Арда туған азаматқа дем беріп,арғымақ келді жаңа жылды өңгеріп

Арда туған азаматқа дем беріп,арғымақ келді жаңа жылды өңгеріп

Қазақ халқы ежелден төрт түлік малды бағып, жазда жайлауға, қыста қыстауға көшіп жүрген керемет...

Ұлттық тәрбиенің мәні – ұлттық ойындар

Ұлттық тәрбиенің мәні – ұлттық ойындар

  Ойнамайтын бала жоқ. Сухомлинскийдің сөзімен дәлелдейтін болсақ, "Ойынсыз ақыл-ойдың қалыпты...

АҚШ -тағы КЕН АЛИБЕК ЕЛГЕ ҚАЙТА ОРАЛДЫ

Кезінде АҚШ-қа кетіп қалған көрнекті микробиолог ғалым, полковник Кен Алибек туралы (азан шақырып...

 АБАЙША СҮЙІП, АБАЙША КҮЙІП ЖҮРМІЗ БЕ?

АБАЙША СҮЙІП, АБАЙША КҮЙІП ЖҮРМІЗ БЕ?

Атады таң, батады күн, толады ай.  Ауысады күнде саба, толағай.  Бірі барда бірі болмай,...

 Қамбаш көлі туризм аймағына айнала ала ма?

Қамбаш көлі туризм аймағына айнала ала ма?

 Сыр бойы – туризм саласынан кенде емес аймақтардың бірі. Айтатыны жоқ, Қазақстан өзінің...

  • Арда туған азаматқа дем беріп,арғымақ келді жаңа жылды өңгеріп

    Арда туған азаматқа дем беріп,арғымақ келді жаңа жылды өңгеріп

  • Ұлттық тәрбиенің мәні – ұлттық ойындар

    Ұлттық тәрбиенің мәні – ұлттық ойындар

  • АҚШ -тағы КЕН АЛИБЕК ЕЛГЕ ҚАЙТА ОРАЛДЫ

  •  АБАЙША СҮЙІП, АБАЙША КҮЙІП ЖҮРМІЗ БЕ?

    АБАЙША СҮЙІП, АБАЙША КҮЙІП ЖҮРМІЗ БЕ?

  •  Қамбаш көлі туризм аймағына айнала ала ма?

    Қамбаш көлі туризм аймағына айнала ала ма?

Бас редактор бағаны

"Әлімсақ" журналының бас редакторы, филология ғылымдарының кандидаты

Нұрлан Көбегенұлы Нұрмаханов

 Бас кеспек болса да...

Журналға тіркелу

Валют бағамы

Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан

Мұрағат

Серіктестер

Latest News

МҰСТАФА ШОҚАЙ ЖӘНЕ 1916 ЖЫЛҒЫ ҰЛТ-АЗАТТЫҚ КӨТЕРІЛІСІ

1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісі басталған кезде Мұстафа Шоқай Ресей Мемлекеттік Думадағы мұсылман фракция жанындағы бюроға мүше болып, онда хатшылық қызмет атқарып жүрген еді. Сол күндері Түркістан өлкесінде болып жатқан төтенше оқиғаға байланысты патша жарлығын жүзеге асырудың заңдылығы мен мүмкіндігі және зардаптары туралы мәселе Мемлекет Думасының отырысында бірнеше рет қаралып, талқыланды. Ақырында көтерілістің себеп-салдарын тексеруге депутаттардан құралған арнайы комиссия құрылып, құрамына А.Ф.Керенский, К.М.Тевкелеев, аудармашы ретінде Мұстафа Шоқай және басқалары кірді. Олар Ташкентке, Самарқандқа, Андижанға және басқа қалаларға барып, халық көтерілісіне байланысты материалдар жинайды. Кейін А.Ф.Керенский Мемлекеттік Думаның мінбелерінен Түркістан өлкесінде болып жатқан оқиғаларды «орыс тарихының масқара беттері» деп сипаттады. Сөйтіп, патшалық Ресейге қарсы ой-пікірлер мен қозғалыстарды қолдап, бүкіл түріктілдес халықтарының арасында ерекше құрметке бөленеді.

Өкінішке қарай, А.Ф.Керенский Уақытша үкімет тұсында және эмиграцияда жүрген кезінде бұл пікірінен бас тартып, патшалық Ресейді мінсіз мемлекет етіп көрсетеді. Осы уақыттан бастап Шоқай мен Керенскийдің ара-қатынастары мүлдем үзіледі. Бұл жағдайларды Мұстафа Шоқай өзінің «Керенский және Түркістандағы ұлттық қозғалыс» атты еңбегінде толық баяндайды. Мұстафа Шоқай «1916 жылғы ұлттық қозғалыс туралы большевиктердің өтірігі» атты мақаласында 1916 жылғы қозғалыс туралы шындық бұрмаланып, мәні өзгертілгенін айтады. Бұл көтерілістің көңіл аударатын ең бір маңызды тұсы оның «таптық емес, ұлттық қозғалыс болғанында» дейді ұлы күрескер. «Таптық күрес ұлттық өнеркәсібі қалыптасқан саяси-әлеуметтік және экономикалық мүдделері бір-біріне қарама-қарсы тұрған, ұлттық буржуазия мен ұлттық пролетариат таптары бар тәуелсіз елдерде ғана болуы мүмкін. Патшалық Ресей кезіндегі Түркістанда ондай жағдай жоқ еді. Сондықтан ол жердегі байырғы түркістандықтар арасында таптық күрестің болуы мүмкін емес» деп, Мұстафа Шоқай өзінің ой-пікірлерімен бөліседі. Аталмыш мақаласын автор былай деп аяқтайды: «1916 жылғы Түркістан көтерілісі Ресейге және жалпы орыстыққа қарсы бағытталған ұлттық бас көтеру. Бұл ақиқатты жасыруға орыс большевиктерінің ешқашан шамасы келмеген және бұдан соң да шамасы келмек емес».

Расында, большевиктер: «Феодалдық-клерикалық, панисламдық және пантюркистік элементтер халық қозғалысын өздерінің реакцияшылдық мақсаттарына пайдалануға, халық бұқарасының көтерілісін жалпы орыстарға қарсы ұлтшылдық соғысқа айналдыруға тырысты» деп, бүкіл әлемге жария етті. Дегенмен, көтерілістің негізгі соққысы «патша самодержавиесіне, империалистік соғысқа және ішнара байшылдық-феодалдық элементтерге қарсы бағытталды» деп, мойындауға мәжбүр болды. Айта кету керек, 1916 жылғы орыс патшасының «Реквизициялау туралы» жарлығына қазақ халқы мен басқа байырғы халықтар үзілді-кесілді қарсы шықты. Бірінші кезекте, халық тылдағы жұмыстарға алатындардың тізімін жасау кезінде жіберілген заңсыздықтарға наразылық білдіріп, парақор және қиянат жасаған болыс басқарушылары, ауыл старшиндары және патша әкімшілігінің қызметшілеріне соққы береді. Кейін стихиялы халық толқулары қарулы көтеріліске айналады. Сондықтан да, бұл жерде көтеріліс «феодал-байлардың үстем топтарына қарсы бағытта болды» деуге негіз жоқ.

 

Мұстафа Шоқай 1936 жылы жарық көрген «Батыр большевик Амангелді хақындағы ақиқат» атты мақаласында 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісі жетекшілерінің бірі Амангелді Имановтің өліміне байланысты өзінің жеке пікірін білдіреді. «Бұл күнде большевиктер «батыр большевик» Амангелдіні «ұлтшыл, кері төңкерісшіл Мирякуб Дулат өлтірді» деп жала жауып, Түркістан түріктерінің ең көрнекті, ең сыйлы өкілдерінің бірінен саналатын бір ірі тұлғаның көзін жоймақ болды. Бәлкім, большевиктер Мирякубтың көзін жойып та үлгірген шығар» деп, аяқтайды мақаласын. Мұстафа Шоқай белгілі тұлғанын тағдырына күні бұрын көз жеткізген екен. Міржақып Дулатов 1935 жылы 5 қазанда қызылдардың тұтқындар ұстайтын лагерінде қайтыс болады. (Расында, қандай көрегендік десеңізші!). Осы мақаласында Мұстафа Шоқай батыр «Амангелді Имановтың өліміне себепкер болған белгілі революционер Әліби Жангелдин» дейді. 1916 жылғы көтерілістен кейін, «переселендер өздерінің елдеріне қайтып, босаған жерлер қазақтарға таратылып беріледі» деген сыбыс әңгімелер ел арасына кеңінен тарайды. Қашанда жерге ие болған рулар ғой. Сондықтан да, ру басылары переселендер тастап кеткен жерге ие болғысы келеді. «Рушылдыққа берілген «Степанов – Жангелдин төреден шыққан Әлихан мен арғыннан шыққан Ахмет, Мирякубтарға қыпшақ Амангелдіні айдап салған көрінеді. Сөйтіп, «Большевик» сөзін «қыпшақ» деп түсінген қараңғы Амангелді алашордашылармен болған бір шайқаста қаза тапты» деп, жазады Мұстафа Шоқай. Міржақып Дулатов 1929 жылғы 1 қазанда Біріккен саяси Бас басқармасына (ОГПУ) берген жауабында Амангелді Имановтың өліміне байланысты былай дейді: «Бір күні Иманов бізді тұтқындағалы жатыр екен, оның үйінде Қостанай жақтағы жақын бір отрядтан келген барлаушы бар-мыс деген сыбыс естідік. Күдік, үрей күшейді. Осынау хабарды естіген соң Иманов пен оның үйіндегі белгісіз адамды тұтқынға алдық. Осыдан кейін отрядты екіге бөліп, бірі қалада қалды, екіншісі партизан отрядқа қарсы жылжыды. Бұл Таран басқарған партизан отряды екен. Амангелді Имановтің үйіндегі кісі Таранның өзі болып шықты. Біз оның отрядың қарусыздандырып, адамдарын босатып жібердік. Келесі күннің кешінде Торғайға қайтып келсек, қалада қалған отряд ойда жоқ қарбалас қақтығыста Иманов пен Таранды өлтіріп қойыпты». Бұл жауап алу хаттамасы Амангелді Имановтың өліміне байланысты Міржақып Дулатовтың жеке басының ешқандай кінәсі жоқ екенін айқын дәлелдейді. Бұл тұжырымды қауіпсіздік органдары да теріске шығармайды. Жазушы, ҰҚК-нің бұрынғы қызметкері Қостанай Қаратаев «До ХХ1 века» атты кітабында былай дейді: «После установления Советской власти Алиби Джангельдин много делает розыскивая место гибели своего друга детства Амангельды Иманова. Основная версия была, что он был убит алашордынцами. Вскоре подверждается, что А.Иманов и 14 членов Тургайского ревкома были расстреляны. Приговор привели в исполнение Сисекенов, Макатов, Акжолов, Нурумов, Казырбаев, Карлыков и Битлеов. Непосредственно казнь совершил Макатов».

 

«Чекисты Казахстана» атты кітапта Амангелді Имановтың мойнына арқан байлап, атпен сүйретіп, қорлап өлтірген Макатов дейді. Сөйтіп, Амангелді Имановтың өлер алдындағы соңғы сөзін келтіреді: «Казахский народ поверил Ленину, большевикам... сотрет вас, байские выродки, проклятые изменники...».

 

Деректерге қарағанда, Ресей үкіметінің 1867 жылы құрылған арнайы органдары ОГЖУ («Оренбургское губернское жандармское управление») 1917 жылға дейін қызмет етіп келген. Бұл Ішкі Істер министрлігіне қарайтын саяси тіміскіну органы болатын. Негізгі міндетін Орталықтың жергілікті органдарына берген мынадай нұсқамасынан байқауға болады: «Иметь смотрение...чтобы в жителях астраханских и других не было какой шаткости, на какойибудь стороне подсылок и побуждения к возмущению, к противостоянию, и для того, где надлежит, держать для проведения тайных подсыльников...». Осы нұсқамаға байланысты ОГЖУ органдары қазақ хандары және ру бастылары, олардың іс-әрекеті мен жоспарлары туралы, сондай-ақ саяси және әлеуметтік-экономикалық жағдайларға талдау жасап, жоғарғы инстанцияларға арнайы ақпарат беріп отырған. Сонымен қатар, Түркістан өлкесіндегі барлық сауатты адамдардың тізімін жасап, саяси сенімсіз адамдарды бақылауға алып, оларға ықпал жасауға тырысқан. Жазушы-чекист К.Каратаев былай дейді: «К профессиональной «чести» жандармов до 1917 года включительно они не дали развитию процесса широкого революционного самосознания среди писателей и акынов, видных общественных и государственных деятелей – казахов». Сөйтіп, бірнеше белгілі адамдардың есімдерін атайды. «Чокан Валиханов историк, географ, энограф, художник, выдающейся демократ и просветитель. Что еще важнее нашей темы – был и блестящим российским разведчиком Х1Х века». Ыбырай Алтынсарин – ученый, просветитель, видный демократ и общественный деятель. Легко власти утверждают многие просветительские мероприятия Ыбырая. И не потому совсем, что он говорит: «молодое поколение киргизов будет смотреть на язык и русскую грамоту, как на единственный язык культуры и знание», и не в силу того, что были свежи  данные о том, как противники Алтынсарина критиковали его за перевод на кириллицу казахского алфавита. Видимо потому, как и реально стало исполнение совместных русско – казахских просветительских задач – база для умиротворения «инородцев» и желаемогоо в российском варианте развития Степного, с трудом осваиваемого края».

 

Автор А.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов және басқалары патша жарлығын қолдап, ешқандай қарсылықсыз іске асыруды жақтады дейді. «Қазақ» газетінде жарияланған мақалаларға сүйеніп, «газета до самого установления Советской власти призвала  к поддерджке царизма в империалистической войне, выступила за мобилизацию казахов в армию, наведению порядка силовыми методами» деп, жазады. Қазақ зиялыларының мұндай позициясын патша арнайы қызметінің «жетістігі» деп, бағалайды.          Ал, іс жүзінде алашордалықтардың көздегені басқа болды. Бірінші кезекте олар қазақ халқының мүддесін қорғады. Мұны Мыржақып Дулатовтың 1929 жылы 7 қаңтарда тергеуге берген жауабынан аңғаруға болады:

 

«1916 жыл келді. 19-43 жасқа дейінгі қазақ халқын тыл жұмыстарына реквизициялау туралы 25 маусымдағы патша жарлығы кенеттен жарияланды. Қазақ халқы толқыды. Далаға зеңбіректері мен пулеметтері бар жазалау отрядтары ағылды. Губернаторлар жер-жерге барды, түрмелер батыл адамдарға лық толды. Ақтөбеге келген Торғай вице-губернаторы тура былай деді: «Бірде-бір қазақ тірі қалмаса да патша жарлығы орындалады». Осындай жағдайда, қазақ халқының дәрменсіздігін, қорғансыздығын көрген біз халыққа өкімет орындарына қарсыласпауға кеңес бермекші болып ұйғардық, өйткені шайқастың тең болмайтынына, қазақ даласы қанға бөгетініне, қазақ халқы орны толмас қасіретке ұшырайтынына сенген едік...». Расында, патша үкіметі жарлыққа қарсы шыққан түркістандықтарды қатаң жазалауға бұйрық берген еді. Сөзіміз құрғақ болмасын, кейбір ресми құжаттардан үзінді келтірейік. Атаман Тюлин және басқалары мынадай нұсқамалар алды: «Потребовать от вызванной для подавления беспорядков сотни самых энергичных и беспощадных действий»; «Действовать энергично и решительно»; «Передайте всем войскам и крестьянам, что быстрое усмирение мятежа достигается исключительно одним путем, нанесением хотя бы одной мятежной волости примерного урока в виде истребления сразу нескольких сотен жертв...»; «Действовать самым решительным образом, не стесняясь никакими последствиями. Ваше дейставия должно послужить примером для всей области». Бұл нұсқамалар жергілікті жерлерде сөзсіз орындалып жатты. Оған дәлел, 1916 жылғы 14 тамызда жоғарғы инстанцияларға тапсырманың орындалуы жайлы жіберілген мынадай хабарлама: «Одной из первых возмутились в Верненском уезде Ботпаевская область. Хорунжий Александров со своей сотней 10 августа в степи, к северу от Тартапа настиг волость, 3 аула поголовно истребил, стойбища сжег, скот угнал...». Тек, ресми мәліметтер бойынша Түркістан өлкесінде 347 адам өлім жазасына кесілген, 168 адам қаторгалық жұмыстарға жегілген, 129 адам қамауға алынған, 300 мың адам Қытайға қашып кетуге мәжбүр болған. Сонымен қатар, мыңдаған қазақтар сотсыз және тергеусіз жазалау отрядтарының қолынан қаза тапты. Өкінішке қарай, олардың нақты саны осы уақытқа дейін анықталмай келеді.

 

Міне, Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов және басқалары осындай қасіретті зардаптан қазақ халқын аман алып қалғысы келді. Біріккен саяси Бас басқармасының тергеушілеріне Міржақып Дулатов: «Қателессем – халқыммен қосыла қателестім, сәулесі жарық жолға ұмтылсам – ұлттыммен қосыла ұмтылдым» деп, жауап берген екен. Қазақ халқының тарихы толық зерттеліп болған жоқ. Әлі де беймәлім тұстары, ашылмаған құпиялары, «ақтаңдақтары» жетерлік. Солардың қатарында қазақ халқының сан ғасырлық ұлт-азаттық көтерілістері, әсіресе 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісі терең зерттеуді қажет етеді.

 

Әмірхан БӘКІРҰЛЫ

 

/* Style Definitions */ table.MsoNormalTable {mso-style-name:"Обычная таблица"; mso-tstyle-rowband-size:0; mso-tstyle-colband-size:0; mso-style-noshow:yes; mso-style-priority:99; mso-style-qformat:yes; mso-style-parent:""; mso-padding-alt:0cm 5.4pt 0cm 5.4pt; mso-para-margin:0cm; mso-para-margin-bottom:.0001pt; mso-pagination:widow-orphan; font-size:11.0pt; font-family:"Calibri","sans-serif"; mso-ascii-font-family:Calibri; mso-ascii-theme-font:minor-latin; mso-fareast-font-family:"Times New Roman"; mso-fareast-theme-font:minor-fareast; mso-hansi-font-family:Calibri; mso-hansi-theme-font:minor-latin; mso-bidi-font-family:"Times New Roman"; mso-bidi-theme-font:minor-bidi;}

 

Пікір қалдыру


Қорғаныс саны
Жаңарту

Іздеу

Сауалнама

Бүгінде журналистерге қай сала мамандарынан ақпарат алу қиын?

Медицина - 57.1%
Прокуратура - 0%
Сот - 0%
Департаменттер - 14.3%
Облыстық басқармалар - 28.6%

Дауыс саны: 7
The voting for this poll has ended on: 29 Шіл 2017 - 00:00

Жоба туралы

Сыр өңірінің тумасы, қайсар қаламгер, ақын Зейнолла Шүкіровтің рухына арналған «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты облыстық жас ақындар мүшәйрасы өтті.

 «Руханиятты жаңғырту» қоғамдық қоры мен республикалық әдеби-мәдени, тарихи-танымдық «Әлімсақ» журналы Зейнолла Шүкіровтің рухына арнап биыл төртінші рет дәстүрлі «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты талантты жас ақындар мүшәйрасын ұйымдастырды. Биылғы жылдың жеңімпазы - М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжінің студенті Нәбира Ешниязова.

 

 

Редакцияға хат

Email:
Тақырып:
Текст:

Әлеуметтік желілер

Күнтізбе

<< < Желтоқсан 2016 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Кім онлайн?

Қазір 98 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр

As we continue our list of fantasy football”s top 101 PPR players of 2017 we have three players who have recently finished in the top-15 at their positions.

In fantasy football there will always be players who have an unexpected drop or rise from one year to the next. One player on today’s list was a top-six wide receiver in 2015. The next year,Vince Wilfork Jersey he wasn’t even a top-20 wide receiver.

The same can be said about a running back on today’s list who was a top-five running back in 2015. Last year, he wasn’t even a top-18 running back. Who are these players and what should we expect from them in 2017?

To be clear,J.J. Watt Jersey the top 101 PPR players are for re-draft leagues only. Here’s a look at players ranked No. 38-36:

Last season Patriots wide receiver Julian Edelman finished fourth in the NFL in receptions with 98. He also set a career-high in receiving yards with 1,106. In the end,Brian Cushing Jersey Edelman finished 2016 as the 15th PPR wide receiver. Unfortunately for Edelman, I see a regression coming his way in 2017.

The 2016 season was only the second time in Edelman’s eight-year career he played in all 16 games in a season. The other time came back in 2013. Going into 2017, the odds are against the 31-year old receiver to play in all 16 games in back-to-back years for the first time in his career. Even if he somehow manages to stay healthy for all 16 games, he’s sure to lose targets and receptions.

Last year Patriots star tight end Rob Gronkowski had a career-low 25 receptions. Gronk was never 100 percent during the 2016 season and only appeared in eight games. Going into 2017,DeAndre Hopkins Jersey he will be back to full strength. Also, the Patriots traded their 2017 first-round pick for Saints wide receiver Brandin Cooks. The former Oregon State Beaver will be the team’s new No.1 wide receiver.

Журнал туралы

«Әлімсақ» журналы – рухани серігіңіз

 Қазақтың ғасырлар қойнауынан тамыр тартқан, әлімсақтан келе жатқан хатқа түскен тарихының, ұлттық болмыс-бітіммен астасқан әдебиеті мен мәдениетінің, тілі мен дінінің, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрінің бірден-бір насихатшысы, Сыр бойының тарихында алғаш рет әдеби-мәдени, тарихи-танымдық бағытта жарық көрген «Әлімсақ» журналының оқырманына жол тартқанына алты жылға жуық уақыт болып қалды. 2009 жылдың сәуір айынан бастап алғашқы нөмірі жарыққа шыққалы бері қазақ әдебиеті мен тарихына қатысты мақалаларды ортаға салып, Сыр өңірінің мәдениеті мен өнерін насихаттап, облысымыздың бүгінгі мәдени, әлеуметтік дамуындағы өзгерістерді ақпараттандыруда журналдың қосып келе жатқан үлесі салмақты.