Арда туған азаматқа дем беріп,арғымақ келді жаңа жылды өңгеріп

Арда туған азаматқа дем беріп,арғымақ келді жаңа жылды өңгеріп

Қазақ халқы ежелден төрт түлік малды бағып, жазда жайлауға, қыста қыстауға көшіп жүрген керемет...

Ұлттық тәрбиенің мәні – ұлттық ойындар

Ұлттық тәрбиенің мәні – ұлттық ойындар

  Ойнамайтын бала жоқ. Сухомлинскийдің сөзімен дәлелдейтін болсақ, "Ойынсыз ақыл-ойдың қалыпты...

АҚШ -тағы КЕН АЛИБЕК ЕЛГЕ ҚАЙТА ОРАЛДЫ

Кезінде АҚШ-қа кетіп қалған көрнекті микробиолог ғалым, полковник Кен Алибек туралы (азан шақырып...

 АБАЙША СҮЙІП, АБАЙША КҮЙІП ЖҮРМІЗ БЕ?

АБАЙША СҮЙІП, АБАЙША КҮЙІП ЖҮРМІЗ БЕ?

Атады таң, батады күн, толады ай.  Ауысады күнде саба, толағай.  Бірі барда бірі болмай,...

 Қамбаш көлі туризм аймағына айнала ала ма?

Қамбаш көлі туризм аймағына айнала ала ма?

 Сыр бойы – туризм саласынан кенде емес аймақтардың бірі. Айтатыны жоқ, Қазақстан өзінің...

  • Арда туған азаматқа дем беріп,арғымақ келді жаңа жылды өңгеріп

    Арда туған азаматқа дем беріп,арғымақ келді жаңа жылды өңгеріп

  • Ұлттық тәрбиенің мәні – ұлттық ойындар

    Ұлттық тәрбиенің мәні – ұлттық ойындар

  • АҚШ -тағы КЕН АЛИБЕК ЕЛГЕ ҚАЙТА ОРАЛДЫ

  •  АБАЙША СҮЙІП, АБАЙША КҮЙІП ЖҮРМІЗ БЕ?

    АБАЙША СҮЙІП, АБАЙША КҮЙІП ЖҮРМІЗ БЕ?

  •  Қамбаш көлі туризм аймағына айнала ала ма?

    Қамбаш көлі туризм аймағына айнала ала ма?

Бас редактор бағаны

"Әлімсақ" журналының бас редакторы, филология ғылымдарының кандидаты

Нұрлан Көбегенұлы Нұрмаханов

 Бас кеспек болса да...

Журналға тіркелу

Валют бағамы

Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан

Мұрағат

Серіктестер

Latest News

Қазақтың тойы тұсаулануы мүмкін бе?

Асабаларша айтатын болсақ, қырда қой баққан, жүйрік жаратып, қымызға бие байлатқан, дәм-тұзды ақтай білген, достықты сақтай білген қазақ халқын тойсыз елестету әсте мүмкін емес. Тәтті-дәмдісін бала-шағасының аузынан жырып, қонағының алдына тосатын халқымыз тойды қазынаға балайды. Иә, тіпті ішерге асы болмай қиналған кешегі ашаршылық заманында да көз қуанышына ортақтасып келген меймандарға даладай дастархан жайып, арқа-жарқа болып жататын да қазақ. Бұл біздің қанымызға сіңген қасиет, һәм өзімізге тән менталитет.

 Ақ тілегін ала келген ағайын-туыстармен бәсекеге түсіп, тіпті бірінен бірі асып, шет елдің әртістерін шақырып, тойды бәсекелестік ортаға айналдырып жүргендерді де көз көріп, құлақ естіп жүр. Әйтсе де, қазірде байыптап қарайтын болсаңыз, той жасаймын деп дарақылыққа салынып, ысырапшылдыққа жол беріп жатқандаймыз. Шоу бизнестегілер той бизнесті жандандырып, тіпті үй жағалап, тойды шоуға айналдырып жүргені де жалған емес.

 Иә, жайма шуақ мамыражай күндер де келіп жетті. Тойдың көркі қызатын шақ. Домбырасын арқасына асып, сөзін сайлаған асбалардың түнделетіп дүбірлі тойдан қайтатын той маусымы да басталды. Жақсы күндерде бас қосып жүрген тойшыл қазақтың ендігі той-думаны қадағалануы мүмкін. Әрбір күнді тойға айналдырған жұртшылық қазақ тойының жаңа талабын қалайша қабылдайды екен? Көпшілікті күпті еткен осынау сауалдарға жауап іздегенді жөн көрдік.

Тақырыбымызға тұздық болатын мына деректерге көз жүгіртсек дейміз, қазіргі қазақ тойларында орта есеппен бір отбасының бір жылдық күнкөрісіне жетерлік қаражат бір тойда шығындалады екен. Ауылдық жерлерде 200 адамдық тойға 400 мың теңгені жеткізуге болса, қалалық жерлерде 200 адамға кемінде 2 миллион теңге қаржыңыз кетеді. Ал, асабаны 5-8 мың долларға, әр әншіні кемінде 3 мың долларға жалдап, адам басына 300 долларлық мейрамханада той өткізетін қалталылардың той шығынының есебіне жете бермейсің.

Бірақ та дархан жүректі қазағымыз той жасау үшін барлық мүмкіндігін, қарыз алып қауғаланса да, ең бастысы "ел жұрттан ұят болмасын" деген желеумен, яки намысқа тырысып, "ұлы той" жасауға құмар.

Хош! Жақында "той бизнесі" деп томпандап жүретін тойшыл қауым үшін жаңа заңның қабылдануға бетбұрыс жасалуы ойландырып тастағандай. Қазақы қалжыңға құрылған қазақ тойы құрыққа түспек, әсілі тұсауланбақ. Енді той жасайтын болсаңыз, "әдептілік полициясы" сіздің тойыңыздың құрметті қонағы болмақ. Бұл заң тойда орын алып отырған әдепсіздіктер мен тәртіпсіздіктерге байланысты қаралып отырса керек.

Жаңа тойдың жаңалығы болатын жайттарға тереңірек зер салғаныңыз артықтық етпейді. Республикалық "Алаш айнасы" ақпараттық агенттігі таратқан мәлімдемеге сүйенер болсақ, жаңа заңда тойларды тек түнгі сағат 23:30-ға дейін өткізуге рұқсат беріледі. Той сарқытын алып, бір-бірімен қоштасуға қонақтарға тек жарты сағат қосымша уақыт бөлінеді екен. Түнгі сағат он екіде барлығы тарқасуы тиіс. Шындығында бұл кезең тойдың қызатын уақыты, сондықтан той сарқытын алуға берілетін уақытты да есептеп отыру керек секілді.

Ең қызығы, тойды бақылап отыратын жаңа инспектор қонақтарға шараптың орнына қымыз ұсынып, араққа қатты масайғандарды тойдан шығарып жіберетін болады. Ашық-шашық киінген әйелдерге тойда инспектор орамалдар үлестіріп, ұятты жерлерін жабуын талап етеді. Кеш басында той қонақтарына өзін өзі ұстау әдебі мен ішімдіктің зияны туралы фильм көрсетіледі. Түйіндеп айтқанда, тойдың жоғарғы деңгейде (кейбіреулер үшін дарақы) өтуінің тізгіні құда-құдағилардың қолында емес, инспектордың бақылауында болмақ.

Бір қызығы, тойдың "бас құдасы", яки инспекторы жиналғандарға Қазақстанның моральдық бет-бейнесі жөнінде түсіндіріп өтіп, брошюралар таратады-мыс. Тойыңызда жөнсіздіктерді жөнге келтіріп, тәртіпсіздікке тәртіп орнататын инспекторға артылатын міндеттің салмағы ауыр.

Көпшілік алдында жалаңаштанатын қонақтар-ға 100 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айып-пұл салынатын болады. Мұнымен қоса, тойда ұятсыз әрекеттерге барған азаматтардың фотосы бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланып, көшелерге ілініп қойылмақ. Сондықтан ақпарат құралдарының "жұлдызы" болмаймын десеңіз, тойда әдептілік сақтауды ұмытпаңыз.

Жаңа заң дүйім жұртты өзіне елітіп, дөрекі әзіл әңгімелер, ұятсыз бірқақпайлар айтып, ел-жұртты қуанышқа бөлеуге тырысқан асабалар-дың да тіліне абай болғаны жөн. Себебі инс-пектор әдепсіз сайыстар мен оспадар ойындар ұсынған асабаға жұмысын тоқтатуын талап етуге құқылы көрінеді. ("Салық төлемедің" деп "жағадан алатындар" туралы әңгіме өз алдына).

Біз де қаламыздағы асабалардың бірінен жаңа заңға қатысты өзінің пікірін білген едік.

- Шындығында мұндай тәртіп біздің қазақ тойындағы әдепсіздікке тұсау салмақ. Себебі қазіргі тойларда дарақыланып, әдепсіздік жиі қылаң беріп отыр. Тойдағы басты кейіпкер инспектордың жүруін жеке өзім құптамаймын. Тойдың қуанышында жүрген иснпектор қатаң тәртіп орнатамын деп, "асыра сілтеп", тойдың берекесін қашырып жібермей ме екен?" деген қорқыныш бар. Себебі тойға жиылған тойшыл қауымның арасында кеудесін керіп, ащы судан дәм татқан қазақтың аға-көкелері қыңыр мінездерін көрсетіп, тойды дауға айналдырып жібермесіне кім кепіл. Арақ ішкен адамға ақыл айтпас бұрын сол арақтың көзін жоюды бірінші ойластырған дұрыс секілді. Қазақ халқы еркіндікті жаны сүйетін халық, мұндай шектен асқан тыйымдарды орнымен қойғаны дұрыс. Сондықтан бұл заңды әлі де қарау қажет секілді,- дейді асабашы жігіт Азамат Күзеков.

Біздегі қолданыстағы заңдарға қарайтын болсақ, бұл тәртіптің орнауына әлі бірнеше жыл бар секілді. Себебі қазіргі күшіне енген заңдар уақыт өтпей жатып, қайтадан түзетулер мен толықтыруларға ұшырайды. Сондықтан мың ойланып, жүз толғанып барып, ақылға сыйымды бір шешімге келген дұрыс деп есептейміз. Оның үстіне, заң-паңға пысқыра қоймайтын, жалғанды белшесінен басып, ойына келгендерін жасап жүрген кей байшікештердің де, шелтиген көп шенеуніктердің де бұл жаңа заң басын ауырта қоймайтын сықылды. Қарапайым халықтан бұрын соларды оятып алған жөн-ау әуелі.

Заңды құрастырушылардың айтуына қараған-да, жаңа заң қазақстандық той-бизнесінің дұрыс дамуына септігін тигізеді деп санаса, биік мінбе-лерде отырған депутат ағаларымыз аталмыш заң қоғамның моральдық құлдырауына жол бермей, қазынаны салықпен толтырумен қатар, мемлекет имиджін сақтайтын болады деп үміттенуде.

"Біреу тойып секіреді, біреу тоңып секіреді". Жаңа форматтағы қазақ тойы шынымен тәрбие құралына айналатынын, болмаса кімдердің мүддесін қорғап, кімдерге арналатынын уақыт еншісіне қалдыра тұрайық. Біз әзірге көпшіліктің пікір білдіруі үшін ой қозғадық.

А.ҚАРАКЕСЕК

 

 

Пікір қалдыру


Қорғаныс саны
Жаңарту

Іздеу

Сауалнама

Бүгінгі күні оқушылар мамандықты қалай таңдайды?

Жоба туралы

Сыр өңірінің тумасы, қайсар қаламгер, ақын Зейнолла Шүкіровтің рухына арналған «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты облыстық жас ақындар мүшәйрасы өтті.

 «Руханиятты жаңғырту» қоғамдық қоры мен республикалық әдеби-мәдени, тарихи-танымдық «Әлімсақ» журналы Зейнолла Шүкіровтің рухына арнап биыл төртінші рет дәстүрлі «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты талантты жас ақындар мүшәйрасын ұйымдастырды. Биылғы жылдың жеңімпазы - М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжінің студенті Нәбира Ешниязова.

 

 

Редакцияға хат

Email:
Тақырып:
Текст:

Әлеуметтік желілер

Күнтізбе

<< < Маусым 2015 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 26 27 28
29 30          

Біз туралы

Редакция құрамы

 

Бас редактор – Нұрлан Нұрмахан

Жауапты хатшы – Абай Тағыберген

Журналистер

Толыбай Абылаев

Айдар Сайлауов

Жүлдызай Қалиева

 

Байланыс телефоны: 8(7242) 20-16-19

 

Е-майл: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Кім онлайн?

Қазір 112 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр

As we continue our list of fantasy football”s top 101 PPR players of 2017 we have three players who have recently finished in the top-15 at their positions.

In fantasy football there will always be players who have an unexpected drop or rise from one year to the next. One player on today’s list was a top-six wide receiver in 2015. The next year,Vince Wilfork Jersey he wasn’t even a top-20 wide receiver.

The same can be said about a running back on today’s list who was a top-five running back in 2015. Last year, he wasn’t even a top-18 running back. Who are these players and what should we expect from them in 2017?

To be clear,J.J. Watt Jersey the top 101 PPR players are for re-draft leagues only. Here’s a look at players ranked No. 38-36:

Last season Patriots wide receiver Julian Edelman finished fourth in the NFL in receptions with 98. He also set a career-high in receiving yards with 1,106. In the end,Brian Cushing Jersey Edelman finished 2016 as the 15th PPR wide receiver. Unfortunately for Edelman, I see a regression coming his way in 2017.

The 2016 season was only the second time in Edelman’s eight-year career he played in all 16 games in a season. The other time came back in 2013. Going into 2017, the odds are against the 31-year old receiver to play in all 16 games in back-to-back years for the first time in his career. Even if he somehow manages to stay healthy for all 16 games, he’s sure to lose targets and receptions.

Last year Patriots star tight end Rob Gronkowski had a career-low 25 receptions. Gronk was never 100 percent during the 2016 season and only appeared in eight games. Going into 2017,DeAndre Hopkins Jersey he will be back to full strength. Also, the Patriots traded their 2017 first-round pick for Saints wide receiver Brandin Cooks. The former Oregon State Beaver will be the team’s new No.1 wide receiver.

Журнал туралы

«Әлімсақ» журналы – рухани серігіңіз

 Қазақтың ғасырлар қойнауынан тамыр тартқан, әлімсақтан келе жатқан хатқа түскен тарихының, ұлттық болмыс-бітіммен астасқан әдебиеті мен мәдениетінің, тілі мен дінінің, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрінің бірден-бір насихатшысы, Сыр бойының тарихында алғаш рет әдеби-мәдени, тарихи-танымдық бағытта жарық көрген «Әлімсақ» журналының оқырманына жол тартқанына алты жылға жуық уақыт болып қалды. 2009 жылдың сәуір айынан бастап алғашқы нөмірі жарыққа шыққалы бері қазақ әдебиеті мен тарихына қатысты мақалаларды ортаға салып, Сыр өңірінің мәдениеті мен өнерін насихаттап, облысымыздың бүгінгі мәдени, әлеуметтік дамуындағы өзгерістерді ақпараттандыруда журналдың қосып келе жатқан үлесі салмақты.