Бас редактор бағаны

"Әлімсақ" журналының бас редакторы, филология ғылымдарының кандидаты

Нұрлан Көбегенұлы Нұрмаханов

 Бас кеспек болса да...

Журналға тіркелу

Валют бағамы

Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан

Серіктестер

ЖЕЛІЛІ ЖЕТІ ЖЫР

 

Мұхамеджан Нұрханов 1947 жылдың 6 қыркүйегінде Тәжік ССР-нің Ленинабад облысындағы (қазіргі Ходжент) Канибадом ауылында дүниеге келген. Балалық шағын тәжік тауларының етегінде, Сырдария өзенінің бойында, Соркөл, Сарықамыс деген жерлерде өткізген. Туған ауылы Кеңес үкіметінен теперіш көріп, отыз жылдай уақыт жер ауып жүріп, 1957 жылы Мақтарал өңіріне қоныстанады. 1963 жылы атамекеніне, Созақ ауданы, Қаратау совхозына қайта оралған. Осыған байланысты шығармаларын әл-Созақи деген атпен жазып жүреді.

1979 жылғы республикалық "Жалын" баспасынан "Бастау" атты тұңғыш өлеңдер жинағы жарыққа шыққан. Мұнан соң осы баспадан "Аңсар" (1984 ж.), "Көкемарал" (1994 ж.) атты жыр кітаптары, Оңтүстік Қазақстан баспасынан "Бөрінің жүрегі" (2002 ж.), "Тораңғылдың көз жасы" (2004 ж.), ал Алматы, Астана баспаларынан "Жүрегімнің ұясы" (2007 ж.), "Дарияның арғы жағы, бергі жағы" (2009 ж.) деп аталатын өлең, поэма, балладалар жинағы жарыққа шықты. "Дария жыры", "Жүректегі жауһарлар" атты ұжымдық жинақтарда өлеңдері жарияланды.

Биыл Абылай ханның хас батырларының бірі Жиенбет туралы "Жиенбет батыр" атты жыр жинағы Оңтүстік Қазақстан баспаларының бірінен басылып шықты.

Дүние көз алдымда дөңгеледің

Кир патшаның басы немесе

Томирис (Тұмар) ханымның ерлігі

 "Ержүрек сақтар" - деді түпкі тегім,

Бертінде бұл тарихты білді елім.

Аралға құярлықта, дария бойы,

Томирис ата жаудан алды кегін.

 Парсының бір патшасы Кир дегені,

Сол шақта болып тұрды кіл дегені.

"Менімен некелес" - деп шартын қойды,

Тұмар да бір сойқынды білген еді.

 Батырдың Тұмар қыбын тапты делік,

Тізеден шоқпарменен қақты келіп.

Басынан дулыға ұшып, бас шабылып,

Далиып даңғой, патша жатты өліп.

 Томирис патша басын қанға малып,

Деді ол - "Шайқасқа енді қамданалық".

Аз қолмен парсыларды талқандады,

Талайын суға салды қамап алып.

 Қанға сап Кирдің басын месіндегі,

"Қанға той, ұстап жүрсін есінде елі"

- деді де, дарияға лақтырды оны,

Шайқас біткен, жағалау бесін еді.

 Батырлық сақтан қалған, ғұннан қалған,

Ұрпақпен жасап, жайнар мына жалған.

Қанды бас түскеннен соң Сырдария

Қызарып, күреңітіп, тұманданған.

 Жүресің ел есінде Тұмар ханым,

Менің де кіл ерлікке құмар жаным.

Баянда кәрі тарих, сақтар жайлы,

Оқырман өзі білсін жыр аржағын.

 P.S.

Кир басын құялықта түмен күтіп,

Тұрғандай дария ағар күреңітіп.

 

Жиенбет батыр

Жиенбет батырым,

Борай ақыным.

(халық жыры)

 

Жау шапқан шақта сол бір андағайлап,

Тістелді қапылыста талай бармақ.

Санаға ерлікке де салып салмақ,

Кідірді бетпе-бет кеп қазақ қалмақ.

 

Басталмай тұрғанын да алаңда ұрыс,

Жас жігіт шауып келді жалаң қылыш.

Жау шебін бұзып жарып өте берді,

"Жараспас, - деді батыр, - енді тұрыс".

 

"Қазақтың қасиетті сүйем жері,

Жаныммен, жүрегіммен сүйем сені",

- деді де хан, "Абылай бала кім?" - деп,

Сұрады.

- Жиен ғой ол.

- Жиен бе еді?

 

Осылай жауап берді тағалары.

"Біраз жыл жиен бізді сағалады

Жиенбет болсын аты" - деп Абылай,

Баланың батырлығын бағалады.

 

Бөрілі байрақ ұстап жауға шапты,

Шайқаста дұшпанды алар жолын тапты.

Көкеміз Әбдімәлік айтқан бұл гәп,

Мөлдіреп сол күйінше ойда қапты.

 

Тарады Жиенбеттен үрім бұтақ,

Әйбике анамызды ел қадір тұтат.

Батырдың соңғы демі біткен жері,

Арқада Қарағанды, Қарабұтақ.

 

Сары тасты сары жел жиі сүйеді кеп,

Төменде толқын тасты сүйеді көп.

Кентауда тау басына шыға қалсаң,

Батырда кесене бар сүйегі жоқ.

 

P.S. Жиенбет Борай өзгеше сені сүйемін,

Тапсам керек түбінде батыр сүйегін.

Сталин өлген күні егілген ағаш

 

Наурызда көкпек кешіп қой өреді,

Қабарып қоймен бірге ой өреді.

"Сталин қайтыс болды,

Заңғарым-ай,

Тарихтың қалай аунар дөңгелегі?".

 

Осылай қаралы ой шұбырады,

Рахаң бетке алды құбыланы.

"Бұл елдің ертеңі енді не болады?"

Кеудесін ет жүрегі ұрғылады.

 

"Бейбіт күн.

Жайылған-ды керегесі,

Бұл елдің кім болады енді егесі?

Бос белбеу біреу келіп ел басына,

Қайтеміз кейін тартса кежегесі.

 

Саясат

Одан нені білемін мен,

Күмәнсіз қабыл алам жүрегіммен,

Алғанда жау жағадан,

Мәскеу тақап,

Сталин тапжылмады Кремльден.

 

Ақүйік, қырда Қыраш, ана тау жақ,

Баялыш, боз жусаны өсті қаулап.

Басшысы талай елдің ығына есіп,

Сталин тұрушы еді мұртын таулап.

 

Мынау ел өсіп-өнсін, жұтамасын.

Әлемде соғыс өрті тұтанбасын.

Еске алып күн көсемді жүру үшін,

Егемін Қаратауға тұт ағашын."

 

Сарғайып көкпек, жусан, жасыл өлең,

Тым-тырс жатар шақта тасып өзен.

Рахаң тұт ағашын еккен сонда,

Суарып көздің ащы жасыменен.

 

P.S.

Алпыс жыл,

Бек көтерген ел еңсесін,

Түсірер тұт ағашы көлеңкесін.

Хрущевтің қара көжесі

 

Түлкідей бұлтаратын бұлаңы көп,

Дүние-ай, саған қояр сұрағым көп

Бетпақта аспазшы әйел бізге ұсынды,

Қатықсыз қара көже қылаңы жоқ.

 

Завферма орнынан түрегелді,

Есігін қараша үйдің түре берді.

- Ұн қайда? Бидай қайда, мелдектеткен?

Қалың ел қалай өмір сүреді енді?

 

Завферма тұсын ұстап жүрегінің:

- Жейміз бе нанын енді жүгерінің?

Он отар қой иесі Молдахмет ем,

Осы ма құм болғаны жігерімнің?

 

Осылай бір аптадай жалғасты күн,

Шаттықты мұңдау шаққа алмастырдым.

Созақта гуілдеген әңгіме көп,

Хрущев шетел берген ел астығын.

 

Нені ұғам саясаттан балаң шағым,

Әйтеуір әлденеге алаңдадым.

Апта күндей жүгері нанын жедік,

Бұлыңғырлау боп кетті болашағым.

 

Тайқоңыр, жазық дала, әрісі құм,

Уақыт алға озып, жарысты күн.

Кеңестен қуғын көрген әкем болса,

Үндемей жүре берді жарықтығым.

 

Біз жүрсек қора соғып, Бетпақ қонып,

Ұн түсті, Бақырлыға қап-қап болып.

... Дүрдиіп дүкеншілер шыққан сонда,

Аз ұнды қымбатына сатпақ болып.

 

P.S.

Десем де замананы ұлықтаймын,

Көжесін Хрущевтің ұмытпаймын.

Брежневтің табыты

немесе "жаман ырым"

 

Төменге қызыл жалау түсірілді,

Кейінге талай ісің ысырылды.

Газетте қаралы күн кезекшімін,

Бұлыңғыр болып кетті түсім түрлі.

 

Қалың қас, жазық маңдай данам еді,

Жалпақ ел ертеңіне алаң еді.

Білетін халық сонда қалар нені,

Етегі кең пішілген адам еді.

 

Молайып, ел ырысы тасып еді,

СССР талай қырдан асып еді.

Қазаққа тың көтерткен Леонид Ильич,

Мен білсем сол заманның асылы еді.

 

Бүйрегі бізге ерекше бұрылатын,

Жүрегін Қонаевтың ұғынатын.

Әр сөзі Брежневтің сілтемесі,

Біз үшін Қағба және құбылатын.

 

Астарын әр сөзімнің аңғарыңыз,

Арайлай атқан сонда таңдарымыз.

Қоштасты қалың елі қимай-қимай,

Табытта жатыр әне заңғарымыз.

 

Соңғы сәт!

Қаралы күн құшып көкті,

Салдырап табыт төмен түсіп кетті.

Арқанды бос ұстады-ау екі жігіт,

Зәреміз ырымды ойлап ұшып кетті.

 

Заманым өткендейін мамыражай,

Соқпады Андропов халқыма жай.

.... Парағы заманалар аударылып,

Келеміз бейбіт күннен ажырамай.

 

P.S.

Жер бетін мекендеген, ей адамдар,

Табытты көр саларда абайлаңдар.

М.С.Горбачев. Жүзім

 

"Шарап па, шарапшыма, кім кінәлі?"

Сол жағын айыра алмай жүрмін әлі.

Заңғардан, заңнамалар өріс алып,

Дүние неге сонша құбылады?

 

"Орнатам шарабыңа ғазауатты,

Болады Совет елі салауатты".

Дегені Горбачевтің пәрмен беріп,

Сол шақта кең әлемге тарап жатты.

 

Ресей, Белоруссия, түстігім бе,

Қарамай көктем, жазың, қыс күніне.

Айдалды жүзімдіктер соқаменен,

Диқанға ауыр салмақ түсті міне.

 

Ақ жүзім, қара жүзім, жүзім, жүзім,

Кең жапқан дақыл еді жердің жүзін.

Оңтүстік өлкесінде жүзім жылап,

Айрылды ажарынан құла дүзім.

 

Бейсеубет шарап енді сатылмайды,

Дүкенді белсенділер бақылайды.

Дүбәра шарап жасап түн жарымы,

Қазаны саудагердің сақырлайды.

 

Шарапсыз тойлар өтсе көзді бояп,

Масаңдау шаққа кейде қалдық таяп.

Оңтүстік өңіріне барғанымда,

Оталған жүзімдікті жүрдім аяп.

 

Тоқтамай уақыттың дөңгелегі,

Әр іс пен қадамыңа дем береді.

Шарапқа шашаң батпай жүрсең деймін,

Адамға денсаулық қой ең керегі.

 

P.S.

Қайта түлек балақтамды көп жүзім,

Шарабың ба?

Жаулап алды жер жүзін.

Николайды тақтан құлатқан Ленин, Ленинді тұғырдан

алған Рамазан

Болған оқиға ізімен

 

Күн шуағы шұбап барып асты қыр,

Еңселерді зілмауыр ой басты бір.

Күн көсемді талай жылдар көтерген,

Тасбөгетте болатын бір тас тұғыр.

 

Одақ тарап жатқан сол бір кез еді,

Жандайшаптар тілін күнде безеді.

Болашақты кімдер қалай сезеді?

Алдау-арбау ... адам қалай төзеді?

 

Қашан бітер біле алмадым бұл ылаң,

Қоғам малын алушы көп шұбырған.

Рамазан бір жиында сөйледі,

"Тайдырам, - деп, - Күн көсемді тұғырдан".

 

- Мұның қалай?

- деді, бір қарт, - шырағым.

"Қайта құру болар, - деді ол, - ұраным",

Поссоветтің төрағасы Молдашев,

Алып келді сол күні дәу кранын.

 

Дегендеймін "Іс тағдырға" сызылды,

Батар күннің төкті шапақ-қызылды.

Ленин болса қозғалмады тұғырдан,

Алып кран ұзамай-ақ бұзылды.

 

"Жаман ырым" дедік қойып сұрақты,

Кешкі шапақ көздің жасы сияқты.

Ертесіне Рамазан тағы кеп,

Күн көсемді тұғырынан құлатты.

 

Реніш пен қалың ойлар сезіле

Қарт коммунист толқып тұрды егіле.

Көсемдерді көзге ілмеген Молдашев,

Қызметінен кетті бір күн өзі де.

 

P.S.

Рамазан төраға боп ұйымға,

Асабалық етеді үлкен-кіші жиынға.

Мұхамеджан НҰРХАНОВ

 

Пікір қалдыру


Қорғаныс саны
Жаңарту

Іздеу

Сауалнама

Бүгінде журналистерге қай сала мамандарынан ақпарат алу қиын?

Медицина - 57.1%
Прокуратура - 0%
Сот - 0%
Департаменттер - 14.3%
Облыстық басқармалар - 28.6%

Дауыс саны: 7
The voting for this poll has ended on: 29 Шіл 2017 - 00:00

Жоба туралы

Сыр өңірінің тумасы, қайсар қаламгер, ақын Зейнолла Шүкіровтің рухына арналған «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты облыстық жас ақындар мүшәйрасы өтті.

 «Руханиятты жаңғырту» қоғамдық қоры мен республикалық әдеби-мәдени, тарихи-танымдық «Әлімсақ» журналы Зейнолла Шүкіровтің рухына арнап биыл төртінші рет дәстүрлі «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты талантты жас ақындар мүшәйрасын ұйымдастырды. Биылғы жылдың жеңімпазы - М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжінің студенті Нәбира Ешниязова.

 

 

Редакцияға хат

Email:
Тақырып:
Текст:

Әлеуметтік желілер

Күнтізбе

<< < Маусым 2015 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 26 27 28
29 30          

As we continue our list of fantasy football”s top 101 PPR players of 2017 we have three players who have recently finished in the top-15 at their positions.

In fantasy football there will always be players who have an unexpected drop or rise from one year to the next. One player on today’s list was a top-six wide receiver in 2015. The next year,Vince Wilfork Jersey he wasn’t even a top-20 wide receiver.

The same can be said about a running back on today’s list who was a top-five running back in 2015. Last year, he wasn’t even a top-18 running back. Who are these players and what should we expect from them in 2017?

To be clear,J.J. Watt Jersey the top 101 PPR players are for re-draft leagues only. Here’s a look at players ranked No. 38-36:

Last season Patriots wide receiver Julian Edelman finished fourth in the NFL in receptions with 98. He also set a career-high in receiving yards with 1,106. In the end,Brian Cushing Jersey Edelman finished 2016 as the 15th PPR wide receiver. Unfortunately for Edelman, I see a regression coming his way in 2017.

The 2016 season was only the second time in Edelman’s eight-year career he played in all 16 games in a season. The other time came back in 2013. Going into 2017, the odds are against the 31-year old receiver to play in all 16 games in back-to-back years for the first time in his career. Even if he somehow manages to stay healthy for all 16 games, he’s sure to lose targets and receptions.

Last year Patriots star tight end Rob Gronkowski had a career-low 25 receptions. Gronk was never 100 percent during the 2016 season and only appeared in eight games. Going into 2017,DeAndre Hopkins Jersey he will be back to full strength. Also, the Patriots traded their 2017 first-round pick for Saints wide receiver Brandin Cooks. The former Oregon State Beaver will be the team’s new No.1 wide receiver.

Журнал туралы

«Әлімсақ» журналы – рухани серігіңіз

 Қазақтың ғасырлар қойнауынан тамыр тартқан, әлімсақтан келе жатқан хатқа түскен тарихының, ұлттық болмыс-бітіммен астасқан әдебиеті мен мәдениетінің, тілі мен дінінің, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрінің бірден-бір насихатшысы, Сыр бойының тарихында алғаш рет әдеби-мәдени, тарихи-танымдық бағытта жарық көрген «Әлімсақ» журналының оқырманына жол тартқанына алты жылға жуық уақыт болып қалды. 2009 жылдың сәуір айынан бастап алғашқы нөмірі жарыққа шыққалы бері қазақ әдебиеті мен тарихына қатысты мақалаларды ортаға салып, Сыр өңірінің мәдениеті мен өнерін насихаттап, облысымыздың бүгінгі мәдени, әлеуметтік дамуындағы өзгерістерді ақпараттандыруда журналдың қосып келе жатқан үлесі салмақты.