Бас редактор бағаны

"Әлімсақ" журналының бас редакторы, филология ғылымдарының кандидаты

Нұрлан Көбегенұлы Нұрмаханов

 Бас кеспек болса да...

Журналға тіркелу

Валют бағамы

Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан

Серіктестер

Қазақ хандығы лайықты тойлануы тиіс

 

Қазақ халқының тарихи құжаттарында нақты таңбаланған азаматтық тарихы соңғы мың жарым жылды қамтиды. Егер арғы тамырымыз, Орталық Азияны мекендеген көне тайпалар шежіресінен сөз қозғасақ, 4-5 мың жыл тереңге кетер едік. Таза қазақ атымен аталған ұлттық мемлекет шаңырақ көтерген дәуірдің өзін әңгімелеу, ұзақ та күрделі - хикаят. Жетпіс жыл бойғы коммунистік билік заманында жекелеген ұлттардың тарихын жазудағы ең басты мақсат - сол халықтардың тарихы болмағанын дәлелдеу еді. Жетпіс жыл бойы жүргізілген саясат-тың, соған сәйкес жазылған том-том тарихтың, жекелеген кезеңдерге арналған ресми жинақ, зерт-теулердің ең басты тұрғысы, өзекті арқауы - қазақта тарих болмады деген қағида. "Қазақ - тарихсыз халық, бұл халық еуропалық жұрттар сияқты таңбалауға жарайтын, шежіреге жарайтын, хатқа түсіруге татитын тарих жасамаған" дегенді меңзеді коммунистер. "Мемлекет болмаған, мемлекеттік құрлыстың кейбір элементтері ғана ұшырасқан, оның өзінде бұл - біртұтас құрылым емес; әрбір аймақ өз басына би болған, бұл қазақ басы біріккен хандық құрып көрген жоқ" дейді. Осыған орай "қазақ жұрты Ресейге қосылған соңғы жерде ғана қатарға ілініп, ел бола бастады" деген қағида қалыптасты. Тәубе, "коммунистік программа" жүзеге аспады, қызыл империализм келмеске кетті. Тәуелсіздік алдық, дербес ел болдық. Бірақ, еңсемізді толық қайта көтеру үшін, рухани қайта жаңарып, санамызға сіңіріп, тарихымызды көп айтып, көп еңбектенуіміз керек-ақ. Тарихи даталарымызды кең көлемде ұлықтауға тиіспіз. Елбасы Н.Ә.Назарбаев "Қазақ хандығының 550 жылдығын" текке қозғап жатқан жоқ. Бұл - біздің мемлекетіміздің бес ғасырлық тарихын, елдігін әлемге танытады. Одан арыдағы даңқты тарихымызды айтпағанда, бергі, Қазақ атымен аталатын дәуірдің өзі біздің ұлы халық екендігімізге айғақ. ХV ғасырдың орта шенінде қазіргі еліміздің шегінде Қазақ Ордасы аталатын айбынды мемлекет құрылды. Бұл қуатты ұлыс төрт жүз жыл бойы кең даланы еркін жайлап, өзгеше тұрпатты озық мәдениет жасады. Елімізді, жерімізді еркін сақтап тұрды, ешкімге кеудесін бастырған жоқ. Нәтижесінде осыншама бай, ұлан-байтақ жерді иемденді, өзіне лайық ұрпақ өсірді.

Біз үшін қай замандағы тарихымыз болмасын қымбат, айтулы кезеңдерде ту ұстаған бабалары-мыздың барлығы да құрметті, бірағы сол, бұрынғы - соңғы тарихта орны бар екі адам бар десек, бұлар - Қазақ Ордасының негізін салған әуелгі екі ханымыз - Керей мен Жәнібек. Бұлардың қайсысы басшы, қайсысы қосшы деуге болмайды. Екеуі де дана, екеуі де ер. Алаштың асыл туған ұлдары. Ата жолымен таратсақ, ежелгі түріктің қият руынан бастау алатын, қазақтың үш жүзіне ортақ "төре" деген рудан. Қазақ Ордасы құрылғанда алдымен жасы үлкен Керей ақ киізге отырғызылып хан көтеріліпті.

Керейден соң, Жәнібек хан әмір жүргізеді. Жәнібектің қазақ тарихындағы айрықша тұлға екендігінің бір белгісі - ол халық санасында әулиеге пара-пар, ақылды, әрі әділетті әмірші ретінде таңбаланған, ұлттық тарихымызда жай ғана Жәнібек хан деп емес, әз-Жәнібек хан деп аталады. Ол қазақ жұртының іргесін бекітіп, ордасын орнықтырған ұлы хан ғана емес, сол халықтың бар игілігіне ұйытқы болған асыл ұрық, ұлы әулеттің негізін салушы. Қазақ Ордасының құдіретті әміршілері олар қазақ халқының ұлы перзенттері: Қасым хан, Хақ-Назар хан, Тәуекел хан, Еңсегей бойлы Ер Есім хан, Салқам Жәңгір хан, әз-Тәуке хан, Абылай хан, Кенесары хан, ұлы ғалым - Шоқан, алашорда көсемі Әлихан Бөкейхан - барлығы да әз-Жәнібек ханның тікелей ұрпақтары.

Арғы-бергі дәуірде, қилы заманда әлемдегі талай ел мен жұрт тарихтың толқыны мен жаугершіліктің жойқынына төтеп бере алмай, жұтылып кете барды. Атамекенінен айырылып, атажұрты тарылып, көбейген елден төбелдей елге айналғаны қаншама. Ал, бізде ел де бар, жер де бар. Ең бастысы, Елбасы-ның сарабдал саясатының арқасында абыройы артқан, төрткүл дүниеге мүмкіндігін мойындатқан мемлекетіміз бар. Бұл ретте ресми билік "Қазақ хандығының 550 жылдығын" мерекелеу бойынша арнайы тұжырымдама бекітіп отыр. Ол әр алуан 100 іс-шарадан тұрады. Мемлекет басшысы Қазақстан-мен барша қазақстандықтардың осы айтулы мере-кені кең ауқымда атап өтуіне көңіл бөлуде. Сон-дықтан тұжырымдамадағы іс-шаралар республика-ның барлық өңірлерін қамтымақ. 550 жылдық іс-шараларды қаржыландыруға республикалық бюд-жеттен де, жергілікті бюджеттерден де қаражат бөлінеді. Сондай-ақ, демеушілер де осы іске молы-нан тартылады. Мәдениет және спорт министрі 550 жылдық аясында шығыны көп шаралар жоқтығын айтады. Олар негізінен тарихи және идеологиялық бағытта болып келеді. Жалғыз бұқаралық үлкен іс-шара - Шу мен Талас аралығындағы, яғни Қазақ хандығы алғаш туын көтерген Қозыбас жеріндегі қыркүйек айында өтетін қорытынды рәсім болмақ. Сол салтанатты жиынға арналып, кең ауқымды театрландырылған қойылым ұйымдастырылады.

Бір ғажабы, "Қазақ хандығының 550 жылдығын" тойлауға атсалысуға бізбен тарихы тамырлас, тағдыры ұқсас елдер мүдделестік танытып отыр. Мәселен, Венгрия мен Германия мемлекеті қатысатын болады. Қазақ хандығының ұлы датасын лайықты деңгейде атап өтуді жеке қолдауға құмартқан басқа ел азаматтарының қатары қалың көрінеді. Қазақ мемлекеттілігіне қатысты әртүрлі деректерді дәйектейтін көзқарастар бар. Бірақ 550 жылдық туралы нақты ұстанымға келу үшін мемлекет 3-4 жыл ішінде көптеген зерттеу-зерделеу жұмыстарын жүргізді. Өйткені пікірлер әрқилы еді. Дегенмен, 1465 жылы Керей мен Жәнібек хандар тұңғыш рет Қазақ хандығын құрғандығы осы мемлекеттік тұжырымға негіз болды. Ата-бабамыздың дәстүріне сәйкес, хандар сайланатын ұлы құрылтайлар күз ортасында өтетін болған. Ендеше, Керей ханның таққа отыруы, тиісінше, Қазақ хандығының құрылуы 1465 жылдың қазанына келеді деп санаған орынды көрінеді.

Енді, атақты ғалым Мұхтар Мағауиннің зерттеп құрастырған Қазақ мемлекетінің хандық жылнамасын еске түсіріп көрейік.

1465 жылы Керей мен Жәнібек Қазақ хандығын құрып, Керей хан сайланды.

1471-1480 ж.ж. Жәнібек хан.

1480-1510 ж.ж. Бұрындық хан.

1511-1520 ж.ж Қасым хан билік құрып, 1511 жылы "Қасқа жол" аталатын алғашқы заң жүйесі қабылданды.

1521-1522 ж.ж. Момыш хан.

1523-1533 ж.ж. Тайыр хан.

1533-1537 ж.ж. Тоғым хан.

1537-1559 ж.ж. Бұйдаш хан.

1560-1580 ж.ж. Хақ-Назар хан.

1580-1582 ж.ж. Шығай хан.

1583-1598 ж.ж. Тәуекел хан.

1598-1643 ж.ж. Еңсегей бойлы Ер Есім хан. 1599 жылы Есім хан "Ескі жол" атты жаңа заң жүйесін орнықтырды.

1643-1652 ж.ж. Салқам Жәңгір хан.

1652-1680 ж.ж. Қазақтар Бұхар хандығына қарады.

1680-1715 ж.ж. Әз-Тәуке хан билік құрды. 1690 жылы Тәуке хан "Жеті Жарғы" аталатын жаңа заң жүйесін енгізді.

1715- 1718 ж.ж. Қайып хан.

1718-1729 ж.ж. Болат хан билік құрды.

1730 жылы Қазақ Ордасы дербес ұлыстарға, ру-жүздерге бөлінді.

1731 жылы бұрынғы Қазақ Ордасының бір бөлігін билеген Әбілхайыр хан Ресей өкіметімен байланыс жасай бастады.

1733 жылы Әбілмамбет хан бастаған қазақ әскері ойраттарды жеңді, жиырма жасар Абылай сұлтан атанды.

1741 жылы Абылай хан сайланды.

1771 жылы Абылай ханды бүкіл Қазақ Ордасының ханы ретінде ақ киізге көтерді.

1781 жылы Абылай хан дүниеден өтті.

1781 жылдан Қазақ Ордасы жеке ұлыстарға бөлшектенді. Осыны пайдаланып Ресей патшалығы Орталық және Батыс Қазақстанда отарлау саясатын жүзеге асыра бастады.

1801 жылы Бөкей хан Ресей патшалығымен бейбіт келіссөз жүргізіп, Еділ мен Жайық арасындағы ата жұртты қайтарып алып, Бөкей Ордасын құрды.

1801-1822 ж.ж. Оңтүстік Қазақстан Қоқан хандығының телімінде болды.

1822 жылы Ресей патшасының жарлығымен Орта жүзде хандық билік жойылды деп жарияланды.

1838 жылы Абылай ханның немересі Кенесары хан Қазақ Ордасын қалпына келтіру үшін күресін бастады.

1841 жылы Кенесары үш алаштың ханы ретінде ақкиізге көтерілді.

1847 жылы Кенесары хан шейт болып, Қазақ Ордасы құлады.

1847-1991 жылдар аралығында Қазақ тарихындағы жүз қырық төрт жылға созылған отарлық заман бастан өтті. Қазақ халқы 1991 жылдың 16 желтоқсанда өз тәуелсіздігін жариялады. 2016 жылы Қазақ халқының тәуелсіздігіне, егемендігіне 25 жыл толады.

Серік Сәтенұлы,

Қазалы ауданы,

Әйтеке би кенті

Пікір қалдыру


Қорғаныс саны
Жаңарту

Іздеу

Сауалнама

Бүгінде журналистерге қай сала мамандарынан ақпарат алу қиын?

Медицина - 57.1%
Прокуратура - 0%
Сот - 0%
Департаменттер - 14.3%
Облыстық басқармалар - 28.6%

Дауыс саны: 7
The voting for this poll has ended on: 29 Шіл 2017 - 00:00

Жоба туралы

Сыр өңірінің тумасы, қайсар қаламгер, ақын Зейнолла Шүкіровтің рухына арналған «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты облыстық жас ақындар мүшәйрасы өтті.

 «Руханиятты жаңғырту» қоғамдық қоры мен республикалық әдеби-мәдени, тарихи-танымдық «Әлімсақ» журналы Зейнолла Шүкіровтің рухына арнап биыл төртінші рет дәстүрлі «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты талантты жас ақындар мүшәйрасын ұйымдастырды. Биылғы жылдың жеңімпазы - М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжінің студенті Нәбира Ешниязова.

 

 

Редакцияға хат

Email:
Тақырып:
Текст:

Әлеуметтік желілер

Күнтізбе

<< < Маусым 2015 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 27 28
29 30          

As we continue our list of fantasy football”s top 101 PPR players of 2017 we have three players who have recently finished in the top-15 at their positions.

In fantasy football there will always be players who have an unexpected drop or rise from one year to the next. One player on today’s list was a top-six wide receiver in 2015. The next year,Vince Wilfork Jersey he wasn’t even a top-20 wide receiver.

The same can be said about a running back on today’s list who was a top-five running back in 2015. Last year, he wasn’t even a top-18 running back. Who are these players and what should we expect from them in 2017?

To be clear,J.J. Watt Jersey the top 101 PPR players are for re-draft leagues only. Here’s a look at players ranked No. 38-36:

Last season Patriots wide receiver Julian Edelman finished fourth in the NFL in receptions with 98. He also set a career-high in receiving yards with 1,106. In the end,Brian Cushing Jersey Edelman finished 2016 as the 15th PPR wide receiver. Unfortunately for Edelman, I see a regression coming his way in 2017.

The 2016 season was only the second time in Edelman’s eight-year career he played in all 16 games in a season. The other time came back in 2013. Going into 2017, the odds are against the 31-year old receiver to play in all 16 games in back-to-back years for the first time in his career. Even if he somehow manages to stay healthy for all 16 games, he’s sure to lose targets and receptions.

Last year Patriots star tight end Rob Gronkowski had a career-low 25 receptions. Gronk was never 100 percent during the 2016 season and only appeared in eight games. Going into 2017,DeAndre Hopkins Jersey he will be back to full strength. Also, the Patriots traded their 2017 first-round pick for Saints wide receiver Brandin Cooks. The former Oregon State Beaver will be the team’s new No.1 wide receiver.

Журнал туралы

«Әлімсақ» журналы – рухани серігіңіз

 Қазақтың ғасырлар қойнауынан тамыр тартқан, әлімсақтан келе жатқан хатқа түскен тарихының, ұлттық болмыс-бітіммен астасқан әдебиеті мен мәдениетінің, тілі мен дінінің, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрінің бірден-бір насихатшысы, Сыр бойының тарихында алғаш рет әдеби-мәдени, тарихи-танымдық бағытта жарық көрген «Әлімсақ» журналының оқырманына жол тартқанына алты жылға жуық уақыт болып қалды. 2009 жылдың сәуір айынан бастап алғашқы нөмірі жарыққа шыққалы бері қазақ әдебиеті мен тарихына қатысты мақалаларды ортаға салып, Сыр өңірінің мәдениеті мен өнерін насихаттап, облысымыздың бүгінгі мәдени, әлеуметтік дамуындағы өзгерістерді ақпараттандыруда журналдың қосып келе жатқан үлесі салмақты.