Арда туған азаматқа дем беріп,арғымақ келді жаңа жылды өңгеріп

Арда туған азаматқа дем беріп,арғымақ келді жаңа жылды өңгеріп

Қазақ халқы ежелден төрт түлік малды бағып, жазда жайлауға, қыста қыстауға көшіп жүрген керемет...

Ұлттық тәрбиенің мәні – ұлттық ойындар

Ұлттық тәрбиенің мәні – ұлттық ойындар

  Ойнамайтын бала жоқ. Сухомлинскийдің сөзімен дәлелдейтін болсақ, "Ойынсыз ақыл-ойдың қалыпты...

АҚШ -тағы КЕН АЛИБЕК ЕЛГЕ ҚАЙТА ОРАЛДЫ

Кезінде АҚШ-қа кетіп қалған көрнекті микробиолог ғалым, полковник Кен Алибек туралы (азан шақырып...

 АБАЙША СҮЙІП, АБАЙША КҮЙІП ЖҮРМІЗ БЕ?

АБАЙША СҮЙІП, АБАЙША КҮЙІП ЖҮРМІЗ БЕ?

Атады таң, батады күн, толады ай.  Ауысады күнде саба, толағай.  Бірі барда бірі болмай,...

 Қамбаш көлі туризм аймағына айнала ала ма?

Қамбаш көлі туризм аймағына айнала ала ма?

 Сыр бойы – туризм саласынан кенде емес аймақтардың бірі. Айтатыны жоқ, Қазақстан өзінің...

  • Арда туған азаматқа дем беріп,арғымақ келді жаңа жылды өңгеріп

    Арда туған азаматқа дем беріп,арғымақ келді жаңа жылды өңгеріп

  • Ұлттық тәрбиенің мәні – ұлттық ойындар

    Ұлттық тәрбиенің мәні – ұлттық ойындар

  • АҚШ -тағы КЕН АЛИБЕК ЕЛГЕ ҚАЙТА ОРАЛДЫ

  •  АБАЙША СҮЙІП, АБАЙША КҮЙІП ЖҮРМІЗ БЕ?

    АБАЙША СҮЙІП, АБАЙША КҮЙІП ЖҮРМІЗ БЕ?

  •  Қамбаш көлі туризм аймағына айнала ала ма?

    Қамбаш көлі туризм аймағына айнала ала ма?

Бас редактор бағаны

"Әлімсақ" журналының бас редакторы, филология ғылымдарының кандидаты

Нұрлан Көбегенұлы Нұрмаханов

 Бас кеспек болса да...

Журналға тіркелу

Валют бағамы

Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан

Мұрағат

Серіктестер

Latest News

МҰСТАФА ШОҚАЙ АЙНАЛАСЫНДАҒЫ ЖАЛҒАН ӘҢГІМЕЛЕРДЕН ҚАШАН АРЫЛАМЫЗ?

Normal 0 false false false RU X-NONE X-NONE

 

Өткен жылы ұлы күрескер Мұстафа Шоқайдың туғанына 125 жыл толғаны жалпыға мәлім. Бұл айрықша датаны туған елі қалай атап өтті? Әрине, іс-шаралар өткізілді. Бірақ жұрттың көңілі оған толған жоқ.  Бұл жолы да Мұстафа Шоқайдың саяси қызметіне ресми баға бері-ліп, мемлекет тарапынан тұжы-рымды шешім қабылданбады. Кәдімгідей облыс орталығында республикалық ғылыми-тәжі-рибелік конференция өткізілді. Оған академик Д.Кішібеков, тарих ғылымдарының докторы К.Есмағамбетов, саяси ғылымдарының докторы Ә.Бәкір және өзге тарихшылар мен мамандар қатысты. Әрқайсысы баяндама жасап, Мұстафа Шоқайдың идеялары мен қазақ руханиятына қосқан үлесі туралы жеке пікірлерін білдірді. Өкінішке қарай, кейбір баяндамаларда "Мұстафа Шоқай сұрапыл соғыс жылдары аты шулы "Түркістан легионының" негізін қалады" деген ескі ұғым қайталанды. Бірінші сөйлеген академик Д.Кішібеков былай деді: "Арада көп ұзамай фашистік Германия Кеңес еліне жасаған келісімін бұзып, жойқын қарулы күшпен басып кіргенде, қолға түскен мұсылман тұтқындарды басқаруға "Түркістан легионын" құрып, оған Мұстафаны жетекші етеді...".

 

 

Сондай-ақ, конференцияда сөйлеген тарих ғылымдарының докторы Ө.Қожақұлы және конференцияның ғылыми еңбектер жинағына мақалалары енген Ж.Құлымбетова, А.Өтешқызы және басқалары да Мұстафа Шоқайдың есімін "Түркістан легионымен" байланыстырды. Мұстафа Шоқайды фашистік Германияның басшыларымен кездестіріп, "келісім сөз жүргізді" дегендер болды. Мұстафа Шоқай немістің Шығыс істері жөніндегі министрі Розенберг пен оның көмекшісі Ольцшамен кездескен көрінеді. Ол неміс басшылығының алдына екі шарт айтып, өтінген екен. Біріншісі, тұтқынға түскен түркістандықтарды түрлі кәсіп-тік оқуларға қосып, келешек Түркістан мемлекетіне кадрлар дайындау. Екіншісі, түркістан-дықтардан құрылған армияны Түркістан шекарасына жеткенше Қызыл әскерге қарсы пайдалан-бау. Әрине, бұл шындыққа сыйыспайды. Бұл жерде тарих-шылар мен мамандар Кеңес идеологиясының тұжырымдамасын қайталап отырған секілді. (Бұрын Мұстафа Шоқайдың "сатқындығын" жазушы-чекист С.Шәкібаевтың "Ұлы Түркістан-ның күйреуі" атты кітабынан көретін едік. Енді кімнен көреміз?! Ә.Б.). Қазір Мұстафа Шоқай туралы жазатындар көбейді. Ақын Қасымхан Бегманов "Мұстафа Шоқай жолымен" атты деректі фильм түсірген кезде қиыншылық-тарға кездесіп: "Мұстафа Шоқайды меншіктеп алған адамдар бар екен" деп, таңғалған болатын. Әрине, Мұстафа Шоқай туралы жазуға әркімнің құқығы бар. Алайда, қолдарында күмән туғыз-байтын дәйектері мен деректері болуы керек.

 

Расын айтқанда, Мұстафа Шоқай фашистік Германияның басшыларымен ешуақытта кездеспеген және келісім сөздер жүргізбеген. Деректерге қарағанда, 1941 жылы 22 маусымда Германия соғыс жарияламай Кеңес Одағына басып кіреді. Соғыс басталғанда Мұстафа Шоқай зайыбы Мария Жақыпқызымен бірге Париж түбіндегі шағын Ногенет қаласында тұрып жатқан еді. Соғыс басталған күні-ақ немістер соғыс кезеңінің жарияламаған заңы бойынша Кеңес Одағынан келген эмигранттарды түгелдей еркінен айырды (ресми құжаттарда бұл іс-қимылды "интернирование" дейді. Ә.Б.). Сөйтіп, Париж және жақын қалаларда тұрып жатқан 300-дей эмигрант ұсталып (жалғыз Мұстафа Шоқай емес), Кемпьен сарайына орналастыры-лады. Солардың қатарында Мұстафа Шоқай да болды. Осы жерде немістердің Кеңес әскери қызметкерлерін, оның ішінде Орта Азия мен Қазақстаннан шыққандары бар, көп тұтқынға алынғанын біледі. Мұстафа Шоқай тұтқынға түскен отандастарымен кездесіп, осыдан жиырма жыл бұрын еріксіз тастап кеткен елінің қазіргі жағдайын анық білгісі келеді. Осы мақсатпен М.Шоқай фашистік Германияның әскери басшыларына хат жазып, тұтқындағы өзінің отандастарымен жүздесуге рұқсат сұрайды (оқырмандар байқап отырғандай, Мұстафа Шоқайды немістер "қызметке алды", "легионды құрды", "жетекшілік етті" деген бос сөз. Ә.Б.). Әуелде, немістер кездесуге келісім бермейді. Ақырында, 1941 жылы қарашада (екі айдан кейін) рұқсат алып, тұтқындармен кездесуге Берлинге келеді. Сол жерде эмигранттардың бірі Вели Каюмов (кейін Вели Каюм хан атанған. Ә.Б.) бастаған комиссия құрамына кіріп, тұтқындар ұстайтын лагерьлерді аралаған. Қалғаны қадір-менді оқырманға белгілі. Сондықтан қайталау-дың қажеті жоқ шығар. Бұл жайлы аталған конференцияда әңгіме болды. Осы мақаланың авторы сөз алып, бұдан былай қарай Мұстафа Шоқайға байланысты шындыққа жанаспайтын пікірталасты тоқтату туралы ұсыныс білдірді. Себебі, мұндай жалған әңгімелер оқырманды шатастырып, билікті үркітеді. Мұстафа Шоқай мен биліктің арасы жақындаудың орнына, одан сайын алшақтай береді. Соның салдарынан ұлы күрескерге байланысты кейбір іс-шаралар кейінге қалып жатыр. Мысалы, Астана қаласы мәслиха-тының мәжілісіне қатысқан депутаттар "неміс-терге қызмет еткен" деген желеумен, Мұстафа Шоқайдың атын №51 қалалық орта мектепке бе-ру туралы ұсынысты қабылдаудан бас тартыпты.

 

Қай жылдары Францияның Ножан-сюр-Мары қаласында Париждегі қазақ диаспорасы-ның көмегімен Мұстафа Шоқайға ескерткіш және оған арналған саябақ ашылды. Расын айтқанда, бұл ескерткіш оңайлықпен орнатылған жоқ. Осы істің басы-қасында болған "Мұстафа Шоқай" атындағы қордың төрағасы Базарбай Атабаев былай дейді: "26 қарашада биіктігі 125 см. тұғырды тұрғызып, сыртын қызыл мрамормен қаптап, ескерткіш бюсті үстіне орнаттық. Алдындағы мраморға "Мұстафа Шоқай" деп, французша және қазақша жазып, астына туған жылы мен өлген жылы жазылды. Енді оның кім екенін білдіретін "Түркі халықтарының тәуелсіздік күрескері" деп, француз тілінде жазып дайындап қойсақ, елшінің көмекшісі (Қазақстанның Франциядағы елшілігі. Ә.Б.) Мұрасалнәби қатты ашуланып, үзілді-кесілді: "Бұлай жазуға болмайды. Бұл жақта бұған басқаша қарайды, дұрыс пікір әлі қалыптаспаған, ешнәрсе жазбаңдар", - деп, мраморды алып тастатты. "Түркі" деген сөзді алып тастап, "Халықтардың тәуелсіздік күрескері" деп, жазуға да көнбеді. "Ештеңе жазбаңдар!" деді. Мен де сыртқы-ішкі ашудан ызаланып, қан қысымым да көтеріліп кетті. Осыдан кейін, біздер аты-жөні, туған-өлген жылынан кейін, французша "Тәуелсіздік күрескері" деп және астына "Қазақ елінен. 28 қазан 2010 жыл" деген сөздерді жаздыртып, ертеңгі ашылу күніне даяр етіп, орнатып қойдық. Ертеңіне Мұрсалнәби: "Менің арқамнан пышақ ұрдыңдар" деп, қатты ренжіді. Біз де оның соншалықты ренжігенін "сақтық па, әлде кеңестік идеологиядан қалған қорқақтық па?" деп, қайран қалдық...".

 

Әрине, Мұрасалнәби биліктің уәкілі. Сондықтан да, өзін солай ұстады. Қалай дегенде де, Мұстафа Шоқай туралы қоғамда болып жатқан дау-дамай басылып, жұртшылық тегіс бір пікірге келу керек. Бұл істе ғалымдардың рөлі айрықша. Бірінші кезекте тарихшылар мен мамандардың арасында бірауыздылық болғаны әбден дұрыс. Сонда барып Мұстафа Шоқайды айналасындағы жалған әңгімелерден аршып аламыз. Болмаса ұлы күрескердің есімін мәңгі есте қалдыратын күрделі шаралардың жақын арада жүзеге асырылуы екіталай.

Әмірхан БӘКІРҰЛЫ

 

/* Style Definitions */ table.MsoNormalTable {mso-style-name:"Обычная таблица"; mso-tstyle-rowband-size:0; mso-tstyle-colband-size:0; mso-style-noshow:yes; mso-style-priority:99; mso-style-qformat:yes; mso-style-parent:""; mso-padding-alt:0cm 5.4pt 0cm 5.4pt; mso-para-margin-top:0cm; mso-para-margin-right:0cm; mso-para-margin-bottom:10.0pt; mso-para-margin-left:0cm; line-height:115%; mso-pagination:widow-orphan; font-size:11.0pt; font-family:"Calibri","sans-serif"; mso-ascii-font-family:Calibri; mso-ascii-theme-font:minor-latin; mso-hansi-font-family:Calibri; mso-hansi-theme-font:minor-latin;}

 

Пікір қалдыру


Қорғаныс саны
Жаңарту

Іздеу

Сауалнама

Бүгінде журналистерге қай сала мамандарынан ақпарат алу қиын?

Медицина - 57.1%
Прокуратура - 0%
Сот - 0%
Департаменттер - 14.3%
Облыстық басқармалар - 28.6%

Дауыс саны: 7
The voting for this poll has ended on: 29 Шіл 2017 - 00:00

Жоба туралы

Сыр өңірінің тумасы, қайсар қаламгер, ақын Зейнолла Шүкіровтің рухына арналған «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты облыстық жас ақындар мүшәйрасы өтті.

 «Руханиятты жаңғырту» қоғамдық қоры мен республикалық әдеби-мәдени, тарихи-танымдық «Әлімсақ» журналы Зейнолла Шүкіровтің рухына арнап биыл төртінші рет дәстүрлі «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты талантты жас ақындар мүшәйрасын ұйымдастырды. Биылғы жылдың жеңімпазы - М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжінің студенті Нәбира Ешниязова.

 

 

Редакцияға хат

Email:
Тақырып:
Текст:

Әлеуметтік желілер

Күнтізбе

<< < Мамыр 2016 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Кім онлайн?

Қазір 23 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр

As we continue our list of fantasy football”s top 101 PPR players of 2017 we have three players who have recently finished in the top-15 at their positions.

In fantasy football there will always be players who have an unexpected drop or rise from one year to the next. One player on today’s list was a top-six wide receiver in 2015. The next year,Vince Wilfork Jersey he wasn’t even a top-20 wide receiver.

The same can be said about a running back on today’s list who was a top-five running back in 2015. Last year, he wasn’t even a top-18 running back. Who are these players and what should we expect from them in 2017?

To be clear,J.J. Watt Jersey the top 101 PPR players are for re-draft leagues only. Here’s a look at players ranked No. 38-36:

Last season Patriots wide receiver Julian Edelman finished fourth in the NFL in receptions with 98. He also set a career-high in receiving yards with 1,106. In the end,Brian Cushing Jersey Edelman finished 2016 as the 15th PPR wide receiver. Unfortunately for Edelman, I see a regression coming his way in 2017.

The 2016 season was only the second time in Edelman’s eight-year career he played in all 16 games in a season. The other time came back in 2013. Going into 2017, the odds are against the 31-year old receiver to play in all 16 games in back-to-back years for the first time in his career. Even if he somehow manages to stay healthy for all 16 games, he’s sure to lose targets and receptions.

Last year Patriots star tight end Rob Gronkowski had a career-low 25 receptions. Gronk was never 100 percent during the 2016 season and only appeared in eight games. Going into 2017,DeAndre Hopkins Jersey he will be back to full strength. Also, the Patriots traded their 2017 first-round pick for Saints wide receiver Brandin Cooks. The former Oregon State Beaver will be the team’s new No.1 wide receiver.

Журнал туралы

«Әлімсақ» журналы – рухани серігіңіз

 Қазақтың ғасырлар қойнауынан тамыр тартқан, әлімсақтан келе жатқан хатқа түскен тарихының, ұлттық болмыс-бітіммен астасқан әдебиеті мен мәдениетінің, тілі мен дінінің, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрінің бірден-бір насихатшысы, Сыр бойының тарихында алғаш рет әдеби-мәдени, тарихи-танымдық бағытта жарық көрген «Әлімсақ» журналының оқырманына жол тартқанына алты жылға жуық уақыт болып қалды. 2009 жылдың сәуір айынан бастап алғашқы нөмірі жарыққа шыққалы бері қазақ әдебиеті мен тарихына қатысты мақалаларды ортаға салып, Сыр өңірінің мәдениеті мен өнерін насихаттап, облысымыздың бүгінгі мәдени, әлеуметтік дамуындағы өзгерістерді ақпараттандыруда журналдың қосып келе жатқан үлесі салмақты.