Бас редактор бағаны

"Әлімсақ" журналының бас редакторы, филология ғылымдарының кандидаты

Нұрлан Көбегенұлы Нұрмаханов

 Бас кеспек болса да...

Журналға тіркелу

Валют бағамы

Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан

Серіктестер

Абырой рухани және азаматтық болмысыңмен қалыптасады

Сәпен Аңсатовты білмейтін қызылордалық жоқтың қасы. Айтатын ойы нық, сөйлейтін сөзі тік келетін азаматпен тілдесе қалсаңыз, терең тұңғиыққа тап боласыз. Онымен әңгіме-дүкен құрғыңыз келсе, дайындықпен баруыңыз керек. Қоғамнан ойып тұрып орын алған, өзін көпке сыйлата білетін арда туған азамат жақында 75 жасқа толды. Әлі ширақ, айтары көп оны (өзі ұната қоймаса да) туған күнімен құттықтай отырып, журнал оқырмандары үшін сұхбатқа шақырдық.

- Сәпен Әбдіқадырұлы, қоғамда да, отба-сында да, сыйлас достар арасында да абыройы биік азаматсыз. Әдемі қартаю деген түсінікке қалай қарайсыз?

 - "Биік" деген мен үшін көтерме сөз. Абыройлы азамат деген атқа лайық болсам да, Аллаға шүкір деймін. Қара есімді сөзі орнықты, Алла сабыр қуатын берген марқұм болған нағашы ағам болған. Асығыстығым, қызбалығым бар. Осы мінезім сезіліп қалса жеңгең Қаншай: "Қара ағайға ұқсап қартайған дұрыс қой", - дейді. Жасы үлкендік те бір сын. Үнемі ел-жұрттың алдындасың. Пікір сұрайды, ой айтуыңа тура келеді. Жақында Астанада "Шалқар" радиосының "Елім менің" бағдарламасы аясында "Қазақ руханиятындағы ақсақалдықтың орны" деген тақырып бойынша Нұрмат Мансұровқа жарты сағаттық сұхбат бердім. "Ақыл-ойыңды тұнық ұстап, алдымдағы жасы үлкендерден не алдым, өмірдің қандай сабақтары болды, өзім кейінгіге не бере аламын?" деген сұрақтан алшақ-таған емеспін. Оқығаннан зердеме түйгендерімді балаларыма, немерелеріме, досыма, жолдасыма, реті келсе көп жиналған отырыстарда, қажеттілік туып жатса айтып жүремін. Зердеңдегі дүниені жиі қайталап айтып жүрсең ұмытылмайды.

 

- Жетпістен асып, қарттыққа қадам басты-ңыз. Бұл - адам ғұмырындағы үлкен белес. Осы уақыт ішінде ұлт үшін қандай игілікті іс жасай алдым деп ойлайсыз?

- Көп жыл еткен еңбегін дәрежелеп: "Партияға, халыққа қызмет еттім" дейтіндер бар. "Ұлт үшін істедім" деп айта алмаймын. Жұмыс істеу керек болды - істедім. Анама, (әкем сегіз жасымда бақилық болған) ініме қарау менің мойнымда болды. Сондықтан Жосалы механикалық зауытына жұмысшы болып орналастым. Он бір жыл токарь, слесарь, фрезеровщик мамандықтарын игеріп, тәртіп бұзбай, социалистік жарыстардың озаты болып, еңбегім еленіп, зауыттың, ауданның құрмет тақта-лары мен құрмет кітаптарына атым жазылып, Жоса-лы поселкелік, Қармақшы аудандық кеңестердің халық депутаты болып сайландым. Жосалы меха-никалық зауытының бастауыш комсомол ұйымы-ның хатшысы, кәсіподақ комитетінің төрағасы, Қы-зылорда облыстық комсомол комитетінің мүшесі болдым. Дипломсыз, онжылдық біліммен зауытта мастер, қатардағы инженер, оннан астам шет мем-лекеттерге өнімдерін жіберетін цех бастығы бол-дым. Инженерлік жоғары білімі бар азаматтар іскерлік таныта алмай (жоспар орындалмай) орнынан алынады, білімсіз, бірақ тәжірибем бар мені тағайын-дайды. Неге екенін өзім білмеймін, жұмысым оңға басып отыратын. Зауыт ұжымы - үлкен мектеп. Кейінгі жылдары мекеме басшылығында бірдеңеге жараған болсам, ол - сол жылдарғы еңбектің, тәжірибенің жемісі.

Ал, ұлт үшін игілікті іс жасау жайлы айтсам. Менің білім дәрежем, рухани деңгейім қажет болған әрбір шараға қатысуым, тек көптің бірі болып қатысу емес, сол шараның ұйымдастырылуына, оған мән мен мазмұн беріп жетекшілік жасағанымда, осыны "ұлт үшін жасап жатырмын немесе ұлт үшін жасадым" деген емеспін. Сырт көз, онда да көпшілік "өткізілген шара ұлт руханияты үшін жасалған игілікті іс болды" деп жатса, солай шығар. Баспасөз беттерінде, телеарналарда, радио эфирінде ой толғақтар мен пікірталастарға қатысамын. Қоғамдағы кейбір проблемаларға байланысты "сол тақырыпты, өзекті мәселені ашып беріңіз" деп, мені шақырады. Шамам келгенінше, оң жамбасыма келіп жатса аянған емеспін.

- Өткен өміріңізге қарап, "әттеген-ай, қолайлы сәттерді қалт жіберіп, ұтылып қалған жоқпын ба?!" деп өкінген сәттеріңіз болды ма?

- Ұтылу мен ұтуға қатысты. Рухани құндылық-тарды игеруде ұтылдым. Кітап оқуға уақытым да, мүмкіндігім де бола тұра жеткілікті көңіл бөлмей, жалқаулыққа бой алдырып алуға тиісті азық боларлық игіліктерді ала алмадым, ал оқыған, көрген, естіген ұлағат мысалдарды жазып жүруді, күнделік жүргізуді ойламаппын. Өкінемін. Материалдық дүниеден, қызметтен еш уақытта, еш нәрседен ұтылған жоқпын. Ойда-жоқта отыз тиындық лотереядан кеңес өкіметі тұсында "Москвич" автокөлігін ұттық. Нарық заманында сегіз пәтерлік көне бір үйді мүліктің арзан кезінде біртіндеп сатып алып, баға шарықтағанда қытай компаниясына 500 мың долларға сатып, Астанадан балаларымды баспаналы еттім, өзім де үйлі болдым. Өзімді жолы болғыштар қатарына қосамын.

- Сәпен аға, ащы да болса шындық сол, өмірде билігім - білімнің жемісі деп биіктен қарап, атақ-дәулетім деп асқақтап кететіндер кездеседі. Адамға атақ-абырой не үшін керек? Өзіңіз атақ, мансапқа мастанбайсыз ба?

- Өзі басқарып отырған мекеменің маңдайшасын-дағы жазуды маңдайыма жазылған деп түсінгендер үшін биік лауазымды қызметтегі атақ пен бедел сол қызмет орнында қалады. Ол азамат қызметтің көлеңкесінде ғана болған. Абыройдың жөні басқа. Абырой рухани және азаматтық болмысыңмен қалыптасады. Өзімді "білімді, қабілетті, биік едім, сол қызметке ана кісіден гөрі мен лайықпын" деген ой менде болған емес. Шикілігі, қабілетсіздігі сезіліп тұрғандарды, "әйтеуір күнін көріп жүргендердің бірі ғой" деп баға беретінім бар. Менде мастанатындай атақ та, мансап та болған емес. Айлығынан тыс түсетін табысы көп (ағаш өңдеу, силикат кірпіш өнді-ретін зауыттар, мұнай өнімдері базасы) қызметтерде болдым. Ақша мені қуып жүрді. Ақшадан құтыла алмайтынмын. Қызметтік көліктерден "фургон Москвич" мінгенмін. Жүргізушінің жанында келе жатып кейде "шіренгендей" болсам, "Астағфиралла" деп, өзімді тез жинап алатынмын. Құдай мені нәпсіқұмарлықтан сақтаған. Алтынға, асыл бұйымға қызықпаймын, жаңадан алынған қымбат киімді киюге асықпаймын. Балаларым маған киім алғысы келсе, "алма, киімім бар" деп, қарсыласып боламын. Бұрынғы, көне киімнің ішінде өзімді еркін сезінемін.

Мастанатын да, мақтанатын да кезім болады. Бойымдағы рухани байлығыммен мақтанамын. 2012 жылдың аяғында Қадыр Мырза Әлінің еске алу кешін жүргіздім. Ол менің арманым болатын. Масаттан-дым. Мақтандым. 2013 жылы шағын ғана "Болмыс" деген кітап жаздым. Оқығандардан көптеген жылы лебіздер естідім, арнайы іздеп келіп кітабымды сұрап алғандар болды. Екі мәрте Қазақстан Респуб-ликасы Парламенті мәжілісінің депутаты болған, ғылым докторы, профессор Мырзакелді Кемелден: "Кітабыңыз тұнып тұрған өнегелі сөздер екен",- деген екі-үш беттік лебіз жазған хатын алдым. Тағы да мақтандым. "Болмыс" кітабымнан алынған мысалдарды "Фейсбуктен" көрдім. Мақтандым. Рухани болмысыңмен мақтанғанның сөкеттігі жоқ шығар. Мұндай мақтансүйгіштік қасиет сон-ау мектептегі кезімнен өзіммен бірге жасасып келеді. Тапсырмаға өлең жаттау берілсе, соны сұрағанша асығатынмын. Айтып беріп, көзге түссем деп тұратынмын.

- Сәке, біз де өмірден түйгендеріңізді қағаз бетіне түсіріп, жарыққа шығарған "Болмыс" атты жаңа кітабыңызды оқып шықтық. Өңірге белгілі атпал азаматтардың өмірдегі болмысын бейнелепсіз. Әдетте, жеке адамның характерін ашуда көркемдік бояуының иін қандыра жазылған шығармаларды жиі оқимыз. Беделі биік азаматтардың болмысын боямасыз бере алдым деп ойлайсыз ба?

-  "Болмыс" атты кітабымда осы заманның адам-дарынан төрт кісіні ғана жаздым, ол кісілер лауазым иелері емес. Олардың өмірдегі шынайы болмыс-тарын жаздым деп ойлаймын. Аздап әсірелеу бар. Он тоғызыншы ғасырда өмір сүрген бабалар болмыстары - ел арасында айтылып, аты аңызға айналған боямасыз кейіпкерлер. Бабалар болмысы - ерлік, батылдық, тапқырлық, ар, ұят, намыс деген ұлы қасиеттерді қастерлеп өткен өнеге.

- Қоғамдағы кейбір келеңсіздіктерді, әсіресе ұрпақ тәрбиесі, ұлтқа қатысты мәселелерді сынға алған мақалаларыңыз баспасөз бетте-рінде жарияланып жатады. Сіздің ойларыңыз-бен жергілікті билік қаншалықты санасады?

- "Айқын", "Жас Алаш", "Қазақ әдебиеті" газеттерінде "Ұлт тәрбиесі ұмыт қалды", "Жан танысақ екен", "Мақтаншақпыз" т.б. мақалалар жаздым. Ақиқатты, қоғамдағы келеңсіздіктерді біз айтпағанда кім айтады?! Жазғандарым биліктің көзіне түсіп жүр ме, ол жағынан хабарсызбын. Биліктің газеттері ондай сыни мақалаларды жарияламайды. Билік деген - асау ат, жалынан сипатпайды. Билікке мақтасаң ғана, жарамсақтансаң ғана жағасың. Сондықтан Қадыр Мырза Әліше айтқанда, "өтіріктің шапаны судай жаңа, ал, шындықтың шекпені шұрық тесік".

- Қазаққа тән қасиет дейміз бе, әйтеуір руға, жерге, жүзге бөлініп, қызыл кеңірдек болып жататынымыз бар кейде. Руға, ұлтқа қатысты мәселелерді ара-жігін таразылап отыратын ақсақалдардың жоқтығынан ба, мұны қалай түсінуге болады? Ақсақал ретіндегі ойыңызды білгіміз келеді.

- "Сарыағашта" дем алып жүргенде жасы сексеннен асқан шығыстың азаматымен әңгіме үстінде жазушы Әнуар Әлімжановтың шығарма-ларын сөз еттім. Әлгі кісі "Әнуар Әлімжанов "Махамбеттің жебесін" неге жазған, ол найман еді ғой", - деді. Мен: "Махамбет қазақтың рухы емес пе!" деп жауап бердім. Қазақта ұлттық намыстан гөрі, рулық намыс басым. Жемқорлық пен рушылдық жылдан жылға өршіп барады. Қоғамның айығуы қиын дерті болып тұр. Екі кеселмен де күрескен болып жатыр. Қаратамыр Дүр Оңғардың жұмбағындағы "Бір дарақ өсе түсер кескен сайын, Бір тесік тарылады тескен сайын" болып тұр. Қазіргі құрылым басқа, бұрынғы ата-баба заманындағы билер институты жоқ, ол қажет те емес. Ақсақалдар, ұлт жанашырлары айтып та, жазып та жүр. Оған құлақ асып жатқан билік жоқ. Ара-жігін ажырату мен таразылау ақсақалдардың санасында, бірақ қолында емес.

- Сәпен Әбдіқадырұлы, екі қоғамды, екі заманды көрдіңіз. Адамды өсіретін, тәрбиелей-тін орта - қоғам екені белгілі. Сол қоғамның тіршілік иесі - әрбір пенденің қоғам алдындағы борышы не деп ойлайсыз? Бүгінгі қоғамға көңіліңіз тола ма?

- Әрбір пенденің борышы - құлқынның құлы болмау, Алланың құлы болуды сағат сайын есінде ұстау ғана емес, ұстанымы болуы міндетті. Өзім, Абайша қайырғанда, "көп айтса көнді, жұрт айтса болдының" адамы емеспін. Әділетсіздікті көргенде үндемей қалуым мүмкін, бірақ жарамсақтанудан өзімді тежеймін. Дарын мен талант басқа, азаматтық бір басқа. Заңғар талант иелері бар, азаматтығы кем. Екіжүзділік - пенденің ең үлкен кемшілігі ғана емес, соры. Орта тәрбиелейді. Орта - сыншы. Адам өзін сырттай бақылай алмайды. Сырт көз қисығыңды көріп тұрады. Осыны ескермей, "кешқұрым көлеңкесін қадамдап" (Тұрмағамбет) өзіне-өзі риза болу, осалдық.

- Өзіңіз айтқандай, орта, сырт көз - сыншы дейтін болсақ, сіз сырт көзге тым талапшыл, қатаң көрінесіз. Кейбір ата-аналар өзім көрген қиыншылықты көрмесін деп балаларын тым еркінсітіп жібереді. Бұл ретте балаларыңызға, немерелеріңізге қалай қарайсыз? Қоғамдағы болмысыңызды немерелеріңіз өзгертіп жібер-мей ме?

- Басшылық қызметте болғанымда талапшылдық пен қаталдық бойымда болған. Жүрегімнің түкпіріндегі жұмсақтық, аяушылық, мейірім жеңіп, қиянатқа бармаушы едім. Балаларым да шолжаңдық, бұзақылық болған емес. Тәртібім қатты болды. Ой-өрістері, ақыл-парасаттары перзенттеріне толымды тәрбие берерлік жағдайда. Олардың кітап оқығандарын талап етемін. "Маған ұқсағандарың жоқ" деп тиісемін. "Мол ақшаны армандама, билікке тым жақындама, орташа күнкөріс жетеді, атақты байлар сол байлықтың құлы екендерін білмейді, олардың уайымы көп, қақпалары мен есіктері көз алдыңа түрмені елестетеді, ұйқылары тыныш емес" деп отырамын. Ал, немерелер тәрбиесі - өздерінің ата-аналарында. Олардың тәрбиесінде менің ықпалым шамалы. Русхал, Несібелі, Гүлжан есімді немерелерім Стамбулда, Алматыда әлем әдебиетімен етене таныс, кітап оқуға ықыласты. Атасының да жазғандарын оқиды, сезінеді, пікірлерін айтады. Атасымен, әжесімен мақтанады, біз де олардың жетістіктерімен мақтанамыз. Әбілмансүр мен Алдияр (тоғыз және жеті жаста) есімді немерелерім, шахмат жарысынан Әлем чемпионаттарына қатысып, жүлде алып жүр. Жеті жасар Алдияр Орта Азия мемлекеттері жарысында екінші орын - күміс медаль алды. Менің болмысымды немерелер өзгерте алған жоқ, өзгерте де алмайды. Ал, тәрбие - өмірлік. Сені ұлың мен қызың да, келінің де тәрбиелейді деп түсінемін. Өткен заманғы үрдісіңе тартып бара жатсаң, "Әке, мынаның реті олай емес" десе келісесің, келініңнің де бойынан бір әдемі әдепті іс көрсең, ол да қажетіңе жарар өнеге. Ерлі-зайыптылар бір-бірін өмір бойы түзетіп, данышпан ақын Қадыр айтқандай, "Өзің әйеліңе, әйелің саған жартылай ұқсап", пайғамбар жасына жеткенде бір адам болып шыға келгеніңді байқамай да қаласың.

- Емен-жарқын әңгімеңізге рахмет.

Сұхбат құрған

Нұрлан КӨБЕГЕНҰЛЫ

Пікір қалдыру


Қорғаныс саны
Жаңарту

Іздеу

Сауалнама

Бүгінде журналистерге қай сала мамандарынан ақпарат алу қиын?

Медицина - 57.1%
Прокуратура - 0%
Сот - 0%
Департаменттер - 14.3%
Облыстық басқармалар - 28.6%

Дауыс саны: 7
The voting for this poll has ended on: 29 Шіл 2017 - 00:00

Жоба туралы

Сыр өңірінің тумасы, қайсар қаламгер, ақын Зейнолла Шүкіровтің рухына арналған «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты облыстық жас ақындар мүшәйрасы өтті.

 «Руханиятты жаңғырту» қоғамдық қоры мен республикалық әдеби-мәдени, тарихи-танымдық «Әлімсақ» журналы Зейнолла Шүкіровтің рухына арнап биыл төртінші рет дәстүрлі «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты талантты жас ақындар мүшәйрасын ұйымдастырды. Биылғы жылдың жеңімпазы - М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжінің студенті Нәбира Ешниязова.

 

 

Редакцияға хат

Email:
Тақырып:
Текст:

Әлеуметтік желілер

Күнтізбе

<< < Желтоқсан 2015 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 26 27
28 29 30 31      

As we continue our list of fantasy football”s top 101 PPR players of 2017 we have three players who have recently finished in the top-15 at their positions.

In fantasy football there will always be players who have an unexpected drop or rise from one year to the next. One player on today’s list was a top-six wide receiver in 2015. The next year,Vince Wilfork Jersey he wasn’t even a top-20 wide receiver.

The same can be said about a running back on today’s list who was a top-five running back in 2015. Last year, he wasn’t even a top-18 running back. Who are these players and what should we expect from them in 2017?

To be clear,J.J. Watt Jersey the top 101 PPR players are for re-draft leagues only. Here’s a look at players ranked No. 38-36:

Last season Patriots wide receiver Julian Edelman finished fourth in the NFL in receptions with 98. He also set a career-high in receiving yards with 1,106. In the end,Brian Cushing Jersey Edelman finished 2016 as the 15th PPR wide receiver. Unfortunately for Edelman, I see a regression coming his way in 2017.

The 2016 season was only the second time in Edelman’s eight-year career he played in all 16 games in a season. The other time came back in 2013. Going into 2017, the odds are against the 31-year old receiver to play in all 16 games in back-to-back years for the first time in his career. Even if he somehow manages to stay healthy for all 16 games, he’s sure to lose targets and receptions.

Last year Patriots star tight end Rob Gronkowski had a career-low 25 receptions. Gronk was never 100 percent during the 2016 season and only appeared in eight games. Going into 2017,DeAndre Hopkins Jersey he will be back to full strength. Also, the Patriots traded their 2017 first-round pick for Saints wide receiver Brandin Cooks. The former Oregon State Beaver will be the team’s new No.1 wide receiver.

Журнал туралы

«Әлімсақ» журналы – рухани серігіңіз

 Қазақтың ғасырлар қойнауынан тамыр тартқан, әлімсақтан келе жатқан хатқа түскен тарихының, ұлттық болмыс-бітіммен астасқан әдебиеті мен мәдениетінің, тілі мен дінінің, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрінің бірден-бір насихатшысы, Сыр бойының тарихында алғаш рет әдеби-мәдени, тарихи-танымдық бағытта жарық көрген «Әлімсақ» журналының оқырманына жол тартқанына алты жылға жуық уақыт болып қалды. 2009 жылдың сәуір айынан бастап алғашқы нөмірі жарыққа шыққалы бері қазақ әдебиеті мен тарихына қатысты мақалаларды ортаға салып, Сыр өңірінің мәдениеті мен өнерін насихаттап, облысымыздың бүгінгі мәдени, әлеуметтік дамуындағы өзгерістерді ақпараттандыруда журналдың қосып келе жатқан үлесі салмақты.