Бас редактор бағаны

"Әлімсақ" журналының бас редакторы, филология ғылымдарының кандидаты

Нұрлан Көбегенұлы Нұрмаханов

 Бас кеспек болса да...

Журналға тіркелу

Валют бағамы

Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан

Серіктестер

Алаш айбыны - Бұқарбай

 

ХІХ ғасыр Алаштың қайраты қайтып, бодандықтың қамытын киген ұлт тарихындағы сұрапыл кезең болып табылады. Екі жүз жылға созылған Қазақ - Жоңғар қақтығысынан кейін, бірі мәңгілік жоғалса, екіншісі Ресей империя-сының темір қамытын киюге мәжбүр болды. Ресей империя-сына жүз жылға қалқан болған Кіші жүз толықтай еркіндігінен айрыл-ғаннан кейін, аюдай ақырған Ресей империясы бар жоғы 20-30 жылда Орта Азияны толықтай бағын-дырды.

ХVІІІ ғасырда түрлі диплома-тиялық келіссөздер жүргізсе де, Ресей Қазақстанды Азияға шығатын қақпаның кілті ретінде пайдаланды. Негізгі мақсаты - қазақтың хандық билігін жойып, өз басқару тетіктерін орнатып, бір орталықтан қадағалап отырғысы келді. Әрине, ол мақсатына да жетті. Қазақ даласын отар елге айналдырып, хандық билікті жойып, біртұтас елді әр аймаққа бөліп тастады. Тарихи деректерге жүгінсек ХІХ-ХХ ғ.ғ. қазақ даласында 300-ден астам көтеріліс болған.

ХІХ ғасырдың алғашқы жартысындағы халықтың ұлттық мүддені көксеуі - Сырым Датұлы бастаған көтерілісте-ақ айқындалған болатын. Жайық жағасына 10 шақырым жақындай алмай, көшіп қонуға тыйым салған көшпенді халық үшін одан асқан ауыр жарлық жоқ еді. Соның салдарынан бекіністер қиратылып, Кіші жүздік дүрбелеңге әкелсе, бодандыққа қарсылықты жалғаған Абылайдың немересі Кенесары Қасымұлы (1937-1947ж.ж.) бастаған ұлт-азаттық көтеріліс екені даусыз. Азулы Ресей империясына еш сескенбестен соғыс жариялап, қазақ жұртын бір орталыққа бағындыруды көздеген Кенесары хан толық өз мақсаттарына жете алмады. Оған себеп, Ресей үкіметінің қазақ даласын отарлаудағы пиғылы мен мақсаттары болса, екінші жағ-дайда үш жүздің толық бір ауыздан бірікпеуі еді. Отаршыл-дық жүйенің қандай мақсатты көздегенін түсінген қазақ сұлтан-дары мен батырлары үшін нара-зылықтың тууы заңды құбылыс. Еркіндік үшін болған көтеріліске Алаштың анасы болған қасиетті Сыр өңірінің қазақтары да қатысты. Солардың қатарында ХІХ ғасырда дүниеге келіп, Қазақ тарихында өзіндік өрнек сала білген, ел аузындағы Алаш айбы-нына айналған Бұқарбай батыр да бар. Сыр ана даңқты тұлғала-рымен, алып шаhарларымен әйгілі десек қателеспесіміз анық. "2012 жылы 200 жылдық мерейтойын атап өткен Бұқарбай батыр кім еді? Ол қазақ тарихында қандай ізімен есте қалады?" - деген сұрақтар бүгінгі жас ұрпақтың көкейінде тұрары анық. Бұл сұрақтарға жауап негізінде ХІХ ғасырдағы тарихи жағдайларды алға тартуға болады. Шығысында аждаһадай Қытай елі тұрса, оңтүстікте қазақ жеріне сұғынған Қоқан, Хиуа хандықтары, ал солтүстігінде аюдай ақырған Ресей империясының қысымы еді.

Кеңес уақытында қазақ зиялысы Е.Бекмаханов ХІХ ғасырдың 20-40 жылдарындағы Қазақ халқының мәселесін қарастырғаны үшін сол уақыттағы цензураға ілініп, қысымға ұшырап 25 жылға сотталған болатын. Асылы, еңбек Кенесары хан көтерілісі жайында. Айтпағым, Бұқарбай батыр да - Кенесары көтерілісіне басынан-аяқ қатысып, оны қолдаушылардың бірі ретінде тарихта өз ізін, өрнегін қалап кеткен тұлға.

Бұқарбай Естекбайұлының өмірдерегіне жүгінсек, 1812 жылы қазіргі Сыр топырағында дүниеге келіп, 1898 жылы 86 жасында қайтыс болған. Ел аузында батырлығымен, шешендігімен есте қалған. Кіші жүз үш аталыққа бөлінеді десек, Жетіру ішінде Табын руының Теке аталығынан тарайды. Бұқарбайдың өмірдерегіне үңілу үшін, ХІХ ғасырдағы Сыр бойының тарихын қарастырған абзал. Қоқан хандығы қазақ даласындағы иеліктерін басқару негізінде Созақ, Жаңақорған, Жөлек, Ақмешіт, Шолаққорған бекіністерін нығайтқан болатын. Бірақ Орталық Қазақстанда тұтанған Кенесары хан көтерілісі саяси жүйелікпен Қоқан хандығына да соғыс жариялады. Кенесарының өзіндік жеке мақсаттары болғанымен, Сыр бойы Қоқан хандығының езгісінде еді. Міне, бес қаруын асынған батыр Бұқарбайдың елі үшін жасаған ерлігі қазақ тарихында тайға таңба басқандай айқын көрінеді. Бұқарбай батыр Кенесары бастаған ұлт-азаттық көтерілістің ерекше батыры ретінде түрлі деректерде келтіріледі. Е.Бекмахановтың "Қазақ халқының Кенесары бастаған ұлт-азаттық қозғалысы" атты тарихи монографиясында Табын руынан шыққан Бұқарбай батыр (Кіші жүз, Сырдария маңынан) Кенесарының сенімді серіктерінің бірі еді. Бұқарбай батырдың ерліктері мен аса беделді болғандығы және өмірбаянының қызықты кезеңдері жөніндегі әңгімелер халық арасында кең тарап кеткен",- деп жазуы тегін емес-ті. Бұқарбай батыр 1838 жылы тамызда Ақмола бекінісін алуға қатысты. 1850 жылдары Бұқар-байдың жасағы Қазалы, Арал, Қосқорған бекінісіне шабуыл жасап, казак-орыстар мен қоқандықтарды жеңді. Орыс тіліндегі деректерге қарағанда, Бұқар-бай осы шайқастардың бірінде ауыр жараланып, еліне қайтқан соң, бейбіт еңбекпен айналысқан. Егін егіп, кейін бұл атырап "Бұқарбай қорымы", "Бұқарбай арығы", "Бұқарбай төбесі", "Бұқарбай қыстауы" деп аталып кеткен.

Қазіргі таңда Бұқарбай зираты Қызылорда облысы Жалағаш ауданы, Қаракеткен ауылынан солтүстікке, солтүстік шығысқа қарай 21 шақырым қашықтықта орналасқан.

Бұқарбай батырдың ерліктері ақын-жыраулардың мұраларынан кеңінен көрініс тапты. Мысалы, Жетіру Керейт руынан шыққан Нысанбай жыраудың "Кенесары - Наурызбай" дастанындағы үзінділерге мән берсек:

...Бұқарбайды мақтады:

-Бәрекелді, ерсің! - деп,

Ағыбайды шақырды,-

Атын алып келсін,- деп.

Сүйекке шапқан ер болар

Әркім мұны құрсын,- деп.

Жауға шапқан батырлар

Намыстанып өлсін,- деп.

Көңілде үлкен ер едің,

Сүйекке неге шаппадың?!

Жарамады олжа деп,

Ағыбай, атқа шапқаның.

Сүйекке шапқан ер екен,

Бұқарбайды мақтадым.

Ағыбай батыр қорланды,

Екі жағына сыймады.

Ішін жарып өлерге

Жанынан пышақ таппады... - деп жырлауы Бұқарбай батырдың беделін көрсетсе, жетісулық ұлы ақын Жамбыл Жабаев мұраларынан мынадай деректерді кездестірдік: "Кенесарының Жетісуға келгенін, бір кезде Сүйінбай бәріміз ұзақ жырмен айтушы едік, сонан есте қалғандар" - деп өрбіте келе:

...Жалаң қылыш байлаған,

Жау қайда деп сайлаған

Батырлар келді Қордайға...

...Кенесары алдында

Өңкей көкжал бас қосқан...

...Жауды көрсе қуанған,

Алмасын қанға суарған,

Табыннан шыққан Бұқарбай.

Қара тасты айырар

Қайраттары алмастан

Сондай ерлер өтті ғой

Дұшпаны мен айқасқан...

- деп толғап өткен екен. ХІХ ғасырдың даңқты батырларының бірі Бұқарбай батыр елінің езгіге түсіп, отар елге айналуына толық қарсылығын білдірді. Сыр топырағында жасақ дайындап, Кенесары ханның көтерілісіне тікелей атсалысуы соның дәлелі іспеттес. Бұқарбай батырды қай қырынан алсақ та, қазақ тарихындағы сом тұлға. Өз жанын халқы үшін арнап, елдің мұң-мұқтажын, кем кетігін жамауы сол замандардағы батырлардан күтілген талап десек те, заман мәселесі еді. Осы мәселелердің түйінін сол кездердегі қазақ қоғамы дербес шешкісі кел-генімен, Ресей империясының қалауы мен қажеттілігі түбі орындалды. Себебі, ХХ ғасырдағы ауыр жағдай, қоныстандыру саясаты, ұжымдас-тыру осының басты дәлелі.

Сыр өңірінің көрнекті ақыны Әбділдә Тәжібаев "Бұқарбай батыр нағашым" өлеңінде:

...Кенесары ханның оң қолы

Наурызбайдың да ағасы.

Ұстанған таза өз жолын

Қазақтың қыран баласы.

Елі үшін ғана еңіреген,

От болып жанған сөнбеген

Бұқарбай батыр, нағашым!

Аспандай ашық жан сыры

Таппаған жаумен жарасым.

Жақсылықтың досы айнымас

Халқының таудай панасы.

Өз елін сүйген жанындай

Кеудесі тола ақ шұғыла

Бұқарбай батыр, нағашым!

Қырандай қағып қанатын,

Аспанда күннің қағатын,

Жерінен таныс табатын,

Елінен қуат алатын,

Ерлікке жұртын бастаған

Жыртқызбай жауға жағасын.

"Қазағым" деп қан жұтқан

Бұқарбай батыр, нағашым!...

- деп толғауы тегін емес. Қалай десек те, ХІХ ғасыр тарихын қай қырынан алып қарасақ та, Бұқарбай батыр даңқты тұлға, әрі қолбасшы. Бұқарбай туралы Е.Бекмаханов зерттеулерінде, жазушы І.Есенберлиннің "Қаһар" романында, К.Бердәулетовтың "Бұқарбай батыр" кітабында деректік көрініс тапқан. Тарихшы Ж.Қасымбаевтың тілімен айтқанда, "Кенесары көтерілісі оған дейінгілер жасамаған алпауыт көтеріліс еді". Міне, осындай қазақ халқының басына бұлт төнген заманда ел еңсесін тіктеп, бір басы Ресей, екінші ұшы Қоқан, Хиуа хандықтарына қарсылық танытып, тіпті Кенесарымен бірге түрлі шайқаста өз ерлігімен елін сүйсіндірген баба ұрпақтары Бұқарбай батыр ерліктерімен мақтана алады. Бұқарбай батыр Сыр топырағында туылған даңқты батыр, өз елінің тәуелсіздігін көксеген саяси қайраткер ретінде Отан тарихының жарқын беттерінен көрініс таппақ.

2012 жылдың күзінде облыс орталығында Бұқарбай батыр ескерткіші орнатылды. Ескерткіш Қызылорда қаласы Ғ.Мұратбаев мен Бұқарбай батыр көшелерінің қиылыстарында орналасқан. Ескерткіштің авторы - Ж.Исмагулов. Негізгі тұғыры 3,7 метр болса, биіктігі 6,1 метрді, ал салмағы 6 тоннаны құрайды. 200 жылдық мерейтойын баба ұрпақтары мен республика жұршылығы атап өткен болса, бес қаруын асынған Бұқарбай батыр елімен бірге мәңгі жасай бермек.

 Еркебұлан ЕЛЕУОВ,

Тарихи және мәдени ескерткіштерді

қорғау жөніндегі мекемесінің

археология және ғылыми зерттеу

бөлімінің қызметкері,

тарих ғылымдарының магистры

Пікір қалдыру


Қорғаныс саны
Жаңарту

Іздеу

Сауалнама

Бүгінде журналистерге қай сала мамандарынан ақпарат алу қиын?

Медицина - 57.1%
Прокуратура - 0%
Сот - 0%
Департаменттер - 14.3%
Облыстық басқармалар - 28.6%

Дауыс саны: 7
The voting for this poll has ended on: 29 Шіл 2017 - 00:00

Жоба туралы

Сыр өңірінің тумасы, қайсар қаламгер, ақын Зейнолла Шүкіровтің рухына арналған «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты облыстық жас ақындар мүшәйрасы өтті.

 «Руханиятты жаңғырту» қоғамдық қоры мен республикалық әдеби-мәдени, тарихи-танымдық «Әлімсақ» журналы Зейнолла Шүкіровтің рухына арнап биыл төртінші рет дәстүрлі «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты талантты жас ақындар мүшәйрасын ұйымдастырды. Биылғы жылдың жеңімпазы - М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжінің студенті Нәбира Ешниязова.

 

 

Редакцияға хат

Email:
Тақырып:
Текст:

Әлеуметтік желілер

Күнтізбе

<< < Маусым 2015 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 26 27 28
29 30          

As we continue our list of fantasy football”s top 101 PPR players of 2017 we have three players who have recently finished in the top-15 at their positions.

In fantasy football there will always be players who have an unexpected drop or rise from one year to the next. One player on today’s list was a top-six wide receiver in 2015. The next year,Vince Wilfork Jersey he wasn’t even a top-20 wide receiver.

The same can be said about a running back on today’s list who was a top-five running back in 2015. Last year, he wasn’t even a top-18 running back. Who are these players and what should we expect from them in 2017?

To be clear,J.J. Watt Jersey the top 101 PPR players are for re-draft leagues only. Here’s a look at players ranked No. 38-36:

Last season Patriots wide receiver Julian Edelman finished fourth in the NFL in receptions with 98. He also set a career-high in receiving yards with 1,106. In the end,Brian Cushing Jersey Edelman finished 2016 as the 15th PPR wide receiver. Unfortunately for Edelman, I see a regression coming his way in 2017.

The 2016 season was only the second time in Edelman’s eight-year career he played in all 16 games in a season. The other time came back in 2013. Going into 2017, the odds are against the 31-year old receiver to play in all 16 games in back-to-back years for the first time in his career. Even if he somehow manages to stay healthy for all 16 games, he’s sure to lose targets and receptions.

Last year Patriots star tight end Rob Gronkowski had a career-low 25 receptions. Gronk was never 100 percent during the 2016 season and only appeared in eight games. Going into 2017,DeAndre Hopkins Jersey he will be back to full strength. Also, the Patriots traded their 2017 first-round pick for Saints wide receiver Brandin Cooks. The former Oregon State Beaver will be the team’s new No.1 wide receiver.

Журнал туралы

«Әлімсақ» журналы – рухани серігіңіз

 Қазақтың ғасырлар қойнауынан тамыр тартқан, әлімсақтан келе жатқан хатқа түскен тарихының, ұлттық болмыс-бітіммен астасқан әдебиеті мен мәдениетінің, тілі мен дінінің, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрінің бірден-бір насихатшысы, Сыр бойының тарихында алғаш рет әдеби-мәдени, тарихи-танымдық бағытта жарық көрген «Әлімсақ» журналының оқырманына жол тартқанына алты жылға жуық уақыт болып қалды. 2009 жылдың сәуір айынан бастап алғашқы нөмірі жарыққа шыққалы бері қазақ әдебиеті мен тарихына қатысты мақалаларды ортаға салып, Сыр өңірінің мәдениеті мен өнерін насихаттап, облысымыздың бүгінгі мәдени, әлеуметтік дамуындағы өзгерістерді ақпараттандыруда журналдың қосып келе жатқан үлесі салмақты.