Бас редактор бағаны

"Әлімсақ" журналының бас редакторы, филология ғылымдарының кандидаты

Нұрлан Көбегенұлы Нұрмаханов

 Бас кеспек болса да...

Журналға тіркелу

Валют бағамы

Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан

Серіктестер

ҰЛТТЫҚ КИІМ ӨЗ ҰЯТЫН ЖОҒАЛТТЫ МА?

 

Қазақ: "Ағаш көркі - жапырақ, адам көркі - шүберек" дейді, әдетте біз кей нәрселерге "ұсақ-түйек қой" деп, жете мән бере бермейміз. Қытай даналығында: "Ұсақ-түйектен маңызды нәрсе жоқ", - дейді. Осындайда әр қазақтың көркіне көрік қосқан ұлттық киімі есіңе оралады. Себебі, бүгінгі жаһандану заманында қазақтың жарасымды шапаны мен тымағы, бүрмелі көйлегі мен бөрігі бәсекеге қай қырынан алып қараса да, төтеп бере алатыны шындық. Елдігімізді алып, тәуелсіздігімізге қол жеткізіп жан-жағымызға қарасақ, "ақжемденіп жыртылғалы тұрған" шалбар, құрақ-құрақ көйлектердің өзі әлемді мойындатып сәнге айналыпты. Өзгелері де қалсын ба? Қытай жібегін заманға сай икемдеп, жапондар киманосын келістіріп, шотландықтар юбкаларын мектеп формасына айырбастағалы қашан.

Жезтаңдай әнші Роза Бағланова: "Мен қайда жүрсем де, қазақтың әнiн ғана емес, қазақ қыздары киген ұлттық киiмi мен салт-дәстүрiн де өзiммен бiрге өмiр бойы серiк еттiм. Будапештке барғанда үлбiреген дүрия жiбектен тiгiлген көйлек кидiм. Көйлектiң етегi мен жеңi толқын тәрiздi әннiң әуенiмен қозғалған сайын, көйлек майда самал соққандай тербелетiн. Белдiң қыналып келген тұсына кемер белдiк тақтым. Белдiк таза күмiстен жасалып, алтынмен апталған. Сол бiркиер көйлектi кигенде, қуыршақтай болып жайнап шыға келетiнмiн. Кезектi бiр сапарымда Ұлыбритания елінде патшайым Елизавета ханымның: "Қазақ әйелдерiнiң киген киiмiне қарап-ақ олардың қандай халық болғанын тануға болады. Бұл киiм байлық пен талғамды аңғартады", - дегенi бар. Сол жолы "киiмiне қарай қарсы алып, ақылына қарай шығарып салады" деген сөздiң мағынасына көзi жеткенін қазақтың бұлбұл қызы республикалық басылым бетіне жариялаған болатын.

Киімді адамдардың ақыл-ойы мен эстетикалық талғамының, еңбегінің жемісі дейтін болсақ, қазақ халқы ертеден-ақ қыз бала киіміне аса мән берген. Алдымен әйел киімдерінің етегінің ұзын болуы, ибалылық пен инабаттылықты, денені ашық ұстамауды тазалықтың кепілі деп білген. Сондықтан, ата-бабамыз әурет жерлерді жабуды парыз етіп, қызына бүрмелі көйлек, кәмшат бөрік, ана атанғанда кимешек кидірген. Онсыз бала емізуге тыйым салған. Кезінде ешқандай фабрика, зауытсыз-ақ, ешбір академия бітірмей-ақ ұл-қызын өзінің төл ұлттық киімімен қамтамасыз еткен кешегі қазаққа жете алмай, түрік пен қытайдың киіміне қарап қалған бүгінгі қазақтың күйі осы. Ал, ұлттық киімнің ұлағатын түсініп, бүгінде халыққа етене танылған С.Асанова, А.Бапани, Қ.Нұрқаділова, "Ерке-Нұр" сән театры, А.Қауменова, Б.Исмайылов секілді дизайнерлер өнімдері тек сахна, той шеңберінен шыға алмай жүргеніне қынжыласың. Подиум үшін емес, қарапайым халықтың қолы жететін, күнделікті өмірге қажетті киім-кешек жайында неге ойланбаймыз? Бүлдіршінге үкілі тақия кидіріп, бөріктіні бойжеткен деп таныған, келіннің сәукелесін бір үйір жылқыға бағалап, арындай аппақ жаулығынан сәбилі болғанын, күмбездей кимешегінен үбірлі-шүбірлі ана екенін, шапанына қарап ел-жұртын, атақ-даңқын, кәрі-жасын, руын ажырататын уақыттың өтіп бара жатқаны анық.

Қасиетті Құранда қыздарымызға "хиджаб ки, арабқа елікте" деген сөз жоқ, тек "Нұр" сүресі арқылы жабық киінуді парыз еткен. Ал, қазақтың ұлттық киімі бұл талаптарға сай келген. Қасиетті Құранда: "Сендерді өзара қарым-қатынас жасап, бірін-бірі танысын деп ұлттарға, ұлыстарға бөлдік" деп жазылған. Қазіргі киімімізге қарап бізді кім танығандай?! Табиғи байлықтың арқасында шөл даланы інжу-маржанға айналдырған арабтарға қарасаң, қандай ресми кездесу болмасын, мейлі ол жаһандық деңгейдегі басқосу болсын, аппақ болып жарқырап отырады. Көрші өзбек ағайындар ала шапаны мен тақиясын, қырғыздар айыр қалпағын тастамайды. Дәл солай қазақтың киімін әлемге паш етсек, қолымызды қаққан біреу бар ма? Бүгінде ұлттық киімнің өмірі бір күндік болғанына, яғни тек Наурыз мерекесінде ғана киіп жүргеніміз өкінішті. Тарлан тарихқа көз салар болсақ, кезінде ғұндардың қытай жібегіне қызығып, барын бағаламай, тері мен жүннен жасалған бұйымдардан қол үзіп, Қытай патшалары тартқан тегін сыйдың сұрауы барын соңынан түсініп, сан ұрып қалғанына тарих куә.

"...Үстіндегі шытырман ақ жібек көйлек, көгілдір торқа, оқалы қамзол, оның сыртынан шетін құндызбен әдіптеген дүрия қызыл шапан, басында ақ меруерт өрген алтын теңгелері қабаққа түсе сылдыр қаққан қызыл барқыт сәукеле. Сыртынан ақ торғын шәліні көмілдіре жамылды. Құлағына таққан үш буынды сырғалары мен арқасында жарыса түскен тоқпақтай бұрымының ұшындағы төрт қатар шолпысы кілең бір сомдық алтын теңгеден түзілген". Бұл Кенесары ханның бәйбішесі, қараторының қисапсыз сұлуы атанған Күнімжан анамыздың жазушы Ілияс Есенберлиннің "Қаһар" романындағы бейнесі.

Бұл кешегі күннің белгісі, бүгінгінің тек сағым елесі ғана.

Ғ.Асанқызы,

Қорқыт ата атындағы ҚМУ магистрі

Пікір қалдыру


Қорғаныс саны
Жаңарту

Іздеу

Сауалнама

Бүгінде журналистерге қай сала мамандарынан ақпарат алу қиын?

Медицина - 57.1%
Прокуратура - 0%
Сот - 0%
Департаменттер - 14.3%
Облыстық басқармалар - 28.6%

Дауыс саны: 7
The voting for this poll has ended on: 29 Шіл 2017 - 00:00

Жоба туралы

Сыр өңірінің тумасы, қайсар қаламгер, ақын Зейнолла Шүкіровтің рухына арналған «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты облыстық жас ақындар мүшәйрасы өтті.

 «Руханиятты жаңғырту» қоғамдық қоры мен республикалық әдеби-мәдени, тарихи-танымдық «Әлімсақ» журналы Зейнолла Шүкіровтің рухына арнап биыл төртінші рет дәстүрлі «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты талантты жас ақындар мүшәйрасын ұйымдастырды. Биылғы жылдың жеңімпазы - М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжінің студенті Нәбира Ешниязова.

 

 

Редакцияға хат

Email:
Тақырып:
Текст:

Әлеуметтік желілер

Күнтізбе

<< < Ақпан 2016 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29            

As we continue our list of fantasy football”s top 101 PPR players of 2017 we have three players who have recently finished in the top-15 at their positions.

In fantasy football there will always be players who have an unexpected drop or rise from one year to the next. One player on today’s list was a top-six wide receiver in 2015. The next year,Vince Wilfork Jersey he wasn’t even a top-20 wide receiver.

The same can be said about a running back on today’s list who was a top-five running back in 2015. Last year, he wasn’t even a top-18 running back. Who are these players and what should we expect from them in 2017?

To be clear,J.J. Watt Jersey the top 101 PPR players are for re-draft leagues only. Here’s a look at players ranked No. 38-36:

Last season Patriots wide receiver Julian Edelman finished fourth in the NFL in receptions with 98. He also set a career-high in receiving yards with 1,106. In the end,Brian Cushing Jersey Edelman finished 2016 as the 15th PPR wide receiver. Unfortunately for Edelman, I see a regression coming his way in 2017.

The 2016 season was only the second time in Edelman’s eight-year career he played in all 16 games in a season. The other time came back in 2013. Going into 2017, the odds are against the 31-year old receiver to play in all 16 games in back-to-back years for the first time in his career. Even if he somehow manages to stay healthy for all 16 games, he’s sure to lose targets and receptions.

Last year Patriots star tight end Rob Gronkowski had a career-low 25 receptions. Gronk was never 100 percent during the 2016 season and only appeared in eight games. Going into 2017,DeAndre Hopkins Jersey he will be back to full strength. Also, the Patriots traded their 2017 first-round pick for Saints wide receiver Brandin Cooks. The former Oregon State Beaver will be the team’s new No.1 wide receiver.

Журнал туралы

«Әлімсақ» журналы – рухани серігіңіз

 Қазақтың ғасырлар қойнауынан тамыр тартқан, әлімсақтан келе жатқан хатқа түскен тарихының, ұлттық болмыс-бітіммен астасқан әдебиеті мен мәдениетінің, тілі мен дінінің, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрінің бірден-бір насихатшысы, Сыр бойының тарихында алғаш рет әдеби-мәдени, тарихи-танымдық бағытта жарық көрген «Әлімсақ» журналының оқырманына жол тартқанына алты жылға жуық уақыт болып қалды. 2009 жылдың сәуір айынан бастап алғашқы нөмірі жарыққа шыққалы бері қазақ әдебиеті мен тарихына қатысты мақалаларды ортаға салып, Сыр өңірінің мәдениеті мен өнерін насихаттап, облысымыздың бүгінгі мәдени, әлеуметтік дамуындағы өзгерістерді ақпараттандыруда журналдың қосып келе жатқан үлесі салмақты.