Арда туған азаматқа дем беріп,арғымақ келді жаңа жылды өңгеріп

Арда туған азаматқа дем беріп,арғымақ келді жаңа жылды өңгеріп

Қазақ халқы ежелден төрт түлік малды бағып, жазда жайлауға, қыста қыстауға көшіп жүрген керемет...

Ұлттық тәрбиенің мәні – ұлттық ойындар

Ұлттық тәрбиенің мәні – ұлттық ойындар

  Ойнамайтын бала жоқ. Сухомлинскийдің сөзімен дәлелдейтін болсақ, "Ойынсыз ақыл-ойдың қалыпты...

АҚШ -тағы КЕН АЛИБЕК ЕЛГЕ ҚАЙТА ОРАЛДЫ

Кезінде АҚШ-қа кетіп қалған көрнекті микробиолог ғалым, полковник Кен Алибек туралы (азан шақырып...

 АБАЙША СҮЙІП, АБАЙША КҮЙІП ЖҮРМІЗ БЕ?

АБАЙША СҮЙІП, АБАЙША КҮЙІП ЖҮРМІЗ БЕ?

Атады таң, батады күн, толады ай.  Ауысады күнде саба, толағай.  Бірі барда бірі болмай,...

 Қамбаш көлі туризм аймағына айнала ала ма?

Қамбаш көлі туризм аймағына айнала ала ма?

 Сыр бойы – туризм саласынан кенде емес аймақтардың бірі. Айтатыны жоқ, Қазақстан өзінің...

  • Арда туған азаматқа дем беріп,арғымақ келді жаңа жылды өңгеріп

    Арда туған азаматқа дем беріп,арғымақ келді жаңа жылды өңгеріп

  • Ұлттық тәрбиенің мәні – ұлттық ойындар

    Ұлттық тәрбиенің мәні – ұлттық ойындар

  • АҚШ -тағы КЕН АЛИБЕК ЕЛГЕ ҚАЙТА ОРАЛДЫ

  •  АБАЙША СҮЙІП, АБАЙША КҮЙІП ЖҮРМІЗ БЕ?

    АБАЙША СҮЙІП, АБАЙША КҮЙІП ЖҮРМІЗ БЕ?

  •  Қамбаш көлі туризм аймағына айнала ала ма?

    Қамбаш көлі туризм аймағына айнала ала ма?

Бас редактор бағаны

"Әлімсақ" журналының бас редакторы, филология ғылымдарының кандидаты

Нұрлан Көбегенұлы Нұрмаханов

 Бас кеспек болса да...

Журналға тіркелу

Валют бағамы

Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан

Мұрағат

Серіктестер

Latest News

Қасқа жолды Қасым хан салған сүрлеу бүгінгі соттарға сабақ болған сыңайлы

 

Бодандық бұғауынан босап шығып, азаттық алған қазақ елінің өткеніне көз жүгірту арқылы одан сабақ алып, тарихына тереңінен үңілуі заңды құбылыс. Биылғы Қазақ хандығының 550 жылдық мерейлі күнін атап өтіп, тарих қойнауына ой жүгіртуді Қызылорда облыстық соты республикалық деңгейде ұйымдастырды. Оның да өзіндік себебі бар. Қазақ билері жүргізген әділ сот тәжірибесін қазіргі сот жүйесімен сабақтастыруды мақсат тұтқан қызылор-далық соттар тарихтан тағылым алуды жөн санапты.

Айтса айтқандай, Қызылорда облыстық сотының төрағасы Нұрлан Қайырбеков бастаған топ Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университе-тінің Студенттер сарайында "Қасқа жолды Қасым хан" тақырыбында аймақтық ғылыми конференцияға жиналды. Аталмыш шара үстіміздегі жылдың қыркүйек айында жоспарланған "Қазақ құқығы мен билер сотының төрелігі - қазақ мемлекеттілігінің феномені" тақырыбындағы халықаралық ғылыми конференцияға дайындығы екендігі айтылды.

 Сонымен іс-шараға ҚР Жоғарғы сотының судьясы Бағлан Мақұлбеков және Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Қызылорда облыстық соттарының төрағалары мен судьялары, құқық қорғау органдарының өкілдері, ғалымдар, ардагерлер кеңесінің мүшелері, жастар ұйымдарының белсен-ділері қатысты. Конференция барысында сөз алған Жоғарғы Сот судьясы Бағлан Демесінұлы Жоғары Сот төрағасы Қайрат Мәмидің ашық хатын көпшілік қауымға жеткізді. Жолданған хатында Қ.Мәми Сыр бойында жатқан ескі қалалардың ішіндегі ең маңызды тарихи орын - Сығанақ қаласы екендігіне тоқтала келе өзге де Сауран, Созақ, Отырар, Түркістан, Жент, Баршынкент секілді қалалардың Қазақ хандығының экономикалық күш-қуатын нығайтудағы рөлі зор болғандығын атап көрсетіпті.

 Конференция барысында Қазақ хандығы құрылуының алғы шарттары, мемлекетті басқару-дың тетіктері, құқықтық тәрбиенің негізіне айналған ұлттық құндылықтар, Қазақ хандығындағы билердің орны мен рөлі, қазақ билері жүргізген әділ сот тәжірибесіне сүйене отырып, қазіргі сот жүйесін жетілдірудің өзекті мәселелері талқыланды.

 Алғаш болып сахна мінберіне көтерілген Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры, тарих ғылымдарының докторы, Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының корреспондент-мүшесі Хангелді Әбжанов "Қазақ хандығы құрылуының алғы шарттары" тақырыбында жазылған баяндамасын оқыды. Баяндамалар легін Әл-Фараби атындағы ҚМУ профессоры, тарих ғылымдарының докторы, ҚР Ұлттық Ғылым академиясының корреспондент-мүшесі Берекет Кәрібаев "Қазақ хандығының құрылу тарихының өзекті мәселелері" тақырыбында және аталмыш оқу орнының профессоры, заң ғылымдарының докторы А.Ағыбев "Ұлттық құндылықтар - құқықтық тәрбиенің негізі" тақырыбымен конференцияны жалғастырды. Қазақ хандығы тақырыбына қалам тербеп жүрген ғалымдардың пікірлері мен көзқарастары көпшіліктің ойынан шықты.

 - Шындық пен әділдікке жету билер сотының түпкі негізі және мақсаты. Көшпелі қазақ қоғамындағы сот билігі мемлекеттік биліктің ең кең тараған халыққа барынша жақын, әрі түсініктісі. Оның құрметіне бөленіп және соған арқа сүйеген. Сондықтан да ол мемлекет басқаруда мейлінше пәрменді, қуатты салалардың бірі болған. Қай заманда да, қай қоғамда да мемлекеттік биліктің бір бұтағы - сот билігі болған. Бұл сала мемлекеттік биліктің басқа арналарына қарағанда, шырқай дамыған, өз мүмкіндігін және қасиетін барынша ашып көрсете алған,- деді Қызылорда облыстық сотының алқа төрағасы, заң ғылымдарының кандидаты Қайрат Төлепбергенұлы өз баяндама-сында. Ол билердің көптігіне емес, даудың бір бидің билігімен шешілуінің маңыздылығына тоқталды.

 - Ойымыз ұшқыр, қателіктерге бой алдырмау үшін ұлттық тарихымыздағы асыл қазыналарымыз-ды зерттеу, оның шынайы нәтижелерін жарыққа шығару қай ұрпақ үшін де жоғары міндет болып саналған. Осындай ұлттық тарихымыздағы асыл қазыналарымыздың бірі - қазақ хандығындағы өмір шындығын кесіп айтқан би қызметі болып табылады. Халқы заңын сыйлайтын, сотына сенетін қоғам - ең дамыған қоғам. Біздің мақсатымыз - дәл осындай қоғам құру, - деді ол ой тастап сөйлеп.

 Қазақ хандығы қалыптасқан кезеңнен бастап, қазақ билері төрелігі мен қазіргі сот жүйесін талқылаған баяндамашылар тақырыпты тереңінен әрі жан-жақты талқылады. Атап айтар болсақ, зерттеуші, этнограф Тынышбек Дайрабай "Қазақ хандығындағы билердің орны мен рөлі" тақырыбында, философия ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ӘҒА академигі А.Тайжан "Қазақ елінің билер соты - жалпы әлемдік өркениеттің ажы-рамас бөлігі және оған қосқан үлесі" тақырыбында, Батыс Қазақстан облыстық сотының төрағасы Б.Әметов "Түркі-моңғол кезеңінен (VI-XIII ғ.) билер-дің заң шығару құқығы және прецеденттік үлгілері" тақырыбында жазылған баяндамаларын конферен-ция барысында көпшілікке ұғынықты жеткізе білді.

 Халқымыздың ертеңін ойлап, болашағын болжаған хандарымыз бен билеріміз сол кездің өзінде-ақ еліміздің дәулеті мен сәулетін, татулығы мен қауіпсіздігін арттыру бағытымен жүріп, оны жалпы қазақ даласына жариялап отырғаны және сол үрдіс осы ел бірлігі, оның тұтастығының саясаты бүгінгі таңда жалғасын тауып келеді.

 Маңғыстау облыстық сотының судьясы Айжан Молбаева тәуелсіз Қазақстан Республикасындағы сот жүйесінен бастап, құқықтық дала ережелерінің негізін қалаған қазақ хандары мен билері, олардың қоғамдағы рөлі, билердің ұстанған принциптері туралы мәліметтерді қамтыған баяндамасын ортаға салды.

 - Тозығы кетіп, озығы жеткен заңнама үлгілерін уақытына сай жаңғыртып, елді біртұтас білікті заң ережелерімен қамтамасыз етуді билер өз мойнына алған. Олар мемлекеттік істерде заң саласын жетік білетін сұңғылалығымен ел мүддесіне қажет ереже-қағидаларды және заңды талқылау қабілеттілігімен июін қандырып, құқықтық қолданысқа енгізетін білікті заң маманы бола білді. Мәселен, Майқы бидің "түгел сөзі", Әз Жәнібек ханның "әдет-ғұрыптары", "Қасқа жолды Қасым ханның", "Тура жолды Тәуекел ханның", "Ескі жолды Есім ханның", "Әз Тәукенің "Жеті Жарғысын" мемлекет атынан қолданылатын заң дәрежесіне жеткізіп, талқылаған, солайша қоғамдық қарым-қатынасқа енуіне кепілдік берген сол заманның атақты билері болатын,- деді Айжан Атшыбайқызы.

 Алқалы жиынға қатысушылар осындай маңызы зор іс-шаралар арқылы мемлекеттігіміздің тарихын жаңаша бағамдап, жас ұрпақ бойында ел тарихына деген құрмет сезімін қалыптастыратындығын тілге тиек етті.

 Мәні мен маңызы бар шараны заңғар жазушысы Әбіш Кекілбаевтың сөзімен қорытындылайтын болсақ, "Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады. Демек, бүтін бір елдің рухымен қалыптасқан тарихты ешқашан өшіруге болмайды".

 М.ӘДІЛБЕКҚЫЗЫ

 

 

Пікір қалдыру


Қорғаныс саны
Жаңарту

Іздеу

Сауалнама

Қазір қай бағыттағы кітаптар оқылады?

Бизнес туралы - 53.8%
Әдеби - 7.7%
Мотивациялық - 0%
Шытырман оқиғалы - 7.7%
Саяхат туралы - 30.8%

Дауыс саны: 13
The voting for this poll has ended on: 17 Мам 2018 - 00:00

Жоба туралы

Сыр өңірінің тумасы, қайсар қаламгер, ақын Зейнолла Шүкіровтің рухына арналған «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты облыстық жас ақындар мүшәйрасы өтті.

 «Руханиятты жаңғырту» қоғамдық қоры мен республикалық әдеби-мәдени, тарихи-танымдық «Әлімсақ» журналы Зейнолла Шүкіровтің рухына арнап биыл төртінші рет дәстүрлі «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты талантты жас ақындар мүшәйрасын ұйымдастырды. Биылғы жылдың жеңімпазы - М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжінің студенті Нәбира Ешниязова.

 

 

Редакцияға хат

Email:
Тақырып:
Текст:

Әлеуметтік желілер

Күнтізбе

<< < Маусым 2015 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 26 27 28
29 30          

Біз туралы

Редакция құрамы

 

Бас редактор – Нұрлан Нұрмахан

Жауапты хатшы – Абай Тағыберген

Журналистер

Толыбай Абылаев

Айдар Сайлауов

Жүлдызай Қалиева

 

Байланыс телефоны: 8(7242) 20-16-19

 

Е-майл: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Кім онлайн?

Қазір 24 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр

As we continue our list of fantasy football”s top 101 PPR players of 2017 we have three players who have recently finished in the top-15 at their positions.

In fantasy football there will always be players who have an unexpected drop or rise from one year to the next. One player on today’s list was a top-six wide receiver in 2015. The next year,Vince Wilfork Jersey he wasn’t even a top-20 wide receiver.

The same can be said about a running back on today’s list who was a top-five running back in 2015. Last year, he wasn’t even a top-18 running back. Who are these players and what should we expect from them in 2017?

To be clear,J.J. Watt Jersey the top 101 PPR players are for re-draft leagues only. Here’s a look at players ranked No. 38-36:

Last season Patriots wide receiver Julian Edelman finished fourth in the NFL in receptions with 98. He also set a career-high in receiving yards with 1,106. In the end,Brian Cushing Jersey Edelman finished 2016 as the 15th PPR wide receiver. Unfortunately for Edelman, I see a regression coming his way in 2017.

The 2016 season was only the second time in Edelman’s eight-year career he played in all 16 games in a season. The other time came back in 2013. Going into 2017, the odds are against the 31-year old receiver to play in all 16 games in back-to-back years for the first time in his career. Even if he somehow manages to stay healthy for all 16 games, he’s sure to lose targets and receptions.

Last year Patriots star tight end Rob Gronkowski had a career-low 25 receptions. Gronk was never 100 percent during the 2016 season and only appeared in eight games. Going into 2017,DeAndre Hopkins Jersey he will be back to full strength. Also, the Patriots traded their 2017 first-round pick for Saints wide receiver Brandin Cooks. The former Oregon State Beaver will be the team’s new No.1 wide receiver.

Журнал туралы

«Әлімсақ» журналы – рухани серігіңіз

 Қазақтың ғасырлар қойнауынан тамыр тартқан, әлімсақтан келе жатқан хатқа түскен тарихының, ұлттық болмыс-бітіммен астасқан әдебиеті мен мәдениетінің, тілі мен дінінің, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрінің бірден-бір насихатшысы, Сыр бойының тарихында алғаш рет әдеби-мәдени, тарихи-танымдық бағытта жарық көрген «Әлімсақ» журналының оқырманына жол тартқанына алты жылға жуық уақыт болып қалды. 2009 жылдың сәуір айынан бастап алғашқы нөмірі жарыққа шыққалы бері қазақ әдебиеті мен тарихына қатысты мақалаларды ортаға салып, Сыр өңірінің мәдениеті мен өнерін насихаттап, облысымыздың бүгінгі мәдени, әлеуметтік дамуындағы өзгерістерді ақпараттандыруда журналдың қосып келе жатқан үлесі салмақты.