Арда туған азаматқа дем беріп,арғымақ келді жаңа жылды өңгеріп

Арда туған азаматқа дем беріп,арғымақ келді жаңа жылды өңгеріп

Қазақ халқы ежелден төрт түлік малды бағып, жазда жайлауға, қыста қыстауға көшіп жүрген керемет...

Ұлттық тәрбиенің мәні – ұлттық ойындар

Ұлттық тәрбиенің мәні – ұлттық ойындар

  Ойнамайтын бала жоқ. Сухомлинскийдің сөзімен дәлелдейтін болсақ, "Ойынсыз ақыл-ойдың қалыпты...

АҚШ -тағы КЕН АЛИБЕК ЕЛГЕ ҚАЙТА ОРАЛДЫ

Кезінде АҚШ-қа кетіп қалған көрнекті микробиолог ғалым, полковник Кен Алибек туралы (азан шақырып...

 АБАЙША СҮЙІП, АБАЙША КҮЙІП ЖҮРМІЗ БЕ?

АБАЙША СҮЙІП, АБАЙША КҮЙІП ЖҮРМІЗ БЕ?

Атады таң, батады күн, толады ай.  Ауысады күнде саба, толағай.  Бірі барда бірі болмай,...

 Қамбаш көлі туризм аймағына айнала ала ма?

Қамбаш көлі туризм аймағына айнала ала ма?

 Сыр бойы – туризм саласынан кенде емес аймақтардың бірі. Айтатыны жоқ, Қазақстан өзінің...

  • Арда туған азаматқа дем беріп,арғымақ келді жаңа жылды өңгеріп

    Арда туған азаматқа дем беріп,арғымақ келді жаңа жылды өңгеріп

  • Ұлттық тәрбиенің мәні – ұлттық ойындар

    Ұлттық тәрбиенің мәні – ұлттық ойындар

  • АҚШ -тағы КЕН АЛИБЕК ЕЛГЕ ҚАЙТА ОРАЛДЫ

  •  АБАЙША СҮЙІП, АБАЙША КҮЙІП ЖҮРМІЗ БЕ?

    АБАЙША СҮЙІП, АБАЙША КҮЙІП ЖҮРМІЗ БЕ?

  •  Қамбаш көлі туризм аймағына айнала ала ма?

    Қамбаш көлі туризм аймағына айнала ала ма?

Бас редактор бағаны

"Әлімсақ" журналының бас редакторы, филология ғылымдарының кандидаты

Нұрлан Көбегенұлы Нұрмаханов

 Бас кеспек болса да...

Журналға тіркелу

Валют бағамы

Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан

Мұрағат

Серіктестер

Latest News

ПАРАСАТ БАТЫРЫ

 

Халқымыздың ардақты ұлы, қайта өрлеу деңгейіндегі биік тұлға - Олжас Омарұлы сексеннің сеңгіріне шығып отыр. Бұл шын мәнісінде жалпыхалықтық мереке, интелек-туальдық береке - парасат күні. Тұлғалар тарихы - отандық тарихтың құрамдас бөлімі. Осы тұрғыдан алғанда, ХХ ғасырдың екінші жартысынан бүгінгі күнге дейінгі Қазақстанның қоғамдық саяси өмірін О.Сүлейменовтің шығармашылығы мен қоғамдық саяси қызметінсіз елестету мүмкін емес. О.Сүлейменов шығармашылығы кеңестік көркемдік, ғылыми ойдың жетістіктері мен интеллектуалдық жеңілістері және Қазақстан егемендігінің жиырма бес жылдық тарихындағы жеңістері мен іркілістерінің бейнеленгендігімен көкейтесті. Шет елдерде ақын тұлғасы қазақ қоғамдық ғылымдарының жиынтық биік шыңы, квинтэссенциясы, ұлттық философ ретінде, бүгінгі тілмен айтқанда, "бренді" ретінде қабылданса, отандық қоғамдық пікірдегі қайшылықтар да оның шығармашылығында шоғырланғандығымен маңызды. Мерейтойлық іс-шараның өзінің шарттарын таңуы заңды. Олжекең туралы көп айтуға болады. Алайда, мен жағдайды пайдаланып, көпшілік оқырманға таңсықтау Олжекеңнің тұлға ретінде қалыптасуына қатысты өмірдеректеріне көктей шолу жасағанды жөн көріп отырмын.

 

Олжас Омарұлы 1944-1954 жылдары Алматыдағы Фурманов көшесінің бойындағы №28 орыс мектебінде оқыды. Осы екіқабатты байырғы ғимаратта қазақтың батыр қызы М.Мәметова оқығандықтан 1955 жылы мектепке оның аты берілген (Қазіргі күнде техникалық лицей орналасқан). Бұл мектепте М.Шаяхметов, Н.Оңдасынов және т.б. Қазақстан мен Алматы қаласы басшыларының балалары оқығандықтан да, оны кеңестік дәстүр бойынша іргелі мектептер қатарына жатқызуға болады.

Тілін ана тілінде ашып, құран әуеніне нағашы атасы арқылы ерте хабардар болған, қаймағы бұзылмаған дәстүрлі қазақ отбасында дүниеге келіп, ұзақ жылдар бойы қазақ тілді басылымдарда жауапты қызметтер атқарған Әбдуәлі Қарағұловтың тәрбиесінде болғанымен О.Сүлейменовтің орыс мектебінде оқығаны және жазғаны үшін күстаналайтындар әлі күнге дейін табылатыны өкінішті.Отандық оппо-ненттері ақынды ұлттық мәдениет пен тіл тағдырларына қарағанда, әлемдік пробле-малардың жетегінде кетті деп кінәләйтіндер де табылады. Бірақ шын мәнісінде оны көп жағдайда әлемдік мәдениетте ұлттық мәдениет көптүрлілігінің жойылып кетпеуі толғандырады. Ал, оның бірден бір кепілін, ақын "Поездар кешіккенде" өлеңінде былайша білдіреді:

Басып қалсам клавишті "Атойлап!"

Эпостардан құйындатып жігіттер,

Үш жүз жылға кешіксе де,

Листтен бұрын құтқаруға асығады.

Ақынның туған тілге қатысты мына бір жан тебірентерлік сөздері де оның кепілі: "Бабаларымның тілі - мыңжылдықтың тілі. Уақыт бойында сен саз балшықтай иленіп, отқа қақталдың. Қылыштың соққысы мен қамшының ысқырығы, ерлеріміздің өрлігі мен әйелдердің ыстық табы да сенде. Шумер, ғұн тілдерінің ұмыт болған үндері, монғол сөздерінің қырылы да сенен естіледі. Сен қайда тудың? Өртке оранған Жетісуда ма? Сен бізге тамырларымыз арқылы берілдің. Сөйтіп, сен жүрегіміздің дүрсілі, ойымыздың қоңырауы болып тұла бойымызды кернеттің. Тағдыр мені қалай шыр айналдырса да - ант етемін! Мен саған қайтып оралам. Өмірімнің басында, әлде соңында. Алыстан, құтты саяхаттан, қымбат жасаумен, үлде мен бүлдеге оранып, ұмыт қалған әкесіне оралған перзентіңдей ораламын".

О.Сүлейменовтің балалық, бозбалалық, жастық шағына қатысты мол деректер - оның мінез желісінің, тұлғалық мәдени көз-қарастарының бастауларын бажайлауға мүмкіндік береді. Балалық шағынан ин-тернационалистік ортада өскендіктен, тек қазақ, орыс емес, басқа да ондаған ұлт өкілдерінен тұратын құрбы-құрдастары арқылы ұйғыр, өзбек, неміс, ингуш , шешен, кәріс, дүнген, еврей және т.б. мәдениеттерден ерте хабардар болды, араласты деуге болады. О.Сүлейменовтің ең алғашқы қалалық қазақ ақыны болғанын да ескеру керек. Бұл болашақтағы О.Сүлейменовтің феноменальды толеаранттылығының бастау-лары.

Дүниетанымдық концепциялары қалып-тасуының келесі бір қайнары дәстүрлі ұлттық отбасылық тұрмыстық мәдениеттен бастау алады. О.Сүлейменовтің мектепке дейін көбіне нағашы атасы мен әжесінің қолында өскені белгілі. Парадоксальдылығы сонда, кеңестік Қазақстан астанасында қазақ мектебі болмай жалғыз өзбек мектебі болып, атасы соған оқуға бергісі де келген, бірақ ақырғы соныңда орыс мектебіне барған. Отбасылық тәрбиеге де толеранттылық тән болды.

Ә.Қарағұловтардың отбасына айрықша шығармашылық ахуал орныққан. "Біздің отбасымызда, - дейді О.Сүлейменов, - айрықша адамгершілікті ахуал қалыптасты. Әкем күндіз-түні жұмыста: қол қойдыруға түннің бір уағына дейін келіп жатады. Редактор әрбір сөзді оқып шығып қол қоюы тиіс. Пенсияға шыққаннан кейін әкемнің бірде, ол редакторлық еткен жылдары бірде бір қате әріптің жіберілмегенін айтып мақтанғаны бар. Жұмысқа деген мұндай ыждаһаттылықты әкем өзінің балаларының бойына да ешқандай ақылгөйсімей жеке үлгісімен сіңірді. Мен үнемі оның қалам ұстап, үстел үстінде отырғанын көретінмін. Бұл мені де қағазға, жазуға деген құмарлыққа алып келді. Баспа сөзінің беделі біздің үйде өте жоғары еді: газеттер мен кітаптар, үнемі толтырылып отырылатын шағын кітапхана. Үшінші-төртінші сыныптарда-ақ, жаздырылып алынатын Л.Толстойдың 12 томдығын оқып шықтым. Мамам менің көзімнің талатындығын уайымдап әуестігіммен күресетін, бірақ әкем "кітаптан адам соқыр болмайды, көзі ашылады деп жұбататын".

О.Сүлейменовтің анасымен өзара түсіністігі айрықша. "Шалқайғанға шалқай - ол пайғамбардың ұлы емес, еңкейгенге еңкей - ол әкеңнің құлы емес. Міне, бұл менің анамның бойыма сіңірген өнегесінің түп-төркіні еді" - дейді О.Сүлейменов. - "Қырықтың бірі - қыдыр. Оның айрықша белгісі жоқ. Сыйлағаныңның құлы бол, сөйтсең өзіңе де көмектесесің" деп үйрететін анам. Ұққан тәлімім осы. Мен соны уағыздаймын. Бірақ, мен оған түзету, енгізу керек екенін де білдім. Қырықтың бірінен оңбағандар да, жексұрындар да табылады... Біздегі отбасылық және халықтық тәрбиенің барлық жүйесі "Алла біреуді құтқару қуанышын маған сеніп тапсыр" формуласына сыйғызылған". Бұдан Олжастың азамат болып қалып-тасуындағы отбасылық тәрбиенің айқындаушы күшін бағамдауға болады. Ақынның өз тілімен айтқанда, "мен бала кезімнен қарттардың барлығы ересектер мен жастардың, бала-шағаның қамқорлығы аясында болатын азиялық отбасы құрылымында өстім".

Демек, О.Сүлейменов сөз ғаламына, оның ішінде қазақ-орыс сөз әлеміне балалық шағында-ақ кірді, мектеп жасында екі полюсті диалектиканың, мәдениеттер тоғысуының құпияларын ерте ұқты. Мектеп қабырғасында жүргенде-ақ: Олжас дүниетанымының қалыптасуы, мінезінің шыңдалуында М.Өтемісұлы, Қ.Сәтбаев, Б.Момышұлы, Ә.Марғұлан, А.Машанов, М.Әуезов сияқты отандық тұлғалардың ықпал әсері зор болды. "Бала күнімнен, әліпті таяқ деп білгеннен, күн сайын, мен өз халқымның надандығының, жалтақтығы мен артта қалғандығының көріністерінен ләззат алуға тиісті болдым. Ол кезде маған ата-бабаларымды мақтан тұтудың түйірдей болса да дәнін жан дүниеме егу маңызды болды. Мен не үшін оларды ардақтауым керек? Мені оларды аяуға және жек көруге табандылықпен мәжбүрледі, - дейді О.Сүлейменов. - Бағыма орай Александр Бектің "Волоколам тас жолында" кітабын оқыған едім. Оның темір Бауыржаны менің қаһарманым болды. Мен мұны кейіннен көптеген жылдардан соң сезіндім... Сонан соң Әуезовтің "Абайы".

Олжастың мектеп қабырғасында жүргенде-ақ, әдебиет пен тілден бөлек, тарихпен параллельді әуестенуіне түрткі болған "бірнешеу адамдардың" бірі емес, бірегейі, тау-кен институтының профессоры, қазақтың ғұлама ғалымы Ақжан Машанов (Машани) болды. "Біз оның ұлы Араратпен бір мектепте оқыдық. Мен олардың үйінде жиі болатынмын. Профессор, өзінің тау-кен істерінен бөлек 50-жылдары тыйым салынған ғылым - тарихпен байсалды әуестенетін. Мүмкін сол кісімен араласудың арқасында менің де тарихпен әуестігім басталған болуы керек".

Соғыстан кейінгі жылдардағы елдегі ауыр қоғамдық-саяси, идеологиялық атмосфера, моральдық психологиялық ахуал, 60 жылдардан бастау алған жылымық жылдары да Олжастың көзқарасының қалыптасуына әсер еткені анық. "Бізді аналарымыз бен әкелерімізді атып тастаған мемлекет тәрбиеледі... Үйреншікті "кім кінәлі?" және "не істеу керек?" ең бастысы "неліктен болды?" сияқты сұрақтар төңірегінде ойланатынбыз", - дейді О.Сүлейменов. Айта кететін жайт, Олжастың достарының арасында өзі сияқты "халық жауларының" балалары аз болған жоқ. Бұл орайда Б.Майлиннің, І.Жансүгіровтің балалары - М.Майлин мен Б.Жансүгіровті т.б. атауға болады. Олжас тек балаларымен ғана емес, "халық жауларының" аман қалған туыстары мен жақын жұрағаттарымен де араласты. Бұл орайда, ақын әсіресе И.Жансүгіровтің әйелі Фатима Ғабитқызынан көп нәрсенің анық-қанығына жеткені аян. Жалпы, қазіргі заманғы Қазақстан тарихындағы екі Фатиманың: Фатима Насыржанқызы мен Фатима Ғабитқызының орны айрықша. Екеуінің ұлдары да бұдан былайғы Қазақстан мәдениетінің дамуына сүбелі үлес қосты. Екеуінің де өздерінің Қазақстан тарихындағы лайықты бағасын алуы - уақыттың еншісінде.

Жастық шақ - күш-қуатпен үлкен жылдамдықтардың қас-қағым сәті ғана. Нақ жас кезінде - адамға үлкен тіршілік қуаты тән. Өзін-өзі тану мен өсу бағыттары да нақ осы кезде айшықталады. Бұл жағынан алғанда кез-келген социум мен ұлттың энергетикалық ресурстары - жастар болып табылады. Балалық және жасөспірім шақтарында туған тарихтарына қатысты ешқандай ресми тәлім-тәрбие алмағанына қарамастан екі Фатиманың балалары Олжас Сүлейменов, Мұрат Әуезов те төл тарихының рухани өлшемдерімен өмір сүрді. Дәстүрлі мәдениет, басқа болмыс орбиталарында болып үлгіріп, туған болмысқа әлемдік мәдениет арқылы оралуларына барлық алғышарттар жасалынды. Оларды жеке жылдам дамуға итермеледі. Мәдениеттегі даму үрдістері тарихтың толқындары мен тербелістеріне байланысты, бұл - стихия. Тұлғаның жолы, оның тағдырының жазуы - осы стихияға қарсылық көрсету. Бұл - мәдениет. Бұл тағдыр. Олжабай батыр арқылы жеткен, сөйтіп пешенесіне жазылған осы бағдарламаны орындауға О.Сүлейменов жастық жігер, күш-қуат және қуанышпен кірісіп кеткенде бүкіл тәкәппар дүние, бүкіл ғалам сәтін салып оған көмектескендей еді. Кедергілерді жеңу өнері мен оның қуанышы оған жаңа ізбасарлар мен тілеулестерді сыйлаумен болды. Бұл орайда тұлға ретіндегі О.Сүлейменовтің интеллектуалдық және адамгершілік қасиеттері оның қайталанбас табиғаты мен балалық шақтан алып шыққан нұрлы тәжірибелерінің маңызы зор болды. Ф.Достоевский кейіпкерлерінің бірі айтқандай, "Бұдан былайғы өмірің үшін қандай да бір болмасын жақсы естеліктен, әсіресе, балалық шақтан, туған үйіңнен алып шыққан естеліктен жоғары да күшті, әрі салауатты да пәк ештеңе жоқ. Егер өзімен бірге сондай естеліктерді үлкен өмірге көп алып шықса, онда ол адамның өмір бойы құтқарылғаны. Тіпті, егер бір ғана жақсы естелік біздің жүрегімізде өзімізбен сақталса, соның өзі күндердің күнінде бізді құтқаруға септігін тигізеді".

1954-1958 жылдары геология факультетінде техникалық мамандық бойынша білімін жалғастырған О.Сүлейменовке оның зияны тимегендей. Керісінше техникалық ғылым әлеміне ену оның дүниетанымындағы энциклопедиялық тенденцияны күшейтіп, білімін кешенді, іргетасты етті. Зерттеушілер де бұған назар аударады. Олар ақынның сөздің түбірін іздеуге деген айрықша құлшынысын, геологтардың жер асты қабаттарын қазбалауға, ұңғылауға деген құмарлығымен байла-ныстырады. "Геолог мамандығы,-дейді профессор Х.Х.Махмудов, - О.Сүлейменовтің қызығушылық әлеміне, құбылыстарды ұғынып игеруіне белгілі бір із қалдырды. Ол ауқымды ойлауды үйренді, өйткені геолог - бұл жер туралы ғылым, бұл миллиондаған жылдар, біздің планетаның тарихы".

О.Сүлейменовтің 1958 жылы 22 жасында Мәскеудегі Горький атындағы әдебиет институтына оқуға түсуі - шығармашылық жастық шағы мен кәсіби білім алуының аяқталу кезеңі болды. Институт қабырғасында жүргенде поэзиямен шектелмей, геология, тарих, лингвистика, палеографиямен өз бетінше әуре-сарсаң болып жүрген Олжасқа орыс достарының бірі аң-таң болып: "Олжас, түкке тұрмайтын тірлікпен неге айналысып жүрсің, уақытыңды тасқа жазылған қалжыңды тарқатуға жіберіп жүргеніңе жол болсын. Одан да өлең жаз, жұрттың алдына шық" деген ұсынысына Олжас: "Сенің мәдениетіңнің алтын ғасыры болды, ол - ХІХ ғасыр, сен үшін жұмыс істегендер бар. Біздің мәдениетіміз қазір ренессансты да, көп жағдайларда қайта тууды да бастан кешу үстінде. Біз, мәдениетімізде қазір бір уақытта ХІХ ғасырды, ХХ ғасырды да бастан кешудеміз. Нақ сондықтан да қазақ жазушысының міндеті орыс жазушысының алдында тұрған міндеттерден көлемі жағынан да, бағыты жағынан да өзгешеленеді. Бізге ағартушы тіпті, аздап шырақшы болуға да тура келеді", - деп жауап береді.

Әдебиет институты - әлемдегі бірегей жоғарғы оқу орны. Кеңестік Одақтас республика өкілдері үшін бұл айрықша маңызды болды. Әдебиет институты мен жоғарғы әдеби курстары жекеленген ақын-жазушылар ғана емес, жаңа типтегі кеңестік әдебиеттің бүтіндей бір ұрпағын - "алпысыншы жылдықтардың" - көптеген өкілдерін даярлады. Идеологиялық шектеулерге қарамастан, кеңес әдебиетіне эстетикалық кеңдік, жоғарғы кәсіптік деңгей тән еді. Әдебиет институты барлық уақытта өзінің тыңдаушыларына әдеби мектептер, тен-денциялар, бағыттар, стильдер туралы мол кәсіби білім беретін. Ең бастысы, кәсіби білімді - тіл мен әдеби дәстүрлерді сезінуді берді. Әлемдік әдебиеттің "иран-бағында" аз-кем болса да шығармашылық еркіндіктің элементтері айқын сезілетін.

Мәскеулік кезеңдегі тартысты оқу мен тоқу мол нәтижелер әкелді. 1959 жылдың 13 мау-сымында орыстың белгілі ақыны Л.Мартынов-тың алғысөзімен "Литературная газетада" оның топтама өлеңдері жарық көрді. Алайда поэзия аспанында жұлдызы жарқырай туған қазақ есімінің пайда болғанын Одаққа, одан қалды әлемге әйгілеген атақты «Адамға табын жер енді» поэмасы болды. Сөйтіп, ақынның «өз халқым ішіндегі орнымды тапсам» деген жастық арманы тамаша орындалды. Ақын мұндай табыстардан кейін тоқмейілсімей, іле-шала бағдарламасының екінші бөлімі - «әлем халықтарының ішіндегі өз халқымның орнын іздеуге" шұғыл кірісіп кетті. Дүние танымы әбден қалыптасқан жаңа тұрпатты жас ақын шығармашылығының келесі айналымы басталды. Сол тұста Қазақстан қоғамдық пікірі мен билік орындарын да қас- қағым сәтте танымал болған О.Сүлейменовтің алдында екі айырық таңдау тұрды: бірі - жеңіл табысқа жетелейтін пендешілік мансап жолы, екіншісі халық тарихының жүгін арқалаған - ғылым жолы. Ақын халқының бақытына қоғамдық қызмет пен ғылым жолын таңдап алды. Эпостардағы жігіттердей 25-інде "Адамға табын жер ендіні" жазса, 30-ында орда бұзып, "Қыш кітапты", 40-ында қамал алып, "Аз и Я-ны" жазып, "Проблемы коммунизма" журна-лының сарапшылары атап көрсеткендей, КСРО-да басталған "қайта құруды" дайындаған 5 кітаптың бірі болды. "Аз и Я" Ресей және кеңестік ғылымда қалыптасқан стереотиптерді жеңсе, өткен ғасырдың соңында жазған "Жазу тілі" кітабы әлемдік тарих пен тілтану ғылымындағы индоевропеистикалық стерео-типтерге бағытталып іргелі еңбек атанып отыр.

Олжас Омарұлының поэзия және ғылыммен бірге қоғамдық-саяси қызметі, тұтастай алғанда - ұлтқұраушылық, адамдар мен халықтарды, елдер мен ұлыстарды, діндер мен әртүрлі конфессияларды, ақыр соңында мәдениеттерді жақындастырушылық гуманистік мәнге ие. Соңғы жылдары дүниеге келген "Код слова" кітабы оның кепілі. Сондықтан халықаралық қауымдастықтарда Олжас Омарұлының қызметін өте жоғары бағалауда.

Алғашқы шығармашылық қадамдарынан он жыл сайын халқының алдында есеп беріп отыру - Олжас Сүлейменовтің дәстүрі. Ендеше осы дәстүрді бұдан былай да жалғастырып, сіз бен бізге алдағы он жылдық ғажайып есептеріңізді көруге жазсын!

Тастанбек СӘТБАЙ,

тарих ғылымдарының докторы,

Қорқыт ата атындағы Қызылорда

мемлекеттік университетінің доценті

 

Пікір қалдыру


Қорғаныс саны
Жаңарту

Іздеу

Сауалнама

Бүгінде журналистерге қай сала мамандарынан ақпарат алу қиын?

Медицина - 57.1%
Прокуратура - 0%
Сот - 0%
Департаменттер - 14.3%
Облыстық басқармалар - 28.6%

Дауыс саны: 7
The voting for this poll has ended on: 29 Шіл 2017 - 00:00

Жоба туралы

Сыр өңірінің тумасы, қайсар қаламгер, ақын Зейнолла Шүкіровтің рухына арналған «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты облыстық жас ақындар мүшәйрасы өтті.

 «Руханиятты жаңғырту» қоғамдық қоры мен республикалық әдеби-мәдени, тарихи-танымдық «Әлімсақ» журналы Зейнолла Шүкіровтің рухына арнап биыл төртінші рет дәстүрлі «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты талантты жас ақындар мүшәйрасын ұйымдастырды. Биылғы жылдың жеңімпазы - М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжінің студенті Нәбира Ешниязова.

 

 

Редакцияға хат

Email:
Тақырып:
Текст:

Әлеуметтік желілер

Күнтізбе

<< < Шілде 2016 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31

Кім онлайн?

Қазір 100 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр

As we continue our list of fantasy football”s top 101 PPR players of 2017 we have three players who have recently finished in the top-15 at their positions.

In fantasy football there will always be players who have an unexpected drop or rise from one year to the next. One player on today’s list was a top-six wide receiver in 2015. The next year,Vince Wilfork Jersey he wasn’t even a top-20 wide receiver.

The same can be said about a running back on today’s list who was a top-five running back in 2015. Last year, he wasn’t even a top-18 running back. Who are these players and what should we expect from them in 2017?

To be clear,J.J. Watt Jersey the top 101 PPR players are for re-draft leagues only. Here’s a look at players ranked No. 38-36:

Last season Patriots wide receiver Julian Edelman finished fourth in the NFL in receptions with 98. He also set a career-high in receiving yards with 1,106. In the end,Brian Cushing Jersey Edelman finished 2016 as the 15th PPR wide receiver. Unfortunately for Edelman, I see a regression coming his way in 2017.

The 2016 season was only the second time in Edelman’s eight-year career he played in all 16 games in a season. The other time came back in 2013. Going into 2017, the odds are against the 31-year old receiver to play in all 16 games in back-to-back years for the first time in his career. Even if he somehow manages to stay healthy for all 16 games, he’s sure to lose targets and receptions.

Last year Patriots star tight end Rob Gronkowski had a career-low 25 receptions. Gronk was never 100 percent during the 2016 season and only appeared in eight games. Going into 2017,DeAndre Hopkins Jersey he will be back to full strength. Also, the Patriots traded their 2017 first-round pick for Saints wide receiver Brandin Cooks. The former Oregon State Beaver will be the team’s new No.1 wide receiver.

Журнал туралы

«Әлімсақ» журналы – рухани серігіңіз

 Қазақтың ғасырлар қойнауынан тамыр тартқан, әлімсақтан келе жатқан хатқа түскен тарихының, ұлттық болмыс-бітіммен астасқан әдебиеті мен мәдениетінің, тілі мен дінінің, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрінің бірден-бір насихатшысы, Сыр бойының тарихында алғаш рет әдеби-мәдени, тарихи-танымдық бағытта жарық көрген «Әлімсақ» журналының оқырманына жол тартқанына алты жылға жуық уақыт болып қалды. 2009 жылдың сәуір айынан бастап алғашқы нөмірі жарыққа шыққалы бері қазақ әдебиеті мен тарихына қатысты мақалаларды ортаға салып, Сыр өңірінің мәдениеті мен өнерін насихаттап, облысымыздың бүгінгі мәдени, әлеуметтік дамуындағы өзгерістерді ақпараттандыруда журналдың қосып келе жатқан үлесі салмақты.