Бас редактор бағаны

"Әлімсақ" журналының бас редакторы, филология ғылымдарының кандидаты

Нұрлан Көбегенұлы Нұрмаханов

 Бас кеспек болса да...

Журналға тіркелу

Валют бағамы

Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан

Серіктестер

ОЯНҒАН РУХ

 

"Екеуміз де онша тереңдей оқып жарыта қойған жоқпыз. Жоқшылық пен таршылық соған мәжбүр етті. Әсіресе, Орекең алтыншы класты бітірді де, алғашқы тірлік қадамын шойын жолдың темір балғасын балғын иығына салып, еңсені көтертпес ауыр жұмыстан бастады. Бұл соғыстың алғашқы жылдары болатын... Сөйтіп жүріп өлең жазуды ермек етіпті. Жалпы Орекеңнің өмірі - өлең",- деп, Сейтмұрат Ембергеновтің қаламдас досы Оразбек Бесбаев туралы қалдырған естелігі қайсыбір жанды ойға жетелейтіні рас. Шындығында, Орекеңнің артына қалдырған мол рухани мұрасына қарап, қиын-қыстау шақта еңбек майданында жүрген бозбаланың жастық шақтағы бал ғұмыры тер төгумен қатар өзінің жүрек түкпіріне терең үңілгенін байқаймыз.

 

Осыдан тура 12 жыл бұрын, 2004 жылдың маусым айында, әлі есімде, келелі пікірлер мен көзқарастарымызды бір арнада тоғыстырып, рухани байланыс орнатып жүрген, ойы орамды, өзіндік пікірімен көпшілікті өзіне қарата алатын, бірде қатал көрінсе, бірде жылы жүзді Нұргүлсім апай редакцияға келген-ді. Қолында бума-бума қағаздар. Жай қағаз емес, әкесі Оразбектің артына қалдырып, қызына аманаттап кеткен рухани дүниелері - өлеңдері екен. Бар ойы - әке мұрасын кітап етіп шығару. Дүниесінің көптігі сондай, өлеңдері бір емес, бес кітапқа жүк болды. Маған тапсырылғаннан кейін шетінен қарап шығып, апай екеуміз бес кітапқа лайықтап, іріктеп шықтық. Әр кітаптың редакциясын басқарып, атын қою маған жүктелді. Мұқабасының суретін салу үшін Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі, белгілі қылқалам шебері Қайырбай Зәкірұлына өтініш айтылды. Әр кітаптың мазмұнына қарай, "Бір сәуле жанарымнан жарып шықты", "Мың бір жапырақ", "Майлықұм - мәңгі мекенім", "Ағысы мол ғұмырсың" атты төрт кітап тап-тұйнақтай дайындалып, баспаға ұсынылды. Аманжол Сақыпұлы басқаратын "Тұмар" баспасынан бір жылдың ішінде бірінен соң бірі төрт кітабы жарық көрді.

Араға, міне, содан бері 11 жыл салыпты. Оразбек Бесбаевтың бесінші кітабының жарыққа шығуы биылдың жылдың еншісіне бұйырды. Биыл Орекеңнің дүниеге келгеніне 90 жыл толмақ. Арамызда өзі болмаса да, мұраларының қамқоршысы, қызы Нұргүлсім апай бұл күнді текке өткізбек емес. Бесінші кітап биыл жарық көрмек. Елге қарата көп жыр шумақтарын арнаған соң кітаптың атын "Ел болайық" деп қойдық және сол өлеңмен бесінші кітаптың беташарын бастадық.

Танып-білгеніміздей, Оразбек Бесбаев - еңбек адамы, бала кезінен жоқшылықты көзімен көрген қайсар жан, жан-жағында болып жатқан құбылыстарға өзінше үн қатқан сезімтал поэтик. Поэзияға да керегі осы - қайсарлық, мінезді болу, сезіне білу. Осы қасиеттерді бойына жиған ақын Оразбек қаламын қай кезде де тастаған емес. Содан болар, музаға да тіл қатады.

- Ару дермін, сұлу дермін, пәк дермін,

Мен музама мәнді теңеу тап дермін.

Шын тұлғасын сомдау қолдан келер ме,

Мен ролін атқарғанмен актердің.

 

Сұлулықты, ұлылықты ұғыну,

Ақ жолына, ар жолына жығылу.

Көзі де емес, өзі де емес, бастысы,

Жан сарайын ұғыну да жылыну,- деп, поэзияға батыл қадам жасауда сыпайылық танытады. Дегенмен өз айтары, өз пайымы, өз қолтаңбасы бар ақын қай бағытты сілтесеңіз де, жүрегінен жыр оты атқылап тұр:

Санасы жоқ адамға,

Сан айтса да ұғымсыз.

Намысы жоқ наданға,

Бал құйсаң да жұғымсыз.

Оразбектің өлеңдерінен өмір сүріп жатқан қоғамның тынысын дөп басу байқалады. Бұқпантайламай, сезінгенін поэзия тілімен жеткізеді. Көлгірсімей, мәселенің турасын айтады. Жалтақтамай, халқының сөзін сөйлейді.

- Күн сайын заман мынау құбылып тұр,

Көмейде ащы кермек тығылып тұр.

Жабысы қотыраштың өрге шауып,

Ақанның құлагері жығылып тұр.

 

Даланың ақиығы қаңғып кетті,

Басына құзғын оның саңғып кетті.

Дарынды даналықтар шөгіп семіп,

Дидарың бір көруге зор қып кетті",- деп, толғанады. Ал, "Ел болайық" өлеңінде ақын бүгінгі жайды жырлай отырып, болашаққа болжам жасайды. Өз таным-түйсігінен туындаған әсерді өлеңмен түйіндейді:

- Әлі де көнбіс халық көне бермек,

Мал бағып, мол егінін еге бермек.

Шетелдік алыпсатар-алпауыттар,

Барады елдің ішін неге кернеп?

 

Алдамшы ой! Қазақстан "қарыштамақ!",

Қытай, АҚШ қамқорлығың бағыштамақ!

Меніңше оны былай түсінген жөн:

"Бас сұғып, жайлап еніп, жаныштамақ!".

Ал, Желтоқсан оқиғасына қатысты ойында көркемдік детальдарды сәтті қолданған:

- Жаттадық жат пиғылды құрандай ғып,

Бабадан мұра қалған ұрандай ғып.

Төрге әкеліп, төре ғып отырғыздық,

Орталықтың қарғасын қырандай ғып.

Оразбек ақынның жырларында кесек ой, түйінді шешім, келешекке айтар назы бар. Соның бәрінде елді бірлікке, тұтастыққа, ынтымаққа шақырып, ұйыған ұлт болуды көксейді. «Тәрбие - тал бесіктен» қағидасын ұстанады.

- Біреулер жүр өз буына күпті боп,

Көбейіп тұр, сыры жұмбақ, мықты топ.

Дастарқанға араласты арам қол,

Он бесінде оқушы қыз жүкті боп,- деп, кіжінеді. Қоғамның қалтарысында қалған жайсыз жайттарды жасырып қалғысы келмейді. Жаманнан жирентіп отырады. Осы арқылы азаматтық міндетін, ақындық жауапкершілігін атқарудан қашпайды.

- Жоқшылық, аран ашып жалаңдап тұр,

Адамдар естен танба, алаңдап құр.

Ел болып, босағаңды бекіте бер,

Кемсітпей бір-біріңді жамандап құр,- деп, үлкендігін білдіретін сәттері де бар.

Оразбектің өлеңдерін оқыған оқырман көп жайдан қанық болады. Ол елдің адамы болғандықтан елдің арасынан алыстап кетпейді. Ел ішінде болып жатқан оқиғалар оның көз алдында. Сондықтан болар, кейде балдызымен де, келінімен де, құрдасымен де сөз қағыстырып қояды. Кейде қайтпас сапарға аттанып бара жатқан ағайынмен де қош айтысады. Бірде күлсе, бірде мұңаяды. Ақынға тән сезімталдық қасиет көрсетеді. Есесіне ұрпақ болашағына келгенде қатаң, елдік мәселеде үні қатқыл:

- Әр жеміс түйнектейді өз гүлінен,

Еш нәрсе оңалмайды өздігінен.

Көзіңді аш, оян қазақ, ұмтыл алға,

Мерт болмай, уақыттың кездігінен, -деп, қазағына ескертеді, ұлтына жаны ашиды. Уақыт пен кеңістіктің қадірін білуге шақырады.

Кезінде С.Ембергенов: "Адам артында мәңгі жасар ұлағатты сөз қалдырса, ол - өлмегені. Ал, сол қалдырған сөздері қалтарыста қалмай, жарыққа шығып, қанатын кеңге сермей, жалпақ жұртқа жайылса, ол бір кездегі бақилық болған ақынның қайта тірілгені, яки рухани мәңгі өмір сүруге Тәңірден рахымшылық алғаны",- деп, тебірене жазып еді. Расында, Оразбек Бесбаев артындағы мол мұралары арқылы өлеңге, өмірге құштар адамның жүрегіне рухани от жаға алғаны оның рухының тірі екендігі, ал саналы ұрпақтары жадында ақын есімінің жаңғырып тұрғаны оның рухани мәңгілік өмір сүруге қақылы екенін аңғартады.

Оразбек Бесбаевтың өлең-жырлары осынысымен құнды. Қазір арамызда өзі де, досы Сейтмұрат та жоқ болғанымен, рухани мол мұрасы, мұрасын келешекке жеткізетін ұрпақтары - рухани мұрагері, қызы Нұргүлсім апай, атасының аруағына бас иіп қызмет етіп жүрген апайдың ұлы Досхан мен келіні Ақерке, өзге де ұл-қыздары  бар. Адам ұрпағымен мың жасаса, Орекеңдей азамат ойлы ұрпағымен мәңгі жасай бермек. 

Нұрлан КӨБЕГЕНҰЛЫ

Пікір қалдыру


Қорғаныс саны
Жаңарту

Іздеу

Сауалнама

Бүгінде журналистерге қай сала мамандарынан ақпарат алу қиын?

Медицина - 57.1%
Прокуратура - 0%
Сот - 0%
Департаменттер - 14.3%
Облыстық басқармалар - 28.6%

Дауыс саны: 7
The voting for this poll has ended on: 29 Шіл 2017 - 00:00

Жоба туралы

Сыр өңірінің тумасы, қайсар қаламгер, ақын Зейнолла Шүкіровтің рухына арналған «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты облыстық жас ақындар мүшәйрасы өтті.

 «Руханиятты жаңғырту» қоғамдық қоры мен республикалық әдеби-мәдени, тарихи-танымдық «Әлімсақ» журналы Зейнолла Шүкіровтің рухына арнап биыл төртінші рет дәстүрлі «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты талантты жас ақындар мүшәйрасын ұйымдастырды. Биылғы жылдың жеңімпазы - М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжінің студенті Нәбира Ешниязова.

 

 

Редакцияға хат

Email:
Тақырып:
Текст:

Әлеуметтік желілер

Күнтізбе

<< < Шілде 2016 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31

As we continue our list of fantasy football”s top 101 PPR players of 2017 we have three players who have recently finished in the top-15 at their positions.

In fantasy football there will always be players who have an unexpected drop or rise from one year to the next. One player on today’s list was a top-six wide receiver in 2015. The next year,Vince Wilfork Jersey he wasn’t even a top-20 wide receiver.

The same can be said about a running back on today’s list who was a top-five running back in 2015. Last year, he wasn’t even a top-18 running back. Who are these players and what should we expect from them in 2017?

To be clear,J.J. Watt Jersey the top 101 PPR players are for re-draft leagues only. Here’s a look at players ranked No. 38-36:

Last season Patriots wide receiver Julian Edelman finished fourth in the NFL in receptions with 98. He also set a career-high in receiving yards with 1,106. In the end,Brian Cushing Jersey Edelman finished 2016 as the 15th PPR wide receiver. Unfortunately for Edelman, I see a regression coming his way in 2017.

The 2016 season was only the second time in Edelman’s eight-year career he played in all 16 games in a season. The other time came back in 2013. Going into 2017, the odds are against the 31-year old receiver to play in all 16 games in back-to-back years for the first time in his career. Even if he somehow manages to stay healthy for all 16 games, he’s sure to lose targets and receptions.

Last year Patriots star tight end Rob Gronkowski had a career-low 25 receptions. Gronk was never 100 percent during the 2016 season and only appeared in eight games. Going into 2017,DeAndre Hopkins Jersey he will be back to full strength. Also, the Patriots traded their 2017 first-round pick for Saints wide receiver Brandin Cooks. The former Oregon State Beaver will be the team’s new No.1 wide receiver.

Журнал туралы

«Әлімсақ» журналы – рухани серігіңіз

 Қазақтың ғасырлар қойнауынан тамыр тартқан, әлімсақтан келе жатқан хатқа түскен тарихының, ұлттық болмыс-бітіммен астасқан әдебиеті мен мәдениетінің, тілі мен дінінің, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрінің бірден-бір насихатшысы, Сыр бойының тарихында алғаш рет әдеби-мәдени, тарихи-танымдық бағытта жарық көрген «Әлімсақ» журналының оқырманына жол тартқанына алты жылға жуық уақыт болып қалды. 2009 жылдың сәуір айынан бастап алғашқы нөмірі жарыққа шыққалы бері қазақ әдебиеті мен тарихына қатысты мақалаларды ортаға салып, Сыр өңірінің мәдениеті мен өнерін насихаттап, облысымыздың бүгінгі мәдени, әлеуметтік дамуындағы өзгерістерді ақпараттандыруда журналдың қосып келе жатқан үлесі салмақты.