Бас редактор бағаны

"Әлімсақ" журналының бас редакторы, филология ғылымдарының кандидаты

Нұрлан Көбегенұлы Нұрмаханов

 Бас кеспек болса да...

Журналға тіркелу

Валют бағамы

Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан

Серіктестер

«АНАЛИТИКАЛЫҚ БАҒЫТТАҒЫ МАҚАЛАЛАР ӨЗ МАҚСАТЫН ОРЫНДАЙ АЛМАЙ КЕЛЕДІ»

Журналистика - төртінші билік. Ол шет елдерде әлдеқайда мойындалған аксиома. Ал, біздің елде БАҚ тек үгіт-насихат рөлін атқарып отырған құрал, биліктің бір функциясына айналғандай көрініс береді. Ащы да болса да шындық осы. Десе де қоғамда қордаланып жатқан өткір мәселелерді қозғап, оған биліктің назарын аударып, ел ықыласына бөленіп жүрген, демократия туын жоғары ұстап, өзіндік айтары, қаламында қуатының күші бар журналистер де жоқ емес. Сыр өңірі баспасөзінде өз ұстанымымен мойындалған, көптің тісі бата бермейтін экономика саласына батыл барып, өзіндік қайсар мінезі арқылы қарымды материалдар жазып жүрген Жолдасбек Ақсақаловты ақпарат саласының майталман маманы ретінде жұртшылық жақсы біледі. Ел дамуының күретамырына айналған экономиканың нақты ахуалын халық осы Жолдасбек Әленұлының материалынан танып біліп отырады. Журналистикада қолтаңбасын қалдырған ағамызды сырлы сұхбат алаңына шақырып, емен-жарқын әңгіме құрған едік.

 

- Жолдасбек аға, әдетте журналистік жолға әркім әртүрлі жолмен келеді. Шығармашылық орта үнемі ізденісті талап етеді. Қызметке бой үйрету, аузы дуалы мамандармен әңгіме өрбіту қолына қалам алған әрбір тілшінің өмірінде кездеседі. Еңбек жолыңызды корректорлықтан бастапсыз. Жастық шақтың жалынды кезеңінен сыр ақтарсақ. Өңірдің бас басылымы "Сыр бойы" газетіне қалай келдіңіз?

 - Кеңестік кезеңнің тәрбиесінде өскен біздер аға буын өкілдерінің тәжірибесі мен біліміне, парасат-пайымына қарап өстік. Ескі қоғам - бір орталыққа бағынған коммунистік жүйе. Аймақта тек бір ғана басылым тарайды. Ол кезде басылым аты "Ленин жолы" болатын. Қазіргідей бәсекелестік жоқ. Бірақ сапа болатын. Мен С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін журналистика мамандығы бойынша аяқтадым. Рас, бастапқыда басылымға корректор қызметімен кірдім. Өйткені жолдама саны шектеулі. Сол кездің талабы болар, университетті енді бітірген жас мамандар еңбек тәжірибесін аудандық газеттерден бастайтын. Тәжірибе жинап, шыңдалғаннан кейін облыстық басылымға жолдама алады. Тәртібі осындай. Бағым болар, бас газетке 26 жасымда келдім. Әлі күнге дейін есімде, "Ленин жолы" газетіндегі қызметкерлердің орта жасы 44 шамасында еді. Ең жасы, тәжірибесі жоқ маман ретінде аға буын тілшілердің қасында жүріп, біраз қызметтік тәжірибе жинадық. Екі жыл өткеннен кейін, толыққанды тілші қызметіне кірістім. Жауапкершілік жоғары. Тілшілік жолдан жалғасқан қызмет сатылап биіктеді.

 80 жылдан аса тарихы бар "Сыр бойында" есімі халыққа белгілі нағыз журналистер қызмет атқарды. Біз де дәуір тоғысымен жүріп, жас маман ретінде жұмысқа қабылдансақ, қазір ақыл айтар ағалық жасқа келіп те қалдық. Есімде қалғаны, 1990 жылы газеттің таралымы 50 мың данаға жетті. Міне, мұнан кейін Кеңес үкіметі құлап, жаңа дәуір қалыптасты. Тәуелсіз ел атан-дық. Нарыққа көштік. Заманның өзгеруіне бай-ланысты жазудың стилі, қаузайтын тақырыбы да өзгерді. Әңгіме барысында айтқандай, журналистік қызметтің барлық сатысынан өттік. Сектор меңгерушісі, жауапты хатшы, бөлім басшысы, бас редактордың кеңесшісі, бас редактордың орынбасары, бас редактор қызметтерін атқардым. Баспасөзде отыз жылдан аса жыл қызмет жасаппын, әлі де еңбек етудемін.

 - Сөзіңізге қарап отырып, менде мынадай сауал туындап отыр. Облыстық басылымда осынша уақыт табан аудармастан қызмет еттіңіз. Бас басылымда жұмыс жасау істің ретін табатын адамға біраз мүмкіндіктер береді. Өзге "жылы-жұмсақ" қызметке шақырту алып, басылымнан кету ойыңызда болған жоқ па?

 

- Әрине, журналист болғасын жақсылы-жаманды дүниелерді көресің, өмірдің заңдылығын түйсінесің. Ұсыныстар болған жоқ дей алмаймын, реті келіп шақырту алған сәттер болды. Облысқа белгілі азамат, қазірде облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сейілбек Шаухаманов әкімшілік қызметтің тізгінін ұстауға ұсыныс білдірді. Жасым болса 35-те еді. Ақыл тоқтатып, оң-солыңды танитын кезең, әрі нағыз жігіттің жасы. Шешім шығару оңай емес екен. Әкемнің ақы-лына жүгіндім. Біздер, шығармашылық адамдар, еркіндеу халықпыз ғой. Ал, мемлекеттік қызмет - тәртіп, белгілі бір жолмен жүруді талап етеді. Ойлана отырсам, егер сол қызметке барсам, шы-ғармашылықтан қол үзіп қалады екенмін. Ұсыныстан бас тарттым. Қызмет қуып, жақсы өмір сүруге болады. Бірақ менде пендешілік пайда болды. Бармадым. Мұнан да бөлек ұсыныстар айтылды, алайда жүрек қалауым шығармашылық жолды қалады. Қазір өкінбеймін.

 - 2010-2012 жылдары Сыр бойында бас редактор қызметін атқардыңыз. Басшы ретінде басылымға қандай да бір өзгерістер әкеле алдым деп ойлайсыз ба? Білуімше, бұл қызметте ұзақ отырмапсыз...

 - Жұрт жадында қалатындай өзгешелік жасадым деп айта алмаймын. Бірақ, жаңашылдыққа жаным құмар болатын. Неге мен өзгеріс енгізе алмадым? Бұл сұрақтың себебі де жоқ емес. Айтып отырғанымдай, осы жылдары барлық бұқаралық ақпарат құралдары, оның ішінде бас газеттер медиажоспар талабынан шыға алмай қалды. Мемлекеттік тапсырыс негізінде жазылған материалдар басым болды. Танымдық, сараптамалық материалдар екінші орынға ысырылып қалды. Міне, осы бір үрдістен кейін еркін бағыттан айырылып қалдық. Мұның бәрі саясаттың ықпалы дер едім.

 - Кімнің тамағың жесең, соның сөзін сөйлейтіннің кері ғой бұл.

 - Бұл проблема қазірде де бар. Айтылып жатқан мәселе. Бірақ, келешекте бұл бір жүйеге түсетініне сенімдімін. Оны уақыт таразылап береді.

 - Тендер дегеннен шығады, кезінде есімі елге белгілі Мырқы Исаев, Сақтаған Есмаханов, Итен Қарымсақов, Қази Данабаев сынды қаламгерлер қызмет еткенде билік тарапынан журналистерге деген құрметті байқаймыз. Ал, бүгінгі жағдай керісінше. Тіпті көз көрген дүние, кейбір жиналыстарда тілшілер қауымы кешігіп жатса, билік тарапынан "билеп-төстеу саясатын" көріп қаламыз. Бұл да сол тендердің тегеуріні болғаны ма?

 - Келісемін. Оның бірнеше себебі бар. Екі қоғам, екі дәуір. Мырқы ағаларымыздың кезінде ортақ жүйе, бір саясатқа бағыну, газет бетінен көрінген сыни мақалаларға билік тарапынан тиісті шаралар көрінетін. Барлық меншіктің бәрі мемлекет қолында. Газеттің беделі күшті болатыны, коммунистік партия басылымды бірінші кезекке қойып, онда жазылған материалдарды талқылап, тиісті шаралар жасайтын. Ол қоғамда тәртіп болды. Кемшілігі де аз болмады, әрине. Міне, бұл да биліктегі саясатқа қатысты. Бұл, біріншіден. Мұнан бөлек құрметтің болмауы өзімізге де байланысты. Менің қазіргі әріптестерім "өткір мәселелерді көтере алмайды, сынап жаза алмайды" деген пікірден аулақпын. Жазатындар бар, тапсырма берсең, бағыт сілтесең табылады. Еркін жазуға қолбайлау болып отырған жоғарыдағы мәселе дер едім.

 Оппозицияны қоғамға жау адамдар деп қарамауымыз керек, ол бірінші кезекте мемлекеттің түзелгенін қалайды. Газеттің беделі тек сын жанрымен дамымайды, қазір талдамалы, сараптамалық материалдар жазу белең алды. Бірақ аналитикалық бағыттағы мақалалар өз мақсатын орындай алмай келеді. Көштен қалып қойдық. Әлемдік, орыс журналистикасынан әлдеқайда ілгеріміз деп айтамыз, негізінде олай емес. Ізденіс, жан-жақтылық, сауаттылық жетіспейді. Сынның да сыны болады. Нақты адамға айтпай-ақ мақтамен бауыздап, емеурін тастап, өткір тілмен жазуға болады. Ол шеберлік пен білім арқылы келеді. Өз-өзінді дамыту - журналистке керек қасиет.

 - Шеберлік дегенді көп айтып жатырсыз. Қазірде маманданған журналистерге сұраныс жоғары. Нарықтық экономиканың келуіне орай өзіңіздің "Сырдың шикі мұнайы", "Тендер тең дәрежелі бәсекелестікті көздейді", "Коррупция", "Бағытың қалай, энергетика?", "Жалған ақпар тасасындағы ақиқат" атты мақалаларыңызды жұрт жақсы біледі. Көпшілік бара бермейтін экономика тақыры-бын облыста сізден артық жаза алатын журналист кемде-кем. Қалай ойлайсыз, экономиканы қаузайтын журналистерге ең бастысы нені ескеру керек?

 - Орыстарда "самообразование" деген ұғым бар. Өзіңнің біліміңді өзің жетілдіру. Журналист ізденістің адамы. Өзгелерге жауап бере алмаймын, мен өзім жастайымнан экономика тақырыбындағы мақалаларды жиі шолып қарайтынмын. Сол салада алғашқы түсінік болды. Нені жазу керек, нені білу керек, оқырманға қандай ақпарат керек? Осы сұрақтардың жауабын табуда қиналған жоқпын. Мен оны қалай жетілдірдім? Айтайын. Аймаққа белгілі, білікті экономистермен ұдайы қарым-қатынас орнатып отырдым. Кезінде қаржы саласын басқарған Қалқазбек Әжібеков, Камал Шөкенов, Бименде Баймаханов, Серік Тәшімбетов, Дайрабай Ысқақов, Құттықожа Ыдырысов секілді қаржыгерлермен үнемі байланыста болдым. Олар менің экономика саласын түртетінімді білетін болғандықтан, "өзекті" деген мәліметтерін береді, оны жүйелеп, газеттің басты бетіне басып шығаратынмын. Олардың маған сенгені соншалық, тіпті кейбір мәліметтерді телефон арқылы да айта салады. Бұл сенімділік бізге деген құрметті білдіреді. Ал, ол - шеберлікпен келетін дүние. Нақтырақ айтқанда, өзіндік ізденістің жемісі.

 - Ақпараттық қоғам дейміз. Ғаламтордың мол мүмкіндігін айтпағанда, өңірімізде 79 БАҚ құралы бар. Осы орайда, газет беделі мен журналист абыройын қалай арттыруға болады? Жалпы бізде бәсекелестік бар ма?

 - Нарық өз дегенің жасайды. Меніңше, бізге саны бар, сапасы жоқ газеттердің қажеті шамалы. Әрине, қаржы табуды мақсат еткен басылымдар бар. Бес саусақ бірдей емес. Газет - күрделі бизнестің түрі. Себебі, шығармашылық таразыға салынады. Әр газеттің материалдық жағдайы әртүрлі. Міне, сондықтан болу керек, бізде бәсекелестік бәсең. Шынайы бәсекелестік жоқ. Оған түрлі себептер бар.

 - Бәсекелестікке қаржы қолбайлау болмауы қажет дейсіз ба сонда?

 - Бізде "бас газеттерде жалақы көп, жеке меншік басылымдарда төмен" деген түсінік қалыптасқан. Айналып келіп, медиа жоспарға жүгінеміз. Қаржыны бөлген кезде газеттерді алаламай, бірдей үйлестірсе жақсы болар еді. Себебі қарым-қабілеті мол, айтары бар журналистер кейбір басылымда бағы жанбай жүргенін байқап қаламыз. Қазір қаржыны ойлайтын заман. Ал, шығармашылық адамға бастысы тек табыс болмауы керек. Монополия ыдыраса, Сыр бойы журналистикасы өркендейді. Мен әділ бәсекелестік болғанын қалаймын.

 - Аға, алпысты алқымдап қалдыңыз. Қазірде жас буын журналистер мен аға буынның арасында сабақтастық бар деп кесіп айта алмаймыз. Мұның себебі неде?

 - Бұл күрделілеу сұрақ. Проблема жоқ емес, бар. Аға буын кешегі қоғамның тәрбиесін көрді. Екі қоғам, мүлде қарама-қайшылық бар. Сабақтастықтың үзілуінің себебі, біздер өз-өзімізді қамшылап, өз-өзімізді жетелеп өстік. Ешкімнің емеурін білдіріп, бізге қамқор болғанын күткен жоқпыз. Сондықтан болар, аға буын жастардан өз-өзін қамшылауды талап етеді. Бұл - менің жеке пікірім. Ол дұрыс не бұрыс болуы мүмкін. Айтып отырмын ғой, бұл өте күрделі сұрақ. Мүмкін аға буынның да кінәсі бар шығар. Біз жастарды ізімізден ертіп, тәрбиелеген жоқпыз. Бұл менің кемшілігім деп есептеймін.

 - Неге?

 - Өйткені мені ешкім үйреткен жоқ. Мен өзім үйренгенмін. Өзімді-өзім көрсете білдім. Мен өмірге нарықтық қатынаспен қараймын. Жастарды тәрбиелеу ниетім бар. Арнайы курстар ұйымдастырып, тәрбиелеуге болады. Ал, ол үшін маған көңілге қонымды қаражат керек. Өмірдің заңдылығы бұл. (кейіпкеріміз күліп алды).

 - Сырт келбетіңізге қарап, көпшілік сізді суық адам деп баға береді. Өзіңізді үнемі биік ұстайсыз. Бұл болмысыңыз ба, әлде...

 - Бұл сөзіңді мойындауға болады. Суықтық табиғатымда бар дүние. Оны өзгерте алмаймын. Адами сыйласуға әрқашан бар адаммын. Мамандыққа келгенде суық адаммын. Ол - менің табиғи кемшілігім. Мен ұзақ жазғанды ұнатпаймын. Жазуды тез жазатын адаммын. Менің бұл талабым, талғамым дұрыс емес екенін осы алпыс жасқа келгенде ұғындым.

 - Жолдасбек аға, журналистердің жұмысын жүйелеу үшін облыста коммуникациялар орталығы ашылды. Қыр асып, табан тоздырып, жүздесе алмай жүрген журналистер кез келген басшы алдында еркін сұрақ қоюға мүмкіндік алды. Дегенмен брифингтегі жағдайға қарап, Сыр өңірі журналистерінің белсенділігі төмен екені байқалып жатады. Мұның себебін немен түсіндіруге болады?

 - Мен әрдайым журналистерді футбол командаларымен салыстырамын. Бірі жақсы түйсінеді, бірі тақырыпқа терең бойлай алмайды. Белсенділіктің төмен болатыны қазақы табиғатымыздан бар дүние. Ұяңдық журналистті биікке көтермейді. Онда өсу болмайды. Қазақ газеттері айта алмаған мәселелерді мен орыс басылымдарынан оқып отырамын. Әрине, қарның ашады. Журналистика осылай қала бермейді. Журна-листикада сілкініс болады.

 - Нақтырақ айтқанда?

 - Шетел баспасөзін, әлем елдерінің журналистикасының практикасында көріп жүрген өзгерістер бізге де енеді. Газеттер жеке меншікке кетеді, болашақта менеджмент редакторлар келеді. Қаржыны өзі түсіріп, жарнама жұмыстарымен айналысатын мамандар жұмысқа тартылады. Шебер журналистерді кадр іздегендей іздейді. Сондықтан білімге бет бұру қажет. Мықты журналистер жерде қалмайды. Тіпті журналистік қызмет деген болмауы мүмкін. Еңбегіне қарай ақша алатын заман болады. Ол күн де келеді. Сонда барып журналистердің еңбегі сүзгіден өтеді. Әлсіздер ысырылып, мықтылар өз орнын табады. Ол күнді де көретін күн алыс емес.

 - Салмақты сұхбатыңызға рахмет, аға! Журналистикадағы сүйелдей болған өзекті мәселелерге субьективті көзқараспен жауап бергеніңізге алғыс айтамыз. Жазарыңыз таусылмасын.

  Сұхбаттасқан

Абай ТАҒЫБЕРГЕН

 

Пікір қалдыру


Қорғаныс саны
Жаңарту

Іздеу

Сауалнама

Бүгінде журналистерге қай сала мамандарынан ақпарат алу қиын?

Медицина - 57.1%
Прокуратура - 0%
Сот - 0%
Департаменттер - 14.3%
Облыстық басқармалар - 28.6%

Дауыс саны: 7
The voting for this poll has ended on: 29 Шіл 2017 - 00:00

Жоба туралы

Сыр өңірінің тумасы, қайсар қаламгер, ақын Зейнолла Шүкіровтің рухына арналған «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты облыстық жас ақындар мүшәйрасы өтті.

 «Руханиятты жаңғырту» қоғамдық қоры мен республикалық әдеби-мәдени, тарихи-танымдық «Әлімсақ» журналы Зейнолла Шүкіровтің рухына арнап биыл төртінші рет дәстүрлі «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты талантты жас ақындар мүшәйрасын ұйымдастырды. Биылғы жылдың жеңімпазы - М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжінің студенті Нәбира Ешниязова.

 

 

Редакцияға хат

Email:
Тақырып:
Текст:

Әлеуметтік желілер

Күнтізбе

<< < Ақпан 2016 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29            

As we continue our list of fantasy football”s top 101 PPR players of 2017 we have three players who have recently finished in the top-15 at their positions.

In fantasy football there will always be players who have an unexpected drop or rise from one year to the next. One player on today’s list was a top-six wide receiver in 2015. The next year,Vince Wilfork Jersey he wasn’t even a top-20 wide receiver.

The same can be said about a running back on today’s list who was a top-five running back in 2015. Last year, he wasn’t even a top-18 running back. Who are these players and what should we expect from them in 2017?

To be clear,J.J. Watt Jersey the top 101 PPR players are for re-draft leagues only. Here’s a look at players ranked No. 38-36:

Last season Patriots wide receiver Julian Edelman finished fourth in the NFL in receptions with 98. He also set a career-high in receiving yards with 1,106. In the end,Brian Cushing Jersey Edelman finished 2016 as the 15th PPR wide receiver. Unfortunately for Edelman, I see a regression coming his way in 2017.

The 2016 season was only the second time in Edelman’s eight-year career he played in all 16 games in a season. The other time came back in 2013. Going into 2017, the odds are against the 31-year old receiver to play in all 16 games in back-to-back years for the first time in his career. Even if he somehow manages to stay healthy for all 16 games, he’s sure to lose targets and receptions.

Last year Patriots star tight end Rob Gronkowski had a career-low 25 receptions. Gronk was never 100 percent during the 2016 season and only appeared in eight games. Going into 2017,DeAndre Hopkins Jersey he will be back to full strength. Also, the Patriots traded their 2017 first-round pick for Saints wide receiver Brandin Cooks. The former Oregon State Beaver will be the team’s new No.1 wide receiver.

Журнал туралы

«Әлімсақ» журналы – рухани серігіңіз

 Қазақтың ғасырлар қойнауынан тамыр тартқан, әлімсақтан келе жатқан хатқа түскен тарихының, ұлттық болмыс-бітіммен астасқан әдебиеті мен мәдениетінің, тілі мен дінінің, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрінің бірден-бір насихатшысы, Сыр бойының тарихында алғаш рет әдеби-мәдени, тарихи-танымдық бағытта жарық көрген «Әлімсақ» журналының оқырманына жол тартқанына алты жылға жуық уақыт болып қалды. 2009 жылдың сәуір айынан бастап алғашқы нөмірі жарыққа шыққалы бері қазақ әдебиеті мен тарихына қатысты мақалаларды ортаға салып, Сыр өңірінің мәдениеті мен өнерін насихаттап, облысымыздың бүгінгі мәдени, әлеуметтік дамуындағы өзгерістерді ақпараттандыруда журналдың қосып келе жатқан үлесі салмақты.