Бас редактор бағаны

"Әлімсақ" журналының бас редакторы, филология ғылымдарының кандидаты

Нұрлан Көбегенұлы Нұрмаханов

 Бас кеспек болса да...

Журналға тіркелу

Валют бағамы

Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан

Серіктестер

«Түркістан «Түркістан ұлттық комитеті» ақталуға тиісұлттық комитеті» ақталуға тиіс

 

1946 жылы 13 маусымда КСРО Мемлекет қауіпсіздік комитетінің №50 арнайы бұйрық-жарлығы (специальный циркуляр) шығып, 1942-1943 жылдары Берлинде құрылған "Түркістан ұлттық комитеті" ұйымының қызметіне тексеру жүргізу мақсатында арнайы жедел-іздестіру тобы құрылды. Бұл топтың құрамына Орта Азия және Қазақстан қауіпсіздік органдарының қызметкерлері кірді. Оларға мынадай міндеттер жүктелді:

1. Установить следствием наличие возможно созданного немецкой разведкой националистического подполья в республиках Средней Азии и Казахстане.

2. Выявить агентуру английской и американской разведок из числа перевербованных ими участников ТНК (Түркістан ұлттык комитеті), ТНС (Түркістан ұлттық кеңесі) и командного состава легионеров, установить связи, идущие от этих разведок в Среднюю Азию и Казахстан.

3. Организовать розыск членов ТНК, ТНС и командного состава национальных воинских формирований.

Осыған байланысты Қазақстандағы Мемлекет қауіпсіздік комитеті 1946 жылы №5221 қылмыстық іс қозғап, тергеу амалдарын жүргізді. Нәтижесінде, 49 адам жауапқа тартылды. Алайда, тергеушілер қанша тырысқанымен олардың неміс, ағылшын немесе американдық барлау органдарының агенті екені, сондай-ақ қолына қару-жарақ алып, Кеңес Одағына қарсы соғысқаны туралы нақты деректер таба алмады. Сондықтан да, "Түркістан ұлттық комитетін" қауіпсіздік органдары антикеңестік ұйымға жатқызып, оған қатысқан 49 адамды "Отанына опасыздық" жасаған деп, дәлелсіз айып тағуға мәжбүр болған. Жауапқа тартылғандардың 20-сы - өзбек, 19-ы - қазақ, 7-уі- түрікмен, 2-уі - қырғыз және біреуі - тәжік. Қызылорда облысынан екі адам бар. Олар Үсен Қошалақов пен Ақмырза Қуатов. Тергеу құжаттарына қарағанда, Үсен Қошалақов (Кошалаков Усен) 1917 жылы Қызылорда облысы Қазалы ауданының Майлыбас станциясында туған, қазақ. Ауқатты отбасынан, білімі жоғары, партия мүшелігіне кандидат. Қармақшы қыстағындағы орта мектептің мұғалімі. Ақмырза Қуатов (Куватов Акмурза) 1921 жылы Қызылорда облысы Қармақшы ауданының Қармақшы қыстағында туған, қазақ, мұғалім. 1946 жылы Тульск гарнизонының әскери трибуналымен 6 жылға сотталған, бірақ жазасын өтемеген (тергеу құжаттарында осылай жазылған. Ә.Б.), әскери шені лейтенант. Сот процесі 1947 жылы 8-18 сәуірде Қазақстандағы МҚК-нің Дзержинский көшесінің бойындағы негізгі ғимаратында өткен. Сотты басқарған мәскеулік генерал-майор Хаспулатов, мүшелері подполковник Катков пен майор Дерведенев, хатшысы капитан Шехонин.

Осы қылмыстық іс бойынша жауапқа тартылған жазушы Хамза Абдуллин сот процесіне байланысты былай дейді: "Қылмыстық істі Түркістан әскери округінің трибуналы қарады. Сот процесі жабық болды. Прокурор мен қорғаушылар (адвокаттар) қатыстырылған жоқ. Залда КГБ-нің басшылары ғана отырды. Бірінші болып айыпкер Артур Қолдыбаев жауап берді. Сот төрағасы генерал-майор Хаспулатов: "Отанын сатқан опасыздардың бастығы" деп, оған айып тақты. Расын айтқанда, Қолдыбаев Кеңес өкіметіне қарсы ешқандай қылмыс жасаған жоқ. Қолына мылтық та ұстаған емес, майдан даласына барған да жоқ, сондай-ақ Кеңес үкіметіне қарсы бір ауыз үгіт жүргізген де адам емес. Өзі ағылшын, неміс тілдерін жақсы білетін. Әрдайым неміс тіліндегі романдарды оқып отыратын, момын адам еді. Міне, осындай адамды Отанын сатқан опасыздардың бастығы етіп қойған соң, қалған қырық сегізімізді "енді түгелдей атылады екенбіз" деген үрей билеп кетті...". Алайда, Қолдыбаев сөйлеген сөзінде: "Жер шарында толып жатқан мемлекеттер бар, бірақ олардың ішінде өз халқын өзі өтірік жаламен өлтіретін сендерден басқа бір де мемлекет жоқ. Өлтірсеңдер өлтіре беріңдер, бірақ сендерді де өлтіретіндер дүниеге келеді. Олар - біздің балаларымыз бен немерелеріміз. Аспанда Алла бар, ол - ұлы ғаламның қожасы. Қан ішкіш опасыздардың аттары оның қойын дәптерінде жазулы. Көрлеріңе өкіріп кіретін күн жақын. Алланың қылышынан ешбір жендет құтылып кете алмайды", - дейді.

Артур Қолдыбаевтың бұл сөйлеген сөзі қалған сотталушылардың рухын көтерсе керек. Олар де кезегі келгенде батыл сөйлей бастайды. Соғысқа дейін Жеңіл өндіріс халық комиссары, соғыс кезінде Ақмола атты әскер дивизиясының полк комиссары болған Нұрхан Сейтов, тіпті сөйлеуден бас тартады. "Неге сөйлемейсіз? Сөйлеңіз" деген генералдың талабына, былай деп жауап береді: "Сөзді сөз ұғатын адамға ғана айтады. Ал, сіздер сөз ұқпайсыздар ғой. Топассыздар. Қош, сау болыңыздар!" - деп, орнына отырады.

Ақырында, сот процесі мазаққа айналады. Қазақтың тұңғыш скрипашысы Әйтікеш Толғанбаев: "Мен Англияның шпионымын" деді. Төрағаның "Қожаларыңның алдында шпиондық парызыңды өтедің бе?" деген сұрағына: "Жоқ, өтей алмадым. Өздеріңіз тым асығып, мені Алматыға келісімен ұстап алдыңыздар. Аздап сабырлық қылғанда мен Англия үшін жұмыс істейтін едім", - деп, кекетіп жауап қайтарады.

"Міне, сот процесі осылай өтті",- дейді Хамза Абдуллин. Расын айтқанда, жауапқа тартылған 49 адамның қылмыстық іс-әрекеттері алдын ала және сот тергеуінде мүлдем дәлелденбеген. Тергеу бір жақты, айыптау бағытында жүргізілген. Соған қарамастан Түркістан әскери округінің әскери трибуналы 10 адамды ату жазасына, 4 адамды 25 жылға, 12 адамды 20 жылға, 6 адамды 15 жылға, 16 адамды 10 жылға, бір адамды 7 жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарады. Ату жазасына кесілгендердің қатарында қызылордалық Үсен Қошалақов та болды. Алдын ала тергеу кезінде Мұстафа Шоқай туралы (жерлесі деген шығар) одан қайта-қайта жауап алған екен. Сөзіміз құрғақ болмасын, кейбір жауап алу хаттамаларынан үзінді келтірейік.

Протокол допроса Кошалакова Усена от 11 сентября 1946 года.

Вопрос: Что Вам говорил Канатбаев об ориентации Чокаева в борьбе против Советского Союза?

Ответ: Этого от Канатбаева я никогда не слышал. На кого ориентировался Чокаев в борьбе против Советского Союза я не знаю.

Вопрос: Вам известно, что в борьбе против Советского Союза Чокаев ориентировался на Англию. Почему Вы это скрываете?

Ответ: Нет, этого мне неизвестно.

Вопрос: Вы говорите неправду. При обсуждении вопроса о перереходе на сторону английских или американских войск, вы руководствовались ориентацией Чокаева. Расскажите об этом...

Ответ: Мне известно, что все свои антисоветские произведения Чокаев издавал на французском и английском языках, за что при оккупации Франции немцами, Чокаев был арестован. Из этого я могу заключить, что Чокаев был английской или французской ориентации, но никак немецкой..."

Протокол допроса Кошалакова Усена от 6 ноября 1946 года.

Вопрос: На очной ставке с вами Колдыбаев показал, что Чокаев эмигрировал из Советского Союза по заданию существовавшего здесь подпольного антисоветского националистического центра, в целях установления связи с иностранными государствами и организациями для дальнейшей борьбы против СССР. Что Вам известно об этом?

Ответ: Осенью 1943 года в Берлин приезжал из Турции Заки Валиди. Узнав об этом, я вместе с Айтбаевым ходил к нему в гостиницу. Мы там застали Тыныбекова и других лиц, фамилии которых я сейчас не помню. В беседе с нами Валиди рассказал о своей связи с Чокаевым и совместной борьбе против Советского Союза, за создание независимого Туркестана. В частности, о создании "Кокандской автономии". При этом Валиди говорил, что Чокаев эмигрировал за границу, в целях продолжения борьбы против Советского Союза. Однако по чьему решению или предложению он эмигрировал Валиди не говорил. Через некоторое время эмигрировал и Валиди, установив связь с Чокаевым во Франции. Далее Валиди говорил о том, что он часто спорил с Чокаевым по вопросу того, что Чокаев являясь ярым националистом, женат на русской, и что эти споры привели к разрыву с Чокаевым.

Вопрос: Что Вам говорил Валиди об оставшихся в Советском Союзе националистах, связанных с ним  и Чокаевым по антисоветской работе?

Ответ: Об этом с Валиди никаких разговоров при мне не было.

Жазушы Хамза Абдуллиннің естелігіне қарағанда ("Халық кеңесі" газеті, 15 сәуір 1993 жыл. "Қыршыннан қиылған қырық тоғыз"), Түркістан әскери округінің трибуналы 1947 жылғы сәуір айының 18-інде шығарған үкімін Мәскеуге бекітуге жібереді. Абырой болғанда, әскери трибуналының үкімі екі-үш айға созылып барып, бекиді. Сол арада КСРО Жоғарғы Кеңесінің Президиумы ең жоғарғы жазаны қолдануға тыйым салады. Оның орнына 25 жылдық тұтқындау мерзімі енгізіледі. Сөйтіп, ату жазасына кесілген Үсен Қошалақов және басқалары тірі қалады. Есесіне, олар ұзақ мерзімге Сібірге айдалады. Тек, 1954 жылғы 14 шілдедегі Кеңес үкіметінің Жарлығы бойынша шартты түрде мерзімінен бұрын босанып, барлығы да еліне қайта оралады. Өкінішке қарай, әрқайсысының кейінгі өмірі әрқалай болады. "Сейітов Нұрқан жындылар үйінде өлді, Қолдыбаев пен Тыныбеков және Қойшыбаев пен Абатов дейтін өте білімпаз жолдастар араққа салынып, өмірлерімен қоштасты. Арамызда өзін-өзі асып өлтіргендер де болды. Қалғандарымыз тірі өліктің қатарында тап-таза мәңгүрт болып өмір сүрдік", - дейді Абдуллин.

Қармақшы ауданының Ш.Уәлиханов атындағы орта мектептің тарих пәнінің мұғалімі Гүлбану Тұрымтаева "Үсен Қошалақов - қос жүйе құрбаны" атты мақаласында ("Әлімсақ" журналы, №11 (32) 2011 жыл, қараша) былай дейді: "КСРО Жоғарғы Советі Президиумының 1955 жылғы 17 қыркүйектегі Указымен Үсен Қошалақовқа кешірім жасалды. Ұлы Отан соғысына қатысқан жауынгер ретінде мемлекет белгілеген жеңілдіктерді пайдалану туралы куәлік қоса тапсырылды. Кешірім жасалғаннан кейін Үсен Қошалақов өзінің мамандығы - ұстаздық қызметіне қайта кірісті. Жастарға сапалы білім, саналы тәрбие беруге ынта-жігерімен кірісті. Туған жеріне оралғаннан кейін де адамдардың күмәндануы, Мемлекеттік қауіпсіздік комитеті тарапынан аңду секілді жағдайларды да басынан өткерді...".

Расында, Қошалақов елге оралғаннан кейін ұзақ уақыт жергілікті қауіпсіздік органдарының бақылауында болды. Бұл жағдайды, осы іске қатысы бар КГБ-нің бұрынғы қызметкері (қазір зейнеткер) растап, бір кездері "қамқорлығында" болған Қошалақов туралы былай дейді: "Өзі сақ адам еді. "Түркістан ұлттық комитеті" туралы тіс жарып, айналасындағы адамдарға ештеңе айтпады. Сондықтан да, "бақылау ісін" жабуға мәжбүр болдық. Кейін өзімен жүздесудің сәті түсті. Әңгімелесу барысында: "Үсеке, өткен оқиға ғой. Ендігі жерде қорқатын ештеңе жоқ. "Түркістан ұлттық комитеті" туралы не дейсіз?" - деп, сұрадым. "Ай, шырағым-ай! Қайтесің соны... Мен көп азап көрдім ғой... Біз көрген азапты, Алла тағалам ешкімге көрсетпесін",- деп, Қошалақов қысқаша жауап берді. Бұдан кейін жасы ұлғайған ақсақалға сұрақтар қойып, қинағаным жоқ", - дейді бұрынғы чекист.

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы 1995 жылы 2 ақпанда Тыныбеков, Қошалақов және басқаларының архивтік қылмыстық ісін қайта қарап, тиісті қорытынды жасаған. Онда былай делінген: "По уголовному делу вина обвиняемых (олардың атын атап санап шығады) в измене Родине, пропаганде и подрыве или ослаблении Советской власти, а также в способствовании иностранному государству, находившемуся с СССР в состоянии войны, доказана полностью, а поэтому все они осуждены объективно и реабилитации не подлежат".

Сөйтіп, Бас прокуратурасының бөлім бастығы В.В.Ростың мән-жайына бармай қойылған қолмен 49 адам ақталмай қалады. Алайда, біршама уақыт өткеннен кейін сәті түсіп, жауапқа тартылғандардың арасынан Ә.Толғанбаев, Х.Абдуллин және Қ.Әбішев заң жүзінде толық ақталады. Деректерге қарағанда, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы 1992 жылы Толғанбаевтың архивтік қылмыстық ісін қайта қарап, мынадай шешім қабылдайды: "Приговор военного трибунала Туркестанского военного округа и последующие судебные постановления в отношении Толганбаева Айткеша признать необоснованными. На основании Указа Президента СССР от 13 августа 1990 года "О восстановлении прав всех жертв политических репрессий 20-50-х годов" он реабилитирован". Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының Президиумы 1996 жылы Абдуллин жайында төмендегідей қаулы қабылдайды: "Постановлением Президиума м Верховного суда Республики Казахстан от  21 июня 1996 года №4-26-96 приговор военного трибунала Түркестанского военного округа от 18 апреля 1947 года и определение военной коллегии Верховного суда СССР от 6 сентября 1947 года по делу Абдуллина Хамзы отменены и дело производством прекращено за отсуствием в его действиях состава преступления. На основании закона Республики Казахстан от 14 апреля 1993 года "О реабилитации жертв политических репрессий" Абдуллин Хамза реабилитирован." Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының әскери коллегиясы Қабыкен Абишев туралы былай дейді: "Военная Коллегия Верховного суда приходит к выводу, что в материалах дела отсуствуют какие-либо объективные данные о добровольной сдаче Абишева в плен к немцам и что, находясь в плену, он не причинил вреда военной и государственной мощи СССР, то есть нет данных, свидетельствующих об его измене Родине. При таких обстоятельствах, считает суд, следует признать, что предварительное и судебное следствие в отношении Абишева К. было проведено явно с обвинительным уклоном. На основании изложенного, приговор Военного трибунала Туркестанского военного округа от 18 апреля 1947 года в отношении Абишева Кабыкена отменить и уголовное дело в отношении него прекратить за недоказанностью его вины в совершении преступлений, предусмотренных ст.ст.58-1 "б" и 58-11 Уголовного кодекса РСФСР". Белгілі журналист Кемелбек Шаматайдың жазғандарына қарағанда, Ақмырза Қуатов та ақталған секілді.

Сонымен, сотты болған 49 адамның төртеуі ақталды. Ең қызығы, жауапқа тартылған айыпкерлердің қылмыстық ісін айырып алып, бөлек-бөлек қайта қарайтын болса, оларды түгелдей ақтап алуға болады. Себебі, тағылған айыптары нақты деректерге негізделмеген. Тіпті, Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының әскери коллегиясы: "Предварительное и судебное следствие в отношении Абишева К. проведено явно с обвинительным уклоном" (!) деген қорытындыға келген. Осындай жағдайда, жауапқа тартылған қалған 45 адамға қауіпсіздік органдары әділдікпен қарап, дұрыс шешім қабылдады деуге болмайтын шығар. Сондықтан да, Үсен Қошалақов және басқалары ақталуға жатады. Толғанбаев ақталуы туралы анықтаманы балаларына беріп: "Менің ақталғаным маған емес, сендерге керек!" деген екен. Расында, жазықсыз жазаланғандардың ақталғаны ұрпақтарына керек. Қошалақов 1989 жылдың 6 шілдесінде қайтыс болған. Өмірмен қоштасар сәтінде жары Мадинаға: "Менің Отаныма адалдығымды, ешқандай сатқындық жасамағаным-ды балаларыма түсіндіріп айт. Мен атқарған істердің де адалдығы ашылатын сәт туатынына сенемін..." деп, өтініш білдіріпті.

Гүлбану Тұрымтаева аталмыш мақаласында: "Үсен Қошалақовтың толық ақталатын күні алыс емес. Өкініштісі, құзырлы орындардың бюрократиялық инерциясынан адал адамдардың бұрынғысынша зардап шегуі ойландырады" дейді. Расын айтқанда, қазір біреуді біреу ойлайтын заман емес. Сондықтан да, Қошалақовтың жақын ағайын-туыстары жоғарғы инстанцияларға арыз-шағым жазып, халқына адал қызмет еткен, ары таза ақсақалды ақтап алғандары дұрыс болар еді.

 

Әмірхан БӘКІРҰЛЫ

Пікір қалдыру


Қорғаныс саны
Жаңарту

Іздеу

Сауалнама

Бүгінде журналистерге қай сала мамандарынан ақпарат алу қиын?

Медицина - 57.1%
Прокуратура - 0%
Сот - 0%
Департаменттер - 14.3%
Облыстық басқармалар - 28.6%

Дауыс саны: 7
The voting for this poll has ended on: 29 Шіл 2017 - 00:00

Жоба туралы

Сыр өңірінің тумасы, қайсар қаламгер, ақын Зейнолла Шүкіровтің рухына арналған «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты облыстық жас ақындар мүшәйрасы өтті.

 «Руханиятты жаңғырту» қоғамдық қоры мен республикалық әдеби-мәдени, тарихи-танымдық «Әлімсақ» журналы Зейнолла Шүкіровтің рухына арнап биыл төртінші рет дәстүрлі «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты талантты жас ақындар мүшәйрасын ұйымдастырды. Биылғы жылдың жеңімпазы - М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжінің студенті Нәбира Ешниязова.

 

 

Редакцияға хат

Email:
Тақырып:
Текст:

Әлеуметтік желілер

Күнтізбе

<< < Мамыр 2015 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31

As we continue our list of fantasy football”s top 101 PPR players of 2017 we have three players who have recently finished in the top-15 at their positions.

In fantasy football there will always be players who have an unexpected drop or rise from one year to the next. One player on today’s list was a top-six wide receiver in 2015. The next year,Vince Wilfork Jersey he wasn’t even a top-20 wide receiver.

The same can be said about a running back on today’s list who was a top-five running back in 2015. Last year, he wasn’t even a top-18 running back. Who are these players and what should we expect from them in 2017?

To be clear,J.J. Watt Jersey the top 101 PPR players are for re-draft leagues only. Here’s a look at players ranked No. 38-36:

Last season Patriots wide receiver Julian Edelman finished fourth in the NFL in receptions with 98. He also set a career-high in receiving yards with 1,106. In the end,Brian Cushing Jersey Edelman finished 2016 as the 15th PPR wide receiver. Unfortunately for Edelman, I see a regression coming his way in 2017.

The 2016 season was only the second time in Edelman’s eight-year career he played in all 16 games in a season. The other time came back in 2013. Going into 2017, the odds are against the 31-year old receiver to play in all 16 games in back-to-back years for the first time in his career. Even if he somehow manages to stay healthy for all 16 games, he’s sure to lose targets and receptions.

Last year Patriots star tight end Rob Gronkowski had a career-low 25 receptions. Gronk was never 100 percent during the 2016 season and only appeared in eight games. Going into 2017,DeAndre Hopkins Jersey he will be back to full strength. Also, the Patriots traded their 2017 first-round pick for Saints wide receiver Brandin Cooks. The former Oregon State Beaver will be the team’s new No.1 wide receiver.

Журнал туралы

«Әлімсақ» журналы – рухани серігіңіз

 Қазақтың ғасырлар қойнауынан тамыр тартқан, әлімсақтан келе жатқан хатқа түскен тарихының, ұлттық болмыс-бітіммен астасқан әдебиеті мен мәдениетінің, тілі мен дінінің, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрінің бірден-бір насихатшысы, Сыр бойының тарихында алғаш рет әдеби-мәдени, тарихи-танымдық бағытта жарық көрген «Әлімсақ» журналының оқырманына жол тартқанына алты жылға жуық уақыт болып қалды. 2009 жылдың сәуір айынан бастап алғашқы нөмірі жарыққа шыққалы бері қазақ әдебиеті мен тарихына қатысты мақалаларды ортаға салып, Сыр өңірінің мәдениеті мен өнерін насихаттап, облысымыздың бүгінгі мәдени, әлеуметтік дамуындағы өзгерістерді ақпараттандыруда журналдың қосып келе жатқан үлесі салмақты.