Бас редактор бағаны

"Әлімсақ" журналының бас редакторы, филология ғылымдарының кандидаты

Нұрлан Көбегенұлы Нұрмаханов

 Бас кеспек болса да...

Журналға тіркелу

Валют бағамы

Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан

Серіктестер

БИЫЛ МАЙҚАНОВА ЕСІМІН ИЕЛЕНЕТІН ТЕАТР САЛЫНА МА?

 

Сәрсенбінің сәтінде, 18 ақпанда Қызылорда облысы әкімі Қырымбек Елеуұлы Көшербаевтың Н.Бекежанов атындағы музыкалық-драма театрында халыққа есеп беру кездесуі өтті. Әдеттегідей халық көп жиналды. Қарапайым халықтан гөрі галстук таққан шенеуніктердің қарасы көп көрінді. Көбісі орын таба алмай ентігіп жүр. Есеп дәл уақытында басталды. Әкім бір орнында 3 сағат тікесінен тік тұрып, көпшілік алдында тайсалмай тіл қатты.

Облыс басшысы орнықты да дәлелді сөйледі, әр сөзін бағамдап та, керек жерінде батырып та айтты, өткен жылы атқарылған жұмыстарға кеңінен тоқталды, биылдың еншісіндегі атқарылар шаруаларды жіпке тізгендей бірінен соң бірін баяндады. Көпшіліктің толғандырған сауалдарына жауап берді. Біз де құлағымызды тосып отырдық. "Мәдениет саласына қатысты не айтар екен?" деп, әкімнің аузына қарап қоямыз. Бір жағы журналдың бағыт-бағдары осы саламен сабақтас болған соң әрі осы есепке сонау Астанадан Мәдениет және спорт министрі А.Мұхамедиұлы келіп, "Сыр мәдениеті мен өнеріне қатысты мәліметтермен құлақ құрышын қандырып кете алар ма екен?" деген ой.

Қ.Көшербаев барлық салаға терең екенін көрсетті, мәдени саладан да аттап кете алмады. Сыр бойындағы ежелгі тарихи орындар - Сығанақ, Шірік Рабат және Жанкентте археологиялық қазба жұмыстарының жүргізіле беретінін айтты. Ал, өткен жылы қайта жөндеуден өтіп, заманауи әрі туристік келбетке сай жаңартылған Қорқыт ата кешенінің болашағы туралы:

- Біздің негізгі арманымыз - Қорқыт ата кешенін бүкіл Түркі әлемінің рухани орталығына айналдыру. 2017 жылы "ЭКСПО-да" Астанаға келген қонақтарға Байқоңырдағы ғарыш айлағын көрсету, сонымен бірге оларды Қорқыт ата кешеніне әкелу жоспарда бар, - деді облыс басшысы.

Әкім 2015 жылы салынатын құрылыс нысандары туралы да тілге тиек етті. "Биыл 43 тұрғын үй пайдалануға беріледі, 2406 пәтердің кілті табысталады",- дей келе, қуанғаннан "қайдағы дағдарыс?!" деп шаттана айтты. Біз де қуандық. Алайда, әкім сол құрылыстың арасынан былтыр жоспарланған С.Майқанова есімін иеленетін жаңа театр құрылысының басталатыны жайында еш нәрсе айта қоймады. Халық алдына бір жыл салып келгеннен кейін көпшілікті күпті етіп жүрген жаңа ғимарат туралы бір ауыз сөзді естігіміз келген. Оның үстіне, әкімнің есебі өткен жылы А.Әшімов бастаған өнер қайраткерлерінің атауын ауыстыру жайындағы дауға себеп болған "ескі" театрдың ішінде болып жатыр еді...

Әлімсақ-ақпарат

Іздеу

Сауалнама

Бүгінде журналистерге қай сала мамандарынан ақпарат алу қиын?

Медицина - 57.1%
Прокуратура - 0%
Сот - 0%
Департаменттер - 14.3%
Облыстық басқармалар - 28.6%

Дауыс саны: 7
The voting for this poll has ended on: 29 Шіл 2017 - 00:00

Жоба туралы

Сыр өңірінің тумасы, қайсар қаламгер, ақын Зейнолла Шүкіровтің рухына арналған «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты облыстық жас ақындар мүшәйрасы өтті.

 «Руханиятты жаңғырту» қоғамдық қоры мен республикалық әдеби-мәдени, тарихи-танымдық «Әлімсақ» журналы Зейнолла Шүкіровтің рухына арнап биыл төртінші рет дәстүрлі «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты талантты жас ақындар мүшәйрасын ұйымдастырды. Биылғы жылдың жеңімпазы - М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжінің студенті Нәбира Ешниязова.

 

 

Редакцияға хат

Email:
Тақырып:
Текст:

Әлеуметтік желілер

Күнтізбе

<< < Мамыр 2015 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31

As we continue our list of fantasy football”s top 101 PPR players of 2017 we have three players who have recently finished in the top-15 at their positions.

In fantasy football there will always be players who have an unexpected drop or rise from one year to the next. One player on today’s list was a top-six wide receiver in 2015. The next year,Vince Wilfork Jersey he wasn’t even a top-20 wide receiver.

The same can be said about a running back on today’s list who was a top-five running back in 2015. Last year, he wasn’t even a top-18 running back. Who are these players and what should we expect from them in 2017?

To be clear,J.J. Watt Jersey the top 101 PPR players are for re-draft leagues only. Here’s a look at players ranked No. 38-36:

Last season Patriots wide receiver Julian Edelman finished fourth in the NFL in receptions with 98. He also set a career-high in receiving yards with 1,106. In the end,Brian Cushing Jersey Edelman finished 2016 as the 15th PPR wide receiver. Unfortunately for Edelman, I see a regression coming his way in 2017.

The 2016 season was only the second time in Edelman’s eight-year career he played in all 16 games in a season. The other time came back in 2013. Going into 2017, the odds are against the 31-year old receiver to play in all 16 games in back-to-back years for the first time in his career. Even if he somehow manages to stay healthy for all 16 games, he’s sure to lose targets and receptions.

Last year Patriots star tight end Rob Gronkowski had a career-low 25 receptions. Gronk was never 100 percent during the 2016 season and only appeared in eight games. Going into 2017,DeAndre Hopkins Jersey he will be back to full strength. Also, the Patriots traded their 2017 first-round pick for Saints wide receiver Brandin Cooks. The former Oregon State Beaver will be the team’s new No.1 wide receiver.

Журнал туралы

«Әлімсақ» журналы – рухани серігіңіз

 Қазақтың ғасырлар қойнауынан тамыр тартқан, әлімсақтан келе жатқан хатқа түскен тарихының, ұлттық болмыс-бітіммен астасқан әдебиеті мен мәдениетінің, тілі мен дінінің, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрінің бірден-бір насихатшысы, Сыр бойының тарихында алғаш рет әдеби-мәдени, тарихи-танымдық бағытта жарық көрген «Әлімсақ» журналының оқырманына жол тартқанына алты жылға жуық уақыт болып қалды. 2009 жылдың сәуір айынан бастап алғашқы нөмірі жарыққа шыққалы бері қазақ әдебиеті мен тарихына қатысты мақалаларды ортаға салып, Сыр өңірінің мәдениеті мен өнерін насихаттап, облысымыздың бүгінгі мәдени, әлеуметтік дамуындағы өзгерістерді ақпараттандыруда журналдың қосып келе жатқан үлесі салмақты.