Бас редактор бағаны

"Әлімсақ" журналының бас редакторы, филология ғылымдарының кандидаты

Нұрлан Көбегенұлы Нұрмаханов

 Бас кеспек болса да...

Журналға тіркелу

Валют бағамы

Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан

Серіктестер

Бірегей сәулет өнері ескерткіштері

 

Сыр өңірі ежелден түркі өркениетінің алтын бесігі саналады. Сонау ежелгі сақ, ғұн, түркі дәуірінен жеткен қаншама тарихи-мәдени ескерткіштер осы қасиетті өңірде сақталған. Қазіргі таңда солардың бірегейі сәулет өнері ескерткіштері болып табылады. Сырдария ауданының аумағында орналасқан Сырлытам кесенесі және Қалжан ахун мешіт-медресесін ерекше атауға болады.

Сырлытам кесенесі. Кесенені алғаш рет 1960 жылы Хорезм археологиялық-этнографиялық экспедициясы (жетекшісі С.П.Толстов) зерттеген. Қазіргі уақытта Сырлытам кесенесі Іңкәрдария ұжымшарынан 29 шақырым жерде орналасқан. Кесене ғимараты жоспарында шаршы пішінді, жақтарының ұзындығы шамамен 10 метр. Қабырғалары күйдірілген кірпіштерден (27х27х4,5 см және 23,5х12,5х4,5 см) қаланған, төбесі күмбезді. Кесененің бұрыштары пилястрлі болып келген кірпіштерден дөңгелек түрінде өрілген, олардың диаметрлері 40 см шамасында. Кіреберісі жебе тәрізді аркамен көмкерілген, қабырғаларында қуыстар сақталып, сылағында өрнектің іздері сақталған. Кесененің ішінде екі қатарға орналастырылған тоғыз бейіт бар. Ескерткіш 1985 жылы Қазақ КСР ҒА шешімімен реставрациядан (қайта жаңғырту) өткізілді. Қазіргі уақытта Құмтөбе басына орнатылған Сырлытамның беті шығысқа қарап тұр. Кесене Х-ХІІІ ғасырлармен мерзімделеді.

Қалжан ахун мешіт-медресесі. ХІХ ғасырда ІІ жартысында Ресей империясының Сыр өңіріндегі отарлау саясаты күшейді. Отарлаудың бір бағыты жасырын православиеге шоқындыру саясаты да жүргізілді. Оның дәлелі ретінде Сырдарияның бойына салынған орыс форттары: №1 форт (Қазалы), №2 форт (Қармақшы), №3 форттарда (Перовск) салын-ған православиелік шіркеулерді айтуға болады. Сол кездегі Орта Азиядағы Ташкент, Бұқара, Хиуа қала-ларындағы медреселерді бітірген қазақтар Ресейдің шоқындыру саясатына қарсы тұрды. Өздері тұрған ауылдарда жергілікті халықтың қаражатымен мешіт-тер мен медреселер көптеп салынды. Алайда, бұлар-дың көбісі сақталған жоқ. Қазіргі таңда Сыр өңірінде қалыпты сақталған Қалжан ахун мешіт-медресесі.

Бұл медресе Ресей империясындағы Қазан төңкерісіне дейін Сыр өңіріндегі бірден-бір діни білім беретін орын болды. Медресені діни-ағартумен айналысқан Сыр өңірінде шоқтығы биік тұлға Қалжан ахун Бөлекбайұлы (1862-1916 жж.) салдырған. Қалжан ахун 1862 жылы Қарақалпақ жерінде дүниеге келген. Ахунның әкесі Бөлекбай Қарақалпақ-стандағы Кіші жүздің ішінде Табын руының белгілі адамдарының бірі болған. Қалжан ахун жас кезінде Хиуа қаласындағы діни мектепте, кейін 1879 жылы Орта Азиядағы белгілі діни оқу орны Көкелташ медресесінде діни білім алады. Медресені бітіргеннен кейін Сыр өңіріне келіп, діни-ағартушылықпен айналысады. Қалжан ахун парсы, араб, тәжік тілдерін жетік білген. Ахун ширек ғасыр бойына халықтың рухани қажеттілігін өтеген өзінің атымен аталатын мешітте имамдық етіп, жастарға тәлім-тәрбие беру ісін қолға алады. Қалжан ахун қиыншылық жағдайда қысылғандарға қол ұшын беріп, ғылым, білім үйренем деушілерді, ғалымдарды жанына тартып дос еткен.

Қалжан ахун 1902 жылдан бастап Сыр бойына мешіт-медресе салуды қолға алады. Мұны бұрынғы жергілікті халық қызу қолдайды. Дәулетті адамдар үйір-үйір жылқы береді. Өңірде сол дәуірдегі үлкен жаңалық Орынбор-Ташкент темір жолының салынуына байланысты құрылысшылардың кірпіш зауыты сатып алынып, қыш кірпіштері құйылады.

Құрылыс тек 20 жылдары аяқталады. Кеңес дәуірінде 20-30 жж. "Ақ жол" мектеп-интернаты болған. Кейін Қалжан ахун ұрпақтары саяси қуғынға ұшыраған кезде медресе астық қоймасы, мал қорасы, мектеп-интернат қызметтерін атқарған.

Құрылыс Көкелташ медресесі үлгісімен салынып, түрлі көлемдегі оқу, дәрісхана, жатақ секілді мақсаттарға арналған 33 бөлмеден тұрған. Маңдай алдындағы кіре беріс дарбазасы қос бөлме төбесіне айшықты үш күмбез орнатылған.

Мешіт-медресенің құрылысына күйдірілген кірпіштер пайдаланылған. Жоғары сапалы тікбұ-рышты қам кесектердің өлшемі 7х13х27 см, ау-мақтық өлшемдері - 43,7 х 43,0 м, биіктігі - 7,3 м.

Барлық бөлмелер ауланың периметрінде орналасқан. Ескерткіштің негізгі қасбеті солтүстік - солтүстік батыс жаққа бағытталған, онда ғимараттың бас қақпасы бар. Бас қасбетке сонымен қатар мешіт бөлмесі (батыс жақтан) мен тамақтану бөлмесі (шығыс жақтан) шығып тұр, худжралар (сыныптар) бүйірлік қасбеттерде (әр жаққа оннан) жағалай орналасқан, аулада қызметтік бөлмелер бар. Ғимарат ХІХ ғасырдың соңы - ХХ ғасырдың басына тән "кірпіштік" стиль дәстүрінде орындалған. Кірпіш қаландысы күйдірілген кірпіш пен қам кесектен үйлесім тапқан. Негізгі қасбет, ірге кірпіштерден қаланған, ал қалған қабырғалары қам кесектерден өрілген. Қам кесектерден өрілген күмбездердің жоғары бөлігінің мықтылығын арттыру үшін күйдірілген кірпіштермен қаптаған. Осы тәсілді қолдану арқылы салынған ғимарат жұмсалған шығынды ақтап қана қоймай, ғасырдан астам уақыт сақталып тұр.

1989 жылы мешіт-медресе облыстық тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау қоғамының есебіне алынған. Қазір Жалағаш пен Сырдария аудандарының тұрғындары қамқорлыққа алған.

Ескерткіш - далалық монументальды сәулеттің үлгісі ретінде зор тарихи маңызға ие. Қалалық ортада кең тараған "кірпіш" стилінің әдістері мен аймақтың жағдайға тән жергілікті дәстүрлер үйлесім тапқан.

Перизат Бейсенбаева,

№147 орта мектебінің мұғалімі

Сырдария ауданы

Бесарық ауылы    

Пікір қалдыру


Қорғаныс саны
Жаңарту

Іздеу

Сауалнама

Сіз қалаған ұялы телефон қандай?

Айфон - 50%
Нокиа - 5.6%
Самсунг - 11.1%
Хуавей - 5.6%
LG - 27.8%

Дауыс саны: 18
The voting for this poll has ended on: 10 Қар 2018 - 00:00

Жоба туралы

Сыр өңірінің тумасы, қайсар қаламгер, ақын Зейнолла Шүкіровтің рухына арналған «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты облыстық жас ақындар мүшәйрасы өтті.

 «Руханиятты жаңғырту» қоғамдық қоры мен республикалық әдеби-мәдени, тарихи-танымдық «Әлімсақ» журналы Зейнолла Шүкіровтің рухына арнап биыл төртінші рет дәстүрлі «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты талантты жас ақындар мүшәйрасын ұйымдастырды. Биылғы жылдың жеңімпазы - М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжінің студенті Нәбира Ешниязова.

 

 

Редакцияға хат

Email:
Тақырып:
Текст:

Әлеуметтік желілер

Күнтізбе

<< < Желтоқсан 2015 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 26 27
28 29 30 31      

As we continue our list of fantasy football”s top 101 PPR players of 2017 we have three players who have recently finished in the top-15 at their positions.

In fantasy football there will always be players who have an unexpected drop or rise from one year to the next. One player on today’s list was a top-six wide receiver in 2015. The next year,Vince Wilfork Jersey he wasn’t even a top-20 wide receiver.

The same can be said about a running back on today’s list who was a top-five running back in 2015. Last year, he wasn’t even a top-18 running back. Who are these players and what should we expect from them in 2017?

To be clear,J.J. Watt Jersey the top 101 PPR players are for re-draft leagues only. Here’s a look at players ranked No. 38-36:

Last season Patriots wide receiver Julian Edelman finished fourth in the NFL in receptions with 98. He also set a career-high in receiving yards with 1,106. In the end,Brian Cushing Jersey Edelman finished 2016 as the 15th PPR wide receiver. Unfortunately for Edelman, I see a regression coming his way in 2017.

The 2016 season was only the second time in Edelman’s eight-year career he played in all 16 games in a season. The other time came back in 2013. Going into 2017, the odds are against the 31-year old receiver to play in all 16 games in back-to-back years for the first time in his career. Even if he somehow manages to stay healthy for all 16 games, he’s sure to lose targets and receptions.

Last year Patriots star tight end Rob Gronkowski had a career-low 25 receptions. Gronk was never 100 percent during the 2016 season and only appeared in eight games. Going into 2017,DeAndre Hopkins Jersey he will be back to full strength. Also, the Patriots traded their 2017 first-round pick for Saints wide receiver Brandin Cooks. The former Oregon State Beaver will be the team’s new No.1 wide receiver.

Журнал туралы

«Әлімсақ» журналы – рухани серігіңіз

 Қазақтың ғасырлар қойнауынан тамыр тартқан, әлімсақтан келе жатқан хатқа түскен тарихының, ұлттық болмыс-бітіммен астасқан әдебиеті мен мәдениетінің, тілі мен дінінің, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрінің бірден-бір насихатшысы, Сыр бойының тарихында алғаш рет әдеби-мәдени, тарихи-танымдық бағытта жарық көрген «Әлімсақ» журналының оқырманына жол тартқанына алты жылға жуық уақыт болып қалды. 2009 жылдың сәуір айынан бастап алғашқы нөмірі жарыққа шыққалы бері қазақ әдебиеті мен тарихына қатысты мақалаларды ортаға салып, Сыр өңірінің мәдениеті мен өнерін насихаттап, облысымыздың бүгінгі мәдени, әлеуметтік дамуындағы өзгерістерді ақпараттандыруда журналдың қосып келе жатқан үлесі салмақты.