Бас редактор бағаны

"Әлімсақ" журналының бас редакторы, филология ғылымдарының кандидаты

Нұрлан Көбегенұлы Нұрмаханов

 Бас кеспек болса да...

Журналға тіркелу

Валют бағамы

Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан

Серіктестер

ЗЕРДЕЛІ СӨЗДІҢ ЗЕРГЕРІ

 

 

Алаштың анасы атанған киелі Сырдың елі қашаннан да туымды тұлғаларға бай өлке. Сүлейлер жырымен сусындап, 7 кластық білімімен-ақ қазіргі таңдағы жоғарғы білімі бар кейбір жандардан ақыл-ой, парасаты тым жоғары тұрады. Өйткені олар шығыс жыр-дастандарымен сусындаған қариялардың әңгімесіне қанып өскен, сондықтан болар деп білемін. Менің айтқалы отырғаным, ақын Оразбек Бесбаев туралы болмақ. Мен Қызылорда қаласына ауылдан 1997 жылы білім қуып келгенімде нағашы апам Жаңыл Сүйіншіәліқызы бір парақ қағазға жазған өлең жолдарын ұсынды. Қарасам Әбділда Жүргенбаевқа арнау жыр екен. "Марқұм папам (Әбділда Жүргенбаевті папа дейтін) тірі кезінде Тереңөзек аудандық "Еңбек туы" газетінің 5 наурызда шыққан санының бір данасын маған ұстатып: "Мынау өлең маған арналған екен, сақтап қой,- деп беріп еді. - Осыны жаттап, халыққа айтып жүр",- деді. Оқып шықтым, өлең керемет жазылған, қатты ұнады. Оразбек Бесбаев тереңөзектік ақын дегенді естіп іздестірсем, 1997 жылы өмірден озғаны жайлы хабар алдым.

Ауданнан қалаға көшкені жайлы естідім. Бірақ отбасымен жолығудың сәті түспеп еді. Облыстық телеарнаның "Жыр-керуен" бағдарламасына Оразбек әкеміздің Әбділда нағашыма "Арнау" жырын орындаған бо-латынмын. Хабарды көрген бір апамыз ақынның қызы Нұргүлсімге хабарлайды. Теледидарды қосса аяқталып жатады. Содан Нұргүлсім апай менімен кездесіп, тілдескісі келіп, іздеген екен. Дастан деген өнерлі інімізбен жақсы сыйлас болыпты. Сол Дастан маған келіп айтқанда қуанып кеттім. Сол күні түсте қызы Нұргүлсім апаймен үйіне барып танысудың сәті түсті. Әкеге деген сағыныш құрметін, ас бергелі жатқанын айтып, ақынын ардақтап, шығармаларын насихаттап, аудан әкімінің ықпалымен ақынға ас берілетіні жайлы хабарды қуанышты сезіммен жеткізді. Және ақынның 4 томдық кітабын қолыма беріп тұрып, "Айдос інім, ақын әкеңнің 17 маусымда Тереңөзек кентінде өтетін астың тізгінін өзің ұстағанды жөн көріп отырмын,- деп, қолқа салғанда, кеудемді қуаныш сезімі биледі. "Ақынға өзінің туған ауданынан немесе ауылынан бір көшенің есімін берсе нұр үстіне нұр болар еді" деген ойға қалдым. Ол жағы аудан басшыларының еншісінде болар. Ақын Оразбек Бесбаев әкеміздің 90 жылдық мерейтойына орай 1983 жылдың 5 наурызында "Еңбек туы" Тереңөзек аудандық газетінде жарияланған Оразбек Бесбаевтың жырау Әбділда Жүргенбаевқа арнаған өлеңін жариялағанды жөн көрдім.

 

Сыр елі, жырдың елі, өнер елі,

Өлеңмен күмбез өрген өнегелі.

Көтеріп Тұрмағанбет шаңырағын,

Кең жайған кейінгілер керегені.

 

Солардың өзін көріп, сөзін жиған,

Ел сыншы аға жайлы не дер еді.

Айтулы алдыңғылар шыңы болса,

Бұл кісі құзар таудың кемері еді.

 

Алатын жерден қуат, жырдан жылу,

Өрілген тау тұлғасы өнер еді.

Теңіздей толқын атып дауылдағы,

Ақ нөсер, ағыл-тегіл төгер еді.

 

Жетпістің жегілсе де жетегіне,

Бәйгеден шаппай озып келер еді.

Өмірді тегіс жатқан дүние десек,

Жыр-дастан оған салған бедер еді.

 

Әбділда Жүргенбаев бұл кім еді,

Шаң жұқпас шашасына дүлдүл еді.

Балқашбай, Шамшат пенен Ақмырза да,

Асқақ үн мол дарыған, білгір еді.

 

Аптада бір-ақ рет бел шешетін,

Жыраулық дәстүрінің мөлдірі еді.

Бұларды отырыста байқайсыз ба?

Әркімді бір жылатып, күлдіреді.

 

Бұлардың күш қуаты сарқылмайды,

Күмбірлеп күміс көмей жыр тілегі.

Өнердің нар тұлғасын сыйлау керек,

Нәзік қой сезім шіркін кім біледі?

 

Жөні сол тірлігінде ұғынбасақ,

Бір күні шын қадірін білдіреді.

Жүреміз көпке дейін орнын жоқтап,

"Еді,- деп, - бұлар нағыз бұлбұл" еді.

 

Өнердің не бір асыл туындысын,

Жер тепкен "дода бастар" бүлдіреді.

Өнердің шын қадірін білетіндер,

Олармен бірге көшіп, бір жүреді.

 

Үлгі алып, ағалардан үйренген жөн,

Беріліп білмек үшін шын жүрегі.

Ұрыста қарусынып, атылмай оқ,

Жігерің кейде жасып сөнер еді.

 

Отты өлең рухыңды тұтандырып,

Жауынгер жауды шаппай жеңер еді.

Халқымыз ақындарды қадір тұтып,

Оларды ақиыққа теңер еді.

 

Әбекең тірі тарих оқи алсаң,

Әлі де талай нәрсе берер еді.

Жартасты жуып-шайып жел мен толқын,

Желініп ол да бір күн шөгер еді.

 

Бір кезде жалтылдаған сырлы дүние,

Күні өтсе сыры кетіп көнереді.

Болмаса, жылы жүрек, ұқыпты қол,

Өзімен өлең бірге өлер еді.

 

Бағалар "бағбан" болса қасиеттің,

Әр түрлі гүл тұқымын себер еді.

Құнарлы топыраққа түскен тұқым,

Тамырын терең жайып көгереді.

Жалғасып жақсы дәстүр, жақсы әнмен,

Жемісін кейінгі ұрпақ көрер еді.

 

Айдос РАХМЕТОВ,

ақын-жырау, Қазанғап атындағы музыкалық колледжінің оқытушысы

 

Пікір қалдыру


Қорғаныс саны
Жаңарту

Іздеу

Сауалнама

Бүгінде журналистерге қай сала мамандарынан ақпарат алу қиын?

Медицина - 57.1%
Прокуратура - 0%
Сот - 0%
Департаменттер - 14.3%
Облыстық басқармалар - 28.6%

Дауыс саны: 7
The voting for this poll has ended on: 29 Шіл 2017 - 00:00

Жоба туралы

Сыр өңірінің тумасы, қайсар қаламгер, ақын Зейнолла Шүкіровтің рухына арналған «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты облыстық жас ақындар мүшәйрасы өтті.

 «Руханиятты жаңғырту» қоғамдық қоры мен республикалық әдеби-мәдени, тарихи-танымдық «Әлімсақ» журналы Зейнолла Шүкіровтің рухына арнап биыл төртінші рет дәстүрлі «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты талантты жас ақындар мүшәйрасын ұйымдастырды. Биылғы жылдың жеңімпазы - М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжінің студенті Нәбира Ешниязова.

 

 

Редакцияға хат

Email:
Тақырып:
Текст:

Әлеуметтік желілер

Күнтізбе

<< < Шілде 2016 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
4 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31

As we continue our list of fantasy football”s top 101 PPR players of 2017 we have three players who have recently finished in the top-15 at their positions.

In fantasy football there will always be players who have an unexpected drop or rise from one year to the next. One player on today’s list was a top-six wide receiver in 2015. The next year,Vince Wilfork Jersey he wasn’t even a top-20 wide receiver.

The same can be said about a running back on today’s list who was a top-five running back in 2015. Last year, he wasn’t even a top-18 running back. Who are these players and what should we expect from them in 2017?

To be clear,J.J. Watt Jersey the top 101 PPR players are for re-draft leagues only. Here’s a look at players ranked No. 38-36:

Last season Patriots wide receiver Julian Edelman finished fourth in the NFL in receptions with 98. He also set a career-high in receiving yards with 1,106. In the end,Brian Cushing Jersey Edelman finished 2016 as the 15th PPR wide receiver. Unfortunately for Edelman, I see a regression coming his way in 2017.

The 2016 season was only the second time in Edelman’s eight-year career he played in all 16 games in a season. The other time came back in 2013. Going into 2017, the odds are against the 31-year old receiver to play in all 16 games in back-to-back years for the first time in his career. Even if he somehow manages to stay healthy for all 16 games, he’s sure to lose targets and receptions.

Last year Patriots star tight end Rob Gronkowski had a career-low 25 receptions. Gronk was never 100 percent during the 2016 season and only appeared in eight games. Going into 2017,DeAndre Hopkins Jersey he will be back to full strength. Also, the Patriots traded their 2017 first-round pick for Saints wide receiver Brandin Cooks. The former Oregon State Beaver will be the team’s new No.1 wide receiver.

Журнал туралы

«Әлімсақ» журналы – рухани серігіңіз

 Қазақтың ғасырлар қойнауынан тамыр тартқан, әлімсақтан келе жатқан хатқа түскен тарихының, ұлттық болмыс-бітіммен астасқан әдебиеті мен мәдениетінің, тілі мен дінінің, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрінің бірден-бір насихатшысы, Сыр бойының тарихында алғаш рет әдеби-мәдени, тарихи-танымдық бағытта жарық көрген «Әлімсақ» журналының оқырманына жол тартқанына алты жылға жуық уақыт болып қалды. 2009 жылдың сәуір айынан бастап алғашқы нөмірі жарыққа шыққалы бері қазақ әдебиеті мен тарихына қатысты мақалаларды ортаға салып, Сыр өңірінің мәдениеті мен өнерін насихаттап, облысымыздың бүгінгі мәдени, әлеуметтік дамуындағы өзгерістерді ақпараттандыруда журналдың қосып келе жатқан үлесі салмақты.