Бас редактор бағаны

"Әлімсақ" журналының бас редакторы, филология ғылымдарының кандидаты

Нұрлан Көбегенұлы Нұрмаханов

 Бас кеспек болса да...

Журналға тіркелу

Валют бағамы

Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан

Серіктестер

КОМИССИЯ КЕЛЕ ЖАТЫР!

 

Ақшұқыр орта мектебінің директоры Жалбағай қарамағындағы барлық мұғалімдерді кабинетіне жинап алды. Қаладан кеше ғана келгендіктен бе, әлдебір басқа дәлелді себебі бар ма, директордың қабағы тым қатулы, түсі тым суық еді.

-Ал,- деді Жалбағай қабағын түйе, орын­дығын сындырып жіберердей шал-қалаңқырай отырып, - барлығы түгел жиналды ма?

Оқу ісінің меңгерушісі Түйгенбай:

-Әлгі Сылқымбикеден басқалары осында, - деді.

-Сол-ақ шұбатылады да жүреді екен. Өзі жиналысты естіген бе еді? - деді Жалба­ғай.

 

-Естіген, ес­тіген. Жи­­налыс туралы ха­бар­лан­­дыру іліп қой­ған­быз,-деді за­быш.

-Жә, бір адам­ға бола бәрін жол­­да­ры­нан қал­дыр­майық. Мен бір суыт ха­бар  әкелдім, - деп директор біраз үзі­ліс жасады.      

Мұғалімдердің барлығы дерлік дір ете қалғандай болды. Химик Жәкен түсі қашып, саусағын сыртылдатып, әдебиетші Тәкен галс­тугін түзеп, шашын кейін қайырып бүлінді. Физик Әлиман сөмкесін ашып-жауып пәлеге қалды. Ал, бастауыш сынып мұғалімі Зағипаның аузы ашылып, аң-таң, өйткені ол жұмысқа жақында орналасқан, мұндай жиынды да алғаш көріп тұр еді.

-Келесі аптада комиссия келеді,- деді Жал­бағай Қиқымұлы. - Іс-қағаздарыңды жинас­тырып, тексеруге дайын болыңдар.

Сонан соң Жалбағай оқу ісінің меңгерушісіне қарап:

-Биылғы ҰБТ-да нашар көрсеткен біздің мек­теп екен. Сондықтан комиссия ешкімді аямайды,- деді.

Осындайда бірдеңе айтып қалуға тырысатын Түйгенбай:

-Жәкен, сен өткендегі тапсырманы орын­да­мадың ғой,- деді.

-Орындаймын ғой, әлі үлгеремін, - деп Жәкен мұрын астынан міңгірледі.

-Әне, бұлар сүйтеді. Үлгеремін ғой, біті­ре­мін ғой. Қашан, қай кезде бітеді тапсырма?- мек­теп директорының түгі бетіне шығып, даусын кө­терді.

Көзілдірігін сарт еткізіп үстел үстіне тастай салды.

Кабинет іші тым-тырыс, шыбынның ұшқан ызыңы да естілмейді.

Ешкім де орнынан қозғалмай, тас мүсіндей қалшиып қалған. Әркімнің ойында Түйгенбайдың осындайда әлденені көңірсітетіні түсіп, маған да ескерту жасамай ма екен деген қауіп бар.

Тыныштықты кабинет есігінің сықыры бұз­ды. Ішке алау-далау болып Сылқымбике кіріп келді.

-Әлгі ала сиыры құрма­ғыры бұзауын алып кетіпті. Соны әкелемін деп кешігіп қалғаным,- деп кабинетті басына көтере, дабдыраған Сылқым­бике әріптестерінің үн-түнсіз, состиған тұрыс­тарына таңырқаған­дай. - Немене аманшылық па?- деді.

-Несі аманшылық, комиссия келе жатыр!- деді бір мұғалім.

Өзі жамыраған бұзауды қуған, өзі жиналыстан кешіккен, өзі мына хабарды естіген Сылқымбике:

-Не дейт?- деп алдындағы орындыққа сылқ етіп отыра кетті.

Осы кезде Түйгенбай:

-Сылқымбике сенің сынып журналыңа мен ескерту жасағанмын. Ал, ол орындалмапты,- деді.

-Ол қандай ескерту?- деді өзіне-өзі келе бастаған Сылқымбике.

-Қандай екенін өзің білуің керек емес пе? Демек, сынып жетекшісі сынып журналымен жұмыс істемеген,- деп оқу ісі меңгерушісі үлкен қорытынды жасап тастады.

Алқынып келген жүрегі басылған, ке-шік­кеніне кешіріммен қарағанға еркінсіген Сылқым­бике:

-Бірдеңе болса мені көреді екенсің. Басқа-лардың барлығының төрт құбыласы түгел, еш міні жоқ па екен?- деп Түйгенбайға түйіле қа­рады.

-Бұларға жұмысындағы кемшілікті айтсаң, өзіңе тарпа бас салады,- деп Түйгенбай басты­ғынан араша сұрағандай болды.

Ұжымындағы бір-біріне деген қырбайлықты байқаса да Жалбағай жай ғана:

-Іс-қағаздарыңды дұрыстап тексеруге дайын­далыңдар. Қағаздарың - қамалдарың екендігін тағы ескертемін,- деді.

Бастығы осылай десе де Түйгенбай тағы да ескерту жасауды ұмытпады.

-Зағипа, сенің бір оқушың сабақ басталғалы әлі келген жоқ,- деді.

Бастауыш сынып мұғалімі:

- Ата-анасына жолықтым. Ертеңнен бастап мектепке келетін болды,- деді. Өзі қып-қызыл болып басын жерден көтермеді.

Түйгенбайдың бүкіл мұғалімдерді жағалап келе жатқан жанары біздерге түсе ме дегендей еңбек пәні мұғалімі Сабалақ пен дене шынық­тыру пәні мұғалімі Қожалақ жақын тұрған әріптестерінің артына тығыла берді.

-Та-а-ааак,- деп даусын соза берген Түйген­байды жанында отырған психолог Қалбағай бүйірінен түйіп қалды. Анау "мұның не?" дегендей Бөкенге қарады. Бағанадан бері өзінің мамандығына сәйкес кабинеттегі жай-күйді байқап отырған Қалбағай:

-Дұры-ы-ыс. Комиссия келе-е-е-еді. Тексере-е-е-еді. Оған мықта-а-ап да-а- айындалу керек,- деді. Психолог әр сөзіне мән беріп, әсіресе "мықтап дайындалу" дегенді жарты минуттай созып айтты.

Қалбағайдың әлгі сөзінен кейін кабинеттегі кейбіреулердің жүзі жылып, тіл біте бастады.

-Е, мықтап дайындалған жөн ғой,- деді әдебиетші Төкен.

"Бұл өзі солай екен ғой. Бәсе, бағанадан неғып білмегенбіз" дескен мұғалімдер Қалбағайға ри­залықтарын білдіріп, директорға қарады. Жал­бағай Қиқымұлы:

-Оны өздерің шешесіңдер ғой,- деп соңғы сөзді мектеп мұғалімдеріне қалдырды.

Мектеп директоры кабинетінен мұғалімдер көңілді шықты. Дәл осы қалыптарында бұлар қан­дай комиссия келсе де, қалпақпен ұрып алатындай жағдайлары бар еді.

Ал комиссия келе жатыр...

Өтебай СЕРӘЛІ

Пікір қалдыру


Қорғаныс саны
Жаңарту

Іздеу

Сауалнама

Бүгінде журналистерге қай сала мамандарынан ақпарат алу қиын?

Медицина - 57.1%
Прокуратура - 0%
Сот - 0%
Департаменттер - 14.3%
Облыстық басқармалар - 28.6%

Дауыс саны: 7
The voting for this poll has ended on: 29 Шіл 2017 - 00:00

Жоба туралы

Сыр өңірінің тумасы, қайсар қаламгер, ақын Зейнолла Шүкіровтің рухына арналған «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты облыстық жас ақындар мүшәйрасы өтті.

 «Руханиятты жаңғырту» қоғамдық қоры мен республикалық әдеби-мәдени, тарихи-танымдық «Әлімсақ» журналы Зейнолла Шүкіровтің рухына арнап биыл төртінші рет дәстүрлі «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты талантты жас ақындар мүшәйрасын ұйымдастырды. Биылғы жылдың жеңімпазы - М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжінің студенті Нәбира Ешниязова.

 

 

Редакцияға хат

Email:
Тақырып:
Текст:

Әлеуметтік желілер

Күнтізбе

<< < Шілде 2016 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
4 5 6 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31

As we continue our list of fantasy football”s top 101 PPR players of 2017 we have three players who have recently finished in the top-15 at their positions.

In fantasy football there will always be players who have an unexpected drop or rise from one year to the next. One player on today’s list was a top-six wide receiver in 2015. The next year,Vince Wilfork Jersey he wasn’t even a top-20 wide receiver.

The same can be said about a running back on today’s list who was a top-five running back in 2015. Last year, he wasn’t even a top-18 running back. Who are these players and what should we expect from them in 2017?

To be clear,J.J. Watt Jersey the top 101 PPR players are for re-draft leagues only. Here’s a look at players ranked No. 38-36:

Last season Patriots wide receiver Julian Edelman finished fourth in the NFL in receptions with 98. He also set a career-high in receiving yards with 1,106. In the end,Brian Cushing Jersey Edelman finished 2016 as the 15th PPR wide receiver. Unfortunately for Edelman, I see a regression coming his way in 2017.

The 2016 season was only the second time in Edelman’s eight-year career he played in all 16 games in a season. The other time came back in 2013. Going into 2017, the odds are against the 31-year old receiver to play in all 16 games in back-to-back years for the first time in his career. Even if he somehow manages to stay healthy for all 16 games, he’s sure to lose targets and receptions.

Last year Patriots star tight end Rob Gronkowski had a career-low 25 receptions. Gronk was never 100 percent during the 2016 season and only appeared in eight games. Going into 2017,DeAndre Hopkins Jersey he will be back to full strength. Also, the Patriots traded their 2017 first-round pick for Saints wide receiver Brandin Cooks. The former Oregon State Beaver will be the team’s new No.1 wide receiver.

Журнал туралы

«Әлімсақ» журналы – рухани серігіңіз

 Қазақтың ғасырлар қойнауынан тамыр тартқан, әлімсақтан келе жатқан хатқа түскен тарихының, ұлттық болмыс-бітіммен астасқан әдебиеті мен мәдениетінің, тілі мен дінінің, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрінің бірден-бір насихатшысы, Сыр бойының тарихында алғаш рет әдеби-мәдени, тарихи-танымдық бағытта жарық көрген «Әлімсақ» журналының оқырманына жол тартқанына алты жылға жуық уақыт болып қалды. 2009 жылдың сәуір айынан бастап алғашқы нөмірі жарыққа шыққалы бері қазақ әдебиеті мен тарихына қатысты мақалаларды ортаға салып, Сыр өңірінің мәдениеті мен өнерін насихаттап, облысымыздың бүгінгі мәдени, әлеуметтік дамуындағы өзгерістерді ақпараттандыруда журналдың қосып келе жатқан үлесі салмақты.