Бас редактор бағаны

"Әлімсақ" журналының бас редакторы, филология ғылымдарының кандидаты

Нұрлан Көбегенұлы Нұрмаханов

 Бас кеспек болса да...

Журналға тіркелу

Валют бағамы

Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан

Серіктестер

Халық батыры Жанқожаның есімі халық жадында қайта жаңғырды

 

Ел басына күн туған кездерде, батырлық пен батыл-дықты, ерлiк пен өрлiктi, қайсарлық пен қаталдықты қатар ұстап, туған жерiнiң азаттығын аңсаған, Хиуа мен Қоқан хандықтарына, патшалық Ресейдiң отаршылдық саясатына қас қақпай қаруын сiлтеген, жетпiс жыл бойы аттан түспей, ел бостандығы үшiн күрескен қаһарман, ұлт азаттығы қозғалысының даңқты қолбасшысы, ха-лық батыры Жанқожа Нұрмұхаммедұлының есiмi ұрпақтан ұрпаққа жетіп, оның тәуелсiздiк жолындағы ұлт-азаттық күресi қазақ тарихында айрықша орын алып келді. Батырдың биылғы 240 жылдық мерейтойы тарихи тұлғаның есімін халық жадында қайта жаңғыртып, өскелең ұрпақ санасына тағылымын сіңіруге қызмет еткенін ешкім жоққа шығара қоймас. Дегенмен мерейтой барысында көзіміз көріп, құлағымыз естіген кей тосын жайлардың да куәсі болдық.

Жанқожа батырдың 240 жылдық мерейтойы Сыр топырағында 4 күн тойланды. Алғашқы күні Қызылорда қаласындағы Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында батырдың өмірі мен ерлігі жайлы шыққан жаңа кітаптардың тұсаукесер рәсімі болды. Тұсаукесерді Қазақстан Жазушылар одағы Қызылорда облыстық филиалының директоры Қаршыға Есімсейітова жүргізді. Әбдісаттар Оспановтың "Наркескен" тарихи-көркем трилогиясы, Молдахмет Қаназдың "Жанқожа Нұрмұхаммедұлы" атты зерттеулер мен мақалалар жинағы, Нұрлан Көбегенұлының "Жанқожа батыр туралы жырлар" кітабы және Сардарбек Қожағұлдың "Жанқожа батыр" дастандар жинағы оқырмандар назарына ұсынылып, көпшілікке таныстырылды. Кітап авторлары кезек-кезегімен сөз сөйледі. Алдыңғы толқын ағалар Жанқожаны айтқанда рулар төңірегін көбірек қозғап, тар шеңберден шыға алмай қалды. Ал, сөз алған Сардарбек Қожағұл батыр жайында жазылған тарихи өлең-жырлардың ішінен көркемдік деңгейі жоғары Лұқпан Кенжеевтің "Жанқожа батыр" дастанын 2-3 беттік деп менсінбей, өзінің жазған дастанын 1500 жолдық екенін мақтанышпен жеткізді. Ол аз болғандай, ардагер журналист Айжарық Сәдібекұлы "Наркескен" трилогиясы туралы өз пікірін білдіре отырып, Жанқожа батыр жайында жазылған прозалық туындылар - З.Шүкіровтің "Сыр бойы", Б.Алдамжаровтың "Ұлы сел" романдарын сынға алды. Сөйте келе "Наркескенді" сәтті шығарма ретінде Сыр өңірінен шыққан қаламгерлердің ішінде Ә.Нұрпейісовтің "Қан мен терден" кейінгі екінші кітап деп бағалап жіберді. Көпшілікті екіұдай жағдайға қалдырған бұл жайттардан кейін сөз кезегі маған берілді.

- Мен рулық деңгейге түскім келмейді. 17 жасында көзсіз батыр, көзі тірісінде әулие атанған, жұртының бостандығы, елінің тәуелсіздігі жолында 70 жыл бойы аттан түспеген қазақтың қаһарманы Жанқожаны бір рудың не бір ауылдың батыры десек, оны төмендетеміз. Жанқожа - халық батыры. И.Аничков "Қазақ батыры Жанқожа Нұрмұхаммедұлы" атты очеркін 1893 жылы жазып қалдырған. Жанқожаға "қазақтың батыры" деген ат ХІХ ғасырда-ақ телінген,- дедім. - Жанқожа батыр туралы прозалық та, поэзиялық та, драмалық та шығармалар жазылды. Прозалық шығармалардың ішінде Зейнолла Шүкіровтің "Сыр бойы" тарихи романы қалай болғанда да шоқтығы биік туынды. Ол оқырмандарынан өз бағасын әлдеқашан алып қойған. Оны тіпті, деректілігі жағынан тарихшылар да мойындаған.

Пікірім ашық әрі ащылау болса да, айтуыма тура келді. Көп адамдардың ойларына дөп түскенім болуым керек, қолымды қысқандар көп болды.

Басқосу барысында батыр жайында жазылған Ә.Оспановтың "Аттаныс" күйі, "Аралым-ай" атты әні, Ә.Күлшебаевтың "Қолбасшы" күйі көпшілік назарына ұсынылып, жыршы Айбек Тәңірбергенов "Жанқожа батыр" дастанынан үзінді орындады. Сонымен бірге сазгер Төлепберген Тоғжановтың әніне жазылған менің жаңа туындым "Жанқожа батыр" әнінің тұсауы кесілді.

Жанқожа батырдың мерейтойын атап өту уақыты жақындаған сәтте оның ескерткіштегі бейнесі "қаһарлы, айбатты көрініп, тәуелсіздік үшін ту көтерген тарихи тұлғаның бойына сыймаған бұла күші мен қажыр-қайраты бейнеленсе екен" деген тілек айтқан болатынбыз. Келесі күні қызылордалық Аманкелді Кененбаев және алматылық Қазыбек Дулатов пен Талғат Серікбаевтардың авторлығымен дүниеге келген ат үстіндегі батыр ескерткіші халықтың көп жүретін жерінде - теміржол вокзалының алдына қойылды. 

Салтанатты шарада сөз алған облыс әкімі Қырымбек Көшербаев жиналған көпшілікті қуанышты сәтпен құттықтады. Жиында мемлекет және қоғам қайраткері Ұзақбай Қараманов, республикалық ардагерлер Кеңесінің төрағасы Өмірзақ Озғанбаев, облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаментінің басшысы, генерал-майор Әлімжан Ерниязов ескерткіштің ашылуымен құттықтап, Жанқожа батырдың ерлігі мен өр рухы жайында айтып берді.

"Біткен іске сыншы көп" дегендей, еңселі ескерткіш жайында сол кездің өзінде-ақ сан түрлі пікірлер айтыла бастады. Бірі "эскиздегі батырдың ескерткіші басқа еді..." деп, таңырқай көз салса, енді бірі "вокзалға артын қаратып салғаны несі?" деп, сұраулы жүзбен қарады. Біз көпшіліктің бұл сұрақтарын Аманкелді Кененбаевтың өзіне қойдық.

- Әбеке, ескерткіш бой көтерді. Қуанып жатырмыз. Алайда көптің көкейінде сұрақ жүр. Пойыздан асығып түсіп жатқанда батырдың бейнесін толық көре алмайтынын айтады. Бір қырындап орналастырудың себебі неде?

- Жанқожа батыр ескерткішінің бір қырымен қарап қалуының себебі, қағида бойынша әрбір ескерткіш күннің бағытымен көрінуі қажет, яғни ескерткіштің алдыңғы беті және жан-жағы күнге қарауы тиіс. Егер ескерткішті бір қырыннан қоятын болсақ, таңертеңгілік жарықтың барлығы артына қарай бағытталады да, ескерткіштің түр әлпеті көрінбей қалады. Барлығы есепке алынды, мемлекеттік комиссия дұрыс деп таныды. Ескерткіш өте ыңғайлы тұр деп санаймын.

Ескерткіштің өзіне келетін болсақ, биіктігі жеті метр болуы керек еді, аяқтары көрінбей қалады деп сәл қысқарттық. Қазіргі биіктігі 5,5 метр. Тұғыры 6 метрге жуық. Ескерткішті бүтін граниттен ойып жасадық, өйткені Жанқожа батыр ескерткіші Қызылорда облысындағы көрнекті ескерткіш болғандықтан, барлық талапқа сай болуы қажет.

Енді ескерткіштің тұғырына келейік. Негізі қырық үш миллион теңгеге жасалуы тиіс болатын. Бүтін граниттен жасалу жобаланған. Және Жанқожаның өмір жолдарын айғақтайтын ескерткіштің жан-жағына рельефтер болса деп ойлағанмын. Алайда, менің ойларым жүзеге аспай қалды. Ақша қиылып қалды. Басқа облыстарда тұтас граниттен қойылып келе жатыр. Біздегі жағдай осы.

- Ескерткіш эскиз бойынша салынды ма?

- Эскиздік жоба сәл өзгеріске ұшырады. Менің эскизімде Жанқожа батырға күш беру мақсатында оң қолындағы найзасын нық ұстап, аттың жүгенін тартқан батырдың бейнесін жасап шығаруға тырыстық. Өзіңіз білесіз, шығармашылық адам бір жазған дүниесінде қалуы қажет деп есептемейді. Қайта қарап, түзейді, жақсы жағынан өзгеріс енгізеді.

Бізге берілген уақыт үш ай. Осы уақыт ішінде Жан-қожаның бейнесін, аттың қимыл қозғалысын есептей келе жасадық. Егер асығыстық етпей, бір-екі жыл уақыт берген кезде бұдан да басқаша дүние шығар еді.

Ескерткіш қоладан құйылды. Қоладан жасалғаннан кейін оның сақталу мерзімі де ұзақ болатыны анық.

Тарихи тұлғаның тарихтағы орнын бағалау, ол үшін тыңғылықты да терең зерттеу - тарихшының міндеті. Жанқожа батырдың өмір сүрген заманын, батыр тұлғасын қаншалықты танып білдік? Ал, батыр әдеби қаһарман ретінде қандай деңгейге көтерілді, әдебиетші ғалымдар бұл жайында не айтады? Осы тектес сұрақтарға ескерткіш ашылып болғаннан соң Студенттер сарайында болған "Ұлт азаттығы қозғалысы және Жанқожа батыр" атты республикалық ғылыми-танымдық конференцияда кеңінен айтылды.

Конференцияны Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ректоры, техника ғылымда-рының докторы, профессор Қылышбай Бисенов кіріспе сөзбен ашты. Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев сөз сөйлеп, конференция жұмысына сәттілік тіледі. Конференцияның пленарлық мәжілісінде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті "Қазақстан тарихы" кафедрасының профессоры, тарих ғылымдарының докторы Берекет Кәрібаев "Жанқожа батыр және оның өмір сүрген дәуірі", Шоқан Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының жетекші ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының кандидаты Сәулебек Рүстемов "Жанқожа батыр және қазақ азаттық күресі: мәселенің теориялық-методикалық астары", Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті "Қазақстан халқы Ассамблеясы" кафедрасының мең-герушісі, тарих ғылымдарының кандидаты Нұрлыбек Мыңжас "Жанқожа Нұрмұхамедұлының батырлар институтындағы орны", Түркі академиясының ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының кандидаты Ақеділ Тойшанұлы "Жанқожа батыр туралы жырлардың нұсқалары", Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекет-тік университеті "Қазақ тілі мен әдебиеті және журна-листика" кафедрасының профессоры, филология ғы-лымдарының докторы Жеңіс Сәдуақасұлы "Жанқожа батыр туралы жырлардың кейбір тілдік ерекшеліктері" тақырыбында баяндама жасап, Жанқожа батырдың қазақ халқының азаттық күресіндегі орнын, қазақ мемлекеттілігі үшін күрес жолында жасаған ерен еңбегін ашып көрсетуге тырысты. Біз де жанқожатанушы ретінде "Жанқожа батыр туралы тарихи жырлардағы ұлт азаттық идея" атты баяндамамызды көпшіліктің алдында жайып салдық.

Тарихшы Б.Кәрібаев Жанқожа батыр өмір сүрген дәуірін түсінікті тілмен айтып шыққаннан кейін, С.Рүстемовтің Жанқожаны өлтіруге қатысқан Елекей сұлтанды ақтап алуға тырысқан баяндамасы көпшілікке ұнай қоймады. Хиуа мен қоқандықтар туралы пікірі де сенімсіз шықты. Жанқожа туралы емес, Елекей Қасымұлы туралы баяндамаға дайындалып келгендей.

Шындық үшін айтайық, Жанқожа батыр баяндама-шылардың тікелей тақырыбы еместігі байқалып қалды. Әсіресе, тарихи жырлар жөнінде бірі нұсқаларына толық тоқталмаса, бірі жалғыз жыр бойынша талдап, батырдың бейнесі жырларда толық ашылмаған дегенше сайды. Соңғы баяндаманы жасайтын маған бұл қатты әсер етті. Баяндамамды оқымастан бұрын:

- Айтпасқа болмайтын екі жайды айтуға тура келіп тұр,- дедім. - Біріншісі, тарихшылар келтірген деректер Жанқожа туралы тарихи өлең-жырлар мен дастандар-дың өне бойына өлең болып өрілген, көркем суреттел-ген. Екіншіден, жалғыз жырмен Жанқожаның тарихи жырлардағы бейнесіне баға беруге болмайды, жырлар-ды тұтастай алып қарау керек. Жанқожаның дүниеге келгенінен өлімі, одан қалды батырдың кегін алуға дейінгі барлық оқиға жырларда поэзиялық тілмен бейнеленген.

Жасалған баяндамалар мен басқосуды ұйымдастыру барысында айтылған ойлар мен тұжырымдар негізінде конференцияға қатысушылар өз ұсынымдарын қабылдады. Негізгілерін шолып өтейік:

- Жанқожа батырдың 250 жылдық мерейтойын мемлекеттік деңгейде атап өтуге ерекше көңіл бөлу және осы мақсатта республика көлемінде ғылыми, танымдық, түсіндірме іс-шараларын кеңінен жүргізу.

- Жоғары оқу орындары мен орта және арнаулы білім беру ұйымдары тарапынан Жанқожа Нұрмұхаммед-ұлының қайраткерлік қырларын толық қамтып, ол өмір сүрген уақыттағы қазақ қоғамының саяси, тарихи жағ-дайларын өзара байланыстырып, зерделейтін ғылыми еңбекке конкурс жариялау және осы бағыттағы шығармашылық ұжымдар құру арқылы оқулықтар мен оқу құралдарын жазу, мұрағаттық құжаттар жинағын шығару, білім алушылардың өз бетінше ізденуіне арқау ету мақсатында әрі олардың қорытынды біліктілік жұмыстарының тақырыптамалық тізбесіне ендіру арқылы тереңдетіп зерттеу.

- Мектеп оқушылары мен студенттер арасында ұлт-азаттық қозғалысына ерекше үлес қосқан тұлғаларға арналған жыл сайынғы ғылыми жұмыстардың байқауын өткізу.

- Ұлт-азаттық қозғалыс қайраткерлері туралы тың деректерді ғылыми айналымға ендіру, жүргізілген зерттеулерді қорытындылап отыру, олардың елі үшін еткен еңбектерін кеңінен насихаттау мақсатында Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде жүйелі түрде ғылыми конференциялар өткізіп отыру.

Баяндамамды оқып болғаннан соң мен өз тарапым-нан "орта мектеп пен жоғары оқу орындары оқулықта-рында Жанқожа батырға қатысты материалдардың көлемі көбейтілсе және Жанқожа батыр туралы доку-ментальді фильм түсірілсе" деген ұсынысымды айттым.

Айтпақшы, тойдан 3 күн бұрын Төретам кентіне Байқоңыр қаласындағы халықаралық "Қазақ тілі" қоғамдық бірлестігі Байқоңыр филиалының төрағасы Серік Шағатаевтың шақыртумен тарихшылар Дастан Сәтбай және Сәкен Серікбаевпен бірге барып қайттық. Онда "Ел қорғаны ер Жанқожа" тақырыбында өткен тарихи-танымдық конференцияға қатысып, ғылыми баяндама жасап, батырдың тарихи тұлғасы мен қаһармандық бейнесіне қатысты ойларымызды ортаға салдық.

Ал Қызылордада болған конференция республика-лық деңгейде өтті. Сол күні батыр рухына арнап қызылордалықтар ас берді. Астан соң 4 автобус болып Қазалы ауданына жол тарттық. Жолшыбай Қорқыт баба кешеніне аялдап, тағзым еттік. Еліміздің әр өңірінен келген қонақтарды Қармақшы ауданының әкімі Нәжмадин Шамұратов Қорқыт баба кешенінің құрылысымен таныстырып, мәдени-рухани орынның жуырда пайдалануға берілетінін хабарлады. Жоспарға сәйкес ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Құттықожа Ыдырысов, Бақытбек Смағұл, облыс әкімінің орынбасары Ақмарал Әлназарова Төретам кентіндегі №269 мектепке Жанқожа батыр есімін беруге арналған салтанатты шараға қатысты. Ал 4 автобус сол күйі Қазалыны бет алды.

Қазалы ауданында жалғасқан мерейтойдың алғашқы күнінде көрермен назарына оқушылар үйінде Рүстем Жанайдың "Жанқожа батыр" қойылымы, Мәдениет орталығында "Ел қорғаны ер Жәкем" атты ақындар мүшәйрасы болып жатты. Біз Әйтеке би кентіне кештетіп жеттік.

Батыр рухын асқақтатуға арналған мерейтойға өлең-сөздің зергерлері тарту-таралғысы ретінде жырдан шашу шашыпты. Талапкерлер өнеріне танымал ақындар Толыбай Абылаев, Алмагүл Қаржаубаева, Толқын Қабылша, Асылзат Арыстанбек төрелік еткен. Жырмен өрнектелген байқауда жиырмадан астам жас ақын Жанқожа батырдың күреске толы өмірі, ерлік жолын жырға қосқан. Жас ақындар арасында Абдулла Сапар, Назгүл Бердіқожа, Салтанат Қожа сынды жүйріктермен қатар Есет Табынбаев, Биболат Сәтжан, Төрехан Совет секілді жаңа есімдер де болыпты. Қазылар алқасы өлең құрылысының сақталуы, сахна мәдениеті, орындаушылық шеберлік талаптарының барлығын қалт жібермей бақылаған. Бұрын оқылған өлеңдерін қайта оқып, төменгі балл алғандар да, жалынды жырларымен көрерменді қуаттандырғандар болыпты. Екі сағатқа созылған өнер байқауында оза шапқан Есет Табынбаев Жанқожа батыр атындағы бас жүлде - 150 мың теңге көлеміндегі сыйақыны қанжығасына байласа, бірінші орын биігіне арқалы ақын Абдулла Сапар шығып, Мұқағали Мақатаев атындағы 100 мың теңге жүлдені жеңіп алған. Төлеген Айбергенов, Зейнолла Шүкіров атындағы екінші орын жүлдесін байқоңырлық Ұлықбек Тәңірбергенов пен сырдариялық Салтанат Қожа өзара бөліссе, Әнес Нарымбетов, Файзулла Омаров, Серік Сейітмағамбетов атына тігілген ІІІ дәрежелі орынға Әйтеке би кентінен қатысқан Ұлан Қалиев, Шиелі ауданының намысын қорғаған Бекжан Ержігіт, Қызылорда қаласының ақыны Мөлдір Айтбай лайықты деп танылған.

 Сол күні аудандық оқушылар үйінің көрермендер залында жазушы-драматург Рүстем Жанайдың "Жанқожа батыр" пьесасы бойынша сахналанған спектакльді тамашалады. Спектакльді сахнаға дайындаған Жәдігер Тұрсынов атындағы аудандық халық театрының режиссері, Қазақстан Республикасы-ның мәдениет қайраткері Насыр Баекеев. Жанқожа батырдың рөлін театр өнерпазы Жантұрған Тоқмамбет сомдаса, батырдың сенімді серігі Ақтан батыр бейнесін Ермекбай Ағырай, Қызылбас палуанды Рақымжан Қосмамбетов сахналады.

Төрт актілі спектакль барысында театр әртістері көрермендер жүрегіне елінің азаттығы жолында күн-түн демей жорықта болған хас батырдың тұлғасы мен ерен ерліктерін боямасыз жеткізді. Театр суретшісі Әбілхайыр Өтелбаевтың сахнаны безендірудегі шеберлігі әрбір көрініспен ерекше үйлесім тапқан.

Мерейтойдың үшінші күні Жанқожа батырдың ескерткіш-кесенесі басына тәу етуден басталды. Әйтеке би кентіндегі "Жанқожа батыр" атындағы мешіттің бас имамы Қайрат қажы Дәуіржанұлы баба рухына құран бағыштады. Содан соң Жанқожа ауылына жол тарттық. Ауылдағы жаңадан пайдалануға берілген саябақ қақпасының екі босағасына жолбарыс бейнесі қойылыпты. Шаңырақ кейпіндегі салынған субұрқақ көкке атқылап тұр. Балалардың ойын алаңдары, шағын күркешелер, отырғызылған  көгалдық шөп пен жас шыбықтар ауылдың бұрынғы бет-бейнесін ажарландырып жіберген.

"Жанқожа баба" саябағындағы кең сахнада "Елі үшін туған ер Жәкем" атты театрландырылған қойылым көрсетілді. Онда Жанқожа баба мен Ақтан батырдың туған жер төсін жаудан қорғаудағы ерліктері мен Бекарыстан би, Дәрменқұл ахунның ел бірлігін сақтаудағы ізгілікті істері үлгі етілді. Концерттік бағдарлама үстінде жас өнерпаз Жансая Баекеева жергілікті сазгер Кемеңгер Өтептің "Батыр баба" әнін орындап, тыңдармандардың қошеметіне бөленді. "Мырза" атындағы халық оркестрі мен "Ата мұра" ансамблінің өнерін көпшілік тамашалады.

"Жанқожа батыр жас ақындар жүрегінде" атты жас ақындардың облыстық айтысына қызылордалық Жазира Қазиева, жалағаштық Айдос Рахметов, аралдық Қайрат Құлекешов, қармақшылық Тұрар Бекмырза, қазалылық Бекарыс Нұриман, Марат Сүгірбаевтар қатысты. Үш жұпқа бөлініп, жыр шумақтарын төгілдірген олар ұтымды да ұтқыр ойларымен жиналғандарды тәнті етті. Талантымен танылған ақындарға Есқара Көмекбаев, Мәдина Ералиева, Молдабай Қаржаубаев, Жеткербай Ысқақов, Сексенбай Күлімбетов, Құдайберген Сұлтанбаев атындағы 100 мың теңгеден берілді. Жанқожа бабаның ерлікке толы істерін баспасөз бетінде насихаттаудағы еңбегі үшін "Сыр бойы" газетінің Арал, Қазалы ауданындағы тілшісі Жұмабек Табынбаевқа арнайы сыйлық тапсырылды.

Ауылдық мәдениет үйінде өткізілген жыршылар фестивалінде жыр дүлдүлдері жырау Сардарбек Қожағұлдың "Жанқожа батыр" дастанының он төрт тарауын толықтай орындап шықты. Маңғыстаулық Амангелді Сәңкібаев, ақтөбелік Демеубай Жолымбетов, алматылық Зұлфия Баймырзаева мен Қызылорда қаласынан Шолпан Бәйімбетова, Майра Сәрсенбаева, Айбек Тәңірбергенов, Бейсенбек Төлеубаев, Қармақшы ауданынан Серік Жақсығұловтар келіп, халықты жыр бұлағымен сусындатты. Фестиваль соңы аралдық сазгер-күйші Мұрат Сыдықовтың жанұялық ансамблінің концертімен жалғасты.

- Айтысты облыс әкімінің қолдауымен облыстық мәдениет басқармасы және Қазалы ауданының әкімдігі ұйымдастырды,- деді Жетіскен Мәкеналы. - Жетелі сөз айтып, сезімдерді сергіткен, көңілдерді жібіткен жеті жұп батыр бабамыздың құрметіне арналған той салтанатын одан сайын тасытып, елге рухани күш-қуат сыйлады. Домбыра шанағына қосылып шалқи шыққан жырлардан көз алдымызға батыр бабамыздың аруақты бейнесі елестеді, құлағымызға ол тұтынған тұлпарлар тұяғының дүбірі естілді.

Расында, көпшілік сондай әсерде тарасты. Дүбірлі додаға 14 ақын бақ сынысты. Бір-бірімен сөз таластыра отырып, халықтың көңілін тапқан, алысқа шапқан алты ақынның ішінен Бекарыс Шойбеков аламан бәйгеде оза шауып, Ербоздақ Өтеуов тіккен Жанқожа батыр атындағы 2 млн. теңге бас жүлдені жеңіп алды. Ал, Есенкелді Кісенбаев тағайындаған Сыр сүлейі Ерімбет Көлдейбекұлы атындағы 1 млн. теңгелік І орынды Мейірбек Сұлтанхан қанжығасына байлады. Жақсылық Мақұловтың ІІ орынға тиесілі халық ақыны Нұртуған Кенжеғұлұлы атындағы 500 мың теңгесі Әсем Ереже-қызына берілді. Ұйымдастыру алқасының ұйғарымына сәйкес әрқайсысы 300 мың теңгеден үш жүлде: Нұрлан Әлібаевтың Байназар Өтепов атындағы жүлдесі Жансая Мусинаға, Қуанышбай Башаровтың Нұрсұлтан Жұбатұлы атындағы жүлдесі Еркебұлан Қайназаровқа. Ал, Ғабит Бекмамбетов тағайындаған халық ағарту ісінің үздігі, ұлағатты ұстаз Жұмамұрат Бекмамбетов атындағы жүлде Иран-Ғайып Күзембаевқа берілді.

16 қазанда Әйтеке би кентіндегі орталық алаңда сән-салтанатымен қаз-қатар орын тепкен ақшаңқан үйлер құтты қонақтарын құшақ жая қарсы алып, қазалылықтардың қонақжайлылығын танытты. Ұлттық спорт түрлері де бір жағынан тойдың көркін қыздырды. Бозкілем үстіндегі белдесуге 17 жастан жоғары жер-жерден жиналған он алты палуан қатысты. Олар өзара күш таластырып, жанкүйерлер қолдауына ие болды. Нәтижесінде қармақшылық Айбек Серікбаев түйе палуан атанып, Қызылбас палуан атындағы бәйге - шетел автокөлігіне қол жеткізді. Шамау Ибрашов атындағы екінші орын жүлдесі - 500 мың теңге жалағаштық палуан Ұлан Рысқұловқа бұйырды. Қызылордадан келген спортшы Жасұлан Досымов Қуандық Бәкенов атындағы үшінші дәрежелі жүлде - 300 мың теңгені қанжығасына байласа, Тәжі палуан атындағы төртінші орынға қойылған 200 мың теңгеге қармақшылық Марат Баймаханов ие болды. 

Спорттық ойындар сайысы одан әрі қара күштің иесі атанған нар тұлғалы жігіттердің батпан көтеруімен, білектілердің қол күресімен жалғасын тапты. 

Үшінші күн Әбдіраман төбеде "Ауыздықпен алысқан хас батырдың тұлпары" атты республикалық ат бәйгесімен қызды. Бәйгенің 5 түрінен - аламан бәйге, жорға жарысы, құнан бәйге, тоқ бәйге, тай жарысынан дүлдүлдер топқа түсті. "Осы тұста айта кетер бір жайт, жаугершілік заманда қазақ батырларына әр кез аттары серік болған. Тарихта Тайбурыл, Байшұбар, Қарагер секілді батырлар аттарының есте қалуы сол себепті. Содан болар, Құлагер аттың жеке өзіне ескерткіш орнатылды. Сол ізді жаңғыртып, талай арпалыста Жанқожаға серік болған тұлпарын атап, ат бәйгесінде бір жүлдені Көкешкінің атына беріп жатса, батырды атсыз елестетіп, ескерткіш орнатуға бел буып жүрген кейбір адамдарды ойландырар еді" деп, ой тастаған едік. Бұл ойымыз бәйге таратыларда жүзеге асқанына қуандық.

Жанқожа батырдың мерейтойы аясында өткізілген "Ауыздықпен алысқан хас батырдың тұлпары" атты бұл ат бәйгесіне республикамыздың барлық облыстарынан, Алматы қаласынан, Ресейдің Орынбор, Омбы қалала-рынан, Қырғызстан, Тәжікстан елінен келген барлығы 212 сәйгүлік қатысты. Оның отыз екісі тай, қырық сегізі құнан, он бесі жорға жарысында, қырық жетісі тоқ бәйгеде, жетпісі аламан бәйге жолында сынға түсті.

Аламан бәйгеде бірінші орынды алматылық Байбатыр Сатыбалдиев, екінші орынды жамбылдық Сәбит Оспанов Жанқожа батыр мен Ақтан батыр атындағы, қазалылық Серік Естенқұлов, Ниетәлі Әбдікәримов Тәйімбет Көмекбаев, саяси қуғын-сүргін құрбаны Өте есіміндегі жүлделерге тігілген шетелдік автокөліктерді еншілеп қайтты.

Жорға жарысында Жамбыл облысы, Қордай ауданынан келген Ербол Шынтасов, құнан жарысында Жамбыл облысы, Талас ауданының тұрғыны Ілияс Мырзахан, тоқ бәйгеде ақтөбелік Марат Көшеров бірінші орындарды иемденіп, бәйге жүлдесіне тағайындалған темір тұлпарлардың иесі атанды. Тай жарысындағы алғашқы үш орынды жеңіп алған шиелілік Әбдіғани Жорабаев, қазалылық Қасқырбай Әлімбаев, Бауыржан Аманов Палуан баба атындағы арнаулы жүлдені қанжығаларына байлады.

Үш күндік шараның тартуы мен тағылымы адам жадында ұзақ уақыт сақталуы үшін ол туралы терең білу қажет. Әулие батыр, даңқты қолбасшы Жанқожа батыр Нұрмұхаммедұлы тұлғасы ол туралы бiлген сайын биiктеп барады. Соның бір көрінісі 4 күн бойы Сыр топырағында дүркіреп өткен батыр бабаны ұлықтаған мерейтойда сезіндік.

Батыр баба рухы тәуелсіз еліміздің көгінде асқақтай бергей!

Нұрлан НҰРМАХАН

Іздеу

Сауалнама

Бүгінде журналистерге қай сала мамандарынан ақпарат алу қиын?

Медицина - 57.1%
Прокуратура - 0%
Сот - 0%
Департаменттер - 14.3%
Облыстық басқармалар - 28.6%

Дауыс саны: 7
The voting for this poll has ended on: 29 Шіл 2017 - 00:00

Жоба туралы

Сыр өңірінің тумасы, қайсар қаламгер, ақын Зейнолла Шүкіровтің рухына арналған «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты облыстық жас ақындар мүшәйрасы өтті.

 «Руханиятты жаңғырту» қоғамдық қоры мен республикалық әдеби-мәдени, тарихи-танымдық «Әлімсақ» журналы Зейнолла Шүкіровтің рухына арнап биыл төртінші рет дәстүрлі «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты талантты жас ақындар мүшәйрасын ұйымдастырды. Биылғы жылдың жеңімпазы - М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжінің студенті Нәбира Ешниязова.

 

 

Редакцияға хат

Email:
Тақырып:
Текст:

Әлеуметтік желілер

Күнтізбе

<< < Сәуір 2015 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 26
27 28 29 30      

As we continue our list of fantasy football”s top 101 PPR players of 2017 we have three players who have recently finished in the top-15 at their positions.

In fantasy football there will always be players who have an unexpected drop or rise from one year to the next. One player on today’s list was a top-six wide receiver in 2015. The next year,Vince Wilfork Jersey he wasn’t even a top-20 wide receiver.

The same can be said about a running back on today’s list who was a top-five running back in 2015. Last year, he wasn’t even a top-18 running back. Who are these players and what should we expect from them in 2017?

To be clear,J.J. Watt Jersey the top 101 PPR players are for re-draft leagues only. Here’s a look at players ranked No. 38-36:

Last season Patriots wide receiver Julian Edelman finished fourth in the NFL in receptions with 98. He also set a career-high in receiving yards with 1,106. In the end,Brian Cushing Jersey Edelman finished 2016 as the 15th PPR wide receiver. Unfortunately for Edelman, I see a regression coming his way in 2017.

The 2016 season was only the second time in Edelman’s eight-year career he played in all 16 games in a season. The other time came back in 2013. Going into 2017, the odds are against the 31-year old receiver to play in all 16 games in back-to-back years for the first time in his career. Even if he somehow manages to stay healthy for all 16 games, he’s sure to lose targets and receptions.

Last year Patriots star tight end Rob Gronkowski had a career-low 25 receptions. Gronk was never 100 percent during the 2016 season and only appeared in eight games. Going into 2017,DeAndre Hopkins Jersey he will be back to full strength. Also, the Patriots traded their 2017 first-round pick for Saints wide receiver Brandin Cooks. The former Oregon State Beaver will be the team’s new No.1 wide receiver.

Журнал туралы

«Әлімсақ» журналы – рухани серігіңіз

 Қазақтың ғасырлар қойнауынан тамыр тартқан, әлімсақтан келе жатқан хатқа түскен тарихының, ұлттық болмыс-бітіммен астасқан әдебиеті мен мәдениетінің, тілі мен дінінің, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрінің бірден-бір насихатшысы, Сыр бойының тарихында алғаш рет әдеби-мәдени, тарихи-танымдық бағытта жарық көрген «Әлімсақ» журналының оқырманына жол тартқанына алты жылға жуық уақыт болып қалды. 2009 жылдың сәуір айынан бастап алғашқы нөмірі жарыққа шыққалы бері қазақ әдебиеті мен тарихына қатысты мақалаларды ортаға салып, Сыр өңірінің мәдениеті мен өнерін насихаттап, облысымыздың бүгінгі мәдени, әлеуметтік дамуындағы өзгерістерді ақпараттандыруда журналдың қосып келе жатқан үлесі салмақты.