Бас редактор бағаны

"Әлімсақ" журналының бас редакторы, филология ғылымдарының кандидаты

Нұрлан Көбегенұлы Нұрмаханов

 Бас кеспек болса да...

Журналға тіркелу

Валют бағамы

Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан

Серіктестер

Қазақ хандығы құрылуының мәселелері

 

XV ғасырдың ортасында Қазақ хандығының құрылуы - Қазақстан аумағында ежелден бері жалғасып келе жатқан этникалық процестің мәдени, рухани дамулардың мемлекеттіліктің дамуының және  XІV-XV ғасырлардағы саяси просестердің заңды қорытындысы болып табылады. Сондай-ақ, қазақ халқының құрылуының Евразия тарихында алатын тарихи маңызы ерекше. Сондықтан да қазақ хандығының құрылуының қазіргі күн талаптар тұрғысынан таптық емес, жаңаша көзқарастармен зерттеу кезек күттірмейтін маңызды мәселеге жатады. Күн сайын еліміздің мемлекеттілік тұғырының нығаюы бүкіл әлем алдында саяси және экономикалық беделінің өсуі республикамыздың халықаралық аренадағы ролін айқындап отыр. Бүкіл дүниежүзі алдында қазақ мемлекеті өзінің дербестігімен және әртүрлі халықаралық саясаттағы ролімен көзге түсуде. Міне, сол себепті де қазіргі мемлекетіміздің XV ғасырдағы бір көрінісі, бір белесі болып табылатын қазақ хандығының тарихы, оның құрылуы кімді болса да қызықтырары анық.

Біз қарастырып отырған мәселе XІХ ғасырдың 60-жылдарынан бері В.В.Вельяминов-Зерновтың жарыққа шыққан еңбегі тарихшылардың назарында келе жатыр. Мәселенің әр түрлі аспектілерін зерттеп қарастыруда әр жылдары Ш.Құдайбердіұлы, А.П.Чулошников, М.Тынышпаев, В.Вяткин, К.А.Пищулина, Т.И.Сұлтанов және тағы басқалар үлес қосты. Осы тарихшылардың зерттеулері негізінде қазақ хандығы құрылуының мынадай мәселелері көпшілік назарына ұсынылды.

1. Қазақ хандығы құрылуына Керей мен Жәнібек сұлтандардың Дешті Қыпшақтағы Әбілхайыр ханнан бөлініп, Моғолстанның батысындағы Шу бойына қоныстануы негіз болған.

2. Қазақ хандығы құрылуы хижраның 870 жылы жүзеге асқан.

3. Қазақ хандығы құрылуы Алтын Орданың саяси ыдырау нәтижесінде болған.

4. Керей мен Жәнібектің көшуіне Дешті Қыпшақтағы ру-тайпалық қайшылықтар мен шиеленістер себеп болған.

5. Керей мен Жәнібектің көшуі Дешті Қыпшақтағы таптық күрестің нәтижесінде болған.

6. Қазақ хандығы құрылуы бір тарихи оқиғамен құрылмаған, бірнеше жылдарға созылған тарихи да-мудың заңды қорытындысы ретінде дүниеге келген.

Жалпы алғанда, бұл атап көрсетілген тұжырымдар қазақ хандығы құрылуын ашуға жәрдемдеседі, бірақ мәселені толық қамти алмайды. Өйткені біздің пікірімізше, қазақ хандығының құрылуы жоғарыда айтып өткеніміздей, ұзаққа созылған этно-мәдени, рухани және саяси дамулардың нәтижесінде жүзеге асқандықтан көрсетілген.

Факторлар қазақ хандығы құрылуына қатысты-рылмай отыр. Міне, сол себепті де біз төменде осы жағдайларды ескере отырып, қазақ хандығы құрылуын ғылыми тұрғыда толық ашып көрсететін мәселелерді көрсетуге тырысамыз.

Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алуына байланысты отандық тарих ғылымы да идеология-лық шырмаудан құтылып, үстем идеологияға емес, сол тарихқа жасаған халықтың өзіне қызмет етуге бет бұрады. Тәуелсіздік алған жылдары тарих ғылы-мы барлық салалар бойынша даму жолына түседі. Сондай саланың бірі - деректану ғылымы. XХ ғасыр-дың 90-жылдары мен XХІ ғасырдың алғашқы жыл-дары орта ғасырлық Қазақстан тарихының мәселеле-рін жан-жақты көрсететін көптеген деректер қазақ тіліне аударылды және араб, парсы тілдерінен орыс тіліне аударылды. Олардың қатарына Әбілғазының "Түрік шежіресі", Бабырдың "Бабырнамасы", Қ.Жа-лайырдың "Жылнамалар жинағы", Өтеміс қажының "Шыңғыснамасы", М.Х.Дулатидің "Тарихи Раши-диін" жатқызамыз. Әсіресе, М.Х.Дулатидің "Тарихи Рашиди" еңбегі орыс тілінде екі рет және түпнұсқа-дан қазақ тіліне алғаш аударып жарыққа шығуы деректану ғылымының жетістігін көрсетті. Сондай-ақ, бұл еңбек біздің қарастырып отырған мәселеміз-дің шеңберлерін кеңейтті. Осындай деректердің негізінде Қазақ хандығының құрылуының кейбір мәселелері алғаш рет тарихшылардың назарына іліне бастайды. Ал, кейбір мәселелер туралы нақты ой пікірлер айтылады. Міне, енді біз 1990 жылы және қазіргі күндер аралығында осы мәселелер бойынша тарих ғылымына жеткен жетістіктерді талдай, саралай келе өзіндік тұжырымымызды білдіреміз.

Қазақ хандығының құрылуы белгілі бір дәрежеде тарихи процестердің заңды қорытындысы болғандықтан оның тарихи алғы шарттары болады. Тарихи алғышарттардың өзін іштей жіктейтін болсақ, ол мынадай факторлардан тұрады:

1. Қазақ хандығының құрылуының этникалық алғы шарттары

2. Қазақ хандығының құрылуының діни-рухани алғы шарттары.

3. Қазақ хандығының құрылуындағы моңғолдық фактор немесе мемлекеттіліктің дамуының әсері.

4. Қазақ хандығының құрылуына тікелей әсер еткен саяси оқиғалар.

Бұл көрсетілген факторларды ғылыми тұрғыдан терең зерттеу бізге қазақ хандығы құрылуының алғышарттарын түсінуге мүмкіндіктер береді. Енді қысқаша түрде осы факторларға назар аударсақ. Алдымен қазақ хандығы құрылуының этникалық алғышарттары туралы. Кез-келген мемлекет белгілі бір этностың әлеуметтік территориялық ұйымы және қоғамның ішкі және сыртқы қатынастарын реттейтін басқару жүйесі болғандықтан этнос-мемлекет бір-біріне етене тығыз ұғым болып саналады. Қарапайым тілмен айтсақ, мемлекетті этностар туғызады. Ал, мемлекеттер этностың дамуына, өркендеуіне жағдайлар жасайды. Осы қағиданы қазақ халқы мен қазақ хандығына қолданып көрсек, онда қазақ хандығын дүниеге әкелген қазақ этносы болып шығады.

Қазақ хандығы құрылуының келесі бір алғышартына діни-рухани алғышарттар жатады. Кез-келген этнос немесе этносты құраған ру-тайпалар жиынтығы өздерін нақты бір этностың мүшесіміз және басқа этностардан ерекшелендіріп көрсететін нәрсеге олардың ру-тайпалық санадан жоғары тұрған халықтың санасы жатады. Ал, халықтық сананың пайда болуына діни фактор мен рухани факторлар жетекші роль атқарады.

XІІІ-XV ғасырлардағы Қазақстан аумағында болған діни-рухани дамуларда ислам дінінің Алтын Орда мен Ақ Орда мемлекетінде ресми дінге айна-луы шешуші роль атқарды. Бүкіл Дешті Қыпшақтағы тайпалардың толығымен және түпкілікті түрде мұсылманданып, ортақ бір дінге сенуі АллаҺты ортақ құдай деп тануы, Мұхаммедті ортақ Пайғамбар деуі құранда исламның ортақ қасиетті кітабы деп білуі, сондай-ақ шариғат жолының бүкіл тайпаға бірдей болуы ру тайпаларды ортақ діни кеңестікпен қатар ортақ рухани кеңестіке енгізеді. Осылардың нәтижесінде ру-тайпаларда ру-тайпалық санадан жоғары тұрған сана қалыптасады. Міне, осы сала этникалық процесті жаңа деңгейге көтеріп, соған сай мемлекетті қалыптастырады. Яғни, бұл мәселеде қазақ хандығының құрылуының алғы шартын болашақта терең зерттеуді қажет етеді.

Қазақ хандығының құрылуындағы келесі алғы-шарттарға монғолдық фактор немесе монғолдар енгізген мемлекеттік жүйенің тікелей әсері жатады. ХІІІ ғасырдың басында монғол жаулаушылығы нәтижесінде Дешті Қыпшақта саяси және әкімшілік жағдайлармен қатар мемлекеттік жүйесі де өзгере-ді. Бұрынғы монғолдарға дейінгі Дешті Қыпшақтағы қыпшақ мемлекеттігі ерте ортағасырлық феодалдық қатынастарға негізделмегендіктен, ондағы билік түрлері, олардың бір-біріне қарым-қатынасы бір-біріне тәуелді болды. Ал, Шыңғыс хан енгізген мемлекеттік жүйеде бұл жағдайлар басқаша көрініс тапты. Мұндағы билік түрлері ішінде хандық билік биліктің басқа түрлерінен жоғары тұрды. Биліктің басқа түрлерін өзіне тәуелді етті немесе атқарушы билік биліктің басқа түрлерін функционалдарын өз қолына алды. Нәтижесінде XІІІ-XV ғасырларда мемлекеттіліктің нығайтылған түрі өмір сүрді. Мұн-дай мемлекеттік жүйе халықтық санаға жете бас-таған ру-тайпаларды басқаруда тиімділік көрсетті. Яғни, халықтық деңгейге көтеріле бастаған этника-лық процеске сай болуы үшін осындай нығайтылған мемлекеттік жүйе қажет болатын. Мұндай жүйенің қалыптасуын монғолдық мемлекеттік жүйе қамтамасыз етті. Сондықтан мұндай жүйені монғол-дық фактордың тікелей әсері деп есептейміз.

Жоғарыда біз қарастырған үш мәселе қазақ хандығы құрылуының алғышарттары мәселесіне жатады. Жалпы осы алғышарттарды зерттемей, оларды толық меңгермей, қазақ хандығының құрылуы туралы ой-пікірлерді айту мәселені шешуде толық нәтиже бермейді. Сондықтан да қазақ хандығының құрылу процесі мәселесі қандай маңызды болса, оның алғышарттары да сондай маңызды деп есептейміз.

Қазақ хандығы құрылуындағы келесі бір маңызды мәселелердің қатарына хандықтың құрылу процесіне байланысты оқиғалар барысы жатады. Керей мен Жәнібектің көшуі, олардың Моғолстанда орналасуы, сондай-ақ хандықтың қай жылы құрылғандығы жөнінде қарастыра келе біз мынадай тұжырымдар жасаймыз.

1.    Керей мен Жәнібектің көшуі М.Х.Дулатидің "Тарихи Рашиди" атты еңбегінде баяндалады да, барлық зерттеушілер осы тарихи оқиғаны хандықтың құрылуымен байланыстырады.

2.    Хандықтың құрылған жылы ретінде 1456, 1465-1466, 1470-1471 жылдар деп көрсетіледі. Бұл жөнінде осы мәселемен айналысқан әрбір тарихшы өз дәлелдеулеріне сүйеніп немесе еш дәлелдеусіз осы жоғарыдағы даталардың біреуін көрсетеді.

Біз төменде осы мәселе бойынша бірнеше жылдан бері айналысып келе жатқандықтан өзіміздің жеке ой-пікірімізді білдіреміз. Тұжырымдарымызды қысқаша тезистер түрде білдірейік.

1.    Қазақ хандығының құрылуы бір саяси оқиғамен жүзеге асқан процесс емес, Керей мен Жәнібектің Әбілхайырдан бөлініп, Моғолстанға көшуі тарихи процестегі маңызды оқиғаның бірі және маңыздысы. Қазақ хандығының құрылуы осы тарихи оқиғадан бастау алатындықтан кейбір зерттеушілер хандықтың құрылу процесіндегі басқа оқиғаларды аңғармайды. Хандықтың құрылуында осы оқиға, яғни Керей мен Жәнібектің көшуі басты рөл атқарса, одан кейінгі ірілі-ұсақты тарихи оқиғалар, сондай-ақ Әбілхайыр хандығы күйрегеннен кейін Дешті Қыпшақтың басым бөлігінде қазақ хандығы билігінің үстемдікке жетуі осы тарихи процесті аяқтаған оқиға деп есептейміз. Бұл хандықтың құрылу барысы шамамен 13-14 жылға созылған тарихи процестерден тұрады.

2.    Осы мәселедегі маңызды және ең дау-дамайлы сұраққа хандықтың нақты қай жылы құрылғандығы туралы таластар жатады. Біз қысқаша түрде қазіргі кездегі бірнеше пікірлерді талдап, оны түсіндіріп көрейік.

1) "Қазақ хандығы 1456 жылы құрылды" деген пікір туралы. Бұл пікірді ХХ ғасырдың басында Ш.Құдайбердиев, А.П.Чулошников өз еңбектерінде қолданған болатын. Осы екі автордан кейін бұл датаны қазіргі күнде қолдаушылар бар. 1864 жылы В.В.Вельяминов-Зернов "Тарихи Рашидидегі" Керей мен Жәнібектің көшуі туралы сөйлемдерді орыс тіліне аудара келе оқырмандарға түсінікті болуы үшін бұл датаны жақша ішінде берген болатын. "Тарихи Рашидидің" мәтінінде бұл дата кездеспейді. Сол себепті де "1456 жылы қазақ хандығы құрылған жылы" деген пікірді ғылыми негізсіз пікір деп жариялаймыз.

2) Қазақ хандығы құрылған жылы деп көрсетілген дата 1465-1466 жыл туралы. Бұл пікірдің қате екендігін алғаш рет өз еңбегінде Т.И.Сұлтанов дәлелдеген болатын. Қысқаша түрде айтсақ, сол кездегі Моғолстан ханы Есен Бұғаның нақты 1461-1462 жылы қайтыс болғандығын М.Х.Дулати тайға таңба басқандай етіп көрсетеді. 1465-1466 жылы Есен Бұғаның Керей мен Жәнібекті Моғолстанға қабылдауы қисынға келмейді.

3) Қазақ хандығының құрылуының бастауы 1457-1458 жылы құрылды деген пікір. Осы мақала авторы бұл даталардың дұрыстығын дәлелдеп бірнеше рет мақала жазған болатын. Сондықтан оны қайталамай, Керей мен Жәнібектің Моғолстанға көшіп келуі "1457 жылдың күзінде болған оқиға" деп, ал Керейдің хан сайлануы 1458 жылдың күзінде жүзеге асқан деп есептейміз.

Хан - барлық билікті бір қолға шоғырландырған мемлекеттің жоғарғы билік органы болып саналғандықтан, осы жылды қазақ хандығының құрылған жылы деп есептейміз.

1461-1462 жж. Есен Бұғаның қайтыс болуы, оның ұлы Досмұхаметтің билікке келіп, орталық билікті әлсіретуі Әбілхайырға наразы болғандықтан, қазақ хандығына келіп қосылуы жаңа хандық статусын жоғарылата бастайды.

1469 жылы Әбілхайырдың, Досмұхамет ханның, Мауеренахр билеушісі Әбу Сайт мырзаның қайтыс болуы және осы жағдайдан кейінгі пайда болған оқиғалар қазақ хандығының Моғолстан "шекпенінен" шығып, дербестенуіне мүмкіндіктер береді. 1470-1471 ж.ж. Дешті Қыпшақтағы көшпелі өзбектер мемлекеті толығымен күйреп, оның орнына қазақ хандары әулетінің келуі, қазақ хандығының толығымен және түпкілікті түрде аяқталуын тарихи процесс деп санаймыз.

Қорыта келе айтарымыз, Қазақ хандығының құрылу мәселесі әлі де болса арнайы түрде зерттеуді қажет етеін мәселелер қатарына жатады. Біз тек бұл мақалада осы күрделі мәселелер төңірегіндегі сұрақтар туралы ой қозғап, оны шешуге тікелей жәрдем тигізетін жеке мәселелерді атап көрсеттік. Ал, оларды зерттеу алдымыздағы тұрған маңызды мәселердің қатарына жатады.

 

Б.Кәрібаев,

ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі,

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің профессоры,

тарих ғылымдарының докторы

Пікір қалдыру


Қорғаныс саны
Жаңарту

Іздеу

Сауалнама

Бүгінде журналистерге қай сала мамандарынан ақпарат алу қиын?

Медицина - 57.1%
Прокуратура - 0%
Сот - 0%
Департаменттер - 14.3%
Облыстық басқармалар - 28.6%

Дауыс саны: 7
The voting for this poll has ended on: 29 Шіл 2017 - 00:00

Жоба туралы

Сыр өңірінің тумасы, қайсар қаламгер, ақын Зейнолла Шүкіровтің рухына арналған «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты облыстық жас ақындар мүшәйрасы өтті.

 «Руханиятты жаңғырту» қоғамдық қоры мен республикалық әдеби-мәдени, тарихи-танымдық «Әлімсақ» журналы Зейнолла Шүкіровтің рухына арнап биыл төртінші рет дәстүрлі «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты талантты жас ақындар мүшәйрасын ұйымдастырды. Биылғы жылдың жеңімпазы - М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжінің студенті Нәбира Ешниязова.

 

 

Редакцияға хат

Email:
Тақырып:
Текст:

Әлеуметтік желілер

Күнтізбе

<< < Мамыр 2015 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31

As we continue our list of fantasy football”s top 101 PPR players of 2017 we have three players who have recently finished in the top-15 at their positions.

In fantasy football there will always be players who have an unexpected drop or rise from one year to the next. One player on today’s list was a top-six wide receiver in 2015. The next year,Vince Wilfork Jersey he wasn’t even a top-20 wide receiver.

The same can be said about a running back on today’s list who was a top-five running back in 2015. Last year, he wasn’t even a top-18 running back. Who are these players and what should we expect from them in 2017?

To be clear,J.J. Watt Jersey the top 101 PPR players are for re-draft leagues only. Here’s a look at players ranked No. 38-36:

Last season Patriots wide receiver Julian Edelman finished fourth in the NFL in receptions with 98. He also set a career-high in receiving yards with 1,106. In the end,Brian Cushing Jersey Edelman finished 2016 as the 15th PPR wide receiver. Unfortunately for Edelman, I see a regression coming his way in 2017.

The 2016 season was only the second time in Edelman’s eight-year career he played in all 16 games in a season. The other time came back in 2013. Going into 2017, the odds are against the 31-year old receiver to play in all 16 games in back-to-back years for the first time in his career. Even if he somehow manages to stay healthy for all 16 games, he’s sure to lose targets and receptions.

Last year Patriots star tight end Rob Gronkowski had a career-low 25 receptions. Gronk was never 100 percent during the 2016 season and only appeared in eight games. Going into 2017,DeAndre Hopkins Jersey he will be back to full strength. Also, the Patriots traded their 2017 first-round pick for Saints wide receiver Brandin Cooks. The former Oregon State Beaver will be the team’s new No.1 wide receiver.

Журнал туралы

«Әлімсақ» журналы – рухани серігіңіз

 Қазақтың ғасырлар қойнауынан тамыр тартқан, әлімсақтан келе жатқан хатқа түскен тарихының, ұлттық болмыс-бітіммен астасқан әдебиеті мен мәдениетінің, тілі мен дінінің, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрінің бірден-бір насихатшысы, Сыр бойының тарихында алғаш рет әдеби-мәдени, тарихи-танымдық бағытта жарық көрген «Әлімсақ» журналының оқырманына жол тартқанына алты жылға жуық уақыт болып қалды. 2009 жылдың сәуір айынан бастап алғашқы нөмірі жарыққа шыққалы бері қазақ әдебиеті мен тарихына қатысты мақалаларды ортаға салып, Сыр өңірінің мәдениеті мен өнерін насихаттап, облысымыздың бүгінгі мәдени, әлеуметтік дамуындағы өзгерістерді ақпараттандыруда журналдың қосып келе жатқан үлесі салмақты.