Бас редактор бағаны

"Әлімсақ" журналының бас редакторы, филология ғылымдарының кандидаты

Нұрлан Көбегенұлы Нұрмаханов

 Бас кеспек болса да...

Журналға тіркелу

Валют бағамы

Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан

Серіктестер

Құрманбай қалдырған қолтаңба

 

Құлтабанұлы Құрманбай (1902-1989) елге еңбегі сіңген, шежірені жақ-сы білетін абыз ақсақалдардың бірі болып бергі уақытта өмірден озды. Біз кейінгі ұрпақ ол кісіні "тірі аңыз" ретінде қабылдап өстік, өсиетін тыңдап, қылышынан қан тамған Кеңес дәуірі кезінде жанын шүберекке түйіп жүріп, "жаным арымның садақасы" дегендей, бір сәтте намаз, оразасын қаза қылма-ғанының куәсі болдық. Бүкіл саналы ғұмыры Мақпалкөл ауылының өркендеуіне арналып, артында игі істерімен мол мұра қалдырған аяулы жан. 1931-1933 жылдардағы қазақ халқының басына келген зобалаң жылдарда жергілікті тұрғындарды ұйымдастырып, аштықтан ауылды аман алып қалған іскер азамат еді. Сол нәубет жылдары қаздырған "Бозарық" каналы қанша уақыт өтсе де, халқына қалтқысыз еңбек етіп тұр. Енді Құрманбай атаның өмір жолдарының кейбір тұстарына шолу жасайық.

1926 жылы Серікбай, Құрманбай екеуі қазіргі Қармақшы ауданы "Ақжар" ауылына қарасты "Дауылкөл" деген үлкен көлдің жанында күріш еккен екен. Күріш өте бітік шығып келе жатқанда жаздың ортасында топан су басып ағайынды екі жігіт егістікті тастап кетеді. Көп ұзамай қоңыр күз түскенде Ақ-жардағы Серікбайдың бір құдасы "күріш пісті неге жинамай жатырсыңдар?"- деп оған хабар жібереді. Қуанышты хабарды естіген екі ағайынды көздеген жерге жетіп барса, жаздай суда тұрған күріш өте бітік өскен екен. Құрманбай қамыстан сал жасап мініп алып, бітік күрішті орып әкеліп беріп отырған. Серікбай ашық жерді тазалап қырман жасап күрішті суырып, тазалайды. Сөйтіп, ағайынды екі жігіт мол егінді төкпей-шашпай жинап алады. Аш кезде жеген осы мол күріштің дәмін Құрекең әкеміз өмірінің соңына дейін кейінгі ұрпақтарға айтып отыратын.

Құрманбай 1929 жылы "Мәдениет" каналын қазғаны туралы да көптеген дерек-терді кейінгі ұрпақтарына айтып кеткені тарихи шындық. Сол жылы бір ақсақ орыс инженер каналды қазу үшін жерді өлшеп, болашақ каналдың қазықтарын қағып шы-ғады. Сонда Құрекең сол шебер инженердің қазығын ұстап қол көмек берген екен. Көп ұзамай өзі де атақты мұрап болғаны белгілі. Орыс әрбір бір шақырымнан кейін каналға иін тастап, өлшемді бұрып отырады екен. Мұны түсінбеген Құрманбай әлгі орысқа "неге иін тастайсың, неге түзу етіп өлшей бермейсің" - деп таңданыспен сұрақ қояды. Сонда маман орыс "қазір каналды қазатын техника жоқ, сондықтан иін қайырды тұтып, қатты ағыс өз жолын өзі қазып алады" - деп түсіндірген екен.

Жас кезеңінде өзге кеңес азаматтары секілді Құрекең де бейнетті көп көрді. Жастық шағында белгісіз аурудан сол көзінен айрылған ол 1941 жылы Ұлы Отан соғысына жарамсыз деп танылды. 1942 жылы Сольелецкі және Аралсольтресте бір жылға жуық еңбек майданында болып келген. Еңбекпен ерте есейген жан. Бейбіт уақытта барлық күш-жігерін ауыл шаруашылығын өркендетуге арнады. Ұлы Отан соғысы кезінде тылда еңбек етіп, майдан даласын азық-түлікпен қамтамасыз етуге күш салды. "Еңбекші" колхозында төраға, бригадир болып еңбек етті. "Құрекең еңбек тәртібін алғаш рет өзінің әулетінен, бала-шағаларынан талап ететін"-деп, көнекөз қариялар айтып отыратын. Кейін баласы Ердәулет те өз естелігінде сол қиын-қыстау заманды былайша еске түсіреді: "Еңбек жолымды отақ отау, масақ теруден бастадым. Әкем Құрманбай колхоздың төрағасы болатын. Ол кезде бастықтың отбасы ең алдымен жұмысқа шығуың керек. Бастықтың баласы отаққа, не масақ теруге шықса, өзге балалар да амалсыздан колхоз жұмысына жегіледі. Соғыстың соңғы жылы, бидай орылып, барлық балалар масақ теріп жүргенбіз. Орталықтан мұғалім келіп "мектепке барасың" деп мені алып кетті. Сол жылы, 1945 жылдың күзінде, алғаш рет мектеп есігін аштым. Сол масақ теруден басталған колхоз жұмысы орта мектепті бітіргенше жалғасып жатты. Ауыл баласы жаз бойы егіс даласында, шабындықта күн өткізетінбіз".

Ұлы Отан соғысы басталғанда Құрекеңнің жұбайы Айшагүл науқастау әрі жас балалары болып, үйге барлық көршілер колхоз жұмысына баратын болған соң жас балаларын осында қалдыратын. Сол себепті Құрманбай атаның үйі күндіз сол дәуірдің "тегін балабақшасына" айналды. Құрманбай ата іскерлігімен бірге үлгілі отбасы бола білді. Айшагүл әжемізбен бірге өмірге 8 сәби әкелді. Олар: Дәнеш, Бағдәулет, Жандәулет, Айдәулет, Зейнекүл, Ердәулет, Боранбай, Үміткүл. Өкінішке орай, Ерекеңнен басқа ер балалар тұрақтамай, жас кездерінде белгісіз аурудан шетінеп кетті. Құрекең бірінші кезекте балаларын колхоздың қара жұмыстарына жегетін. Ондағы ойы басшының баласы өзге жұртқа үлгі болсын дегені еді. Дәнеш, Зейнекүл, Ердәулет жас бала болып ойнамай, таңның атысынан күннің батысына дейін егістіктің басында масақ терумен айналысты. Дәнеш жастайынан білімге құштар болып өсті. Суырып салма ақындық қасиеті де жоғары болатын. Бірде Дәнеш құрбысы Рабиғамен бірге атыздың басында масақ теріп жүргенде алдынан өндіріс бригадирі Айтжан шыға келеді. Уақыт түскі ас кезінен әлдеқашан ауып кетсе керек, жас балалардың қарны ашқаны жанына батқан Дәнеш апа сонда қолындағы орағын тастай салып:

Салғаным сары атанға белдік деймін.

Айтжан аға көмегіңе келдік деймін.

Көмектің қызығы жоқ, қымызы жоқ,

Арықтан су ішпесек өлдік деймін.

Ағаның еккен егісі кекірелі,

Қойлары кекіре жеп семіреді.

Көмекке қыздар келді деп,

Бір қойды соя салса, несі кетеді,- деп өлең шығарған екен. Әрине, бұл өлең жолдары өте ұзақ, көнекөз қариялар бергі уақытқа дейін айтып отыратын еді. Қазіргі таңда Дәнеш апаның өлеңдерін ешкім жазып алмағандықтан ұмытыла бастады.

Ерекше дарын иесі Дәнеш апа ғылымның небір қыр-сырларын меңгеруді мақсат етіп, жоғары оқу орнына оқуға бел буды. Ауылдағы мектепте алғырлығымен көзге түскен ол 1945 жылы Жалағаштағы "Сталин" атындағы мектепке ауысып, оқуын жалғастырды. 1946 жылы Қызылорда педагогикалық институтының тарих мамандығына оқуға түсіп, үздік студент бола білді. 1950 жылы Дәнеш апа Аралда туған, осы институттың қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының түлегі, ел сыйлаған Елеу Көшербаевқа тұрмысқа шықты. Атақты жылқышы Социалистік Еңбек Ері Көшербайдың баласы өзіне ғана жарасатын қалың қою қасы мен шашы өзге студенттерден ерекше дара қылып көрсететін. Жақсы оқуы және үлгілі тәртібімен көпшілікті баурап алған Елекең Аралға барып келгенде студенттер қауымы бір марқайып қалатын еді. Дастарханын кең жайып, қазы-қартасымен Аралдың қаяз балығын ұсынып, достарына дәм татқызып жүретін жақсы әдеті де бар болатын. Дәнешпен соңғы курста "Қозы Көрпеш пен Баян сұлудай" жұбы жазылмай, жалындаған махаббаттың да тамаша бір сәттерін көрсете білді. Алыс ауылдағы ата-анасына көркіне ақылы сай Дәнешті де таныстырып келген еді.

1953 жылы Ахатай Рахметов "Ленин" колхозына төраға, ал Құрманбай Құлтабанұлы орынбасары болып сайланды. Сонымен бірге ол су мұрабы қызметін қосымша атқарған екен. Ол кезде техника жоқ, барлық су жолдары қолдың күшімен қазылатын еді. Қолдан арық қазатын "отсовка" деген құрал шықты. Осы құралдың күшімен 100 метрден жап тартады, 50 метрден атыз тартады. Бір загонды (қатар тұрған 4-5 атыз) екіге бөледі. Загон тарлау болса, сол құрылым су тегіс бірқалыпты тарайды. Су тегіс тұрған жерге күріш те жақсы шығады. Құрекеңнің білгір мұрап екенін кейінгі ауылдың басшылары да мойындап, оның көмегіне жүгінді. Атап айтқанда, Райымбай Сейітжанұлы, Аяған ағаларымызға көп еңбек сіңірді. 1963 жылы "совхоз" болып қайта құрылды. Алғашқы директоры Бадамбек Арынғазиев, орынбасары Алдаберген Бисенов болды. 1965 жылы А.Бисенов директор болып тағайындалды. Олардың жұмыстарының дамуына Құрекеңнің еңбегі зор болатын. Директор Бисеновтің ұсынысымен егістік жер көлемін кеңейтіп, бозарықтың аяғын созуға, коллектрден латок салуға ұсыныс жасайды. Бұл жұмыстың да басы-қасында Құрманбай атамыз жүреді. Бозарықтың аяғын созу үшін өлшеуге Құрекең көмектесуге Өміртайды бригадир Жүсіп Ерәлиевтен сұрап алады. Құрманбай ата түнімен қазық жасап, екі метрлік таяқпен Тұрғанбайдың үйтамына дейін өлшеп барған. Көмекшісі Өміртай болса, дайындалған қазықты көрсеткен жерге қағып отырыпты. Сөйтіп әйгілі Бозарықты Тұрғанбай қорымына қарай құлатып, қазады. Сол жылы осы аумаққа картоп, қауын егілді. Ауыл тұрғындары осы молшылықтың игілігін көріп, қуанышқа кенелді. Көп ұзамай Құрекең түгел жабайы жер, шлюз жоқ деп директорға ұсыныс жасаған. Кейін Құрекең шлюз құрылысының сызбасын кәсіби білім алған мамандай директорға көрсетіп, оны таңдандырған. Сол сызба бойынша шлюздер мына төмендегі арықтарға салынған: 1)Қасен арық. 2)Шайхы арық. 3)Кеметай ата. 4)Қамысты ата. 5)Бозарық. 6)Мәмбет ата. 7)Қайықбай ата. Осы арықтың барлық орнын қазып, цементін құйып, ел игілігіне жаратып жұмыс жасаған Құрекең жоқтан бар жасайтын іскер азамат еді. Осы арықты қазған кісілер Кенбай, Имаш, Кеметай, Өміртай, Райымбек және т.б. ауылдың тұрғындары. Кейін "Сталин" (Ақсу) ұжымшарына төраға болып қызмет еткенде де, бастықпын деп кабинетте отырмай, кетпені қолынан түспей, егіс басынан табылатын. Көнекөз қариялардың айтуынша, "бізді нанға тойғызған Құрекең" дейді жергілікті тұрғындар.

Күріштік жердің су жүретін арықтарының жолын маусым айында қамыс басып тастайды. Осы кезде Құрманбайдың тағы бір іскерлігі байқалады. Өзі бас болып, барлық күрішшілерді жинап, 4-5 атты қарулы кісіні арыққа сағасынан бастап түсіріп, соңына дейін жүріп отырады. Аттың аяғынан сынған қамыстарды жаяу күрішшілер айырмен жинап сыртқа шығарып отырады. Сөйтіп арық тазарып егістікке су толық жетеді.

Бергі уақытта Құрманбай ата жасы үлкейіп ақсақал кезіне келсе де, ауылдағы каналдың жағдайын бақылап отыруды көзінен таса қалдырмаған. Каналды қазып жатқан трактористер Тұрар Нұрмаханов, Төлеміс Бектаев, Қалдыбек Сейітжановтарға барып, судың ағымына байланысты ақыл-кеңестерін айтып отырған. Ақылы дария, ойы ұшқыр қарияның іскерлігіне осы азаматтар сонда тәнті болған екен.

Диқаншылығымен бірге Құрманбай он саусағынан өнер тамған шебер болатын. Оның жасаған "екі басты ерді", "құранды ерді", "қанбас ерді" халық арасында бергі уақытқа дейін тұтынып келді. "Атқа ең жайлысы қанбас ер" деп, Құрекең айтып отыратын. Осы аттың ерлерін ағаштан шауып, қайыңның қабығымен қаптап алатын. Өзінің қолынан шыққан ерлерді бір қойға пұлдап, адал ақы табатын ерекше қасиеттері де бар еді.

Сонымен бірге сөзге шешен, әзіл әңгімемен жұртты кейде күлдіріп отыратын. Бірде Құрекең құдажолы жасап, үйіне көп қонақ шақырылады. Төрге қарай бет түзеген Досбол ақсақал отыра бергенде терезенің пердесін басып қалып ауыр темір карниз басына түсіп қанап қалады. Жұрттың бәрі дүрлігіп қалғанда, Құрекең тұрып, "бас жарылса бөрік ішінде" әлі-ақ жазылып кетер, мүліктің бүлінгені қиын болды-ау деп, абдырап қалған ағайындарды ду күлдіріпті.

Атам қазақта "мал өсірсең-қой өсір, табысы оның көл-көсір" деген қанатты сөз бар. Осы қағиданы берік ұстанған Құрманбай ата ұсақ малдың арасынан қой өсірудің нағыз шебері деп айтсақ артық айтпаған болар едік. Мал жаюдың қыр-сырын жетік меңгерген нағыз маман болатын. Жаздың аптап ыстығында да, қыстың қытымыр аязында да өмірінің соңына дейін қолынан шопанның таяғы түскен жоқ.

Бүгінгі біздің заманды өте бақытты кезең деп айтып жатамыз, осындай "алтын ғасырдың" алғашқы дәнін сепкен Құрекең секілді азаматтар екенін қазіргі ұрпақ жақсы түсінуі керек. Сол кезде біз өткен ата-бабалардың тарихынан мол мұра ала аламыз. Бүкіл ауылды қанатының астына сиғызған Құрманбай ақсақал халқы тарапынан талай мәрте ұлықталатыны сөзсіз.

 

Сәкен Серікбаев,

тарих ғылымдарының кандидаты

Пікір қалдыру


Қорғаныс саны
Жаңарту

Іздеу

Сауалнама

Сіз қалаған ұялы телефон қандай?

Айфон - 50%
Нокиа - 5.6%
Самсунг - 11.1%
Хуавей - 5.6%
LG - 27.8%

Дауыс саны: 18
The voting for this poll has ended on: 10 Қар 2018 - 00:00

Жоба туралы

Сыр өңірінің тумасы, қайсар қаламгер, ақын Зейнолла Шүкіровтің рухына арналған «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты облыстық жас ақындар мүшәйрасы өтті.

 «Руханиятты жаңғырту» қоғамдық қоры мен республикалық әдеби-мәдени, тарихи-танымдық «Әлімсақ» журналы Зейнолла Шүкіровтің рухына арнап биыл төртінші рет дәстүрлі «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты талантты жас ақындар мүшәйрасын ұйымдастырды. Биылғы жылдың жеңімпазы - М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжінің студенті Нәбира Ешниязова.

 

 

Редакцияға хат

Email:
Тақырып:
Текст:

Әлеуметтік желілер

Күнтізбе

<< < Маусым 2015 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 27 28
29 30          

As we continue our list of fantasy football”s top 101 PPR players of 2017 we have three players who have recently finished in the top-15 at their positions.

In fantasy football there will always be players who have an unexpected drop or rise from one year to the next. One player on today’s list was a top-six wide receiver in 2015. The next year,Vince Wilfork Jersey he wasn’t even a top-20 wide receiver.

The same can be said about a running back on today’s list who was a top-five running back in 2015. Last year, he wasn’t even a top-18 running back. Who are these players and what should we expect from them in 2017?

To be clear,J.J. Watt Jersey the top 101 PPR players are for re-draft leagues only. Here’s a look at players ranked No. 38-36:

Last season Patriots wide receiver Julian Edelman finished fourth in the NFL in receptions with 98. He also set a career-high in receiving yards with 1,106. In the end,Brian Cushing Jersey Edelman finished 2016 as the 15th PPR wide receiver. Unfortunately for Edelman, I see a regression coming his way in 2017.

The 2016 season was only the second time in Edelman’s eight-year career he played in all 16 games in a season. The other time came back in 2013. Going into 2017, the odds are against the 31-year old receiver to play in all 16 games in back-to-back years for the first time in his career. Even if he somehow manages to stay healthy for all 16 games, he’s sure to lose targets and receptions.

Last year Patriots star tight end Rob Gronkowski had a career-low 25 receptions. Gronk was never 100 percent during the 2016 season and only appeared in eight games. Going into 2017,DeAndre Hopkins Jersey he will be back to full strength. Also, the Patriots traded their 2017 first-round pick for Saints wide receiver Brandin Cooks. The former Oregon State Beaver will be the team’s new No.1 wide receiver.

Журнал туралы

«Әлімсақ» журналы – рухани серігіңіз

 Қазақтың ғасырлар қойнауынан тамыр тартқан, әлімсақтан келе жатқан хатқа түскен тарихының, ұлттық болмыс-бітіммен астасқан әдебиеті мен мәдениетінің, тілі мен дінінің, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрінің бірден-бір насихатшысы, Сыр бойының тарихында алғаш рет әдеби-мәдени, тарихи-танымдық бағытта жарық көрген «Әлімсақ» журналының оқырманына жол тартқанына алты жылға жуық уақыт болып қалды. 2009 жылдың сәуір айынан бастап алғашқы нөмірі жарыққа шыққалы бері қазақ әдебиеті мен тарихына қатысты мақалаларды ортаға салып, Сыр өңірінің мәдениеті мен өнерін насихаттап, облысымыздың бүгінгі мәдени, әлеуметтік дамуындағы өзгерістерді ақпараттандыруда журналдың қосып келе жатқан үлесі салмақты.