Бас редактор бағаны

"Әлімсақ" журналының бас редакторы, филология ғылымдарының кандидаты

Нұрлан Көбегенұлы Нұрмаханов

 Бас кеспек болса да...

Журналға тіркелу

Валют бағамы

Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан

Серіктестер

«Қазақ елінің қуанышы үшін неге жырламаймын?!»

 

Күш атасы - жыққанда,

Сөз иесі - ұққанда.

Қолыңа алсаң домбыра,

Халықты бей-жай қалдырма, - деп келетін Нұртуған Кенжеғұлұлының "Жырауларға өсиет" атты жырын жастайынан жадына жаттап өскен Эльмира Жаңабергенова шайырдың сөзіне шаң жуытпай, өнегелі өсиетіне адал боп, қазақтың төл өнерін қызғыштай қорғаған күйі ұрпақ санасына жеткізуде үлкен еңбек сіңіріп келеді. Халықтың сүйіктісіне айналып, Елмұра есімін иеленген Эльмира Манасқызының Мемлекеттік Күзет қызметі Президент оркестрінде жетекші солист болып қызмет атқарғанына 20 жылдай уақыт болды. Бүгінде Қазақ Ұлттық өнер университе-тінің аға оқытушысы, өнертану ғылымының кан-дидаты, жыраулық өнердің заңды мұрагері. Қазақ-стан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері.

Елмұраны жақында Сыр еліне келген сапарында жолықтырдық. 27 жыл бойы қазақтың төл өнерін алыс-жақын шетелге танытып, ұлттық қасиеті-мізді ұлықтап жүрген ол 25 желтоқсанда жеке шығармашылық концертін Астананың төрінде бермекші екен. Әлімсақтан бергі қарайғы ұлттық өнеріміз бен мәдениетімізді насихаттауды мақсат тұтқан журналдың оқырмандары үшін Эльмира Жаңабергенованы қуанышымен бөлісіп, сұхбат құрғанды жөн санадық.

- Елмұра Манасқызы, Сырдың құнарлы топырағында дүниеге келгеніңізді білеміз. Ауылдан Астанаға дейінгі аралықта төгілген тердің нәтижесін жеткен жетістіктеріңіз арқылы көріп отырмыз. Төл өнерге құштарлығыңыз тектен келген қасиет пе әлде өнерге жетелеген ұстаздарыңыз мықты болды ма?

- Рас, кішкентайымнан Аралдың қасиетті топырағымда өстім. 70-жылдары теңіз тартыла бастаса, сол ұлы теңіз жоғала бастаған жылдары қарапайым отбасында дүниеге келіппін. Қарапайым десем де, әке-шешем елде сый-құрметі бар кісілер болған.

Тек деп текке қозғап отырған жоқсыз. Сыр бойында, Қыр Шектісінде өте бай, Қыдыр көрген, әулет деп құрметтеген Қоспамбет, Еспембет, Бодай деген аталарымыз болған. Қоспамбет атама ерекше дәулет қонған, елге жақсылығы тиген, жетім-жесірлерге торыққанда көмек беріп, маңдайынан сипаған. Кемпірі Алтын әжеміз өлең шығарған, ән айтқан. Еспембет атамыз жыр айтқан. Біз Қоспамбеттен тараймыз. Қоспамбеттен Жаңаберген, одан менің әкем Манас туылады. Арғы тегімізде жыраулық болған.

Анам халық әндерін көп айтатын, бала кезімнен әнге құмар болып өстім. Дауысы құлаққа жағымды, ашық үнді еді. Бірақ тұрмыс құрған соң ән салмай, бала басты болып, әкеме қарады. Әкем Аралда мал дәрігері еді.

Нағашы жұртымда Әбу атам ақын Зейнолла Шүкіровтің әкесі Әнәпия ақсақалмен жақын дос болып, таң атқанша "Қарасай-Қази" мен "Орақ-Мамай" жырларын жырлайды екен. Нағашы әжем керемет әнші еді. "Қараторғай" әнін әдемі айтатын.

- Бала кезіңізден өнерге қызығушылығыңыз оянған екен ғой...

- Аралда №13 мектепте оқыдым. 3 сыныпта оқып жүрген кезімде домбыраны көрші апамыз Аққатша Құрмановадан үйренген едім. Бірде сыныпта ән салғанымда математикадан дәріс беретін Алданыш ағайым Мәдениет үйіне ертіп апарды. Марқұм Сұраған, Рысбек, Бекұзақ ағаларым бар. Арасында Оңталап Нұрмаханов болды. Ол кезде директор Құдайберген Жасекенов еді.

- Болашақ дарын иесін алып келдім сендерге, ал, кәне, қайсыларың ұстаз боласыңдар? - дегенде, бәрі таласқаны есімде. Бір кезде Рысбек ағам: "Мен шәкірт етейінші" деп қалап алды. Кішкентай кезімнен, 3-сыныптан туған жерім аралдық ақын-жыраулармен бірге жүріп, көптеген терме-толғаулар үйрендім.

Бірде қызық оқиға болды. 8-сыныпта оқимын. Концертке шығуға көйлегім көне болды. Сонда Оңталап, Бекұзақ, Рысбек, Мирон, Бағдат, Сұраған ағаларым дүкенге ертіп келіп, "таңдап көйлек ал" деді. Мен өзімше таңдаған көйлегіммен концертте ән салдым. Сөйтсем, әлгі ағаларым алып берген көйлек ұзатылатын қыздың той көйлегі екен. Әлі күнге дейін есімізге алып күлеміз.  Әрине, мен елімде еркелеп өстім.

Оқушы кезімнен үлкен концерттерге қатысып жүрдім, теледидарға түстім, газет-журналға шығып, атым таныла бастады. Әлі есімде, бірінші жүлдем Жаңаберген жырау атындағы жүлде болды.

- Сонымен мектеп бітіргенде өнерді қаладыңыз...

- Қызық болғанда, өнерді емес, заңгер болам деп дайындалдым. Бірақ музыка мектебін қатар оқыдым. Кітап оқығанды жақсы көретінмін. Дастандарды әсерленіп оқимын. Бар ынта-шынтаммен беріліп, күлетін жерінде күліп, қайғылы тұсында жылайды екенмін. Ән айтқанда жүрегімді салып айтамын. Бірақ таңдаған мамандығым заңгер болу еді.

Бір күні мектеп директоры Талас Шүкіров шақырып алып: "Биыл бітіресің, қайда барасың?" деп сұрады. Мен жөнімді айтып едім, "Юрфакта нең бар, сен музыканы таңда, талантың бір басыңа жетеді, консерваторияға бар",- деді. Үйге келсем, ата-анам менің оқуым туралы әңгімелесіп жатыр екен. Алматыға баратынымды айттым. Қарсылық білдірген жоқ. Жолым болып, 1988 жылы консерваторияның ән бөліміне оқуға түстім. 1994 жылы бітіріп шықтым.

Студент кезімнен үлкен сахналардан көріндім. Роза Бағланова, Бибігүл Төлегенова, Роза Рымбаева, Мәдина Ералиевалармен сахнада жүрдім.

Нұртуғанның "Кәнекей, сөйле, қызыл тіл" деген термені алғаш тыңдаған Роза Қуанышқызының: "Мен жырауды бірінші рет тыңдап отырмын. Жыршылық өнер ғажап екен. Мен дұрыс емес айтып жүрген екенмін, енді айтпаймын" дегені бар.

- Оның өзі сізді кәсіби әнші әрі мықты орындаушы ретінде мойындағандық емес пе? Дегенмен сол әншілердің өздері "дәстүрлі әнші, эстрада әншісі" деп бөлініп жатады. Сіздіңше осылайша бөлектенудің қажеті бар ма?

- Жалпы, өнер өз алдына түрлі жанрларға бөлінеді. Ал, эстрадалық жанр - ол қоғамның дамуына қарай дамып, өзгеріп отыратын жанр. Уақыт талабына жұмыс жасайды. Ал, біз айтып отырған дәстүрлі ән-жырымызды қазақтың кәсіби ұлттық төл өнері деп атау керек. Ұлттық өнердің қасқайған қара нары десек те болады. Ертеден келе жатқан тарихымыздың тамырын сусындатып, өз ана тіліміз бен тегімізді жөндеуге жұмыс жасайтын, тозбайтын, жаңарып, жасара түсетін текті өнер. Оны кез келген адам орындай алмайды. Америкада концерт беріп жатқанда бір бойжеткен қыз: "Қазақ болып тумағаныма өкінемін"- деп, жылап жіберген-ді. Сол кезде әлемдік музыкатанушы ғалым Алма Құнанбаева себебін сұрағанда, ол: "Егер мен қазақ болып туғанымда, осы жырларды айтып жүрер едім!" - деп әсерленіп еді. Расында, Еуропаның опералық әндерін кез келген ұлттың әншілері айтып жүр, ал қазақтың кәсіби өнерін басқа халық дәл солай орындай алмайды. Жаттап алып айтқанымен, әсерін бере алмайды. Кәсіби төл өнеріміздің құдіреттілігі сонда.

- Бүгінде телешоулар, конкурстар қаптап кетті. Ол өнерді өсіретін, шынайы дүниелер деп есептейсіз бе? Сіздің көзқарасыңызды білсек.

- Бірен-сараңы болмаса, көбіне өнер адамдары таза болады. Шын талантты адам талантты таниды. Жастар үшін конкурстардың да, шоулардың да өткені дұрыс. Тек бір жайтты айтқым келеді. Қазылықта өнердің өн бойын танитын, жөн сөз айта алатындар отыра бермейді. Шынайылық та, тазалық та осыдан келіп шығады. Өзін, сөйлейтін сөзін, білімін, деңгейін, мәдениетін дайындап барып келу керек.

Мен өнерге адал еңбекпен, маңдай термен, үлкен ізденіспен келдім. Сондықтан әр тыңдарманымның алдында жүзім жарқын. Сұмдық композитормын, мықты ақынмын деп айта алмаймын. Бірақ мазалаған кезде термелер, әндер жазып тұрамын. Шығармала-рымның өзегі өз өмірімнен, тағдырымнан алынған. Өз әндерімді өзім орындаймын.

- Әр орындаушының орындау стилімен қатар сахнадағы ерекшелігі байқалады. Сіз сахнаға шыққанда қандай күйге бөленесіз, тыңдарманды қалай баурап аласыз? Өзімнің әсерімді айтар болсам, бойыма қуат бітіп, делебем қозып кетеді...

- Расында, тыңдармандарым "сен өлең айтып жат-қанда, денеміз тітіркеніп, бір түрлі күй кешеміз" деп жа-тады. Мен сахнаға шығатын кезде денем дірілдеп, тұла бойым мұздап кетеді, өзімнен-өзім қобалжимын. Сах-наға шығып, халықты көрген кезде сап тыйылады. Әнімді, жырымды шабыттана, рахаттана орындап шыға-мын. Өнердің киелілігі осында жатыр деп ойлаймын.

- Сіздің өміріңізде Набат Ойнарованың қаншалықты орны бар? Өнердегі жетістіктеріңізді Набатпен байланыстыратындарға не айтасыз?

- Консерваторияға оқуға түскенде Жәнібек Кәрменовте 6 ай оқыдым. Алмас Алматовта 1 жыл оқыдым. Келесі жылы Набат Ойнарова келді. Оған дейін ол кісіні естігенім болмаса, білмейді екенмін. Ел мені "Набаттан кейін шыққан қыз" деп қабылдады. Бірде Набат апаймен тойда кездесіп қалдым. Ол кезде жасым он сегізде. "Консерваторияда оқып жүргеніңді естіп, осы оқу орнына сені алу үшін келдім. Сені жақсы көріп қалдым. Ректордан сұрап аламын, маған кел",- деді. Апайдың консерваторияға алынған кезі болатын. Ертеңіне жиналыс болып, Набат апамызға ауыстым. Осылайша Набат Ойнаровада бір жарым жыл оқыдым. Кейін Жанпейісова Сәуле апамызда 2 жыл оқып, консерваторияны бітірдім.

Набат - Сыр бойындағы жыршы қыздардың ішіндегі шоқтығы биік, керемет орындаушы. Домбырадағы жүйріктігі ешкімді қайталамайды. Ғалым ретінде осындай баға беремін. Набат Ойнаровамен байланыс осы уақыт аралығында ғана болды. Одан кейін қарым-қатынасым болған жоқ. Бірақ өнердегі еліктеген аға-апаларымның қатарына кіргіземін, апа деп сыйлаймын.

-Кешегі өткен жырауларға қойылған міндет белгілі. Ал, бүгінгі бейбіт күннің жыршы-жыраулары қандай болуы керек?

- Елдігімізді сақтап қалуда жылағанды жұбатып, халқына қамқор бола білуі керек. Ұрпаққа қызмет жасауы тиіс. Біз тарихи жырлар, дастандар арқылы тарихты қопарып айтамыз, өмірден өткен талай тарихи тұлғаларды тірілтеміз. Сөйте отырып, өн бойымыздан сол қасиеттерді шығаруымыз керек. Бізге қарап, тыңдарман тәлім-тәрбие алуы қажет. Сөйлеген сөзіміз, істеген ісіміз, жүрген жүрісіміз - барлығына айтып отырғанымыз сәйкес келуі керек. Егер сондай келелі сөзді айтып отырып, жағымсыз істермен айналысып жүрсе, адами тұрғыда жырау деген сөзді кірлетудің қажеті жоқ.

- Қазір Астананың тұрғынысыз. Дамудың жаңаша бағытына бет бұрған Астананың ұлттық өнерді дамытуға деген көзқарасы қалай?

- Көңіл бөлінеді. Бірақ халықты жинау қиын болып тұр. Өткенде бір конкурста қазылар алқасы құрамында болғанмын. Көрермен жоқ. "Жас қанат" конкурсы болсын, айтыс болсын, адам лық толады, ал кәсіби өнерге көпшілік бас сұға қоймайды. Сондықтан адам жинап, төл өнерімізді тыңдауға үйрету керек.

- Сіздің 1988 жылдан бері қазақ өнерін биікке көтеріп жүргеніңізді білеміз. Қарап отырсақ, сахнадағы ғұмырыңызға 27 жыл болыпты. Осы уақыт ішінде тыңдармандарыңыздың алдында жеке концертіңізді бердіңіз бе?

- 2003 жылы Астанада Конгресс холлда өзімнің күшіммен шағын концерт бергенмін. Жыр кешім "Тыңдашы, халқым, жырымды" деп аталды. Тыңдармандарым жақсы қабылдады.

- "Әр әншінің өз дәурені бар. Дәстүрлі өнерден ерен салтанатты концерт қойғым келеді", - депсіз бір сұхбатыңызда. Соның сәті қашан туып тұр?

- Жылдың аяғында, 25 желтоқсанда Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаевтың ұсынысымен Астанада "Аралым - айдын шалқарым" атты шығармашылық кешімді өткізбекпін. Кеш Кіші Аралым толып, бекіре мен қаяздардың, шаңқылдаған ақ шағалалардың қайта оралып, туған жерімнің қайта түлеген қуанышымен үндеседі. Шынын айтқанда, Кіші Аралдың толуы - әр кезде халық қамын ойлайтын Елбасының арманы. Кезінде қаншама халықты ашаршылықтан аман-есен алып қалған теңіздің ұлтаны қайта толғанын, жергілікті тұрғындардың қуанышын көру сыртта тілекші болып жүрген аралдықтар үшін, барша қазақтар үшін бақыт. Қазақ елінің осындай қуанышы үшін неге жырламаймын?! Сол қуанышты күні күміс көмейімдегі әуенім бұрынғыдан да шарықтай-тынына сенемін. Қазақ халқына және Сыр еліне, туған жеріме, Қызылордама, Аралыма басымды мың мәрте иемін. Мені лайықты деп тауып жатқанына ризашы-лығымды білдіремін. Қазір үлкен дайындық үстіндемін, қызу жұмыс жасап жатырмын.

Кеште өзімнің шығармаларым орындалады. Президент оркестрінің ұжымы қатысады. Шетелден келетін қонақтар болады: Ноғай елінен, Түркиядан, Қырғызстаннан әнші-жыршылар келеді. Өнердегі әріптестерім, өзімнің шәкірттерім өнерін көрсетеді. Перзенттерім - қыздарым да сахнаға шығуға дайын.

- Қыздарыңыз туралы айтатын кез келді енді.

- Екі қызым бар. Үлкен қызым Салтанат қобыз, жетіген, сазсырнайда - музыкалық аспаптың барлы-ғында ойнайды. Кіші қызым Сандуғаш домбырамен ән айтады. Менің бүкіл мақамымды жатқа біледі.

Қыздарым бой жетті. Маған еркін жүріп, көпке өнерімді көрсетуге рұқсат берді. Қазір өнер адамдарымен араласып, жұмыс жасауға көштім.

- Елмұра Манасқызы, сұхбатымыздың соңында "Әлімсақ" журналына тілегіңізді арнасаңыз.

- "Әлімсақ" журналын өзінің жеке сайтынан көретінім бар еді. Бүгін, міне, журнал оқырмандары алдында сұхбат беріп отырмын. Еңбектеріңіз жемісті боп, оқырмандарыңыз сүйсініп оқитын басылымға айнала берсін.

Тәуелсіздігімізді сақтап, ұрпаққа аманаттау - біздің міндетіміз болуы тиіс. Әрқайсысымыз білетінімізді айтуымыз, жазуымыз керек, зиялы қауым боп үйретуіміз қажет. Сіздердің де қазақ үшін жан жүректеріңізбен жасап жатқан жұмыстарыңызға сәттілік тілеймін.

- Шынайы әңгімеңізге рахмет!

Сұхбаттасқан

Нұрлан КӨБЕГЕНҰЛЫ

Пікір қалдыру


Қорғаныс саны
Жаңарту

Іздеу

Сауалнама

Бүгінде журналистерге қай сала мамандарынан ақпарат алу қиын?

Медицина - 57.1%
Прокуратура - 0%
Сот - 0%
Департаменттер - 14.3%
Облыстық басқармалар - 28.6%

Дауыс саны: 7
The voting for this poll has ended on: 29 Шіл 2017 - 00:00

Жоба туралы

Сыр өңірінің тумасы, қайсар қаламгер, ақын Зейнолла Шүкіровтің рухына арналған «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты облыстық жас ақындар мүшәйрасы өтті.

 «Руханиятты жаңғырту» қоғамдық қоры мен республикалық әдеби-мәдени, тарихи-танымдық «Әлімсақ» журналы Зейнолла Шүкіровтің рухына арнап биыл төртінші рет дәстүрлі «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты талантты жас ақындар мүшәйрасын ұйымдастырды. Биылғы жылдың жеңімпазы - М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжінің студенті Нәбира Ешниязова.

 

 

Редакцияға хат

Email:
Тақырып:
Текст:

Әлеуметтік желілер

Күнтізбе

<< < Желтоқсан 2015 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

As we continue our list of fantasy football”s top 101 PPR players of 2017 we have three players who have recently finished in the top-15 at their positions.

In fantasy football there will always be players who have an unexpected drop or rise from one year to the next. One player on today’s list was a top-six wide receiver in 2015. The next year,Vince Wilfork Jersey he wasn’t even a top-20 wide receiver.

The same can be said about a running back on today’s list who was a top-five running back in 2015. Last year, he wasn’t even a top-18 running back. Who are these players and what should we expect from them in 2017?

To be clear,J.J. Watt Jersey the top 101 PPR players are for re-draft leagues only. Here’s a look at players ranked No. 38-36:

Last season Patriots wide receiver Julian Edelman finished fourth in the NFL in receptions with 98. He also set a career-high in receiving yards with 1,106. In the end,Brian Cushing Jersey Edelman finished 2016 as the 15th PPR wide receiver. Unfortunately for Edelman, I see a regression coming his way in 2017.

The 2016 season was only the second time in Edelman’s eight-year career he played in all 16 games in a season. The other time came back in 2013. Going into 2017, the odds are against the 31-year old receiver to play in all 16 games in back-to-back years for the first time in his career. Even if he somehow manages to stay healthy for all 16 games, he’s sure to lose targets and receptions.

Last year Patriots star tight end Rob Gronkowski had a career-low 25 receptions. Gronk was never 100 percent during the 2016 season and only appeared in eight games. Going into 2017,DeAndre Hopkins Jersey he will be back to full strength. Also, the Patriots traded their 2017 first-round pick for Saints wide receiver Brandin Cooks. The former Oregon State Beaver will be the team’s new No.1 wide receiver.

Журнал туралы

«Әлімсақ» журналы – рухани серігіңіз

 Қазақтың ғасырлар қойнауынан тамыр тартқан, әлімсақтан келе жатқан хатқа түскен тарихының, ұлттық болмыс-бітіммен астасқан әдебиеті мен мәдениетінің, тілі мен дінінің, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрінің бірден-бір насихатшысы, Сыр бойының тарихында алғаш рет әдеби-мәдени, тарихи-танымдық бағытта жарық көрген «Әлімсақ» журналының оқырманына жол тартқанына алты жылға жуық уақыт болып қалды. 2009 жылдың сәуір айынан бастап алғашқы нөмірі жарыққа шыққалы бері қазақ әдебиеті мен тарихына қатысты мақалаларды ортаға салып, Сыр өңірінің мәдениеті мен өнерін насихаттап, облысымыздың бүгінгі мәдени, әлеуметтік дамуындағы өзгерістерді ақпараттандыруда журналдың қосып келе жатқан үлесі салмақты.