспана, қыста ық, жазда көлеңке, демалсын деп сауап үшін халыққа істеген қайырының бірі еді. Кітап қоятын текшелер мен тесіктер қойылған төрдегі бөлмеде намаз оқуға арналған михраб орналасқан. Екі мавзолей бір-бірімен байланысқан. Үй там жанындағы мазарда өзі жерленген. Ескерткішті 1986 жылы «Казпроектреставрация» зерттеген.

Қазіргі таңда Үбістің үйтамы Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, Аққыр ауылынан оңтүстік батысқа қарай 54 шақырым жерде орналасқан. Үйтамның бірін мешіт, екіншісін «тілеухана», қайыр там деп атаған. 2011 жылы «Археологиялық сараптама» ЖШС (жетекшісі Д.Воякин) барлау жасағы тарапынан зерттелді. Үйдің кіре беріс батыс бөлігінде «Үбіс би түнеуханасы ХІХ ғ.» деген қара мәрмәр плиткадан жасалған тақтайша орнатылған. Тұрғын үй жалпы биіктігі 4,5 м, өлшемі 9,5х6 м болатын күмбезді түрдегі тікбұрышты пішінді екі бөлмелі ғимараттан тұрады. Үй күйдірілген қыштан жасалып, құмды-саз балшықпен сыланған. Қабырғалардың биіктігі 2 м. Екі бөлме де күмбезді болып келеді. Күмбездің жалпы биіктігі 2,5 м. Өлшемі 3,7х4 м төрткүл пішінді бөлмелер, ені 0,6 м, ұзындығы 1 м және биіктігі 1,5 м болатын тар дәлізбен қосылған. Батыс жақтағы бөлменің қабырғасында (михраб) ені 0,6 м және биіктігі 1,5 м болатын еденнен басталған арка пішінді ойықша қалдырған.

Үбіс бидің замандасы әрі туысы болып келетін Қызылбас деген батыр болыпты. Екеуі қатар өскен соң бір-бірінің қайраты мен батырлығы сезіле қоймаса керек. Бір күні киіз үйде сексеуілдің оты лаулап жанып жатқанда төрде отырған Үбіс би Қызылбасқа қарап: «Осы сені жұрт батыр дейді, екеуміз бірігіп қамал бұзғанымыз жоқ, елдің қорғаны ғана болдық, кәне әкелші алақаныңды батырлығыңды білейін»,- деп алдындағы жанып тұрған отты салып жіберіпті. Намыс па, хас батырлықтың белгісі ме, Қызылбас алақаны толы отты жұртқа көрсете қайта лақтыра салып, қынабындағы қылышын суырып алған екен. «Ойыннан от шығады» дегендей, Үбіс бидің бір ауыз сөзінен от шығып кете жаздапты.

Шораяқтың Омары Керейт Даңмұрынға жазған өлеңінде:

«Есетбай, Қарақисық, Үбіс, Сарман,

Сол кезде болған ерлер жетімге ата.

Бұқарбай, Сейіл өткен Жетірудан,

Таусылмас Тәңірім үйген үлкен жота», - деп кезіндегі ел батырларымен бірге Үбіс Жанайұлы дәріптелген.

Еркебұлан Елеуов,

Қызылорда облыстық тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғау

мекемесінің ғылыми қызметкері, тарих магистрі

Пікір қалдыру


Қорғаныс саны
Жаңарту

Іздеу

Сауалнама

Бүгінде журналистерге қай сала мамандарынан ақпарат алу қиын?

Медицина - 57.1%
Прокуратура - 0%
Сот - 0%
Департаменттер - 14.3%
Облыстық басқармалар - 28.6%

Дауыс саны: 7
The voting for this poll has ended on: 29 Шіл 2017 - 00:00

Жоба туралы

Сыр өңірінің тумасы, қайсар қаламгер, ақын Зейнолла Шүкіровтің рухына арналған «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты облыстық жас ақындар мүшәйрасы өтті.

 «Руханиятты жаңғырту» қоғамдық қоры мен республикалық әдеби-мәдени, тарихи-танымдық «Әлімсақ» журналы Зейнолла Шүкіровтің рухына арнап биыл төртінші рет дәстүрлі «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты талантты жас ақындар мүшәйрасын ұйымдастырды. Биылғы жылдың жеңімпазы - М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжінің студенті Нәбира Ешниязова.

 

 

Редакцияға хат

Email:
Тақырып:
Текст:

Әлеуметтік желілер

Күнтізбе

<< < Желтоқсан 2016 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

As we continue our list of fantasy football”s top 101 PPR players of 2017 we have three players who have recently finished in the top-15 at their positions.

In fantasy football there will always be players who have an unexpected drop or rise from one year to the next. One player on today’s list was a top-six wide receiver in 2015. The next year,Vince Wilfork Jersey he wasn’t even a top-20 wide receiver.

The same can be said about a running back on today’s list who was a top-five running back in 2015. Last year, he wasn’t even a top-18 running back. Who are these players and what should we expect from them in 2017?

To be clear,J.J. Watt Jersey the top 101 PPR players are for re-draft leagues only. Here’s a look at players ranked No. 38-36:

Last season Patriots wide receiver Julian Edelman finished fourth in the NFL in receptions with 98. He also set a career-high in receiving yards with 1,106. In the end,Brian Cushing Jersey Edelman finished 2016 as the 15th PPR wide receiver. Unfortunately for Edelman, I see a regression coming his way in 2017.

The 2016 season was only the second time in Edelman’s eight-year career he played in all 16 games in a season. The other time came back in 2013. Going into 2017, the odds are against the 31-year old receiver to play in all 16 games in back-to-back years for the first time in his career. Even if he somehow manages to stay healthy for all 16 games, he’s sure to lose targets and receptions.

Last year Patriots star tight end Rob Gronkowski had a career-low 25 receptions. Gronk was never 100 percent during the 2016 season and only appeared in eight games. Going into 2017,DeAndre Hopkins Jersey he will be back to full strength. Also, the Patriots traded their 2017 first-round pick for Saints wide receiver Brandin Cooks. The former Oregon State Beaver will be the team’s new No.1 wide receiver.

Журнал туралы

«Әлімсақ» журналы – рухани серігіңіз

 Қазақтың ғасырлар қойнауынан тамыр тартқан, әлімсақтан келе жатқан хатқа түскен тарихының, ұлттық болмыс-бітіммен астасқан әдебиеті мен мәдениетінің, тілі мен дінінің, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрінің бірден-бір насихатшысы, Сыр бойының тарихында алғаш рет әдеби-мәдени, тарихи-танымдық бағытта жарық көрген «Әлімсақ» журналының оқырманына жол тартқанына алты жылға жуық уақыт болып қалды. 2009 жылдың сәуір айынан бастап алғашқы нөмірі жарыққа шыққалы бері қазақ әдебиеті мен тарихына қатысты мақалаларды ортаға салып, Сыр өңірінің мәдениеті мен өнерін насихаттап, облысымыздың бүгінгі мәдени, әлеуметтік дамуындағы өзгерістерді ақпараттандыруда журналдың қосып келе жатқан үлесі салмақты.