Арда туған азаматқа дем беріп,арғымақ келді жаңа жылды өңгеріп

Арда туған азаматқа дем беріп,арғымақ келді жаңа жылды өңгеріп

Қазақ халқы ежелден төрт түлік малды бағып, жазда жайлауға, қыста қыстауға көшіп жүрген керемет...

Ұлттық тәрбиенің мәні – ұлттық ойындар

Ұлттық тәрбиенің мәні – ұлттық ойындар

  Ойнамайтын бала жоқ. Сухомлинскийдің сөзімен дәлелдейтін болсақ, "Ойынсыз ақыл-ойдың қалыпты...

АҚШ -тағы КЕН АЛИБЕК ЕЛГЕ ҚАЙТА ОРАЛДЫ

Кезінде АҚШ-қа кетіп қалған көрнекті микробиолог ғалым, полковник Кен Алибек туралы (азан шақырып...

 АБАЙША СҮЙІП, АБАЙША КҮЙІП ЖҮРМІЗ БЕ?

АБАЙША СҮЙІП, АБАЙША КҮЙІП ЖҮРМІЗ БЕ?

Атады таң, батады күн, толады ай.  Ауысады күнде саба, толағай.  Бірі барда бірі болмай,...

 Қамбаш көлі туризм аймағына айнала ала ма?

Қамбаш көлі туризм аймағына айнала ала ма?

 Сыр бойы – туризм саласынан кенде емес аймақтардың бірі. Айтатыны жоқ, Қазақстан өзінің...

  • Арда туған азаматқа дем беріп,арғымақ келді жаңа жылды өңгеріп

    Арда туған азаматқа дем беріп,арғымақ келді жаңа жылды өңгеріп

  • Ұлттық тәрбиенің мәні – ұлттық ойындар

    Ұлттық тәрбиенің мәні – ұлттық ойындар

  • АҚШ -тағы КЕН АЛИБЕК ЕЛГЕ ҚАЙТА ОРАЛДЫ

  •  АБАЙША СҮЙІП, АБАЙША КҮЙІП ЖҮРМІЗ БЕ?

    АБАЙША СҮЙІП, АБАЙША КҮЙІП ЖҮРМІЗ БЕ?

  •  Қамбаш көлі туризм аймағына айнала ала ма?

    Қамбаш көлі туризм аймағына айнала ала ма?

Бас редактор бағаны

"Әлімсақ" журналының бас редакторы, филология ғылымдарының кандидаты

Нұрлан Көбегенұлы Нұрмаханов

 Бас кеспек болса да...

Журналға тіркелу

Валют бағамы

Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан

Мұрағат

Серіктестер

Latest News

Кәсібилік өлшемі: журналистер қоғам жүгін көтеріп жүр ме?

Әдетте, маусым айының аяғында журналистер қауымы бір серпіліп қалады. Төл мерекесінде бас қосып, марапатқа ие болғандар төбелері көкке жетіп, бірі қуанышымен бөлісіп жатса, бірі өзгені күндеп, іштей қынжылыс білдіріп жүргені. Бүгінгі көз көрген жағдай осы. Ал, "неге марапатқа іліктім, керісінше, неге мен биіктіктен көріне алмадым, бізге не жетіспейді?" деген секілді сұрақтармен бас қатырып жүрген журналистерді кезіктіру қиын. Өткен жылдың аяғында облыстық ішкі саясат басқармасы басшысы аймақ жур­на­листерінің ой-пікірін білмекке басын қосқанда да жиналғандардың аузынан жергілікті журна­листиканы дамытуда тұшымды ой, пайымды пікір ести алмадық.

Енді не істемек керек? Үлкендер жастарды жалқау деп сөгуден танбайды. Жастар болса, кінәні үлкендерден іздейді, "үлгі бола алмай жүр" деп қынжылады.

- Талай брифинг пен жиналыстарда, түрлі басқармалар мен департаменттердің есеп беруінде журналистер жиі бас қосады. Осындай сәтте керек ақпаратты алудың, бір-бірімен тәжірибе алмасудың орнына "бәрі түсінікті, сұрақ жоқ" деп келте қайыратыны жасырын емес. Сұрақ қоймай, өзге әріптесі қойса кекететін кей журналистердің өз деңгейлерінің қаншалықты төмен екендігін жиі байқатып қояды,- дейді жас журналист Шапағат Бекетбаева. - Баспасөз жиынында түрлі лауазымды тұлғалар тарапынан "сырбойылық журналистер сұрақ қоюдан қашады, бұларға брифинг өткізген жеңіл. Егер журналистер сауатты болса, халық та сауатты болар еді" деген секілді сындар жиі айтылады.

Өткір пікір. Жас болса да, өз-өзін қамшылап тұр. Ал, тіс қаққан журналистер не айтады екен? Біз осы тұста талай жасты қанатының астына алып тәрбиелеген "Халық" газеті мен бүгінгі жасқа жол көрсетіп жүрген жастардың басы­лымы "Ақмешт жастары" газеті бас редакторла­рының пікірлеріне құлақ тосып көрдік. Сіз де оқып, ой тоқтатыңыз.

 

 

Нұржан ӘБЖАНҰЛЫ,

"Халық" газетінің бас редакторы:

- Бұрынғылар "заман қалай, адам қалай өзгерді, өзгергенді шүкір, қазір көз көрді" деп отырушы еді. Сол рас екен, қазір не көп, қаптаған газет-журнал мен телеарна көп, интернет иірімі де өзіне тартып барады (әрине, түрлі сайттар, порталдар мен интернет газеттерді айтып отыр­мын), оның сапалысы да, сапасызы да бар. Бұ­рын орталықтан шығатын онға жетпейтін, облыстағы екі, ауданнан шығатын бір басы­лымды оқып, бір-екі телеарнаға телмірген күндер де көзден бал-бұл ұшты. Бүгінде таңдау бар, еркіндік бар, басылым мен телеарна көп болға­нымен, қалағаныңды ғана оқисың, телеарнадан ұнаған дүниеңді ғана көресің, ғаламторда да сондай. Бірақ,  бұқаралық ақпарат құралдарында жұмыс істейтін журналистер оқырманы мен көрерменіне шынайы ақпарат таратып, мүдде мен үдесінен шығып жүр ме? Тіпті, БАҚ өкілдері өздерінің құқықтарын қаншалықты біледі?

Иә, баспасөз - халық айнасы. Айнадан өз кескініңді қалай көрсең, баспасөзден де өз іс-қимылыңды солай көруіміз керек. Әрине, бұл жерде бұқаралық ақпарат құралдарында жұмыс істейтін журналистердің өз ісіне жауапкершілігін, мамандығына деген адалдығын, оқ пен оттың арасынан табылып, мәселенің ақ-қарасын айы­рып, шынайы ақпаратты дер уағында таратып, оперативтілігін танытуы керек дегенді меңзеп отырмын. Жасыратыны жоқ, бүгінгі жас жур­налистердің дені (әрине, көңілдеріне келмесін!) бұл үдеден шыға алмай жүр, жалтақ, жалқау, марғау, дайын дүниеге жақын, журна­листік зерттеуге, мәселені жетесіне жеткізуге, оқиға орнынан табылуға мойны жар бермейді, тиісті орындардан қажетті ақпаратты сұрата алмайтын­дары да бар. Бұл нені білдіреді? Бұл өз құқығын білмейтін БАҚ өкілдері арамызда әлі де бар екенін байқатады. Яғни, Қазақстан Респуб­лика­сының "Бұқаралық ақпарат құрал­дары туралы" заңының өзіне жақын қарапайым қағидасын білмейді.  ҚР БАҚ туралы заңының 18-бабы, 2-тармағына (мемле­кеттік органдар бұқаралық ақпарат құрал­дарының өкілдеріне, олардың меншік нысанына және кімге қарайты­нына қарамастан, өтініш жасаған кезде, Қазақстан Республикасы­ның мем­ле­кеттік құпиясы болып табылаты­ны­нан бас­қа ақпаратты тең шарттарда беруге мін­детті) және 20-бабы, 1-тармағына (жур­на­лист ақ­па­ратты іздестіруді жүзеге асыруға, сұратуға, алу­ға және таратуға құқығы бар) сәйкес журналистің ақпарат алудағы құқығы көрсе­тілген.

Бір жағынан мойындауымыз да керек шығар, соңғы жылдардағы билік тарапынан тәуелсіз БАҚ-ты тізгіндеу, "төртінші билік" деп әспет­телге­­німен, журналистер мәртебесінің айқын­далмауы, тұрмыстық жағдайдың бірінші орынға шығуы (жасыратыны жоқ, қоғам үшін, маман­дығы үшін емес, жалақы алсам болды деп жүр­ген­дері де аз емес, сондықтан ресми БАҚ-қа "құмар­лар" көп), т.б. мәселелер кейбіреуін кере­нау­­лыққа, жадағайлыққа, немкеттілікке, тіпті жал­қаулыққа бейімдеп барады. Оның үстіне БАҚ-тың дені өз күнін өзі көре алатын күйде емес, амал жоқ, мемлекеттік тапсырыс арқылы "арқа-басын кеңітуге" қайлы. Тіпті, содан келіп кейбір тәуелсіз басылым журналистерінің өзі құрылтай­шы­ның қас-қабағын бағады. Нәтиже­сінде ресми­лікке ден қойып, қоғамдағы өткір, тісі батпайтын мәселелерге бара бермейді. Барған күннің өзінде сылап-сипап, атүсті, "өгізді де өлтірмей, арбаны да сындырмай", жадағай ақпаратпен шектелетін тұстар көп. Бір ғана мысал, биылғы 1 мамыр күні Қызылорданың орталық алаңында мерекелік шарадан кейін жер мәселесіне қатысты бүлік шықты. Оны жасырып-жапқысы келгендер көп болды, шынын айтсақ, ол туралы облыстағы еш­қан­дай газет жазған жоқ, телеарна хабар тарат­пады. Біздің он алты жылдан бергі қоғам­дық-сая­си тәуелсіз апталық деген статусымыз бар, қо­ғам­ның күйіп тұрған мәселесінен шет қал­ма­йық деп, ресми орындар­дан тиісті ақпаратты ала ал­масақ та, тілшіміз "Алаңға шығып алаң­дат­ты" де­ген тақырыпта мақала жариялады. Содан кейін біз­ге қырын қарағандар да, жақтағандар да бол­ды. Сондық­тан болар, "тура айтып туғанына жақ­пай қалатын" кездеріміз көп. Әріптестеріме сая­си, құқықтық сауаттылығын көтеріп, өзіндік бет-бейнесін, бітім-болмысын, мамандығына адал­­­дығын қалыптастырып, ұстанымынан ай­ны­­­­мағанын тілер едім. Мен жоғарыда қазіргі жас жур­налистердің деңгейін айтып кеттім, ендігі үмітті келер буыннан күтемін, қаламы қарымды, ойы елгезек, антына адал шығармашылық топты аңсаймын. Ұлы Абайдың айтатыны бар емес пе: "Жамандықты кім көрмейді? Үміт үзбек - қайрат­сыздық. Дүниеде ешнәрседе баян жоқ екені рас, жамандық та қайдан баяндап қалады дейсің? Қары қалың қыстың артынан көгі мол, жақсы жаз келмеуші ме еді". Ендеше, үміт үзбейік, қайрат қылайық!

 

Айжан АБДУЛЛАЕВА,

"Ақмешіт жастары" газетінің бас редакторы

- Қазіргі Сыр бойы журналистикасының даму деңгейі, динамикасы, расында да, ойландыратын мәселе, меніңше. Жауырды жаба тоқығандай, еш­кім­­нің көңіліне келмесіннің керіне салып, "бәрі жақсы" деп қоя салуға да, немесе кемшілікті жіпке тізгендей қылып, "елден ерек ештеңе де жоқ" деп ауыз­ды қу шөппен сүртуге де болады-ақ. Жақ­сы­­лы­ғымызды ешкім алып кетпес. Кәсіби жур­на­листика тұрғысынан айтар әңгіме, базына-ті­лек, қысқасы, атан түйеге жүк болардай біраз мә­се­ле бар. Қазір санамалап айтпасақ, сәні кір­мейтін болды ғой. Бүгінгі жас журналистер ара­сын­да жіті назар аударуға тұрарлық 7 мәселені ай­тайық. Бұл жағдай бәрінде бірдей болма­ған­мен, кө-ө-өбісіне тән.

Біріншіден, тақырып ауқымы тар. Бас-аяғы са­нау­­лы тақырыпты шиырлап жаза береміз, жаза береміз.

Бұл неден? Екінші мәселенің шеті шығып тұр. Бел­гілі бір салаға маманданған журналист жоқ­тың қасы. Егер салаларды саясат, экономика, әлеу­­­мет, мәдениет, спорт деп қарастырсақ, әр жур­­­налист өзінің бейіміне, қызығушылығына, қа­ла­мының игеру жүрдектігіне қарай бар-жоғы бес салаға мамандану керек-ақ. Қазір әр тақы­рыптың басын бір шалатын шалажансар әмбе­баптықтан гөрі белгілі бір тақырыпты егжей-тегжейлі зерт­теп, тың мәліметтермен ұсыну ма­ңыз­дырақ, әрі оқыр­манға да қызығырақ.

Осы тұста үшінші мәселенің басы қылтияды. Біздің баспасөзіміз тақырыптық зерттеулерге зәру. Неге? Өйткені зерттейін десек, не құлық жоқ, не нені зерттеуді білмейміз. Күнбе күн тал­қы­ланып, қайнап жатуға тиісті журналистік орта ға­ламтор ақтарып-ақ, керекті-керексіз дүниелерге қызықты-қызықсыз пікір қалдырып-ақ не бол­маса ел не деп жатыр деп түкке тұрғысыз "қоқыс" қа­раумен-ақ барлық күшін сарп етіп, есіл уақытын өзі өлтіріп отыр.

Бұл сөзіміз төртінші мәселеге тіреледі. Күн ұзақ компьютер алдында отырып адам шар­шай­ды. Жанары жасаурап, күш-қуаты сарқы­лады. Демек, кітап оқуға уақыт таба алмайды де­ген сөз. Жұрт­ты кітап оқымайды деп жазғы­ратын жур­на­­­листің өзі де кітап оқымайды. Оқымаған адам қа­раяды, тоқырайды. Журналист Бейсен Құран­бек­тің "Халық" газетінде айтқа­нындай, спорт­шы­ға жаттығу қандай маңызды болса, жур­налист үшін де кітап оқу деген сондай маңызға ие. Кітап - журналист миының жат­тығуы. Бұл жур­налис­тің қалам ұстағанындай қалыпты дағдысы болу керек емес пе?!

Осыған қатысты бесінші мәселе орайласады. Кітап оқымаған адам - газет-журнал қарамайды де­ген сөз. Демек, журналистер бір-бірін оқы­май­ды, не жазып жатыр деп қызықпайды, бір-бірін білмейді. Қарапайым ғана мысал, журна­лис­ти­ка­ға маманданған жұмыс іздеп жүрген қыздар мен жігіттердің өзі тым болмағанда есігін қағып, табал­дырығын аттап тұрған басылым­ның бұ­рын­ғы сандарын па­рақтап келуді қаперіне ал­майды жарықтықтар. Журналистік ортаның кә­сі­би байланысы төмен. Аға буынмен сабақ­тастық кем­шін. Оларды танымайды да. Шеберлік шың­дау тұрмақ, бір-бірінің не жазғанын, қалай жазға­нын оқымаған соң, бәсеке қайдан болсын? Өзі бәрін біледі.

Бұдан туындайтын алтыншы мәселе, бәрін біл­ген адам не түк түсінбеген адам сұрақ қоймай­­­­ды. Біздегі брифингтердің өту барысына, ондағы сауал қоюшы тараптың үнсіздігіне, мұң­сыз­ды­ғына орай (артық айтсам, кешіріңіздер) "қызыл­ор­далық журналистер сұрақ қоймайды" деген пі­кір қалыптасқалы қашан. Ұят-ай. Кейбір әріптес­тер телефонымен әуре боп отырады. Қолында да­йын мәтін - баспасөз парағы болға­сын қапер­сіз­­­дігі соншалық, тым болмағанда жазулы тұр­ған, келуге тиісті адамдардың бар-жоғын, аты-жө­­німен сәйкестігін түгендемейді де. Сұрақтар қо­йылды делік, ой шашыраңқы, сосын кісінің айт­қанын "айтыңызшы" деп қиылып қайта сұ­рай­ды-ай. Өйткені тыңдамайды ғой.

Жетінші мәселе, осы сөйлеуші тарапты тың­дамау дерті көлемді сұқбаттардан да айқын сезі­леді. Не ойлап отыратынын Құдай білсін, алдын ала дайындаған сұрағына сүйеніп, әңгіме­лесуші адам­ның оған дейін айтқанын да өңін айнал­ды­рып сұрай береді. Сөйтіп сұрақ қоюшы­ның айда­лаға лағу әсерінен қаншама мәселе басы ашық кү­йінде қала береді. Асы­лында, Головкин­нің рен­­житіндей жөні бар. "Сұқбат" деген сөз мін­дет­ті түрде екі не одан да көп адамның пікір бел­сен­­ділігін білдірмей ме?! Ойды ой қозға­маға­сын оның несі сұқбат?

Біреу келісер, біреу келіспес. Ал баспасөз бет­те­рінде жазылған мақалалардың, электронды бұ­қа­ралық ақпарат құралдарында айтылған мәтін­дер­дің грамматикалық-стилистикалық қатесі өз ал­дына бөлек әңгіме. Алла бұйырса, алдағы уа­қыт­та нақты мысалдармен оған да тоқталармыз. Ме­нің айтарым осы.

Пікір жиған

Н.КӨБЕГЕНҰЛЫ

 

 

Пікір қалдыру


Қорғаныс саны
Жаңарту

Іздеу

Сауалнама

Бүгінде журналистерге қай сала мамандарынан ақпарат алу қиын?

Медицина - 57.1%
Прокуратура - 0%
Сот - 0%
Департаменттер - 14.3%
Облыстық басқармалар - 28.6%

Дауыс саны: 7
The voting for this poll has ended on: 29 Шіл 2017 - 00:00

Жоба туралы

Сыр өңірінің тумасы, қайсар қаламгер, ақын Зейнолла Шүкіровтің рухына арналған «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты облыстық жас ақындар мүшәйрасы өтті.

 «Руханиятты жаңғырту» қоғамдық қоры мен республикалық әдеби-мәдени, тарихи-танымдық «Әлімсақ» журналы Зейнолла Шүкіровтің рухына арнап биыл төртінші рет дәстүрлі «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты талантты жас ақындар мүшәйрасын ұйымдастырды. Биылғы жылдың жеңімпазы - М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжінің студенті Нәбира Ешниязова.

 

 

Редакцияға хат

Email:
Тақырып:
Текст:

Әлеуметтік желілер

Күнтізбе

<< < Маусым 2016 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 29 30      

Кім онлайн?

Қазір 18 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр

As we continue our list of fantasy football”s top 101 PPR players of 2017 we have three players who have recently finished in the top-15 at their positions.

In fantasy football there will always be players who have an unexpected drop or rise from one year to the next. One player on today’s list was a top-six wide receiver in 2015. The next year,Vince Wilfork Jersey he wasn’t even a top-20 wide receiver.

The same can be said about a running back on today’s list who was a top-five running back in 2015. Last year, he wasn’t even a top-18 running back. Who are these players and what should we expect from them in 2017?

To be clear,J.J. Watt Jersey the top 101 PPR players are for re-draft leagues only. Here’s a look at players ranked No. 38-36:

Last season Patriots wide receiver Julian Edelman finished fourth in the NFL in receptions with 98. He also set a career-high in receiving yards with 1,106. In the end,Brian Cushing Jersey Edelman finished 2016 as the 15th PPR wide receiver. Unfortunately for Edelman, I see a regression coming his way in 2017.

The 2016 season was only the second time in Edelman’s eight-year career he played in all 16 games in a season. The other time came back in 2013. Going into 2017, the odds are against the 31-year old receiver to play in all 16 games in back-to-back years for the first time in his career. Even if he somehow manages to stay healthy for all 16 games, he’s sure to lose targets and receptions.

Last year Patriots star tight end Rob Gronkowski had a career-low 25 receptions. Gronk was never 100 percent during the 2016 season and only appeared in eight games. Going into 2017,DeAndre Hopkins Jersey he will be back to full strength. Also, the Patriots traded their 2017 first-round pick for Saints wide receiver Brandin Cooks. The former Oregon State Beaver will be the team’s new No.1 wide receiver.

Журнал туралы

«Әлімсақ» журналы – рухани серігіңіз

 Қазақтың ғасырлар қойнауынан тамыр тартқан, әлімсақтан келе жатқан хатқа түскен тарихының, ұлттық болмыс-бітіммен астасқан әдебиеті мен мәдениетінің, тілі мен дінінің, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрінің бірден-бір насихатшысы, Сыр бойының тарихында алғаш рет әдеби-мәдени, тарихи-танымдық бағытта жарық көрген «Әлімсақ» журналының оқырманына жол тартқанына алты жылға жуық уақыт болып қалды. 2009 жылдың сәуір айынан бастап алғашқы нөмірі жарыққа шыққалы бері қазақ әдебиеті мен тарихына қатысты мақалаларды ортаға салып, Сыр өңірінің мәдениеті мен өнерін насихаттап, облысымыздың бүгінгі мәдени, әлеуметтік дамуындағы өзгерістерді ақпараттандыруда журналдың қосып келе жатқан үлесі салмақты.