Бас редактор бағаны

"Әлімсақ" журналының бас редакторы, филология ғылымдарының кандидаты

Нұрлан Көбегенұлы Нұрмаханов

 Бас кеспек болса да...

Журналға тіркелу

Валют бағамы

Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан

Серіктестер

Қамбаш көлі туризм аймағына айнала ала ма?

 Сыр бойы – туризм саласынан кенде емес аймақтардың бірі. Айтатыны жоқ, Қазақстан өзінің айшылық алыс жерлерді шарлататын кең аумағымен, тартымды мәдениеті мен бай табиғи және тарихы терең мұрасымен, көзге көрінер туристік нысандарымен күллі әлемді қызықтырып отыр. Бүгінгі таңда экотуризм мәселесі әлемдік деңгейде айрықша маңызға ие. Сыр өңіріндегі экотуризм дегенде, әуелі есімізге еріксіз Қамбаш көлі түседі. Қамбаш – Қамыстыбас елді мекені тұсындағы ғажайып су айдыны. Суы мөлдір әрі емдік қасиеті мол. Бүгінде жағалай тігілген ақшаңқан киіз үйлер иелері мұнда келген келушілердің емін-еркін демалуына жағдай жасап қойған. Кәуап дейсіз бе, сыра дейсіз бе, не нәрсеге тапсырыс берсеңіз де, қызметіңізге әзір. Бір барғанымызда, елге белгілі Парламент депутаттарының көлдің ортасына стол қойып, аяқтарын суға батырып, ішімдік ішіп отырғанын көзіміз көрген. Қандай демалыс, қандай тәрбие десеңізші! Сол жолы Алматыдан келген бір адамның көл жағасындағы тамақ қалдықтары мен бөтелке сынықтарын көріп, жағасын ұстап: «Не деген жабайылық, осыншама тамаша көлді жергілікті басшылар мәдениетті түрде демалатын орынға айналдырса қайтеді?» - деп, таңдай қағып, сын айтып кеткен-ді. Расында, бүгінде тап-таза көлді өз қолымызбен ластап жатырмыз. Өкінішті.

Қамбашты мақтай беру жарнама үшін ғана керек пе?

Рас, Қамбаш көлі – Сыр өңірінің мақтануға тұрарлық демалыс орны, тамаша жер. Автокөлік жолына жақын, табиғаты көркем мекеннен қашан да халық үзілмейді. Әсіресе, демалыс күндері жағалаудан бос жер таба алмайсыз. Тіпті, алыс-жақын шетелдерден келген меймандарды да жолықтыруға болады. Десек те, «Сыр өңірінің туризмін дамытамыз, Қамбаш көлін әлем елдері қызығатын аймаққа айналдырамыз» деп, аузымыздың суы құрып айтып жүргенімізге де бірталай жыл болыпты. Осы уақыт аралығында облыстың бірнеше әкімдерін де ауыстырып үлгіріппіз. Содан көкейде сұрақ туындамай қайтеді? Сыр өңірі туризм саласына қолайлы ма? Қамбаш көлінің сервистік қызметі қай деңгейде?

«Сервистік қызмет» демекші, көптің аузында бұл жерде сервистік қызмет мүлдем қарастырылмағандығы айтылып жүр. Соған қарағанда Қамбаш көлінің жағдайы биліктегілердің назарына ілінбеген сыңайлы. Осы сұрақтар төңірегінде білу үшін Қызылорда облысы кәсіпкерлік және туризм басқармасы мемлекеттік мекемесіне ат басын бұрдық. Басқарма басшысының орынбасары Құрманкүл Датқабекова Қамбаштың түйткілді мәселелелерін жасырмады, біледі екен.

- Қаз-қатар тігілген үйлердің иелері, яғни кәсіпкерлер біз қойған талапты орындамай отыр. Тек «Торжынбай Төрке» ЖШС талапқа сай қызмет атқаруда. Мемлекетіміз кәсіпкерлерге мораторий жариялағаннан кейін, біз де кәсіпкерлерді жөн-жосықсыз тексере алмаймыз, тек ескерту шараларын жасап жатырмыз. Дегенмен нәтиже жоқ,- дейді Құрманкүл Төлепбергенқызы амалы құрып.

Ең сорақысы, кәсіпкерлер мұндағы демалуға келген қонақтарға тиісті деңгейде сервистік қызмет көрсетпей отыр. Қоқыс қалдықтарын жинайтын жерлер, тіпте ең арғы түбі әжетханаларға дейін жоқ екен. Мұндай жағдайдан кейін, қалайша біздің өңіріміздің туризмі жоғарғы деңгейде деп айта аламыз? Айтуға оңай, әрине. Мұны көріп-естіген инвесторлар да аймаққа келгісі жоқ. Инвесторлар келмей, біздің  қызмет көрсету деңгейіміз жақсармайды. Құрманкүл Датқабекованың айтуынша, Қамбаштағы сервистік қызметтерді қадағалайтын бір де бір маман жоқ. Облыс бойынша мемлекеттік қызметтегі екі маман ғана қызмет жасайды екен. «Туризмнің жолында жаңаша қадамдар жасаймыз, елімізді көркейтеміз» дейміз, алайда мұнда мамандар жоқ, сервистік қызметі ең төмен облыс Сыр елінің туризмі жайында сөз қозғаудың өзі қиын. Сонда Қамбашты алдыға салып мақтай беру жарнама үшін ғана керек болғаны ма?

«Қамыстыбас туристік аумаққа айналады. Мұнда қонақ үй кешенін салу, балық аулау орны мен сумен емдеу бөлімдері ашылады» деген жағымды жаңалық айтылғанда қатты қуанғанбыз. Бұл жобаны «Саутс Ойл» мұнай компаниясы қолға алғандығы туралы ақпарат та тарады. Компания осы жылдың наурыз айынан бастап Қамбаш көлінің жа­ғалауынан жүз орындық сауықтыру пансионаты құрылысын бастағанына да хабардармыз. Жалпы құны 450 млн. теңге болатын бұл нысанға келуші­лер үшін қызмет көрсететін барлық жүйе­лер қа­растырылмақшы екен. Енді Қамыстыбас пансионаты тамыздың бірінші жұлдызында іске қосылмақшы. Қаншалықты сенімді, әзірге оны уақыт еншісіне қалдыра тұрайық.

Біз осылайша мемлекеттік мекемеден көңілсіз оралдық. Келе сала Арал ауданы Қамбаш ауылының өз тұрғыны Нұрбай Жүсіп есімді азаматқа хабарластық. Қамбаштың қазіргі жағдайын білгіміз келді. Ауылына жанашыр азамат Қамбаш көлінің қазіргі жай-күйін баяндау үшін Қызылордаға келіп, редакциямызға арнайы ат басын бұрды. Көзімен көріп, көкейіне түйгенін қағазға түсіріп те әкеліпті. Біз ой тоқтату үшін Нұрбай Жүсіптің материалын жариялауды жөн көрдік.

 «Жынойнақ жағажайдың» жағдайы биліктегілерді ойлантуы тиіс

Мәдениет – белгілі бір халықтың қол жеткізген табыстары мен шығармашылығын рухани ұштастыру арқылы қалыптасқан сана десек, осы мәдениеттің саласы да сан алуан.

Мәдениеті озық елдер мәдениеті төмен елдерді кемсітуі, менсінбеуі, сыйламауы – табиғи құбылыс. Мәдени дәрежелері әр  түрлі халықтарды заңмен де теңестіре алмайсыз. Қалай десек те, мәдениеті жоғары халықтар мәдениеті төмендерді қашан да қорсынып тұрады.

Алдымен, ұлтты ұйыстырар тіл мәдениетіміз қай дәрежеде? Оны қазақтың маңдай алды өнер иесінің тіліміз жөнінде: «Менің немерем ит сияқты, қазақша түсінеді, бірақ сөйлей алмайды», - дегенінен аңғаруға болады.

Осы бір ащы да болса, ақиқат сөзден бір ғана тіл мәдениеті аңғарылып тұрған жоқ. Жалпы, мәдениетіміздің деңгейінен хабар беріп тұр.

Бұл пікірдің ақиқатын жазғы демалыс, туризм, суда шомылу мәдениетіміздің  дәрежесінен де аңғаруға болады.

Соңғы кездері Арал ауданы аумағында орналасқан Қамыстыбас көлінің жағасына демалуға келгендердің қатары жылдан-жылға арта түсуде. Міне, нақ осы  жағдай біздің демалу, суда шомылу  мәдениетіміздің дәрежесін анықтап беріп отыр.

Халық арасында «жынойнақ жағажай» аталып кеткен жағдай биліктегілерді де, зиялыларды да ойлантуы тиіс. Әсіресе, адами құндылықтардың биігі - адам өмірі, айналасының тазалығы өте мүшкіл халде қалып келеді. Әсіресе, жағажайдағы тазалығымызға не дейміз? Бұл мәселені ауызға алудың өзі қорқынышты! Айналадағы қоқыс, бұта-бұталардың түбіндегі адам нәжістері, быжынаған шыбын зәре-құтыңды алады.

Рас, кейбір кәсіпкерлер айналасын тазалап тұрады. Бірақ қайда тастайды? Міне, бұл да - өткір мәселе!  Көлікке тиілген қоқыстар кез келген жолдың бойында жайрап жатыр.

Ал, енді орыстар Қамбаш көліне келіп қалай демалып жатыр?

Орыстар көбіне-көп Қамбаш көлінің «Тастақ» деген жерінде демалады екен. Демалған жерлерін жинап, орнын тазалап кетіп жатқан оларға қызыға да, қызғана да қарайсыз. Ішіп алып теңселіп жүрген біреуін көрмейсіз. Шетінен суда жүзу білетін шеберлер.

Елбасы Н.Назарбаеевтың: «Біз Қазақстанды сомдадық, енді қазақстандықтарды сомдауымыз керек», - деген қағидасынан көп нәрсені аңғаруға болады. «Алдымен экономика, сосын саясат» деген қағиданың орындалғанын, жемісін көре бастадық. Алайда, руханиятты дамытып, мәдениетімізді көтеретін кез келді. Әйтпесе, мына түрімізбен 2050 жылға дейін дамыған 30 елдің қатарына қосылуымыз екіталай.

Қорыта айтқанда, халықтың мәдениетін жан-жақты дамыту жуық арада жедел қолға алынуы тиіс. Олай ете алмасақ, мәдениетті елдердің қатарынан орын ала алмаспыз. Ал мәдениеті төмен халықты ешкім де сыйламас. 

Нұрбай Жүсіп,

Арал ауданы,

 Қамыстыбас ауылы.

 

Пікір қалдыру


Қорғаныс саны
Жаңарту

Іздеу

Сауалнама

Бүгінде журналистерге қай сала мамандарынан ақпарат алу қиын?

Медицина - 57.1%
Прокуратура - 0%
Сот - 0%
Департаменттер - 14.3%
Облыстық басқармалар - 28.6%

Дауыс саны: 7
The voting for this poll has ended on: 29 Шіл 2017 - 00:00

Жоба туралы

Сыр өңірінің тумасы, қайсар қаламгер, ақын Зейнолла Шүкіровтің рухына арналған «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты облыстық жас ақындар мүшәйрасы өтті.

 «Руханиятты жаңғырту» қоғамдық қоры мен республикалық әдеби-мәдени, тарихи-танымдық «Әлімсақ» журналы Зейнолла Шүкіровтің рухына арнап биыл төртінші рет дәстүрлі «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты талантты жас ақындар мүшәйрасын ұйымдастырды. Биылғы жылдың жеңімпазы - М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжінің студенті Нәбира Ешниязова.

 

 

Редакцияға хат

Email:
Тақырып:
Текст:

Әлеуметтік желілер

Күнтізбе

<< < Тамыз 2014 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
4 5 6 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31

As we continue our list of fantasy football”s top 101 PPR players of 2017 we have three players who have recently finished in the top-15 at their positions.

In fantasy football there will always be players who have an unexpected drop or rise from one year to the next. One player on today’s list was a top-six wide receiver in 2015. The next year,Vince Wilfork Jersey he wasn’t even a top-20 wide receiver.

The same can be said about a running back on today’s list who was a top-five running back in 2015. Last year, he wasn’t even a top-18 running back. Who are these players and what should we expect from them in 2017?

To be clear,J.J. Watt Jersey the top 101 PPR players are for re-draft leagues only. Here’s a look at players ranked No. 38-36:

Last season Patriots wide receiver Julian Edelman finished fourth in the NFL in receptions with 98. He also set a career-high in receiving yards with 1,106. In the end,Brian Cushing Jersey Edelman finished 2016 as the 15th PPR wide receiver. Unfortunately for Edelman, I see a regression coming his way in 2017.

The 2016 season was only the second time in Edelman’s eight-year career he played in all 16 games in a season. The other time came back in 2013. Going into 2017, the odds are against the 31-year old receiver to play in all 16 games in back-to-back years for the first time in his career. Even if he somehow manages to stay healthy for all 16 games, he’s sure to lose targets and receptions.

Last year Patriots star tight end Rob Gronkowski had a career-low 25 receptions. Gronk was never 100 percent during the 2016 season and only appeared in eight games. Going into 2017,DeAndre Hopkins Jersey he will be back to full strength. Also, the Patriots traded their 2017 first-round pick for Saints wide receiver Brandin Cooks. The former Oregon State Beaver will be the team’s new No.1 wide receiver.

Журнал туралы

«Әлімсақ» журналы – рухани серігіңіз

 Қазақтың ғасырлар қойнауынан тамыр тартқан, әлімсақтан келе жатқан хатқа түскен тарихының, ұлттық болмыс-бітіммен астасқан әдебиеті мен мәдениетінің, тілі мен дінінің, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрінің бірден-бір насихатшысы, Сыр бойының тарихында алғаш рет әдеби-мәдени, тарихи-танымдық бағытта жарық көрген «Әлімсақ» журналының оқырманына жол тартқанына алты жылға жуық уақыт болып қалды. 2009 жылдың сәуір айынан бастап алғашқы нөмірі жарыққа шыққалы бері қазақ әдебиеті мен тарихына қатысты мақалаларды ортаға салып, Сыр өңірінің мәдениеті мен өнерін насихаттап, облысымыздың бүгінгі мәдени, әлеуметтік дамуындағы өзгерістерді ақпараттандыруда журналдың қосып келе жатқан үлесі салмақты.