Бас редактор бағаны

"Әлімсақ" журналының бас редакторы, филология ғылымдарының кандидаты

Нұрлан Көбегенұлы Нұрмаханов

 Бас кеспек болса да...

Журналға тіркелу

Валют бағамы

Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан

Серіктестер

Егемен! Құдіретті сөз не деген!

 

Аллаға жалбарыну

Бұйрығыңа, о, Алла,

Жасамаймын қарсылық.

Өзің барсың

Санамда

Қалғанынша жан суып.

 

Сүйген құлға сыйыңыз -

Ақын деген атым бар,

Қас-қағым сәт қиыңыз

Сізге де айтар датым бар.

 

Еске түсер бүгін де.

Әкем өлер күнінде

Өлмеші деп жалындым,

Анам өлер күні де

Өлмеші деп жалындым,

Досым өлер күні де

Өлмесін деп жалындым,

Қасым өлер күні де

Сақтай көр деп жалындым.

Күллі адамзат баласын

Сақтай көр деп жалындым.

Аспан болып шатынап,

Қара жер боп жарылдым.

Бір өзіңе шағындым,

Бір өзіңе жалындым.

 

Құдіреті күшті, о, Алла,

Иесісің жанымның,

Киесісің жанымның.

Өзің берген жанымды

Өзің сөзсіз аласың

Жоқ қой оған таласым.

Ең соңғы рет,

Соңғы рет

Өтінішім бар менің.

Айтайыншы, о, Алла,

Жеткенінше дәрменім:

Айтарымды еліме

Айтуға сәл мұрсат бер.

Туған жердің төрінде

Шалқуға сәл мұрсат бер.

Тағдырымның арбасын

Тартуға сәл мұрсат бер.

Достаспаған жандармен

Достасуға мұрсат бер.

Қоштаспаған достармен

Қоштасуға мұрсат бер.

Сырласпаған жандармен

Сырласуға мұрсат бер.

Менмендердің кеудесін

Бір басуға мұрсат бер.

Залымдыққа тағы бір

Түршігуге мұрсат бер.

Сүйе алмаған сұлуды

Бір сүюге мұрсат бер.

Шабытымды шалқытып,

Жүректерді балқытып,

Жыр жазуға мұрсат бер.

Құдіретті, о, Алла,

Көріп тұрсың көгімде

Сыйынарым сен менің.

Асықпаймын өлімге

Пендемін ғой

Пендемін...

 

 

Қазақпыз - ұлы халықпыз

Даласы шексіз -

Алыппыз.

Уызқа ерте жарыппыз.

Алтыннан киім кигізіп,

Атасын көмген халықпыз.

 

Сұлуын жырлап, мақтаған.

Батырын сыйлап, баптаған.

Күмістен күптеп қылышын,

Алтынмен сабын аптаған.

 

Ақ киіз төсеп оюлы,

Алаша-кілем көрім-ді.

Құбылып төсек, көрпелер,

Құс жастық жастар төрімді.

 

Жасауы пай-пай дегізген,

Кенде емес мақтау-лебізден

Он екі қанат ақбоз үй

Көзіңнің құртын жегізген.

 

Әсемдікті ерте таныппыз,

Тасқа да сурет салыппыз.

Айтып та айтпай не керек,

Он саусақтан өнері

Сорғалап тұрған халықпыз.

 

Қалықтап әні аспанда,

Күйлері көбік шашқанда.

Үлкендер ойға шомылып,

Қызығын қиған жастарға.

 

Өтпейтін күні сауықсыз,

Өтпейтін түні сауықсыз.

Жігіт пен қызы айтысып,

Қызыққа батқан халықпыз.

 

Қонақтың байлап атын біз,

Көршімен бауыр, жақынбыз.

Айтып та айтпай не керек,

Туғаннан төкпе күйшіміз,

Туғаннан ақпа  ақынбыз.

 

Сарнатып саба піскенбіз,

Кекіріп қымыз ішкенбіз.

Қызара бөртіп, қиқулап,

Күреске сонсоң түскенбіз.

 

Қосылар болса басымыз,

Тоқмейіл кәрі-жасымыз.

Сары ала қазы, сары жая

О бастан біздің асымыз.

 

Көршіге шауып барып біз,

Қонағын сұрап алыппыз.

Айтып та айтпай не керек,

Уызында жарыған,

Жаритын мәңгі халықпыз.

 

Төсеген мұзға жанбасын,

Келтірген жаудың тәубасын.

Бірлікке елді шақырып,

Жартасқа басқан таңбасын.

 

Елдікті ерте таныппыз,

Әруақтан бата алыппыз.

Бәтуа-бірлік байрағын,

Биікке тіккен халықпыз.

 

Атылған көкке барыспыз,

Азуы алты қарыспыз.

Жанулы тұрған жігерміз,

Қайраулы тұрған намыспыз.

 

Бабалар солай салыпты із,

Мұрагер болып қалыппыз.

Кеудеңді көтер, ағайын,

Қазақпыз - ұлы халықпыз.

Айтып та айтпай не керек,

Қазақпыз - ұлы халықпыз!

 

Қазақпын

Орысша да біл,

Ағылшынша да біл тағы.

Даламның ұлы ұрпағы.

Қазақша бірақ білмесең,

Қазақы қаның болмаса

Асылдың сенсің ұнтағы.

 

Білгенің жақсы,

Біл бәрін,

Біздей-ақ болар шын дарын.

Білсін деп, бабам, өсірді

Қыздары мен ұлдарын.

 

Білгенің, балам,

Қазақтың атын сақтасаң.

Қиналған шақта

Өзіңді өзің сатпасаң,

Қазақша күрес,

Дұшпаның қарсы келсе егер

Қазақша мақта,

Біреуді егер мақтасаң.

 

Менсінбе мына өмірдің ырың-жырыңын,

Кетпесін ұшып, жанында жатқан жылуың.

Бабаларға ұқсап,

Балқытып сұлу жүрегін,

Қазақша сипа

Бойжеткендердің бұрымын.

 

Есінде сақта:

Сен мықты болсаң - мықты аға.

Болмаса әділ үлкен де болса құптама.

Құдайдан бөтен

Кім болса, мейлі, ол болсын

Жалтақтай көрме,

Көзіне әр кез тік қара.

 

Мен болсам, балам,

Нанын жеп өстім Кеңестің.

Сөйтіп те жүріп,

Мықтыларменен теңестім.

Өйткені балам,

Қазақпын!

Нағыз қазақпын!

Мен бірақ ұлтшыл емеспін.

 

Егеменбіз

О, Жаратқан!

Шебер едің не деген!

Егеменбіз!

Егеменбіз, Егемен!

Ошағымда от сөнбесе -

Болашақ

Жасыл туын тігер сөзсіз биікке.

Солай дейді,

Қазақ-Ата көреген.

 

Далам дархан,

Далам менің тым шексіз.

Бұл даламда болмау керек бір тексіз.

Ұлы халық болғанбыз біз!

Боламыз!

Ақ көңілміз, сергек әр кез санамыз.

Егеменбіз мәңгілік.

Бабалардың жолыменен жүрсек біз.

 

О, Жаратқан!

Шебер едің не деген

Егеменбіз!

Егеменбіз!

Егемен!

Егеменбіз!

Ел егемен!

Егемен!

Құдіретті сөз,

Құдіретті сөз не деген!?

Жанымыз да,

Қанымыз да сезеді.

Сезгеннен соң қалай қозбас делебең?!

Егемен!

Құдіретті сөз не деген!

 

Осы сөзді ата-бабам аңсаған,

Сол сөз үшін жанымды алып, жан салам

Ту биедей тулап жүріп кезінде

Қатыгездер құрығына тап болып,

Бір шаршаса,

Бөлінуден шаршаған.

 

Сөйтіп жүріп алжаспаған данасы,

Сөйтіп жүріп қалқымаған санасы.

Болашақ деп тал бесігін тербетіп,

Бесік жырын  айтқан елміз Анасы.

Сондықтан біз - Егеменбіз,

Егемен!

Құдіретті сөз,

Құдірет сөз - не деген!

 

Ең қиыны

Заманада кімсің деп сұрамаған,

"Мен қазақпын!" деген ғой Жұбан ағам.

Қазақтығын әлемге  жария етіп,

Нажағайдай жарқ еткен бір-ақ Адам.

 

Тәуелсізбіз!

Жүк ауыр тартар әлі.

Ауырлықтан бел талай қайқаяды.

"Мен қазақпын!" деген сол ұлы сөзді

Миллиондар дәл қазір айта алады.

 

Қуанамыз,

Шалқимыз

Азатпыз деп.

Қайсармыз деп,

Дарханбыз,

Ғажаппыз деп.

Бірақ...

Бірақ, ағайын, ұмытамыз

Терлеу керек екенін қазақпыз деп.

 

Кетеміз көп өзгеге сеніңкіреп,

Арамызды аламыз бөліңкіреп.

Жүру керек жұмылып жұдырықтай,

Кеудемізді әдейі керіңкіреп.

 

Малданамыз бабалар даналығын,

Мақтаныш қып ақкөңіл - балалығын.

Ойланатын сәт келді,

Қазақ болсаң:

Бар мен жоқтың бір өлшеп аралығын.

 

Керек енді ел үшін азап көру,

Жалқаулықтан жетті ғой мазақ болу.

"Қазақпыз!" - деп

Қиқулау ең оңайы

Ең қиыны -

Кәдімгі ҚАЗАҚ болу.

 

Жер сату...

Жерді сату!...

Ойлап тапқан кім мұны?

Жерді сатсаң -

Сатылды елдің бірлігі.

Қазақ пенен Даламыздың

Қашаннан

Жатырында

Жабысқан қой кіндігі.

 

Жер-Ана үшін таратқан талай азапты.

Даласы үшін кешіп өткен дозақты.

Бір сүйем жер сату үшін

Даладан,

Ең алдымен, сату керек -

Қазақты!

 

Жерді сатып қалай ғана оңасың,

Қалай байып,

Қалай мықты боласың?!

Жер сатқаның -

Қағып кеткен қазығы

Сатқанын ғой

Бабалардың моласын.

 

Жерді сатып

Сынай көрме бағыңды.

Жерді беріп,

Болма ешкімге жағымды.

Жерді сатсаң -

Саттың тарихыңды,

Жерді сатсаң -

Саттың болашағыңды.

 

Жер сатылса -

Сынды дей бер сағыңды.

Қайтты дей бер

Жаңа ашылған бағыңды.

Себебі сол:

Алланікі бұл Дала,

Ал сонан соң ҚАЗАҚТІКІ кәдімгі.

Рустем Жанай

Пікір қалдыру


Қорғаныс саны
Жаңарту

Іздеу

Сауалнама

Бүгінде журналистерге қай сала мамандарынан ақпарат алу қиын?

Медицина - 57.1%
Прокуратура - 0%
Сот - 0%
Департаменттер - 14.3%
Облыстық басқармалар - 28.6%

Дауыс саны: 7
The voting for this poll has ended on: 29 Шіл 2017 - 00:00

Жоба туралы

Сыр өңірінің тумасы, қайсар қаламгер, ақын Зейнолла Шүкіровтің рухына арналған «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты облыстық жас ақындар мүшәйрасы өтті.

 «Руханиятты жаңғырту» қоғамдық қоры мен республикалық әдеби-мәдени, тарихи-танымдық «Әлімсақ» журналы Зейнолла Шүкіровтің рухына арнап биыл төртінші рет дәстүрлі «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты талантты жас ақындар мүшәйрасын ұйымдастырды. Биылғы жылдың жеңімпазы - М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжінің студенті Нәбира Ешниязова.

 

 

Редакцияға хат

Email:
Тақырып:
Текст:

Әлеуметтік желілер

Күнтізбе

<< < Сәуір 2015 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 26
27 28 29 30      

As we continue our list of fantasy football”s top 101 PPR players of 2017 we have three players who have recently finished in the top-15 at their positions.

In fantasy football there will always be players who have an unexpected drop or rise from one year to the next. One player on today’s list was a top-six wide receiver in 2015. The next year,Vince Wilfork Jersey he wasn’t even a top-20 wide receiver.

The same can be said about a running back on today’s list who was a top-five running back in 2015. Last year, he wasn’t even a top-18 running back. Who are these players and what should we expect from them in 2017?

To be clear,J.J. Watt Jersey the top 101 PPR players are for re-draft leagues only. Here’s a look at players ranked No. 38-36:

Last season Patriots wide receiver Julian Edelman finished fourth in the NFL in receptions with 98. He also set a career-high in receiving yards with 1,106. In the end,Brian Cushing Jersey Edelman finished 2016 as the 15th PPR wide receiver. Unfortunately for Edelman, I see a regression coming his way in 2017.

The 2016 season was only the second time in Edelman’s eight-year career he played in all 16 games in a season. The other time came back in 2013. Going into 2017, the odds are against the 31-year old receiver to play in all 16 games in back-to-back years for the first time in his career. Even if he somehow manages to stay healthy for all 16 games, he’s sure to lose targets and receptions.

Last year Patriots star tight end Rob Gronkowski had a career-low 25 receptions. Gronk was never 100 percent during the 2016 season and only appeared in eight games. Going into 2017,DeAndre Hopkins Jersey he will be back to full strength. Also, the Patriots traded their 2017 first-round pick for Saints wide receiver Brandin Cooks. The former Oregon State Beaver will be the team’s new No.1 wide receiver.

Журнал туралы

«Әлімсақ» журналы – рухани серігіңіз

 Қазақтың ғасырлар қойнауынан тамыр тартқан, әлімсақтан келе жатқан хатқа түскен тарихының, ұлттық болмыс-бітіммен астасқан әдебиеті мен мәдениетінің, тілі мен дінінің, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрінің бірден-бір насихатшысы, Сыр бойының тарихында алғаш рет әдеби-мәдени, тарихи-танымдық бағытта жарық көрген «Әлімсақ» журналының оқырманына жол тартқанына алты жылға жуық уақыт болып қалды. 2009 жылдың сәуір айынан бастап алғашқы нөмірі жарыққа шыққалы бері қазақ әдебиеті мен тарихына қатысты мақалаларды ортаға салып, Сыр өңірінің мәдениеті мен өнерін насихаттап, облысымыздың бүгінгі мәдени, әлеуметтік дамуындағы өзгерістерді ақпараттандыруда журналдың қосып келе жатқан үлесі салмақты.