Арда туған азаматқа дем беріп,арғымақ келді жаңа жылды өңгеріп

Арда туған азаматқа дем беріп,арғымақ келді жаңа жылды өңгеріп

Қазақ халқы ежелден төрт түлік малды бағып, жазда жайлауға, қыста қыстауға көшіп жүрген керемет...

Ұлттық тәрбиенің мәні – ұлттық ойындар

Ұлттық тәрбиенің мәні – ұлттық ойындар

  Ойнамайтын бала жоқ. Сухомлинскийдің сөзімен дәлелдейтін болсақ, "Ойынсыз ақыл-ойдың қалыпты...

АҚШ -тағы КЕН АЛИБЕК ЕЛГЕ ҚАЙТА ОРАЛДЫ

Кезінде АҚШ-қа кетіп қалған көрнекті микробиолог ғалым, полковник Кен Алибек туралы (азан шақырып...

 АБАЙША СҮЙІП, АБАЙША КҮЙІП ЖҮРМІЗ БЕ?

АБАЙША СҮЙІП, АБАЙША КҮЙІП ЖҮРМІЗ БЕ?

Атады таң, батады күн, толады ай.  Ауысады күнде саба, толағай.  Бірі барда бірі болмай,...

 Қамбаш көлі туризм аймағына айнала ала ма?

Қамбаш көлі туризм аймағына айнала ала ма?

 Сыр бойы – туризм саласынан кенде емес аймақтардың бірі. Айтатыны жоқ, Қазақстан өзінің...

  • Арда туған азаматқа дем беріп,арғымақ келді жаңа жылды өңгеріп

    Арда туған азаматқа дем беріп,арғымақ келді жаңа жылды өңгеріп

  • Ұлттық тәрбиенің мәні – ұлттық ойындар

    Ұлттық тәрбиенің мәні – ұлттық ойындар

  • АҚШ -тағы КЕН АЛИБЕК ЕЛГЕ ҚАЙТА ОРАЛДЫ

  •  АБАЙША СҮЙІП, АБАЙША КҮЙІП ЖҮРМІЗ БЕ?

    АБАЙША СҮЙІП, АБАЙША КҮЙІП ЖҮРМІЗ БЕ?

  •  Қамбаш көлі туризм аймағына айнала ала ма?

    Қамбаш көлі туризм аймағына айнала ала ма?

Бас редактор бағаны

"Әлімсақ" журналының бас редакторы, филология ғылымдарының кандидаты

Нұрлан Көбегенұлы Нұрмаханов

 Бас кеспек болса да...

Журналға тіркелу

Валют бағамы

Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан

Мұрағат

Серіктестер

Latest News

Бексұлтан НҰРЖЕКЕЕВ, жазушы: «РУ-ТАЙПАЛЫҚҚА БӨЛІНУ – БІЗДІҢ БАСТЫ ДЕРТІМІЗ»

 

Қазақ ұлтының ұлттық мүддесін өз өмірінен жоғары қоятын азаматтар жиі кездеседі. Елдің өткені мен бүгініне алаңдап, талай жылдан бері қазақ тарихындағы көрініс алған оқиғаларды қағаз бетін түсіріп, шырмалған шындықты шығармашылығымен танытқан жазушы, қарымды қаламгер Бексұлтан Нұржекеевтің руханият саласында алар орны бөлек. Ардың жүгін арқалаған, болмысы биік жазушы жақында "Мәңгілік Eл" қайраткерлері" циклдық кездесулері аясында Қазақстан Республикасы Президентінің мұрағатында әдебиет әлеміне қызығушылық танытып жүрген жас буын өкілдерімен кездесті. Салмақты басқосу ұрпақтар сабақтастығы, рухани жақындық сыйлағаны рас. Белгілі қайраткердің біз білмейтін қырлары мен сырларын жастар салмақты сұрақтары арқылы біле алды.

 

Расында, Бексұлтан Нұржекеев қазақ үшін қандай адам? Оның шығармашылық белес-биігі қандай? Бұл күні осындай қазіргі ұрпақ білуі қажет сауалдардың жауабы тарқатылды.

ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, "Парасат", "Құрмет" ордендерінің иегері, Халықаралық "Алаш" және Мұқағали Мақатаев атындағы сыйлықтардың лауреаты, көрнекті жазушы Бексұлтан Нұржекеев 1941 жылы 22 ақпанда Талдықорған облысы, Панфилов ауданының Көктал қой совхозында дүниеге келген. 1958 жылы Абай атындағы Көктал орта мектебін тәмамдап, 1960 жылға дейін Көктал қой совхозында жұмысшы болып қызмет атқарады. 1960 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетіне оқуға түседі. Университетті аяқтағаннан кейін, 1965-1968 жылдары Қ.Тышқанбаев атындағы орта мектепте ұстаздық етіп, комсомол жұмыстарымен айналысады. Сондан кейін қаламгер 1976-1986 жылдар аралығында "Жалын", "Жұлдыз" журналының бөлім меңгерушісі, "Жалын" баспасы бас редакторының орынбасары, бас редакторы, 1989-1992 жылдары "Парасат" журналының бас редакторы, кейіннен "Жалын" баспасының директоры қызметтерін атқарады.

"Жалында" жалындап жанған Бексұлтан Нұржекеев 30-жылдардағы халықтың басынан өткен зорлық-зомбылықты, қайғы-қасіретті баяндайтын, кешегі тарихтың бетпердесін ашып көрсететін тарихи шындыққа негізделген "Жау жағадан алғанда" романын, ХХ ғасыр басындағы қазақтың рухани тынысын өзек еткен "Күтумен өткен ғұмыр" атты тырнақалды туындыларды дүниеге әкелді.

Әр жылдардың бейнесін суреттейтін махаббат, ерлі-зайыптылық өмір туралы, бақытты ғұмырлар, сәтсіздіктер мен түсініспеушіліктер жайында жазылған "Ерлi-зайыптылар" романы, "Бiр өкiнiш, бiр үмiт", "Кiнәлi махаббат", "Өзендер өрнектеген өлке", тарихи жаңа туындысы, "Әй, дүние-ай!" сынды көркемдiк көрiгiнен шыңдалып шыққан шымыр да шұрайлы шығармалары оқырмандардың шынайы бағасын алған.

Жасыратыны жоқ, қарымды қаламгер Кеңес үкіметі мен қоғам өмірінің сол тұстағы жағдайы, зиялы тұлғалардың азаматтық позициясы хақында сыр шертті. Қазақтардың рухы мен кемеңгерлік ерлігінің көрінісін қаз-қалпында жеткізді. Ел басынан нәубет жылдары өткен талай шындық пен көзге түртсе көргісіз қиындықтарды баяндайтын тарихи желілерге толы мазмұндағы қызықты деректерімен шер тарқатты.

Президент мұрағатында ұйымдастырылған жазушымен кездесу кешінде қаламгердің қаламдас достары, шығармашылық ортадағы жора-жолдастары әдебиет тізгінін ұстаған жандар мен педагогтар жазушы өмірі, шығармашылығы жайында сыр ақтарды.

Әдетте шығармашылық өнер иелерінің кездесуі әсерлі естеліктер мен бозбала балалық шаққа саяхаттардан сыр шертетіні белгілі. Қаламгер жас кезінде әдебиетке, тарихқа алғаш қадам басқан кезіндегі қызықты оқиғаларымен бөлісті. Сағымға айналған сағынышты жылдарын еске алып, та-рихты тереңнен тани түсуін жастарға ойлы орам-дары арқылы жеткізді.

- Тарихты білу – кроссворд шешу емес, архивтің деректерін жүректен өткізу. Тарихтың ар жағында елдің, жердің тарихы жатыр. Ата-баба рухын ояту керек, өзің оянбасаң, елің оянады. 300 жыл бодан ел болдық, тәуелсіздік алдық. Тәуелсіздік – ет пен құрт жеп жататын заман емес, білім мен ғылымның бәсекесі. Білім жағынан өсу, ғылым жағынан озу сіздердің қолдарыңызда. Ру-тайпалыққа бөліну – біздің басты дертіміз. Ру-тайпаға бөлінуді біл-мейтін Еуропа мемлекеттері бізден әлдеқайда озып кетті. Қазір Шыңғыс ханды тарихи тұлға ретінде тануда ру жағынан қарайды. 800 жыл бұрынғы Аттиланың, Шыңғысханның кім екенін қайдан білесің, осының бәрін архивтен табасың. Оны интернеттен таба алмайсың, тек архив, кітап, археология тауып береді, сондықтан оқыңыздар, ізденіңіздер,-деді қаламгер.

Аға буын мен кейінгі толқынның рухани сабақ-тастығын түзген басқосуда жас ретінде көкейде жүрген, көңілге түйген сауалдарымызды қойып, қарымды қаламгерден қайратты жауап алдық. Ел мұраты, ұлт руханиятын кестелі көркем сөзбен емес, дәлелді де дәйекті деректемелермен дәлелдеп, өзі жазған туындыларынан тіркестерді теріп, жас оқырманға ой тастады.

Бексұлтан Нұржекеевтің бергенінен берері мол. Рухани әлемге рухты шығармаларымен танылған қайраткердің бүгінгі буын жастарымен еркін әңгіме құруы қазақ жастарының санасына рухани бай-лықтың сырын ұқтырғандай әсер қалдырады.

Сымбат ШАЙЖАНОВА,

ҚР Президенті Архивінің Құжаттарды ғылыми жариялау

 басқармасының архивисті

Алматы қаласы

 

Пікір қалдыру


Қорғаныс саны
Жаңарту

Іздеу

Сауалнама

Бүгінде журналистерге қай сала мамандарынан ақпарат алу қиын?

Медицина - 57.1%
Прокуратура - 0%
Сот - 0%
Департаменттер - 14.3%
Облыстық басқармалар - 28.6%

Дауыс саны: 7
The voting for this poll has ended on: 29 Шіл 2017 - 00:00

Жоба туралы

Сыр өңірінің тумасы, қайсар қаламгер, ақын Зейнолла Шүкіровтің рухына арналған «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты облыстық жас ақындар мүшәйрасы өтті.

 «Руханиятты жаңғырту» қоғамдық қоры мен республикалық әдеби-мәдени, тарихи-танымдық «Әлімсақ» журналы Зейнолла Шүкіровтің рухына арнап биыл төртінші рет дәстүрлі «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты талантты жас ақындар мүшәйрасын ұйымдастырды. Биылғы жылдың жеңімпазы - М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжінің студенті Нәбира Ешниязова.

 

 

Редакцияға хат

Email:
Тақырып:
Текст:

Әлеуметтік желілер

Күнтізбе

<< < Шілде 2016 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
4 5 6 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31

Кім онлайн?

Қазір бір қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр

As we continue our list of fantasy football”s top 101 PPR players of 2017 we have three players who have recently finished in the top-15 at their positions.

In fantasy football there will always be players who have an unexpected drop or rise from one year to the next. One player on today’s list was a top-six wide receiver in 2015. The next year,Vince Wilfork Jersey he wasn’t even a top-20 wide receiver.

The same can be said about a running back on today’s list who was a top-five running back in 2015. Last year, he wasn’t even a top-18 running back. Who are these players and what should we expect from them in 2017?

To be clear,J.J. Watt Jersey the top 101 PPR players are for re-draft leagues only. Here’s a look at players ranked No. 38-36:

Last season Patriots wide receiver Julian Edelman finished fourth in the NFL in receptions with 98. He also set a career-high in receiving yards with 1,106. In the end,Brian Cushing Jersey Edelman finished 2016 as the 15th PPR wide receiver. Unfortunately for Edelman, I see a regression coming his way in 2017.

The 2016 season was only the second time in Edelman’s eight-year career he played in all 16 games in a season. The other time came back in 2013. Going into 2017, the odds are against the 31-year old receiver to play in all 16 games in back-to-back years for the first time in his career. Even if he somehow manages to stay healthy for all 16 games, he’s sure to lose targets and receptions.

Last year Patriots star tight end Rob Gronkowski had a career-low 25 receptions. Gronk was never 100 percent during the 2016 season and only appeared in eight games. Going into 2017,DeAndre Hopkins Jersey he will be back to full strength. Also, the Patriots traded their 2017 first-round pick for Saints wide receiver Brandin Cooks. The former Oregon State Beaver will be the team’s new No.1 wide receiver.

Журнал туралы

«Әлімсақ» журналы – рухани серігіңіз

 Қазақтың ғасырлар қойнауынан тамыр тартқан, әлімсақтан келе жатқан хатқа түскен тарихының, ұлттық болмыс-бітіммен астасқан әдебиеті мен мәдениетінің, тілі мен дінінің, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрінің бірден-бір насихатшысы, Сыр бойының тарихында алғаш рет әдеби-мәдени, тарихи-танымдық бағытта жарық көрген «Әлімсақ» журналының оқырманына жол тартқанына алты жылға жуық уақыт болып қалды. 2009 жылдың сәуір айынан бастап алғашқы нөмірі жарыққа шыққалы бері қазақ әдебиеті мен тарихына қатысты мақалаларды ортаға салып, Сыр өңірінің мәдениеті мен өнерін насихаттап, облысымыздың бүгінгі мәдени, әлеуметтік дамуындағы өзгерістерді ақпараттандыруда журналдың қосып келе жатқан үлесі салмақты.