Бас редактор бағаны

"Әлімсақ" журналының бас редакторы, филология ғылымдарының кандидаты

Нұрлан Көбегенұлы Нұрмаханов

 Бас кеспек болса да...

Журналға тіркелу

Валют бағамы

Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан

Серіктестер

«АТАМНЫҢ САЛҒАН ІЗГІЛІКТІ ІЗІ ЖАЛҒАСЫП КЕЛЕДІ»

 


Normal 0 false false false RU X-NONE X-NONE

Әнуарбек мақсым ТӘЖІМБЕТТЕГІ

- Тәжімбет мақсым атаның туған жері, өскен ортасы, отбасы туралы айтсаңыз.

-Атам Бөген ауылының "Кеңтүбе" деген же­рінде дүниеге келген. Ислам дінін дәріп­теген, Алланың ақ жолынан тай­маған, шын­дыққа тіке қараған, әділет­тілікті сүйген жан­ның бірі. Арабша сауатты, көкірегі ояу, көзі ашық, ме­шіт ұстаған, молда болған. Әйелі - Айша, ба­лалары - Жұпан, Бадра (Әлімжан), қыздары - Натипа, Нұргүлсім, Әмиша.

 

- Естуімше, атаңыз он төрт жасында Орта Азиядағы іргелі білім ордасы "Көкіл­­таш" мед­ре­сесінен білім алыпты. Үл­кен қариялар­дың айтуынша, "Көкіл­таш" медресесі сол кездері Таяу Шығыс пен Орта Азиядағы бір­ден-бір даңқты білім ордасы болған көрінеді.

- Рас, атам "Көкілташ" медресесінен діни білім алумен қатар, әдеби-фоль­клорлық, клас­сикалық негіздерін бойына сіңіріп, әлем әде­биеті, ауыз әдебиетінің озық үлгілерімен та­нысқан.

- Әйгілі медреседен терең біліммен су­сын­даған Тәжімбет мақсым Бөген ауы­лы­нан оң­түстік-батысқа қоныс тепкен "Бат­пақты" көлі­нің жағасындағы елді мекен­ге келіп, мешіт сал­дырып, үлкен-кі­шінің мұсылманша сауа­тын ашуына қол­­ғабыс етіп, халқына қалтқысыз қыз­мет еткені айтылады...

- Иә, "Батпақтыдан" мешіт аштырып, ағарту ісі­мен шұғылданған, ондағы мақсаты - үлкен-кішінің мұсылманша сауатын ашу болатын. Иманды, тәрбиелі, сауатты ұрпақ тәрбиелегісі келді. Алайда, солақай саясат дегенін жасады. "Бат­пақтыдағы" мешітке баса көктеп ОГПУ-дің жендеттері келіп, апыр-топырын шы­ғарып, жала жауып, жазықсыз атамды тұтқындап кеткен. "Батпақтыдағы" ме­шітке кезінде мал қамап қойған. Бұл да - жендеттердің істері, халыққа көз қылып көрсеткен озбырлықтары.

Алайда, тәуелсіздік алған алғашқы жылдары атам салған сара жол жалғасын тауып, ауылымызда 1995 жылдан бастап "Тәжімбет" мұ­сылмандар мешіті жұмыс істеп келеді. Атам салған ізгілікті ізді жалғап, қазіргі уақыт­та осы ата мешітінде бас молда болып қызмет етемін.

- Атаңызға "дәулетті асып-тасқан бай, же­кеменшік ұстаған діндар, көтерілісші, ис­ламистік ұйымдардың мүшесі" деген жал­­ған айыптар тағылған. Артынша қуда­­лауға түсір­ген. Атаңыздың сүйегі қайда жат­қанын анықтай алдыңыздар ма?

- Атам асып-тасқан бай болмаған. Алла жолында жүріп, адал қызмет етті. Тек әділдік­ті жақтаған. Соған қарамастан солақай саясаттың құрбаны болып кете барды.

Сүйегінің Ақтөбе қаласынан 20 шақырым жердегі бұрынғы Пригородный кеңшары №2 бөлімше жанындағы жазықсыз жазаланғандар жатқан "Түйетөбе" биігінде екенін анықтадық. 1937 жылы 19 қазанда Ішкі істер халық комисса­риатының Ақтөбе облысы бойынша бас­қармасы "үштігінің" үкімімен атылған Тәжімбет мақсым Қызылорда облысы про­куратурасының 1989 жы­лы 9 маусымдағы қорытындысымен, 1989 жылы 16 қаңтардағы жарлығы негізінде толық­тай ақталды.

Атамның ақталғанын алты айлығында қалған ұлы Әлімжан, қызы Нұргүлсім апамыз ғана естіп кетті. Үлкен баласы Жұпан көкеміз ес біл­генімізде соғыстан алып келген жарақаттарының азабын тартып жүретін. Берлин тү­бінде соңғы рет асқазанынан жараланып, бір бүйрегін алдырып, соғыс мүгедегі болып ора­лады. "Сол жақ қабырғасының астында май­данның мәңгі ескерткіші болып миномет жар­қыншағы жүретін" деп, әке естеліктерін тебі­реніспен айтқан болатын тыл ардагері Қымбат анамыз. Әкесі Тәжімбеттің салған ізін санада жаң­ғыртып, бес уақыт намазын тас­тамай, Алла­ға деген сенімін жоғалтпай, әл-қадірінше ауыл-аймақтарында діни қызметтер атқарды. 60-жылдары денсаулығы нашарлай түскен кезең­дері денсаулығын сұрауға ата мешітін көрген ақсақалдар, ағайын-туғандар көптеп келетін. Батпақты басында мешіт ұстап, көппен бірге репрессияға ұшырап, сол жақта қайтыс болған ұстаздары жайлы әңгіме-дүкен құрып, ата ұрпағының көңілін көтеретін. Ол кезде зұлмат құрбандары туралы ақпарат аса құпия ұсталып, жақын туыстарына ештеңе айтыл­майтын. "1945 жылы атамыз іш сүзегінен қай­тыс болды" деген хабармен ағайын құран ба­ғыш­таған. Әкеміз есіткен сол хабар кейін жал­ған екені белгілі болды.

Тәжімбет мақсым атамыздан білім алған Бектұрған, Жұмахмет, Әйтіш, Бижан мол­далар, Қошпай ишандар ұстаз ісін алға жал­ғастырса, бірнеше шәкірттері әр салада лауа­зымды жұмыстарға араласқан.

Сыр өңірінде мұсылмандық діни иман нұрын сепкен, жүректеріне ізгіліктің ұясын салған Іздік ұлы Аймұхаммед ахун әулеті жо­лын ұрпағы ретінде тарихи Бөген орталы­ғындағы "Тәжімбет" мұсылмандар мешітінде жалғастырып жатыр­мыз. Батпақты өңіріндегі мешіт орнын сақтау мақсатында ескерткіш қойдық.

- Әңгімеңізге рахмет!

 

Әжемнің Тәжібек атадан естіген әңгімесі

Әжем Әлмаханова Кабираға бірде мен: "Әже, Тәжімбет мақсым ата туралы білесіз бе?" деп едім. Әжем біраз үнсіз отырды да: "Ес­тігенім бар еді. "Қарағым-ау, Тәжімбет ата­ларың не көрмеді?! Олар тегін адам емес. Шындықты жақтайтын, имандылықты берік ұс­таған жан еді!" деп Тәжібек ата айтып оты­ратын.

Бірде ауылымыздағы құдай жолында үлкен қарияларға шай құйып беріп отырғам. Есіктен жіңішкелеу, орта бойлы, қара торы, мұртты ата кіріп келді. Ауыл қарттарымен сәлемдесіп, жөн сұрасты. Бәрі жапа-тармағай "Тәжібек Ізмағамбетов қой, кел отыр!" деп төрден орын берді. Тәжібек атаның салмақты сөздері адам­ды бір серпілтіп тастады. Қызу әңгіме бас­талды. Жиналғандар Тәжібек атадан айдауда бол­ған күндері, он жылдан кейін қалай ақтал­ғанын, Тәжімбет мақсым ата туралы сұрады. Тәжібек ата өткенге көз жібертуді қиынсынды. Сол кездегі әділетсіздікті, озбырлықты есіне түсіргісі келмейтін сияқты. Біраз ойланып: "Ол күндер өте қиын еді. Ауылдан 17 адамды ит жеккендей жұлқылап, Аралға, одан Ақтөбеге айдауға алып кетті. Үлкен қап-қараңғы үйде кіш­кентай иненің көзіндей сәуле түсер жерге қамап тастады. Келесі күні мені ат бағатын етіп жұмысқа жекті. Жылқы бақтым. Жылқыға күніге атдорбаға салып арпа береді. Мен арпа­дан алып қалып, шөптің калдығына пісіріп, қа­мау­дағы Тәжімбет мақсымдарға әкеп бере­тін­мін. Қазалыдан келген жігітке арпаны ұсынып едім, жемеді. "Аға, мен ораза тұтып жүрмін" деді. Сонда Тәжімбет мақсым: "Інім-ау, ора­за­ны қандай жерде тұтады? Оразаны таза жер­де, бес уақыт намаз оқитын кезде, жағдайың бол­ғанда ғана тұтасың. Бұл жерде сенің бір ұрттап ішетін суың да жоқ. Кешкісін аузыңды аш, ораза тұтпай-ақ қой, Алланың өзі кеші­рер",- деді.

Бірде мен ат қарап жүріп, кетіп бара жат­қан­да Тәжімбет мақсымды көрдім. Жендеттер алақанына жүздік шеге қағып жатыр екен. Шошып кеттім, денем тітіркеніп кетті. Бірақ Тәжімбет сыр білдірер емес. Маған қарап көзі­мен ымдап, "сені көріп қалса, жаман болады" де­гендей болды. Тәжімбеттің шыдамдылығы ма, әлде Алла оның қолын ауыртпады ма, шегені тақтайға қағып жатқандай. Көре тұра еш­теңе істей алмадым, екі көзімді жасқа ерік бер­дім, шарасыз едім" дегенде, отырған жан­дар­дың көзінен еріксіз жас шықты", - деп әңгі­месін тәмамдаған әжемнің де көзіне жас іркі­ліп қалған екен.

Менің де жанарым суланып шыға келді. "Қазақ халқына енді қасірет келмесін!" дедім іштей әлденеге кіжіне.

 

Н.ЖАЙМАНОВА

 

Пікір қалдыру


Қорғаныс саны
Жаңарту

Іздеу

Сауалнама

Бүгінде журналистерге қай сала мамандарынан ақпарат алу қиын?

Медицина - 57.1%
Прокуратура - 0%
Сот - 0%
Департаменттер - 14.3%
Облыстық басқармалар - 28.6%

Дауыс саны: 7
The voting for this poll has ended on: 29 Шіл 2017 - 00:00

Жоба туралы

Сыр өңірінің тумасы, қайсар қаламгер, ақын Зейнолла Шүкіровтің рухына арналған «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты облыстық жас ақындар мүшәйрасы өтті.

 «Руханиятты жаңғырту» қоғамдық қоры мен республикалық әдеби-мәдени, тарихи-танымдық «Әлімсақ» журналы Зейнолла Шүкіровтің рухына арнап биыл төртінші рет дәстүрлі «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты талантты жас ақындар мүшәйрасын ұйымдастырды. Биылғы жылдың жеңімпазы - М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжінің студенті Нәбира Ешниязова.

 

 

Редакцияға хат

Email:
Тақырып:
Текст:

Әлеуметтік желілер

Күнтізбе

<< < Шілде 2016 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
4 5 6 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31

As we continue our list of fantasy football”s top 101 PPR players of 2017 we have three players who have recently finished in the top-15 at their positions.

In fantasy football there will always be players who have an unexpected drop or rise from one year to the next. One player on today’s list was a top-six wide receiver in 2015. The next year,Vince Wilfork Jersey he wasn’t even a top-20 wide receiver.

The same can be said about a running back on today’s list who was a top-five running back in 2015. Last year, he wasn’t even a top-18 running back. Who are these players and what should we expect from them in 2017?

To be clear,J.J. Watt Jersey the top 101 PPR players are for re-draft leagues only. Here’s a look at players ranked No. 38-36:

Last season Patriots wide receiver Julian Edelman finished fourth in the NFL in receptions with 98. He also set a career-high in receiving yards with 1,106. In the end,Brian Cushing Jersey Edelman finished 2016 as the 15th PPR wide receiver. Unfortunately for Edelman, I see a regression coming his way in 2017.

The 2016 season was only the second time in Edelman’s eight-year career he played in all 16 games in a season. The other time came back in 2013. Going into 2017, the odds are against the 31-year old receiver to play in all 16 games in back-to-back years for the first time in his career. Even if he somehow manages to stay healthy for all 16 games, he’s sure to lose targets and receptions.

Last year Patriots star tight end Rob Gronkowski had a career-low 25 receptions. Gronk was never 100 percent during the 2016 season and only appeared in eight games. Going into 2017,DeAndre Hopkins Jersey he will be back to full strength. Also, the Patriots traded their 2017 first-round pick for Saints wide receiver Brandin Cooks. The former Oregon State Beaver will be the team’s new No.1 wide receiver.

Журнал туралы

«Әлімсақ» журналы – рухани серігіңіз

 Қазақтың ғасырлар қойнауынан тамыр тартқан, әлімсақтан келе жатқан хатқа түскен тарихының, ұлттық болмыс-бітіммен астасқан әдебиеті мен мәдениетінің, тілі мен дінінің, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрінің бірден-бір насихатшысы, Сыр бойының тарихында алғаш рет әдеби-мәдени, тарихи-танымдық бағытта жарық көрген «Әлімсақ» журналының оқырманына жол тартқанына алты жылға жуық уақыт болып қалды. 2009 жылдың сәуір айынан бастап алғашқы нөмірі жарыққа шыққалы бері қазақ әдебиеті мен тарихына қатысты мақалаларды ортаға салып, Сыр өңірінің мәдениеті мен өнерін насихаттап, облысымыздың бүгінгі мәдени, әлеуметтік дамуындағы өзгерістерді ақпараттандыруда журналдың қосып келе жатқан үлесі салмақты.