Бас редактор бағаны

"Әлімсақ" журналының бас редакторы, филология ғылымдарының кандидаты

Нұрлан Көбегенұлы Нұрмаханов

 Бас кеспек болса да...

Журналға тіркелу

Валют бағамы

Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан

Серіктестер

Қасиет иесі

 

Тарихтың талай сырын қойнына жасырып сылаңдап аққан сұлу Сырдың  сағасында дөңгелеген дүниені дүбірлете өмірден озған данышпан даналарымыз қаншама? Кәрі тарихтың көзіндей болып Қорқыт жатыр. Кеудесінің есігі бар, құлағының тесігі бар зерделі жанға қарт қобыздың сырлы сарыны әлі де болса еміс-еміс естіліп жататындай. Киелі топырақта туып, Сырдың суын ішіп өскен жанға Тәңірден таңылған ерекше қасиет бар сияқты. Көмейіне күміс қоңырау таққан жырау-жыршылар, саусағының "сиқыры" бар абыз-күйшілер, от ауызды орақ тілді шешен-көсемдер бұл аймақта аз болмаған. Құралайды көзге атқан мергендер, қылышын тасқа жаныған ерлер, қан шеңгелдеп туған хас батырларымыз ше? Алланың хақ жолын ұстаған, адалдықтың ақ туын көтерген, кереметімен ел-жұртына пана болған әулиелеріміз қаншама? Елім деп еңіреп өткен ерлердің адалдығының айғағы болар, ел есінде сақталған әулие, батыр бабалардың басына түнеп, зиярат етушілердің легі күні бүгінге дейін толастар емес. Сыр бойында "Аллалап" туған арыстарымыз әулиелігімен кереметін көрсетіп, халықты бірлік пен имандылыққа шақырып, дін мәдениетін насихаттап, ақ дін - ислам дінін уағыздап, ерекше құрметке ие болған. Ислам діні етек жайып өркендеген уақытта елде тыныштық пен бейбітшілік орнаған. Өнер мен білім, сәулет пен құрылыс жалпы ғылымның барлық салалары күрт өсіп, дамып отырған. Мешіт пен медреселер салынып, елде жаппай сауат ашу мәселесі қолға алынған. Бұған дәлел, Сыр сүлейі Керейт Даңмұрын Кенжебекұлының "Ахундарға" арнаған толғауында:

... Дұғагөйлер ел ішінде барында,

Ғылым өсіп, әм береке тұр еді.

Хазіретлер бұл өмірден өткен соң,

Тадид арнап, хадимнің жайы жүдеді.

Сыр сүлейлерінің, Сыр бойы ақын-жырауларының өлең-толғау, жыр-дастандарының бәрінде исламның "иісі" аңқып тұрады. Діни уағызбен өлең жазу үшін де сауаттылық пен үлкен білім қажет. Демек, ол кездегі көзі ашық, көкірегі ояу сауаты бардың барлығы да медреседен дәріс алған. Барлық ілім мен білімнің, әлемнің жұмбақ сырларының шешуі құранда екені, ал оны танып-білудің, оқып-үйренудің бірден-бір жолы медресе болғаны белгілі. "Кел, кел" деп қонағын төріне шығарған, "Ал, ал" деп алдына барын қойған аңқылдаған ақ көңілді қазақ халқына Алланың нұры жауса керек.

Ақырзаманда жұмаққа бірнеше жерден есік ашылады-мыс. Міне, сол есіктің бірі киелі Сыр бойынан, Марал баба жатқан қорымнан ашылады деген ел аузында аңыздар бар. Қостанай өлкесінде өмірге келіп, тәңір жазған тағдырын Сыр бойында тауысқан Марал бабаның дүние есігін ашуы да тарихи оқиғалармен тығыз байланысты. ХVІІІ ғасырдың орта шенінде қалмақтар тұтқиылдан шабуыл жасап, қазақ әскерін талқандап, Абылайханды қолға түсіргені тарихтан белгілі. "Беделді ханмен ынтымақта болсам, ертеңгі күнім жаман болмас" деген оймен Қалдан-Серен Абылайды тұтқыннан босатып, түйеге тең-тең дүние тиеткізіп, сый-сияпатпен қоса қазақ әйелінен туған екі қызын да Абылайдың көшіне ертіп жібереді. Қос қыздың анасы Абылайға келіп: "Қарағым, үлкен қызымнан батыр туады, кіші қызымнан елге әйгілі әулие туады. Кіші қызымды намазы бүтін, иманы түзу кісіге қосарсың" депті. "Оны қайдан білдің?" деген Абылайға жат жерде жүрген бейбақ ана: "Үлкен қызым түзге отырғанда, дәреті жерді тесе жаздайды, кіші қызым үнемі дәретін көміп, көрсетпей жүреді" деген екен. Абылай да аманатқа қиянат жасамай, батыр туатын қызды өзіне жар етіп, кіші қызды сарай емшісі Құрманға қосқан екен. Үш жүзге әйгілі әулиенің дүниеге келмей тұрып, халқына аян болғаны тарихта осылай баяндалған.

Марал бабаның өмірі орыс отаршылдығының күшейген кезімен тұспа-тұс келеді. Кенесары елден қол жинап жүріп, "жасақтардың жігерін жани түссін" деп, Марал ишанды шақыртса керек. Әйгілі әулие мешіт-медреселеріне қамалмай, қару асынып, Кенесары қолының идеологиялық көсемі болып, әскерді өзінің кереметімен желеп-жебеп жүреді. Бірнеше жылдар бойы сарбаздармен бірге болып, Кенесарының кейбір әрекеттеріне қамығып жүрген Марал бабаға тентек төре Наурызбай да күмәнмен қарап, мазасын алып сыйлауды қояды. Осындай жағдайлардың әсерінен Марал баба бір күнде ат құйрығын кесіп, ат басын Сыр бойына бұрады. Әулиенің назасына қалған Кенесары жасағының да, өзінің де кейінгі жағдайы тарихқа аян. "Жазмыштан озмыш жоқ" деген ғой, бірақ кім білсін? Кенесарының қасында Марал баба болғанда бүгінгі тарих басқаша жазылар ма еді...

Сыр бойына қоныстанған Марал баба мешіт-медреселер салып, елді жаппай сауаттандыруға кіріседі. Ауру-сырқауларға да қасиетті құран дұғаларымен шипа жасап, аш-жалаңаш, жетім-жесірлерге де пана болады. Бұл жайында әулие бабаның куәсіндей Қармақшы жұртының жадында күні бүгінге дейін жеткен небір керемет, аңызға бергісіз әңгімелер сақталған. Осындай әңгімелер мен әулие кереметтерін ел аузынан жинап, басын құрап "Ислам және Марал баба" атты еңбекті жарыққа шығарып, халыққа ұсынған Нұртай Сәденұлына Алла разы болғай демекпіз.

Марал ишанның әулиелігі өзімен бірге кетпей, ұрпағына дарыған аз ғана шоғыр - Құдайдың сүйген құлдарының бірі. Баба кіндігінен бірнеше ондаған ишан, молда, мақсымдар тарап, ел игілігіне барлық қасиеті мен күш-жігерін аямаған. Үлкен ұлы Қалмұхаммед "қасымда қалқайып жүрсін" деген әулиенің сөзінен кейін Қалқай атанып кетеді. Қалқайды кішкентайынан оқуға баулиды. Әлемнің ең мықты медреселерінде жиырма бес жыл оқып келген Қалқай ишан бойындағы бар қасиетін іркіп ұстап әке жолын кесе өтпейді. Әкесімен жағаласып әулиелік ұстамайды. Қалқай өмірден өтерде балаларын жинап, "Мен өлгенде не істейсіңдер?" депті. Сонда балалары: "Сен өлсең, Марал атамыздан да биік, зәулім мазар саламыз" деген екен. Осы сөзден секем алған Қалқай ишан балаларын ертіп келіп, Марал баба жатқан қорымдағы ең төмен сайды белгілеп: "Мені осы жерге қойыңдар, күмбезімді Марал әкемізден биік етпеңдер, үстіме ешкім кірмесін" деп қатаң ескерткен. Қалқайдың барлық өсиетін орындаған балалары мазарының күмбезін Марал бабадан бір құлаштай биіктетіп жіберген екен. Құдайдың құдіретімен әлгі күмбездің бір құлаш биік жері ғана опырылып ортасына түседі. Бұзылған жерді жөндесе қайта құлайды, бұл жағдай бірнеше рет қайталанады. Міне, Қалқай ишан жалғанда да, бақида да ата сыйлаудың, әкені қадірлеудің ең керемет көркем үлгісін көрсетіп тұрған жоқ па?

Өзбек деген лақап атымен елге танылған Ерболат қажы, Мұрат қажы, Қазыбек қажы, Алтынбек, Қайрат, Қадір, Ералы достарыммен Марал бабаға зияратқа жиі барып тұратынбыз. Сонда көріп куә болған әулиенің кереметтері тіптен қызық. Дегенмен көңілді түртер түйткілдер де аз емес. Қайбір жылдары Өзбек еліне, Ташкент, Самарқанға барып, әулие-әнбиелерімізге зиярат жасап қайтқаным бар. Ала шапанды ағайындарға сонда риза болғанмын, әулиені құрметтеуі, қорымды күтуі тым ерекше ғой, шіркін. Іштей бір ренжіңкіреп, бір қуандым. Жалаңтөс, Төле би, Сырым батыр сынды көптеген бабаларымызға туған жердің топырағы бұйырмағанына сәл күрсінсем, өз елімізде елеусіз, қадірсіз жатқаннан өзге елде үлкен құрметке ие болып тұрғаны да дұрыс шығар деп түйгенмін. Әттең, өз әулиелерімізді өзбектердей құрметтеп, қадірдей алсақ қой...

Биыл Марал бабаның туғанына 235 жыл толады екен. "Өлі риза болмай тірі байымайды" деген емес пе? Бүкіл ел болып үндемей қала беру елдігімізге сын. Осы күнге дейін бойымыздан қалмай келе жатқан енжарлығымыз бен немқұрайлығымыз асылдарымыздың көзден таса, көңілден шет қала беруіне үлкен себеп болуда. "Дін жоқ жерде дым жоқ" деген ел емеспіз бе? Ендеше, қадірлі ағайын, бар өмірін елінің амандығы үшін Аллаға мінәжәт етумен өткізген әулие Марал бабамыздың мерейтойы атаусыз қалмаса екен деп, ел ағалары мен зиялы қауымға ой саламын.

Төлепберген ТОҚЖАНОВ,

Алматы қаласы

Пікір қалдыру


Қорғаныс саны
Жаңарту

Іздеу

Сауалнама

Бүгінде журналистерге қай сала мамандарынан ақпарат алу қиын?

Медицина - 57.1%
Прокуратура - 0%
Сот - 0%
Департаменттер - 14.3%
Облыстық басқармалар - 28.6%

Дауыс саны: 7
The voting for this poll has ended on: 29 Шіл 2017 - 00:00

Жоба туралы

Сыр өңірінің тумасы, қайсар қаламгер, ақын Зейнолла Шүкіровтің рухына арналған «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты облыстық жас ақындар мүшәйрасы өтті.

 «Руханиятты жаңғырту» қоғамдық қоры мен республикалық әдеби-мәдени, тарихи-танымдық «Әлімсақ» журналы Зейнолла Шүкіровтің рухына арнап биыл төртінші рет дәстүрлі «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты талантты жас ақындар мүшәйрасын ұйымдастырды. Биылғы жылдың жеңімпазы - М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжінің студенті Нәбира Ешниязова.

 

 

Редакцияға хат

Email:
Тақырып:
Текст:

Әлеуметтік желілер

Күнтізбе

<< < Желтоқсан 2015 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

As we continue our list of fantasy football”s top 101 PPR players of 2017 we have three players who have recently finished in the top-15 at their positions.

In fantasy football there will always be players who have an unexpected drop or rise from one year to the next. One player on today’s list was a top-six wide receiver in 2015. The next year,Vince Wilfork Jersey he wasn’t even a top-20 wide receiver.

The same can be said about a running back on today’s list who was a top-five running back in 2015. Last year, he wasn’t even a top-18 running back. Who are these players and what should we expect from them in 2017?

To be clear,J.J. Watt Jersey the top 101 PPR players are for re-draft leagues only. Here’s a look at players ranked No. 38-36:

Last season Patriots wide receiver Julian Edelman finished fourth in the NFL in receptions with 98. He also set a career-high in receiving yards with 1,106. In the end,Brian Cushing Jersey Edelman finished 2016 as the 15th PPR wide receiver. Unfortunately for Edelman, I see a regression coming his way in 2017.

The 2016 season was only the second time in Edelman’s eight-year career he played in all 16 games in a season. The other time came back in 2013. Going into 2017, the odds are against the 31-year old receiver to play in all 16 games in back-to-back years for the first time in his career. Even if he somehow manages to stay healthy for all 16 games, he’s sure to lose targets and receptions.

Last year Patriots star tight end Rob Gronkowski had a career-low 25 receptions. Gronk was never 100 percent during the 2016 season and only appeared in eight games. Going into 2017,DeAndre Hopkins Jersey he will be back to full strength. Also, the Patriots traded their 2017 first-round pick for Saints wide receiver Brandin Cooks. The former Oregon State Beaver will be the team’s new No.1 wide receiver.

Журнал туралы

«Әлімсақ» журналы – рухани серігіңіз

 Қазақтың ғасырлар қойнауынан тамыр тартқан, әлімсақтан келе жатқан хатқа түскен тарихының, ұлттық болмыс-бітіммен астасқан әдебиеті мен мәдениетінің, тілі мен дінінің, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрінің бірден-бір насихатшысы, Сыр бойының тарихында алғаш рет әдеби-мәдени, тарихи-танымдық бағытта жарық көрген «Әлімсақ» журналының оқырманына жол тартқанына алты жылға жуық уақыт болып қалды. 2009 жылдың сәуір айынан бастап алғашқы нөмірі жарыққа шыққалы бері қазақ әдебиеті мен тарихына қатысты мақалаларды ортаға салып, Сыр өңірінің мәдениеті мен өнерін насихаттап, облысымыздың бүгінгі мәдени, әлеуметтік дамуындағы өзгерістерді ақпараттандыруда журналдың қосып келе жатқан үлесі салмақты.