Бас редактор бағаны

"Әлімсақ" журналының бас редакторы, филология ғылымдарының кандидаты

Нұрлан Көбегенұлы Нұрмаханов

 Бас кеспек болса да...

Журналға тіркелу

Валют бағамы

Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан

Серіктестер

Жібер мені, жүрегімді қыстама

 

...Тауықтың тұқымы мен шылымның тұқылына кейде зәру боп қалатын мен пақырды "біреулер" бай санайды-ау... Бай санайтындары-ның себебі, сыртымның қомпайып жүретіндігін көргеннен шығар. Сыртымның күліп, ішімнің ұлып тұратындығын қайдан ұқсын?

Өлеңге қалай келдім? Кім мені жырға жетеледі? Болмаса көк Тәңірінен келген күш пе? Түсінсем бұйырмасын. Қалай болғанда да, қолыма қалам ұстадым. Менің баз кешіп кетердей басымнан қайғы-мұң өтпеді. Әйтеуір, өлең жаза бастадым. Кейіннен сол өлеңнен қаша жөнелдім. Ол мені қуа бастады. Қай уақытқа дейін жүрерімді, қаншалықты қарық қып жүргенімді құдайым білсін, әлі күнге сол өлеңнің уысындамын. Жанымның сезінген жалғыз-дығына осы өлеңдерім жұбаныш болуда. Алайда, өзімді өлеңнен алып қашқан сәттерім жиі болады. Содан болса керек, кей кездері өлеңді жек көріп те кеттім. Жалпы, өлеңді сағынып тұратын сәттерім аз.

Қыр соңымнан қалмай қойған өлең-қыз,

Қаншалықты шабарыңды көрерміз.

Өлең сенің өлмейтінің белгілі,

Біздер. Ақын. Өлерміз.

Өтінерім уысыңда ұстама,

Жібер мені, жүрегімді қыстама.

Мен өзіммен өзім болып қалайын,

Тапсыр мені тәңір деген ұстаға.

Тап осылай жалбарынып жалындым.

Бірақ, ол мені әурелеумен келеді. Қағынып, қамығып кеткен кездерім болды. Бірақ, қалай болған күнде де Өлең өз дегінен жасап келеді. Өзінің кім екендігін мойындатты. Мойындадым. Сол өлеңнің дегеніне бақұл болғандықтан болар, қазір өзін іздетіп қойды. Солай!

Көзімді ашқалы көргенім ауылдың аспаны, жаныма жыр сыйлағанда сол көк аспан болатын. Сол аспанымның астында қалықтаған көк тұнжырмын!

Содан болса керек, мына өлеңнің жазылғаны.

Менің де бір еншім бар алар елден,

Жырыма, жұрт өзіндік баға берген.

Асанқайғы болмаспын алайда мен,

Асантемір ақын боп қала берем.

Өз тілінде айтады қасқыр да әнін,

Өз тілімнен басқаға бас бұрмадым.

Танығың келсе мені, іздеп келші,

Өзімнің аспанымның астындамын.

 

Жалғыз қалып аспанға жазлым өлең

 

Сіз  ақынсыз  ба,  қай  өңірде  туғансыз?

(Бейтаныс жанның сауалы)

Танысалық! Көк бөрі боп ұлыдым,

көктегі анау Көк Тәңірдің құлымын.

Мұқағали жырларының жалғасы,

Асантемір Қаршығаның ұлымын!

 

Өз ізім бар өлең деген өлкеде,

Мен туған жер кіп-кіштентай жертөле.

Ақжайықтың бойынанмын, біліп қой,

Асанқайғы жүріп өткен ертеде.

 

Ізін қуып Асанқайғы атамның,

Шүкір, Алла, Асантемір атандым!

Өлең болып өрілгенім ол анық,

Етегінен Жұбан киген шапанның.

 

Шүкір, Тәңір, тәйірі бар екенмін,

Жел қайығы болады тәуекелдің.

Шақыр мені, сосын жыр оқытып қой,

Аңсап жүрсең дауысын Ғарекеңнің.

Сонда мені танисың!

 

ХХХ

 

Тентекпін,

Тексіздерді көзбен көріп, жер тептім.

Жақсыларда шаруам жоқ,

алайда,

Жамандардың жағын бұзар еркекпін!

Жекпе-жек,

Әй, бірақ та, келе алмассың бетпе-бет!

Арлан ұлмен айқасатын шамаң жоқ,

Қора маңын мекен еткен көк төбет.

 

Жат енді,

Арпылдаумен танытпайсың әкемді.

Тұрып жатсаң көкең салған коттеджде,

Мекен еттім дала дейтін пәтерді.

 

Азатпын,

Жалғыз жүріп көрдім бәрін ғажаптың.

Алласынан бағынбайтын басқаға,

Қайсар мінез қазақпын!

ХХХ

 

Өлең іздеп келіп қалдым қалаға,

Дүйсенбайша қалып қоймай қой бағып.

Күн сәулесі шашып нұрын санама,

Құдай өзі дарытса екен бойға құт!

 

Менің ақын болмасыма қақым жоқ!

"Әкең - ақын!" деп қойғанмын ұлыма.

"Өлең іздеп жүрген сен де ақыл жоқ",-

деді әйелім тию үшін жыныма.

 

Өлеңіме бет бұрмаса өр елім,

Келмес жырды әрлендіріп бояғым.

Оқырманын таба алмаса өлеңім,

Қаламымды көкке қадап қоямын.

 

ХХХ

 

Жұртым мені арулап жерлеген күн,

Білем анық шығарын өрге өлеңнің.

Өтінерім, кешірім сұрау үшін,

Қабірімнің басына келме менің!

 

Мен ол кезде өзіңді танымаймын,

Сен налыды екен деп налымаймын.

Сөйтіп, бірі болам да көп жұлдыздың,

Жанына жайғасамын жарық айдың.

 

Келмейді енді ештеңе де ойлағым,

Өте берсін, менсіз болар тойларың.

Мен өлгенде рухыма бағыштап,

Маған дұға оқымай-ақ қой, жаным!

 

АУЫЛҒА БАРҒАНДА

Қалай ғана етейін даламды ұмыт,

Сен жырыма арқау бол, Жаманқұдық.

Сенде туып, сенде өскен тентегің ем,

Кетіп барам қалаға амал құрып...

 

Көктем суы толтырып сай-жыраны,

Қырқа жақта ойнақтап тай-құнаны.

Жататұғын еді ғой, қайран ауыл,

Бүгін көріп жүрегім қаймығады.

 

Ала таңнан шегіртке шырылдасып,

Ауыл иті жататын ырылдасып.

Қайтейін, бәрі өткінші боп қалыпты,

Жұпарыңа болатын ұлың ғашық.

 

Ал бүгін ше, ал бүгін бәрі ертегі,

Шолпысы сылдыр қаққан ақ еркені.

Шыққыр көзім көрмеді, амал қанша,

Қайғы торлап алыпты ән-өлкені.

 

Осы ауылдан аттандық аламанға,

Әкем бізді батырға балағанда.

Ал, қазір дүниеге дүрбі салып,

Іздесем ауылымды таба алам ба?

 

Жо-жоқ, енді ол маған таптырмайды,

Аңыз қылып айтармын аққұм жайлы.

Біздің ауыл бір сәтте кетті өртеніп,

Бағаламасаң басқа бақ тұрмайды.

 

"Жер-анам, жылама" деп ай қамықты,

Боз далам бауырына қайғы алыпты.

Түтіні түзу ұшқан туған жерім,

Төрт құлақты молаға айналыпты.

 

Азалы өлең жазылды көрікті ұлдан,

Өлеңім еді жанға серік қылған.

Окобын қазып қойған солдаттаймын,

Қабірінің басына келіп тұрған.

 

ХХХ

 

Тағдырдың заңы қатты,

Бір күнім тағы батты.

Мен үшін өкінішті,

Күл болды, отым ішкі.

 

Тағы кеш, тағы да кеш,

Көрсеттің жаныма сес.

Бір күнім жығылдың - ау,

Қып-қызыл іңір мынау.

 

Жүрекке жара салған,

Мен оған аласарман.

Көңілім қалып құрбым,

Шығарып салып тұрмын,

Тағы да бір күнімді...

 

ЖЕТІМ ҰЛДЫҢ МОНОЛОГЫ

 

Бәтеңкемнің тесігінен

Сығалайды башпайым.

Тербелмедім бесік-үнмен,

Қарар елім кешіріммен?!

 

Ит жылында іңгәлаппын,

Сөге көрме, ағайын.

Туа сала мұңға баттым,

Өзім жайлы жырламақпын.

 

Шеше көрмей шерленгенмін,

Әкем жайлы айтпаймын.

Жетім деген елден келдім,

Сөйтіп жалғыз сенделгенмін.

 

Ата-әжемді көрген жоқпын,

Жоқ ағайын-туысым.

Одан бірақ өлген жоқпын,

Өлу үшін келген жоқпын.

 

Шешем мені сүймесе де,

Отанымды сүйем мен.

Жалғыз жетім үйлесе ме,

Тағдыр мені илесе де.

 

Жетімдіктен жыламаймын,

Налымаймын, еңсем тік.

Сүрінсем де құламаймын,

Көптен көмек сұрамаймын.

 

Басқа бақыт жолығуы,

Мүмкін аяқ астынан.

Тауқыметпін ӨМІРҰЛЫ

Жетім ұлдың жолы-жыры,

Соны ұқтым!

 

ХХХ

 

Сұратып алған едім көктен жейде,

Аппақ ай ақша бұлттың салғызды әнін.

Бәрі менен жиіркеніп кеткендей ме,

Кеше мен жер бетінде жалғыз қалдым!

 

Жалғыз қалып аспанға жаздым өлең,

Оқырманым болсаңыз оқыған шын.

Жұлдыздарды тастадым мәз қып ерен,

Жалғыз ұлдың өшпейтін оты қалсын.

Дедім де, аппақ айды аймаладым,

Қызғанбайтын шығарсың, мүмкін мені.

Мен сенің сағынышыңа айналамын,

Көр де тұр, бір күндері!

 

ХХХ

 

Алдамшы өмір сүремін,

Амалсыздан да амалсыз.

Ғашық болғанша о, менің,

Жүргенім жақсы ед жанарсыз.

 

Тоғжанды сүйген Ұлы Абай,

Жанына жамап тарғыл мұң.

Мен сені сүйдім, бұл қалай,

Есімнен неге тандырдың?

 

Келеді кейде неге осы,

Ай жұтып алып, Ай құсқым.

Кінәлі өзің демеші,

Жолы болмаған байғұспын.

 

Болмайды сезім далбаса,

Шыққанын қайтем есімнің.

Жүрегің сүйе алмаса,

Кешірдім. Сен де кешіргін!

 

ХХХ

 

Жынданғаныңа келісем,

Бұлданғаныңа келісем,

Тұлданғаныңа келісем,

Жек көрсең жек көр, мені сен!

 

Барлығы мені жек көрген,

Жарлы күн мені жек көрген.

Есіңе түсем бәрібір,

Құс болып келіп көктеммен.

 

Жек көрсең жек көр, өзің біл,

Шыдайды мендік төзім бұл.

Түсіңе еніп сүйемін,

Көзіңді іл!

 

 

Жүрегімде орын бар, төрлет құсым,

Басқалардан бөлекше келбеттісің.

Көзіңе көз тимесін, көріктім-ау,

Сол көзің жүрегімді тербетті шын.

 

Айып етпе! Сен қалдың ұнап маған,

Қаласаң оңашада сыр ақтарам.

Қапияда кездескен қарағым-ау,

Бақ құсы бол басыма тұрақтаған.

 

Өлең жаздым, сол жүрек дір еткесін,

Жазғыра алмайды ғой жүректі ешкім.

Бақытты болуыма мұрындық бол,

Бақытты болуыңа тілектеспін!

 

ХХХ

 

Арманым, алдадың, жылт етті тағы үміт,

Қарағым, барамын ызадан жарылып.

Сен мені, ең кемі, жартылай танып ұқ,

Біл еркем, күні ертең қалмауды қамығып.

 

Ойлап ал, ойланар сәт енді тумайды,

Білемін, жүрегің асауша тулайды.

Шын қысса, тым қысқа бұл өмір зулайды,

Расында, басыңда мәңгі боп тұрмайды.

 

Еркегүл, келте өмір, кімдерден өтпеген,

Мен осы, келесі күндерге кектенем!

Себебі, жеп еді жанымды кілең мұң

Қысылдым, құсымды ұшырып жібердім.

 

Қап әттең! Дәметкем бір күннен бір бақыт,

Бес күнде ешкім де келмеді тіл қатып.

Жалғызбын! Салғыздым Естайдың бір әнін,

Бұл әннен, ұғам мен жанымның жыларын.

 

Есті әннің, ескі әннің әсері керемет,

Жаңа күн, қанатын қаққанша көбелек.

Гүл еркем, шын ертең болады бәрі ұмыт,

Ойлардан, тойлардан кетерміз жалығып.

 

Со кезде сен өзге сыр ашпа жандарға,

Уақытын бақытым жоғалтып алғанда.

Сезімім өзінің өлтірсе егесін,

Қайғы алып, айналып кетермін арманға...

 

ХХХ

 

Сенбісің енді шын ұққаным,

Өзгеріп өзгелік болмаймын.

Тым тәттім, қымбаттым, құптарым,

Құсымдай ұшырмай қорғаймын.

 

Мен енді, көлемді көп өлең,

Жазармын, базарлым, қаласаң.

Аптықпа, шаттыққа бөлер ем,

Бағым деп, таңым деп қарасаң.

 

Ай-күннің, әй, кімнің бағысың,

Жаралдың маралдым кім үшін?

Бұрынғы, бүгінгі танысым,

"Қош" десең, өштесем, құрысын!

 

Себебі, керегі жаныма -

Өзіңсің көзім шын алдамас.

Құлатпа, жылатпа тағы да,

Сезімді, өзімді ал да қаш.

 

Жақұтты, бақытты болайық,

Құштар ем, ішкі әлем арайлы.

Және біз, жан егіз солай ұқ,

Білерім жүрегім қалайды...

 

ҚЫЗ СӨЗІ

 

Қызықпыз, қызық қыз демессің,

Өткенді, көктемді еске алдым.

Жыр еткен жүрекпен кеңестім,

Мен сенен, Сен менен кеш қалдың.

 

Бақытың, жақұтың бола алман,

Қинама, сыйла ағам Сіз менің.

Бағыңды сағымды жоғалған.

Сен келіп, сенделіп іздедің.

 

Маған Сіз, ағамсыз біліп жүр,

Сезімді, өзіңді қинама?

Әлі де, бәрі де бұлыңғыр,

Жолыққан, болып қал, сыйлы аға!

 

Бұл өмір жыр өмір жүйесі,

Өзгеден сөзге Мен дір еттім.

Бар аға, жан аға иесі,

Шөлдеген мен деген жүректің.

 

ХХХ

 

Көк дөнен көңілім тепсінді,

Санамда тулатып сауал сан.

Жек көрген жоқ едім ешкімді,

Жақсы ғой оттай боп жана алсаң?

 

Жалығып шыққан соң жазымнан,

Жадымда қылаң беред күзгі елес.

Мендегі маңдайға жазылған,

Сүйгенмін бір жанды.

Сізді емес!

 

Есімі жүректің төрінде,

Жаныммен жатыр ол астаса...

Сен енді көзіме көрінбе,

Мен өмір сүрейін басқаша.

 

Пікір қалдыру


Қорғаныс саны
Жаңарту

Іздеу

Сауалнама

Бүгінде журналистерге қай сала мамандарынан ақпарат алу қиын?

Медицина - 57.1%
Прокуратура - 0%
Сот - 0%
Департаменттер - 14.3%
Облыстық басқармалар - 28.6%

Дауыс саны: 7
The voting for this poll has ended on: 29 Шіл 2017 - 00:00

Жоба туралы

Сыр өңірінің тумасы, қайсар қаламгер, ақын Зейнолла Шүкіровтің рухына арналған «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты облыстық жас ақындар мүшәйрасы өтті.

 «Руханиятты жаңғырту» қоғамдық қоры мен республикалық әдеби-мәдени, тарихи-танымдық «Әлімсақ» журналы Зейнолла Шүкіровтің рухына арнап биыл төртінші рет дәстүрлі «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты талантты жас ақындар мүшәйрасын ұйымдастырды. Биылғы жылдың жеңімпазы - М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжінің студенті Нәбира Ешниязова.

 

 

Редакцияға хат

Email:
Тақырып:
Текст:

Әлеуметтік желілер

Күнтізбе

<< < Мамыр 2015 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31

As we continue our list of fantasy football”s top 101 PPR players of 2017 we have three players who have recently finished in the top-15 at their positions.

In fantasy football there will always be players who have an unexpected drop or rise from one year to the next. One player on today’s list was a top-six wide receiver in 2015. The next year,Vince Wilfork Jersey he wasn’t even a top-20 wide receiver.

The same can be said about a running back on today’s list who was a top-five running back in 2015. Last year, he wasn’t even a top-18 running back. Who are these players and what should we expect from them in 2017?

To be clear,J.J. Watt Jersey the top 101 PPR players are for re-draft leagues only. Here’s a look at players ranked No. 38-36:

Last season Patriots wide receiver Julian Edelman finished fourth in the NFL in receptions with 98. He also set a career-high in receiving yards with 1,106. In the end,Brian Cushing Jersey Edelman finished 2016 as the 15th PPR wide receiver. Unfortunately for Edelman, I see a regression coming his way in 2017.

The 2016 season was only the second time in Edelman’s eight-year career he played in all 16 games in a season. The other time came back in 2013. Going into 2017, the odds are against the 31-year old receiver to play in all 16 games in back-to-back years for the first time in his career. Even if he somehow manages to stay healthy for all 16 games, he’s sure to lose targets and receptions.

Last year Patriots star tight end Rob Gronkowski had a career-low 25 receptions. Gronk was never 100 percent during the 2016 season and only appeared in eight games. Going into 2017,DeAndre Hopkins Jersey he will be back to full strength. Also, the Patriots traded their 2017 first-round pick for Saints wide receiver Brandin Cooks. The former Oregon State Beaver will be the team’s new No.1 wide receiver.

Журнал туралы

«Әлімсақ» журналы – рухани серігіңіз

 Қазақтың ғасырлар қойнауынан тамыр тартқан, әлімсақтан келе жатқан хатқа түскен тарихының, ұлттық болмыс-бітіммен астасқан әдебиеті мен мәдениетінің, тілі мен дінінің, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрінің бірден-бір насихатшысы, Сыр бойының тарихында алғаш рет әдеби-мәдени, тарихи-танымдық бағытта жарық көрген «Әлімсақ» журналының оқырманына жол тартқанына алты жылға жуық уақыт болып қалды. 2009 жылдың сәуір айынан бастап алғашқы нөмірі жарыққа шыққалы бері қазақ әдебиеті мен тарихына қатысты мақалаларды ортаға салып, Сыр өңірінің мәдениеті мен өнерін насихаттап, облысымыздың бүгінгі мәдени, әлеуметтік дамуындағы өзгерістерді ақпараттандыруда журналдың қосып келе жатқан үлесі салмақты.