Бас редактор бағаны

"Әлімсақ" журналының бас редакторы, филология ғылымдарының кандидаты

Нұрлан Көбегенұлы Нұрмаханов

 Бас кеспек болса да...

Журналға тіркелу

Валют бағамы

Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан

Серіктестер

Қарүлек

 

Күркіреген кезінде салбырап қып-қызыл болып шыққан өңешін қайтадан ішіне тартып, жинап алды. Тісін тісіне тигізіп сақылдатып, жағын қозғағанда ернінен аппақ көбік шұбатыла үзіліп, жерге жетпей бірнеше шарға айналып, шыңылтыр аязды ақпанның ауасына сіңіп жойылып кетеді. Көбік шарлардың осыншама көптеп ұшқанын қызықтағандай тағы да күркірегенінде әдеттегісінен де жиі ұшқан дөңгелектер қалықтап ұшып, біразға дейін көрініп барып, жоқ болады. Әлгіндей шарға айнала алмаған ақ көбік салбыраңқы астыңғы еріннен үзіліп түсіп келеді. Жалпақ табанымен қалың қарды сықырлата, ашық аязды айналаға құмарлана, еркіндігіне, ешкімге тәуелді еместігін сезініп келе жатқан мұның оң жақ алдыңғы аяғының тұсарлығында жарты құлаштай арқан сүйретіліп, қардағы ізінен аздаған қан білінеді. Ұшы қиырсыз, шегі мен шеті көрінбейтін шалқар сахараның сағым қуған байтақ даласының алып кемесі атанған, бір замандарда  тү-ү-у сонау алыста-ғы жат елдерге жолында жүк қалдырмай, сіңір со-зып, жанын қинап, ұзақ сусыз шөлге де шыдап баға-тын Ойсылқараның бүгінгі ұрпағы Қарүлек басын иығына үйкеп-үйкеп алды да, өңешін екі қарыстай шығарып, жан-жағын тітіркендіре тағы да күркіреді. Төсін желге қақтырып, ашық аязға рахаттана, құмарлана әлденеге ызаланғандай үлек шабынуын үдете берді, үдете берді. Осы қалпында біраз уақыт тұрған ол елсіз сайын далаға, сон-о-оу алыс көкжиек-ке тесіле қарап, тағы біршама мезгіл тұрып алды.

Жыңғылдының дәл қазір басындағы дәні төгіліп, әбден сарғыш тартқан, кейбірі қап-қара болып қауланған қалың жантағы, дүзгіні мен көкбұтасы, селеуі мен сиырқұйрығын қалың қар тұмшалап тастаған, жалдана созылып өскен жыңғылының басы ғана аштықта талғажау болатын қыстың қысқа күнінде Қарүлек кішкентай ашық алаңқайдан шығып бұйратқа бет алды. Бағыты - Айтұяқтың биігі. Маңайдан ешқандай тіршілік иесі байқалмайды. Екі күндікте жауған жұқа қардан кейін бұл жаққа адам да, мал да табан ізін салмапты. Таң атқалы, жан-жақтағылар көрінетіндей жарық болғалы осы қалыңшылықтың ішінде өріп жүретін ұзын құлақ қоянды да, ақ құйрық айлакер түлкіні де кездестірмеді.

Бұл Қарүлектің төрт айға созылған қамаудан босанып, қашып шыққан беті еді. Іші тартылып, кеудесі өсе түскендей, артқы екі саны жуандаған, жалғыз өркеші мінер жағына жапырыла құлаған, бүйіріндегі тықырлау қысқа жүні дулығасына таман қалыңдап қара бұйраланып кеткен, тізеден жоғарғы шудасы мен құлақ шекеден мойнына дейінгі шудасы да шөп шаламмен баттасқан Қарүлек биылғы қыс он үш жасаған болатын. Осы уақыт ішінде күн суытып, алғашқы қар түскен желтоқсаннан бастап келеге салынып, еркін жүретін Қарүлек биылғы қыс қамауда тұрды. Қонысы өзгеріп сонау бота кезінен қасы мен қабағына қарап, барлық жағдайын жасайтын Нүркен түйеші жұмысынан шығып, қарауындағы малын табыстағалы бері бұл бұрынғы еркіндігінен айрылды. Жылда қар түскеннен кейін алдына боталы айыр інгендер мен қайымалдарды салып, түйекеш Нүркен анда-санда бір соғып, бақылап қоюшы еді, биыл олай болмады. Қарашаның соңғы күндерінде үш салт атты бүкіл түйелерді жи-нап, үлкен қораға қамады. Барлық түйелерді шыға-рып жіберді де, мұның жалғыз өзін алып қалды.

Оң жақ бетіндегі тыртығы білініп тұратын, қысық көз, жауырыны қақпақтай, жүргенде сәл еңкейіп, кеудесін алға жіберіп қозғалатын сары жігіт бұлардың жаңа бақташысы екен. Кейде кертік танауынан темекінің ащы түтінін будақтатып мұның жанына келіп, көзін айырмай тұрып алады. Өзіне қараған өткір жанардан Қарүлек әлдебір жеккөру-шіліктің, жиіркеніштің табын байқағандай болады. Дәл осылай қатысатындай жаңа түйекешке не жазып қойғанын бұл түсінбей-ақ қойды. Қайбір күні өзі қамауда, аяғынан жуан қазыққа байлаулы тұрған мұны Әбабүкір ал келіп сабасын. Сегіз өрмелі ұзын қамшымен үлектің жонынан, арқасынан қарулы қолдан сілтенген соққы жауып кетті. Бұл екі көзі қып-қызыл болып, ызалана ыңыранғаннан басқа дыбыс шығарған жоқ. Қамшыны екілене сілтеген түйекеш-тің алқына бастағаны білінді, Қарүлек болса, байлаулы арқанды кере ұзында өші, қысқада кегі жоқ жазықсыз жәбірлеп жатқан екі аяқтыға ұмтыла берді, мұнан соң Әбабүкірдің қамшысы басқа, көзге тиіп жатты. Егер осы сәт арқан үзіліп немесе қазық сурылып босанып кеткенде, түйекештің осы арадан тірі кетпесі анық. Егер ондай атты күн болғанда Әбабүкірді төсіне салып алып аяусыз мыжғылап, арандай аузын ашып, пышақтай өткір тістерімен жауының сүйегін пытырлатып шайнар еді. Әбабүкір-дің сілтеген қамшысының ұшы Қарүлектің көзіне тигенде, бір сәтке жан-жағы қап-қараңғы болып кеткендей болған. Оң көзінен аққан қан тыйылмады, басын сілкіп-сілкіп жіберген бұл осы сәттен бастап тек сол жақ қапталын көретін болып шыға келді.

Бағытынан айнымаған Қарүлек жүріп келе жатып, жолындағы жал боп жатқан қардан асап-асап алды. Басы бірікпей, қант секілді шашырап, ұйыспаған аппақ қарды талмап жұтты да, басын иығына үйкеп-үйкеп жіберді. Сонан соң аузын арандай ашып, тағы да қарбыта асады. Желкесіндегі қап-қара болып білініп тұрған шайырды иығына тағы үйкеді. Осы маңда жылдың бұл уақытында жүретін жан-жануар атаулыдан еш нәрсе жоқ, бірлі жарым тайлақ-құнаншалар да байқалмайды.

Әбабүкір түйекештің де тағдырына өкпесі қара қазандай болатын. Мектеп табалдырығын аттаған жылы әкесі кенеттен қайтыс болды. Бұлар төрт ағайынды болатын: екі ұл, екі қыз. Отбасындағы ең кенжесі Әбабүкір еді. Әкесі қырық бес жасында көз жұмған-ды. Бала болса да әкесінің ұзақ ауырып, төсекке таңылып жатқанын біледі. Кім қалай тірлік етемін, қалайша нан тауып жеймін деген бір аласапыран уақыт болатын. Әкесі әлдебір мекемеде алыс сапарға шығып тұратын, машина жүргізетін, кейіннен қысқарып жұмыссыз қалды, сөйтіп жүріп ауру тапты. Үлкен қалаларға барып көрінуге ақша болмады, ауылдағы дәрігерлерге көрінгенмен, жазылып кете алмады. Төсекке таңылып бір жарым жылдай жатты, ақыры барлық қиыншылықты әйелінің мойнына артып, кете барды. Шешесі байғұс төрт баланы қалай жеткіземін деумен әр жерде жұмыс істеді. Көше сыпырды, еден жуды, жалданып кейбіреулердің той-садақаларында ыдыс-аяқтарын тазалап беретін.

Әбабүкір мектепті келістіріп оқи алған жоқ. Сабағына бірде барып, бірде бармай, тоғызыншыны бітірген соң, шығып кетті. Оқуға әуел бастан құлқы жоқ бұл еш жаққа сандалмады. Үйінде жүріп, ше-шесіне көмектескен болды. Тұрғылықты жұмысы жоқ, біреулердің шаруасын істеген болады, одан тапқанын ішіп қояды. Солай жүріп бір күні көрші-лерінің тауығын ұрлап, ұсталып қалды. Осынысы үшін түрмеге қамалды да, екі жылға кете барды.

Әбабүкірге берілген тапсырма Қарүлекті биылғы қыс қалайда түйеге қоспау, жазға іліккен соң жыны басылған оны келер қысқа түсірмей көзін жою болатын. Бұрынғы кеңшар малын жеке шаруашы-лықтар бөліп алғалы бері, ойларына не келсе соны істеу өз еріктерінде еді.

Қарүлек өзін матап құлатып діңгек қазыққа байлап, аяғына тұсау салғалы бері мықтап арыды. Теспесінде өткізілген мұрындық өткен жазда түсіп қалған.

Аяғын байлаған арқан ширатыла-ширатыла тіні үзіліп жіңішкере берді. Түйекеш мұны байқаса да, үлекті қайтадан жығуға бірнеше адам керек еді. Су сіңген тұсау бұл қашып шығардан бір күн бұрын сыпырылып түсті, аяғы босанған үлек аязды ақпан түнінде ұрынумен болды. Арқан аяққа байлаған жерінен бір құлаштай болып үзіліп кетті. Еркіндікті сезінген үлек қатты екпінмен кергі ағашқа соғып сындырып сыртқа атылды да, қараңғы түнде өзіне таныс бағытта кете барды.

Қарүлек омырауын ызғарлы желге төсеп шабынып тұрды да, аппақ көбіктен көрінбей тұрған басын тағы да иығына үйкеді. Әбден арыған аяғындағы үзілген арқан тарамдана қысқарған бұл көбікті басын кекшите төңіректі шолды. Бұл кезде осы аймақтың түйесіз болуы мүмкін емес. Жалдана үйілген қалың шоқалақтан әрі асқан үлек он шақты түйені көрді. Бес-алты тайлақ еріткен інгендер, төрт-бес қайымал Қарүлектің мына жүрісіне таңданыс білдіргендей. Топ түйенің шетіне таман тұрған ұзын қара шудалы, кекілі маңдайынан төгіле, екі көзін басып кеткен Қарабура да үлекті күтпеген еді.

Басын шайқап-шайқап жіберіп, тісін сақылдатып, көбігі бұқыраған жас бура құйрығын шабаттап шабынып тұр. Осы қалпында алдындағы келесі үшін ештеңеден тайынбас түрі байқалады.

Қарүлек алыстан-ақ өңешін шығарып жіберіп, барынша айбаттана күркіреп, көбікті басын жолын-дағы түп жыңғылға үйкеп-үйкеп алды. Көзіне, бетіне шыпылдап тиіп, тілгілеп жатқан жыңғылды елер емес. Біраздан бері болмаған жекпе-жекті жан алып, жан берісетін шайқасты жан дүниесімен аңсап келе жатқандай. Екі жылдан бері жеке келеге салынып жүрген Қарабура да ешнәрседен ығысар емес, ата жауын қанды майданнан қаймықпай күтіп алар түрі бар.

Тосын көріністі таңырқағандай өзге түйелер үлекке жақындай түсіп, иіс алысып жатты да, іздеріне ерген бірнеше тайлақ бірін-бірі қуып шапқыласып кетті. Үлек Қарабураға жақындап келді, екеуінің көздері от шаша, қызарып кеткен. Биылғы қыс тағы да келеге салынып, айдарынан жел есіп, айбаттанып жүрген Қарабура дәл қазір ешнәрседен тайынатындай емес еді.

Қарсыласы Қарүлекті алғашқы беттен-ақ таптап кетердей соққымен оң жақ иығымен қағып өтті. Әбден әлі құрып титықтап жүрген үлек тәлтіректеп кеткенімен құлаған жоқ, сонан соң бура азу тістерін ақсита, арандай аузын аша мұның санынан, бүйірінен тісін батыра салып-салып алды.

Қарабураның бұндай тегеурініне төтеп берген Қарүлек енді өзі қарсы шабуылға шықты. Бұрын мұндай айқастың талайын басынан кешірген үлек бураның қолдауынан тістеген, бірақ азуының бата қоймағанын байқады. Бура осал жау емес екен. Үлектің тегеурінінен тайқып шығып, енді бар ашу-ызамен қаһарына міне ұмтылды. Бұл жолғы екпінінің қаттылығы сонша - үлектің бір аяғындағы тарамдан-ған арқан екінші аяғымен басылып, шалынысып құлады. Енді тіктелеп тұрмақ болғанда, бура мұның мойнына, басына міне түсіп тапай берді. Өлім мен өмір беттескен осы майданда біреуінің мерт болары анық болатын. Бураның астынан тірі шығуы екіталай екенін сезген Қарүлек енді тек басын қорғаштай берді. Әбден ашуға булыққан бура үлектің үстіне шығып алып жаныштай берді, жаныштай берді.

Қарүлек есін жиғанда, маңайда ештеңе жоқ еді. Қар үстінде бура екеуінің шайқасының ізі, астаң-кестеңі шыққан орны жатыр. Қарабура келесімен кетіп қалыпты.

Тұла бойының ауырмайтын жері жоқ, буындары сықырлап, сіңірі созылып, қалың етіне тиген соққылар енді біліне бастағандай. Оң жақ сауырының жүні жұлынған, бураның тісі батқан сол арадан сорғалап аққан қызыл қан қарар бақайына дейін қабыршақтана қатып қалыпты. Аяғы бастырар емес. Ыза мен қорлықтан, азарлану мен өкініштен ештеңеге шамасы жетпейтін дәрменсіздіктен осы күйіне күйінішті үлек жолындағы түп дүзгінге азуын салып алды. Ернінің тілініп, езуінің жыртылғанына да қарамады. Осылай еткенінде ғана жаны жай, жүрегі тыныш табатындай.

Артқы оң аяғын сылти басып келе жатқан Қарүлек қалың жыңғыл ішіне кірді де, өзіне ғана болатындай алаңқайға шөге кетті. Дәл осы жерден үстінен түспесе, ешкім де таба алмайды. Жыңғыл басының желмен суылдап ырғалғанынан басқа ештеңе білінбейді. Өзіне жайлы осы орында қозғалмастан тыныштық пен жалғыздықты серік еткен үлек өткен өмірін көз алдына елестетті.

Сон-а-у алыста қалған, енді қайтып оралмайтын келмеске кеткен күндер... Шелектеп сүт беретін қара нар... Нүркен түйеші, оның келіншегі...

Нүркен қара нардың желіні сабасын салып бота-лайтын мезгілі жақындаған соң-ақ басқа түйелерден оңаша күтімге алды. Қорадан ұзатпай тұсап қойып, бір сәт көзден таса болса, әбігерге түсіп іздеп бүлінеді. Сүті бір үйлі жанды асырайтын нардан өзіне ұқсаған бота түсер деп күткеніне біраз болған.

Кеңдеу тұсалған нар мал қоралайтын апақ-сапақта бошалап кетті. Жерде әлі де болса алаңғыт қар бар, ескі жылдың шығып, жаңа жылдың кірер уақыты еді. Күндіз шуақпен сай-сала ағыл-тегіл еріп, сылдырап су ақса да, түнгі мезгіл салқын болатын. Нардың бошалағанын білген Нүркен анда-мында шапқылап іздегенмен көз байланып кеткен еді. Нарды аңдамағаны үшін әйелі де сөз естіді.

Хайуан екеш хайуан да баласы үшін жанын шүберекке түйіп, суыққа ұрындырып алмаудың амалын жасады. Енесі ботаны омырау астына алып, мойын шудасымен үстін жауып жатты. Ізге түсіп келген Нүркен қара нарды жетектеп, ботасын үйге жеткенше жиі емізіп әкелген.

Бірте-бірте жақындап қалған бейтаныс дыбысқа құлақ түрген үлек басын көтерді. Әлгі дырылда-ғандар берірек келгенде, бірінің соңынан бірі ілескен үш мотоцикл көрінді. Келгендер мұны айналып қарады да ілгері кетті. Жатқан жерінен тұрған Қарүлек сілкініп алды да, Жыңғылдының қалыңына бет түзеді, жолай дәні түсіп селдіреп қалған сарғыш жантақтың басын шалып қояды. Бұл өңір үлектің жаз күндері ылғи бура, атандар бөлініп жататын жайылымы еді. Апшыны қуырған аптапта осы арадан қашық емес сорға барып жатады, араға күн салып, теңіздің салқын сабатында болады. Жағасы қайыр толқыны құмға соғып жатқан теңізді кешіп барып, шөге қалып салқын суда рахаттана аунап жататын. Ұзақты күн суда болып, сорға жатқан түйелердің омырауына, шабына жабысқан кене атаулы тұзға қуырылып түсіп қалатын.

Өткен қыстан бері Қарүлек тосын мінез таныт-ты. Келеге мал қарауға келгендерді аттысы болсын, жаяуы болсын тырқырата қуып тастайды. Мұны айырып айдап әкетпек болған Әбабүкір де басын сауғалап қашып құтылатын. Келгендердің барлығы-на аузын сала ұмтылып, аяғымен тарпып жібереді. Содан кейін-ақ мұның атағы алыс-жақынға тез жайылды. Топпен келмесе ешкімді келеге жолатпай-ды. Енді келеге қосылған буыршындар алыстан ғана үлекке көріне жүреді, жақындауға бата алмайды.

Бір ретте мал іздеушілер Нүркенді ертіп келіпті. Барлығын да қуып жынданып жүрген үлек таныс дауысты естіп қалт тоқтай қалған, аңырап біраз тұрды. Сонан соң басын шайқап-шайқап жіберіп мұны да қуып жіберді.

Қатарластыра салынған екі үйдің жанына көкшіл түсті джип келіп тоқтай қалды. Қалың қабағын қарс жауып түйіле қалған, орта бойлы отыз бес-отыз алты шамасындағы жігіт машинадан түсті де, үй жанында тұрған бақташыларға беттеді. Артынан джиптің жүргізушісі түбіт мұрт бозбала да ере берді. Бүкіл дүниені тіреп тұрғандай, сары жігіт қадамын санап басып, бақташылар қасына келді де:

- Иә, малдарың аман ба? - деді. Бұл келген осы қожалықтың басшысы Болат болатын. Өзінен кіші бастығының сәлем-сауқатсыз малын түгендегені ұнамады.

- Аманшылық қой, өздерің қалайсыңдар? - деді ауыз ұшымен ғана.

- Өткен жолы айтқан жоқ па едім, Қарүлекті биыл келеге салмаңдар деп. Жаңа жолда көрдім, түйелердің арасында жүр. Тағы да ұрыс еститін болдым. Екеуің бірдей не бітіріп отырсыңдар түге, - деді сарғыш өңі қызара ашу шақырып.

- Келеге әлі бура түскен жоқ қой, - деді Әбабүкір.

- Түссін-түспесін, бүгін қамап айырыңдар. Әйтпесе әңгіме басқаша болады, - деді Болат.

Келгендердің келуінен қайтуы тез болды. "Шай ішіп шықсаңдаршы" деген аға түйешіге:

- Асығыспыз, жұмысымыз көп, - деді қысқа ғана. Олар ұзағаннан кейін аға түйеші Әбабүкірге:

- Әкесінен айнымай қалғанын қарашы иттің. Бұл да осы бетімен қай ұшпаққа шығар дейсің, - деді.

- Қарүлекті не істейміз?

- Қамау керек.

Жұлдыздары жамыраған айлы түнде жалғыз жортқан үлек сандалып қайда барарын білмеді. Анда-санда басын жерге салып, сиырқұйрық пен қоянсүйектің басын шалып келеді. Енді қайтып бураға жолай алмайды, барғанменен бураның тағы да оңдырмайтынын біледі. Сар даланың түн тұмшалаған аспанын тілгілеген түнгі жарық көлік атаулының барлығы, жүргіншілер қара жолмен зымырап өтіп жатыр. Қарүлек алыстан өтетін сол жолаушылар жолының жақын екендігін білетін-ді. Кейде үлекке түскен жарық көлеңкесін ұзарта түседі де, жанынан зу ете қалады. Осы маңайдан ауыл да алыс болмауы керек.

Ауыл шетіне іліккен Қарүлек қора жағалап, сыртқа шығарылған үйінді шөп-шаламды тіміскілеп жүріп алды. Таңертеңгі таза ауада үйлердің моржасынан шыққан түтін адамдардың күндізгі тірлігіне кіріскенін байқататындай.

Көше жағалап келе жатқан үлек иығына асып алған сөмкесі бар он екілер шамасындағы баланы көріп, тұра ұмтылды. Арт жағынан тасырлаған дыбыс, күркіреген үнді естіген зәресі ұшқан бала: "Мама!" - деп айқайлап қаша жөнелді. Қашып бара жатқан баланы құтқармайтын да еді, әлдеқайдан шыққан үлкен кісінің даусы қалт тоқтатты.

- Айт, шу! Мынау не қылады, ей! - деген әлгі дауыс үлекке таныс секілденді. Әбабүкірдің даусы. Ертеңгілік жұмысқа кетіп бара жатқан жігіт айқайымен түйені қуып жібермек еді, үлек өзіне тап берді. Келе омырауымен қағып жіберіп, жігітті құлатқан үлек тұрамын дегенше азуын бір-екі салып, төсімен жаншып үстіне аунай берді.

- Әй-әй,- деуге ғана шамасы келген адамның былқ-сылқ еткен денесі үлектің астында жатты. Үлек аузын арандай ашып, өлі денені тістеп көтеріп алды да, бес-алты қадамдай жерге лақтырып жіберді.

Айқай-шуға жиналғандарды байқаған үлек енді шеттеп ығыса берді.

Қарүлек құла дүзге маңып кетті. Ешбір түйе кездеспей, жалғыз жүрген үлектің алыстан көрінген машинаны байқағаны сол еді, көпсік қарды бұрқырата, жүйткіп, әлгілер қасына тез-ақ жетіп келді. Екі жағы қызыл жолақпен жиектелген "УАЗ"-дан төрт-бес формалы жігіттер түсті. Үлек келгендерге қыр көрсете шабынып тұрып алды. Бұған жақындау келген екеу тізерлеп отыра қалды да, мылтықтарын гүрсілдетіп ата бастады. Оқпаннан шыққан түтін ауада сейілмей тұрып қалды.

Алғашында тосын гүрсілден тіксініп қалған үлек кеуде тұсының тыз ете қалғанын, мойнының, қара санының тызылдап кеткенін байқады. Денесіне ыстық сүңгі сұққылап жатқандай.

Қарүлек енді жан екпін өзін атқылап жатқандарға ұмтылды, ұзамады, бес-алты аттап барып омақаса құлады. Тағы тұрмақ болды, тұра алмады. Жан-жағы қып-қызыл қан күрең түске еніп кеткендей. Үлектің жансыз жанарында машинаның, жігіттердің суреті ғана қалды.

Ө.Серәлі,

Ақбасты ауылы, Арал ауданы

Пікір қалдыру


Қорғаныс саны
Жаңарту

Іздеу

Сауалнама

Қазір қай бағыттағы кітаптар оқылады?

Бизнес туралы - 53.8%
Әдеби - 7.7%
Мотивациялық - 0%
Шытырман оқиғалы - 7.7%
Саяхат туралы - 30.8%

Дауыс саны: 13
The voting for this poll has ended on: 17 Мам 2018 - 00:00

Жоба туралы

Сыр өңірінің тумасы, қайсар қаламгер, ақын Зейнолла Шүкіровтің рухына арналған «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты облыстық жас ақындар мүшәйрасы өтті.

 «Руханиятты жаңғырту» қоғамдық қоры мен республикалық әдеби-мәдени, тарихи-танымдық «Әлімсақ» журналы Зейнолла Шүкіровтің рухына арнап биыл төртінші рет дәстүрлі «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты талантты жас ақындар мүшәйрасын ұйымдастырды. Биылғы жылдың жеңімпазы - М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжінің студенті Нәбира Ешниязова.

 

 

Редакцияға хат

Email:
Тақырып:
Текст:

Әлеуметтік желілер

Күнтізбе

<< < Маусым 2015 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 27 28
29 30          

As we continue our list of fantasy football”s top 101 PPR players of 2017 we have three players who have recently finished in the top-15 at their positions.

In fantasy football there will always be players who have an unexpected drop or rise from one year to the next. One player on today’s list was a top-six wide receiver in 2015. The next year,Vince Wilfork Jersey he wasn’t even a top-20 wide receiver.

The same can be said about a running back on today’s list who was a top-five running back in 2015. Last year, he wasn’t even a top-18 running back. Who are these players and what should we expect from them in 2017?

To be clear,J.J. Watt Jersey the top 101 PPR players are for re-draft leagues only. Here’s a look at players ranked No. 38-36:

Last season Patriots wide receiver Julian Edelman finished fourth in the NFL in receptions with 98. He also set a career-high in receiving yards with 1,106. In the end,Brian Cushing Jersey Edelman finished 2016 as the 15th PPR wide receiver. Unfortunately for Edelman, I see a regression coming his way in 2017.

The 2016 season was only the second time in Edelman’s eight-year career he played in all 16 games in a season. The other time came back in 2013. Going into 2017, the odds are against the 31-year old receiver to play in all 16 games in back-to-back years for the first time in his career. Even if he somehow manages to stay healthy for all 16 games, he’s sure to lose targets and receptions.

Last year Patriots star tight end Rob Gronkowski had a career-low 25 receptions. Gronk was never 100 percent during the 2016 season and only appeared in eight games. Going into 2017,DeAndre Hopkins Jersey he will be back to full strength. Also, the Patriots traded their 2017 first-round pick for Saints wide receiver Brandin Cooks. The former Oregon State Beaver will be the team’s new No.1 wide receiver.

Журнал туралы

«Әлімсақ» журналы – рухани серігіңіз

 Қазақтың ғасырлар қойнауынан тамыр тартқан, әлімсақтан келе жатқан хатқа түскен тарихының, ұлттық болмыс-бітіммен астасқан әдебиеті мен мәдениетінің, тілі мен дінінің, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрінің бірден-бір насихатшысы, Сыр бойының тарихында алғаш рет әдеби-мәдени, тарихи-танымдық бағытта жарық көрген «Әлімсақ» журналының оқырманына жол тартқанына алты жылға жуық уақыт болып қалды. 2009 жылдың сәуір айынан бастап алғашқы нөмірі жарыққа шыққалы бері қазақ әдебиеті мен тарихына қатысты мақалаларды ортаға салып, Сыр өңірінің мәдениеті мен өнерін насихаттап, облысымыздың бүгінгі мәдени, әлеуметтік дамуындағы өзгерістерді ақпараттандыруда журналдың қосып келе жатқан үлесі салмақты.