Бас редактор бағаны

"Әлімсақ" журналының бас редакторы, филология ғылымдарының кандидаты

Нұрлан Көбегенұлы Нұрмаханов

 Бас кеспек болса да...

Журналға тіркелу

Валют бағамы

Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан

Серіктестер

Олжастың «Аз и я»-сы менің тарихи қызығушылығымды оятты

 1975 жылы "Жазушы" баспасынан Олжас Сүлейменовтың "АЗ и Я" кітабының шыққанына биыл 40 жыл толады. Кезінде Кеңестер Одағында үлкен дау тудырған "антирусский", "пантюркизм" идеясы бар деп атап, айдар тағып, кітап дүкендерінің сөрелерінен, кітапханалардан жинап алып, КСРО кеңістігінде оқылмасын деп "қаһарға" ұшыраған кітап болғанын кейінге жастар біле бермейді.

 Бұл Мәскеудің тапсырысымен Қазақстан ОК-нің Бюро отырысында арнайы талқыланған кітап. Бюроның қаулысымен (1976 жылы 17 шілде) О.Сүлейменовке өз қателіктері үшін баспасөз бетінде кешірім сұрауы жүктелді. "АЗ и Я" кітабы үшін Олжас Қазақстан Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы Д.А.Қонаевқа және Орталық Комитетінің Бюро мүшелеріне Ашық хат жазды. Олжастың "АЗ и Я" кітабын айыптау КСРО-ның XXV съезіне баяндамада айтылмақ болатын. Бірақ та Д.А.Қонаевтың араласуымен А.Сусловтың жоспары іске аспай қалды.

 КСРО-ның бірінші хатшысы Н.С.Хрущевтың (14.10. 1964 ж. орнынан алынған) 1956 жылдың 14-25 ақпанында XX съезде сөйлеген "жеке басқа табынушылық және оның зардаптары" туралы баяндамасынан кейін елде "жылылық" пайда болды. Осы кездерде жазушыларды, ақындарды, суретшілерді "шестидесяники" деп атағаны белгілі. Олар қоғамда болып жатқан құбылыс-тарға жаңаша көзқарас, жаңаша ойлау, өз ой-пікірлерін еркін айта бастады. Солардың қата-рында ақын Олжас Сүлейменов те өзінің атақты "АЗ и Я" кітабын жазды. Орыстардың көне ескерткіші деп санайтын "Игорь жасағы туралы жырды" зерттеп, "жартылай түркі тілінде жазылған" деп ойын ашық білдіреді.

 "Игорь жасағы туралы жырдың" егізі "За-донщина" немесе "Куликово поле" шығармасын-дағы жағымсыз кейіпкер Мамай туралы зерттеу (Мамай: аңыз бен ақиқат. - Тұмар, 2014 ж)  кітабымның кіріспесінде және сөз соңында О.Сүлейменовтың "АЗ и Я" кітабы туралы жазған болатынмын. Енді сол жазғандарымды оқырманмен бөліссем деймін.

Бірде әңгіменің арасында достарымның бірі, "мамандығың инженер - гидротехник, тарихпен қашаннан бері айналыстың?" - деп сұрақ қойды.

 

- Олжас Сүлейменовтың "АЗ и Я"  кітабын оқығаннан кейін. Түсіндің бе? - дедім.

 

Сұрау қоюшы абдырап қалды.

 

Өткен ғасырдың жетпісінші жылдары студент-тердің арасында кең таралған ақындардың бірі Олжас Сүлейменов өлеңдерін жаттап, жаңа шыққандарын іздеп жүріп оқитын кез. Институт-тың соңғы курсын оқып жүргенде студенттердің арасында Олжастың жаңа кітабы шығады екен, өлең жазуды қойып, тарихпен айналысатын болыпты, біреулері баспадан шығатын кітабының аты "1001 сөз", екіншілері "АЗ и Я" деген алыпқашпа әңгімелер пайда болды.

 

1975 жылы оқуды бітіріп, Алланың маңдайы-мызға жазған жағына жол тарттық. Сол жылы Олжакеңнің "АЗ и Я" кітабы орыс тілінде жарық көрді. Қолы жеткендер кітап дүкендерінен алып қалды. Артынша осы кітап жөнінде жоғарғы жақтан, Мәскеуден айқай-шу шығып, кітап дүкен сөрелерінен, кітапханалардан тәркіленіп, жинап алынды. "Көне орыс ескерткіші XII ғасырда жазылған" деп, дүние жүзіне жар салған "Игорь жасағы туралы жырға" ("Слово о полку Игореве") құлай сенген, "социализмның жасампаздығына" бас ұрған, "ұлтын сүйген" академиктер Б.А.Рыбаков, Д.С.Лихачев бастаған "ұлы орыс халқының тарихшылары" Олжастың "АЗ и Я" кітабы жарыққа шыққанда қарсылық білдіреді. Олжасты "орталықтан шығатын" газет беттерінде кітапты "антирусский" деп жариялап, мұнда бұ-рынғы "пантюркизм" идеясы бар деп айыптаулар басталды. Шетелде аударылмасын деген тізімдегі бес кітаптың бірі болды. Осы бір сиқырлы төрт әріптен тұратын "АЗ и Я"-ны табудың өзі, оқу түгілі, қолға ұстау мен үшін арманға айналды. 80-шы жылдары болу керек, жастайымнан бірге өскен досым, суретші Қайырбай Зәкіровте "АЗ и Я" бар екен, оқуға сұрап алдым. Арманым орындалды. Оқуға кірістім, расын айту керек, бірінші оқығанда еш нәрсе түсінбедім. Екінші рет тағы оқыдым, тағы да түсінбедім. Үшінші рет оқуға, өзіме деген сенімсіздік пайда болды. Қайрошқа (жас кезінде осылай атайтынбыз) - Қайырбай Зәкіровке кітабын қайтарып бердім. Олжастың "АЗ и Я" кітабы мен үшін "алын-байтын қамал" болды. Түсінбегендіктің арқа-сында тарихқа деген қызығушылық басталды.

 

Олжастың "АЗ и Я" кітабы баспадан шығып, қалың оқырманың қолына тиюін, кейін тәркіленіп жинап алуын күтіп тұрғандай, шығыс халықтарының, соның ішінде қазақ жазушыла-рының рухы көтерілді, қазақ тарихына деген шығармалары бірінен соң бірі жарық көрді. Оның үстіне, Қазақстанның орыс халқына өз еркімен қосылғанына 250 жылдық торқалы тойы себеп болды ма, небір тамаша тарихи туындылар шықты. Ілияс Есенберлиннің "Қаһар", "Жанта-лас", "Алтын Орда" "Алмас қылыш", Әбіш Кекілбаевтың "Үркер", "Елең-алаң", Ақселеу Сейдімбековтың "Күңгір-күңгір күмбез", Қойшы-ғара Салғаринның "Алтын тамыр", "Көмбе", Мұхтар Мағауиннің "Аласапыран", Софы Сматаевтың "Елім-ай", Шоқан Уәлихановтың таңдамалы жинақтары, Мәскеуден шыққан Исай Калашниковтың "Жестокий век" және тағы да басқалары. Ал, газет беттеріне шыққан мақала-лар қаншама еді?

 

"АЗ и Я"-да баяндалған "Игорь полкі туралы жырдың" құпиясы ертегілерде кездесетін 200 жыл құтының ішінде жатқан "жын" Олжакеңнің арқасында бостандыққа шықты. Оны қайта кір-гіземіз деген КСРО-ның маңдайалды тарихшы-лары (профессор Мазонның сөзімен айтқанда, "ұлшылдықпен патшайымның саясатына да-рындарын тәркі еткен, отансүйгіштік сезімін жалау еткен, сумақай желөкпелер") байбалам салғанымен, "жын" құтыға қайта кірмеді, ал "жыр" қайта бастарына бәле болып жабысып, қол астындағы отар елдерден жасырып келген басқа да құпиялары жария болды.

 

Егемендік алғаннан кейін, 1992 жылы Олжастың "АЗ и Я" кітабы 100 000 данамен қазақ тіліне аударылды. Аудармашы белгілі ғалым, саясаткер Сәбетқазы Ақатаев. Олжекеңнің оқырманға арнаған қолтаңбасымен, "Ізгі ниетті оқырманның кітабы" деген жазумен қолыма тиді.

 

Араға жылдар салып, "АЗ и Я" кітабымен қайта қауыштым. Олжастың жазған кітабына түсін-беген кешегі оқырман, енді "әттеген-ай мына бір тарихи оқиға айтылмай кеткен екен" дейтін күйге түстім. О.Сүлейменов қазақ тіліндегі басылы-мына жазған алғы сөзінде: "Алып империя - Кеңес Одағы да ыдырады. Жаңа көзқарастар, жаңа саясат, жаңа заман туды. Алайда "АЗ и Я"-да қозғалған сонау бір тұстардағы ой-толғам-дардың бүгінде рухани өмірімізге өте қажет екеніне мен кәміл сенемін. Бәлкім, туған халқым-ның осы күнге дейін ғасырлардың шаң басқан қыртыстарында көзден таса, көңілден тыс жатқан тарихына ендігі жерде тереңдеп үңіліп, жан-жақты зерттейтін кез туғанда жаңа тарихшыларға менің еңбегімнің де себі тиер деп ойлаймын", - депті.

 

Олжас зерттеген "Игорь полкі туралы жыр-дың" егізі - Күлік даласындағы ("Куликово поле") соғыс. Тарихи айналымда "Задонщина" деп аталады, қолжазбасы 1852 жылы табылған. "Задонщинадағы" оқиғалар қарама-қайшылық-тарға толы. Сол қарама-қайшылыққа толы оқиғаларды, орыс империясының және де КСРО-ның жазып кеткен тарихын (тарихи айналымдағы концепциясы) қол астындағы отар елдердің тарихына күштеп ендіргені белгілі. Қаншама ұрпақтың санасы уланды. Санасы уланған ұрпақ өзінен кейінгі ұрпақтың да санасын, рухын улауда, сол ұрпақ рухани жарым-жан болып тәрбиеленуде. "Игорь полкі туралы жырды" зерттеген ғалымдар, әсіресе орыс ғалым-дары "Задонщинаның" немесе "Ұлы князь Дмитрий Иванович туралы жырдың" мазмұны-мен салыстыра қарайды. "Задонщинаның" емлелік, әдеби, "жырдың" тілі, ақындық тілі, көшірменің дұрыстығын басқа көшірмелермен салыстыруды т.б. "жырға" қатысты сұрақтарға жауапты беретін әдебиетші, тарихшы мамандардың еншісінде.

 

Менің мақсатым - бір жарым ғасырдан бері Дмитрий Донскойдың ерлігін, мадақтаудан тұратын "Задонщинадағы" тарихи оқиғаның болған-болмағанын талдап, осы заманның жазушыларының жазған шығармаларымен таныса отырып, өз ойымды, пікірімді білдіру. Ол үшін қай ғасырдан бастап Дон өзенінің жағасында кімдер өмір сүрген, кімнің жері, түркілерге (қазақтарға) қатысы бар ма, орыс тарихында жағымсыз кейіпкер етіп көрсеткен Алтын Орда әскерінің беклербегі (қолбасшысы) Мамай кім? Ұлы князь Дмитрий Донской кім? "Күлік даласындағы" соғыстың болғаны рас па?" деген сұрақтарға жауап іздеп, КСРО құлағаннан кейін, жазылған шығармалармен оқырманды таныстыра отырып, зерттеу қажет деп ойлаймын.

 

"Задонщинаны" орыс ғалымдары Дмитрий Донскойдың Мамайды жеңуінен кейін (08.09.1380 ж.) көп ұзамай XV ғасырдың 10-20 жылдары жазылған, кейін қайта өңделіп, XVI ғасырдың 20-30 жылдары бірнеше нұсқалары жазылған дейді. Егер, рас болса?

 

Сол нұсқалардың бірі "Кирилл - Белозер" тізімі бойынша - "Писание Софониа старца рязанца, благослови отче. Задонщина великого князя господина Дмитрия Ивановича и брата его князя Влодимера Ондреевича" деп оқырманың қолына тиген нұсқасы бойынша зерттеу (Краткая редакция. Задонщины по Кирилло-Белозерскому списку).

 

(Бородин С.Живая вода. Непрядвы. - Москва, 1988, стр. 494).

 

Сонымен бірге Л.А.Дмитриевтың: "Слова о Великом князе Дмитрии Ивановиче и о брате его князе Владимире Андреевиче, как победили супостата своего Мамая" атты аудармасы да пайдаланды (Изборник, Повести древней Руси. - Москва, 1987, стр.190-199).

 

Олжас Сүлейменов "Задонщина" жырын жаз-ған автордың есімі мен лақап аты Софоний - реза-нец (піштірілген, сүндеттелген) деп жазады. "Резанец" деп зорлықпен сүндетке отырғызылған, мұсылман дініне кірген скопецтерді* немесе христиандарды атаған. Резанецтер деп Еділ бойында күні бүгінге дейін мұсылмандарды атайды" (Сүлейменов О. АЗ и Я.  - Алматы, 1992. 15- б.).

 

И.Ожеговтың сөздігінде скопецтерді: "Скопец* - "То же, что кастрат. (стр. 581), Кастрат - кастрированный человек, скопец, (стр.227)",- деп аударады (Ожегов С.И. Толковый словарь русского языка. - Москва, 2008. 26-е издание).

 

"Задонщина" жырын зерттеуде алға қойған мақсатым, талғампаз оқырманның жүрегіне жол табу, бүгінгі заманның рухани сұранысына толымды жауап беру. Кейінгі жазылған тарихи шығармалармен оқырманды таныстыра отырып, жаңа фактілермен салыстыра, сараптама жасау. Кешегі өткен КСРО-ның мені мен сізді оқытқан тарихындағы Күлік даласындағы соғысты зерттей отырып, ойдағы күдікке жауап іздеу. Сол жауап "азат ой - ақиқаттың кепілі" болса деп түсінген жөн, оқырман.

 

Өткен ғасырдың отызыншы жылдары нацизм идеологы Пауль Йозеф Гебблес: "Отними у народа историю - и через поколение он превратится в толпу, а еще через поколение им можно будут управлять как стадом ...", - деп  жазып кеткен. Шынында, 150 жылдан аса уақыт бойы төл тарихымыздан қол үзіп, атадан қалған батырлар жырын тарихқа жатқызбай, ауызша шежіремен өз тегімізді, руымызды шала-шарпы білдік. Геббельс айтқандай, шынайы тарихымыз жазылмады, жазғандарды орыстар қудалады, түрмеге қамады, осының айғағы - М.Тынышбаевтың басынан кешкендері, халық жауы болып атылып кеткені. 1925 жылы жазылған "Қазақ халқының тарихын" оқырманның қолына тек 2002 жылы тиді. Сол сияқты Шәкәрім Құдайбердиевтың 1911 жылы жазылған "Түрік, қырғыз, қазақ һәм хандар шежіресі" Қазақстан егемендік алғаннан кейін көпшілік қауымның, тарих сүйер оқырманның қолына кештетіп жетті. Ал, КСРО-ның өліара кезінде, жарық жұлдыздай, жан-жағына сәуле шаша Олжакеңнің "АЗ и Я" кітабы шықты. Орыстардың мақтанышы болған, көнеден келе жатқан "Игорь жасағы туралы жырына" сын айтты, тек сын айтып қойған жоқ, масқарасын шығарды, кейінгі кездерде жазылған деп өз ойын ашық айтты. О.Сүлейменов: "Көне хабарлардың (авт. жылнамалар) кез келген куәліктерін соқыр сеніммен қабылдай отырып, біз өткеніміз туралы жалған түсінік аламыз. Тарихи оқиғалар әдетте сыңаржақ жазылады, демек оның әділдігін дәлелдеу қажет. Ата-бабамыздың санасының да қуыс-қуысы болған. Сол секілді қалтарыстар әр жерде, әр дәуірде болмасына кім кепіл?" - деп жазады (Сүлейменов О. АЗ и Я). Олжекеңнің сөзі шындық, осы уақытқа дейін өткен тарихымызды орыстардың жазған тарихы мен жылнамаларын бағалап, соқыр сеніммен қабылдап, олардың жазғандарының бәрі дұрыс, жазғандарының әділдігін, шындығын дәлелдеу мүмкін емес болды. Жазылған тарихымызды орыс тарихшылары қолдамаса, сын айтылса, ол тарих баспадан шықпады, шыққан жағдайда "АЗ и Я"-ның кейпін киді, кітап сөрелерінен тәркіленіп алынып, оқырманның қолына жетпеді. В.Г.Белинский: "Әрбір өнер туындысын міндетті түрде дәуірге, тарихи шындыққа қатысты зерделеу керек",- дейді.

 

Ол тарихи шындық бола ма, басқа шындық бола ма, қазақ халқының егемендік алғаннан бергі жаңа дәуірі басталды. Жаңа дәуірге дейін жазылған шығармаларды сараптап, жаңа буын жастар адаспас үшін бір қорытындыға келу керек. Бұл арада орыс халқының ұлттық батыры Дмитрий Донский, орыс шіркеулерінде әз әулие көретін Метрополит Алексей, "Мәскеудің табаны қашан қаланды?" деген тарауларды жазғанда орыс халқының намысына тию, орыс елінің жері мен аймағына талас тудыру емес. Шындықты қанша бұрмалап, жасырғанмен түбінде халық біледі. Орыстардың зиялы қауымы тарихына сын көзбен қайта қарауда. П.Н.Савицкий: "Ең алдымен атап өтетініміз - "татарлар" болмаса, Ресей де өмірін сүрмес еді. "Татарларға" дейін орыстардың өмірінде тұрақсыздық құлдырау орын алған еді. Осының нәтижесінде халық басқа елдің отарына айналды. Ресей ішкі қырқысудан кейін ыдырап кетуге тиіс еді. Ресей татарлардың қол астына өтіп, басқа елге бұйырмағаны үшін өзін бақытты санауға тиіс. ...Ресей - ұлы хандардың мұрагері, Шыңғыс пен Темірдің жалғастырушысы", - деп жазады. (Закирянов Қ. Шыңғысханның түркілік ғұмырнамасы.  - Алматы, 2009.  227, 228- б.).

 

Мамай жайында зерттей отырып, келешекте жаңадан жазылатын мемлекеттік деңгейдегі ой-тұжырымдарда жаңа тарихымыздың бетінен Мамай да өз орнын алуға тиісті. Алтын Орда мемлекетіне қараған халықтардың бел ортасында түркі тайпалары (қазақ рулары) болған, Орданың құлауына солардың да әсері болған деседі. Орта ғасырдағы өмір сүрген Алтын Орда мемлекеті - қазақ халқының төл тарихы. Себебі Қазақ хандығы Алтын Ордадан бөлініп, өз алдына мемлекет болған. Алтын Орданың астанасы болған Сарайшық Қазақстанда, Атырау облысында, Атырау қаласынан 40 шақырым жерде, Жайық өзенінің бойында. Орта ғасырда салынған көне қалалардың бірі, қираған орны әлі бар. Президент Нұрсұлтан Назарбаев: "Қазақ тарихында қазақ ұялатын ештеңе жоқ", - деп жазған. Мамай түркі, қазақ халқы ұялатындай, ештеңе жасаған жоқ, оның жасаған ерліктері орта ғасырдағы Алтын Орда хандарының жасаған ерліктерінен кем болған жоқ, ширек ғасыр бойы Орданың батыс шекарасын және "ұлы" орыс княздарының жерін, Литва ұлы княздігінен, Тевтон, Левон кресшілерінен қорғап ғана қоймай, орыстардың "ұлы" княздарын, батыс елінің отарлауынан аман сақтап қалған. Украина халқы Мамайды хас батыры, қолбасшы, саясаткер, кобзар (жырау), ұлт мақтанышы деп есептейді. Мамай түркі халқына ортақ, соның ішінде қазақ халқының тарихынан да өз орнын алу керек.

 

Қазіргі таңда Олжастың "тырнағының" аты-нан кір іздеушілер пайда болды. Қазекем мұндай-да: "Ит үреді, керуен көшеді", - демей ме?

 

Қайрат Закирьянов: "АЗ и Я" кітабына келсек, көптеген саясаткерлердің мойындауы бойынша КСРО мемлекетінің түбіне жетіп, нәтижесінде осы алып елді құрдымға кетірген еңбектердің бірі болып табылады",- деп жазғаны Олжас Сүлейменовқа берілген әділ баға.

 

Келесі жылы Олжекең 80 жасқа толады, қолынан қаламы түскен жоқ, айтатын ойлары, әлі де халқына берері мол.

 

Олжас халықтың сүйікті ақыны, саясаткер, дипломат, публицист, сценарист, славист, әдебиеттанушы, тарих зерттеушісі, қазақ халқының ұлт мақтанышы болып қала беретіні айдан анық.

 

Әлібек Сабырбаев

 

Normal 0 34 false false false RU X-NONE X-NONE MicrosoftInternetExplorer4 /* Style Definitions */ table.MsoNormalTable {mso-style-name:"Обычная таблица"; mso-tstyle-rowband-size:0; mso-tstyle-colband-size:0; mso-style-noshow:yes; mso-style-priority:99; mso-style-qformat:yes; mso-style-parent:""; mso-padding-alt:0cm 5.4pt 0cm 5.4pt; mso-para-margin-top:0cm; mso-para-margin-right:0cm; mso-para-margin-bottom:10.0pt; mso-para-margin-left:0cm; line-height:115%; mso-pagination:widow-orphan; font-size:11.0pt; font-family:"Calibri","sans-serif"; mso-ascii-font-family:Calibri; mso-ascii-theme-font:minor-latin; mso-fareast-font-family:"Times New Roman"; mso-fareast-theme-font:minor-fareast; mso-hansi-font-family:Calibri; mso-hansi-theme-font:minor-latin;}

Пікір қалдыру


Қорғаныс саны
Жаңарту

Іздеу

Сауалнама

Бүгінде журналистерге қай сала мамандарынан ақпарат алу қиын?

Медицина - 57.1%
Прокуратура - 0%
Сот - 0%
Департаменттер - 14.3%
Облыстық басқармалар - 28.6%

Дауыс саны: 7
The voting for this poll has ended on: 29 Шіл 2017 - 00:00

Жоба туралы

Сыр өңірінің тумасы, қайсар қаламгер, ақын Зейнолла Шүкіровтің рухына арналған «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты облыстық жас ақындар мүшәйрасы өтті.

 «Руханиятты жаңғырту» қоғамдық қоры мен республикалық әдеби-мәдени, тарихи-танымдық «Әлімсақ» журналы Зейнолла Шүкіровтің рухына арнап биыл төртінші рет дәстүрлі «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты талантты жас ақындар мүшәйрасын ұйымдастырды. Биылғы жылдың жеңімпазы - М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжінің студенті Нәбира Ешниязова.

 

 

Редакцияға хат

Email:
Тақырып:
Текст:

Әлеуметтік желілер

Күнтізбе

<< < Мамыр 2015 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31

As we continue our list of fantasy football”s top 101 PPR players of 2017 we have three players who have recently finished in the top-15 at their positions.

In fantasy football there will always be players who have an unexpected drop or rise from one year to the next. One player on today’s list was a top-six wide receiver in 2015. The next year,Vince Wilfork Jersey he wasn’t even a top-20 wide receiver.

The same can be said about a running back on today’s list who was a top-five running back in 2015. Last year, he wasn’t even a top-18 running back. Who are these players and what should we expect from them in 2017?

To be clear,J.J. Watt Jersey the top 101 PPR players are for re-draft leagues only. Here’s a look at players ranked No. 38-36:

Last season Patriots wide receiver Julian Edelman finished fourth in the NFL in receptions with 98. He also set a career-high in receiving yards with 1,106. In the end,Brian Cushing Jersey Edelman finished 2016 as the 15th PPR wide receiver. Unfortunately for Edelman, I see a regression coming his way in 2017.

The 2016 season was only the second time in Edelman’s eight-year career he played in all 16 games in a season. The other time came back in 2013. Going into 2017, the odds are against the 31-year old receiver to play in all 16 games in back-to-back years for the first time in his career. Even if he somehow manages to stay healthy for all 16 games, he’s sure to lose targets and receptions.

Last year Patriots star tight end Rob Gronkowski had a career-low 25 receptions. Gronk was never 100 percent during the 2016 season and only appeared in eight games. Going into 2017,DeAndre Hopkins Jersey he will be back to full strength. Also, the Patriots traded their 2017 first-round pick for Saints wide receiver Brandin Cooks. The former Oregon State Beaver will be the team’s new No.1 wide receiver.

Журнал туралы

«Әлімсақ» журналы – рухани серігіңіз

 Қазақтың ғасырлар қойнауынан тамыр тартқан, әлімсақтан келе жатқан хатқа түскен тарихының, ұлттық болмыс-бітіммен астасқан әдебиеті мен мәдениетінің, тілі мен дінінің, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрінің бірден-бір насихатшысы, Сыр бойының тарихында алғаш рет әдеби-мәдени, тарихи-танымдық бағытта жарық көрген «Әлімсақ» журналының оқырманына жол тартқанына алты жылға жуық уақыт болып қалды. 2009 жылдың сәуір айынан бастап алғашқы нөмірі жарыққа шыққалы бері қазақ әдебиеті мен тарихына қатысты мақалаларды ортаға салып, Сыр өңірінің мәдениеті мен өнерін насихаттап, облысымыздың бүгінгі мәдени, әлеуметтік дамуындағы өзгерістерді ақпараттандыруда журналдың қосып келе жатқан үлесі салмақты.