Бас редактор бағаны

"Әлімсақ" журналының бас редакторы, филология ғылымдарының кандидаты

Нұрлан Көбегенұлы Нұрмаханов

 Бас кеспек болса да...

Журналға тіркелу

Валют бағамы

Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан

Серіктестер

Қазақ хандығы тарихының өскелең ұрпақты тәрбиелеуде маңызы зор

 

Қазақ хандығының құрылуы және оның мемлекет болып қалыптасып дамуы қазақ жерінде 14-15 ғасырда болған әлеуметтік-экономикалық және этникалық-саяси процестерден туған заңды құбылыс. Тарих ғылымында әрбір тақырыптың, өзекті мәселенің зерттелу тарихының болатындығы көпке мәлім. Кейінгі орта ғасырлық Қазақстан тарихындағы осындай мәселелердің біріне қазақ хандығының құрылуы мәселесі жатқызуға болады. Қазақ мемлекеті кенеттен және ешқайдан пайда болған жоқ. Ол көне түріктік және моңғолдық ұлыстық жүйелердің жаңаруы мен өзгеруі арқылы қазақ даласындағы жетілдірілген мемлекеттің түрі болып саналады. Ол, біріншіден, сақтардың, үйсіндердің, қаңлылардың, Батыс Түрік, Түргеш, Қарлұқ, Оғыз, Қимақ қағанаттарының, Қарахандар мемлекетінің, Наймандар мен Керейлердің ертефеодалдық ұлыстарының мемлекеттік құрылымдары элементтерінің жиынтығы негізінде, екіншіден, Қыпшақтың Жошы Ұлысы атанған Қыпшақ одағындағы қазақ тайпаларының, ең бастысы, оның сол қанаты болған Орда Ежен Ұлысы немесе Ақ орда мемлекетінің негізінде қалыптасты.

Ұлы тарихшы Мұхамед Хайдар Дулатидің "Тарихи Рашиди" деген кітабында Керей мен Жәнібек ханның Шу бойына көшкен уақыты хижра жыл санауымен есептегенде 1465 жылға тура келеді. Бұл бекер емес, себебі мемлекеттің құрылуы, қалыптасуы бір жылда жүзеге аса қоймайды, ол кемінде 15-20 жылға созылады. Осы мерзім ішінде хандық билікті, таңба мөрді, саяси орталықты, әкімшілік-басқару жүйені, елдің жалауын, ортақ заңды қабылдады. Көшпелі қоғамның дамуындағы ішкі қажеттіліктер оларда мемлекеттілікті туғызады. Көшпелілердің өзін-өзі қорғау мен ішкі қоғамдық тыныштықты сақтау үшін күрестері, отырықшылармен терезелес болуға ұмтылысы оларда мемлекеттің пайда болуына алып келді.  Көшпелілердің ежелгі және орта ғасырлардағы мемлекеттік құрылымының ең басты белгісі хандық билік болып саналады.

Осындай дәлелдеулерден кейін тек Қазақстан аумағында ғана емес, "Евразияның далалы аймақтарын-да мемлекеттік құрылымдар мен мемлекеттер болған жоқ, тіпті көшпелілерде мемлекеттің болуы мүмкін емес, олардың мемлекет құруға деңгейлері мен дәрежесі жеткен жоқ" деген тұжырымдарының жалған, шындық-қа сай емес екендігіне бірден көз жеткіземіз.

Мемлекеттіктің белгілеріне этноаумақтық, ортақ тіл, мемлекеттік заңдар жатады. Бұл қажеттіліктердің барлығы қазақ даласында бұрыннан бары байқалады, ежелгі қазақ жерінде болған мемлекеттердің барлығы мемлекет басқарудың дәстүрлі институттарын сақтаған. Бұл аумақтағы мемлекеттілікті жалғастырушылармыз деп қазақтар толық құқықпен айта алады.

Елбасы ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің "Ғасырлар тоғысында" деген еңбегінде: "Қазақ хандығы бүкіл орталық Азиядағы ең алғашқы құрылған ұлттық мемлекет" деп өте дұрыс баға берген болатын. Қазіргі күнде Қазақстан мемлекетін құрап отырған қазақ этносы Қазақ хандығының құрылуымен тарих сахнасына шықты. Солардың саяси құрылымы "Қазақ хандығы" деп аталды.

Тойнбидің керемет сөзі бар. Ол: "Ақсақ Темір ұлы қолбасшы, мемлекет құрушы, бірақ ол жүйе құра алмады. Өзі өлгеннен кейін құрған мемлекеті қирады"-дейді. Ал, Керей мен Жәнібек құрған хандық 1465 жылдан 1847 жылы ең соңғы қазақтың ханы Кенесары қайтыс болғанға дейін 4 ғасырдай өмір сүрді. Яғни, алғашқы қазақ хандары құрған мемлекеттің басқару жүйесі сол заманға сай болды, соның арқасында соншама  зор территорияға үстемдік етті. Жаңа дәуір кезеңі болса да, алып Кеңес үкіметінің өзі 70-ақ  жыл тұрғанын білеміз.

Қазақ хандығының құрылуының тағы бір ерекшелігі сонда, ол жеріміздегі этникалық үрдістермен қатар жүрді. Қазақ халқының этногенезі сонау қола дәуірінен басталады. Сол дәуірде қалыптасқан көшпелі мал шаруашылығы этногенездің қозғаушы күші болды. Бұл көшпелі мал шаруашылығы түпкілікті түрде 1929-30 жылдары жойылды. Бұған дейін қазақ жеріндегі халықтың менталитетін, болмысын, дүниетанымын көшпелі өмір қалыптастырды. Қазақ халқының қалыптасуының өз кезеңдері бар. Соңғы кезең 14-15 ғасырларда өтті. Этникалық үрдіс пен саяси үрдістер бір-біріне өзара әсер етіп, алға жылжып отырды да қазақ хандығы құрылды. Қазақ хандығы - қазақтардың төл мемлекеті. Мемлекеті бар халық бақытты халық. Мемлекетігі жоқ халықтың территориясы, экономикасы, тілі, діні, мәдениеті мен рухани өмірі болмайды. Тіпті ондай халықтың болашағыда бұлыңғыр. Сондықтан биылғы Қазақ хандығының 550 жылдық мерекесі - Қазақ мемлекетін ұлықтайтын мереке. Қазақ хандығы-ның құрылуы тарихын мерекелеу барысында мемлекет-шіл бағыттағы идеяларды насихаттап, жастарды патриоттық тәрбиеге баулуымыз керек. Мемлекет құрылуының мерейтойы ең алдымен азаматтардың патриоттық сезімдерін арттыру мен қазақстандық мемлекеттілікті нығайтуға бағытталып отыр.

Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өтудің тұжырымдамасында Қазақ хандығының құрылуының ғылыми деректері, мерейтойдың концептуалдық негіздері, идеясы, негізгі мақсаттары мен міндеттері және оның кезеңдері көрсетілген.

Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өту басты үш концептуалды негізде жүзеге асырылатын болады. Олар:

- Патриоттық: қазақ халқының Отанына сүйіспеншілігі;

- Ақпараттық: ғылыми-көпшілік бағдарламаларды, ғылыми танымдық деректі фильмдерді, қазақ халқының жоғарғы мәдениеті мен өнегелік қасиеттері туралы көркем фильмдерді жасап, жетекші орталық телеарналар арқылы тарату.

- Ғылыми: қазақ хандығының құрылу проблема-ларын зерделеу мәселелері бойынша ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізу, ғылыми конференциялар ұйымдастыру.

Осы тұжырымдамаға қосымша біз де қоғамның бір бөлігі ретінде Қазақ хандығының 550 жылдық мерекелік аясында өскелең ұрпақты тәрбиелеуде төмендегідей ұсыныстарды ұсынамыз.

Қазақ хандығының 550 жылдығының аясында, орта мектептердегі Қазақстан тарихы оқулықтары қайта қаралып, бір пысықталып өтсе дұрыс болар еді. Кейбір мектеп оқулықтарында тарихи оқиғаларды жаңсақ пікірде үйрететін оқиғалар кездеседі. Мысалы, қазақ халқы 1930 жылдардағы болған аштықтың себебін қазақтардың отырықшылыққа үйренгісі келмегендіктен болды деп түсіндіріледі. Кейбір тарих оқулықтары дайындықсыз асығыс  шығарылғаны байқалып тұр.

Екіншіден, кез-келген мемлекеттік бағдарламалар, жоспарлар, мерекелер баспасөз беттерінде, мамандар арасында қызу талқыланғанмен, мектептерге, білім ошақтарына және оқушы жастарға осы өзекті мәліметтер мардымсыз жетіп жатады. Мектеп жасындағы жастарға насихат толық өз деңгейінде жүргізіле бермейді. Сондықтан Қазақ хандығын дәріптеуді мектептің білім жүйесіне батыл түрде енгізу қажет. Бұл мәселені мемлекеттік органдар мен тарихшылар бірлесе отырып, бір жүйеге келтіру керек. Мұндай өзекті мәселелер бір мезгіл болатын науқандық отырыстармен ғана шектелмей, жүйелі түрде оқу процесіне енгізілуі тиіс деп ойлаймыз.

Жас ерекшеліктеріне сай оқу үдерісіне "Қазақ хандығының құрылу тарихы", "Қазақ хандарының тарихтағы алатын орны мен рөлі" сияқты қызықты тақырыптарда қосымша оқу бағдарламалары мен деректі фильмдер түсіріліп, оны мектеп бағдарламасынан бастап ЖОО-да оқыту, көрсету қажет секілді.

Қазақ хандығының 550 жылдығын мемлекеттік деңгейде мерекелік атап өту, мемлекетіміздің басты ұстанымы екенін есімізден шығармауымыз керек. Біздің ойымызша, бұл "Мәңгілік ел" идеясын одан әрі дамыту, жалғастыру мақсатында жасалып, отырған шаралардың бірі деп қабылдауға болады. Қазақ хандығының құрылу және нығаю уақытын дәріптейтін мұндай маңызды мәселелерді жас ұрпақтың санасына қазірден бастап сіңіруіміз керек. Қазақ хандығының 550 жылдығы арқылы еліміздің аса бай тарихын жан-жақты насихаттау тарих пәні мұғалімдерінің негізгі жұмыстарының бірі болуы тиіс.

Сонымен бірге шетелдегі диаспораларды бұл айтулы мерекеге қатыстыруымыз керек, себебі 17 млн. қазақтың 5 млн-ы шетелдерде өмір сүруде, олар өздерінің тілінен, рухынан айрылып қалмауы үшін қажет деген ойдамыз.

Әлемге өзімізді танытудың тағы бір мүмкіндігі, Қазақ хандығы, Қазақстан тарихы туралы мәліметтерді насихаттайтын интернет ресурстардың көбейгені жақсы үрдіс деп санауға болады. Өйткені ақпарат көздері жылдам дамып бара жатқан қоғамда әлем жұртшылығы күнделікті интернет жаңалықтарын қалт жібермей бақылап отырады. Осындай ақпараттар ағынына еліміз туралы сапалы, маңызды ақпаратты қосуымыз керек. Бұл ақпараттар қазақ  және орыс тілдерінде ғана емес, ағылшын тіліне де аударылуы тиіс.

Тәуелсіздік алған уақыттан бастап біздің кәсіби тарихшылар көп еңбек етті. Олар тек Қазақ хандығының саяси тарихын жазып қана қоймай, Қазақ хандығының ерекшеліктерін де айқындады. Мысалы руға, жүзге бөлініп, өзінің түп тамырын, жеті атасын білетін қазақтар ғана екені белгілі. Қазіргі қоғамда біз өскелең ұрпаққа әрбір ханды өз деңгейінде таныстырып, жан-жақты насихаттауымыз керек.

Бұл ұлы оқиға қазақ халқының ұлттық санасындағы бірлікті сақтау үшін және қазақстандықтардың тарихи санасының қалыптасуы үшін маңызды.

                                                                                                                                      

Сәкен Серікбаев,

тарих ғылымдарының кандидаты

Пікір қалдыру


Қорғаныс саны
Жаңарту

Іздеу

Сауалнама

Бүгінде журналистерге қай сала мамандарынан ақпарат алу қиын?

Медицина - 57.1%
Прокуратура - 0%
Сот - 0%
Департаменттер - 14.3%
Облыстық басқармалар - 28.6%

Дауыс саны: 7
The voting for this poll has ended on: 29 Шіл 2017 - 00:00

Жоба туралы

Сыр өңірінің тумасы, қайсар қаламгер, ақын Зейнолла Шүкіровтің рухына арналған «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты облыстық жас ақындар мүшәйрасы өтті.

 «Руханиятты жаңғырту» қоғамдық қоры мен республикалық әдеби-мәдени, тарихи-танымдық «Әлімсақ» журналы Зейнолла Шүкіровтің рухына арнап биыл төртінші рет дәстүрлі «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты талантты жас ақындар мүшәйрасын ұйымдастырды. Биылғы жылдың жеңімпазы - М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжінің студенті Нәбира Ешниязова.

 

 

Редакцияға хат

Email:
Тақырып:
Текст:

Әлеуметтік желілер

Күнтізбе

<< < Мамыр 2015 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31

As we continue our list of fantasy football”s top 101 PPR players of 2017 we have three players who have recently finished in the top-15 at their positions.

In fantasy football there will always be players who have an unexpected drop or rise from one year to the next. One player on today’s list was a top-six wide receiver in 2015. The next year,Vince Wilfork Jersey he wasn’t even a top-20 wide receiver.

The same can be said about a running back on today’s list who was a top-five running back in 2015. Last year, he wasn’t even a top-18 running back. Who are these players and what should we expect from them in 2017?

To be clear,J.J. Watt Jersey the top 101 PPR players are for re-draft leagues only. Here’s a look at players ranked No. 38-36:

Last season Patriots wide receiver Julian Edelman finished fourth in the NFL in receptions with 98. He also set a career-high in receiving yards with 1,106. In the end,Brian Cushing Jersey Edelman finished 2016 as the 15th PPR wide receiver. Unfortunately for Edelman, I see a regression coming his way in 2017.

The 2016 season was only the second time in Edelman’s eight-year career he played in all 16 games in a season. The other time came back in 2013. Going into 2017, the odds are against the 31-year old receiver to play in all 16 games in back-to-back years for the first time in his career. Even if he somehow manages to stay healthy for all 16 games, he’s sure to lose targets and receptions.

Last year Patriots star tight end Rob Gronkowski had a career-low 25 receptions. Gronk was never 100 percent during the 2016 season and only appeared in eight games. Going into 2017,DeAndre Hopkins Jersey he will be back to full strength. Also, the Patriots traded their 2017 first-round pick for Saints wide receiver Brandin Cooks. The former Oregon State Beaver will be the team’s new No.1 wide receiver.

Журнал туралы

«Әлімсақ» журналы – рухани серігіңіз

 Қазақтың ғасырлар қойнауынан тамыр тартқан, әлімсақтан келе жатқан хатқа түскен тарихының, ұлттық болмыс-бітіммен астасқан әдебиеті мен мәдениетінің, тілі мен дінінің, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрінің бірден-бір насихатшысы, Сыр бойының тарихында алғаш рет әдеби-мәдени, тарихи-танымдық бағытта жарық көрген «Әлімсақ» журналының оқырманына жол тартқанына алты жылға жуық уақыт болып қалды. 2009 жылдың сәуір айынан бастап алғашқы нөмірі жарыққа шыққалы бері қазақ әдебиеті мен тарихына қатысты мақалаларды ортаға салып, Сыр өңірінің мәдениеті мен өнерін насихаттап, облысымыздың бүгінгі мәдени, әлеуметтік дамуындағы өзгерістерді ақпараттандыруда журналдың қосып келе жатқан үлесі салмақты.