Бас редактор бағаны

"Әлімсақ" журналының бас редакторы, филология ғылымдарының кандидаты

Нұрлан Көбегенұлы Нұрмаханов

 Бас кеспек болса да...

Журналға тіркелу

Валют бағамы

Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан

Серіктестер

ТАРИХИ ТҰЛҒАЛАР ТҰҒЫРЫ

 

Журналистік өмір мені қай қиырға, қай ортаға апармады дейсіз. Мен баламен бала болдым. Жасөспірімдердің сырымен бөлістім. Есейдім, үлкендермен иық тіресіп өмір, қоғам жайлы ой бөлістім. Әскер қатарындағы сарбазбен бірге жаттығу алаңдарында болдым, ел асып, сырт мемлекеттерге сапар шектім. Ел басшыларымен сұхбаттастым. Қысқасы, қоғамдық өмірдің барлық саласында қалам тарттым. Солармен бірге өмір сүрдім. Екі қоғамның ортасындағы өліара шақты да бастан кештім. Санама сіңген қоғамдық формациядан өтіп, екінші бір тәуелсіз елдің алғашқы тәй-тәй басқан қадамдарына куә болдым. Жан дүниеңді, сеніміңді өзгерту қиын екен. Өң мен түстің ортасында жүріп, мен үшін өмірімнің мәні болған журналистік мамандығымды жалғастыра бердім. Өзім де мәнді түсіне алмай жүріп, өзгеге нақты түсіндіре алу үшін барымды салдым, іздендім. Міне, осылай жан дүнием қайта жаңарып түледі. Ата-бабадан қалған асыл қасиет - сөзі мен жолын бағдаршамдай ұстандым. Алматыдан туған жерге Сыр еліне оралдым. Кеуде сарайым ашылып жүре берді… Ел тарихы, адамдар тағдыры, туған жердің ашылмаған сырлары мені елітіп, өзіне тарта түсті. Мен тарих тұңғиығына ендім де кеттім.

 

Күнделікті журналистік сапарлардан бөлек тарихи тұлғалардың бейнесін қазіргі ұрпақтың санасына сіңіру мақсатында Сыр өңірінің ескі тарихи қалаларының орнына, көне мәдени ескерткіштерге жататын архитектуралық маңызы зор кесенелер орналасқан жерлерге, тіпті б.з.д. IV-II ғасырларда өмір сүрген алғашқы тайпалардың тұрақтарына сапар шектім.

"Өткенді білмей, келешекті бағамдай алмайсың" дегендей, тарих қойнауына енген сайын тынысым ашыла берді.

"Қорқыт", "Таңбалы тас", "Жанкент", "Шірік-Рабат", "Өзгент", "Кердері" сияқты тарихи көмбелердің көзін ашу менің маңызды жұмысыма айналды. Тіпті әріптестерім: "Өшкенді жағып, өліні тірілтіп жүрсің бе, одан не табасың?" дейтін кәдімгідей таңданып. Мені жақтырмайтын. Оның да бір себебі бар шығар. Сондай бір ізденіс кезінде көрші - Өзбекстан еліне сапар шектім. Бұл мен үшін ғана емес, кейіннен қазақ халқы үшін маңызы зор іссапар болды. Бұл жайлы кезінде бірнеше деректі фильмдер түсірдім. Тақырыпты зерттеп қана қоймай, оның нәтижелі болуы үшін Өзбекстанға 9 рет сапар шегіппін. Бұл Кіші жүздің биі Әйтеке Бәйбекұлының ұлттық тарихымыздағы алатын орны орасан зор екендігін дәлелдеген, оның туған жылы, қайтыс болған жері белгісіз күйде қала бермеуіне алғаш түрен салған іссапар нәтижесі еді...

 

 

Даналық ізімен

2006 жыл. Қараша айы. Қызылордадан шығып, Шымкент қаласы арқылы Өзбекстанға қарай жолға шықтық. Мақсатымыз – қазақ халқының ардақты ұлы Жалаңтөс баһадүрдің 430 жылдығына орай Самарқанд қаласында деректі фильм түсіру. Ташкент қаласында Сыртқы істер министрлігінің "Жаһон" агенттігінде аккредитациядан өткеннен соң, ертеңіне Самарқандқа бет түзедік. Бір қызығы, 3 сағат іздеп тапқан "қонақ үйіміз" де Жалаңтөс баһадүр көшесінде орналасқан екен. Бұл Самарқан қаласының тарихында алғашқы көшелердің бірі болған көрінеді. Түсіру тобы ертеңіне аты аңызға айналған "Регистон" алаңына баруға жиналдық. Алдымен Самарқан қаласының хакимиятына барып, басшылығымен жүздесіп, сыйлықтарымызды беріп, сол кісілер ұсынған тарихшы, тарих ғылымдарының докторы Комилхан Каттаевты ертіп жолға шықтық. Жолда Әмір-Темірдің мавзолейіне соқтық. (ХІV-ХV ғғ). Самарқанның көктасын көрдік. Хан да, Әмір де сайланған соң осы таста отырып ант береді екен. Мавзолейдің ішкі төбесі алтынмен апталған, әрбір шаршы өрнекте 2252 рет Мұхаммед пайғамбардың есімі алтын әріппен жазылған. Әмір-Темірдің пірі саналатын Мір Саид Бараки (өлген жылы 1404 ж), оның қасында Әмір-Темір (1336-1405), Мирзо Ұлықбек (1394-1449), Мұхаммед Сұлтан (1374-1403), Саид Омар (белгісіз), Шохрук мырза (1377-1447), інісі Мирон шах (1366-1407) жерленген екен.

Мұнан кейін Орта Азияда теңдесі жоқ архитектуралық ансамбль "Регистон" алаңына келдік. 1417-1420 жылдар аралығында салынған Ұлықбек медресесінің қасындағы Жалаңтөс баһадүрдің әмірімен 1649-1660 жылдарда салынған "Тиллә-Кәри" медресесін тамашаладық. "Тиллә-Кәри" алтыннан жасалынған деген сөз екен. Оның маңдайшаларында бас архитектордың есімдері де жазылып қалынған.

"Шердор" медресесінің сыртында мынадай сөз жазылған: "Дұшпанын жарып өтетін Жалаңтөс баһадүр өтті. Оны әркім де мақтан ететін. Осы салынған медресенің даңқы 7-аспанға жетті. Оның жеткен табысына ең ұшқыр ой да, ақыл да жетпейді. Аспандағы Ай да жердегі Айдың кереметіне таң қалып бармағын тістеді. 1628 жылы жазылған". Мұны тарихшы, профессор Комилхан Каттаев араб тілінен аударды. Медресенің жоғарғы жағы алтындалып, төменгі белдеулерінде аяттар мен хадистер жазылған.

Түстен кейін Жалаңтөс баһадүрдің мәңгілік мекені "Дағбитке" бардық. Самарқан шаһарынан 10 шақырым жерде екен. Жалаңтөс баһадүр әлемнің 28 хан - патшалардың, өз ұрпақтарының, шаһизадалар мен ханымдардың мүрделерінің ортасында жатыр. Махдум Ағзамның (1461-1542) өз қолымен еккен 600 жылдық шынар ағашының көлеңкесінде Жалаңтөс баһадүр демалып, шай ішіп, салқындап отырады екен. Бізге ғылыми бағыт берген Комилхан Каттаев өзінің жеке архивіндегі құнды мәліметтерді көрсету үшін үйіне шақырды. Біз тарихшымен әңгімелесе отырып, ғажайып құнды деректерді білдік. 400-500 жыл бұрынғы кітаптарды, хандар мен патшалардың мұрагерлік бұйрықтарын жазған папирос қағаздарын көріп, таң-тамаша болдық. Ең кереметі - Жалаңтөс баһадүр ұстаған мөрді ұстап, сонау тарих қойнауында қалған ұлы дүбірлі жолдардың лебін сезінгендей әсерде болдық. Төртбұрышты күміс мөрде ескі ғарыптармен жазылған біз үшін жұмбақ әлем жатыр.

Комилхан Каттаев Жалаңтөс баһадүрдің 430 жылдығына арналған ғылыми конференцияға қатысуға ниет білдірді. Осы ескі дүние кітаптарын, оның ішінде Жалаңтөс баһадүрдің ұстап тұтынған үлкен кітабы бар көрмеге қоюға алып келетіндігін айтты. 2 кітапты сыйға беретіндігін білдірді. Осы конференцияға арнап 1 каталог, 1 монография жазуға отыратындығын да жасырмады. «Егер Жалаңтөс баһадүр жайлы нақты деректер керек болса, мен дайынмын», - деді. Өзі Жалаңтөс баһадүрдің пірі Мағдум Ағзамның 14-ұрпағы екен.

Түркі мәдениетінің тарихында өзіндік орны бар, қазақ халқының ұлттық батыры, әрі қолбасшысы Жалаңтөс баһадүрдің өмірі, әскери іс-қимыл әрекеттері және орта ғасырлық  архитектуралық сәулет өнеріне қосқан үлесі туралы бүгінгі ұрпақ, қалың қауым біле бермес. Алайда, Самарқанды отыз жылдай билеген Әмірдің өз дәуірінде алыс-жақын елдерге даңқы жеткен батыр, ержүрек қолбасшы ақылды ел билеген әмір болғаны белгілі. Жалаңтөс баһадүр Сейітқұлұлы 1576-1656 жылдары өмір сүрген қазақ халқының ұлттық батырларының әрі қолбасшыларының бірі. ХVII-ХVIII ғасырларда өмір сүрген Әйтеке бидің үлкен атасы. 1581 жылы Сырдарияның төменгі ағысынан Шығай хан мен Жалаңтөс баһадүрдің әкесі Сейітқұл төртқара руының бір бөлігін бастап, Өзбекстанның Бұхара облысындағы Нұрата тауының етегіне қоныс аударған. Жастайынан елді басқару ісіне араласып, дарынды, батырлық қасиеттерімен халыққа таныла бастаған. Жалаңтөс ханның маңайына қызметке ілігеді.

Жалаңтөстің қолбасшылық даңқын шығарған ірі оқиғалардың бірі - Балх соғысы. Жаудың жойқын күшіне төтеп бере алмаған өзбек әміршілері Самарқан төңірегіндегі қазақ сұлтандарынан көмек сұрайды. Бұл соғысқа жүз мың қол бастап барған Жалаңтөс ақыл-парасатымен, жаужүректілігімен жауды ойсырата жеңеді. Жалаңтөс асқан батыр, жауынан қорықпайтын, кейде соғысқа сауыт кимей-ақ атой салып, қолына қылыш алып, жалаң көйлекпен кірісіп кете береді екен. 1643 жылы Жетісу өлкесіне басып кірген қалмақ-жоңғар феодалдарына қарсы шайқасып жатқан қазақ әскерлеріне Жалаңтөс Баһадүр 20 мың қолды көмекке жіберіп, басқыншыларды ойсырата жеңуге қол ұшын береді. Жалаңтөс Баһадүр әмір болған Самарқан қаласы – антикалық заманда Ұлы Жібек жолының бойында бой көтерген шаһар. Оның негізін салған – Афрасиаб хан. Осы қаланың өркендеуіне біздің бабамыз Жалаңтөс баһадүр шаһардың әмірі ретінде зор үлес қосқан. Самарқанның әмірі Жалаңтөстің ерлігін, даңқты қолбасшы екенін бүкіл Түркі әлемі, Үндістан, алдыңғы Азия мен Қытай елдері мойындаған. Түркі тілдес халықтары мен әлем халықтарының тарихынан берік орын алған Александр Македонский, Шыңғысхан, Бейбарыс сияқты Жалаңтөс баһадүр бабамызбен біз де мақтана аламыз. Сыр бойынан бой көтерген ескерткіш - ұрпақтарына ерлік, елдік, бірлік деген ұғымдарды әр кез есіне салып тұратындай көрінеді.

Жалаңтөс баһадүр жайлы мәліметтер жиналған соң, Әйтеке би жайлы деректер алуға Новаи облысына жол тарттық. 250 шақырымдай  жол жүріп, керемет сұлу қалаға келдік. Экономикасы қарыштап дамығаны көзге ұрып тұр. Бірден облыстың хакиматына бардық. Облыс хакимінің тұрғындарды қабылдау уақыты екен. Орынбасарына кірдік. Ол кісі Новаи мемлекеттік педагогикалық институтының ректоры Холбай Ибрагимовқа жіберді. Біздің Жалаңтөс баһадүр мен Әйтеке биді зерттеп, фильм түсіріп жүргенімізге ол кісі әрі таңданысын, әрі қуанышын білдірді. Тарих ғылымының докторы, профессор Сүлейман Инаятовпен жолықтық. Мұнда қазақ тілі бөлімі де бар екен. 3 биіміз - Төле би, Қаз дауысты Қазыбек би, Әйтеке бидің суреттерін іліп қойыпты. Олар үш бидің орындарын шатастырып қойыпты. Мен ретін айтып кеттім. Біз тарихшы Фарида Палуанованы ерітіп, Сүлейман Инаятовтың айтуымен Новаидан 30 шақырым жердегі "Кинемех" ауданына қарай шықтық. Мұнда Әлім руының ұрпақтары тұрады екен. Әлібек Сәрсенбаев деген ақсақалға жолығып, Әйтеке бидің Жалаңтөс баһадүрден шамамен 50 жас кіші екенін білдік. Сонан кейін 70 шақырым жол жүріп, Нұрата ауданына келдік. Міне, осы жерден Әлібек ақсақалдың сілтеуімен  кіші жүздің биі Әйтекенің бейітінің орнын таптық. Ол: «Сейітқұл әулиенің маңында інілері, жақындар жерленген. Ал, балалары, немерелері аяқ жағына қойылған. Әйтеке би Сейітқұл әулиенің аяқ жағында жатыр»,- деп еді. Шынында да Әлібек ақсақал дәл айтыпты. Әлдекімдер Сейітқұл әулиенің және жанындағы бейіт орнына белгі тұрғызып кетіпті. Ал, біз Әлімнің ұрпағымын деген Әлібек ақсақалдың бабаларынан естігені бойынша аяқ жағында жатқан бейіт орнын Әйтеке би зираты деп топшыладық және солай ұйғардық. Өйткені, "басында кішкене тас белгі бар" деп айтқан еді Әлібек ақсақал.

Міне, осылайша Нұратаны айналып, Новаиға соқпай, тағы да 100 шақырым айналма жол қосып, түнделетіп Самарқанға жеттік. Таң ата "көккүмбез қаласы" атанған Самарқанмен қоштасып, Ташкентке бет түзедік. Сұлу да көркем Ташкент қаласының ғажайып көрінісін телемұнара үстінен тамашаладық. Кешқұрым шекарадан өтіп, елге қарай бет алдық. Сыр еліне олжалы оралдық. Сол кездегі облыс әкімі Икрам Адырбеков мені қабылдап, телеэкспедицияның жұмыс нәтижесімен танысты. Әйтеке бидің жатқан жерін айтқан Әлібек ақсақалға: «Сіздің атыңыздан басына кесене орнату жөнінде уәде беріп келдім»,- дедім.. Әкім ойланып отырып:

- Аумағы қанша болады ? - деп сұрады.

- Туған-туыстарын қосып есептегенде көлемді жер, - дедім мен.

- Сейітқұл әулие мен Әйтеке биге ортақ бір кесене салуға болады,- деді Икрам Адырбеков  ойланып.

Араға екі жыл салып, Нұратаға тағы да жолымыз түсті.

Бір ғасырда, бір кезеңде, бір мақсат жолында тізе ажыратпай бірге күрескен қазақтың үш биі - Төле би, Қазыбек би, Әйтеке бидің тағдыры үш қилы болғанға ұқсайды. Осылардың үшіншісі - Әйтекенің туған жылы да, өлген жылы да тіпті, жатқан жері де белгісіз болып келді. Тек қана шыққан тегі Алаш ішінде – Алшын, Алшын ішінде – Әлім, Әлім ішінде – Төртқара, Төртқарадан – Қараш, Қараштан – Сейітқұл. Ал, Сейітқұл Самарқанды билеп, әмір болған Жалаңтөс баһадүрдің әкесі. Әйтеке би Сейітқұлдың бәйбішесінен туған Ақшаханның Бәйбек деген баласынан туады. Бүкіл қазақ жұртының ар-абыройындай алтын діңгектері болған үш биіміздің бірі - Әйтеке Өзбекстан жерінде, Нұрата тауының етегінде мәңгілік мекен тауыпты.

Кезінде Қазақстанның халық жазушысы Әбіш Кекілбаев: «Әйтеке өз заманындағы дәл сондай үш арыстың тірегі, үш даңғылдың бірі еді. Төле, Қазыбек, Әйтекелердің қазақ тарихы, қазақ санасына сіңірген өлмес өшпес еңбегі де осы үштік бірлікті нығайтқандығында. Мейлінше өміршең, мейлінше ұғымтал ел бірлігі халық тұтастығы идеологиясын жасақтай білгендігінде. Сол идеологияны жүзеге асырудағы өз орындарын өздері белгілеп, көздері жұмылғанша сол уәжден шыға алғандықтарында», - деген еді.

Әйтеке бес жасынан бастап ауыл молдасынан сауатын ашады. Атасы Ақша оны 7 жасынан өз қолына алып, Самарқандағы Ұлықбек медресесіне оқуға береді. Ол Ақша мен Жалаңтөс аталарының тәрбиесін тел емеді. Ақшадан ел басқару, билік сөз мағынасын түсіну, әділдікті үйренсе, Жалаңтөстен әскери ойын-тәсіл, қолбасшылық, батырлық рухын бойына сіңіреді. Біз осы сапарда Жалаңтөс Баһадүрдің Самарқаннан 10 шақырым жердегі Дағбид елді мекеніндегі Мағдуми Ағзам қорымындағы басына барып құран бағыштадық. Әрі қарай Нұратаға жолға шықтық.

Әйтеке бидің қайраткерлігін ірілендіре түсетін бір қасиеті - қазақ қауымын ілгері бастыруға кедергі келтірер керітартпа үрдістерге батыл қарсы шығуы. Әсіресе, "өзіңді өзің басқарып, тұтас ел бол, көрші елдермен татуласып, тіл табыса алатын мәмілегерлікке де қатты мән бер" деп өсиет қалдырды. Әйтеке бидің көксеген ел бірлігі - бүгінде ақиқатқа айналды. Осы кесененің салынып, бітуіне ізгілікпен қол ұшын берген көршілес Өзбекстандағы сол кездегі Қазақстанның төтенше және өкілетті елшісі Зауытбек Тұрысбековтің еңбегі зор. Екі елдің зиялы қауымын түсіністікпен бірлікке бастай білген елшіні «Атымтай жомарт» атанған Әйтеке би ұрпақтары мен Өзбекстанның ықпалы азаматтары іліп әкетіп қолдап, қазақтың қадірлі үш биінің бірі - Әйтекенің, әкесі - Бәйбектің, атасы - Сейітқұл әулиенің бабасы - Тоқпанның басына үлкен кесене орнатуы - бүкіл қазақ халқының құрметін осы 7 азаматтың иығымен көтеруі деп білеміз. Солардың бірі - Әйтеке бидің ұрпағы, кәсіпкер Шахарбек Усманов. Әйтеке бидің кесенесін салуға көршілес Өзбек ағайындар да белсене араласты. Нұрата мрамор зауытының директоры Шадыбай Хожи Фозилов, Новаи облысының бас имам - хатиби Саййид Хожи Насриддин Эшонбобоұлының Қазақстаннан барған Әйтеке бидің ұрпақтарына деген ықыласы зор болды. Әйтеке бидің кесенесі Нұрата ауданының орталығының іргесінде салынған. Әсем безендірілген кесененің алдында 136 метр тереңдіктен қазылып, су шыққан скважина тұр. Келешекте бұл жерге гүлзар бақ егіліп, келушілерге арналып, қонақжай, мешіт салынатындығын Шадыбай Хожи Фозилов әңгіме арасында айтты.

Нұрата ауданы – таулы аймақ. Аудан орталығында Нұратаның мешіті мен медресесінде болдық. Новаи облысының бас имамы Саййид Хожи Эшонбобоның айтуынша, Нұрата осы аймаққа аты шыққан белгілі діндар, әулие болған кісі екен. Қасиетті бабаның даңқына қанық болған халық осы аймақтағы тауды да, елді де сол бір әулие атымен - Нұрата атап кеткен екен. Мешіт пен медресеге келген әрбір мұсылман Нұратаның қабіріне де тізе бүгіп, құран оқиды. Мешіттің қасында Шашма деп аталған "Әулие балығы" бар бұлақ бар. Суы мөлдір балықтар тазалап тұрады. Құрамында-алтын, күміс, кальций, бром, бірнеше тұзды минериалдар бар судың адам ағзасына тигізер емдік қасиеті бар екен. Бұл бұлақ осыдан 40 мың жыл бұрын түскен метеориттің орнында пайда болған. Бұлақ нұрланып, сәуле шашады. Қасында терең бес саусақтың ізінен су шығып жатқан құдық бар. Табиғаттың осы бір құдіретіне бас ие отырып, биік тау етегіне салынған атақты Ескендір Зұлқарнайдың үш ай бекініп жатқан бекініс-қорғанын тамашаладық. Осы жерден Әйтеке бидің кесенесінің күмбезі күн сәулесіне шомылып, ерекше нұрға бөленіп, мен мұндалап тұрды.

Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің "Даналар" атты өлеңінде: "Қазыбек, Әйтекедей көсем өткен, Әлдибек, Айтпай, Майлы шешен өткен, жолы үлкен, жасы кіші Төле бидің, Әйтеке, Қаздауысты Қазыбектен" делінген.

ХVIII ғасырда өмір сүрген Қожабергеннің "Елім-ай" дастанында: "Әйтеке би дүниеден өтті, келгенде елу алты жасқа ажал жетті: "Бағыну бір көсемге дұрыс қой!" – деп, боларын алдын-ала болжап кетті. «Үш жүзден үш ақылшы болсын» деді, «Қазаққа бақ пен дәулет қонсын» деді, Сайлаған көсемдерің кемеңгер боп, халықтың болашағын шолсын" деді,- деп, Әйтекенің өсиетін жазады. Қазақтың ақылгөй, асыл ойлы үш биі – Төле, Қазыбек, Әйтекелер аңсаған заман туды. Еліміз азат. Тәуелсіз елдің көк байрағын желбіретіп, Елбасымыз бастаған сара жолмен болашаққа нық қадам басып келеміз. Қазақ сахарасына өзіндік із қалдырған үш арыстың бірі – Әйтеке бидің мәңгілік мекенін тауып, торқалы топырағын көріп, жоғалғанымыз табылғандай болып қайтқанбыз.

Қаршыға Есімсейітова,

Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, белгілі тележурналист

Пікір қалдыру


Қорғаныс саны
Жаңарту

Іздеу

Сауалнама

Бүгінде журналистерге қай сала мамандарынан ақпарат алу қиын?

Медицина - 57.1%
Прокуратура - 0%
Сот - 0%
Департаменттер - 14.3%
Облыстық басқармалар - 28.6%

Дауыс саны: 7
The voting for this poll has ended on: 29 Шіл 2017 - 00:00

Жоба туралы

Сыр өңірінің тумасы, қайсар қаламгер, ақын Зейнолла Шүкіровтің рухына арналған «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты облыстық жас ақындар мүшәйрасы өтті.

 «Руханиятты жаңғырту» қоғамдық қоры мен республикалық әдеби-мәдени, тарихи-танымдық «Әлімсақ» журналы Зейнолла Шүкіровтің рухына арнап биыл төртінші рет дәстүрлі «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты талантты жас ақындар мүшәйрасын ұйымдастырды. Биылғы жылдың жеңімпазы - М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжінің студенті Нәбира Ешниязова.

 

 

Редакцияға хат

Email:
Тақырып:
Текст:

Әлеуметтік желілер

Күнтізбе

<< < Желтоқсан 2016 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

As we continue our list of fantasy football”s top 101 PPR players of 2017 we have three players who have recently finished in the top-15 at their positions.

In fantasy football there will always be players who have an unexpected drop or rise from one year to the next. One player on today’s list was a top-six wide receiver in 2015. The next year,Vince Wilfork Jersey he wasn’t even a top-20 wide receiver.

The same can be said about a running back on today’s list who was a top-five running back in 2015. Last year, he wasn’t even a top-18 running back. Who are these players and what should we expect from them in 2017?

To be clear,J.J. Watt Jersey the top 101 PPR players are for re-draft leagues only. Here’s a look at players ranked No. 38-36:

Last season Patriots wide receiver Julian Edelman finished fourth in the NFL in receptions with 98. He also set a career-high in receiving yards with 1,106. In the end,Brian Cushing Jersey Edelman finished 2016 as the 15th PPR wide receiver. Unfortunately for Edelman, I see a regression coming his way in 2017.

The 2016 season was only the second time in Edelman’s eight-year career he played in all 16 games in a season. The other time came back in 2013. Going into 2017, the odds are against the 31-year old receiver to play in all 16 games in back-to-back years for the first time in his career. Even if he somehow manages to stay healthy for all 16 games, he’s sure to lose targets and receptions.

Last year Patriots star tight end Rob Gronkowski had a career-low 25 receptions. Gronk was never 100 percent during the 2016 season and only appeared in eight games. Going into 2017,DeAndre Hopkins Jersey he will be back to full strength. Also, the Patriots traded their 2017 first-round pick for Saints wide receiver Brandin Cooks. The former Oregon State Beaver will be the team’s new No.1 wide receiver.

Журнал туралы

«Әлімсақ» журналы – рухани серігіңіз

 Қазақтың ғасырлар қойнауынан тамыр тартқан, әлімсақтан келе жатқан хатқа түскен тарихының, ұлттық болмыс-бітіммен астасқан әдебиеті мен мәдениетінің, тілі мен дінінің, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрінің бірден-бір насихатшысы, Сыр бойының тарихында алғаш рет әдеби-мәдени, тарихи-танымдық бағытта жарық көрген «Әлімсақ» журналының оқырманына жол тартқанына алты жылға жуық уақыт болып қалды. 2009 жылдың сәуір айынан бастап алғашқы нөмірі жарыққа шыққалы бері қазақ әдебиеті мен тарихына қатысты мақалаларды ортаға салып, Сыр өңірінің мәдениеті мен өнерін насихаттап, облысымыздың бүгінгі мәдени, әлеуметтік дамуындағы өзгерістерді ақпараттандыруда журналдың қосып келе жатқан үлесі салмақты.