Бас редактор бағаны

"Әлімсақ" журналының бас редакторы, филология ғылымдарының кандидаты

Нұрлан Көбегенұлы Нұрмаханов

 Бас кеспек болса да...

Журналға тіркелу

Валют бағамы

Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан

Серіктестер

Тарихта аты қалған тау тұлғалар

 

Егер де түп-тамырымызды түгендеп, оның сан ғасырға жүк болатын тарихтағы орнын зерделеп қарайтын болсақ, қазақ халқының тарихы тым тереңде жатқанын байқаймыз. Шындығында тарихымыз аппақ парақ бетіне өздігінен түсе қалған жоқ. Ел ел боламын дегенге дейін қазақтың тарихы бұрмаланып келгені де жасырын емес. Азаттық алған жылдары ұлттық тарихқа зер салынды, тарихшылар белді бекем буып, өткенді ұрпаққа боямасыз жеткізуге тырысты. Содан бері міне, тарих жүйеленді, ұрпақ бабалар тарихына құрметпен қарай білді. Ата тегімізді тарихшылардан артық айта алмасымыз анық. Тек қазіргі тарихқа деген құрмет өлшемінің отын өшірмей, оны ұрпақ жадына жалау ету басты парызымыз деп ұқтық.

Иә, тарих - өткен күннің өшпес ізі. Биылғы жыл - соның айқын дәлелі. Себебі хандықтың 550 жылдығы тарихи сабақтастыққа толы жыл екенін айғақтап тұр. Иісі мұсылман қауымына ортақ мерекемен бірге батыр бабаларымыздың мерейлі жылдары тұспа-тұс келіп отыр. Осындайда дана қазақтың "Екі дүниең абат, қос тойын қабат келсін" дейтін тәмсілі ойға оралады. Биыл бір өзі бүтін бір рулы елге қорған болған Бекарыстан би Амалдықұлының 250 жылдығы, Ақтан батырдың 245 жылдығы Қазалы өңірінде тойланбақ.

Қабырғалы қазақ халқының арғы-бергі тарихында ұлтына ұрандай ой тастап, ұлы мұрат жолында жан алысып жан беріскен, ерліктері өрлі ұрпаққа өнеге болар батыр бабаларымыз Жанқожа Нұрмұхамедұлы, Бекарыстан Амалдықұлы, Ақтан Ақайұлының жау алдында бірге елін қорғағанын өткен күн шежіресі растайды.

2014 жылы Сыр елінің батыры Жанқожа Нұрмұхаммедұлының 240 жылдық торқалы тойын батыр бабаның ұрпақтары еске алып, ас беріп, тағзым еткені белгілі. Міне, биыл да Жанқожаның ізін ала жалғаған қос батырдың мерейлі тойы.

Кешегі аласапыран заманда "жаным - арымның садақасы" деп, елін, жерін қорғауда бар өмірін ат үстінде өткізген әрі батыр, әрі әулие батырларымыз туралы айта берсе, халық аузында жүрген аңыз-әңгімелер де, тарихи деректер де, белгілі ақын-жыраулар жазып кеткен жыр-дастандар да көп. Ол - әңгіме емес, бір кітапқа жүк боларлық тағылымды асыл қазына.

Шерлі шежірелерден белгілі Ақтан батыр өз заманында Жанқожа батырдың сенімді серігі, үзеңгілес жолдасы болған. Жанқожа жорыққа шығарда әрдайым Ақтанмен ақылдасып отырған. Ал, ел арасында Жанқожа батыр жорыққа аттанар алдында Бекарыстан биге барып, сәлем беріп, ақылдасып отырған деген де аңыз-әңгімелер бар.

Бекарыстан би Амалдықұлының Абылай ханның ұлы Жанғозы сұлтанды жалғыз ауыз сөзбен тоқтатқан шешендігі, түрікмен барымташыларын садақтың жалғыз оғымен сескендірген айбары туралы ел арасында "Бірауыз сөзбен ханды қайырған, жалғыз оқпен жауды қайырған жайсаңым-ай" деген қанатты сөз де сақталған.

Батыр бабаға құрмет белгісіндей, жақында ақсақалдар бастаған арнайы делегация Ақтан батыр бейіті орналасқан Ақтөбе облысына барып, батыр рухына құран бағыштап қайтты. Баба бейітінде батыр рухына құрмет көрсетті. "Ақтоғай" ауылдық округінің әкімі Ерік Құрмаш Қотыртас ауылының қасындағы бұрынғы Қазылжыр стансасына Ақтан батырдың есімі, сондай-ақ, Бершүгір стансасында бабамызға көше аты берілгендігін айтып көпшілікті қуантты.

Қыркүйек айының отызында қос батыр Бекарыстан би, Ақтан батырдың құрметіне орай ас өткізілмек. Мерейтой аясында ғылыми-танымдық конференция, кітапхана көрмелері, қайырымдылық шаралары, гүлдер жәрмеңкесі, жыршы-термешілердің аймақтық фестивалі, ақындар айтысы, ат бәйгесі, спорттық сайыстар өткізілетін болады.

Батыр бабалардың асында Бекарыстан би атындағы ауылдан қоғамдық мұражай және Ақтан батыр ауылынан мешіттің ашылу салтанаты өткізілмек.

А.ҚАРАКЕСЕК

Пікір қалдыру


Қорғаныс саны
Жаңарту

Іздеу

Сауалнама

Бүгінде журналистерге қай сала мамандарынан ақпарат алу қиын?

Медицина - 57.1%
Прокуратура - 0%
Сот - 0%
Департаменттер - 14.3%
Облыстық басқармалар - 28.6%

Дауыс саны: 7
The voting for this poll has ended on: 29 Шіл 2017 - 00:00

Жоба туралы

Сыр өңірінің тумасы, қайсар қаламгер, ақын Зейнолла Шүкіровтің рухына арналған «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты облыстық жас ақындар мүшәйрасы өтті.

 «Руханиятты жаңғырту» қоғамдық қоры мен республикалық әдеби-мәдени, тарихи-танымдық «Әлімсақ» журналы Зейнолла Шүкіровтің рухына арнап биыл төртінші рет дәстүрлі «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты талантты жас ақындар мүшәйрасын ұйымдастырды. Биылғы жылдың жеңімпазы - М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжінің студенті Нәбира Ешниязова.

 

 

Редакцияға хат

Email:
Тақырып:
Текст:

Әлеуметтік желілер

Күнтізбе

<< < Желтоқсан 2015 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 30 31      

As we continue our list of fantasy football”s top 101 PPR players of 2017 we have three players who have recently finished in the top-15 at their positions.

In fantasy football there will always be players who have an unexpected drop or rise from one year to the next. One player on today’s list was a top-six wide receiver in 2015. The next year,Vince Wilfork Jersey he wasn’t even a top-20 wide receiver.

The same can be said about a running back on today’s list who was a top-five running back in 2015. Last year, he wasn’t even a top-18 running back. Who are these players and what should we expect from them in 2017?

To be clear,J.J. Watt Jersey the top 101 PPR players are for re-draft leagues only. Here’s a look at players ranked No. 38-36:

Last season Patriots wide receiver Julian Edelman finished fourth in the NFL in receptions with 98. He also set a career-high in receiving yards with 1,106. In the end,Brian Cushing Jersey Edelman finished 2016 as the 15th PPR wide receiver. Unfortunately for Edelman, I see a regression coming his way in 2017.

The 2016 season was only the second time in Edelman’s eight-year career he played in all 16 games in a season. The other time came back in 2013. Going into 2017, the odds are against the 31-year old receiver to play in all 16 games in back-to-back years for the first time in his career. Even if he somehow manages to stay healthy for all 16 games, he’s sure to lose targets and receptions.

Last year Patriots star tight end Rob Gronkowski had a career-low 25 receptions. Gronk was never 100 percent during the 2016 season and only appeared in eight games. Going into 2017,DeAndre Hopkins Jersey he will be back to full strength. Also, the Patriots traded their 2017 first-round pick for Saints wide receiver Brandin Cooks. The former Oregon State Beaver will be the team’s new No.1 wide receiver.

Журнал туралы

«Әлімсақ» журналы – рухани серігіңіз

 Қазақтың ғасырлар қойнауынан тамыр тартқан, әлімсақтан келе жатқан хатқа түскен тарихының, ұлттық болмыс-бітіммен астасқан әдебиеті мен мәдениетінің, тілі мен дінінің, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрінің бірден-бір насихатшысы, Сыр бойының тарихында алғаш рет әдеби-мәдени, тарихи-танымдық бағытта жарық көрген «Әлімсақ» журналының оқырманына жол тартқанына алты жылға жуық уақыт болып қалды. 2009 жылдың сәуір айынан бастап алғашқы нөмірі жарыққа шыққалы бері қазақ әдебиеті мен тарихына қатысты мақалаларды ортаға салып, Сыр өңірінің мәдениеті мен өнерін насихаттап, облысымыздың бүгінгі мәдени, әлеуметтік дамуындағы өзгерістерді ақпараттандыруда журналдың қосып келе жатқан үлесі салмақты.