Арда туған азаматқа дем беріп,арғымақ келді жаңа жылды өңгеріп

Арда туған азаматқа дем беріп,арғымақ келді жаңа жылды өңгеріп

Қазақ халқы ежелден төрт түлік малды бағып, жазда жайлауға, қыста қыстауға көшіп жүрген керемет...

Ұлттық тәрбиенің мәні – ұлттық ойындар

Ұлттық тәрбиенің мәні – ұлттық ойындар

  Ойнамайтын бала жоқ. Сухомлинскийдің сөзімен дәлелдейтін болсақ, "Ойынсыз ақыл-ойдың қалыпты...

АҚШ -тағы КЕН АЛИБЕК ЕЛГЕ ҚАЙТА ОРАЛДЫ

Кезінде АҚШ-қа кетіп қалған көрнекті микробиолог ғалым, полковник Кен Алибек туралы (азан шақырып...

 АБАЙША СҮЙІП, АБАЙША КҮЙІП ЖҮРМІЗ БЕ?

АБАЙША СҮЙІП, АБАЙША КҮЙІП ЖҮРМІЗ БЕ?

Атады таң, батады күн, толады ай.  Ауысады күнде саба, толағай.  Бірі барда бірі болмай,...

 Қамбаш көлі туризм аймағына айнала ала ма?

Қамбаш көлі туризм аймағына айнала ала ма?

 Сыр бойы – туризм саласынан кенде емес аймақтардың бірі. Айтатыны жоқ, Қазақстан өзінің...

  • Арда туған азаматқа дем беріп,арғымақ келді жаңа жылды өңгеріп

    Арда туған азаматқа дем беріп,арғымақ келді жаңа жылды өңгеріп

  • Ұлттық тәрбиенің мәні – ұлттық ойындар

    Ұлттық тәрбиенің мәні – ұлттық ойындар

  • АҚШ -тағы КЕН АЛИБЕК ЕЛГЕ ҚАЙТА ОРАЛДЫ

  •  АБАЙША СҮЙІП, АБАЙША КҮЙІП ЖҮРМІЗ БЕ?

    АБАЙША СҮЙІП, АБАЙША КҮЙІП ЖҮРМІЗ БЕ?

  •  Қамбаш көлі туризм аймағына айнала ала ма?

    Қамбаш көлі туризм аймағына айнала ала ма?

Бас редактор бағаны

"Әлімсақ" журналының бас редакторы, филология ғылымдарының кандидаты

Нұрлан Көбегенұлы Нұрмаханов

 Бас кеспек болса да...

Журналға тіркелу

Валют бағамы

Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан

Мұрағат

Серіктестер

Latest News

Жаңқожа батырдың тарихтағы тағылымды ізі дөңгелек үстел тақырыбында талқыланды

 

Қазақ халқының бірлігі мен берекесі жолында азаттықтың ақ туын жоғары ұстап, ел тәуелсіздігі мен азаттығы жолында қасық қаны қалғанша жан кешкен батырларымыздың ғұмырын тарих бетінде жазылған деректер арқылы білеміз. Қазақтың батыр ұлдары көк найзасын жауға сермеп, туған елін аман алу жолында табандап күрескені хақ. Бүгінгі күні еліміздің тарихында артына тасқа қашап салған таңбадай етіп өшпес із қалдырған атақты да айтулы хас батырлармен мақтанамыз.

 Үш жүздің әйгілі батыры, биі һәм әулиесі Жанқожа Нұрмұхаммедұлының туғанына биыл - 240 жыл. Күллі қазақтың батыры болған Жанқожа батырдың сом бейнесін, тарихтағы орнын әрбір қазақ баласы білгісі-ақ келеді. Алайда тарих бетінде жазылған деректер мен қолжазбалар батыр бабаның тұлғалық қасиетін ашуға келгенде әлі де дәрменсіз. Сынаптай сырғыған осы уақыттың ішінде батыр бабамыз-дың бейнесін толыққанды аша алдық па? Жанқожа батыр туралы қазақ жұрты не біледі? Әулие Жанқожаның мәлім де беймәлім қырларын осы күнгі тарихшылар мінбелерден қалай көтеріп жүр?

 Иә, тізбектелген сауалдардың жауабын білу кімді де болсын қызықтырады, әсіресе тарих десе делебесі қозатын қаймана қазақтың өткенге көз жүгіртуі ұлттық ділімізден қалған сарқыншақ іспеттес.

 Елі үшін туған ер Жанқожаның рухын асқақтату мақсатында елімізде, жер-жерде түрлі келелі іс-шаралар мен конференциялар өтуде. Сүбелі ойлар мен салмақты пікірлерді қамтыған іс-шараның алғашқы легін Сыр елінің руханият жаршысы, ұлттық құндылықтардың насихаттау-шысы "Руханиятты жаңғырту" қоғамдық қоры мен республикалық әдеби-мәдени, тарихи-танымдық басылым "Әлімсақ" журналының ұйымдастыруымен Сыр еліндегі алдыңғы қатарлы білім ордасы "Болашақ" университетінде қазақтың даңқты қолбасшысы, әулие батыры Жанқожа Нұрмұхаммедұлының 240 жылдығына орай "Халықтың бақыты үшін туған қаһарман" атты дөңгелек үстел өтті. Әділдік туын жоғары ұстаған қаһарман, елі үшін туған ер Жанқожа батырдың есімін ұлықтау мақсатында өткізілген басқосуға тарихшылар мен әдебиетші ғалымдар, жазушылар мен ақындар, есімдері Сыр бойына белгілі қайраткер азаматтар қатысып, бұрын-соңды айтылмаған тарихи деректермен сыр бөлісті, Жанқожа батырдың тарихи тұлғасы мен әдебиеттегі қаһармандық бейнесін ашып көрсет-ті. Дөңгелек үстелдің модераторы - "Әлімсақ" журналының бас редакторы, филология ғылымдарының кандидаты, жанқожатанушы Нұрлан Нұрмаханов.

 Басқосуға қоғам қайраткері, экономика ғылымдарының докторы, академик, Сократ сыйлығының иегері Бақберген Досманбетов, Қазақстан суретшілер одағының мүшесі, елімізге белгілі суретші Қайырбай Зәкірұлы, Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік универси-тетінің профессоры Қазыбай Құдайбергенов, философия ғылымдарының кандидаты, профессор Оңғар Бермахановтар қатысып, басқосудың тағылымды шара екенін айта отырып, Жанқожа батырдың адами бітім-болмысы мен көпшілік біле бермейтін беймәлім қырларын ортаға салды. Қазалыдан, Байқоңыр-дан осы дөңгелек үстелге арнайы келгендер де болды.

 Ұлты сүйген Жанқожаның бүгінгі ұрпақтары жиылған конференцияда Жанқожа батырдың тарихтағы орны, оның жауынгерлік ерлігі сөз болды. Тағылымы зор жиынның әлқиссасын тарих ғылымдарының докторы Дастан Сәтбай ашты. Отаршыл Ресейдің езгісінен құтылу жолында Қазақстанның жер-жерінде ұйымдас-паған, кейде ұйымдасқан түрде азаттық күрестер болды. Сол ұлт-азаттық күрестердің бірі Махамбет Исатай көтерілісі ғана мойындалғаны тарихтан белгілі. Тарихшы Дастан Сәтбайдың ойынша, тарихи тұлғаның өткен ғасырдағы боямасыз шындығын бүгінгі ұрпақ білуі тиіс. Ер үшін туған ерен ердің халық үшін жасаған игі істерін анық жеткізу қажет деп санайды. Жанқожаның бір ғана мақсаты болды - ол халқын сақтау. Жанқожаның ұлылығын осыдан көруге болады. Оның трагедиясының тағы бір жері - оның қоғаммен консерватизмінде.

 - Қазақ неге момын, неге талап етпейді? Өйткені қазақта әлеуметтік құқықтық күрес деген болған жоқ. Тек тайпалар мен хандар жаулармен арпалысып, өз құқығымызбен күресу орын алмады. Орыстарға қосылғаннан кейін бізде әлеуметтік күрес басталды. Осы жағынан келгенде Жанқожа ерекше көрінеді. Қазақ халқының бірлігін сақтау, шұрайлы жерді аман алып қалу, көптеген мәселелер оның ойында болды, бірақ  қоғамда түсіну деңгейі толық болмады,- дейді Дастан Сәтбай.

 Тарихтан белгілі жайт, патша өкіметінің құрығынан құтылу үшін Кіші жүздің жасаған істерінің біз бірқатарын білеміз. Белгілі Алаш қайраткері Халел Досмұхамедов бір кездері осы көтерілістердің көпке әсер беріп, бүтін жұртты қорғандарын ерекше атап өткен еді. Олар 1758-1800 жылдардағы Байұлы Сырым батырдың көтерілісі, 1830-1845 жылдардағы Әлімұлы Шекті руынан шыққан Тайманұлы Исатай мен Өтемісұлы Махамбет көтерілісі, 1850-1860 жылдардағы Әлімұлы Шекті руынан шыққан Нұрмұхаммедұлы Жанқожа мен Көтібарұлы Есет көтерілісін бөліп қарастырады.

 Иә, шындығына келгенде, ХIХ ғасырдың 20-жылдарынан бастап Сыр бойы мен Арал теңізінің шығыс жағалауын қоныстанған қазақтарға өз үстемдігін жүргізе бастаған Хиуа, Қоқан хандықтары 1830-1840 жылдары жергілікті халыққа өктемдігін одан әрі күшейтті. Хиуа хандығы Жаңадария, Қуандария, Қызылқұмнан өтіп, Қосқорған, Арал теңізіне дейінгі аралықтағы Сыр бойындағы қазақтарға шапқыншылықтар жасап, малдарын барым-талап, әйел, бала-шағаларын тұтқынға алып кетіп отырды. Қоқандықтар шекара бекітіп, әкімшілік құрып, 1817 жылдан бастап салына бастаған бекіністерінен әр кез жасақтар шығарып, бейбіт елді шауып, алым-салық жинап кетіп тұрғаны рас.

 Пайым-пікірлерлерді ортаға тастаған тарихшылар дөңгелек үстел барысында ғасырлар бойы тұмшаланып келген Жанқожа батырдың бұрын-соңды айтылмаған шындықтарын ашуға тырысты.

 Жиында сөз алған тарих ғылымдарының кандидаты Сәкен Серікбаев "баба өмірі әлі де іргелі зерттеулерді қажет етеді" деп санайды.

 Жанқожа батырдың тарихи тұлғасы ашылды деп толыққанды айта алмаймыз. Білетініміз Созақ көтерілісіне қатысқаннан кейін, Хиуа хандығына қарсы көтерілісін ұйымдастырғанын, 82 жасында да көтеріліске қатынасқанын барша жұрт біледі. Бірақ та шындап келгенде Жанқожа тұлғасы жұмбақ күйінде қалып келеді.

 90-жылдардың басында, әсіресе батырларды танымай, Бұқарбай Табынның батыры, Жанқожа десе біз оны Әлімнің батыры деп ойладық. Шындап келгенде, хас батырлар сол рудың батыры емес, ұлттың батыры еді. Кейінгі буын жастарға осыны айтуымыз керек. Жанқожа батыр екіжақты соғыс жүргізді. Патшалық Ресей саясатты жақсы меңгерді. Ел ішіндегі беделді адамдарды өзіне тартты. Осы жолда ол Жанқожаға екі-үш рет 200 сом ақша ұсынды, атақ берді, қылыш берді. "Мұның бәрін Жанқожа өздеріне қайтарып берген" деген деректер бар.

 Жасыратыны жоқ, бүгінгі біздің қоғам ұлттшылдықтан гөрі рушыл қоғамда өмір сүруде. Жағалай жершілдікке салынып кетуіміздің себебі де осы. Рушылдықтың құрсауынан шығып, ұлттық деңгейге көтерілуіміз қажет. Жанқожа туралы деректерді  жетімсіз деп айтуға болады,- деп түйіндеді өз сөзін Сәкен Кәрбозұлы.

 Жиынды жүргізіп отырған Нұрлан Көбегенұлы тарихшылар мен әдебиетшілердің ең алғаш орыс ориенталисі Аничковтың зерттеулері мен деректемелеріне табан тірейтінін айтты. Жанқожа батыр ерлігі поэзиялық да, прозалық да, драматургиялық да шығармаларға арқау болды. Алғаш рет И.Аничков Жанқожа батыр туралы жырды Мысабай жыраудың аузынан жазып алған.

 - "Жанқожа батыр" - ХІХ ғасырдың орта шеніндегі Сыр бойы қазақтарының Хиуа, Қоқан отаршылдығына қарсы күресін суреттейтін жыр. Айтушысы - Мысабай жырау, ол Қазалы маңындағы Қаракөл елді мекенінде тұрған. Жинаушысы - И.В.Аничков. Ол Санкт-Петербург университеті шығыстану факультетінің түлегі, Сырдария губерниясының әр түрлі аймақтарында сот қызметін атқарған, Орынбор, Түркістан ғылым қоғамдарының белді мүшесі болған. Аничков жырды 1893 жылы қағазға түсіріп, кейіннен "Қазан университетінің археология, тарих, этнография қоғамының хабаршысында" жарияланған. Мысабай жырау Жанқожа батырдың тұлғасын сомдап, тарихи бейнесін айшықтауда, қоғамдық-саяси жағдайларға баға беруде аянып қалмаған. Жанрлық тұрғыдан келгенде бұл тарихи жыр,- дейді филология ғылымдарының кандидаты Нұрлан Нұрмаханов.

 Мысабай жыраудан жазылған осы жыр үлгісін Сәкен Сейфуллин "Жаңа әдебиет" журналына 1926 жылғы 5-санында араб әрпімен жариялаған. "Жанқожа жайлы өлең" деп аталған жырдың осы үлгісі Тынысбек Қоңыратбаевтың "Ертедегі ескерткіштер" атты зерттеуінде қайта басылған. Қазақстанның Орталық ғылыми кітапханасында "Жанқожа батыр" жырының бірнеше үлгісі сақталған. Ал осы тарихи жырды "Жаңа мектеп" журналына Сәбит Мұқанов бірінші болып жариялаған" деген деректерді қаперге салды дөңгелек үстелге жиылғандар.

 Талқыға түскен батырдың өнегелі ғұмыры әлі де толық зерттеліп біткен жоқ. Осы орайда өзінің пікірімен бөліскен Оңғар Бермаханов та Жанқожа батыр туралы деректердің аздығын құптаса, Қайырбай Зәкірұлы Жанқожа батырдың біз білмейтін беймәлім қырларын жайып салды. 

 Басқосуда Н.Көбегенұлы: "Өскелең ұрпақ санасына осындай болмысы дара батырлары-мызды қалай насихаттап жүрміз, мектеп бағдарламасында Жанқожа батырдың ерлігі жайында толыққанды мәлімет берілген бе, оқулықта келтірілген деректердің мазмұны қандай, Жанқожаның батыр тұлғасын, бет-бейнесін оқушылар қалай оқып келеді?" деген көкейтесті сұрақтарды дөңгелек үстелге келген  мектеп мұғалімдеріне тастап, жауабын күтті.

 Қызылорда қаласындағы №217 орта мектептің тарих пәнінің мұғалімі Алмагүл Ибраеваның сөзіне қарағанда, мектеп бағдарламасында Жанқожа туралы деректер 8-сынып оқулығына енгізілген, бүгінгі мектеп бағдарламасы бойынша оқулықтарда берілген деректер аз. Мұнда тек Жанқожа көтерілісі туралы атүсті баяндап, негізгі деректерді қысқаша мағлұматтармен берген. "Бұған дейін 2008-2009 жылдары Қабылдиновтың оқулығы болатын. Бұл оқулықты өзге оқулықтармен салыстырмалы түрде қарайтын болсақ, Жанқожа батырға қатысты деректер бес бөлімнен тұрады. Көтері-лістің өршуі мен қиыншылығы, жеңілу себептері толыққанды жазылған еді. Мектеп бағдарла-масында министрліктің тапсырмасына орай балаларды оқытамыз. Қазірде бұл оқулық бағ-дарламадан алынып тасталған", - дейді А.Ибраева.

 Тарихшы ұстаз тағы бір мәселенің ұшын шығарды. "Ұлттық тестілеуде бізде үлкен мәселе туындайды. Бұрынғы оқулықтан келген сұрақтар негізінде келеді. Ал қазіргі кездегі балалардың оқып жатқан кітаптарында деректер мүлдем аз. Оқулық жазылған кезде оның сапасымен қатар бірінші кезекте оқулықтың берілген дерек-көздердің нақтылығына, мәтіннің көлеміне мән берілсе екен, талдау жасалса дейміз. Мектеп кітаптарында дереккөздің нақтылығына көбінесе талдау жасалынбайды. Болашақта тарихшы ғалымдармен бірлесе отырып, батырдың рухын ұлықтайтын аңыз-әңгімелерді оқулықтарға кірістірсе, нұр үстіне нұр болар еді", - дейді ол.

 Келелі басқосуда сөз алған тарих ғылымдарының кандидаты Асқар Еңсепов: "Жанқожа, Есет, Абылай, Әбілқайырлардың образдары оқулықтарда толыққанды ашылмаған. Тек батырлардың өмірі, туған жылы, қайтыс болу себебі, жорықтары, басқа ешқандай түйірлі дәнек кездестіре алмайсыз. Жанқожаның тұлғалық образын баяндайтын мектеп оқулығында баланы қызықтыратын материалдар жоқ. Жанқожа батырға байланысты халық арасында көптеген аңыз-әпсаналар бар. Сол аңыздардың мектеп оқулығына енгізіп, болмаса хрестоматия ретінде топтап жинаса деген ойым бар. Мұғалімдерге айтарым, құрғақ фактілермен берілген дүниелерді оқушыға әсерлі жеткізу мұғалімдердің қолында. Оқулықтардағы олқы тұстарын сіздер толтыра аласыздар", - деп сөзін түйіндеді.

 "Біз тарих саласында жиырма томдық Қазақстан тарихын жазайын деп жатырмыз. Халыққа қажетті тілмен жазбаса, оны ешкім оқымайды. Мейлі ол 40 томдық болсын, тарихты бұрмаламай жазу қажет" деген пікірді құптайды жиынға келген тарихшылар.

 - Жанқожа бабаның жүрегі халық деп соққан, біз оның әулиелігін әділдігінен, шындығынан, даналығынан, жүрегінің ақтығынан, турашылды-ғынан көруімізге болады. Ал, оның батырлығын намыскерлігі, жалындығы, жігерлігі арқылы байқаймыз. Аңыз әңгімелерді насихаттай білсек қана өткенімізге көз жүгіртіп, болашағымызды бағамдай аламыз, - дейді "Байқоңыр" журна-лының бас редакторы Серік Шағатайұлы.

 Тағылымды басқосуды Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің профес-соры Қазыбай Құдайбергенов түйіндеді.

 Жиынға қатысушы тарихшылар көзі тірісінде үш жүздің әйгілі батыры, биі һәм әулиесі атанып, елінің тәуелсіздігі, халқының бостандығы жолында көрсеткен теңдессіз ерлігін, оның тұлғалық қасиетін тарихты бұрмаламай өскелең ұрпаққа дұрыс жеткізу қажет деп есептейді.

 Ерекше атап өтерлігі, арнайы дайындалған кітап көрмесінде Нұрлан Нұрмахановтың жеке кітапханасындағы батырдың өмірі мен ерлігін суреттейтін кітаптар, баспасөз бетінде жарық көрген материалдар және батыр туралы жазылған жырлардың қолжазба қорынан алынған түпнұсқаларының көшірмелері көпшілік назарына ұсынылды.

 Жанқожа Нұрмұхаммедұлының тәуелсіздік жолындағы ерлігін насихаттай отырып, батыр бабаның өмірнамасын терең зерттеу, осы арқылы өр рухты Жанқожаның рухын асқақтату, ұрпақ жадында жаңғырту - әрбір қазақ баласының парызы. Дөңгелек үстелдің түйін сөзі осы болды.

  Абай ТАҒЫБЕРГЕН

 

 

 

Пікір қалдыру


Қорғаныс саны
Жаңарту

Іздеу

Сауалнама

Қазір қай бағыттағы кітаптар оқылады?

Бизнес туралы - 53.8%
Әдеби - 7.7%
Мотивациялық - 0%
Шытырман оқиғалы - 7.7%
Саяхат туралы - 30.8%

Дауыс саны: 13
The voting for this poll has ended on: 17 Мам 2018 - 00:00

Жоба туралы

Сыр өңірінің тумасы, қайсар қаламгер, ақын Зейнолла Шүкіровтің рухына арналған «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты облыстық жас ақындар мүшәйрасы өтті.

 «Руханиятты жаңғырту» қоғамдық қоры мен республикалық әдеби-мәдени, тарихи-танымдық «Әлімсақ» журналы Зейнолла Шүкіровтің рухына арнап биыл төртінші рет дәстүрлі «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты талантты жас ақындар мүшәйрасын ұйымдастырды. Биылғы жылдың жеңімпазы - М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжінің студенті Нәбира Ешниязова.

 

 

Редакцияға хат

Email:
Тақырып:
Текст:

Әлеуметтік желілер

Күнтізбе

<< < Сәуір 2015 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 26
27 28 29 30      

Біз туралы

Редакция құрамы

 

Бас редактор – Нұрлан Нұрмахан

Жауапты хатшы – Абай Тағыберген

Журналистер

Толыбай Абылаев

Айдар Сайлауов

Жүлдызай Қалиева

 

Байланыс телефоны: 8(7242) 20-16-19

 

Е-майл: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Кім онлайн?

Қазір 23 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр

As we continue our list of fantasy football”s top 101 PPR players of 2017 we have three players who have recently finished in the top-15 at their positions.

In fantasy football there will always be players who have an unexpected drop or rise from one year to the next. One player on today’s list was a top-six wide receiver in 2015. The next year,Vince Wilfork Jersey he wasn’t even a top-20 wide receiver.

The same can be said about a running back on today’s list who was a top-five running back in 2015. Last year, he wasn’t even a top-18 running back. Who are these players and what should we expect from them in 2017?

To be clear,J.J. Watt Jersey the top 101 PPR players are for re-draft leagues only. Here’s a look at players ranked No. 38-36:

Last season Patriots wide receiver Julian Edelman finished fourth in the NFL in receptions with 98. He also set a career-high in receiving yards with 1,106. In the end,Brian Cushing Jersey Edelman finished 2016 as the 15th PPR wide receiver. Unfortunately for Edelman, I see a regression coming his way in 2017.

The 2016 season was only the second time in Edelman’s eight-year career he played in all 16 games in a season. The other time came back in 2013. Going into 2017, the odds are against the 31-year old receiver to play in all 16 games in back-to-back years for the first time in his career. Even if he somehow manages to stay healthy for all 16 games, he’s sure to lose targets and receptions.

Last year Patriots star tight end Rob Gronkowski had a career-low 25 receptions. Gronk was never 100 percent during the 2016 season and only appeared in eight games. Going into 2017,DeAndre Hopkins Jersey he will be back to full strength. Also, the Patriots traded their 2017 first-round pick for Saints wide receiver Brandin Cooks. The former Oregon State Beaver will be the team’s new No.1 wide receiver.

Журнал туралы

«Әлімсақ» журналы – рухани серігіңіз

 Қазақтың ғасырлар қойнауынан тамыр тартқан, әлімсақтан келе жатқан хатқа түскен тарихының, ұлттық болмыс-бітіммен астасқан әдебиеті мен мәдениетінің, тілі мен дінінің, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрінің бірден-бір насихатшысы, Сыр бойының тарихында алғаш рет әдеби-мәдени, тарихи-танымдық бағытта жарық көрген «Әлімсақ» журналының оқырманына жол тартқанына алты жылға жуық уақыт болып қалды. 2009 жылдың сәуір айынан бастап алғашқы нөмірі жарыққа шыққалы бері қазақ әдебиеті мен тарихына қатысты мақалаларды ортаға салып, Сыр өңірінің мәдениеті мен өнерін насихаттап, облысымыздың бүгінгі мәдени, әлеуметтік дамуындағы өзгерістерді ақпараттандыруда журналдың қосып келе жатқан үлесі салмақты.